Формативті бағалаудың әдістері
Жоспары
Кіріспе
I. тарау. Оқыту және оқытудың жаңа әдістері
1.1. Оқыту және оқытудың жаңа әдістері
(Диалог, мәдениет, өзін-өзі реттеу, ойын элементі)
1.2. Сын тұрғысынан ойлау
1.3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
1.4. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
1.5. Талантты және дарынды балалармен жұмыс
1.6. Оқушыларды физиологиялық жас ерекшеліктеріне қарай оқыту
1.7. Оқытуды басқару және көшбасшылық
II тарау. Оқыту және оқытудың жаңа әдістерін география сабағында тиімді қолдану (топтық жұмысты мысалға ала отырып)
2.1. Оқыту және оқытудың жаңа әдістері, топтық жұмыс.
2.2. Топтық жұмысты география сабағында тиімді қолдану жолдары.
Қорытынды
Әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандыруда және дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқаратыны белгілі. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы технологиялар арқылы білім беруді меңгерту. Білім сапасын жоғарылатуда технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселелердің біріне айналуда. Оқыту барысында жаңашыл, озық және тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады , -деген болатын. Қазақтың заңгер жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен Халық пен халықты теңеретін - білім деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің мақсатымыз болып табылады. Осы себептен жаңадан ашылған жаңалықтардан қалмай жаңа ашылулар жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің кәсіби шеберлігі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым- қатынас орнап, сабақтың тиімділігі артады. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшілігі - тек білім беріп қана қоймай, өздігінен білім алуды дамытып, шексіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру қажет. Бiлiм беру кезінде жаңашыл үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiріп жаңартуды, талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздеріне үйрету. Басты міндеті - қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, үйрету және бағыттау, сындарлы ойлауға бағыттау. Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды тартымды етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан керім әсер алуына байланысты жаңашыл технологияларды қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін көрсетіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой - пікірін жеткізе білетін ынталы өзіне сенімді болуды қалыптастырады және үйретеді. Күнделікті сабақтарда сыныпта ұйымшыл жағдай қалыпастыру білімге ынталарын, көңіл күйлерін жағдайларын жақсартуына оң әсерін береді. Бірлесе жұмыс істей отырып, олар бір шешімге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз - өздерін жоспарлауы мен көшбасшылыққа жүруі, дарындылары анықтала бастайды. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсете білді.
Зерттеу мақсаты: Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты мұғалімдерде оқушыларға қандай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндерінің дәлел - уәждерін нақты жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - жайттары жүйелі дамыған, сандық технологияларда алғыштық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Оқыту және оқытудың жаңа әдістерінің Қазақстан мектептерінде қолданылу деңгейі және осы әдістің тиімділігін көрсету.
Зерттеу объектісі: Оқыту және оқытудың жаңа әдістеріне және соның ішінде топтық жұмысқа сипаттама.
Практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығын оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал ету үшін пайдаланған жөн.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда - Кембридждік оқыту әдісінің жеті модульіні жеке тоқталып, жалпы сипаттама берілген.
Екінші тарауда - топтық жұмысқа жеке тоқталып, және оның практика жүзінде қалай қолданылғанына сипаттама берілген.

1.1 Оқыту және оқытудың жаңа әдістері
(Диалог, мәдениет, өзін - өзі реттеу, ойын элементі)
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшілігі - тек білім беріп қана қоймай, өздігінен білім алуды үйрете отырып, шексіз өз бетінше жетілуіне қажеттілік тудыру болып табылады. Бiлiм беру кезінде жаңашыл үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiріп жаңартуды, талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздеріне үйрету. Басты міндеті - қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, үйрету және бағыттау, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқыту және оқытудың жаңа әдістері
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Білім беруде басқару және көшбасшылық
7 модуль
Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
Талантты және дарынды балаларды оқыту
АКТ
Сурет-1 Кембридж оқу бағдарламасының модульдері
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - модуліне тоқталар болсақ, оның түбірінде де әлеуметтік - жаһандық тұрғыдан оқыту жатыр. Оқушы өзінің оқығанын өзіндік тәжербиелері мен әлеуметтік өзара жағдайға сәйкес келетін белсенді білім алушы адам болып табылады. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың жеткізулері, ұстанымдары мен білім сапасы анықталады. Оқушылардың нені меңгере алатыны, нені игере алмайтындығын қ арқылы әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады және қызметі белсенді болады.
Оқытуда негізгі күші "ойтану" болып табылады. Басқалай айтқанда оқу бар, бірақ сонымен қатар оуды үйретуде бар болып табылады. Адамдар ойлауға икемді және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Ойтатану деп оқшау қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу барысында мұндай ойлаудың нәтижелерін анық қолдану түрі ретінде сипаттауға болады. Бұл түрде мұғалім оқушыға: білім беру міндеті түрде күтетін талаптарды түсінуге, жеке ойлау үрдістерін және олардың жұмыс нәтижелерін зерттеуге, міндеттерді орындау шарттарын әзірлеуге және дамытуға, нақты талаптар үшін сәйкес келетін қадамдарды таңдауға көмектеседі. Осы төрт қағиданы іске асыру үшін оқушылардан оқуды білуді талап етеді. Әңгімеге негіз болған тараудың негізгі жаңалығы ақпарат түсіндіріледі дегенге келеді, бірақ білім мен сана оқушы бойында жүреді, ал мұғалім бұл жағдайда көмек беретін жан.[1]
Сурет-2 Оқу мен оқытудың түйінді 9 қағидасы
Оқушылар бөлектеніп оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған оқу бірлестігі деген ұғым бар, онда оқушыларда, мұғалімдерде өздерін білім алушылар деп санайды. Оқушылардың ішінде ынтымақтастық жұмыс, бір біріне көмектесу, бірлескен рух анықталады. Олар ұжыммен жұмыс істейді, онда мұқияттылық, дене жаттығулары, қарсылықты сыпайы білдіру артықшылықтарына назар аударылады. Бұл үрдіс әрі қарай оқуда тыйанақты тұру үшін керек өзін өзі сыйлаумен және өзін өзі басқаруды жетілдірумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ментатану, өмір бойы оқуға икемді азамат қалыптасады. Осы негізде сабақтағы оқушы қызметінің артықшылығын көрсететін нақты жағдайлар деп мыналарды атауға болады: оқушылардың оқу жүйесін игеруі, нені білу керектігін игеруі, оқу жүйесін қалай жинақтау керек екендігі жайлы анықтаманың қалыптасуы, оқу қорытынды бағалау мүмкіндігін түсінуі. Сонымен бірге мұғалімдер оқыту сапасын түсініп, оқыту артықшылықтарын еске алып, жүйелі ойлануға оқытып, шығармашылық таланттарын анықтап және дамытып, сандық технологиялар жүйесіндегі үлкен артықшылық таныту негізінде сабақтағы оқушы қызметінің нәтижесін арттыра алады. Оқушы қызметін жетілдіруде диалогтық оқытудың нәтижесі бар. Топта, жұпта, мұғаліммен және өзімен өзі қарым-қатынас жасау нәтижесінде оқушының білімі артады, мәліметтер жинайды. Сабақ кезінде әр топта оқушылардың ынтымақтасқан сауалнамасы оқыту мен оқуда айтарлықтай көмегін тигізеді. Атап кетсек, оқушылардың тақырып кезінде өз ойларын ашуына мүмкіндік болады, жат адамдарда басқаша пікірлердің бар екендігі түсінулеріне, оқушылардың өз пікірлерін қорғауына және мұғалімдерге сабақ кезінде оқушылары қандай деңгейде екендігін білуге көмектеседі. Оқыту және оқытудың жаңа әдістері: диалог, мәдениет, өзін-өзі реттеу, ойын элементінен тұрады. [1]
Диалог үш жақты жүйе. Қарым - қатынаста қаралатын нәтижеге қарай диалогтың өзіне тән ерекшеліктері болады: күнделікті өмірге байланыстылығы; әлеуметтік қарым - қатынасқа негізделуі; ым - ишараттың, дене жаттығуларының көптігі; эмоционалды - экспрессивтілігі, жүйелігі; сөйлемдердің жинақталуы; сөйлейтін сөздің алдымен құрылмауы; ауыз - екі стилінің ерекшеліктерінің көп болуы.
Диалог бұл екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеу арқылы берілетін ауызекі тілдегі негізгі форма. Ол әңгіме немесе сұрақ жауап және т.б. түрінде болуы мүмкін. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Ғалымдар өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын көбейтумен бірге, олардың білім деңгейінің жоғарылауына үлес қосатындығын айтып кетеді. Сарамандарда үлкендермен қашықтағы қарым - қатынаспен жолдастарымен бірге жасалған жұмыстың оқушылардың оқуына және қоғамдық дамуына әсер ететіндігі көрсетілген. [2]
Высотскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру негізінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білітін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін,диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен "жақын арадағы даму аймағында" аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.
Высотскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмперикалық зерттеуде қолдау тапқан. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар: оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, басқаадамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі, оқушылардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі, мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі.
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту Андрей (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Макс (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алудан емесе пікіралмасу барысында теңқұқылы серіктестер болып табылады. Пікіралмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,дегенмен оныо қушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Макстің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Макс (1995) әңгімелесудің үш түрін анықтады:
oo Жарыс әңгіме (мәлімдеу және қарсы мәлімдеу)
oo Топтық (қайталау, мақұлдау, түсіндіру)
oo Зерттеушілік (сыни әрі сындарлы).
Жарыс әңгіме барысында: ой пікірлерде үлкен алшақтық болады және әр қайсысы өз шешімдерінде қалады; ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады; қарым қатынас көбіне Иә, бұл солай, Жоқ, олай емес деген бағытта жүзеге асады. Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар: айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әр қайсысы механикалық түрде келісе беруі; әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандайда болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді. [2]
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:әр кім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; әр кімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен,мұқият бағалау жүргізіледі; қатысушылар бір біріне сұрақ қояды; қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады.
Сонғы екеуі кең тараған, өйткені олар оқушыларды эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады. Кейде дебат та болуы мүмкін, бірақ оның дәлелдерге негізделген стилі қауіпсіз және қолайлы орта құра алмайды. Бұл оқушыларды өз көзқарастарына бағытталған орынсыз шабуылдардан сақтанып, тайсалмай сөйлеуге итермелейді. Топтық әңгіме қауіпсіз ортаны құруға барынша ыңғайлы. Бұл жерде сөйлеушілер әңгіме құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап - мінемей ақпаратты ұсына отырып, білім және түсінік негізін бірлесіп құрады (Макс, "Сөздер мен Саналар", 2000). [3]
Көптеген талқылаулар, әдетте әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әіғіменің түрі. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталады. Басқаша айтқанда оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау барысында олар "мүмкін", "егер", "бәлкім" деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеяларын дәлелдеу үшін "сондықтан" деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болған жағдайда "Солай емес пе?" деген сұраққа сүйенеді. [3]
Оқытуды диологтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім: оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады, сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі, әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді.
Диалогті оқытуды анықтайтын салаларға: мұғалімнің оқушылармен өзара қарым - қатынасы, оқушының оқушымен өзара қарым - қатынасы, мұғалімнің оқушыны тікелей бақылауы, жауап алу, сұрақтарға берілген жауаптар, жауаптарға берілген кері байланыс, оқушылармен әңгімелесуі жатады.
Қорыта айтқанда, оқушылардың білітіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсінікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушыларда білім алуға қомақты үлес қосатын өз ара іс - қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Оқу бағдарламасында коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:
- сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
- экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу;
- айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіру;
Диалог репликалардан құралады, оның бәрі - сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі - жауап ретіндегі реакция - реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер - бір - бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.). Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.
Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдіс қолданылады. Осының бәрі әңгіме түрінде іске асырып отырылады. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.
Макс мен Линколн өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді десе, ал Л.Высотский оқыту моделі арқылы оқушы диалогты өзара әрекет арқылы нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сабақ кезінде сынып оқушыларын өзара дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан:
- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуына мүмкіндік береді;
- олардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі;
- бір - біріне сұрақтар қоюына;
- оқыту барысында мұғалімдерге оқушылардың білім деңгейінің қандай екендігін түсінуіне ықпал етеді.
Диалогті оқыту модулі - түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларды пайдалана отырып, сұрақ қойғаннан кейін уақыт беру немесе кідіріс жасау (Харгрива және Гэлтон (2002ж) арқылы оқушының ойлануына, ойын жүйеленуіне, оны жеткізуде тіл байлығын арттыруына, тілдік дағдыны қалыптастыратын білім алуға зор үлес қосатын өзара іс - қимылдың тиімді түрі. [3]
Менің пайымдауымша диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Яғни, ашығын айтсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазды. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас жасады. Барлық сабақтарымда диалогтық оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық, aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi , иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм. Мұндa шығaрмaшылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa жaғдaй тyғызды . Диалогтік оқыту кезінде мен үшін не сәтті болды? деген сұраққа келетін болсақ.
Біріншіден, оқушылардың пікір алмасу кезінде ашық сұрақтар кеңінен қолданылып, оқушыны зерттеу кезінде оқушының білім алуына, сөйлеуіне, тыңдауына көп көмек жасадым.
Екіншіден, балалар әңгімеге тартылды, өз ойларын жетік жеткізе білді, өз идеяларын айтты, дәлелдей алды.
Үшіншіден, топта талқылаудың балалардың өзге идеялармен өз идеяларын салыстыра отырып, ортақ дұрыс шешімге келуіне мүмкіндік алды.
Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл - ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс - қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап - мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық - материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал - жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады. [3]
Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы XX ғасырда мәдениеттің өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде Мәдениет тарихы деген пән де пайда болды. [4]
Ахмет Байтұрсынұлы: Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйуін түйгенінше айтуға жарау. Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын, - деген.
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.
Өзін-өзі реттеу үдерісіне Қалай оқу керектігін үйрену модулі жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Берілген істеріне жауапкершілікпен қарап, өздерін оқушы ретінде қарай бастайды.
Психологияға метатаным ұғымын Флейвел енгізген. Метатануға танымдық үдерістерін білу, аффективтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға негізделген. Бронсон мектеп жасына дейінгі балалар мен балабақшадағы балалардың когнитивті дамуын зерттей отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін - өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді. Балалар да өзін - өзі реттеуді қолданады, бірақ айтып бере алмайды. [4]
Марта Бронсон (2002) өзін-өзі реттеудің төрт саласын айқындаған: танымдық, эмоциялық, әлеуметтік, ынталандырушылық.
Танымдық өзін - өзі реттеу, метатаным. Балалар нені біледі? Балалар өз мүмкіндігін біледі. Жоспарланған іс-қимыл туралы айта алады. Шешімді негізді қабылдай алады жəне таңдау жасай алады. Сұрақ қояды жəне жауаптар ұсынады.
Эмоциялық өзін-өзі реттеу: эмоциялық зият. Эмоция саласында балалар өз эмоциялары мен өзгелердің эмоциялары туралы көбірек хабардар болады. Балалар өз тəртібі мен өзгенің тəртібі туралы жəне оның салдары туралы айта алады, жаңа тапсырманы сеніммен орындайды, назарды бақылай алады жəне алаңдататын сəттерге қарсы тұра алады. Алға басуды бақылайды жəне тиісті тəсілмен көмек іздейді. Қиындықта табандылық танытады.
Әлеуметтік өзін-өзі реттеу: зерде теориясы. Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге жəне ересектердің көмегінсіз əлеуметтік мəселені шешуге үйренетін əлеуметтік саламен байланысты. Балалар тапсырманы қашан əрі қалай шешуді келіседі, құрдастарымен əлеуметтік мəселені шеше алады, бірге жəне кезектесіп дербес жұмыс істейді. Балалар құрдастарымен бірлескен жұмысқа қатысады, өзін қоршаған адамдардың сезімін түсінеді, көмектеседі жəне қолдау білдіреді.
Ынталандырушылық өзін- өзі реттеу: шеберлікке бағыттау. Қауіпті жағдайларға төзімділікті дамытады; қателіктен сабақ алып, күрделі тапсырмаларды шешуден теориялық негіз қорытады.
Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады: тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағыттаушылығы, оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың өзін-өзі реттеуге итермелей отырып, білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Сабақта ойындарды пайдаланғанда ойынға қойылатын методикалық талаптарды білу қажет. [4]
Олар мыналар:
1. Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнектілер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіріледі.
3. Ойынға сыныптағы барлық баланы қатыстыру.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуге жетелеу керек. Бұл әдіс, талаптарды орындамаған кезде, оқушы ойынға қызықпайды. Сөйтіп, ойын өз мәнін жояды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу барысын пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану, сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді. Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Мен ойын элементтерін барлық дерлік сыныптарда пайдалануға тырысамын. Себебі, қазақ тілі пәнінде бірыңғай жазу жұмыстары мен оқу оқушыларды тез жалықтырады. Сабақта пайдаланылған сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгеру, өткенді пысықтау мақсатында пайдаланылатын ойын түрлерінің пайдасы зор.
Қорыта келгенде ойын элементтерінің тәсілдерін сабақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым - қатынастарын ұлғайтады, бір - біріне ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ойын - өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын байытады. Шыдамдылыққа үйретеді. Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану - бұл мұғалімнің шеберлігі.
1.2 Сын тұрғысынан ойлау
Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім - әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. [4]
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әртүрлі стратегияларын қолдана отырып, оқушылар бір - бірін тыңдай білуді, өз ойларын толық және түсінікті жеткізуді, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін жинақтап, күнделікті өмірде пайдалана білуге үйретуді көздейді. Әрқашан сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа алған жөн. Сыни ойлауды дамытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сабақ барысында оқушының шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру басты назарда болады. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі: релеванттық ақпараттар жинауды; дәлелдерді сыни тұрғыдан талдаумен бағалауды; кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар; ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. Оқыту мен оқуды сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдармен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлауды әдетте білім берудің кейінгі кезеңдерімен орта мектептің жоғарғы сыныптары мен жоғарғы оқу орынындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңдерінен бастап дамытуға болады. Сыни тұрғыдан ойлау мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары былайша сипатталады: бақылау, талдау, қортынды, интерпретация.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялармен келешекке ашық, тиянақты және жан жақты, ізденімпаз, ойларын толық және түсінікті жеткізі алады.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. [5]
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау", "Түртіп алу", "Ойлану", "Жұпта талқылау", "Болжау", "Әлемді шарлау" т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс - әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте - бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. [5]
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден - бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой - толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір - бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. [5]
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Еркін жазу", "Семантикалық карта", "Т кестесі" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы баланың алдына жан - жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту" бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. [6]
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады,олар ауызша,жазбаша,көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып,ештеңеге сенбейді,мұндай адамдар жаңашыл идеялармен келешекке ашық,тиянақты және жан жақты,ізденімпаз,ойларын толық және түсінікті жеткізе алады.
Іс-тәжірибемде жоғарыда айтылған сыни тұрғыдан ойлаудың тәсілдерін қолданғаннан кейінгі нәтижем мынадай: оқушылар топтық жұмыста өздерін жан-жақты көрсете білді,сыни тұрғыдан ойлауы дамыды,өзін-өзі бағалауды,жұппен жұмыс жасауды үйренді,рөлдік тапсырмаларда өз міндетін атқаруды білді,болашақта мақсат қоюды үйренді, өздеріне деген сенімділік пайда болды.Қазіргі таңда оқушыларды дәстүрлі сабақтар жалықтырары сөзсіз, сабақ жүргізу әрекетінде мұғалімнен мұқият дайындықты, жауапкершілікті, жоспарлы жұмысты талап етеді. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құруы керек. Тапсырманы түрлендіре отырып, балалардың бойындағы қабілетті басты назарда ұстауы қажет. Тапсырмалар ойлануға, талдап жинақтауға, жаттығулар барысында қолдана білуге құрылады. Түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға талпынады.
1.3 Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған, әрқайсысы разрядтарды білдірген. Осы разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарларға бөлінген. Уақыт өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көпшілігі осы разрядта болған. Осылай бес ұпайлық шкала пайда болған.
Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, жақсы-жаман ұғымдары шеңберінде болған. Кейінгі уақыттарда ресейлік бағалау 3-, 5-, 8-, 10-, 12- ұпайлық жүйеден өткен.
1939 жылы сөздік бағалау қайта оралды, қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, жақсы, үздік бағалары қойыла басталды. 1944 жылы ол сөздерге үйреншікті 1 - ден 5 - ке дейінгі ұпайлар қосылды. Осылай 5 ұпайлық бағалау жүйесі заңды түрде енгізіліп, бүкіл совет дәуірінде мүлдем жаңартылмады.
Белоруссияда 2003 жылдан бастап 10 ұпайлық бағалау жүйесі енгізілген. Молдова, Латвияда да 10 ұпайлық жүйе, Украинада - 12 ұпайлық бағалау. 10, 11, 12 ұпайларына оқитын бала бұл жерде үздік болып танылып, мектепті бітіруде алтын медальмен марапатталады. Польшада оқушылар 6 ұпаймен бағаланады.
Францияда 20 ұпайлық шкала бойынша оқиды, бірақ ең жоғарғы ұпай бұл жерде - 18 ұпай. Француздардың түсінігі бойынша 20 ұпайды тек Алла тағала жинай алса, 19 ұпайды мұғалім мырза жинай алады екен. 14 - 16 ұпай керемет нәтиже болып табылады. Француздік жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 10 - нан 12 - 14 ұпайға дейін жинайды екен. Ұлыбританияда цифрлік бағалаудың орнына сөздік бағалау жүзеге асырылады. Бұл оқушының жұмысын толық және жан - жақты сипаттауға мүмкіндік береді.
Жапонияның бағалау жүйесі өте қызық. Мұнда 100 ұпайлық жүйе, бірақ оқушының білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz