Этнопедагогиканың әдіснамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Этнопедагогика мазмұны

Орындаған: Ақбай Сабира

Алматы, 2019ж
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Этнопедагоиканың мақсат пен міндеттері
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Орта ғасыр данышпаны Әл - Фараби: Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл сөзінен туындайтын тағылым - тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім - жетім, жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген қорытындыға келеміз.
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екені белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу үрдісі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салалаларымен қатар оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласы қарастырылады.
Халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың алғашқы құралы және тәрбие жүйесі қызметін атқарып келді. Яғни, осыдан ғылыми педагогикамен халық педагогикасының тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік - идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары - халықтық педагогиканы ой-елегінен өткізіп, зерттеп тәрбие оқу-ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика осылай пайда болды.
Этнопедагогика дегеніміз - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірибесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Халықтық педагогика - белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс-тәжірибесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым - этнопедагогика. Олай болатын болса этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз.

Этнопедагоиканың мақсат пен міндеттері

Этнопедагогиканың зерттеу нысаны-халық педагогикасы. Халық педагогикасы-халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріе негізделген бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика-халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудгі тағылымдарын ғылыми жүйеге клтіріп зерттейтін, оың тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық, салт-дәстүрді, өнерді дәріптейті, ана тілі м дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой патриот азамат тәрбиелеу.
Этнос гректің etnos-тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда халық терминінің орнына этнос трмині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі- тайпа, ұлыс (народность), ұлт ұғымын түгл қамтиды. Оның үстіне, халық сөзінің бір топ адам (мәселен, адам жиналы десек) дегн мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан, этнос терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді.
Әдеп-Ғұрып дегеніміз-блгілі ір қоғамда немесе ұжымда блгілі бір тарихи жағдайға байлаысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәптіптің түрі. Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт-адам өмірінің күделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері ме жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өміріде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Ал дәстүрдің өресі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр-қоғамдық сананың барлық салаларымен айланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдт-заңын марапаттайтын рәсім.
Дәстүр-тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастың нормада ьір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшлріне ортақ әдт-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Ал жол-жоралар ырымдар-әдет-ғұрыптың бөлшктері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды.
Этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдеріне ХVII- ХVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде Қазақ этнопедагогиасының қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Ғылымның компоненттері
Этнопедагогика - жас жеткіншекті тәрбиелеудегі халық бұқарасының тәжірибесін, олардың педагогикалық көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: бойында ақыл, қайырымдылық, еңбекқорлық қасиеттері бар жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу; Негізгі міндеттері: · Халық педагогикасының ерекшелігін, оның пайда болуын, дамуын және қазіргі замандағы жағдайын, халық өміріндегі орнын, адамзаттың педагогикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу; · Халық тәрбиесінің негізгі категориялары мен заңдылықтарын айқындау; · Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру процессін зерттеу; · Халық педагогикасының педагогикалық ғылыммен байланысын айқындау;
Обьектісі
Халықтық педагогика
Пәні
1.Жалпы халықтық педагогикалық мәдениет аймағы. 2. Халықтық педагогика: · негізгі педагогикалық түсініктер; · бала тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде; · тәрбие функциялары; · тәрбиенің факторлары; · тәбие әдістері; · тәрбие құралдары; · адам тұлғасын жетілдіру идеясы; · тәрбиені ұйымдастыру; · адамның өмір сүруіндегі педагогикалық маңызы; халық тәрбиешілері;
Функциясы
· Этникалық педагогика тарихи жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған ұлттық мінез- құлықтың ерекшеліктерін зерттейді. · Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған құнды педагогикалық байлығымызды насихаттау. · Халықтық педагогикалық салт-дәтүрлердің сақталу себебін анықтау және қазіргі қоғамның рухани өміріне ену механизмін анықтау; · Үлкен және кіші мөлшердегі халықтардың тәрбиелік ерекшелігін түбегейлі зерттеу;
Әдістері
Этнографиялық, бірақ педагогикалық обьектіні зерттеуге бағытталған әрі педагогикалық мазмұнға толы және басқа да ерекше педагогикалық әдістермен өзара бірлестікте. Педагогика пәнінің қарастыратын мәселелерін ысырып, халық түсінігіне сәйкес бір адамзаттық ғасырды толық педагогикалық цикл ретінде қарастыратын этнопедагогикалық тәсіл.(Адам немере болып туады, ата болып өледі)
Принциптері
Табиғилық (Волков бойынша) табиғатпен үйлесімділік, бейбітшілік, келісімділік жағдайында болу; Ұлттық және жалпы адамзаттық, жалпы және жеке меншік бірлігі принципі жасерекшілік кезеңденуінде табиғатпен ұқсастығы басым болады: бір жағынан этникалық ерекшеліктер зерттесе, екінші жағынан халықтық педагогикалық мәдениеттін бірлігі анықталады. Халықтық принципі.
Категориялары
· Халықтық педагогика · Халықтық педагогикалық шығармашылық · Халықтық педагогиканың негіздері · Балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде · Тәрбиенің халықтық құбылысы · Халықтың педагогикалық мәдениеті · Халықтық тәрбиенің ерекшеліктері: мирасқорлық, табиғилық, синкритизм, бұқарашылдық. · Этнопедагогика · Этнопедагогикалық тәсіл · Этнопедагогиканың объектісі · Этнопедагогиканың пәні
Заңдылықтары
Халық мәдениеттің деңгейі қай салада болмаса да, халықтың педагогикалық мәдениетінің деңгейін анықтайды. Халық педагогикасындағы нашар тәрбие болашақ ұрпақтың жүріс-тұрысының төмендеуімен байланысты болады. Халық педагогикасында тұжырымдардың тұтас иерархиясы орын алады, жалпылаудың әр сатысында адам жоғарылай береді. Жалпы заңдылық - игі ұлттық әрқашанда интернационалды.

Этнопедагогиканың әдіснамасы
Этнопедагогика пәні халықтық педагогика болып табылады. Ал Этнопедагогика терминінің бірнеше анықтамасы бар. Г.Н.Волков этнопедагогика халықтық (табиғи, қарапайым, бейресми, мектептен тыс, дәстүрлі) тәрбиенің тарихы мен анықтамасы болып табылады, этнопедагогика этностық топтардағы бала тәрбиесі мен білімі негізіндегі отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстың, ұлттың байырғы құндылықтар мен моральдық - этикалық және эстетикалық көзқарастарының эмпирикалық тәжірибесі туралы ғылым болып табылады деп көрсетеді. К.Ж. Қожахметова этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдық бөлшегі ретінде, этнография, этнофилософия, этностық мәдениет және этнопсихологияның тоғысқан жерінде қалыптасқан саласы ретінде қарастырады. Ол этностық тәрбие жүйесінде отбасында және білім мекемелерінде үздіксіз жүзеге асырылатын пән болып табылады. Т.И.Огородников этнопедагогиканы этнографиямен және фольклористикамен байланыстыратын жаңа сала ретінде бағалайды. Т.Н.Петрова этнопедагогиканы халық тәрбиесімен теориясы ретінде түсіндіреді. Жоғарыда көрсетілген этнопедагогика терминінің тұжырымдай келе, жалпы түрде және қысқаша айтар болсақ, оның халық педагогикасы ғылымына жататындығын көруге болады. Әр халық өзінің тарихи даму кезінде өзіндік тәрбие тәжірибесін жасады, өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде өздеріне тән тәжірибе жинақтады. Сондықтан қазақ, татар, т.б. халықтар этнопедагогикасы толық негізделген, сонымен қатар барлық халыққа ортақ жалпы педагогикалық көзқарастары да бар. Мұндай көзқарастардың болуы бұл халықтың тарихи және географиялық дамуының ортақ болуы, жалпы адамзаттық рухани инабаттылықтардан туындаған мақсат, мүдделернің ортақтығынан, педагогикалық дәстүрлерінің өзара әсерінен туындаған.
Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық заңдар мен заңдылықтарға, педагогикалық принциптерге бағынады.
Ғалым В.В. Краевский: Түсінбеушілік методологиясының анықтамасы мен міндеттерінен басталады... дей келіп, педагогика аймағындағы іс-әрекеттің үш түрінің байланысын: практикалық, арнайы - ғылыми және әдіснамалық зерттеу формаларын береді. В.В Краевский ғылым мен практика үшін үлкен маңызы бар, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысады: педагогиканың методологиясымен айналысу деген не? Педагогика методологиясымен кім айналысуы керек? Методологиялық білім алудың қандай әдісі бар? В.В Краевский практикалық іс-әрекеттен бастайды. Оның субьектісі (педагог, тәрбиеші) педагогикалық іс-әрекеттің құрамына кіретін, әртүрлі білімдерді қажет етеді. Олардың жиынтығын автор методологиялық қамтамасыз етілу деп атайды, яғни зерттеуші ғылыми танымның субьектісі ретінде арнайы іс-әрекетпен айналысады және ол да өзінің іс-әрекетінде ғылыми қамтамасыз етілуді қажет етеді.
Ғалым В.В. Краевскийдің белгілеуінше, педагогиканың методологиясы өзінің реттеушілік функциясын күшейте отырып, педагогикалық шынайылықты және тікелей ғылыми іс-әрекетті туғызады. Осылай байланыстыра отырып, педагогикалық шынайылықты және тікелей өзінің көзқарасын келесі түрде көрсетеді: педагогика методологиясы - бұл тек педагогикалық шынайылықты көрсететін, білімді игерудің амал-тәсілдерінің принциптері және педагогикалық ғылымның құрылымы мен негізі туралы білімнің жүйесі ғана емес. Сонымен қатар, ол арнайы-ғылыми педагогикалық зерттеулердің методологиялық қамтамасыз етілудегі іс-әрекет жүйесі болып табылады. Олай болатын болса, педагогикалық практикалық іс-әрекет - педагогикалық ғылымдардың обьектісі, ал ғылыми іс-әрекет- педагогикалық ғылымның методологиясының обьектісі (Кесте бойынша талдау жасау)
Методологиялық қамтамасыз етілу: методологиялық іс-әрекеттің анағұрлым көп таралған түрі - зерттеуді методологиялық қамтамасыз етудің қалыптасуы.
В.В. Краевскийдің еңбектерін талдағанда, бұл этнопедагогикалық зерттеулер көбінесе педагогиканың шарықтауына бағытталған, іс-әрекеттің арнайы ғылыми сипатында болғандығын көрсетеді. Педагогикалық теория және методологияның қатынасы туралы сұрақтар бойынша ғалымдардың пікірлері:
В.В. Краевскийдің көсқарасымен мына тұрғыда сәйкес келеді, яғни методологиялық білімнің мәні тек білім және таным туралы емес, сонымен қатар сәйкес келетін обьектінің қайта пайда болуы туралы білім ретінде де:
1. Танымдық құралдардың дамуына және зерттеулерге бағытталған методологиялық талдаумен сәйкес келеді.
2. Шынайлықтың кейбір обьекті аймағының шарықтауына және зерттеулерге бағытталған нақты-ғылыми талдаумен сәйкес келеді.
Олардың пікірінше, методологиялық, теориялық, эмпирикалық білімнің тығыз байланысын және шынайылықтың өзі қазіргі методологиялық анализдің дамуының ерекшелігін қажет деп санаған.
Этнопедагогика үшін методологиялық білімнің қалыптасу көзі біріншіден, обьективтіліктің, танымдылықтың, детерминизмнің, дамудың, тарихилықтың, теория мен практиканың бірлігінің - материалистік принципі болып табылады.
Екіншіден, жалпы ғылымдық әдістер - анализ, синтез, дедукция, индукция, аналогия, идеализация, салыстыру, бақылау, эксперимент, өлшеу, модельдеу, және т.б., Үшіншіден, этнопедагогика аймағындағы арнайы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, сонымен қатар педагогтардың практикалық іс-әрекеті.
Этнопедагогиканың өзекті идеясы - бұл этнология, этнопсихология, этномәдениет т.б. жеке ғылымдарда белгілі болған зерттеу құралдары мен әдістерінің қатынасы мен дамуына байланысты пайда болған, ғылыми білімнің ерекше бөлігі ретінде қатысатын ғылыми зерттеудің методологиясы болып табылады.

Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні.
Этнопедагогиканың өлшем, көрсеткіш сияқты т.б этнопедагогикалық айрықша белгілері болады. Аталған белгілер халықтық тәрбиенің жалпы бағалауына сүйенеді. Осындай белгілерге сәйкес халықтық тәрбие нақты айқын нышандарымен анықталады. Жалпы айтқанда: белгілі бір мақсаттарға бағытталған жағымды жеке қасиеттерді меңгеретін жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталады; табиғи жағдайларда жүргізіледі, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым - қатынас табиғи қатынас болып табылады (табиғилық); ұрпақтар тәжірибесі сабақтастығын жалғастыруда барлық тәрбие түрлері мен әдіс - амалдарын қолдануға негізделеді (сабақтастық); жоғарғы тиімділігімен сипатталады (әрекет жасау); уақытпен шектелмейді және тұтастай - формалды, мектептен тыс тәрбиеге қарағанда жеке бөліктерден тұрмайды (үздіксіз болу); өмір сүру барысында барлық процеске қатысады (педагогикалық циклдың толық болуы); нақты, қатаң түрде шектелген тәрбиешілер болмайды, барлығы да халық - тәрбиешісі (тәрбиешінің көпшілдігі); халықтық тәрбие құралдарының барлық бай кешені, түрлі әдіс - тәсілдері қолданылады (өзара әсер ету тәсілінің қиыстырылуы); тәрбиенің әр түрлері мен тәсілдері қолданылады, жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттері қойылмайды, толыққанды адамды тәрбиелеу көзделеді (тәрбиеге кешенді түрде бетбұрыс); табиғи бөлшек ретінде табиғат заңына бағына отырып, адам дамуының заңдылығын сақтау (табиғи үйлесімділілік); тек сыртқы әсері ғана емес өзін-өзі тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлуді ескеру (тәрбиелеуде тәрбиеленушілердің қатысуы) т.б. Осылайша, этнопедагогика халықтың тәрбие жөніндегі білімін педагогикалық көзқарастарын жинап, талдап, жүйелейтін ғылым. Оның жалпы құрылымында ұрпақтан ұрпаққа берлілетін ұлттық тәрбиенің тарихи, мәдени заңдылықтары жатыр. Этнопедагогика жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында баланы тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретінде зерттейді, халықтық тәрбиені ұйымдастырады, халықтың негізгі педагогикалық түсініктерін зерттейді. Этнопедагогиканы зерттеу саласына, сондай-ақ, қоғамдық және әлеуметтік әсер ету үдерісі жатады.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары -- халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде, адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны -- табиғатты өзiне икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң алғашқы адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi қағидалары өмiрлiк тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық бiлiм болып келуi, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөнi халық жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен ой түйiндерi сол халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң мәңгi сақталып, ал тозығының бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып калуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып келуiнде)", деп саралай көрсете келдi де, "халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады" (16, 7), -- дейдi.
Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың "Этнопедагогика" атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: "Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi" (16, 6), - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ педагогикасының тарихы
Әдеби бастаулардың түрлері
Оқу процесінің мəн-мағынлары
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Салдық өнер
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Пәндер