Кеңес өкіметінің Алаш автономиясын жоюы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
. «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Кезеңдеу, дерекер, тарихнама.

Мақсаты - бүкіл әлем тарихының методологиялық және теориялық проблемалары туралы түсінікке ие болу. Пәнді зерттеудің міндеттері - біріншіден, қазіргі тарихнамадағы бүкіл әлем тарихының теориялық және методологиялық проблемаларын зерттеу, ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы бүкіл әлем тарихының дамуының жетекші тенденцияларын анықтау. Екіншіден, тарих философиясының проблемаларын, тарихи сана мен тарихи естелік, тарихи даму түсінігін, әмбебап тарихты талдау. ?шіншіден, бүкіл әлем тарихы теориясы мен методология проблемасын: бүкіл әлем тарихының пәнін, тарихи таным мен тарихи теорияны, жалпы тарихи теория, тарихи заң мен заңдылықтар мүмкіндіктерін, бүкәл әлем тарихының, тарихи деректер мен фактілердің, тарихи түсініктемелердің кезеңделуін қарастыру.
Тарихи факт. Тарихи дерек. Тарихшының тілі. «Тарихи уақыт» методологиялық аспет. Тарихи түсіндірлер. Тарих ғылымындағы дәлелдемелер. Тарихи қиял. Нарративтен теорияға қарай. Тарихнамадағы пәнаралық көзқарастың методологиялық проблемалары. Тарихи информатика және «Квантитативті тарих», «Жаңа тарих» экономикалық, әлеуметтік, саяси, психотарих. Гендерлік тарих: зерттеудің проблемалары мен әдістері. Постмодернистік шақыру және қазіргі тарихнама. Постмодернизм ғасырындағы тарихи бейнелеу. «Нарративтің қайта өрлеуі».

Деректану. Курстың мақсаты - Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген.
Бүкіл әлем тарихының қазіргі заман деректануының теориясы мен әдісі. Тарихи зерттеудің қазіргі заман концепциялары. Пәнаралық көзқарас және зерттеу әдісіндегі техникалық құралдардың атқаратын ролі. Тарих ғылымындағы иентеграциялық процестер және дерек проблемалары (экономикалық және әлеуметтік тарих, тарихи демография және география, әлеуметтану) . Ауызша деректердің мәселесі (теориялық және әдістемелік аспект) . Генеология және тарих.
Тарихнама. Гумманизмнен Ағартушылыққа қарай: жаңа кезеңнің қоғамдық ойының пайда болуы мен қалыптасуы. ХVІІІ ғ. гуманизмі
Ағартушылықтың «Философиялық тарихы». Романтизм. Француз революциясына консервативтік реакцияның әсері. Неміс классикалық философиясының әлеуметтік концепциялары. құқықтың тарихи мектебі. Л. Ранке және оның «объективтілік әдісі». Либералды-ағартушылық мектебі. Американдық романтизм. ХVІІІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. басындағы ағылшын қоғамдық ойы: Э. Берк, Т. Мальтус, И. Бентам.
АҚШ-ғы әлеуметтік ғылымдардың қалыптасуы. Тәуелсіздік үшін күрестің тарихнамасы. АҚШ-тың қауымдық ойындағы құлдық проблемасы. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Германияның қоғамдық ойы. Азамат соғысы мен қайта құру кезеңіндегі АҚШ-тың қоғамдық ойы. Позитивизмнің бекітілуі. Кішігермандық тарихи мектеп. әлеуметтік ойдағы ұлыгермандық бағыт және «жаңа либерализм». Саяси экономикадағы «жаңа тарихи мектеп. К. Лампрехттың мәдени-тарихи синтезі.
Американдық қоғамдық ой және ХІХ ғ. үшінші жартысындағы тарихи ғылым. 1861-65 жж. азамат соғысының тарихнамасы. Романтикалық мектептің тоқырауы. Англосаксондық мектеп және «салыстырмалы саясат». Д. Стронгтың «тағдырды алдын ала анықтау» деген теологиялық трактовкасы және А. Мэхеннің теңіз қуаты доктринасы. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Франция мен Англияның қоғамдық ойы. Европалық позитивизм проблемалары. О. Конт және позитивистік әлеуметтанудың қалыптасуы. И. Тэннің «Психологиялық әдісі» және Француз революциясының тарихнамадағы проблемалары. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Англиядағы қоғамдық ойыдың жағдайы және әлеуметтік ғылымдардың дамуы. Ч. Дарвин, Г. Спенсер, Дж. Ст. Милль. Д. Грин және С. Гординердің тарихи-әлеуметтік концепциясы. Неміс неокантианствасы тарихының философиясы. В. Дильтай, В. Виндельбанд, Г. Риккерт, Г. Зиммель. Позитивистік әлеуметтік ойдың методологиялық күйзелісі және оның сыны. ХХ ғ. басындағы ағылшын-америка тарихи ойы: ортодоксалды позитивизм күйзелісі мен эволюциясы. Екі соғыс арасындағы ағылшын тарихи ойы. Р. Дж. Коллингвудтың тарих философиясы және А. Тойнбидің әлеуметтік философиясы. ХХ ғ. 20-40 жж. Францияның тарихи ойы. Француз әлеуметтік ойының методологиялық проблемалары. «Анналдардың» тарихи мектебі Л. Февер и М. Блок. : тарихты ғылым және қоғамның тарихи даму процесі ретінде түсіну. Симиан және Э. Лабрусстың шығармасындағы әлеуметтік-экономикалық тарих. ХХ ғ. ІІ жартысындағы герман тарихи ойы.

2. 19ғ-20ғ басында Ресей мемлекетінің ҚР-ғы аграрлық және қоны аудару саясаты. 19 ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық өмірдегі түбірлі өзгерістердің бірі азаттық қозғалыстың белгілі өкілдерінің қазақ жерінде айдауда болуы, 1863-1864 жылдар Польшадағы ұлт-азаттық қозғалыс барысында 10 мыңнан астам поляк революционерлері Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына бірқатары Орынбор өлкесіне жіберілді

19 ғасырдың 80 жылдары Ресей азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңі, Батыс Сібірге, Қазақстанға жер аударуға кең жол ашылды, 1881 жылғы 29 тамызда патша үкіметі саяси жер аударылғандарды Дала өлкесіне жіберу туралы шешім қабылдады, Саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі Шығыс және Орталық Қазақстан болды, 1882 ж Семей облысына - 54, 1886 ж - 44 адам, 1883 ж Ақмола облысына - 23, 1890 ж - 32 адам, 19 ғасырдың 80-жылдарында халықшылдарды Қазақ даласына жер аудару ұйқыда жатқан өлкенің қоғамдық өміріне жаңалықтар әкелді, Семей мен Ақмола облыстарында ағартушылық дамып, ғылыми ұйымдар ашылды

Зерттеу барысында, 1868 жылы Түркістан статистикалық комитет құрылды, Бай өлкені зерттеуде 1878 жылы Семейде ашылған облыстық статистикалық комитет маңызды орын алды, 1884 жылы саяси жер аударылғандардың ұсынысымен - Абай Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болып қабылданды, 1900 жылы Абай Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихи туралы жазбалар деген еңбегін статистикалық комитет басылымында жариялады, Бұл Семей қазақтарының рулық құрамын алғаш рет зерттеген еңбек, Жер аударылғандардың бастамасымен: 19 ғасырдың 80-90 жылдары Верный, Орал, Омбы, Семейде көпшілікке арналған кітапханалар ашылды, Тұңғыш өлкелік баспасөздің қалыптасуына азаттық қозғалыс өкілдері Зобнин, Зенков, әсіресе Коншин үлкен еңбек сіңірді

3. ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал - Жем мұнай ауданы) . Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Темір жол. 1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 3-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

4. 20ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20, 3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33, 1%) .

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны - 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда -22744, Семейде - 20216, Қостанайда - 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:
1. Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2. Жатақтар санының артуы.
3. Ішкі демографиялық өсім.
4. Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері - шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4, 074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж. ) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1, 5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы - 36, 6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы - 60, 5%
Сырдария облысы - 63, 3%
Төрғай облысы - 58, 7%
Орал облысы - 56, 9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

5. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, жағдайы. Ұлттық интеллигенция өкілдері қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, экокномика, ауыл шаруашылығы мәселелерін сөз ете отырып, жер мәселесін шешуге ұйытқы болды. Олар қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне ұлт-азаттығын алу үшін күресуге жұмылдыра білді. «Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие [29] . Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде . жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді [31] . М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті. Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар, жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Олар қоғамдық сана- сезімнің, мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Қазақстанның егемендігі мен тәелсіздігі тарих сахнасынан шеттетілген қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі мен саяси күресін терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ зиялыларының күрес тәжірибесін, ел үшін жасаған үлкен қызметін байыпты талдау мен са-раптау. Айналысқа түспеген құжаттармен тарихи деректерді қолдану арқылы тарих ақтаңдақтары ақиқатын көрсету зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі. Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлін көрсету негізінде өткен тарихи кезеңді түсіну мен талдау өзекті мәселесінің басты нысанасы. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.

6. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы. . Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға ықпалы. Жәдидшілдік - 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс. Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т. б. ) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И. Гаспралы, Ш. Маржани, А. Ибрагимов, М. Абдурашидханов, М. Бехбуди, А. Фитрат, Ф. Ходжаев, т. б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқақарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфақалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдад оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспаханаиесі, бай Ұ. Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы“Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі - “Мамания” мектебі болды

7. Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы. Бірінші Мемлекеттік Дума- Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ. ) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ. ) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан - Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан - Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz