Алаш зиялыларының еңбектері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Нархоз университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Әлихан Бөкейхановтың ұлттың саяси көшбасшысы ретінде бейнесі

Орындаған: Айдымбеков А. К (АЖ, 1 курс)

Алматы, 2019

Әлихан Бөкейхановтың ұлттың саяси көшбасшысы ретінде бейнесі

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға. Бұрынғы Семей, яғни қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Қарқаралы уезінде 1866 жылы дүниеге келген арда азамат 71 жасында кеңес қоғамының ең бір қасіретті «халық жауы» деген жалған жаласымен Мәскеу қаласында мерт болды. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә. Бөкейханов XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушысы әрі жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. «Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне замандасы Кемеңгеров Қошмұхаммед Дүйсебайұлы 1920 жылы жазған «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан», - деп жазды [1] .

Әлихан Бөкейхановта барлық көшбасшыларға тән болатын ішкі түйсігі, өзінің ерекше қайталанбас қасиеттері болды. Өлім жазасына тартылса да, ұсынған идеясынан, бастамасынан бас тартпады, әр кезде ел қамын ойлайтын, ұлты үшін үлкен жауапкершілікті мойнына ала білді. Өз ойын асқан ақылымен әрі логикасымен пайымдай алатын, көрегендік, өзгешелік, шешендік өнер сияқты интеллектуалдық керемет белгілерге ие болды. Одан басқа, бойында іскерлік қасиеттері, асқан ұйымдастыру қабілеті, адамдардың көздерін аша алу, әйгілі, танымал болу жоқ емес. Жоғары айтылғандардың бүкілі Әлихан атамыздың қаншалықты жойқын, ғаламат әрі өткір мінезді мықты адам болғанын атап көрсетеді. Тұтастай Әлихан Бөкейхановты Алаш партиясының жетекшісі ретінде таниды. Алайда туған қазақ жерінде халық жауы болғаны мәлім.

Әлихан Бөкейханов тарих саласына байланысты қазақ халқының соңғы ғасырлардағы тарихи өмірін сипаттайтын, патша өкіметінің отаршылдық саясатын айқындайтын, қазақ хандары мен сұлтандары туралы және ұлт-азаттық көтеріліс барысының бағыты мен мақсат-мүддесін нақтылайтын және басқа да құнды ғылыми еңбектер мен ғылыми мақалалар жариялады [2] .

Әлихан оқулары мен Алаш зиялыларының еңбектерін оқып, тереңдеген сайын жалпы Алаш ардақтылары жайлы жанқиярлық, құнды еңбегі жөнінде білімімнің өте таяз екенін, соның бір пайызын да білмейтінімді ұқтым. Кітаптарын оқыған сайын көзім ашылып, күн сайын аң-таң боламын. Бұл не деген алапат күш, не деген жойқын білім, не деген пидагерлік, отан сүйгіштік, халыққа махаббаты сияқты ойлар әр бетін ашқан сайын келіп тұрады. Оқығаннан кейін әрбір қазақтың білімдерінің толыққанын, көздерінің ашылғанын қалар едім. Әлихан Бөкейхановтың өзі жөнінде айтқан кезде, ол тоғыз тілде еркін сөйлей білген, үш - төрт оқу орындарын аяқтады, соның бірі - Санкт-Петербургтегі орман - шаруашылық университетін өте үздік бітіріп шықты. Сонымен қатар Санкт-Петербургте заң университетін сырттай оқыды, оның қатарласы В. Ленинмен болған екен, сол жоғары оқу орнынан да диплом алды. Халықтың тағдыры, ұлтының жерінің тағдыры шешіліп жатқан уақытында Владимир Ильичпен таныстығын, өзінің соған деген ықпалын пайдалана отырып, қазақтың жерінің шекарасын бекітіп бере алды. Алаш әскерін құрған, идеясын жазған, Алаш мемлекетін құрған, сонымен қатар оны өзі басқарды. Талай рет түрмеге отырғызылды. Қаншама Алаш ардақтыларын тәрбиелеп, нағыз көшбасшылығын көрсетіп, соңынан ерте алды. Сондай-ақ шет елдерден қазақтарға керек эпос-жырларын, астрономия, математика сияқты ғылыми еңбектерді аударды. Қазақ жұртының тарихын терең зерттеп, жазып, тәпсірлеген. Абай Құнанбайұлының алғаш кітабын шығаруға мұрындық болған да - Әлихан Бөкейханов. Оның еңбектері мен қосқан үлестері әлі де көп, менің атап өткенім тек ресми түрде кітаптардан, журналдар мен газеттерден алынған мәліметтер. Кім біледі, мүмкін жасырын түрде де өз халқына біраз көмек көрсеткен шығар, себебі бұндай орасан білім, халық сүйгіш жүрек Әлихан атамыздың бойында аз емес. “Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды”, - деген ой айтады Ә. Бөкейханов [3] . Осының бәрінен таңғалудан шаршамаймын, еңбектерін оқыған адамдардың барлығы да менің ойыммен келісетіндеріне күмәнданбаймын.

1890 жылы училищесін бітіргеннен кейін училище директорының жолдамасымен Мәскеуге барып, бірінші экономикалық факультетіне орман - шаруашылық университетінің бірінші курсына қабылданады. Орман институтында оқу барысында прогрессивтікті орыс партияларының құрылтайшысыларымен қарым-қатынаста болады. Сол кездері конституциялық демократиялық партиясына мүше болып қабылданады. Ондағы ойы мен барлық арманы - самодержавие, автократие. Патшалық үкіметті, патшаны тағынан тайдыру керек еді. Неге десеңіз, қазаққа автономия алу үшін, әр қазақтың жеке басына құқық пен егемендік алу мақсаты орындалу үшін, патша құламайынша ондай мүмкіншілік болмайтынын сезеді. Орман-шаруашылық институтын аяқтаған соң Половцев экспедициясына қатысады, кейін Ф. А. Шербина экспедициясының құрамында болды. Ф. А. Шербина экспедициясына қатысқан кезде керемет орасан зор еңбектер жасаған. Қазақта қанша жер болған, оның әрбір облыстағы, әрбір ауылдағы адамдардың жерлерін түгел тізімге алып шықты. Осы экспедицияда өз еркімен барған беделді мүшелерінің бірі болды. Қазақта қанша жері бар, қанша малы бар, қазақ қайткенде аман қалады, бұл жер қазаққа не үшін керек, осының бәрін сөзбен емес, цифрмен дәлелдей отырып көрсетті. Қазіргі кезде қазақтардың сол кездегі серкелердің арасындағы үлкен тартыс болған. Бір жағынан патша үкіметі, әсіресе татардың мықты азаматтары мен газеттері арқылы халық далада қанғырып, көшпелі болуды қойып тоқтату тиістілігін, отырықшылдыққа апару керегін және де әрбір қазаққа он бес десятина жер берілетіні жөнінде сөз қалдырды. Бірақ бұған Әлихан түгелдей қарсы шыққан, өйткені мыңдаған жылдар бойы көшпелі болған ұлттың отырықшылдылыққа бірден үйреніп кете алмайтындығын білді. Бұл деген сөз қазақтың құритын әсіресе патша үкіметінің саясаты бойынша халыққа он бес десятина жер берілгеннен кейін көптеген жер артық қалды. Сол жерлерге переселен орыстарды орналастырды. Осы кезде жақанша Мұхамеджан Қаратаев бастаған панислам жолын көксеген Алаштың сол кездегі көшбасшылары Түркияға, басқа мемлекеттерге барып, діни білім алып келген бір топ патшаның осы саясатын қолдады. Сөйтіп, “Айқап” газеті шығарылады, олар қазақтардың жергілікті отырықшы халық болулары тиіс деген оймен жүрді, ал Әлихан Бөкейхановтың қасында болған жақтаушылар “Қазақ” газетін шығарып, олар “Батысшылдар” атағын алады, себебі қазақтың алғашқы құрылтайында қазақтың салтын, дәстүрін, тілін сақтау арқылы Еуропаның мәдениеті мен ғылымын меңгеріп, Жапония тәріздес мемлекет құрамыз деп армандайды және қабылдайды. Ал жаңағы панисламшылдар қазақ, башқұрт, қырғыз, өзбек, тәжіктермен қосылып, бір халифат құрамыз, ислам мемлекетін құрайтындарын айтты. Осының жалғасында айқапшылдар мен қазақтардың араларында үлкен дау-дамай тартыс болған екен. Бұл жайлы газеттерде жазылған мақалалармен дәлелдеп шығуға болады. Бәрі де факт!

Әлихан Бөкейханов және Алаштың басқа көшбасшылары мен мүшелері халықпен етене араласа алған жоқ. Бұның басты себептерінің бірі - патша үкіметінің Әлиханға наразылығы мен мойындамаулары. Тұрсын Жұртбайдың “Боль моя, гордость моя - Алаш” деген кітабында былай депті: “Непримиримые враги А. Букейханова, как говорил Абай, "настоящие представители", которым были чужды его идеи и предложения, преследуя свои потаенные, корыстные интересы, иначе говоря, опасаясь растущего авторитета этого человека, усиления его воздействия на народ, опубликовали листовку "Разоблачение", в которой писалось:

“Неверный из неверных, отступник от религии! Мусульмане! Не приближайтесь к нему! Не слушайте, что он говорит! Не идите за ним! От того, что собака лает, Луна на небе не перестанет светить!”” [4] .

Әлихан Нұрмұхамедұлына осындай айдар тағып, сол кездегі Алаш ардақтыларының біраз тобы соңынан түскен екен. Менің айтатыным, олар мүмкіндік бермеді, себебі Ресейдің алғашқы Думасында кандидаттарды ұсынған кезде, Ә. Бөкейханов жеңіп шығады. Оны осы Думаға қатыстырмайтындарын айтқан патша үкіметіндегілер түрмеге отырғызып тастайды. Алайда түрмеде шыға алмай отырғанымен жүз жетпіс жеті дауыстың жүз жетпіс алтысын жинап, Думаға депутат болып сайланады. Өкінішке орай, патша үкіметі сайланған озық ойлы азаматтардан қорыққандықтан, Думаны таратып жібереді. Тарағаннан кейін “Таңдаулық үңдеу” жасайды және бұл үңдеуге Әлихан да қол қояды. Бірақ 1916 жылы екінші Думаның құрылуына депутаттар қайта сайланады. Бұл орынға қайта Ә. Бөкейхановты ұсынбақшы болады, бірақ ол ерікті түрде өзінің қалауымен екі себеппен бас тартады. Біріншісі - қазақтардың арасынан депутаттың орнында отыратындар болмауы мүмкін, өйткені бірінші Думаға сайланған қазақтарды Әлиханның кесірінен таратып жіберді. Екіншісі - екінші Дума қайта таратылып кетілуі мүмкін. Сол кезде Ә. Бөкейханов өзінің асқан ақылы мен логикасын тамаша атап өтті.

Патша үкіметіне қарсы шығып, Әлиханның артынан барғандардың саны жүзден асатын, солардың бәрін ұрып, соғып, кейбірін тіпті жазалауға дейін де апаратын, Ә. Бөкейхановты түрмеге қамайтын, прессаларды жауып тастайтын. Бұл деректердің өзі қазақ даласының сол кездегі қайғылы картинасын тұтас бейнелеп көрсету де жеткіліксіз. Есепсіз өлімге кесіліп, еріксіз айдауға түскен қазақтың тағдыры әлі күнге дейін толық зерттеле қойған жоқ. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов ескерткендей, дәл осылай қазақ халқына түймедей жазыққа, түйедей жаза кесілді. Осы зауалда алдын ала болжаған Алашорда қайраткерлері қарапайым халыққа патша жарлығының мән-мағынасын дұрыс түсіндіру, байыппен ұғындыру мақсатын алдыларына қойды. Олар бар амалды іздеп бақты, алайда қандай шаралар қолданса да, буржаузиялық уақытша үкімет ауыр жаласты, оларға мүмкіндіктер мүлдем бермеді, бірақ Қоянды жәрмеңкесінде сол жағдайды пайдалана отырып, халыққа қол қойдыртып шықты, сөйтіп 14000 питиция жинайды. Оларды сатқындар деді, буржаузиялық уақытша үкімет ауыр жаласты, бірақ тарихта шын жағдайда олар өлімге дейін ұлттың қамын жеді. Ә. Бөкейханов ұлты үшін түрмеде өлді. Тіпті, оның Ескендір баласын естімей, көзін жұмды. Әлиханға бұл хабарды үкімет мүшелері айту керек еді, бірақ айтпады. Жүдеген, көзі ішіне түскен, бір кезде көзінен от шашқан адам қандай жағдайға түсті, бірақ сонда да өз идеясынан қайтпаған, бас тартпаған. Менің пікірімше, қазіргі уақытта Әлихан Бөкейханов туралы оқып, еңбектерін дәріптей алғандардың барлығы дерлік, көшбасшылығын сыни түрде түсіне алған адамдардың ойы да, жан дүниесі де өзгерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Алаштың аруағы
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz