Жеке тұлғаны дамыту және тәрбиелеу деген түсініктерді қалыптастыру және дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бала - педагогикалық үрдістің обьектісі және субьектісі ретінде.
Жеке тұлғаны дамыту және тәрбиелеу деген түсініктерді қалыптастыру және дамыту.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.).
Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың "өзегі" бар деп мойындайды, олар оны "Мен- жүйе" немесе жай ғана "Мен" деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері - оныңсаналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір - қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. "Даралық" ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым "индивид". Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы "жекелік". Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спралды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, "теріске шығарылады"). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама- қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т.б.). Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады. Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуінегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай- ақ танымдық және шығармашылық іс- әрекетіндегі, оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.

Бала - педагогикалық үрдістің обьектісі және субьектісі ретінде.
Оқушылар ұжымындағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. Ол ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді. Олар: ұжым - басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Балалар ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі. Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оқу іс-әрекеті болып табылады.
Оқушы ұжымының бірнеше кезеңдері бар. Ұжымды дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған "құрама сынып" оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Айтылған кезеңде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Балалар ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болатындығында.
Педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі "педагогтар-оқушылар" жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас "педагогтар-оқушылар" жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Ұстаздың ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Мұғалімге, сынып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтендіру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы
Пәндер