Көлік салоны сайтын құру және басқару


Ол фирма атақты есептеуіш техника шығаратын IBM фирмасының негізі болып табылады.

ХХ - ғасырдың 30 - шы жылдары электромагниттік реле негізінде перфокарталармен операция жасаушы есептеуіш машиналарға арналған логикалық схемалар жасай бастады. Бұл машиналар күрделі арифметикалық әрекеттерді орындай алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс электрондық техниканың дамуын жылдамдатты. 1941 жылы неміс инженері Цузе бірінші таза релелік машина жасаған болатын. Оның Ц-3 машинасы 2600 электромагниттік реледен тұрды.

1943 жылы Говард Эйкен IBM фирмасында Марк-1 деген компьютерді электромагниттік реле негізінде жасап шығарды. Бірақ ол өте баяу істеп, жылдам бұзылатын болды. 1943 жыл Джон Мочли және Преспера Электра электрондық лампаның негізінде ENIAC компьютерін құрады. Бұл алдыңғы “Марк-1” компьютерінен әлдеқайда жылдам істейтін болды. Бір кемшілігі істегеннен бұрын іске қосылуы ұзақ болды. Өйткені, әр тетіктерін бағдарламаға сәйкес керекті сыммен жалғап болғанша көп уақытта алған. Ал, қосылғаннан кейін есептеу жұмысының айналасы бір минутта немесе бірер секундта - ақ шешіп беріп отырған. Осыдан кейін компьютерге жеңіл және жылдам енгізу үшін Мочли мен Экерта, программаны жадында сақтай алатын жаңа тәсілін құрастыра бастады. 1945 жылы бұл жаңа бастамаға атақты математик Джон фон Нейман қосылып, осы компьютер жайында баяндама жасап, оны бүкіл әлемге паш етті. Бұл баяндамада компьютердің жұмыс істеуінің жалпы принциптері анық көрсетілген. Өңделетін деректер мен есептеу программасы сандық түрде деген тың ой айтылды.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді. Машиналардың логикалық схемаларын оңайлату үшін Фон Нейман санаудың екілік жүйесін қолдануға ұсыныс жасады. 1949 жылы Фон Нейманның принципімен бірінші компьютер дүниеге келді.

Жаңа ЭЕМ - дердің шығуы микроэлектроникалық жетістіктерімен тығыз байланысты. Микроэлектрониканың даму бағытының бірі болып электрондық схемалардың элементтерінің бірігуі ( интеграциясы ) болып келді. 1959 жылы Роберт Нойс (Intel фирмасының негізін құрушы) бір пластинаның ішіне бірнеше транзисторларды жинап интегралдық схема немесе чип шығарды.

Жартылай өткізгіш кристалдың бірнеше квадрат миллиметрінде бірігу схемасымен байланысқан бірнеше транзистор мен диодтар орналастырыла бастады. Машиналардың көлемі кішірейіп, бұның жұмыс істеу жиілігін әрдайым үлкейтуге мүмкіншілік туды, осыдан кейін машина тез жұмыс істей бастады. Ең негізгі жетістік электрондық ми тек санмен ғана емес, сонымен қатар сөздер, сөйлемдер, мәтіндермен жұмыс істеу қабілетіне жетті. Машина мен адамның қарым қатынасы өзгерді.

1968 жылы Burroughs фирмасы интегралдық схемамен алғашқы компьютер шығарды. Ал, 1970 жылы Intel фирмасы интегралдық схеманы жадымен сата бастады. Сол жылы Intel фирмасы үлкен компьютердің орталық процессорына ұқсас интегралдық схема жасады. Сөйтіп, алғашқы 3 см - лі Intel - 4004 микропроцессор дүниеге келді.

Бұл, алып ENIAC компьютерінен жылдам істеді. 1974 жылы Intel - 8008 атты 8 битті микропроцессорлы компьютер жарық көрді. Міне, осы кезден бастап жаңа дәуірдегі компьютердің алғашқылары өріс алды деуге болды. 1975 жылы Intel - 8080 дербес компьютерлері сатыла бастады. Бұл компьютерлерге қосып монитор мен пернетақта жеке сатыла бастады. Осы жылдың аяғында Пол Аллен мен Билл Гейтс осы компьютерге Бейсик (Basic) тілінің интерпретаторын ойлап тапты. Альтайр - 8800 компьютерін халық көптеп сатып ала бастаған соң көптеген фирмалар осы сияқты компьютерлер шығаратын IBM фирмасының компьютерлеріне сұраныс азайғаны байқалды. Сондықтан 1979 жылы IBM фирмасы Intel фирмасының жаңа 8088 процессоры негізінде компьютер құрастыруға кірісті. 1981 жылы IBM PS 16 разрядтық жедел жады 1 МБайт компьютер шығарып, бір екі жылдың ішінде 8 разрядтық компьютерлерді артқа тастап алдыңғы қатарға шықты.

IBM фирмасы өзінің компьютерін ашық архитектуралық деп атады. Жаңа принципте шығарып, компьютер әртүрлі фирмалар шығарған блоктардан құрастырылатын етіп жасады. IBM фирмасы өз компьютерінің схемасын құпиясыз етіп шығарғандықтан көптеген фирмалар патентін сатып алып осы тектес компьютерлер шығарды. Өзінің ғана емес көптеген елдердің алдыңғы қатарлы компьютер шығаратын фирмаларының көмегімін IBM РС тектес компьютердің дамуы мен таралуы үдей түсті.

Қазіргі уақытта ІВМ РС тектес компьютерлер дүниежүзіндегі компьютерлердің 90 пайызын қамтиды. Бағдарлама жасайтын ірі фирмалар өздерінің бағдарламаларын осы компьютерлерге арнап шығара бастады. Қазіргі уақытта ІВМ РС тектес компьютерлердің MS DOS, Windows - 95; 98; 2000; ХР; Vista операциялық жүйелерін шығарған Microsoft фирмасы ең үлкен фирма болып, оның негізін салушы Билл Гейтc дүние жүзіндегі ең бай адам болып есептеледі.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.

Диплом тапсырмасы ретінде маған, «Тойота Центр Жетісу» автосалонының сайтын өңдеу мәселесі қойылған. «Тойота Центр Жетісу» автосалоны Тойота маркасының көліктерін сатумен, жөндеуден өткізумен, көліктердін дөңгелектерін және құрал-жабдықтарын сатумен шұғылданатын бірлестіктің бірі болып табылады.

Бағдарламалау тіліне XHTML 4. 01 таңдалынды, сайтты құру үшін -Adobe Dreamweaver CS3, графикалық обьектілерді өңдеу үшін - Adobe Photoshop CS2 бағдарламаларын қолдандым.

Жалпы бөлім бағдарламамен қамтамасыз ету сипаттамасы және бағдарламалау тіліне сипаттамасын қамтиды.

Арнайы бөлім сайттың жалпы қойылымын, кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамаларын, бағдарламаның кешеніне сипаттмасын және проблемалық есептерді қамтиды.

Өндірісті ұйымдастыруда бағдарламаның орындалуына қажетті техникалық құралдар кешені, бағдарлама жүктелуіне арналған файлдардың орналасуы, Жүйелік файлдарды тағайындауы, бағдарлама орындалу демонстрациясы көрсетіледі.

Экономикалық бөлімде экономикалық әсер, бағдарламадан енгізу шығындарының үнемділігі есептелінеді.

Жобада техника қауіпсідігі мен өртке қарсы техника қауіпсіздігі шаралары бөлімінде өндіріс орнына қойылатын санитарлық талаптар, дербес компьютерді қолданушылардың жұмыс орнына қойылатын талаптар және өрт қауіпсіздігі сипаттамаларын қамтиды.

Қосымшалар бағдарламаның кіріс және шығыс берілгендерін, кешеннің жұмыс схемасын, бағдарламалардың әрекеттестік схемасын, проблемалық бағдарламалардың схемасын, бағдарлама мәтінін қамтиды.

1 Жалпы бөлім

1. 1 Программалық қамсыздандыру сипаттамасы.

Операциялық жүйелер жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдес мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.

Операциялық жүйе барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының және желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.

Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді және одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі. Операциялық жүйе компьютердің қосылған сәтінен бастап жұмыс істеуінен тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.

Әр бір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады. Біріктірілген дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше әр түрлі операциялық жүйелер әзірленеді:MS DOS, Windows, OS\2, Unix және тағы басқалар. Операциялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдаланылатын әр бір программалы MS DOS операциялық жүйесі ең қарапайым деп саналады.

MS DOS операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы 1981-1982 жж. әзірленген болатын. MS DOS пайда болғалы бері осы жүйенің көптеген нұсқалары мен үлгілері әзірленеді. MS DOS 6. 22. ең соңғы нұсқасы. MS DOS- командалық (текстік) операциялық жүйе. Бұл мынаны білдіреді: қажетті операцияларды орындау үшін пернетақтаның көмегімен тиісті команданы теру қажет. Мұндай енгізу қолайсыз және көптеген қателіцтердің пайда болуына әкеп соғады.

Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалады. Қоршамдар тәуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық жүйелермен бірігіп қана жұмыс істей алады. Олар сол үшін де жасалынған. MS DOS үшін бірнеше әр түрлі қоршамдар жасалады - Qdos, Dos Shell, Norton Commander, Volkov Commander, Windows 3x, осылардың ішіндегі ең әйгілі қолршамдар - Norton Commander (NС), Volkov Commander (VС) .

Қоршам бұл ОЖ-дің басқаруымен іске қосылатын және осы ОЖ мен адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам программасы компьютердің барлық файлдық құрылымын: дискілерді, каталогтарды және файлдарды экраннан көрнекті етіп көрсетеді.

Мұндай программа мен командалық жол арқылы MS DOS-тың күрделі командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар жоғы бірнеше

пернені пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауысытруға, жоюға, сұрыптауға, өзгертуге және іске қосуға болады. Қоршам программасы командаларды MS DOS тіліне «аударады».

Қоршам программасының пайда болуы компьютермен және оның опреациялық жүйелерімен жұмыс істеуді біршама оңтайлатқанмен, ол ұзақ уақыт бойы графикаландырылмады.

Бұдан сәл кейін тағы бір қоршам Windows жасалды, ендігі жерде пайдаланушының графикалық интерфейсін мүмкіндік туды. Windows-тың графикалық интерфейсі терезе ұғымына негізделеді, сондықтан да оны кейде терезелі интерфей деп атайды. Windows интерфейсіндегі терезенің айрықша рөлін өзінің атауынан да көруге болады. Бұл қоршамның бірнеше нұсқалары жасалған болатын. Ең танымал болған нұсқалары - Windows 3. 0, Windows 3. 10 және Windows 3. 11. Бұдан кейін Windows 3. х-тың сыбайлас қоршамдары деп аталып кетті.

Содан кейін MS DOS-тың орнын Windows 95, Windows 98 және Windows МЕ дербес операциялық жүйелері басты. Оларғы Windows 9. х жалпы белгіленді.

1. 2 WINDOWS операциялық жүйесі

Windows 9. х - бұл графикалық интерфейсі дербес компьютердің танымал операцияылқ жүйесі. Ол осы заманғы дербес компьютердің әлеуетін әлдеқайда толық пайдалануға мүмкіндік береді және Windows-тың осы нұсқасындағы көптеген опепациялар оңай әрі жылдам орындалады. Windows 9х жақсы қорғалған, көп есепті ОЖ, ол мультимедия жүйесіндегі және информациялық есептеу желілеріндегі жұмыстың тиімділігін, электрондық поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

Windows 9. х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың ұзын сонар информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға, кез-келген объектіні экранның кез-келген жерінен ауыстыруға әрі экранның кез-келген жерінен контекстік мәзірді шақырып, контекстік көмекке жүгінуге болады.

Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы пайдаланылатын интерфейстер бірыңғайластырылған. Осының әрқайсысында әр түрлі программаларда олардың жұмысын басқарудың біркелкі принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Мұнда әрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге, бір біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына дейін кемітуге болады.

Windows ОЖ-сін жасауда Microsoft фирмасы объектік бағдарланған тәсілді пайдаланады. Буманы жабуға, ашуға, жылжытуға, портфельге жинауға болады. Құжаттарды қарап көруге, түзеуге, бір орыннан басқа орынға ауыстырып қоюға, жоюға немесе кәрзеңкеге тастауға болады.

Windows ОЖ-де жұмыс істегенде программаларды қолданбалар деп атау әдетке айналған.

1. 3 World Wіde Web және HTML тілі

Интернеттің даму тарихы. Негізгі желілік қызметтер. ARPANET желісі. TCP/IP протоколдарының пайда болуы. Коммуникациялық АҚ мен ПҚ құрылуы.

60-70 жылдары - LAN (Local Area Network) жергілікті желісі кең түрде дамыды. LAN технологиясы алыс емес қашықтықтарға өңделді. Нақты бір уақытта, жергілікті желілердің әртүрлі технологиялары бір-бірімен толық бірікпейтіні белгілі болды. Желі тұрғызудың жаңа технологиясы пайда болды. Ол үлкен географиялық аймақты байланыстыруға қажетті алыс қашықтағы желі немесе аймақты-таратылған WAN (Wide Area Network) желісі. Көптеген әртүрлі жергілікті аумақты таратылған желілер бар, бірақ олады көбісі бір-бірімен байланысты емес. Жай қарапайым әдіс арқылы екі желіні үлкен бір желіге келтіру мүмкін емес.

70 жылдардың аяғында АҚШ-ның қорғаныс Министрлігі электронды желі құру керектігін ойлады. АҚШ-та ғылыми зерттеулерді бсқаруда жергілікті желі мен алыстағы байланыс желісін қосатын жаңа тәсіл ойлап табылды. ARPA (Advanced Research Project Agency) орталығы зерттеудің кілттік сұрағы болып табылады.

LAN 🡪 WAN 🡪 Internet.

ARPANet желісі - бір уақытта өңдеушілерге бір-бірімен дерек алмасуға мүмкіндік беретін стандартты желі және жаңа программалық қамтама мен қосымшаны құратын экспериментальды желі. Негізігі желілік протокол ретінде желіаралық IP (Internet Protocol) протоколы қабылданды. Интернеттің программалық қамтамасының екі бөлігі өте қажетті. IP программалары негізгі коммуникацияны қамтамасыз етеді. TCP программалары қосымшаны керекті мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Интернеттің барлық коммуникациялық программалық қамтамасы жиынтығын TCP/IP деп атайды. Бұл программалар бірігіп жұмыс істейді, себебі олар біртекті жүйе иллюзиясын қамтамасыз етеді және нақты бір аппаратура қызметінің ерекшелігін жасырады.

80 жылдардың ортасында NSF (National Science Foundation) - АҚШ ұлттық ғылыми қоры ғылымға компьютерлік байланыстар керек екендігін және Интернеттің қызметін бағалап магистральды желіні ұсынды. Ал Калифорнияның Беркли Университеті желілік операциялық жүйе ретінде құрылған Unix операциялық жүйесін ұсынды. 1982 жылы Интернеттің бірінші прототипі пайда болды және TCP/IP - технологиясын тестілеу басталды. Осыдан кейін Интернет экспоненциальды түрде шарықтады.

TCP/IP протоколдары әмбебап тиімді және қызметтің көп түрін ұстай алады. Интернет ашық жүйе болып табылады, сол сияқты TCP/IP программалық қамтамасын құру үшін керекті спецификациялары барлық пайдаланушылар үшін ашық.

Интернет - бұл глобальды ақпараттық инфрақұрылым. Бірақ ол көптеген қызметтерді ұсынғанымен интернеттің бас жетістігі - TCP/IР протоколдарында құрылған программалық қамтамаға негізделуі. Олар компьютерлік және желілік технологияларды, сол сияқты жаңа қызметтердің пайда болуын өзгертуге икемделген.

Негізгі желілік қызметтер.

1. Ақпарат берілісінің желілік жүйелері.

2. Желіде ақпарат іздеу жүйелері.

3. Коммуникациялық қызмет.

4. Мультимедиялық ақпараттық жүйе, WWW.

WWW пайда болу тарихы. Интернеттің өте атақты қызметі - бүкілдүниежүзілік тармақ. Web негізін қалаушы Тима Бернеса-Ли. Ол алғашқы рет ақпаратты жүйеге “байланысты” идеяны қалыптастырды. Ақпаратты иерархиялық сақтау керек емес болды, гиперсілтемеге сынау жұмыстары жүргізілді.

WWW - Интернеттің бірнеше протоколдарын ұстайтын және өлшеуіш тілдерін қолданатын интерактивті, мультимедиялық, гиперсілтемелік орта. Оны желідегі компьютерде сақталатын үлкен гипермедиақұжаттар жиынтығы деп білуге болады.

Web қарау қызметтеріне қатынау үшін браузер деп аталатын арнайы программа қолданылады. Бірінші браузер - Mosaic. Қазіргі уақытта ең көп таралған браузерлер: Netscape Communications - Netscape Navigator фирмалары және Microsoft - Internet Explorer (IE) фирмасы. Браузерлер пайдаланушымен екі тәсілде әрекет жасайды:

- негізгі - қажетті ақпарат алу үшін сұраныс енгізеді, оны Интернеттен автоматты түрде көшіреді және монитордан экранына шығарады;

- браузердің өзімен басқару - құжаттың орналасу орнын енгізу, кезектегі бетті баспаға шығару, артқа қайту немесе көріністі үзу.

URL (Uniform Resource Locators) - нақты Web - бетті көрсету үшін қолданылатын идентификатор ресурстың әмбебап адресі деп аталады. Браузер бетті көрсету кезінде экранға оның адресін де шығарады.

Web жұмысы клиент-сервер технологиясына негізделген. Интернет арқылы Web - бет көшірмесін алу үшін, алыстағы сервермен қосылатын қарау программасы клиент (жеке) болып табылады. Сервер сұранысқа жауап ретінде сұрап отырған бетпен бірге қосымша ақпарат жібереді. Бұл қосымша ақпарат сұрап отырған бетті қандай көріністе көрсетуді сипаттайды, онда бетте орналасқан әр сілтеме үшін URL көрсетілген. Браузер серверден Web - бетті алған соң, оны экранға шығарып және пайдаланушы белгіленген элементтердің біреуін таңдағанға дейін күтеді. Браузер таңдап болған соң жасырын қосымша ақпаратты қарап және ондағы керекті URL-ді табады. Содан кейін программа пайдаланушымен таңдалған жаңа бетті сұрайды.

Әрбір URL ақпарат бетінің орналасу орнын бір кезде идентификациялайды, яғни компьютердің есімін, содан кейін осы компьютердегі сервер есімін, сол сияқты Web - беттің аталуын көрсетеді

URL негізгі құрама адрестері: 1 бөлім - протоколды анықтайды; 2 бөлім - компьютердің домендік есімі, бірінші бөлімнен : (қос нүкте) және екі қисық (//) сызықпен бөлінген. Мысалы: http: //www. w3. org/ html.

Домендік есім - символдық адрестеу тәсілі. Домендік есімге кіретін, нүктемен бөлінген және иерархиялық реттелген домендер. Жоғарғы деңгейдегі домен оң жақта орналасқандықтан, домендік есімдер оңнан - солға қарай оқылады. АҚШ-нан басқа барлық жерде, жоғарғы деңгейдегі домен елдің коды болып табылады. Мысалы, . de - Германия, . jp - Жапония, . ch - Швейцария, . kz - Қазақстан, . ru - Рессей. АҚШ- да жоғарғы деңгейдегі домендердің альтернативтік жүйесі бар:

. com - Интернеттің Бүкілдүниежүзілік коммерциялық аумағының коммерциялық серверлері үшін;

. org - коммерциялық емес ұйымдар үшін;

. net - желі үшін;

. gov - мемлекеттік және үкімет орындары үшін;

. edu - оқу орындары және білім беру орталықтарының желісі;

. mil - әскери ұйымдар.

Домен - бұл Интернеттің нақты логикалық деңгейі, т. с. с өз желілік станциясын басқаратын және жеке есімі бар желілік ресурстар тобы. Интернетте пайдаланушы машиналарға керекті компьютерді іздеуге DNS - сервер программалары көмектеседі. Онда енгізілген URL бойынша керекті IP адрес ізделінеді.

IP - адрес. Интернетке қосылған әр компьютер IP - адрес көмегімен, нүктемен бөлінген 4 ондық санмен 0 ден 255 (октеттер), 195. 85. 102. 14. идентификацияланады. Компьютерлердің Интернетке қосылған мұндай жазба адрестерін TCP/IP стандарты деп білуге болады.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде - HTML (HyperText Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *. XML немесе *. HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Интернеттің тез қарқынмен дамуы адамзаттың тұрмысына жан-жақтылы ықпалын тигізді әрі адамдарға тіпті де көп еркіндік және таңдау кеңістігін бағыштады . Интернет арқылы адамдар қысқа уақытта көптеген ақпараттарды қабылдайды сонымен бірге кең аумақты пікір алмасу орайына ие болады . Осылайша дәстүрлі ұғымдағы географиялық орын барған сайын маңызды болмай қалды.

HTTP хаттамасы бойынша World Wid Web, Internet - тің ресурстары мен басқа гипертекстгі құжаттарды қарау үшін қолданылатын клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету браузер (browser) деп аталады. Microsoft корпорациясының жаңа браузері Internet Explorer 7. 0 шолушысы табылады. Ол жерлікті ақпараттарға және Web серверлеріндегі мәліметтерге шығуға мүмкіндік береді. Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарау үшін және Internet-тің соңғы техналогияларын қолдау үшін арнайы шығарылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WEB - сайттар түрлері, жобалау кезеңдері. Бағдарламалық жабдықты таңдау
«Bell Marriage» той салоны ақпараттық жүйесі
Өнімді өткізудің қаржылық нәтижелерін талдау
Кәсіпорын жүйесінің элементтерімен танысу
Брондау және резервтеудің заманауи жүйелері
Шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шаштараз қызметінің сипаттамасы
Автомобильдердің шанақ бойынша бөлінуі
Қонақ үй қызметі
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz