Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау
Жоспар:
І. Кіріспе
1.Сұрыптауға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. Негізгі бөлім
1.Аталық малды дене бітімі мен сыртқы дене пішіні бойынша сұрыптау ... ..5
2.Аталық малды өнімділігі бойынша сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3.Малды генотипі бойынша сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4.Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау ... ... ... ... ... ... 7-1 0
5.Сұрыптауға қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
6.Тұқымдық қошқарларды сұрыптау және ұрпағының сапасына қарай баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
7.Тұқымдық бұқаларды сұрыптау және ұрпағының сапасына қарай баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-13
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
2
І.Кіріспе
1.Сұрыптауға жалпы сипаттама.
Мал санын көбейтуге,оның өнімін арттырып, сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың ішінде мал тұқымын асылдандыру жұмысын дұрыс жолға қойып, іске асырудың маңызы зор.
Сұрыптау деп - тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, адамға қажетті өнімі жағынан құнды малды ұрпақтан ұрпаққа іріктеп, таңдап алу, ал құнсыз малды жарамсыздар тобына (бракқа) шығаруды айтамыз.Сұрыптаудың ғылыми теориясының негізін қалаушы Чарлз Дарвин болды.Ол сұрыптау,тұқымқуалаушылық және өзгергіштік біріге отырып эволюцияның негізгі қозғаушы күшін құрайтындығын дәлелдейді.
Сұрыптауды негізінен екі түрге бөледі:табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау.
Қолдан сұрыптау кезінде малды негізінен мына қасиеттері бойынша бағалайды: шығу тегі,дене бітімі мен сыртқы дене пішіні,өнімділік нәтижесі және ұрпағының сапасы.Бұл көрсеткіштер бір-бірін толықтыра отырып,сұрыпталатын малдың құндылығы жөнінде,шаруашылыққа тиімді пайдалану жолдарын анықтап отырады.
Өзінің пайдалы жеке өзгерістерінің арқасында сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделетін организмдердің тіршілік етіп, сақталуын табиғи сұрыптау деп айтады.Мәселен,сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген дарақтардың тірі қалып,көбеюі арқылы жануарлар эволюциясы жүзеге асады. Қолдан сұрыптауды адам жүргізеді,мұнда ол өзіне қажетті қасиеттері бар жануарларды ұрпақ алу үшін іріктеп таңдап алып,сақтайды және көздеген мақсаттағы белгілері нашар дамыған жануарлардың тұқымдық мал ретінде көбеюіне жол бермейді.Мәдени және интенсивті мал шаруашылығы жағдайларында қолдан сұрыптау негізгі творчествалық роль атқарады.Алайда тұқымды жетілдірудің немесе жаңа тұқым шығарудың барлық кезеңдерінде табиғи сұрыпталу сөзсіз әсер етеді. Оның әсерімен жануарлардың белгілі бір тіршілік ету жағдайларына бейімделгіштік, төзімділік, ауруларға қарсы тұра алушылық секілді бағалы қасиеттері орнығып, күшейе түседі.Табиғи сұрыпталудың әсерін жеткілікті ескермеу малдың дене бітімінің сөзсіз нашарлауына, демек, бұл жұмыстың нәтижесіз болуына әкеп соқтырады.
Н.П.Чирвинский қолдан сұрыптауды жануарлардың бір тобының тіршілік етіп, көбею құқығы алынып, екінші ұнамды топқа берілетін процесс деп есептеді.Бірақ өздеріне емес, адамға пайдалы болып қажетті жаққа қарай
3
бағыттайды, мұнда қолдан сұрыптау белсенді әдіс сипатына ие болады.
Ч.Дарвин сұрыптауды пайдалы жануарларды шығарудағы адамның табысқа жетуінің негізгі кілті деп есептеді. Жүйелі сұрыптау болмай шығарылған бірде бір бағалы тұқым жоқ деп анық айтуға болады. Егер кез-келген тұқыммен тұрақты сұрыптау жұмысы жүргізілмесе, ол өзінің құндылығынан айырылып, тіпті азғындап, азып-тозып, түбінде тіршілік етуін де тоқтатқан болар еді.
Сұрыптаудың нәтижелеріне едәуір дәрежеде сыртқы орта факторлары әсер етеді.Озат селекционерлер қашан да сұрыптау жүргізілетін белгілерді дамытуға септігін тигізетін жағдайларды жасау қажеттігін ескеріп отырған.М.М. Щепкиннің Канның қасиетін білмейінше - асыл тұқымды мал өсіру мүмкін емес деген сөзіне Н.Н. Завадовский Сыртқы жағдайларды білмейінше - зауытшы да жоқ деп қосты.
Ч.Дарвин сұрыптауды ең ежелгі адамдардың да жүргізгенін, бірақ олар тұқымды жетілдіру немесе жаңадан шығару ниетімен істемегенін атап көрсетті.Адам мүмкіндігінше ең жақсы, едәуір пайдалы жануарларды сақтауға немесе қолға түсіруге, табындағы осындай жануарлар санын ұдайы арттырып отыруға тырысты.Осының нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ белгілі дәрежеде жақсара берді. Мұндай сұрыптауды ғалым мақсатсыз сұрыптау деп атады.Оның тимділігі өте ұзақ уақыттан кейін байқалады және ол шын мәнінде жануарлардың жергілікті тұқымдарының бір кездегі қалыптасу тарихы үшін ғана маңызды болады.
Мал шаруашылығын интенсивтендіру және бұл саланы өнеркәсіптік технологияға көшіру жағдайларында жануарларды күтіп-бағу мен пайдаланудың жаңа жағдайларына бейімделуіне қарай жетілдірудің айрықша маңызы бар. А.И.Овсянников мұндай жағдайларға едәуір беімделген жануарларды сұрыптауды технологиялық сұрыптау деп атауды ұсынды.
Қалыптасқан нормадан ауытқушылық жағдайлары табиғи сұрыпталуда да кездесуі мүмкін. И.И.Шмальгаузен мұндай сұрыптауды тұрақтандырушы сұрыптау деп атауды ұсынды.Мал шаруашылығын мәдени түрде жүргізу жағдайларында олда бар тұқымдарды жетілдіру және жаңа тұқымдарды шығару процесі әдістемелік сұрыптаудың әсерінен жүзеге асады.Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:алдын ала белгіленген нәтижелерге жету; жануарлардың белгілі бір қасиеттері мен белгілерін жүйелі түрде бағалап отыру;табындағы мал тұқымын сапалық жақсарту жөніндегі жұмыстарда оларда алдағы уақытта мақсатты пайдалануға арналған ерекше топтарды бөліп көрсету.
4
ІІ. Негізгі бөлім
1.Малды дене бітімі мен сыртқы дене пішігі бойынша сұрыптау.
Барлық мал түліктерінің дене бітімі мен дене пішіні оның өнімділік бағытымен біршама байланысты.Сондықтан малды дене бітімі мен пішіні бойынша сұрыптау арқылы,оның өнімділік қасиеттерін жақсартуға болады.Қай малдың болмасын өнімділік бағытына сәйкес жұмыр дене,кең кеуде,аяқтары мықты және дұрыс бітсе,арқа,белі жазық,бөкселі болса,бұл жалпы дене бітімінің мықтылығын көрсетеді.Осыған орай тек дене бітіміне және дене пішініне қарап малдың негізгі өнімділік бағытын анықтауға болады.Мысалы,сүтті сиырлардың бұқаларының өнімділік бағытына сәйкестігін,олардың дене бітіміне,түр-тұлғасына қарап қана бағалауға,яғни,сұрыптауға болады.Етті қасиеттері үздік жетілген шортгорн,герефорд,абердин-ангус сияқты сиыр тұқымдары сыртқы түр-пішініне қарай ұзақ жылдар бойы жүргізілген тиянақты сұрыптау жұмыстарымен байланысты.Қойдың дене пішінін біздің елде негізінен көзбен көріп,қолмен ұстап бағалайды.Шошқа және жылқы өсіргенде,қажет болған жағдайда,әрбір мүшелерінің жетілу дәрежесін нақтылы сипаттау үшін тиісті өлшеулер қолданылады.
2.Аталық малды өнімділігі бойынша сұрыптау.
Малдың қай түрі болмасын негізгі өнімімен қатар басқа да қажетті өнімдер береді.Негізгі өнімнің саны мен сапасы,экономикалық тиімділігі оның бірнеше биологиялық қасиеттерімен тығыз байланысты:
а)етті бұқа шаруашылығындағы негізгі сұрыптау белгілірі басқа.Оған тәулігіне қосқан үлес салмағы,тірілей салмағы,сойыс және ұшасының салмағы,олардың шығымы(түсімі есебімен),қосатын үстеме салмақ бірлігіне жұмсайтын азық мөлшері,етінің сапасы т.б. жатады;
б)қабанның өнімділік сұрыпталу белгілеріне тірілей салмағы,сойыс салмағы (кг) және оның шығымы (%),тез жетілгіштігі,қосатын үстеме салмақ бірлігіне жұмсайтын азық мөлшері және т.б. жатады;
в)қой шаруашылығының барлық саласы сапалы және мол жүн,ет және тері беруге міндетті.Бұл өнімдердің әрқайсысының саны мен сапасын анықтайтын өнімділік белгілрінің өзі біршама.Мысалы,жүн талшықтарының түріне,ұзындығыны,тығыздығына,шайыр лығына,біркелкілігіне байланысты;
г)өнімділік бағыттағы жылқы өсірідің экономикалық тиімділігі оның ет және тез әрі жақсы жетілуіне тікелей байланысты;
Аталық мал өнімділігінің экономикалық тиімділігін бағалайтын бірден бір жағдай жем-шөпке жұмсалатын қаражат пен алынған өнімнің өзіндік
5
құны болып табылады.Кейінгі жылдары жоғарғы өнеркәсіптік кешендердің көптеп салануына байланысты және де ондағы алынатын өнімдерді интенсивтік жолмен өндіру малды технологиялық сұрыптауға мәжбүрлеп отыр.
Малдың тұқымдық құндылығын анықтаудың ең сенімді әдісі,оны ұрпағының сапасына байланысты берілітін баға ең соңғы қорытынды баға.Бұл баға селекция тәжірибесінде еркек малға да,ұрғашы малға да жасалады.
3.Малды генотипі бойынша сұрыптау.
Әдетте сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды. Негізінен тек селекция ғана табынның генетикалық құрылымын адамға ұнамды бағытта өзгерту арқылы мал өнімін арттыра алады.
Селекцияның негізгі мақсаты-малдың адамға тиімді қасиеттерін ұрпқтан ұрпаққа жақсарту,осыған орай сұрыптау нәтижесінде таңдап алынған малымыздың өнімі жоғары,сапалы болуымен қатар,тұқымдық қасиеті деп оның өнімі өзінен артық болмаса кем емес,сапалы ұрпақ беру қабілетін айтады,малдың бұл қабілеті сайып келгенде оның генотипіне,яғни тұқымқуалаушылық қасиетіне байланысты.Міне осының бәрі малды тікелей генотипі бойынша сұрыптау қажеттілігін туғызады.
Жануар селекциясының тәжірибесінде малдың генотипін анықтау,бағалау әдістері оның ең жақын ұяластарының ата-тегін,аталас-енелес туыстарының,ұрпағының тіршілік қабілетін тексеруге негізделген.
Сұрыпталатын малдың жоғарыда аталған жақын туыстарының өнімділік ерекшеліктері туралы мәліметтің түсу мерзіміне байланысты малға генотиптік баға беру екі кезеңнен тұрады:біріншісі-алдын ала болжау кезеңі-малдың ата-тегі мен жанама,аталас-енелес туыстарының сапасына қарай кезең-ұрпағының сапасы бойынша анықталады,тұқымдық қасиетіне қарап,генотипін анықтайды.
Схема-1.Аталық және аналық малды шағылыстыру.
6
4.Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау.
Малдың ата-тегі мен жанам туыстарының сапасы бойынша оның тек болжамды,ықтимал тұқымдық (тұқым қуалаушылық) қасиетін (генотипін) анықтайды.Малдың тұқымдық қасиетіне нақтылы бағаны тек одан алынғын ұрпағының сапасына қарап қана беруге болады.Сондықтан,малға қорытынды бағаға,осыған орай оның тағдыры туралы үзілді-кесілді шешімге мал ұрпағының сапасы анықталғаннан кейін ғана келу керек.
Әдетте,аталық мал ұрпағының сапасы қажет деп есептелінеді.Мұның бірнеше себебі бар.Қай түлікті өсіруде болмасын,қолдан ұрықтандырудың кең таралуына байланысты бір еркек малдан тек бір жылда мыңдаған ұрпақ алудың қазіргі уақытта ешқандай қиындығы жоқ.Бұл аталық мал арқылы жалпы тұқымды жақсарту мүмкіншілігінің аналыққа қарағанда артықшылығын көрсетеді.екіншіден,келесі ұрпақты алу үшін әр уақытта басында туылған еркек малды түгелдей пайдалану қажеттілігі болмағандықтан,олар қатаң сұрыптаудан өтеді.Мысалы:қойды қолдан ұрықтандырғанда қошқар өсіру үшін туылған еркек қозының бестен бірін ғана қалдырады.Үшіншіден,жылқы ұрпағына және ұзақ,баяу өсетін түлітердің ұрғашыларына ұрпағының сапасына қарай нақтылы баға беруге (әр аталықтан ең кемі 2 төл алу керек) тым көп уақыт кетеді.Сонымен қатар,көптген түліктер бойынша келесі ұрпақ алуға қатысатын ұрғашы малдың тым көптігіне байланысты,олардың әр қайсысына ұрпағының сапасына қарап баға берудің мүмкіншілігі жоқтың қасы.
Сонымен,аталық мал ұрпағының сапасы бойынша мұқият сұрыптау,одан мейілінше көп ұрпақ алу табынның өнімділігін арттырудың негізгі селекциялық жолы.Мал шаруашылығы тәжірибесінде тұқым малын ұрпағының сапасына қарай сұрыптаудың ұйымдастырудың екі түрі қалыптасқан.Біріншісі-осы жұмысты мамандандырылғын,арнайы бақылау станцияларында (шаруашылықтарында) жүргізу.Екіншісі-кез-келген шаруашылықтың жағдайын жүрғізу.
Аталық мал ұрпағының сапасын тексерудің негізгі мақсаты оның тұқымдық құндылығы туралы нақты,сенімді деректер алу.Осы тұрғыдан,тұқым малының ұрпағын сынауды ұйымдастырудың екі түріне де (ұрпақ) мына төмендегі әдістемелік шарттар алдын ала дұрыс шешілуі қажет:
1.Ұрпағының сапасы,тексерілетін тұқым малының сапасы мен саны;
2.Ұрпағының саны;
3.Ұрпағы тексерілетін тұқым малымен шағылыстыратын аналықтардың сапасы;
4.Тексерілетін ұрпақтың бағып-күту,азықтандыру жағдайын есептеу;
7
5.Алынған ұрпаққа түгелдей және жан-жақты баға беру;
6.Ұрпақтың сапасын бағалау әдістері.
Сонымен,тұқым малға ұрпағының сапасы бойынша баға бергенде,бағаның дәлдігіне әсер ететін жоғарыда аталған жағдайларды әр уақытта есте сақтап,басшылыққа алу керек.
Аталған мал ұрпағының сапасы әр түрлі әдістермен анықтайды.Олардың бәрі де салыстыру принціпінде негізделген.
Мал тұқымын көзқарасы тұрғысынан екі топқа бөлуге болады:
1.Тексеріліп отырған тұқым мал ұрпақтарының өнімділігін енелерімен салыстыру;
2.Әр түрлі аталықтардың ұрпақтарын бір-бірімен салыстыру.
Бірінші топқа жататын әдістердің (жасақтаушы-төмендеуші немесе енесі мен ұрпғы, тұқым қуалаушылық кестесі және аталық мал индексі) басты артықшылығы - баға бергенде ата-енесінің ұрпаққа әсері қатар есептелінеді.Бірақ бұл әдістердің кемшіліктері де жоқ емес.Біріншіден,енесі мен ұрпағын өнімділіктері бойынша салыстырғанда бір жағдайда (егер енесі мен ұрпағы қатар өнім берген жылдағы көрсеткіштерін салыстырса) олардың жастары сәйкес келмейді,екінші жағдайда (енесі мен ұрпағының бір сәйкес жастағы өнімдіктерін салыстырса) олардың өнім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz