Удың жануарлар ағзасына әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКІРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Пән: «Ветеринариялық фармакология және токсикология ІІ»
Тақырыбы:Мышьякпен уланған малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.
Орындаған: Бахытова Г. Б. Тексерген: Билялов Е. Е.
Топ: ВМ-201
Қолы: Бағасы:
Тексерген күні:
Семей қаласы
2018-2019 оқу жылы
Жоспар.
1. Кіріспе
2. Әдебиетке шолу
3. Негізгі бөлім
- Құрамында улы заты бар басқа топ өсімдіктерімен улану
- Әртүрлі өсімдіктермен улану түрлері
4. Өзіндік зерттеу
4. 1 Ауру тарихы /status praesens/
4. 2 Курация /Decursus morbi et therapia/
4. 3 Эпикриз /Epicrisis/
4. 4 Алдын алу шаралары
5. Шаруашылыққа қоятын ұсыныстар
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Кіріспе
Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін, көптеген шарлар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды әр түрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі таңда ауыл шаруашлығының үлкен жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде дұрыс қолдануына тікелей байланысты. Химиялық заттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жанаурларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді.
Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін:
Топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі - адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеудее токсикология ғылымының маңызы өте зор.
Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер, т. б. ) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан - жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын - алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Токсикология - гректің toxicon - жебе уы және logos - ілім, деген сөзінен шыққан.
Ғылымының дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып, өркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті. Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделене түсуде.
Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең қолданылуы токсикологияның салалық бөлуінің қажет етті. Қазіргі замандық өңдірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну (өңдірістік токсикологияны) құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын белгілейді.
ЮНЕП (Б. Ұ. Ұ. қоршаған орта бойынша бағдарламасы) ұзақ мерзімдік болжамы бойынша, жер шарының халық саны 6 - 7 млрд-қа өсуі мүмкін. Бұл ауыл шаруашылығы өңімдерін өңдіруді 3 - 4 есе арттыруға, ал егіс алқаптарып 2 - 2, 5 есе қысқартуға мәжбүр етеді. Ол үшін, ауыл шаруашылығы өңдірісін мейлінше жеделдету шараларын өңдірістік механикаландыруды, кең көлемді химияландыруды дамыту қажет. Соның ішінде, өсімдіктің өсіп, жетілуін тездететін, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттарды өңдіру, оларды мейлінше кең қолдану ерекше талап етілетін жұмыс. Кең көлемді химияландыру жағдайында мал дәрігерлігі токсикологиясының маңыздылығы ерекше артып отыр.
Әртүрлі статистикалық зерттеулерге жүгінсек, химиялық заттарды дұрыс қолданбау себепті жануарлар, құстар, балықтар және пайдалы жәндіктердің жаппай қырылуы кейінгі кезде күрт өсіп отыр.
Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен тек бір екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ-тобыменауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде уланған малдың кенеттен өлім жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы; жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке; емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы сияқты тағы басқа да шығындар шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық малдарының улануы, олардың ағзаларындағы улы заттар өнімдері арқылы (сүт, ет) өсім төлдерін, тіпті адамдарды да уландырулары мүмкін. Кей кезде уланулардан болатын шығын, індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсуі мүмкін.
Уланған ағзаның, әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған малдың резистенттілік қабілеті әлсірейді де, олардың індетті, тоғышарлық, көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы, адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалуы жиі кездеседі.
Осы айтылғандарды қорытындылай келе токсикология ілімінің, мал дәрігерлігі ғылымында алатын орны ерекше маңызы бар деп айтуға болады.
Мен курстық жұмыс жазу барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым: «Дана» шаруа қожалығының улы заты бар басқа топ өсімдіктерімен уланудағы аурудың тарихы, курация жүргізу, эпикриз жасау, алдын алу шаралары, басты маңызы осы аталған шаруашылыққа қоятын ұсыныстарым.
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы етіп таңдауыма себеп болған, ауру егер пайда бола қалған жағдайда шаруашылыққа үлкен экономикалық шығын әкелетін, топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі - адам тізбек бойынша қауіпті - улану болғандықтан таңдалды.
- Әдебиетке шолу
Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі. Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден - ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол замандаулар тне қана өлтіру мақсатында пайдаланатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардын қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шарушылығының көптеген салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде сондай - ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда осы кезге дейін улар деген атауға толық, ғылыми аңықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар <y> деген атаудың нақтылысы аңықтамасы болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Бұл ретте ғұлама ғалымдардың У туралы, улы заттардың табиғаты жайында, айтқан ой түсініктемелердін келтіре кетейік: <Өз табиғатында әсері өлімге соқтыратын заттардың барлығы да улар> (Әбу Әли Ибн Сина) ; <Улар - тіршіліктін құпия жақтарын зерттеуге арналған нәзік құралдар> (И. Павлов) Улар тірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін бұзатын, яғни уландыратын (токсикологиялық әсер) немесе тіршілік етуді тоқтататын заттар (С. В. Аничиков) ; (У дегеніміз ағзадағы биохимиялық құбылыстардың қалыпты жағдайда өтуін бұзатын, сол арқылы физиологиялық қызметті әртүрлі дәрежеде тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты бөлек химиялық қосылыстар) (С. Н. Голиков) ; токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С. В Баженовтың пайымдауынша, удың жалпы биологиялық және токсикологиялық аңықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: У дегеніміз - тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат.
Ағзаға улы заттардың түсуінен пайда болатын ауру улаулар деп аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолмен түсуі мүмкін: ауыл шаруашылығында, құрлыстарда қолданылатын улы химикаттардан, өндірітің улы қалдықтарынан, азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улардан. Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыс дайындамағанда, дайындаған азықтарды дұрыс беріп сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрде араласып кетуі мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда, олар мал азығымен, сумен араласып, сол арқылы ағзаға түсіп, оны уландыруы мүмкін.
Көптеген заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді: ағзаға түскен оның мөлшеріне, басқа улы заттармен қоса әсер етуіне, малдардың жалпы жағдайына, тағы басқаларға байланысты.
Кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні, ал ағзаға зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып, өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы отада өте жиі ыдырайды да, олар топырақта, өсімдіктерде, малдардың, балықтардың, аралардың организмдерінде көпке дейін сақталады.
Малдар организімінің әр түрлі улардың әсеріне сезімталдығы олардың түр ерекшеліктеріне, әсіресе организімнің жағдайына тікелей байланысты. Мысал ретінде ақуыздың, көмірсудың, дәрумендер мен минералды заттардың жетіспеушілігі салдарынан зат алмауы бұзылған организімнің тезірек уланғыш келетінін келтіруге болады.
Улы заттардың организмге тигізетін әсерінің негізі- улы заттар организм жасушаларымен түйілісіп оларға енгеннен кейін, жасуша протаплазмен байланысып олардың молекулалық құрылысын және қызметін бұзады. Бұл құбылыс организмдердегі жалпы зат алмасу процессін өзгертіп, оның негізгі өмірге қажетті процесстерін бұзады. Улардың әсері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы организмге рефлекс немесе қан арқылы әсер етуі мүмкін. Кейбір улар белгілі бір ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де ықтимал.
Улардың мал организіміне әсері негізі бір заңдылыққа бағынды :
- Клеткалар мен ағзаларға удың әлсіз әсері олардың қызметтерін қоздырады.
- Орташа әсері - тітіркендіреді
- Қатты әсері - қинайды, әлсіретеді
- Өте қатты әсері - салдандырады
Улардың олардың ерігіштік қасиетіне байланысты . Суда жақсы еритін улар ас қорыту сөлдерінде де жақсы ериді де, улардың әсері тез білінеді, әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметіне. Сондай-ақ егер малдың асқазаны асқа толы болса, онда удың әсері де, организімге сіңуіде жай болады. Кейде ондағы астың құрамына байланысты уыздану процессінің жүруі де мүмкін. Өсімдіктердің улылығы олардың өсу жағдайына даму сатысына да тікелей байланысты. Кейбір өсімдіктердің улылығы күн көзінің сәулесінің әсерінен күшейе түседі. Әр түрлі малдар улардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мысалы, кекіре мен жылқылар уланады, ал ірі қара малдар уланбайды. Үй жануарларын улардың әсеріне, сезімталдығына қарай мынандай қатарларға көрсетуге болады.
Улар жас төлдер мен кәрі малдардың арасында жиі кездеседі. Ол физиологиялық өзгерістер мен түсіндіріледі. Мысалы; жас төлдердің жиі улануын олардың нервтерінің малдың жалпы салмағына қатысы ірі ірі малдарға қарағанда сирек кездеседі (удың сүтпен бөлінуі) . Мысалы; сүт беретін малдардың өзі уланбай сүт арқылы төлдерінің улануы жиі кездеседі.
Малдардың улы заттарға дағдыланып - үйренуін жиі бақылауға болады.
Кейбір жағдайда улы заттар аз мөлшерден көп уақыт оранизмге түскенде оған организмнің дағдыланып, тіпті уланатын мөлшерде ол затты қабылдаса да уланбауы мүмкін. Мысалы; жергілікті малдардың кейбір улы шөптіерді жесе де уланбауы. Ал ол шөптерді жеген басқа жерден алынған малдардың улануы.
Удың жануарлар ағзасына әсері. Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету механизмін қарастырады.
Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.
Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген фпкторларға байланысты. Олар:
- Малдың уға сезімталдығы.
- Ағзаның жағдайы.
- Удың ағзаға ену жолдары.
- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Малдың улы заттарға улы заттарға сезісмталдығы. Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшарушылық малдары мен жабайы жануарларға, сондай - ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т. б. Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар жеген соң, малда ``В`` витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарыңды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында ``B`` витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.
Ағзаның жағдайы. Мұнда малдың жасына ерекше мəн береді. Неғұрлым мал жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Ce6e6i, олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті əдетте жақсы. Keйбip жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты болады. Кейбіру түріне ұрғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.
Ауру малдың, əсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағасының улы заттарға қарсы тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы əсер біріншi кезекте бауырдың улы заттар ды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, əсipece, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл кызметі əлсірейді жəне жуйке, эндокринді жуйелерді удың əсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарга жауап беру қабілеті төмендейді. Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалык Белгілер түрінде байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдык өзгерістер тек удың уытты жəне летальді мөлшері əсер еткен де ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде удың зиянды əсерінің клиникалық белгісі байқалмауыда мүмкін. Бірақ, ол залалсыздандырудың негізгі мүшесі - бауырға айтарлықтай зиян ды əсерін тигізеді. Осының нəтижесінде бауырдың баска да зиянды факторларга қарсы тұру қабілеті төмендейді. Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уакыт енуі, олардың жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ак, ағзаның гипо жəне əкеліп соқтыруы мүмкін.
Улы заттардың жіктелуі. Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрынан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары қазіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 - топқа бөлінеді:
1. Эндогендік улар - әртүрлі потологиялық құбылыстар кезінде ағзанын өзінде пайда болатын улар (нитрит, индол, скатол т. б. ) .
2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар.
Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал тектес, өсімдіктектес, органикалық биорганикалық және жануар тектес уытты заттар. Минерал тектес уытты заттарға: вуыр металл тұздарын жатқызамыз. Органикалық уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады. Жануар тектес уытты заттарға: жылан, балық, өрмекші және әртүрлі буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және басқада микроорганизмдердің токсиндері жатады. Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар, сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады. Мұнан басқа мал дәрігерлігі саласында - токсикологияға тікелей қатысы жоқ ерекше улар тобы - бактериялық улар деп аталатын улар болады. Сондай - ақ уытты заттар тегіне байланысты органикалық, органикалық емес, табиғи және жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді.
Уланудың пайда болуы (шығу тегі) және себебі. Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді. Біріншіден, шарушылықта улы химикаттар түріндкгі кездесетін улы заттар бар ма немесе кездесе ме, соңы анықтап алу керек. Улы химикаттарға - фтор, барий, мышьяк, сынап, мырыш және басқа заттар, сондай - ақ, инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, дефиолианттар, және т. б. жатады. Бұл категорияға кейбір минаралды тыңайтқыштарды да жатқызуға болады. Қәзіргі уақытта мұндай пстицидтерді қолданбайтын бірде - бір наруашылық жоқ. Сондықтан да, олардың тек қана номенкулатурасын, санын әр препаратының, қасиетін, пайдалану туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен бірге, шарушылықтағы жануарлар мен ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу керек.
Улануды клиникалық балау. Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту сәтісі және ерекшелік сипаттары бар. Олардың негізгілері болып мыналар табылады.
- Аурудың аяқ асты болуы, қарқынды өту кезі және ауырған жануарлармен құстардың жіті өлімі.
- аурудың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі) .
- Бірнеше жануарлардың бір уақытта улануы (ауруы)
- Контагиоздың болмауы (жұғымталдығы) .
- Жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің білінуі.
Улануды балау айтарлықтай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек клиникалық белгілеріне қарап балау қоя беру әрқашан мүмкін бола бермейді.
Көптеген уланулар орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен ерекшеленеді. Мырыш, нитрит - нитраттармен және фенол қосындыларымен уланғвнда жануарларда қозу, кейде қысылу және күйзелуі сейкілді жүйкелік өзгерістер байқалады.
Уланған мал өлексесіндегі патологиялық - анатомиялық өзгерістер.
Уланған мал өлексесін союдың тек балулық қана емес, сондай - ақ, соттық - ветеринариялық маңызы бар. Соттық - ветеринариялық сою соттық - ветеринариялық сараптаудың бір бөлігі болып табылады және тергеу мекемелерінің қатысуларымен жүргізіледі. Өлексені диагностикалық сою тек ұлпалармен мүшелердегі өзгерістерді аңықтау үшін ғана емес, сонымен бірге гистологиялық және басқа да зерттеулерге сынама алу мақсатында жүргізіледі. Соңғылары, әсіресе, жіті улану кезінде микроскопиялық өзгерістері байқалмаған жағдайда өте қажет. Өлексені диагностикалық сою кезінде, алиментарлық уланудан ас қорыту жүйесінде, бауырда және ол несеп - нәжіс бөлетін мүшелерде айтарлықтай өзгерістер болатынын есте ұстау керек. Улануды балауда асқазандағы азық қалдығын тексерудің және иісінің зор маңызы бар. Мысалы, мышьяк қосылыстарынан уланғанда сарымсақ иісі шығып тұрады.
3. Негізгі бөлім
3. 1. Құрамында улы заты бар басқа топ өсімдіктерімен улану
Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктер де кездесді. Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары аңықталған. Дегенмен, әлі де құрамы толық тексерілмеген өсімдіктер баршылық. Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді. Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер де жетерлік. Бірақ, ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже, мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттың бәрі у. Улы өсімдіктерді мал жемейді. Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады. Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде, мұндай азықтардың желінбей, сол қалпында қалғанын көруге болады. Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде (сүрлем, күнжара) немесе қатты ашыққанда, мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде организм улануы мүмкін.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ. Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И. А. Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты төмендегідей жіктеледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz