Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Осы курстық жұмыста Әл-Фараби атамыздың педагогика ғылымындағы өшпес ізі қалғандығын көрсетемін. Ұлы әл-Фарабидің Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екендігін алғаш дәлелдеп, кіндік Азияда фарабитанудың атасы атанған Ақжан әл-Машанидің қазақ ғылымының дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі таңда Ш.Абдраманның құрастырумен ғалымның фарабитану саласындағы мол мұрасы жинақталып, халықтың рухани игілігіне айналып отыр.Зерттеліп отырған мәселенің ғылыми-философиялық негіздері Ж.Алтаевтың, Ж.Әбділдиннің, М.С.Бурабаевтың, Ғ.Есімнің, Ә.Нысанбаевтың,А.Х.Қасымжановтың,А. А.Қасымжанованың,М.Орынбековтің, М.М.Хайруллаевтың, т.б. еңбектерінде қарастырылған.Күні бүгінге дейін педагогиканың философиядан бөлініп шығуы мен оның ғылыми жүйеге енуі чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский есімімен байланысты болып келгендігі белгілі. Дегенмен де, тарих қойнауына үңіліп қарасақ, мыңжылдық тарихы бар әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінде қазіргі педагогика ғылымының негізгі мәселелері қарастырылып, оның ғылыми-әдіснамалық негіздері тұжырымдалғанын анық көруге болады. Сондықтан ұлы ойшылдарымыздың еңбектерінің педагогикалық мәнін ашып көрсете отырып, олардың қазіргі қазақ педагогика ғылымының өзінің зерттеу пәні бар ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде қалыптасуының алғашқы көзі болғанын әдіснамалық тұрғыдан айқындау және оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолдану бойынша нақты ғылыми тұжырымдалған ұсыныстарды жасау қажет.
Зерттеу тақырыбының мақсаты:
Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
1. Әл-Фараби педагогикасының қазіргі қазақ педагогика ғылымының негізі ретіндегі мәнін айқындау;
2. Әл-Фарабидің теорияларының кейінгі дәуірлердегі педагогикалық ойлармен тарихи сабақтастығын ашып көрсету;
Зерттеу нысаны: Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеу пәні:Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеяларының жүйесі.
Зерттеу жұмысының болжамы:
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеяларының тұжырымдамалық негізі анықталса, онда педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік туады.
1 Қазіргі педагогика ғылымындағы тәлім-тәрбие.
1.1 Әлемнің екінші ұстазы.
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. Әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. Әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды.
Әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі.... Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы оқыту мен тәрбие ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. Әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын білім беру ұғымы да қарастырылған. Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар - ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді деген анықтамамен өзара байланыс табады.
Қазіргі кезде педагогиканың негізгі ұғымдарына тұлғаны қалыптастыру ұғымы да жатқызылады. Себебі, бүгінде білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты, бірінші кезекке оқушыларда пәндік білім, білік, дағдыны емес, оның тұлғасын қалыптастыру қойылып, тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыру көзделуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама әл-Фараби былай анықтайды: Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.
Ізгілендіру Әл-Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда Әл-Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр.
Педагогикалық ойлардың тарихында Әл-Фараби оқыту теориясын білім жүйесі ретінде анықтауға алғаш талпыныс жасады деуге толық негіз бар. Білім беру мазмұнын игеру тәсілдері бойынша көлемді дидактикалық еңбек ретінде Музыканың үлкен кітабын ерекше атап өтуге болады. Қазіргі педагогика ғылымында білім беру мазмұнының әрбір түріне тән меңгерудің белгілі бір тәсілі бар екендігі анықталған. Әл-Фараби Музыканың үлкен кітабы еңбегінде музыкалық білім беру мазмұнын меңгерудің тәсілдері мен деңгейлерін анықтап береді. Ғұламаның ұсынған музыкалық білім беру мазмұнын меңгеру тәсілдерін сызба түрінде былай көрсетуге болады .
әл-Фараби еңбектерінде дидактикалық принциптердің тұжырымдалуына да орын берілген. Дидактикалық принциптердің оқытудың жалпы мақсаты мен заңдылықтарына сәйкес оның мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар екендігі қазіргі педагогика ғылымында белгілі. Әрбір дидактикалық принцип белгілі бір әдіснамалық ұстанымға сәйкес келеді. Сондықтан біз зерттеу барысында әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысын ашып көрсетуді жөн көрдік. әл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі бір ерекшелік -- ол әдіснама мен әдістеме мәселелерін тығыз байланыстырып, тұтастырып отырады. Мұндағы оның ұстанған дидактикалық қағидасы: білімнің бастамасы -- болмыстың бастамасына сай келу туралы қағида. Бұл қағида логикалық ойлау әдістерімен тығыз байланыста теориялық ғылым жасауға, оны дидактикалық түрде орналастыруда жаңа ғылыми-педагогикалық әдісті тудыруға мүмкіндік береді. Осындай әдіс арқылы әл-Фараби кез келген пәнді әдіснамалық тұрғыда дұрыс баяндау үшін оның негізгі принциптерін - бастамаларын ашып көрсетуді бірінші кезекке қояды. әл-Фараби еңбектерінде ғылым мен философияны оқып-үйрену үшін жекелеген әрекеттерден, тәсілдерден тұратын оқыту әдістері нақты тұжырымдалып, білім беру, оқыту және адамдар арасындағы ой алмасу үдерісі кезінде танымдағы тіл мен тәжірибенің маңызды ролін ашып көрсету арқылы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерінің мәні анықталады, сонымен бірге музыка, сөз өнері, философия және басқа да ғылым салаларын оқытудың құралдарына мазмұндық сипаттама беріліп, олардың атқаратын қызметі ашып көрсетіледі.
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие теориясының әдіснамасын әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, принциптерін, мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нәтижесін тұжырымдамалық тұрғыдан негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері айқындайды. Қазіргі педагогикадағы тәрбие теориясының мазмұндық-құрылымдық жүйесіне сәйкес әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәнін былайша көрсетуге болады.
Сонымен әл-Фарабидің еңбектерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талдау, оның тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірлерін жинақтап, қорыту ғұламаның педагогика ғылымының барлық салаларын қарастырғанын айқындайды. Мұның өзі ұлы ұстаз, кемеңгер ғалым, ғұлама ойшыл әл-Фарабиді педагогика ғылымының негізін салушы деп атауға толық негіз бар екендігінің шынайы дәлелі болып табылады.
1.2 Ұлы ғұламалардың қазіргі педагогикаға ықпалы.
Ақыл-парасат жалғастығының көрінісі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ой-тұжырымдарының өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл ағартушылардың тәлім-тәрбиелік идеяларымен үндестік табуы болып табылады. Қазіргі қазақ педагогика ғылымының тарихы тұрғысынан алып қарастырсақ, ғұламалардың негізгі тәлім-тәрбиелік идеяларының өзара түйісіп, бір-бірімен сабақтасатын тұсы адамшылық, адамгершілік және ізгілік принциптеріне негізделген тәрбие мазмұнының көрінісі екені анық. Жалпы түркілік дәстүрге, ерекшелікке сәйкес келетін тәрбие мазмұнының ізгілендіру идеясына сүйенуі заңды құбылыс. Өйткені, ізгілендіру идеяларын Орхон-Енисей жазбаларынан да, Қорқыттың аңыздарынан да, кемеңгер әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари педагогикасының мазмұнынан да, олардан кейін өмір сүрген шығыс ойшылдарының, қазақтың ұлы ағартушыларының, алаш қайраткерлерінің еңбектерінен де табуға болады. Сондықтан әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларын кейінгі дәуірлердегі ойшылдардың көзқарастарымен сәйкестендіре, салыстыра қарастырғанда этикалық принциптерге назар аударуымыз орынды деп есептейміз. Жалпы, этикалық принциптердің Шығыстық менталитетте жетекші роль атқаратынын ескерсек, қазақ педагогикасының құдіретті күші өскелең ұрпақтың бойында адами құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған даналыққа, парасаттылыққа деген құштарлық болып табылатынын баса айтуға болады. Сонымен бірге біз зерттеу барысында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары әлемдік педагогика өкілдерінің педагогикалық ой-пікірлерінде жалғастық тапқанын да ашып көрсеттік.
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық мұрасын қазіргі жағдайда пайдаланудың қажеттілігін әділдікпен бағалау үшін ең алдымен олардың Қазақстандағы педагогика ғылымында алатын орнын анықтау қажет. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен бакалавриат мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес білім тобындағы мамандықтардың ішінен алғашқы тұрған 050101 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 050102 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 050103 - Педагогика және психология мамандықтары бойынша педагогикалық пәндердің типтік бағдарламалары оқып-үйренілді. Олардың мазмұнына жасалынған талдау және пәнді оқып-үйрену үшін ұсынылған әдебиеттермен танысу мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
- Педагогика тарихы пәні бойынша әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық мұрасы арнайы тақырып ретінде оқытылмайды;
- Мектепке дейінгі педагогика, Бастауыш мектеп педагогикасы және Педагогика пәндері бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту барысында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларын пайдалану көзделмеген;
- еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына мәдениеті мен тарихын жаңғыртып жатса да, бағдарламалардың мазмұны күні бүгінге дейін еуропацентризмнің ықпалынан шыға алмай отырғанын айқын аңғаруға болады, оның дәлелі - Педагогика тарихы курсының шетел және Ресей педагогикасының тарихын оқытудан басталып, оған көп сағаттың бөлінуі, Қазақстанда педагогика ғылымының даму тарихының курстың соңында шамалы сағат көлемінде оқытылуы, негізгі педагогикалық ұғымдарды, дидактика мен тәрбие теориясы мәселелерін қарастырғанда шетел, Ресей және кеңестік дәуірдегі ағартушылардың еңбектерін ғана пайдалану, т.с.с.
Мемлекетiмiздiң ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуi қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы мен дамуына байланысты жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалануға ұсынылған жаңа оқу құралдары мен тың зерттеулердің нәтижесінде жасалынған арнайы курс бағдарламаларының дүниеге келуіне себепші болды. Олардың мазмұнын оқып-үйрену және талдау әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық мұрасы бойынша педагогика тарихының мазмұны толықтырылғанымен, әлі де болса олардың педагогика тарихында алатын орны нақты анықталмай отырғандығын аңғартады. Арнайы курс бағдарламаларының мазмұнында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық мұрасы бойынша ауқымды тақырыптар алынғанымен, оқытуға бөлінген сағат саны өте аз және ұсынылып отырған материалдардың көлемі жеткіліксіз. Сондықтан қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына ғылыми негіз болған ғұламалардың еңбектері қазіргі педагогиканың мазмұнын жетілдірудің мәдениеттілік, өркениеттілік және инновациялық бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
- мәдениет педагогикалық құбылыс ретінде педагогиканың мазмұнын жалпы мәдениет кеңістігінде, оның құбылыстары мен мәліметтерін педагогика мен мәдениетті ықпалдастыру арқылы жетілдіруді көздейді;
- өркениеттілік тарихи педагогикалық процесті зерттеуде ғылыми білімдердің жаңа сапалық деңгейін білдіреді, сондықтан ол қазіргі педагогикада әлемдік тарихи процестердің жалпы даму көздерін табуға, педагогикалық теориялар мен жүйелердің ғылыми негіздерін жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан саралауға мүмкіндік береді;
- инновация ғылыми білімнің кеңшары ретінде тарихи педагогикалық ақиқаттың жаңа мазмұнын құруға жағдай туғызады, ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіндегі өткен мен бүгіннің арасын байланыстыра отырып, болашаққа жаңа ұстанымдарды ашып көрсетеді.
Осы бағыттарға сәйкес Қазақстанда педагогика ғылымының мазмұнында мынадай мәселелер шешімін табу керек:
- қазақ педагогикасының кеңістігін кеңейту, ұлттық ой-сананы тарихи-педагогикалық тұрғыдан жүйелеу, қазақ педагогикасының қайнар көздерін дер кезінде ашып көрсету;
- ертеңі жарқын халқымыздың этностық көрінісі пен жалпылама негізін сараптау, әлемдік білім беру кеңістігінде алатын орнын анықтау;
- қазақ педагогикасы саласындағы ғылыми жетістіктерге мән беріп, оларды қолдану аясын кеңейту және пайдалану тәсілдерін жетілдіретін ұжымдасқан үлгіні ұсыну;
- педагогикалық білім саласындағы ұлттық идеяның этностық және отансүйгіштік сипатын көрсету.
Қазіргі таңда ұлттық білім беру бағдарламасын халықаралық деңгейде мойындату, әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз ету, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатымен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне инновациялық педагогикалық технологиялар ретінде қашықтықтан оқыту және кредиттік оқыту технологиясы енгізіліп отыр. Біз зерттеу барысында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларын жоғары білім беру жүйесінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жүйесін жасадық. Оның мазмұнын әл-Фараби педагогикасы, Ж.Баласағұни педагогикасы, М.Қашқари педагогикасы атты элективті курстар бойынша жасалынған оқу-әдістемелік кешендер және курстық кейстер, әл-Фараби педагогикасы, Ж.Баласағұни педагогикасы, М.Қашқари педагогикасы атты оқу құралдары және әл-Фарабидің педагогикалық ілімі, Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімі, М.Қашқаридің педагогикалық ілімі атты электронды оқулықтар құрады.
әл-Фараби педагогикасы, Ж.Баласағұни педагогикасы, М.Қашқари педагогикасы атты элективті курстар теориялық-әдіснамалық және әдістемелік бағытты ұстана отырып, болашақ мамандардың теориялық білімдерін тереңдетеді, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіреді. Олар жоғары оқу орындарындағы Білім тобындағы мамандықтардың (бакалавриат, магистратура) типтік оқу жоспарына сәйкес базалық пәндер цикліндегі таңдауы бойынша компонент ретінде ұсынылады. Элективті курстар бойынша жасалынған оқу-әдістемелік кешендерде пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, курстың тақырыптық жоспары, дәріс сабақтарының тезистері, семинар сабақтарының жоспарлары, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары, курс бойынша жазбаша жұмыстардың мазмұны, өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтары беріледі. Ұсынылып отырған оқу құралдарында ғұламалардың өмірі туралы мағлұмат беріледі, олардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері бүгінгі күндегі педагогика ғылымының теорияларымен байланыста қарастырылып, ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы ашып көрсетіледі.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологияларды барлық деңгейде білім беру үдерісін интенсификациялау құралы ретінде пайдалану қолға алынып отыр. Сондықтанболашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде электронды оқулықтарды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі уақыт сұранысынан туындайды. Біз ұсынып отырған әл-Фарабидің педагогикалық ілімі, Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімі, М.Қашқаридің педагогикалық ілімі атты электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың мәртебесі мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа буын әдебиеттері болып табылады.
Аталмыш жүйені жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде пайдалану біріншіден, қазақ педагогикасының қайнар көздері - әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің дүниетанымын педагогикалық талдаудан өткізу арқылы болашақ мамандардың рухани дүниесін байытады; екіншіден, рухани сабақтастықтың мәдениет пен педагогикалық жүйе тұтастығын сақтауға қызмет ететінін көрсетуге мүмкіндіктер ашады; үшіншіден, қоғамды ізгілендіру тұрғысынан ұрпақтар сабақтастығын нығайту үшін қызмет атқарады, педагогикалық ойлау жүйесін өркениеттік дамудың талаптары бойынша жаңаша бағалауға көмектеседі.
1.3 Әл-Фараби еңбектерінің педагогикамен байланысы.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Ка-тегориялар", "Метафизика", "Герменевтика" мен "Софистикасына" түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды. Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты ибн-Сина (980 -- 1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философының ойын түсіну қиын болды. Сондықган да көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіңдірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық, іс-әрекетін таныта білді. Сон-дықтан да шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани" -- екінші ұстаз деп атаған. Фараби Аристотельдін философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", "Ізгі қала түрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы",
"Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымнын философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шыкты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т. б, ғылымдар жайлы жазған енбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек артық айтқандық емес. Мәселен, Фараби өзінің "Философияны үйрену үшін қажетті шартар жайлы трактат" еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: Бірінші шарт -- философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
1 -- философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
2 -- оның шыққан қаласы;
3 -- философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
4 -- философиялық ағымды тудырған басты себеп;
5 -- философиялық талдауға түскен мәселелер;
6 -- философияның алға қойған мақсаты туралы;
7 -- философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы -- грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады. Екінші шарт -- өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден калған логикалык шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт -- философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт -- философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат -- жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz