Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4
1.1
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
6
1.2
Бастауыш мектептің информатика пәнінің стандартына шолу
11
1.3
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті
14
1.4
Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың қажеттілігі
16
1.5
Бастауыш сыныпта компьютерлік технологияны қолдану
19
1.6
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың ерекшеліктері
23

ҚОРЫТЫНДЫ
27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті бірінші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын - бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіндегі басты мақсат - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,өз бетімен жұмысын арттырумен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын пәндермен үйлестіре отырып, саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Курстық жұмыстың мінеті: Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану.
Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту.
Мектептерде балаларға араналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынын көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштарылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлің мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1. Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары

Бастауыш білім жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында немесе мектептің өз бетінше оқу-тәрбие беруді ұйымдастыратын білім мекемесінің бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Мектептің бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:
∙ оқытудың келесі деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабілеттіліктерін және біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететін қарапайым білім негіздерін меңгерту;
∙ негізгі оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру;
∙ ұлттық тілді, еліміздің мәдени-тарихи ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетті таныту.
Жалпы бастауыш білім оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерін, оқу әрекеттеріне өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениетін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгертуді қамтамасыз етеді. [12]
Мектепке дейінгі жастағы балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға олардың функционалдық сауаттылық негіздерін меңгеру дәрежесін емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетілген мақсаттар бағдарға алынады.
Тестілеудің, бағалау мен әңгімелесудіңбарлық түрлерінің мақсаты - алдағы оқыту процесіне баланың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып түзетулер енгізу.
Мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейінгі жастағы баланың жетістіктерінің деңгейін ескеруі, интенсивті даму жағдайында жеке жұмыс жүргізуі, мектепке дейінгі жаста қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиіс.
Оқу жетістіктері мен даму деңгейлері бойынша жасанды іріктеу арқылы балаларды топтастыруға болмайды.
Бірінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгілі бір табысқа қол жеткізетіндей жағдай жасау және оларды өзін-өзі бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бірінші жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтін әдістері мен тәсілдері пайдалануы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейімделуін жеңілдету мақсатында оқу жектемесін бірте-бірте өсіру арқылы сабақтардың сатылық режимі сақталады. Сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы оқушылардың белсенді демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгіленеді, алайда ол 10 минуттан кем болмауы тиіс.
Бірнеше ауысымда жұмыс істейтін бастауыш деңгейі бар білім беру ұйымдарында бірінші сынып оқушылары бірінші ауысымда сағат 9.00-ден бастап оқытылуы тиіс.
1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан болатын күніне 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап ұзақтығы 35 минуттан күніне 4 сабақ өткізілуі тиіс.
Сабақ кестесін жасауда оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткілікті ұзақтығы үзіліс жасалатындай етіп құрылуы қажет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы). [17]
Бастауыш мектептегі оқыту төмендегілерді қамтамасыз ететіндей екі деңгейде жүргізіледі:
1) Оқушылардың жалпы білімдік дайындығы - ғылым негіздерін оқыту оқу жоспарларының инваррантты бөлігінде белгіленген пәндер тізімі мен оларға арнайы бөлінген сағат көлемі негізінде жүзеге асырылады;
2) Оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - қызығушылықтарына, бейімділіктері мен қабілеттеріне қарай олардың шығармашылық дамуына қажетті жағдайлар жасау [15].
Бастауыш білім беру 2002 жылы бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептің бастауыш деңгейі бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, білім, білік, дағдыларды бақылау және бақылау жүйесін жетілдіру үшін бақылаудың белгілі нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.) оқушылар жетістіктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін аралықты және қорытынды бақылаудың тестік формаларын енгізу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үдерісінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш деңгейінің соңында - 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиіс. Пәндер бойынша бастауыш білім беру стандарты барлық оқушылар меңгеруі тиіс міндетті минимумды белгілейді.
2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы орта білім беру ұйымдарында 2003 жылы ҚР БжҒМ-нің 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003) пайдаланылды.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының 93 бөліміне сәйкес пәндерді оқыту үдерісін оқу-әдістемелік, техникалық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі мен білім беруді басқарудың жергілікті органдары (департаменттер) іске асырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 24 ақпанында мақұлданған ҚР білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық дайындығын жетілдіру болып табылады.
Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі бүгінгі қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негізін құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен анықталады.
Осыған орай білім берудегі ақпараттық технология жөніндегі ЮНЕСКО институтының Бастауыш білім берудегі информатика атты ұсыныстарын, информатиканы оқытудың тәжірибелерін талдау қорытындыларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, 1-4 сыныптарда информатика ғылымы бойынша Ақпараттық мәдениет негіздері пәнін оқытуды ұсынды.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін оқытудың сапасын арт тыру қажет. Олай болса, аталған талапты жүзеге асыру барысында ол пәннің қай сыныптан бастап оқыту қажеттілігі туралы түрлі пікірлер туындауда. Аталған пікірталас негізінде Информатика пәнін оқытуды төменгі сыныптарға көшіру тиімді екендігін практика жүзінде дәлелденіп отыр. Информатика пәнін оқытуды төменгі сыныптарға көшіруде төменгі факторлар негізге алынады:
-кіші жастан баларды ақпараттық қоғамға бейімдеу;
-кіші жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту үшін информатика пәнін пән ретінде енгізу;
-кіші жастағы балалардың ақпараттық мәдинетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық білімділік кеңістікке даярлау.
Аталған факторлар негізінде информатиканы төменгі сыныптарда оқытудың мақсаты анықталды. Мақсат: білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру. Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:
- төменгі сыныптарда (2-6 сыныптарда) информатика пәнін оқытудың тұжырымдамалық негізін анықтау;
- төменгі сыныптарда информатика пәнін оқытудың мазмұнын айқындау;
- информатика пәнін оқытуда оқу- әдістемелік кешені мен программалық құралдарын жасақтау;
- информатика пәнін оқыту нәтижелерін анықтау сыныптарын таңдау. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. [2]
Пәннің негізгі мақсаты балалардың логикалық ойлау қабілетін ерте бастан қалыптастыру т.б. Өйткені психолог ғалымдардың анықтауы бойынша , адамның жинақтаған білімінен гөрі , оның ойлау қабілетінің дамуы, талдау жасай білуі, алынған ақпаратты жалпы тұрғыдан қарастыра отырып, соның негізінде шешім қабылдауы өте маңызды рол атқарады екен. Осы мақсаттан барып мынадай міндеттер туындайды.
oo оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру;
oo компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру;
oo оқушылардың коммукативтік ойлау қабілеті мен шығармашылыққа
бейімділігі дамыту;
oo оқушылардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін , ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет субъектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету. Бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениеттің негізгі базалық ұғымдары жайлы алғашқы мағлұматтары қоршаған ортадан алынған тірі және өлі табиғаттағы нысандар, заттар, ақпараттар түрлері негізінде қалыптасады.
Бұл пәннің бағдарламасының мазмұны оқушылардың мынадай негізгі мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.
oo ақпарат және оның түрлері туралы түсініктер;
oo ақпараттық процестің негізгі заңдылықтары;
oo әрекеттерді жоспарлау және оны сипаттау,нысандардың ерекше
белгілері;
oo нысандарды топтарға бөліп, оларды жіктеу;
oo логикалық модельдер мен тұжырымдар;
oo тұтынушы ретінде компьютерде жұмыс істеу дағдылары;
oo графикалық және мәтіндік редактор;
oo алгоритмдеу және оның атқарушылары;
Сонымен, пәннің мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүре білуге жан - жақты дайындап, олардың өздігінен үйрену әрекеттерін және ізденімпаздық-танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл Ақпараттық мәдениет негіздері пәнін оқыту бастауыш сынып оқушыларын біртұтас ақпарттық білім ортасына тиімді әрі үйлесімді бейімделуге дайындалды. [4]
Пәннің әрбір сыныпқа арналған курсы оның алға қойған тақырыптарын қанағаттандыра алатын тақырыптарға бөлінген. Әрбір оқу жылы басындағы алғашқы сабақтар компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздік ережелерін қайталаудан басталадаы. Сонымен бірге курстың әрбір тақырыбы оқушылардың дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша білімдерін тереңдетіп отырады. Ақпарат, ақпараттық процестер сияқты ұғымдарды оқып-үйрену кезінде қоршаған әлем туралы білім талап етіліп, балалардың абстрактілі түрде ойлай білу қабілеті мен логикалық тұжырымдар жасай білу қасиеттері жетілдіреді. [2]
Бұл пән 1-4 сыныптарда аптасына 1 сағаттан жүргізліп, барлығы 23 сағатты қамтиды.
Оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар.Нені білуі тиіс:
oo компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен техника
қауіпсіздігін;
oo компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін;
oo көздің шаршағандығын қалпына келтіретін негізгі жаттығулар;
oo пернетақта мен тышқан қолтетігінің атқаратын қызмтеін;
oo нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерін;
oo ақпарат және оның түрлері туралы түсініктерді;
oo ақпарат қасиеттерін;
oo ақпарат көзі мен оны қабылдаушы туралы мағлұмматтарды;
oo ақпаратты кодтау туралы мағлұматтаттарды;
oo тізбектің мағынасы мен мәнін және онымен жасалатын әрекеттер
реттілігін;
oo жиындар ұғымын;
oo логика алгебрасының кейбір түсініктерін тұжырым,ақиқат, жалған
және терістеу ұғымдарын;
oo модельдер ұғымын;
oo графикалық және ақпараттық модельдер түсінігін;
oo алгоритм және оның түрлері-сызықтық, тармақтану және циклдік
алгоритмдер туралы мағлұматтарды;
oo графикалық редактордың мүмкіндіктерін;
oo тестік редактордың мүмкіндіктерін.
Бұл талаптар арқылы төмендегідей мазмұндық құрылым анықталады:
-1-4 сыныптар үшін оқушылардаң логикалық, танымдық және алгоритимдік ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ақпарат, компьютер, алгоритм және ақпараттық технологиялар дамытушы компьютерлік ойындар мен алгоритм атқарушылары ортасында қарастырылады;
-5-6 сыныптар үшін оқушылардың логикалық - құрылымдық, шығармашылық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында компьютер, ақпарат, алгоритмдеу атқарушылары және стандартты прогроммаларды қолдану арқылы қарастырылады.
Аталған процестер 1998 жылдан бастап Қостанай обылысының Лисоков қаласындағы аралас мектеп- гимназиясында қазақ сыныптарында информатика пәнін 1-6 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы жасақталды.
Ұсылынып отырған бағдарламаның негізгі идеясы оқушылардың ойлау қабілетін компьютерлік дамытушы ойындар арқылы дамыту мен өзіндік танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық ортада қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағдарламаның тиімділігі оқушылар 7 сыныпта информатиканы оқытуға дайын келеді және мемлекеттік білім стандарттарын терең меңгеруге мүмкіндік береді. Информатика пәнін оқыту арқылы оқушылар ақпараттық мәдинеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.
Сонымен, ұсынылып отырған оқу бағдарламаның мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамның негізгі талаптарын \кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлінің артуы еліміздің информатика мұғалімдеріне үлкен міндет қойып отыр. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдинеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. Пәннің мазмұны тек жалпы дамушылық міндеттерді ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды. [7]
1-6 сыныптарға арналған информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы бастапқы жалпы білім беру мектептеріне арналған.
- қоршаған ортаны жаңа - ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам техника аймақтарында қарастыру;
- оқушылардың теориялық, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлау білуді қалыптастыру;
- ақпараттық құралдарды, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру және дамыту.
Ұсынылып отырған информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы орта мектепте информатика және есептеуіш техника негіздері курсын 2 - 6 сыныптарда оқытуға арналған.
Бағдарлама құрылымы негізінен үш бөлімнен тұрады;
oo 1 -4 сыныптар - Кіріспе курсы (Ойын мен есептпердегі информатика);
oo 5 сынып - Бастапқы даярлау курсы (Ақпараттық мәдениет);
oo 6 сынып - Даярлау курсы (Алгоритмдеу негізі).
Пәннің қай - қайсысы берілген сыныптағы оқытылатын пәндермен тығыз байланысты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін мәселелерді шешеді және алдыңғы курстардың логикалық жалғасы болып табылады.
Оқытудың мазмұны:
1-2- сынып. "Ойын мен есептердегі информатика " аптасына бір сағат, барлығы 34 сағат .
Теориялық бөлім . Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережесі .
Компьютермен танысу. Пернелік тақтамен танысу. "Блокнот " программасы.
Мәтінді өңдеу.
Дамытушы бөлім. Зат туралы мағлұматтар. Зат белгілері. Затты сипаттау. Зат құрамы. Зат қозғалысы. Симметрия. Координаталық тор. Алгоритм түсінігі. Зат қозғалысы. Кері қозғалыс. Мәліметтердің тізбектілігі. Алгоритм . Тармақталу. Жиын. Жиын элементтері. Жиындардың берілу тәсілдері. Жиындарды салыстыру. Құр жиын. Жиындардың бейнелеуі. Жиындардың қиылысуы. Жиындардың бірігуі.
Сарамандық бөлім. Пернелік тақтамен жаттығу жұмысы. Блокнот программасында мәтінді теріп жазу. Компьютердегі мәтіндерді өңдеу. Дамыту ойыны. Дракоша.
3 - сынып. Ойын мен есептердегі информатика аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
1. Теориялық бөлім. Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережесі. Алгоритим ұғымы. Алгоритм қасиеттері. Пікірлер. Тармақталу циклі. PAINT программасы. Құралдар тақтасы.
2. Дамытушы бөлім. Логика ұғымы "Шын", "Жалған", түсінігі, Терістеу. Және, Немесе логикалық амалдар. Графалар. Объектілер. Жиындардың қиылысуы, графалардың жазылуы. Күрделі жиындар. Бағытталған графалар.
3. Сарамандық бөлім. Paint программасынмен танысу. Даяр құралмен жұмыс істеу. Paint программасында суреттер салу. Көшіру. Қиып алу амалдары. Суреттерді сақтау. Салынған суреттерді қағазға басып шығару. Дамыту ойындары.
4-сынып. Ойын мен есептердегі информатика аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
1. Теориялық бөлім. Күрделі алгоритмдер. Тармақталу. Цикл. Алгоритм параметрлері. Кері алгоритм. Жиындар.
2. Дамытушылық бөлім. Заңдылықтар. Ұсақтық. Заңдылық. Ұсақтылық заңдылығы. Ұтымды стратегия. егер онда ережесі. Жиын. Жиын элементтерінің саны. Графалар. Бекіту шынжыры. [6]
Алғашқы кезеңде информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін -өзі дамытуға жағдай жасау . Бұдан білім беруде информатика саласын мектепте окытудың негізгі төмендегі мақсаттары туындайды:
oo оқушыларға алгоритм ұғымын түсіндіру, алгоритмнің жазылу түрлерін , негізгі басқару құрылымдары туралы білімдерді меңгерту;
oo оқушыларды оқу процесінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыруы;
oo қолданбалы жеңіл бағдарламалармен жұмыс жасау мүмкіндігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
oo ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия, ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
Және, немесе, емес сөздері. Және, немесе, емес сөздерін, егер - онда ережесінде қолдану. [1]

0.2 Бастауыш мектептің информатика пәнінің стандартына шолу

Информатика пәні бойынша стандарт ҚР Білім туралы заңы және ҚР жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне байланысты информатика бойынша білім саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік - информациялық амалды жүзеге асыратын ғылымның мағлұматтық табиғат пен қоғамдағы информациялық процесстер жөніндегі маңызды саласының бірі бола бастады.
Информатика пәні оқушыда әлемнің информациялық бейнесі, сонымен қатар қызметтің өзекті тәсілдері жинақталған ғылыми мағлұматтар жүйесінің құрылымдалуына мүмкіндік бере отырып, жалпы білім беру қызметін орындайды. Білім саласының тәрбиелік қызметі оқушыда информациялық қоғам жағдайында сәйкес қызметтер мен тәртіптер тәсілдерін құруда, адамгершілік, гуманистік принциптерге негізделген этикалық түсініктердің көзқарастар мен сенімдерін жасалуынан тұрады. [19]
Информатика орасан даму күшіне ие. Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ойлаудың операциялық - алгоритмдік және мазмұндық - логикалық түрлерінің құрылуына мүмкіндік беретін, негізгі пәндердің бірі болып табылады.
Информатика оқушыда білім - икемділік және дағды жиынтығын қалыптастыра отырып, компьютерді оқу құралы ретінде кеңінен пайдалануды қамтамасыз ететін қызмет ету функциясымен атқарады.
Информатикалық құрауыштар болашақта қызметтің қай саласында жұмыс істеу керек болса да басты технологиялық дайындық ретінде санала бастады. Бұл информатиканы өмір мен қоғам сұраныстарына жақындататын қазіргі заманғы мектеп жасайтын, мектеп дайындығының аздаған инновациялық және қажетті пәндерінің бірі етеді. Бұдан басқа, информатика пәні информатика сабақтарында пәндер мағлұматтарын өңдеу негізінде әртүрлі мектеп пәндерін біріктіруші басты тәжіриебенің шынайы зертханасы, оқытуды ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерінің жаңашылдығы болып табылады. [16]
Информатикапәнін оқыту мақсаттары:
оқушыға информациялық процесстер туралы мағлұматтар негізі және олардың әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін құрылымдаудағы рөлінің түсінікті және берік меңгерілуін қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және компьютерлік техникалардың маңызы және рөлі жөніндегі түсініктерді құрау;
оқушыға компьютерді өзінің оқуында, содан кейін кәсіптік қызметінде саналы және ұтымды пайдалануға дағдыландыру.
Оқушының психологиялық - жас шамасы ерекшеліктерінен шыға отырып, информатиканың пәндік саладағы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін, Мемлекеттік стандарт информатиканы оқытудың бірнеше кезеңдерін ерекшелеп көрсетеді: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінде жүзеге асырылатын бастапқы (пропедивтикалық), базалық және бағыттық (кәсіпалды).
Бастапқы кезеңнің мақсаты - төменгі сынып оқушыларының ойлау мен көңіл бөлудің неғұрлым маңызды құралдарын дамыту, оқу іс - әрекетінде информатиканы оқу мен жаңа информатикалық технологияларды қолдануға дайындау:
жаңа информациялық технологияларды қолдануға психологиялық (тұлғалық-уәждік, зияткерлік, операциялық) дайындықтарды қалыптастыру;
жинақтау мүмкіндік, түйсіну, икемділік, беріктік және дербестік сияқты ойлаудың неғұрлым маңызды құрамдарына жағдай жасау;
алғашқы қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру;
іс-әрекет құрылымдарын құрастыра білуді және бұл үшін мағлұматтар жасауды қалыптастыру;
қабылдау, еске сақтау, шығармашылық елестердің дамуына жағдай жасау;
информатикамен тығыз байланысты білім саласында оқушының ой-өрісін кеңейту;
компьютермен жұмыс істеу элементтерін үйрету, балада компьюдердің мүмкіндіктерін игеруде сезімнің дамуына жағдай туғызу;
компьютерге және информациялық жүйелерге адамгершілік, жауапкершілік қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу. [11]
Информатика пәні бойынша жоспарланған оқыту нәтижелері:
- ақпараттың түрлері мен қасиеттерін біледі;
- ақпарат тасығыштардың міндеттерін ажыратады;
- ақпаратты қорғау құралдарының міндеттерін біледі;
- ақпараттың берілу тәсілдерін меңгереді;
- өңдеу ұғымын түсінеді;
- ақпаратты өңдеу іс-әрекетін жоспарлай алады;
- практикалық есептерді жоспарлау тәсілін меңгереді.
мәтіндік, сандық, графиктік, дыбыстық ақпараттарды өңдеу туралы түсінігі болады;
ақпараттарды іздеу, сақтау, беру туралы түсінігі болады;
компьютерге ақпаратты енгізу тәсілдерін біледі;
компьютерден ақпаратты шығарады;
компьютерде ақпаратты сақтай алады;
бағдарламаны жұмысқа қоса алады;
мәтіндік, графиктік редакторлармен жұмыс жасай біледі;
калькулятор редакторын пайдалана алады.
- басқа оқу пәндерінде компьютерді қолдана алады;
қоғамды ақпараттандыру туралы ұғымы;
ақпараттық мәдениет туралы ұғымы болады;
қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар туралы түсінігі болады;
- іс-әрекеттік және өзіндік - бағытталған талаптарды орындайды;
- интеллектуалдық және практикалық іс-әрекеттерді меңгереді. [20]

0.3 Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті

Мектептегі Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өңделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа Информатика және есептеуіш техника негіздері мектеп пәні бағдарламасының машиналық нұсқасы ретінде енді. [13]
Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі компьютерлік сауаттылық түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым оқушылардың ақпараттық мәдениеті ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні оқушыларда:
:: практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;
:: қойылған есептердің формалды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым математикалық модельдерін құру икемділігін;
:: негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық моделъдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін;
:: ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және құрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін бағдарлама құрудың қарапайым дағдыларын;
:: практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс. Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндеті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылад. Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан ақпараттық мәдениет ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. [14]
Практикалық есептерді шешудің барлық кезендерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз.
Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік - компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда ЭЕМ-мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану және осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну дағдыларымен сәйкес келеді. Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды- әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жүмыс істейтініміз белгілі. Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады: АлгМКСАқМ? Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның машиналық нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді. Сонымен бірге, ақпарттық мәдениет термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты. Ал қазірггі кезеңде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қажет екені белгілі болып отыр. Ақпараттық мәдениет дегеніміз не ? Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдында тұрған міндет - оқушыға әлемнің ақпараттық бейнесін түсіндіру. [11]
Ақпараттық бейне дегеніміз не? Ол оқушыға өзін қоршаған ақпараттық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін ақпараттық байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтығы; ақпараттық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру - деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина.
Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына информатиканы проблемалық оқыту
Пәндер