Түркістан облысы және Жамбыл облысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ3

1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫ. . 4

Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы . . . 6

Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы. 7

Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы. 9

Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы . . . 11

Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы. 14

Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы16

Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы. . 18

Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы . . . 20

Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы22

Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . 26

КІРІСПЕ

«Қорық» сөзі өте көне, ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. «Қызыл кітап» термині жақында, бар -жоғы 30жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңққа ие болды. Мемлекеттік табиғи қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Қорық - бүкіл табиғат кешені табиғи күйінде сақталатын аумақтар, табиғатты қорғау формаларының бірі, онда шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді. Қорықтарды құрудың мақсаты - әр түрлі геграфиялық зоналардың жекелеген учаскелерін табиғи күйнде сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін қорғау. [6]

1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫ

Қазақстан қорықтары маны жөнінен ТМД- ға кіретін реғспубликалар арсында 16 -шы орын алады. Дегенімен, Республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан - байтақ Республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. [5]

Қазақстан жерінде 10 қорық ұйымдастырылған:

1 кесте. Қазақстандағы қорықтар тізімі

#
Атауы
Құрылған жылы
Көлемі, га
Орналасқан жерi
#: 1
Атауы: Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1926
Көлемі, га: 131 934
Орналасқан жерi: Түркістан облысы және Жамбыл облысы
#: 2
Атауы: Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1931
Көлемі, га: 71 700
Орналасқан жерi: Алматы облысы
#: 3
Атауы: Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1931
Көлемі, га: 191 381
Орналасқан жерi: Қостанай облысы
#: 4
Атауы: Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1939
Көлемі, га: 160 826
Орналасқан жерi: Қызылорда облысы
#: 5
Атауы: Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1968
Көлемі, га: 543 171
Орналасқан жерi: Ақмола облысы және Қарағанды облысы
#: 6
Атауы: Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1976
Көлемі, га: 102 979
Орналасқан жерi: Шығыс Қазақстан облысы
#: 7
Атауы: Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1984
Көлемі, га: 223 342
Орналасқан жерi: Маңғыстау облысы
#: 8
Атауы: Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1992
Көлемі, га: 86 122
Орналасқан жерi: Шығыс Қазақстан облысы
#: 9
Атауы: Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 1998
Көлемі, га: 65 217, 9
Орналасқан жерi: Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы
#: 10
Атауы: Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы: 2004
Көлемі, га: 34 300
Орналасқан жерi: Түркістан облысы

1 сурет. Қорықтардың орналасу аймағы

Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007) . Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т. б. ) ; құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т. б. ) ; бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т. б. ), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3, 000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан. [1]

Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы - Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73, 34 мың га (1997) . Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас­кан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты ор­ман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жа­тыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т. б. ), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т. б. ) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбақа мен жасыл құрбақа кездеседі. “Қалқан” мен “Әнші тау” маңында аңның 43, құстың 85, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді. Онда кездесетін аңдардың негізгі түрлері: арқар, қарақұйрық, елік, қасқыр мен түлкі, шұбар күзен және сасық күзен, ал құстардан: бөдене, шіл, кекілік, жетісу қырғауылы, тұйғын, жағалтай, құладын, ақбас құмай, тазқара, бүркіт және қыранқара мекендейді. Қосмекенділерден:жасыл құрбақа, сібір көлбақасы тіршілік етсе, бауырымен жорғалаушылардан: сұр жылан(улы жылан), қара шұбар жылан (усыз) және кесірткелер кездеседі.

Қорықта еліктердің саны тиянақты қорғаудың нәтижесінде 500−ден асып отыр. Мұнда елік мекендеуге қолайлы оң мыңға жуық орман алқабы бар. Олар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әртүрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде таутеке де мекендейді. Мәселен, қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің қоры 560-тай екендігі анықталады. Таутеке мәңгі мұзға дейін көтеріліп, жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді. Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Сондай-ақ мұнда марал сирек кездеседі. Бұл жерде жыл маусымдарына байланысты арқар да болады. Олар қыс айларында күндіз жайылады да, түнде тығылып жатады. Көбінесе күзгі-қысқы айларда үйір-үйірімен жүреді.

Қорық территориясында ақтөс сусар, орман көркі-ақтиын кездеседі. Олар шыршалы ағаштардың жаңғағынан және саңырауқұлақтарды қорек етеді. Кей уақыттарда тау етектеріне түсіп жеміс-жидектермен де азықтанады. Ал суыр тау беткейлерінен ін қазып алып, сонда мекендейді. Әр інді қазып алып, сонда мекендейді. Әр інде 5-10 суыр болады. Күзге қарай қатты семіреді. Күн жылына бастаған кезде қысқы ұйқысынан оянады. Мұнда тау суырынан қоры мол. Қорықтың шөл және шөлейт аймақтарына таралған тұяқты аңдардың, бірі-қарақұйрық . Бұл аң көбіне ашық далалы, шөлді жерлердің ойлы-қырлы төбешіктерінде, тау етектері мен сайлардағы жер қыртысы неғүрлым қаттырақ жерде тіршілік етеді. Қазіргі кезде ол халықаралық “Қызыл кітапқа” еніп отыр. Сондықтан да олардың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Қорық жерінде олардың тіршілік етуіне қолайлы жеті мың гектардай жер бар. Бірақ олар жыл маусымдарына қарай қорықпен көршілес жерлерге кетіп қалады да, онда табиғатқа қас адамдардың атқан оғына тап болады.

Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қо­рықта көп жылдан бері "Таби­ғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған. [2]

Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.

1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87, 7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4, 7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37, 2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т. б. ) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т. б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

Солтүстік-Торғай провинциясының геоқұрылымды қатынасында Торғай эпигерцинский иілім сәйкеседі. Палеозойдың төбесінің белгілері 100 ден 120-150 м дейін астам, ал шөгінді қаптың алымдылығы орташа бірінші метрден астам, ақырын-ақырын оның белағаштың зонасына одан иілімнің батысшыл және күншығыс деген үдей. Шұғыл шөгінді қатқабат негіздің осындай, грабенах ауқымданатын, айталық. Торгай иілімнің платформалы қабаты континентті және дүние шөгулермен триастан дейін неоген бүктеулі. Айрықша маңызды, ша иілімнің барлық аумағына тіркелетін көкжиекпен палеогеннің соңғы дүние трансгрессиясінің қордалары - нөкердің(сырттың эоцені - төменгі олигоцен) чеганской соленосные көкжиектері болып табылады. Биік оларда ылғи континентті қабаттар олигоценнің және мүсінде қатысты.

Климаты шұғыл қысқы және жаз қызудың биік амплитудами континентті, сипаттаймын. Қаңтардың ортаның қызуы 17-18°минус мен, абсолютті кішісі - C 45, 7 °минус, 24, 2 °шілденің ортаның қызуы абсолютті көбісі 41, 6 °C C. Ауаның ортаның жылдық қызуы 2, 4 °C келеді, ортаның жылдық суықсыз кезі Наурзымның ауданында - 131 күн(ең төмен ең көп ұзақтық күн 103 - 154 күн) . Қысқы айлар жас бұлтты, қабатының жаңбыр және күшті аяздармен ажыратылады. Атмосфералық жауын-шашындар қысқы кез шеткі жұпыны. Төзімді қардың жабыны соңында қарашаның бекиді және соңында наурыздың күйрейді. Күндердің бұрқасынмен Наурзымның кеңдкінде орташа 19. Ара күшті аяз және аласалау қардың жабынының жердің суықтауы 1 тереңдікке м деген барады. Жердің толық ерітуі әншейін сәуірдің соңғы онкүндкінде болып жатады. В жылы мезгілді цикл мен босаңсиды. Үшін Оралды Атлантикадан деген әуе алқа және циклондар солтүстіктен өтіп кетеді.

Қорықтың өсімдіктің әлемі жоғарғы өсімдіктің 687 көрінісін ішіне алады, не ылғи көп түздік зона үшін. Шоққарағайдың Наурзумского қарағайлы қармақбаулары реликтік болып табылады, себебі олар үштіктен малоизмененном көріністе сақталды немесе төрттік кездің түптері. араның олардың эндемиктің 5 көрінісі, және Сырт-Тобольскте флористикалық аудандарда(қайың қырғыз, Нинаның ақтаспасы, ақтаспа қостанай, жебіршөп қазақстандық, льнянка ұзынды) ара Арало-Каспийском таратып жібердім, ал да 5 көрініс реликтік: жестколистый тонконог, селеу алашабыр, чий жылтырақ, түнғиық ақ, Шобера ақтікені. Флорада элементтің қатынасуы как солтүстіктің бореальсының, олай және оңтүстіктің флорасының қаралады. Батпақ-орманның флорасының ескі элементтерінен тап-: телиптерис батпақ, қалақай, құлмақ нышанасыз, ; солтүстіктің Қазақстаны үшін сирек бореаль көріністер: қысқы, жекен двухтычинковая, түбіт пішінді, белозор батпақ, мойыл нышанасыз. Плиоцен көріністің қатары талды ішіне алады.

Қорықтың хайуанаттар дүниесі арада толық шарада дейін осы уақыттың өте алуан және таныспаппын. Орнитофауна ең бай. Ара құрам 282 көріністің орнитофауны, соның ішінде 158 ұялас. Аймақтық далаларда ең типті түздік және ақ бозторғай, қара бозторғай, түздік шатыржал, нышанасыз каменкалар, безгелдек, түздік ителгі, кречетка, тырна-итжидек, түздік орел. Дымқылда- телімдер үшін вблизи көлді шұқырлардың, соров және западинах шалғындық өсімдік және түздік бұтаның зарослями сары қаратамақ, қарабас чекан, бормотушка, жулан сорокопут, бөдене, сұр шіл, шалғындық ителгі, үлкен шалшықш типті. бас орманның телімдерінде тетерев, үлкен ала тоқылдақ, мысықторғай, вяхирь, нышанасыз горлица, үлкен ақсағал, лазоревка ақ, нышанасыз қызылқұйрық, орманның шатыржалының және сырттар тұр-. Өте жаядай азулының(28 көрініс) отриады ұсын-, олардан 18: орлы ұялайды - бүркіт, там және түздік; ителгілер - түздік, шалғындық және батпақ; сұңқарлар - қырғи, чеглок, дербник. [3]

Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы - өте сирек кездесетін флора мен фауна бар. Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар, сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Тарихы жайлы

Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 - 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика, экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес - республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда.

Табиғи қоры

Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының гидронимдері
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылшасының негізгі зиянкестері мен ауруларының фитосанитарлық мониторингі және оған қысқа мерзімділік болжауы мен фенологиялық болжауын жасау
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
Қазақстан территориясындағы мазарлар
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Статистикалық көрсеткіштерін орташа шама және корреляциялық тәсілдермен талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz