Мұғалім функциялары мен біліктіліктері


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі - Ұстаздық - киелі, әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде. Ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениетті, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. [1]
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау-халқымызыдың ізгі ұлылық дәстүрі.
Елбасымыздың халыққа жолдауындағы білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.
Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани-шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше артықшылығы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын терең меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлғалық құзыреттілігі.
XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.
Әр ұстаз - ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі формациядағы мұғалімге қойылатын талаптарды саралап зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- білім жүйесіндегі өзгерістерге талдау жасау;
- жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптармен танысу;
- мұғалімнің кәсіби білім жетілдіру жолдарын қарастыру;
Зерттеу объектісі: жаңа формациядағы мұғалімнің тұлғасы.
Зерттеу пәні: кәсіби даму жолдары, яғни технологиялар, диагностика, ақпараттық, шығармашылық, зерттеу.
Зерттеу әдістері: үлгілеу және жалпылау, салыстыру, абстракциялау, топтау, жүйелеу, талдау, жинақтау және т. б.
Тақырыптың зерттелуі: Жаңа формациядағы мұғалімнің тұлғасы мен іскерлігін қалыптастыру және дамыту проблемасы ғалымдардың маңызды зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Оны ғылыми-теориялық тұрғыда Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренцов, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики және т. б. ғалымдар негіздеді. Отандық ғылымдар ішінен бұл мәселе О. А. Абдуллина, В. А. Беликов, Г. Д. Бухарова, М. М. Левина, К. С. Оспанов, К. Өстеміров, Н. Н. Хан және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.
Курс жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІМұғалімнің жеке тұлғасы
Қазақстанның евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте болашақ мамандарына жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім беру қандай бағытта жүргізілуі керек деген өзекті мәселе туғызады. [2]
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек.
Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық.
Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»- деп атап көрсетілген. [3]
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.
Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, мұғалімге өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.
Осы тұрғыдан алғанда мұғалімнің жеке тұлғасына ерекше көңіл бөле керек болып жатыр.
Мұғалімдік мамандық- педагогтік біліктілік, білім шеңбері жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет-сапаларын ашып беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, белсенділігі, адамгершілік-ізгілік қатынасы.
Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайында педагог оқытудың белсенді технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу - тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық өкіліне айналуы тиіс және эксперименттік кәсіби сауаттылықты игерудің де маңызы зор.
Кез келген инновациялық үрдіс экспериментті жүргізу арқылы болжанады, яғни білім мониторингісі инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім беру құрылымын және мазмұнын жетілдіру, мақсатты белгілеу, басқару, ұйымдастыру тәрізді білім беру үрдісіндегі жетекші үрдістерді өзгерту арқылы дамытудың оңтайлы жолдары мен білім берудің жаңа сапасына жету жолдары (педагогтың ақпаратты таба білуі, таңдай білу және талдай білуі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, белсенділік таныту т. б. ) анықталады.
Сонымен қатар, оқушыларды бағалау жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау, озат тәжірибені жинақтау және тарату, бейімдік оқытуға даярлық, оқу жоспарының жылжымалы бөлігін бағдарламалық және оқу - әдістемелік қамтамасыз ету, оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығын дамыту шаралары т. б. міндеттер терең де жан - жақты талқылауды қажет етеді [4] .
Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және бәсекелестікке төтеп бере алатын, өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет.
Мұғалім бойында болуға тиісті қасиеттер:
- Балаларды сүйе білу - мұғалімнің маңызды сапасы;
- Баланы, оқушыны құрметтеу, әр адамның бойынан тұлғаны көре білу - мұғалімге қажетті қасиет;
- Балаға сену - оқу процесіндегі жетістік кепілі, гуманизімнің оптимистік бағытын көрсетеді.
- Баланы білу - тұлғаның жан-дүниесін білмейінше тәрбие соқыр болады; гуманды болу - адамды тани білу деген сөз.
- Баланы түсіну - оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені оның көзімен көре білу қажет.
- Жеке тұлғаға түсіністікпен қарау - әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, өмір тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастары болады.
- Жеке абырой сезімін сақтау және дамыту - онсыз тәрбие де, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес.
- Оқу тәрбиесіне қатысу ретінде баланың досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу.
- Тұтастай ойлай білу. Жаңа ғасыр мұғалімі кері проблемалар мен көңіл-күйді оңды дүниелерге айналдыра білу керек. Ондай мұғалім іс жүзінде психолог болады.
- Педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу-мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу.
- Тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылдыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу.
- Тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу.
- Оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу.
- Оқыту әдістемелері мен технологияларымен жұмыс істеу.
Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік т. б. қасиеттер.
Шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алады. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады.
Бұл орайда педагогикалық іс-тәжірибенің алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент-болашақ өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады.
Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады. Мұғалімнің шеберлігінің бастамасы негізінде оның өз пәнін және оқыту әдістемесін терең білуі жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оқушылардың білімге деген ынтасын туғызып, мұғалімге және оның талаптарына құрметпен қарата алады. [5]
Оқушылар мұғалімнің нашар білетінін, оның сабақ бере алмайтынын ешқашан кешірмейді. Әлбетте, мұның орнын еш нәрсемен толтыруға болмас. Міне, сондықтан да мұндай кешірілмейтін кемшіліктерді болдырмаудың негізі болашақ мұғалімдерді сапалы дайындау, алғашқы күннен бастап-ақ мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен таныстырып отыру қажеттігі туыңдайды, сондықтанда педагогикалық іс-тәжірибенің көкейтестілігі айқындала түседі.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығуын қалыптастыра алады. Сондай-ақ, мұғалім жаңалық жаршысы ретінде оқытудың тиімді тәсілдерін, озық тәжірибелерді сараптап, шығармашылық ізденіс үстінде болуы керек.
Әр жеке адамның өміріндегі кәсіптік-әлеуметтік психологиялық тұрғыдан дамуы, оның оқып білім алуы мен тәрбиеленуіне ұстаздың білігі қажет болып табылады. Осыған байланысты мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, өз білімі мен тәжірибесін жетілдіріп отыруды талап етеді. Мектеп жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу, оқу-тәрбие саласындағы зерттеушілік, тәжірибе алмасу жақтарына мән беру мұғалімдерінің ізденісіне шек қоймау, қайта оған жағдай жасап отыру ұстаздың іскерлік негіздерін меңгеруіне ықпал етеді. Ұстаздың өз бетінше білім жетілдіру, осы саладағы үздіксіз ізденісі, озат тәжірибені қолдану, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдықтанытуы, іскерлік негіздері педагогикалық білікке жеткізудің бір жолы болып саналады [6] .
1. 2 Мұғалім функциялары мен біліктіктері
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа бағыттарын қажет етеді. Біліктілікті арттыруда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеледі, ол өз бетінше шығармашылық пен жұмыс жасау кезінде педагогтар қауымы өзінің көп жылғы іс-тәжірибесін құрастырып шығарып, мен шығармашыл мұғаліммін дейтін, ал, қазіргі педагогтар шығармашыл негіз - шығармашылық іс-әрекет, уақыт, күш, сапа мен сан көрсеткішінен тұратын біртұтастық құрылым үрдісін көрсетуде. Күннен күнге педагогтар қауымы өздеріне қойылатын талап пен міндетті нақты түсініп, қоғам қажеттілігінде жеке тұлғалық қасиет танытуда. Егер парадигма білім, білік, тәрбиені қалыптастыру болса, ал оқыту арқылы жеке тұлғаның мәдениетін, ғылыми шығармашылдығын дамытуға, яғни мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиеленуіне әкеледі.
Педагогтардың кәсіби өсуін жетілдіру барысында жеке тұлғаға сенімділікпен қарау факторы ерекше орын алады. Ағылшын оқымыстысы Дуглас Марк Тредер «Адамдар оған сенім білдіргенде үлкен өмірлік энергия алды», -деген.
Мұғалім өз пәні бойынша оқушыларға білім беріп қоймайды, соған сәйкес оқушыны тәрбиелейді және жеке басын қалыптастырады. Бұл мүғалімнің баланың жас, дара ерекшеліктерін білуді, оған сай әрекетін ұйымдастыруды, олардың қарым-қатынасын, сенімін, көзқарасын, танымын, белсенділігін дамыту әдістемесін білуді қажет етеді.
Олай болса, мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болу үшін педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогтік іс-әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар.
Олар бірнеше бөліктерден тұрады:
- Танымдық.
- Құра білу (Конструктивтік) .
- Қарым-қатынас (Коммуникативтік) .
- Ұйымдастырушылық.
- Хабарлау (Информациялық) .
- Зерттеушілік.
Танымдық біліктілік, ең алдымен, жеке басты интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық біліктілікті қалыптасыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т. б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет. [7]
Құра білу (конструктивтік) біліктігі - оқу-тәрбие жұмысын моделдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп алумен сипатталады. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерне сай, оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретті ұйымдастыра білу, бұл біліктілікті меңгеру үшін интеллектуалдық қабілет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу біліктілігі танымдық біліктілігімен ұштасып жатыр.
Қарым-қатынас (коммуникативтік) біліктілігі-бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады.
Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуді, тани білу және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі қажет. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бет-бұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу, оң шешімін таба білу.
Осылардың нәтижесінде мұғалімге қарым-қатынас бейімділігі және ептілігі бар адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады.
Ұйымдастырушылық біліктілік-бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін, үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл барлық педагогикалық біліктілікті бір-бірімен байланыстырып, басқаратын біліктілік болып табылады. Ұйымдастырушылық біліктіліктің өзіндік белгілері бар, олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, нақтылап объектіге зейін қоя білу, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға ықпал жасау іс - әрекеттерінен құралады. [8]
Хабарлау біліктілігі - жеке педагогикалық біліктілік болып саналады. Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым-қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Информациялық біліктілік оқу-тәрбие процесінің оң тайлылығын арттыруда шешуші орын алады. Оқу-білім материалын терең, жан-жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл біліктілік мұғалімнің дауысты үйлестіре білуді, көңіл-күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлесу тыңдау, сұрақ-жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тындаушының зейінін аудару-мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне қажет біліктілік.
Зерттеушілік біліктілік-әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесіне жинақтауды, оларға теориялық-практикалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды.
Мұғалімдік мамандық- педагогтік біліктілік, білім шеңбері жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет-сапаларын ашып беруге мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі белсенділігі, адамгершілік-ізгілік қатынасы.
1. 3 Педагогикалық шеберлік пен технологиялар
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз дегенге синоним болып келеді.
Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді. [9]
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, қазіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәрбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өз бетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz