Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының заманауи жағдайы


МАЗМҰНЫ
Қысқартулар мен белгілеулер
Кіріспе
1 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1. 1 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының негізгі түсініктері мен мәні
1. 2 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуының халықаралық тәжірибесі
2 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының қазіргі жағдайын талдау
2. 1Астана қаласының физикалық экономикалық сипаттама
2. 2 Астана қаласының денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайы
2. 3 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуындағы мәселелер
3 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуын жетілдіру
3. 1 Инфрақұрылымды тиімдірек дамытудың тәсілі ретінде денсаулық сақтау саласына МЖС механизмдерін енгізу
3. 2 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының келешектегі негізгі дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартулар мен белгілеулер
АЖДЖ - Аурухана желілерінің даму жоспары
ЕО - Еуролық одақ
АМСК - Алғашқы медициналық-санитариялық көмек
ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық пен дамуды ұйымдастыру
МЖС -Мемлекеттік- жекеменшік серіктестік
ДСБ - Денсаулық сақтауды басқару
ҚДСҚ - Қоғамдық денсаулық сақтау қызметтері
ЖТД - Жалпы тәжірибе дәрігерлері
АББ - Аурулары басқару бағдарламасы
ШАПА - Шет аймақтық психиатриялық аурухана
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі . Дамудың заманауи кезеңінде кез келген елдің көркеюі мен дамуында халықтың денсаулық жағдайы болып табылады, яғни, денсаулық сақтау саласының дамуы мен инфрақұрылымы. Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл ойнайтын үлкен мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі қажет делінген. « 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік сақтандыру ендірілетін болады . . . Үкімет денсаулық сақтау бойынша халықты барынша ақпараттандыруы қажет. Жеке меншік медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті дамыту үшін Міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүйесін ендіру керек» [1] . «Денсаулық» Қазақстан Республикасының денсаулық дамыту бойынша Мемелекеттік бағдарламасының қойылған мақсаттарға жету басты бағыттарында, нақтырақ жетінші бағытында «мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік және заманауи ақпараттық-коммуникацияға негізделген денсаулық сақтау инфрақұрылымының ары қарайғы дамуын» қамтамасыз ету туралы айтылады [2] . Жоғарыда айтылғандардың барлығы берілген тақырыптың өзектілігін анықтайды. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы : Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы әр түрлі механизмдердің қолдануымен жүретін концептуалды ұсыныстар және зерттеулердің жеткіліксіздігімен, шет елдік тәжірибені және отандық жағдайлардың спецификасын ескеру, денсаулық сақтау саласындағы әр түрлі жобалардың нәтижелілігін бағалау. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, оны ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша Бигалиева Р. К., Исмаилова Ш. М., Ушбаева К. У., Досмухамедова Х. Д., Шармана А. Т., сонымен қатар, шет елдегі авторлардың А. Л. Пиддэ, И. К. Астахова, А. Д. Нефедьева, Д. К. Балаханова, И. В. Бойченко еңбектері арналған. Жүргізілген зерттеулер талдауы - денсаулық сақтау жүйесіндегі инфрақұрылым дамуына арналған теориялық және тәжірибелік негіздерге бағытталған, сонымен қатар денсаулық сақтау инфрақұрылымын даму жолдары бойынша әр түрлі тәсілдердің жасалуы, денсаулық сақтау жүйесіне МЖС механизмдерін шетелдік тәжірибе және отандық жағдайдың спецификасын ескере отырып ендіру, салыстырмалы түрде бүгінгі күнде бұл тақырып бойынша жұмыстарды көп қозғамайды. Зерттеу объектісі - Астана қаласының денсаулық сақтау инфрақұрылымы. Зерттеу пәні - денсаулық сақтау инфрақұрылымының заманауи жағдайы мен келешегі. Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Зерттеудің мақсаты денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- денсаулық сақтау инфрақұрылымының болмысын түсіну үшін негізгі тәсілдерді анықтау;
- денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша халықаралық тәжірибені талдау;
- Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымының жағдайын талдау;
- денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамуыту бойынша негізгі мәселелерді және жақсарту жолдарын анықтау.
Ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың жаңалығы Астана қаласының денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамыту ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу бойынша жүйелі тәсілдің болуы.
Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымының даму ерекшеліктерін нақтылау болып табылады. Нәтижелері Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жағдайы мен заңдылықтарын зерттеуге, ары қарай даму келешегін анықтауға қолданылуы мүмкін
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы алынған қорытындылар мен ұсыныстар бағдарламаларды жасауда, болдамдарды, Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуы бойынша тәжірибелік ұсыныстар жазуда қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың әдістемесі мен әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын жасауға отандық және шетелдік ғалымдыардың денсаулық сақтау инфрақұрылымы бойынша жазылған еңбектері септігін тигізді. Қойылңан міндеттерді шешу бойынша біздің тараптан шындықты зерттеудің сандық және сапалық әдістер, салыстырмалы талдау және картография әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық-эмпирикалық базасы ресми және ақпараттық материалдарға, денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми зерттеу еңбектеріне, ғылыми басылымдарға, интернет-ресурстарға негізделіп сүйеніп қалыптасты. Біздің тараптан Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымын түсіну бойынша негізгі тәсілдер талданды, нақтырақ айтатын болсақ денсаулық сақтау түсінігі; денсаулық сақтаудың халықаралық тәжірибесі; Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының заманауи жағдайы; денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша басты мәселелерді және жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс мазмұны баспа мәтіні бойынша 51 бетті қамтиды және 5 кесте, 13 сурет, 2 карта кіріктірілген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының теориялық негіздері.
1. 2 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының негізгі түсініктері мен мәні
Денсаулық сақтау - ауруларды емдеуге, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және медициналық іс шаралар тұтастығынан тұрады. Ежелгі кездің өзінде емшілер мектебі, сауда орындарының санитарлы бақылауы болған (Спарта, мұсылман елдері) . 16 ғасырға дейін қатаң денсаулық сақтау жүйесі болмаған. Бірақ 16 ғасырда дәрігер мамандарын дайындау және ауруханаларды құру бойынша ең алғашқы шаралар қолдана бастады.
Христиандықты қабылдаған уақыттан бастап медициналық көмек монастырларға бағытталған болатын. Ресейде 1581 жылы Иван Грозныйдың жеке бұйрығы бойынша патша әулетіне медициналық көмек көрсететін патшалық дәріхана орналыстырылды. Сосын ол дворяндық дәріханаларды басқаратын дәріханалық бұйрыққа өзгертілді. 1654 жылы дәріханалық бұйрық жанынан бірінші емшілер мектебі ашылды. Денсаулық сақтау жүйесінде ерекше даму Петр І кезінде болды, дәріханалық бұйрық медициналық канцеляриға өзгертілді, дәрігерлерді дайындайтын мектептер, медициналық госпиталдер құрылды, әскерде және кемеде гигиенаны сақтау, әскерде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша үкімдер қабылданды. Осылайша, денсаулық сақтау және инфрақұрылым бүгінгі күнде біздің өмірімізде үлкен орынға ие.
Заманауи кезеңде денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуы күрделі және қиын сұрақтардың бірі, Қазақтанның алдағы дамуында маңызды рөл атқарады. Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты әрекет етуіне ісер ететін қажетті жағдайларды қалыптастыруда маңызды шаралардың бірі осы саланың инфрақұрылымдық қамтылуы. денсаулық сақтау инфрақұрылымы - бұл белгілі бір материалды-заттық бөлшектердің тұтастығы, денсаулық сақтауға байланысты халықтың туындаған қажеттіліктерін қамтамасыздандыру. [3] .
Денсаулық сақтау инфрақұрылымы:
- халықтың денсаулығын қамтамсыз етуге және ауруларды емдеуге бағытталған шаралар, яғни бірқатар медициналық қызмет көрсету жүйесі;
- іс-әрекеттің барлық түрлері, басты мақсаты жылжуға, қайта қалпына келтіруге және халықтың денсаулығын қолдауға негіщделеді;
- денсаулық деңгейін сақатуға бағытталған үлкен шаралар, мысалы, қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салты;
- өзінің басты мақсаты ретінде халықтың денсаулығын қамтамасыздандыруды көздемейтін, бірақ оған тікелей болмаса да жанама әсер ететін белгілі бір қызмет және әрекет түрлері.
Көптеген авторлардың ойынша, денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымды ішкі және сыртқы контурларға бөледі (сурет 1) . Денсаулық сақтау инфрақұрылымының сыртқы контурына келесідей факторлар кіреді: ғылым, білім, экология, мәдениет, яғни мемлекет халқының ары қарайғы денсаулығын қолдау мен нығайтуды қамтамасыз ететін әлеуметтік саладағы әр түрлі элементтер. Инфрақұрылымның ішкі контуры тікелей өмірлік қамсыздандыру элементтерінің тұстастығы, нақтырақ әр түрлі медициналық мекемелер және қызметтер, рекреативті ресурстар, профилактикалық іс-шаралар, фармацевтика және т. б. Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылым ғылыммен, бизнес және экологиямен тығыз қарым-қатынастағы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымындағы маңызды элементтердің бірі ретінде қарастырылуы керек [4, c. 31, c. 33-34] .
Сурет 1 Денсаулық сақтау инфрақұрылымының қосарланған контуры.
Сурет 1 сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымға ішкі деңгейде келесідей құрылымдар кіреді: тікелей өмір қамтамасыздығы, рекреация, профилактика, медициналық құрылғылар және фармацевтика. Белгілі болғандай, халықтың денсаулығының 55%-ы өмірдің салтына жіне сапасына байланысты, 8-10 %-ы кездейсоқтықтан және генетикалық факторға және бар болғаны 8-12 %-ы медициналық көмектің даму деңгейіне тәуелді. Ең алдымен бұл, медициналық мекемелердің әрекеті халықтың денсаулығын жақсартуға және барынша нәтижелі қорғауда жеткіліксіз болып табылады, өйткені бұл мәселе кешенді сипатта және әр түрлі мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің және бүкіл халықтың арасындағы өзара әрекеттестікті қажет етеді. Сондықтан денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылым дағдарысы жоғарыда көрсетілген барлық элементтердің нәтижелі әрекеттестігі негізінде азаюы мүмкін [5] . Денсаулық сақтау саласындағы ішкі инфрақұрылым туралы барынша анық және нақты сурет 2 көрсетілген. Келтірілген схемада денсаулық сақтаудың бір бөлімі кіргізілген: мемлекеттік және жеке меншік сектор.
Сурет 2 Денсаулық сақтаудың ішкі инфрақұрылымы
Көптеген авторлар денсаулық сақтау инфрақұрылымын басқа жағынан қарастырады, яғни әлеуметтік инфрақұрылымның құрамдас бөлігі ретінде. Бұл көзқарас бойынша, денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылым - белгілі бір қызметті ұйымдастыру бойынша жалпы талаптарды қамтамасыз ететін белгілі бір материалды-заттық элементтердің тұтастығы, экономикалық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескеру негізінде қоғамдық денсаулық сақтауға қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылым негізгі элементтеріне әр түрлі деңгейдегі басқарушы органдар, санитарлы-эпидемиологиялық және емдік-профилактикалық мекемелер, фармацевтикалық ұйымдар, медициналық техника өндіруші болып табылатын кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу мекемелері және медициналық сақтандырумен айналысатын жоғары медициналық білім профилдері, мед қызметкерлердің әр түрлі корпоративті және қоғамдық ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының әр түрлі медициналық құралдары [6, c. 7] .
Денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды жүйе ретінде анықтайтын басқа да пікірлер бар, өзара әрекеттестікте келесідей объекттер бар - пациент - дәрігер; дәрігер-дәрігер; пациент - медициналық сақтандыру ұйымы; дәрігер - медициналық мекеме; медициналық мекеме - медициналық сақтандыруды ұйымдастыру; медициналық мекеме - медициналық мекеме; медициналық мекеме - денсаулық сақтаудың аумақтық басқару ұйымы [7, c. 33] . Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылым, ең алдымен ол материалдық базаны білдіреді, нақтырақ айтатын болсақ белгілі бір медициналық көмекті жетілдіру қажеттілігі бар, медициналық құрылғыларды қоса алғанда әр түрлі ғимараттар, сонымен қатар барынша жаңа технологиялар мен диагностика әдістерін енгізу мақсатымен.
1. 2 Денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуындағы халықаралық тәжірибе
Заманауи кезеңде бүкіл әлемде денсаулық сақтау қызметтеріне деген сұраныс артуда. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау мемлекет халқының қартаюына және өмір салтына тікелей байланысты ауру түрлерінің үнемі өсіп отыруына байланысты маңызды құрылымдық өзгерістерге ұшырап жатыр (ІІ типті қант диабеті, өкпенің обструктивті созылмалы ауруы, онкологиялық аурулар, остеопороз және т. б. ) . 2020 жылға қарай Price water house Coopers халықаралық консалтингті компаниясының бағалауына сәйкес, Экономикалық серіктестік және дамыту ұйымы елдері және и БРИК (Бразилия, Россия, Индия, Қытай) денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамытуға шамамен 3 трлн. евро жұмсайды, сонымен қатар медицина саласындағы әр түрлі қызметтерді көрсетуге 54, 5 трлн. евро жұмсайды[8, c. 5] . Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың түрлі институттары бар, жаһандық мемлекеттерде олардың қандай да бір болсын механизмі пайдаланылады. Жүйелердің көп болуына қарамастан, оларды негізгі 3 топқа бөледі:
- мемлекеттік;
- сақтандыру;
- жекеменшік [9] .
Жоғарыда аталып өткен кез -келген жүйе түрлерінің негізгі мақсаты мемлекеттің халқы үшін медициналық көмектің қолжетімді болғаны және сапасының жоғары болуы, бұл мемлекеттің денсаулық сақтау саласына бөлетін қаржысына да тікелей байланысты болады. Соңғы онжылдықта Еуропа елдерінде әр түрлі созылмалы ауруларды үздіксіз емдеуге бағытталған қызмет көрсетудің әр түрлі формаларын жасап шығаруға үлкен күш жұмсалып жатыр. Осылайша, Ұлыбританияда алғашқы көмек көрсету және медбикелік күтім бойынша алғашқы желілер құрылды, Германияда ауру сілтемелері жобалары. Европаның көп бөлігінде халықтың қартаюы созылмалы аурулардың ауыртпашылықтары нәтижесінде көбейіп отыр және сәйкесінше көрсетілетін медициналық қызметтің артуына әсер етеді [10] . Бұл жағдайларда әр түрлі деңгейдегі қызметтердің ең жақсы интеграциясы мен координациясы қажет болады. Көптеген шетелдерде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды қайта құру жүріп жатыр: аурухана қорының азаюы, амбулаторлық қабылдау жүргізетін дәрігерлердің санының шектелуі, медициналық мекемелерде қымбат құрылғылардың азаюы. Мысалы, Эстонияда ауруханалар санын азайту арқылы стационарлық көмекті үлкен ауруханалық орталықтарға жұмылдырылған [11] . Мысалы Эстонияда кеңестік үлгі бойынша аурухана орындарының мол қорына ие болған, қазіргі уақытта аурухана желілерінің даму жоспары бойынша аурухана және орындарды рационалдау бойынша сәтті жүзеге асырды. Ұйымдастырудың жаңа формалары жүргізілетін құрылымдық реформалар және азаматтық жеке құқық акционерлік компаниялары ресурстардың үнемді қолдану әдістерін, сонымен қатар ауруханалық ұйымдардың бірігуіне септігін тигізді. 1993-2001 жылдар аралығында ауруханалар саны 115-тен 67-ге дейін азайды, сонымен бір уақытта аурухана орындары 14 400-ден 9200-ге дейін азайды. Аталған уақыт ішінде әр түсім бойынша орташа госпитализация 15, 4-тен 8, 7 күнді құрады. Канадада денсаулық сақтаудағы инфрақұрылымды реформалау келесідей әдіс арқылы жүреді: бірнеше аурухана ұйымдарының жаңа бірліктің құрылуымен бірігіуі, ең аз санында, денсаулық сақтау саласында үлкенірек ұйымдар құрылды, олар өздеріне:
- Жабық типті - 31 мемлекеттік аурухана, 6 жекеменшік және 6 шет аймақтық психиатрия ауруханалары;
- 4 ауруханалық ұйымдардың басқа корпорацияларға бөлінуі - көп санды ұйымдық басқарумен бірнеше комитеттерді құру - 18 ауылдық, солтүстіктік аурухана желілері, яғни аудандық және аймақтық желілердің түрлілігін құру.
Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын қайта құрудың негізгі уәждемесі: аурухана орындарының санының азаюы және одан да дұрысы капиталдық ресурстарды ұтымды пайдалану.
Ауруханалық бағдарламалар мен қызметтерді ұтымды ету үшін келесілер есепке алынды:
- амбулаториялық және стационарлық күтімнің тиімді теңдестігі;
- қайта қаржыландыру жоспары бойынша басқарушы органдардың халықтың қажеттіліктерін бағалау бағыттарын енгізу;
- бір басқару құрылымына ие мульти - институттық ұйымдар;
- жаңа жабдықтар мен ресурстар;
- жедел-жәрдем көмегі және амбулаториялық қызмет әлеуетінің өсуі және экономикалық ресурстар көптігі кезінде госпитальдік әлеуеттің өсуі ;
- ауруханалар ұйымдарында асқынған науқастарға қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді күтім мен үйде күтім көлемін ұлғайту;
- деректер мен шектеулердегі қажеттіліктерді орнату;
- жетілдірілген үзіліссіз күтім спектрін қалыптастыруға шоғырландырылған жаңа желілер.
Молдавияда денсаулық сақтау инфрақұрылымын қайта құру күтім деңгейінің қажеттік және талап етілетін орнату үшін макро-арнайылықты қолдана отырып төсек орын мен медициналық қызметкерлердің саны бойынша Еуропалық және германиялық нормативке сүйене отырып жасалды. Осы елдің аумағы бойынша үлкен ел емес екендігін ескере отырып, ауданаралық ауруханаларда сапасы жоғары күтімнің бірнеше орталықтарын күтімнің күрделі түрлеріне біріктіру ұсынылды. Ауылдағы ауруханалар жабылды немесе алғашқы көмек көрсетпейтін жалпы орталықтарға айналдырылды. Словакияда қайта құру процесінде қызмет көрсету өкілдерінің минималды мемлекеттік желісі концепциясын қолданды. Жүйенің құрылымында төлеушілер санының көп болуымен елдегі әрбір ауданда адам басына шаққанда аураханалық орынның минималды деңгейінің төмендеуі минималды желі ретінде орнатылады. Жоғарыда аталғандар Еуропа елдеріндегі мамандықтар бойынша пайдаланған орташа деректерге негізделді. Еуропалық стандартқа дейін жетудің орташа ұзақтығын қысқарту, амбулаториялық хирургияны арттыру және жедел-жәрдем көмегін тиімді құралда нығайту мақсатымен қалыптастырды. Реформалар әсіресе жергілікте деңгейде, бірнеше ауруханалар ұйымдарына жауап беретін мульти-ауруханалар мен аурухана аралық басқарудың ары қарай дамуына мүмкіндік берді. Валенсия (Испания) провинциясының тәжірибесі жекеменшік кәсіпорынның алдағы дамуына инновациялық және жаңа даму бағыттарын көрсетеді, ол жерде қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерге аурухана желілерін пайдалана отырып басқаруға концессия беріледі. Сонымен қатар бұл реформаның ішіне 10 жыл ішінде заманауи АМСК емханаларын құру, басқа аумақтық ауруханаларды басқару кіргізілді. Барлық шығындарды жабатын, нақты жиында АМСК-дан бастап ауруханаларға дейін Концессия жан басына арналған қағида бойынша берілді. Қызмет көрсету процестерін іске асыратын жекеменшік ұйымдар бұл қызметтердің барлығын мемлекеттік мекемелерге қарағанда 30% арзан ұсына алады [12] . Сербиядағы реформа негізінде көрсетілетін қызметтер саны минималды желі бойынша жан басына арналған жоспарлық параметрлерді енгізді. Сербияда басқа БҰҰ-ның басқа мемлекеттеріндегі сияқты орын артық болмауына байланысты, қайта құру процесі медициналық мекемелердің санын азайтуға емес, негізгі қызметтерді арттыруға жұмылдырылды. Бірақ, ауруханалық қалашықтардағи ғимараттар санын азайту мүмкіндіктері де болды. Латвияда қаржылық ресурстарды азайту үшін және ауруханаға дейінгі көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру үшін жедел медициналық көмек қызметтерді қайта құрудан өткізілді, осының нәтижесінде 39 муниципалитеттерге жұмылдырылған жедел жәрдем қызметі Латвияның денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында болатын, мемлекеттік жедел жәрдем қызметіне жұмылдырылды. Өткізілген реформалардан кейін Латвияның көп бөлігіндегі жедел жәрдемнің қол жетімділігі мен сапа деңгейі реттелді, ал халыққа қызмет көрсету кезіндегі тиімсіздік төмендеді [13] . Мемлекеттік ауруханаларды қайта құру жобасы барысында билік оларды жартылай тәуелсіз қоғамдық компанияларға ауыстырды (Ұлыбритания және Эстония) [14] . Ауруханалар жеке меншіктің жаңартылған үлгілерінде басқарудың жартылай автономдық құрылымы, сол уақытта мемлекет меншігінде қала отырып және қоғамдық жауапкершіліктің біршама бөлігін сақтау қажет болады. Бұл жаңа ұйымдастық модельдерді құру және олардың әсері қызмет көрсетуді тасымалдаушы және сатып алу функцияларының бөлінуімен себептелді, соның ішінде стратегиялық сатып алулар, жеке келісімшарт құруды есепке алғандағы қызметтерді жеткізушілер арасындағы бәсекелестік. Ұлыбританияда қоғамдық денсаулық сақтау шаралары орта бөлімдік медицина қызметкерлері (патронаждық және медицина бикелері, акушер әйел, қоғамдық жұмысшылар) арқылы іске асады, олар алдын -алу іс шараларын, науқастарды күту, дәрігердің жазғандарын орындаумен айналысады. Жалпы практика қызметтеріне келесілер жатады: мамандармен амбулаториялық науқастарды емдеу, стоматолог, офтальмолог және фармацевттерді қоса алғанда. Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер әр қабылдаған науқасы үшін төлем алып отырады, жұмыс уақытынан басқа уақытта, демалыс күндері және түнгі уақытта, алыс орналасқан ауылды жерлердегі жұмысын қосқанда. Госпиталдық қызмет учаскелік принцип бойынша іске асады, ол жерде біржақты мамандықтар дәрігерлері амбулаториялық науқастарды қабылдаумен және санитарлық науқастарға көсек берумен жұмыс жасәйкесды.
Денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымның британдық үлгісінде көп артықшылықтар болғанымен, халық және денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың өзі мойындап отырған кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері: дәрігерлердің санының жетіспеуі және тұтыну санына сәйкес болмайтын төсек орындары, олар жетіспейтін болғаннан кейін Ұлыбританияда маманның қабылдауына жазылуда және жоспарлық госпитализацияға кезек күтушілер көп болады. Осы себепке байланысты дәрігерлердің бірқатар жұмыстары медбикелердің міндетіне өткен. Мысалы, Ұлыбританияда акушер көмегі негізінен медбикелермен іске асырылады, бұл мәселе Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласындағы күрделі мәселердің бірі [15] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz