Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның функциялары мен операциялары
КІРІСПЕ
Инфляция деңгейін экономикалық өсім үшін қолайлы ұстау қажет. Бұл 2013 жылдан бастап Ұлттық банк пен Үкімет жұмысының басты бағыты, - деп Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Қазақстан - 2050 Жолдауында айтып өткендей, елiмiз өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен - күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай - несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады. Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының даму тарихы қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Шетелде банктік қызметтің тәжірибесі Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде қалыптасып отырған жаңа шаруашылық жүйелердің үшін үлкен қызығушылықты көрсетеді. Жоғары монополиялы әкімшілдік-басқарушылық мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық сәттілікке, пайда алуға бағытталған несиелік бөлімшелердің жүйесі жеке ұжымдық меншікке негізделген қарқынды, икемді құрылымына өту жүргізіліп жатыр. Капиталдық нарықта тиімді жұмыс істейтін механизмін, коммерциялық құрылымда қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, несиелік жүйенің институционалдық құрылымының оптималды формаларын іздестіру жүргізіліп жатыр. Тұрақты, икемді және тиімді банктік инфрақұрылымды құру - Қазақстанда экономикалық реформалаудың маңызды тапсырмасының бірі.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.
Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің рөлі ерекше. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады. Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық. Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Ал біз осымен тоқтамай, банктік жүйені одан әрі дамытуымыз керек. Ол үшін банктік жүйе қызметтері туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы керек.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату дүниежүзлік қауымдастықта оның саяси және әлеуметтік рөлін нығайтудың негізгі шарты ретінде үздіксіз экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандық банктердің заманауи талаптарына беделді жауап бере алуы үшін басқарудың жетілген әрі тиімді жүйесі қажет.
Көптеген батыс және Қазақстандық банктер жиылған ұжымы бар, қызметкерлері бар, қызметкерлері өз қызметіне беріліп атқаратын, иерархиялық кедергілер жойылған фирмалар табысты екеніне көз жеткізеді, өйткені осы жәйттерден фирманың материалды ауқаттылығы тікелей тәуелді. Қазіргі таңдағы басқарушы сыртқы орта жай-жапсарын, орын алып отырған ахуалды, банкпен еніп отырған жүйесінің қоғамдық құрылымын, жалпы мәдениеттің элементтердің белгілі бір мөлшерде игеруі, қарамағындағыларға үйренуі қажет. Заманауи басқару әдістерін меңгерген басқарушы банк мүмкіндіктерін бейімдеу мен басқару жүйесін жетілдіруге әрдайым алаңдауы қажет.
Басқарудың заманауи тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде компанияның іс-әрекеті негізінде нақты адамды белгілейді және қызметкерді банктің ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор.
Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның функциялары мен операциялары деп таңдалу себебі - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып тадылады. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикада нарықтық қатынастардың дамуы міндетті түрде мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына байланысты болады. Ол саясаттың құрамына мемлекеттің ақша-несие саясаты, бюджеттік және валюталық саясаттары жатады. Ал бұл саясаттарды мемлекет банк жүйесі тарапынан атқарып отырады.
Курстық жұмыстың объектісі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның функциялары мен операциялары алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Бұл жұмысты орындау барысында алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттер келесідей:
Ұлттық банктің даму тарихы мен құрамы жайлы ақпарттар;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі фукциялар мен операцияларын талдау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша - кредит саясатын талдау;
Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеу жөніндегі операцияларын талдау;
Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен басқару тиімділігін талдау;
Ұлттық банктің екінші деңгейлі банк секторының қызметін қадағалауын талдау;
Бұл курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бұл тараулардың әр қайсысы өте маңызды, әрі ерекше.
Бірінші тарауда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің тарихы, құрамы, міндеттері мен мақсаты карастырылған.
Екінші тарауда, Ұлттық Банктің қызметінің тиімділігі мен Ұлттық Банктің функциялары мен операциялары қарастырылады.
Курстық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құрылу тарихы, құрамы, міндеті мен мақсаты
Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсақ, 1987 жылғы реформа қарсаңында бұрынғы КСРО-да КСРО мемлекеттік банкінен, КСРО құрылыс банкінен және КСРО сыртқы сауда банкінен құралған орталықтандырылған банк жүйесі болды. Бұлар үш монополист банкі, ірі конгломераттар еді. КСРО Мемлекеттік банкі елдің бас банкі, кредит жүйесінің методологиялық орталығы болды. Ол есеп айырысуларды, пайыздық саясат қағидаттарын, кредиттік жоспарлауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу талаптарын бақылады.
Мемлекеттік банкке эмиссиялық функцияларды, кредиттік және есеп айырысу бойынша қызмет көрсету мәселелерінің бекітілуі оны мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырды. КСРО Құрылыс банкі КСРО Мембанкінің кредит саясаты, халық шаруашылығына күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі шешімдерін орындады. КСРО Сыртқы сауда банкі экспорт-импорт операциялары бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етті, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарды кредиттеді. Әкімшілік-әміршілдік жүйе жағдайында экономиканы басқару, кредиттік қарым-қатынастар жоспарлау-басқару сипатында жүргізілді.
КСРО Мемлекеттік банкінің билігінде кредиттік ресурстарға арналған шектелмеген монополия болды. КПСС ОК-нің және КСРО Министірлер Кеңесінің Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономиканың тиімділігін арттыруға ықпалдары туралы 1987 жылғы 17 шілдедегі № 821 қаулысымен үкімет бірінші кезеңде басқарудың банктік құрылымын жетілдіруге, банк жұмысының мазмұны мен әдістерін өзгертуге, банктердің ролін арттыруға тырысты.
Нәтижесінде арнайы банктер құрылды: КСРО Сыртэкономбанкі, КСРО Өнеркәсіпқұрылысбанкі, КСРО Агроөнеркәсіпбанкі, Тұрғын-үй әлеуметтік банкі және КСРО Жинақ банкі. Мұндай банктер одақтас республикалардың барлығында, оның ішінде Қазақстанда да құрылды.
Банктердің жаңа жүйесі келісілмеген нормативтік құжаттар шығаруды, бөлімшелер үшін шамадан тыс жүктеме, басқару аппаратының өсуін тудырды. Бұл банк реформасының екінші кезеңі деп аталған теріс жақтарын жою жөнінде қосымша шаралар қабылдауды талап етті. Банк жүйесін бұдан әрі жетілдіру экономиканы нарықтық басқару үлгісіне көшірумен тұспа-тұс келді. Осыны есепке ала отырып, банк жүйесі де қайта құрылды. Банктердің қызметін реттейтін заңдар шығарылды. Екі деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Бірінші деңгейде - Ұлттық Банк, ал екіншіде - қалған барлық банктер.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады - Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды. Осы заңда: Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары деңгейiн бiлдiредi,−деп атап көрсетіледі. 1993 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасындағы банктер туралы Заң қабылданды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тарихта тұңғыш рет дербес банк жүйесі құрылды. Заңда Ұлттық Банктің басқарушы және атқарушы билік органдарынан тәуелсіздігіне, оның Жоғарғы Кеңеске және Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп беретініне баса назар аударылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы қолданыста.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді [7].
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабына сәйкес Басқарма және Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк ) органдары болып табылады. Заңның 19-бабына сәйкес Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) Ұлттық Банктің жедел басқару органы болып табылады.
Директорлар кеңесінің құрамына Төраға, оның орынбасарлары, Төрағаның ұсынуы бойынша Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Директорлар кеңесінің құрамы ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. (Заңның 19-бабы). Заңға сәйкес Директорлар кеңесі Басқарманың және Ұлттық Банк Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Ұлттық Банктің қарауындағы мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорлар кеңесінің отырыстары қажет болған кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі, қаулыларды ресімдеу, Директорлар кеңесінің мүшелерімен келісу және қабылдау тәртібі Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің Регламентімен айқындалады [8].
Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдармен, өкілдіктер және ұйымдардан тұрады. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін.
Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады. Филиалды ашу және жабу тәртібі, оның өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметін филиал туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де ашылады және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүдделерін қорғауды және білдіруді жүзеге асырады. Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережелерде айқындалады. Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын өкілдік басшысы жүзеге асырады. Өкілдік басшысы өз қызметін өкілдік туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметіне байланысты өзге мәселелер Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмыс регламентінде, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерінде белгіленеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары республикалық заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында құрылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің бірыңғай орталықтандырылған құрылымына кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдарға қатысты олардың құрылтайшысы және олардың қызметін реттеу және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктерді қоса алғанда, оларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдардың қызметінің мәнін және мақсаттарын, сондай-ақ олардың түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғыларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді. Ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иелігінен шығару туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қабылдайды. Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, олардың қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі мен жарғылық құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, ұйымдардың жарғыларында, Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде айқындалады. Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар. Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрықтарымен, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Директорлар кеңесінің қаулыларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің төрағасы мен орынбасарлары(1 кесте):
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы
Ғалиева Дина Түлеубекқызы
ҚР Ұлттық банкінің Төрағасының орынбасары
Құрманов Жанат Бостанұлы

Смоляков Олег Александрович

Сүлейменов Тимур Мұратұлы

(1 кесте. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басшылығы)
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
1. 13 департамент (1 департамент Астана қаласында);
- Зерттеулер және статистика департаменті;
- Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті;
- Қаржылық тұрақтылық департаменті;
- Монетарлық операциялар департаменті;
- Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті;
- Банктерді қадағалау департаменті;
- Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті;
- Заң департаменті;
- Бухгалтерлік есеп департаменті;
- Төлем жүйелері департаменті;
- Ішкі аудит департаменті;
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті;
- Үйлестіру департаменті (Астана қаласы);
2. 13 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;
- Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы;
- Тәуекелдер басқармасы;
- Ақпараттық технологиялар басқармасы;
- Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы;
- Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы;
- Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы;
- Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы;
- Операциялық басқарма;
- Жоспарлау және бюджет басқармасы;
- Қауіпсіздік басқармасы;
- Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы;
- Шаруашылық басқармасы;
- Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы;
3. 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының негізгі міндеттері:
1)Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын жүргізуіне ықпал ету;
2) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне және төлем карточкаларының таратылуына ықпал ету;
3) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету;
4) Банктердің және олардың филиалдарының, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында валюталық заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) (бұдан әрі - Орталық) Ұлттық Банктің Директорлар Кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы Қаулысының шешімімен құрылды. Оған бұрынғы Мемлекеттік қазына қоймасы мен Ұлттық Банктің Бас Алматы филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бірқатар бөлімшелері кіргізілді.
3 есеп беретін ұйым:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
oo Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры;
oo Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы;
oo Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы ;
oo Мемлекеттік кредиттік бюро;
oo Бағалы қағаздар орталық депозитарийі;
oo Қазақстан қор биржасы;
oo Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оқу Орталығы;
oo Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі;
oo Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы;
oo Қазақстанның орнықтылық қоры;
oo Баспана ипотекалық ұйымы акционерлік қоғамдарының акционерi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы: Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Баға тұрақтылығы инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізуді және сақтауды білдіреді. Төмен инфляция халықтың сатып алу қабілетін ұстап тұруға, экономикалық белгісіздікті төмендетуге мүмкіндік береді, өндіріске ұзақ мерзімді инвестициялардың өсуіне мүмкіндік жасайды және экономикалық өсуге және халықтың әл-ауқатының жақсаруына барынша мүмкіндік жасайды.
2016-2017 жылдары Ұлттық Банктің нысаналы бағдары жылдық инфляцияның 6-8% дәлізі болып табылды. Инфляция бойынша орта мерзімді мақсатын іске асыру стратегиясының шеңберінде 2018 жылдан бастап нысаналы бағдарлар төмендейді.
Инфляцияның нысаналы бағдарлары мынадай деңгейде белгіленеді:
* 2018 жылдың соңында 5-7%,
* 2019 жылдың соңында 4-6%,
* 2020 жылдың соңында және келесі жылдары төмен, бірақ 4%-ға жуық.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі функциялары мен операциялары
ҚР Ұлттық банкінің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;
7) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
8) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
9) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
11) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;
13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
14) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және талаптармен қарыздар береді;
15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
19) Ұлттық Банк туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;
21) дербес және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық көрсетілетін қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;
22) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
24) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
25) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
26) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
27) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
28) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарында жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
29) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттар негiзiнде активтерді сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
30) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
31) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;
32) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;
33) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
34) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады;
35) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және олардың қызметін реттейді;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
38) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;
39) Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті иеліктен шығару және пайдалануға беру тәртібін айқындайды;
40) Қазақстан Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, оларды іске асыру мониторингі және бағалау тәртібін айқындайды;
41) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындайды;
42) Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
43) қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
44) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
45) халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейін зерделеуді жүзеге асырады;
46) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары үшін түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
47) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері бойынша халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта болады;
48) Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық және операциялық тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын және жаңартылуын қамтамасыз етеді;
49) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
1) аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
2) кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
3) Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
4) Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
5) Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
6) ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
7) банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
8) Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;
10) Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
11) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
12) Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
13) Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
14) Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
15) Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
16) Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
17) Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
18) Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
19) Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
20) Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;
21) Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Инфляциясы тұрақты түрде төмен макроэкономикалық орта құру экономиканың орнықты дамуының маңызды алғышарттарының бірі болып табылады. Инфляциясыздандыру стратегиясы шеңберінде 2018 жылдан бастап инфляция бойынша нысаналы бағдарларды 2020 жылға қарай төмендету және нақты инфляцияны 4%-дан төмен деңгейде одан әрі бекіту траекториясы белгіленген. Ұзақ мерзімді перспективада экономиканың өсуі елдің орталық банкінің ықпал ету аясынан тысқары іргелі құрылымдық өлшемдерге байланысты болады. Ақша-кредит саясаты, шын мәнінде, тұрақты сипатта және экономикалық циклдарды реттеуге бағытталған.
Бұл міндетке қол жеткізуге төмен инфляцияның салдары ретінде нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді тұрақтандыру және қалыпқа келтіру, пайыздық арнаны дамыту және айырбастау бағамы арнасының ақша трансмиссиясындағы рөлін біртіндеп төмендету ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты инфляциялық таргеттеу режимінде жүргізуді жалғастырады және өз саясатының мақсаты мен қағидаттарының өзгермейтінін растайды. Базалық мөлшерлеме саясаттың негізгі құралы болып қалуда. Ақша-кредит саясаты теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы жағдайында жүзеге асырылатын болады.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау үшін инфляцияны және бірқатар негізгі макроэкономикалық айнымалыларды болжау негіз болып қала береді. Тоқсан сайын жүргізілетін көрсеткіштердің болжамы айнымалылардың болашақтағы серпіні бойынша жедел бағалар алуға және, тиісінше, конъюнктураның ұзақ мерзімді өзгеруіне уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл ретте базалық мөлшерлеме инфляцияның алдағы 12 айдағы күтулерін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz