Фосфорорганикалық пестицидтерді ферментті әдіспен аныктау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
"ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ"

Курстық жұмыс
Пән: Фармакология, токсикология және токсикологиялық сараптау (2)
Тақырыбы: Фосфорорганикалық қосылыстармен уланған малдарға токсиологиялық
баға беру

Орындаған: Қайратов М.К. Тексерген: Билялов
Е.Е.

Топтың студенті: ВС-203

Қолы: _____________________ Қолы:
___________________
Тапсырған күні: ____________ Бағасы:
_________________

Күні: ____________________

Семей қаласы, 2015 жыл
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Фосфорорганикалық қосылыстар туралы жалпы түсінік
1.
2.
1.
1. Неоцидол (базудин)
2. Хлорофос (трихлорфон, негувон)
3. Карбофос (малатион)
4. Золон (фозалон)
5. Фосфамид (диметоат, БИ-58)
2. Токсикодинамикасы
3. Клиникалық белгілері
4. Емдеу
5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
6. Балау
7. Алдын алу шаралары

III. ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПАТАУ
1. Үлгі алу және оны тексеруге жіберу
2. Фосфор және оның бейорганикалык косындыларына арналған реакциялар
3. Фосфорорганикалық пестицидтерді ферментті әдіспен аныктау
4. Жануарлардан алынатын шикізаттардың санитарлық бағасы
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Елбасы өзінің халыққа жолдауында көрсеткендей ауылшаруашылығын дамыту,
мал басын көбейту сапалы мал өнім алу мен ауыл бағдарламасы азық –
түлікпен қамтамасыз етуді басты мәселе етіп көрсетті.
Ауылшаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2015 жылға қарай екі есе, ал
2020 жылға қарай төрт есе өседі. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын
дамыту жөнінде бұрын соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады. 2016
жылдың өзінде ет экспортты 60 мың тоннаға жетеді мұның құны төрт миллион
тонна бидай экспортына тең –деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік
экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор. Әлеуметтік
экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты.
Қазіргі таңда ветеринарияның алға қойған міндеті – ауылшаруашылығының
ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ
аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және
територияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып
табылады. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынаннық
орын алу; сондай – ақ, қазіргі таңда, ауылшарушылық өнімдерінің сапасы
барған сайын жұрт назарын аударып отыр. Мал өнімдерінің сапалық мәселесі
халықтың денсаулығына нұқсан жеткізіп, тұтынушылардың мүдесіне зиян жасап
қана қоймай, басты мал өнімдерінің базардағы бәсекелестік қуатына және
экспорттық қуатына да әсер етіп, еліміздің халықарадағы беделіне әсерін
тигізеді. Сондықтан мал өнімдері әлеумедтік сауда бәсекелестігіне және
жоғары сұранысқа ие болуы керек. Қазіргі кезде өнделетін шикізаттар халық
шаруашылығына қажетті құнды азық-түліктерді аса көп мөлшерде шығара отырып,
табиғи байлықтарды тиімді пайдалану, яғни қалдықсыз өндіруге ұмтылу
керектігін байқатып отыр. Түсті металлургия бұған айқын мысал бола алады.
Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп.
Уланумен тек бір екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ-
тобыменауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде уланған малдың
кенеттен өлім жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы;
жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке; емдеп жазуға
жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы
сияқты тағы басқа да шығындар шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың
қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз. Мұндай улы заттар азықтарды
тамақтандыруға дұрыс дайындамағанда, дайындаған азықтарды дұрыс беріп
сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар
мал азығына дайын түрде араласып кетуі мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің
ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы
химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда, олар мал азығымен,
сумен араласып, сол арқылы ағзаға түсіп, оны уландыруы мүмкін.
Көптеген заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді:
ағзаға түскен оның мөлшеріне, басқа улы заттармен қоса әсер етуіне,
малдардың жалпы жағдайына, тағы басқаларға байланысты.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Фосфорорганикалық қосылыстар туралы жалпы түсінік
Ауыл шаруашылығында инсектицид, акарицид және гербицидтер ретінде
қолданылатын фосфоорганикалық қосылыстар (ФОК) фосфорлы, фосфонды, тио
өжәне дитиофосфорлы қышқылдар туындыларына жатады. Пестицидтердің 2001
жылғы тізімінде бұл топ препараттарының әр сауда атаулары бар (25 көп).
R1 O(S)
P
R2 X
R1 және R2 көбінесе оксиметильді немесе оксиэтильді радикалдар. Х –
әртүрлі құрылымды қышқылды қалдықтар. P=O- және P=S- топтары молекуланың
негізгі бөлігі.
Өткен жылдары ФОК-тар өсімдіктер мен жануарларды, жәндіктер мен
кенелерден қорғайтын негізгі заттар болатын, сирек оларды гербицидтер мен
дефолианттар ретінде қолданды. Қазіргі кезде бұл топтың инсектицидтері мен
акарицидтерін аз көлемде қолданылады синтетикалық пиретроидтармен
салыстырғанда, алайда бұлар өзінің тәжірибелік маңызын жойған емес.
Өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттардың тізімнен алып тасталғаны улылығы
жоғары  метафос, тиофос, гетерофос, ДДВФ, метилмеркаптофос, фталофос,
шектелген мөлшерде хлорофос және кейбір басқа да қосылыстар қолданылады.
Қазіргі кезде ветеринарияда және өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дан келесі
инсектицидтер, акарицидтер қолданылады: актеллик, фосбецид (примифосметил),
антио (формотион), базудин, неоцидол және диазол (диазинон), БИ-58 жаңа,
фосфамид және данадим (диметоат), дурсбан, пиринекс (хлорпирифос), золон
(фозалон), карбофос және фуфанон, малатион әсер ететін заты барлар,
байтекс, лебайцид (фентион), сумитион (фенитротион), хлорофос, негувон
(трихлорфон), хостаквик (хептенофос) және циодрин. Гербицид ретінде
қолданылады бетанал, глипер, глисол, глифоган, глифосат, глифос, раундап,
свип пен ураган, әсер етуші заты глифосаты барлар.
Пестицидтердің тізімінен 2001жылы  антио, хостаквик және хлорофос алып
тасталды.
Ауыл шаруашылығында бидай, арпа, қара бидай, сулы, тары және күрішті
зиянкестерден (астықтың барындауық, зер  қонызынан, қандаладан, астық
қандаласынан, зиянды қоңыздардан, құмырсқалардан, өсімдік битінен, ажырым
шыбыны имагосынан, сымырдан, дәннің көбелегінен, қамба, шалғын көбелегінен,
астық дақылдарының жапырақ ширатқышынан қорғау үшін актеллик, базудин,   БИ-
58 жаңа, данадим, диазинон, золон, сумитион.
Бұршақты (жасыл бұршақтан басқасы) және дәнді бұршақ дақылдарын қорғайды
бұршақ қанкөбелегінен, өсімдік битінен, жегесінен, кенелерден, бітелерден,
мұр көбелегінен, шалғын көбелегінен, дән көбелегінен, және бұршақ жеміс
жегілерінен, осы мақсатта актеллик, БИ-58 жаңа, данадим, золон, фосбецид,
карбофос, фуфанон қолданылады.
Жүгеріні жапырақ битінен, жегіден, мақта көбелегінен, жүгері көбелегінен,
ливед шыбынынан қорғау үшін базудин, диазинон, карбофос қолданылады.
Арамжапырақты, қиярды, қызанақты, баклажанды, пиязды, тарнаны, шалқанды,
шалғанды, селдерейді, сәбізді, қышаны және рапсты қорғайды ақкөбелектен,
түн көбелектен, бүлгеден, арамжапырақ битінен, күйе көбелектен және
шыбыннан, бітелерден, кенелерден, ақторғайдан, өсімтал шыбын, алқа және
сәбіз шыбыннан, жапырақ бүргесінен, қандаладан, жапырақ жегілерінен,
шіркейлерден, егеушыбынынан, күріш гүлжегішінен, қырыққабат бүргесінен,
және колорад қоңызынан, ол үшін актеллик, базудин,  золон, фосбецид,
карбофос қолданылады.
Картоптан битті, картоп күйе көбелегі, колорад қоңызын және басқа
зиянкестерді жою актеллик, базудин, БИ-58 жаңа, диазинон, золон, фосбецид,
дурсбан, пиринекс көмегімен іске асырылады.
Майлық көкнәр мен күнбағыс егістіктерінде зиянкестермен (кенелер, биттер,
бізтұмсық қоңыздармен) күрес мақсатында жиі диазинон, базудин, золон және
фуфанон қолданылады.
Азықтық, тағамдық және қант қызылшаларының егістігінде қызылша бізтұмсық
қоңызын, бітелерден, бүргелерден, жапырақ битінен, кеміргіш көбелегінен,
қандаладан, шыбындар мен , кенелерден, жегіден, қызылша битінен, шалғын ,
көбелегінен және өрмек кенесінен қорғау үшін базудин, БИ-58 жаңа, данадим,
золон, фосбецид, карбофос, фуфанон, диазинон, дурсбан, сумитион
пайдаланады.
Фосфорорганикалық инсектицидтер мен акарицидтерді (базудин, жаңа Би-58,
фосбецид, фуфанон) қала көгалдарының, темекі және махорка, зығыр, қауын,
қарбыз, шай, итмұрындық, сексеуіл, құлмақ, кенепшөп, шатырам, рауғаш,
қозықұйрық, бақажапырақ, жалбызтікен, сасықшөп, жалбыз, ақбас қурай,
тиынтақ, ешкібұршақ, орман жанғағы өсімдіктер мен гүлдердің зиянкестерімен
күресу үшін қолданылады.
Актеллик, базудин, золон, лейбацид, сумитионды қоймаларды, бидай
сақтайтын және өндейтін мекемелердің территориясын және жабдықтарын
дезинфикациялау үшін қолданылады. Бидай және бұршақ дақылдарының тұқымдарын
өндеу үшін актеллик, сумитион және фуфанонды қолданады. Сонымен қатар
бидайларды сатуға және құрама жем жасауға қолдану үшін тек қана ондағы
пестицитердің қалдығы МЖД аспағанда ғана жіберіледі.
 Ауыл шаруашылық және жабайы өсімдіктарде обыр шегірткелі зиянкестерді
сумитионмен және фуфанонмен жояды.
Фосфорорганикалық гербицидтерді егістіктерде қолданылады,
астық тұқымдастарын, көкіністерді, картопты, техникалық, майлық және бақша
дақылдарын, көпжылдық дәнді дақылдарды, дәрілік және мәдени өсімдіктерді,
жайылымдарды, ауыл шаруашылық мақсатта қолданылмайтын жерлерді (электр
желілерін сақтау зоналары, газ және мұнай өткізгіш құбыр трассалары, темір
жол мен көлік жолдары, аэродром және басқа да өндірістік территорияларды);
шырын  жемісті өсімдіктер цитрусты және жеміс ағаштары участкілерін,
жүзім ағаштарын, жай плантацияларын, шырғанақ облепиха, итмұрындық
шоғырлардында бақшаларда және басқа да жерлерде біржылдық және көпжылдық
арамшөптерді, шырмауықтарды және сарықалуенді, жатаған бидайықты,
арамшыршаңықты, қамысты, қоғаларды және т.б. арамшөптердің түрлерін және
бұталы өсімдіктердің жас өскіндерін (ақ қайын, т.б.) және басқа да қажетсіз
өсімдіктерді жою үшін.
Өсімдіктерді өндеу үшін ФОҚ өте аз мөлшерде (0,02-0,2%) қолданылады, әсер
етуші заты 1,0 кгга аспайды. Сондықтан кейінгі жылдары ауыл шаруашылық
малдарының, сонымен қатар құстарының, Фоқөды өсімдіктерді қорғау үшін
қолданған кезде уланулары сирек тіркелді. Көптеген ФОҚ салыстырмалы  түрде
балықтар мен басқа гидробионттарға уыттылығы аз. Бал аралары ушін ФОҚ мен
бақшалар мен егістерді оңдегең кезде үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан
барлық инсектицидтер мен акарицидтерді, сонымен қатар ФОК-тарды қолдану
үшін олардың араларға қауіпті көрсеткіштері белгіленеді шектеулі
регламенттер бекітіледі.
Уыттылығы бойынша ФОҚ - СДЯВ (күшті әрекетті улы зат) болып табылады
(тиофос, меркаптофос, метафос, актаметил және т.б.).
Уыттылғы орташа ФОҚ (карбофос, фуфанон, байтекс пен лебайцид, сумитион,
циодрин, негувон және т.б) негізінен ауыл шаруашылығында қолданылады және
осылардын үшеуінен ветеринарияда шектеу қойылған. 
Уыттылғы аз (актеллик пен фосбецид) тек қана өсімдіктерді зиянкестерден
қорғау мақсатында қолданылады.
ФОҚ жәндіктер мен кенелердің организміне енуі олардың зиянкестердің
хитинді қабаты немесе балауыздарымен әрекеттесуі нәтижесінде
(дурсбан,сумитиан, циодрин, акродекс және т.б); жүйелік ФОҚ өсімдіктердің
тамыр жүйесінен және жапырағынан жұйке-талшық жүйесіне өтеді (байтекс,
лебайцид, этанид және басқалар) және зиянкестер жапырақтардың бөліктерін
жегенде немесе шырынын ішкенде олар зиянкестердің асөқорыту ағзаларына
еніп, ішегінде әсерін тигізеді (ішек пестицидтері). ФОҚ көбісі тікелей-
жүйелік (БИ-58, фосфамид және т.б.), контактты-ішектік (актеллик, фосбецид,
базудин, карбофос, негувон).
Сондықтан фосфоорганикалық инсектицидтер мен акарицидтерде жануарлар
уланған жағдайда тез анықтауға мүмкіндік туғызатын мәліметтер берілген.
Көбінесе жануарлардың ФОҚ улануы ветеринарлық тәжірибеде ФОҚ
қолданылуынан болады. Қазіргі кезде жануарларды жәндіктер мен кенелерден
қорғау үшін тек бірнеше инсектицидтер мен акарицидтер ФОҚ тобынан
қолданылуға рұқсат етілген: неоцидол (диазинон), хлорофос кристалды,
гиподермин-хлорофос, карбофос және кейбір басқалары.
Неоцидол (базудин). Диазинон эмульсиясының 60% дық концентраты. Жоғары
улы контактыөішек әсері бар пестицид. Әсер етуші заты өдиазинонө
түссіз май, ацетонда, бензолда, этоналда, хлороформде, жақсы ериды, суда
еруі 40 мл құрайды. Ветеринарияда сараптау кезінде қойларды өндеуге емдік
және профилактикалық мақсатта препараттың 60% судағы эмульсиясын тоғыту
ванналарында қолданады.
Өсімдіктерді қорғаушы зат ретінде неоцидол 60 % кэ концентрат-эмульсия
түрінде, 40%-дық ылғалдандырғыш ұнтақ ретінде (СП)-5 және 10%-дық түйіршігі
шығарылады.
Әсер етуші заты неоцидолдың –диазинон- гигиеналық жіктелудін екінші
тобына жатады: өте қауыпты пестицидтердің ақ егеуқұйрықтар үшін ЛД50 бір
ретінше енгізгенде 76-108 мгкг; балапандарға 8,4 мгкг жануар салмағынан.
Кумуляциялық қасиеті әлсіз білінген.
Жасы 2 апталық бұзауларды 1%-дық концентрациядағы неоцидолдың судағы
эмульсиясымен себелегенде улану симптомдары білінген. 0,25%
концентрациясында инсектицидтер жасы 6 ай және одан жоғары бұзаулардың
денсаулығының жағдайында еш өзгерістер тудырмады.  
Неоцидолды сақтаған кезде ыдыстың герметикалығы қамтамасыз
етілмегендіктен эмульсия концентратына судың шамалы мөлшері түссе немесе
температура жоғарылаған жағдайда татраэтилпирофосфаттар түзіледі, олар in
vitro жағдайда уыттылығы жоғары және антихолинэстераздық белсенділікке ие.
Диазинон препараттары (базудин, диазол ) сыртқы ортада және өсімдік
обьектілерінде тез бұзылады. Пестицидтермен және диазинонның судағы
эмульсиясымен астық дақылдарын өндеген кезде 2 сағаттан соң пестицид
қалдықтары келесі дәрежеде болады: бедеде-27,0мгкг, жоңышқада 16,4 мгкг,
жүгеріде 31,2 мгкг; бір тәуліктен соң 0,6; 1,4 және 2,25 мгкг сәйкес
(Е.С. Ковалева, Г.А. Таланов, 1983). Сөйтіп, азықтық дақылдарды өңдегенен
кейін бір тәуліктен соң диазиноның қалдығы жасыл массада минимальді әсер
ететін мөлшерінен аз болды. “Күту мерзімі” 20 күн (препаратты тағайындаған
күннен өнделген өсімдіктерді қолданғанға деиінгі уақыт).
Бұзауларды неоцидолдың (диозинон) судағы эмульсиясының 0,22%-дық
концентрациясымен өндегенен соң бір тәуліктен кейін қалдықтарынаң байқалуы:
майда 2,2 мгкг, бұлшық еттерде 0,6, бауырда 0,07 мгкг; . тәуліктен соң
0,48, 0,033 және 0,02мгкг, 19 тәуліктен соң 0,016; 0,0 және 0,0 мгкг.
Қойларды неоцидол эмульсиясының 0,05% концентрациядағы ванналарында
тотыққаннан кейін 1 тәуліктен соң белгіленген қалдығы: майында 0,38 мгкг,
бұлшық еттерінде 0,15, бауырында 0,28 мгкг; 10 тәуліктен соң 0,25, 0,016,
және 0,0 мгкг. Осы деректер негізінде қойлар мен ешкілерді өндегеннен
кейін 15-20 күннен кейін ғана союға рұқсат беріледі.
Белгіленген уақыттан бұрын малды лажсыз соятын болса, зертханаға
сынамалар жіберіледі: бұлшық ет, май, бауыр, бүйрек сынамаларын препараттың
қалдықтарына зерттеу үшін. Ұлпалардың сынамасын алу, оларды буып-түю,
консервілеу, этикеткалау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі ( А.В.
Николаев, 1968). Пестицидтермен уланған мал еттерін қолдануға рұқсатты
зертханадан алынған талдау нәтижесі негізінде шешім қабылданады.
Сойыс өнімдерінде диазинонның қалдықтарын анықтау үшін ЖҚХ және ГСХ
қолданылады.
Пестицидтің етте жіберілетін максимальді деңгейі май бойынша белгіленген
0,7 мгкг. Сүтте және сүт өнімдерінде неоцидол (диазинон) қалдықтары
жіберілмейді.
Хлорофос (трихлорфон, негувон). Ақ кристалды ұнтақ, суда жақсы ериды (15%
дейін) және полярлы органикалық еріткіштерде этанолде, метанолде,
хлороформде жақсы ериді. Ал гександа, гептанда нашар ериді.     Ветеринария
қажеттілігі үшін кристалды өнім түрінде шығарылады, құрамында 97% әсер
етуші зат және майлы спиртті ерітіндісі (гиподермин-хлорофос) бар, тері
асты бөгелегімен күресу мақсатында пайдаланады. Қолданылуы акарицид және
инсектицид ретінде контакты-ішек әсер ететін. Гиподермин-хлорофостың әсер
етуші заты 11,5%. Сонымен қатар “Байер” фирмасы (Германия) невугон деген
препаратын ұсынады, ол үшхлорофонның майлы-спирттегі ерітіндісі, құрамында
әсер етуші заты 10%.
Хлорофостың ұзақ жылдардан бері біздің елімізде 1% судағы ерітіндісін ірі
қара малдарды иксод кенелерінен қорғау үшін бүркуге; ешкілер мен қойлардың
эстрозын емдеу үшін мал толі қораны 4 гм3 мөлшердегі препаратпен өңдеуге,
тауық кенелері мен мамық жегілерімен күресуде ғимаратты 0,5% хлорофостың
судағы ерітіндісін қолданылды.
Қазіргі кезде мал шаруашылығында тері асты бөгелегінің балаңқұрттарын жою
үшін пайдаланады. Сауылмайтын ірі қара малдарды күзде және көктемде
арқасына негувон және гиподермин хлорофосты құю 16-24 мгмалға (12-24 мгкг
тірі салмағына) арқылы жүргізеді.
Улылығы бойынша ақ тышқандар мен егеуқұйрықтарға хлорофос үшінші-төртінші
топқа жатады, ЛД50 ішке жіберген кезде 600 ден 1000мгкг құрайды.
Ішке енгізген кездегі максимальді улы емес мөлшері ірі қара малға 100
мгкг, қойларға-200мгкг жануар салмағына. Ірі қара малдарды 1% хлорофос
ерітіндісімен тоғыту ваннасында өңдегенде немесе бүріккен кезде, сонымен
қатар бұзауларды гиподермин-хлорофостың 20 мгкг мөлшерінде құю әдісімен
өңдеген кезде уланудың клиникалық белгілері байқалмаған. Жоғарыда
көрсетілген мөлшерде жылқыларды, түйелерді, шошқаларды, қойларды
хлорофоспен тері сыртын паразиттерді жою үшін өңдегенде улану байқалмаған.
Бірақ ірі қара малдардың улану жағдайлары тіркелген, хлорофостың
терапевтикалық мөлшеріне және концентрациясынан асырмай қолданғанның өзінде
және хлорофостың ерітіндісімен мал шаруашылық ғимараттарының ішін
әктегенде. Бұл хлорофостың сілтілі ортада тез ДДВФ
(диметилдихлорвинилфосфат) айналып, ұшпалы қасиетке ие болатынымен
түсіндіріледі. ДДВФ-тың зертханалық жануарлар үшін ЛД50 23-87мгкг
салмағын құрайды. Мұндай жағдай хлорофосты қолданар алдында 12-26 сағат
бұрын ыстық суда (80-90ºС) дайындаса болады. Бұл жағдайда хлорофос ДДВФ-ке
айналып, алдындағы препараттан 5-6 есе улы болады.
Хлорофостың сулы ерітіндісін қолданған  кезде бүтін теріден әлсіз өтуі.
Егер майлы спиртті ерітіндісін қолданса өткізіштігі артады. Хлорофос –
липоидофобты қосылыс, сондықтан ол жануарлардың майлы ұлпаларында
жиналмайды. Ірі қара малды гиподермин-хлорофоспен құю әдісімен өңдеген
кезде 16-20 мгт мөлшерде бір тәуліктен соң пестицидтін жануардын бұлшық ет
ұлпаларында максимальді қалдығы 1,1 мгкг құрама, 10 тәуліктен соң – 0,3
мгкг құралған. Осымен қатар ДДВФ  0,57 мгкг салмағына анықталған.
Сиырларды 1% хлорофос ерітіндісімен бүріккен кезде оның сүтінен  5 сағаттан
соң максимальді  қалдығы  0,6 мгл , 12 сағ. – 0,5 мгг құрайды.  ДДВФ 0,5
мгл мөлшерде анықталды. Жануарларды гиподермин-хлорофоспен өңдегеннен
кейін 84 сағаттан соң хлорофос қалдықтары және ДДВФ байқалмайды.
Сиырларды сырттай өңдегеннен соң сүтімен хлорофостың бөліну дәрежесі әр
түрлі сиырлардың организмінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Пестицидтердің қалдықтарының желіннің терісі арқылы сүтке өтуі де мүмкін.
Сондықтан өңделген малдардың табынынан алынған сүтте хлорофостың қалдығын
анализдін арнайы әдістерінен анықтау мүмкін емес немесе аз мөлшерде
анықталады.
Өсімдік өнімдерінде хлорофос қалдықтарының МЖД 0,1-0,2 мгкг дәрежесінде
белгіленген, жануар өнімдерінде олардың болуы жіберілмейді.
    Бордақылаудағы малдардың азықтарында 3 мгкг дейін пестицид қалдықтары
жіберіледі, ал сүтті жануарлар мен жұмыртқалайтын құстардың азығында-
1 мгкг. Гиподермин- хлорофоспен өңделген жануарларды өңделгеннен  соң 
21 күннен кейін союға рұқсат етіледі. Егер белгіленген уақыттан ерте
сойылатын болса сойыс өнімдерін зертханада тексеріп пестицидтің
қалдықтарына анықтаған соң ғана қолдануға рұқсат етіледі. Зертханаға бұлшық
ет ұлпасының, бауырдың және бүйректерінің сынамалары жіберіледі. Зерттеу
үшін ЖҚХ әдісін және газадсорбциялаушы хроматография әдістерін қолданады.
Сойыс өнімдерін немесе жануарлар азықтарын тағамға жіберу рұқсатын тек
зертханалық зерттеу нәтижесі негізінде беріледі.
Циодрин – әлсіз иісті, 135º С температурада қайнайтын сұйықтық,
органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Суда ерігіштігі 1мгл шығарылады әң
және 50% кэ. түрінде, сондай-ақ аэрозоль және баллон түрінде. Ветеринарияда
ғана қолдануға тағайындалған: 1% сулы эмульсиясын жануарлардан бос
қоражайларды өңдеуге, аэрозоль түрінде ірі қара малдарды ұшатын
жәндіктерден, биттерден, демодекозды кенелерден қорғау үшін өңдеуге
қолданылады (акродекс препараттарын және циодрин аэрозолін).
Акродекс-циодрин негізді аэрозольді препарат. Ірі қара малдарды
демодекоз, псороптоз және сифункулятоз кезінде өңдейді, 60-80 г мөлшерде
жануарға 5-12 күн арасында екі немесе 4 рет салып өндейді.
Циодрин аэрозолі - циодрин негізді аэрозольді баллондағы препарат.
Қояндардың құлақ қалқанының ішкі беткейін және қойлардың терісін псороптоз
кезінде өңдеуге негізделген.
Қауіптілігі бойынша екінші топқа жатады, ақ тышқандарға ЛД50 80-170
мгкг салмағына құрайды. Жануарлардың ағзасында тез бұзылады. Циодриннінң
еттегі МЖД 0,006 мгкг құрайды, ал сүтте препараттың болуы жіберілмейді.
Карбофос (малатион). Ішек контакті кең спектрлі әсер ететін
инсектоакарицид. Әсер етуші заты түссіз сұыйқтық, этанол, метанол,
дихлорэтанолде жақсы еритін. Судағы ерігіштігі 150 мгл. Шығарылады 30 және
50 кэ (концентрат эмульсия) түрінде. Өсімдіктерді жәндіктер мен кенелерден
қорғау үшін кеңінен қолданылады, мал шаруашылығында қолданылуы шектелген
мал қораларын және қиларды тауық кенелері мен шығында мен күресу үшін
өңдеуге қолданылады. Гигиеналық жіктелу бойынша үшінші-төртінші топқа
жатады, қауіптілігі ЛД50 ақ тышқандар мен егеуқұйрықтарға 400-2000 мгкг,
балапандарға 370-850 мгкг олардың салмағына. Жасы 3 апталық бұзауларға
максимальдік улы мөлшері 80мгкг, ал ірі қара малдардың ересегі үшін 560
мгкг тірі салмағына. Аралар үшін 0,2мгараға. Балықтарға қауіптілігі бар:
ЛД50 мөлшері табан балыққа  12-14мгкг. Өсімдік текті тағамдарға МЖД 1-
3мгкг, азықтарда 3-5мгкг.
Карбофосты түрлі дәндіөдақылдардың тұқымын ұзақ уақыт сақтаған кезде
немесе тасымалдағанда зиянкестермен зақымдалуының алу үшін өңдеуге кеңінен
қолданылады. Жұмсау мөлшері 50% кэ 12-30 млт бидайға. Өңдеген бидайда
карбофостың қалдықтарының болуының максимальді мөлшері 15 мгкг аспауы
тиіс. Өңдегеннен соң тұқымдарда 2 аптадан соң олардың болуы 5,3 мгкг
құрайды (Г.Майер-Бодэ,1966). Осы автордың деректері бойынша манатионды
күнделікті азықпен бірге 100 мгкг мөлшерде тауықтарға және жасы 6 ай
бұзауларға 200 мгкг мөлшерде беріп отырса олардың денсаулығына еш өзгеріс
тудырмайды, бірақ олардың қалдықтары шамалы мөлшерде жануарлардың бұлшық ет
ұлпаларында және тауық жұмыртқаларында жиналады.
Сондықтан ірі қара малдардың және тауықтардың рационына кабофоспен
өңделген бидайда енгізген кезде тағайындалған мөлшерде (7-15мгкг). Олардың
денсаулық жағдайына өзгерістер келтірмейді және жануар өнімдерін пестицид
қалдықтарымен ластануын тудырмайды.
Золон (фозалон). Әсер етуші затыөақ кристалды зат, сарымсақ иісі бар.
Органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерігіштігі 10мгл.
Өсімдіктерді қорғау үшін 35% кэ түрінде шығарылады. Өсімдіктерді
препараттың судағы эмульсиясының 0,1-0,2% өңдеуге, 1,5-3,0лга
шығында қолданылады. Ормандарды, қоймаларды қорғау үшін қолдануға болады.
0,2% судағы эмульсиясымен сүт бермейтін ір қара.мал., қойлар мен ешкілерді
иксод кенелерімен күресу мақсатында өңдеу үшін қолдануға болады. Уыттылығы
бойынша гигиеналық жіктелуі екінші топқа жатады “қауіпті пестицидтер” ЛД50
лабораториялық жануарларға 84-108мгкг тірі салмағына құрайды. Азықтық және
сатуға арналған дақылдарда “күту мерзімі” 30-40күн. Жануарлар улануы мүмкін
егер де пестицидтердің өңдеуге арналған мөлшерін асыратын болса,
белгіленген “күту мерзімін” қолданар алдында дұрыс
сақтамағандықтан.                  
Фозалонның қалдықтарының сүтте, етте және жұмыртқада болуы жіберілмейді.
Фосфамид (диметоат) - БИ-58  жаңа деген атпен шығарылады. Салыстырмалы
түрде суда жақсы ериді (3,9% дейін), сонымен қатар ацетонде, хлороформде,
метанолде, дихлорэтанда және басқа да  органикалық еріткіштерде ериді.
Жылуға тұрақсыз, қыздырған кезде изомеризацияға ұшырап, нәтижесінде
антихолиноэкстеразды белсенділігі мен уыттылығы артады. Тек қана
өсімдіктерді жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін қолдануға тағайындалған.
Фосфамид гигиеналық жіктелуі бойынша үшінші топқа жатады-орташа қауіпті
пестицидтер. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Пестицидтердің өсімдіктерге әсері
Пестицидтер түрлері және оларды пайдалану кешендері
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы
Пестицидтер жайлы
Негізгі химиялық топтар
Пәндер