Халықтық педагогика көздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Этнопедагоиканың мәндік сипаты
Этнопедагогиканың заңдылықтары мен негізгі қағидалары.
Халықтық педагогика көздері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстанымдық - идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан - жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда. Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысының мәні зор.
Әр этностың өзіне тән материалдық мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын анық аңғаруға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыды қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім - тәрбие беруге болады.
Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт - дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан - жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.

Этнопедагоиканың мәндік сипаты
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Г.Волков, К.Кожахметовалардың басқаруымен жарық көрген Қазақстан халқының этнопедагогикасы авторлар ұжымы еңбегінде Біз этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ол этнография, этнофилософия, этникалық мәдениет және этнопсихология ғылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы. Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасі өмірінде және білім беру мекемелеріндегі ұздіксіз іске асатын этникалық сананы, ұлттың психикалық ерекшелігін, мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік ерекшеліктерді есепке алу деп түсіндіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының тарихи даму сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттеу деп түсінуіміз керек екен.
Осындай байланыс тұрғысында білім беру үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі, оқушы тұлғасынан қалыптасуы өз этносы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.
Ең бастысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерімен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған. Демек, қай ғылымның болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері бар. Олар - шәкірт, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, әдеттендіру, жаттықтыру және т.б. ал тәрбие түрлеріне мыналар кіреді: дене, еңбек, экономикалық, ақыл-ой, әсемдік, экологиялық, адамгершілік, ерлікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз тәрбиесі.
Профессор С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп анықтауды П.Плеханов ұсынған төмендегідей әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған жөн деп есептейді. Олар мына төмендегілер:
Идеялардың (ой-пікірлердің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму үрдісіне тәуелді екендігін анықтау;
Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру;
Тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Сонымен бірге ғылым бұл талаптармен қатар тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі: деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет екенін атап көрсетеді.
Этнос гректің - ethnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда халық тетминінің орнына этнос термині орынды қолданыла бастады. Сондай-ақ, біз ғылыми дәйекті анықтама берген таризшы ғалым Л.Гумилев екеніне көз жеткіздік. Л.Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсініктердің болғанын айта келіп, оларды төмендегідей алты топқа жіктейді.
Біреулер этнос - тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы дейді. Үшіншілері этнос - бір - біріне ұқсас адамдар тобы дейді. Ал бесіншілері этнос - белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы десе, алтыншылары этнос - табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория деп жіктеп береді. Тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезеңдері шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.
Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатқа ие болады.
Екінші кезеңді сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.
Үшінші кезең - Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғ.ғ. қамтиды деп көрсеткен.
Төртінші кезең - Араб-шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері деп топтап, бұл 10-15 ғ.ғ. қамтиды делінген.
Бесінші кезең - Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.
Алтыншы кезең - Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық - демократиялық идеялардың өрген жаюы.
Жетінші кезең - Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Сегізінші кезең - Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандауы.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерін сөз етпес бұрын біз алдымен этнопедагогикалық түсініктерге берілген анықтамаларға тоқталып, олардың ара-жігін анықтап алуды жөн көрдік.
Өйткені, ұлттық тәлім-тәрбие туралы әңгіме қозғағанда халықтық педагогика деп көп айтамыз. Ал осы халықтық педагогика дегеніміз не? Осыған тоқталып көрелік. Педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда халық педагогикасы деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олар: 1) халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен); 2) әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; 3) халықтың педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі; 4) халық тәрбиесі туралы ғылым.
Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы.
Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру деп жазылған.
Белгілі ғалым Е.Христова өзінің Об уточнения понятиного аппарата этнопедагогики деген мақаласында халық педагогикасын - халықтың таптық, педагогикалық санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы - белгілі ұлттық педагогиканың санасы ретінде қарастырған орынды деген пікір айтады. Г.Виноградов пікірінше, халық педагогикасынпедагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастырған жөн.
Этнопедагогика ұғымына тұңғыш рет дәйекті, ғылыми анықтама берген ғалым Г.Волков халық педагогикасы - халықтың ауыз әдебиетінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы... Халық педагогикасы - халық қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы дейді.
Этикалық сөздікте Әдет-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе ұжымды белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік әр түрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды.
Яғни бір қоғам ішндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-әрекетінін және күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе көзқарасында бірінғайлылық әрекеттін болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады. Ал дәстүр дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқынын ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі деген анықтама берілген.

Этнопедагогиканың заңдылықтары мен негізгі қағидалары
Халық педагогикасының негізгі қағидалары
Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. "Ақылын, жасын берсiн" деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу, ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында "Бiрiншi байлық -- денсаулық" деген ұғым өзектi орын алған. "Денi саудың жаны сау", "Ас адамның арқауы", "Ауру астан" деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың, яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән саулығы үшiн жасалған әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. "Жаным -- арымның садағасы" деп, арды адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм -- халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының бiрi. "Отан от басынан басталады" деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi принципi деп бағалаған. "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Жақсы - көпке ортақ", "Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды" деген өсиет тәрбиеден өзектi орын алған.
6. Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында "Шынықсаң шымыр боласың" деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген.
Халық педагогикасының "Сегiз қырлы, бiр сырлы", "Толық адам" тәрбиелеу қағидалары
Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру
Еңбексүйгiш, елгезек етiп тәрбиелеу Тән сұлулығын қарастыру, әсемдiкке баулу Адамгершiлiк қасиеттерге (iзгiлiкке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа т.б.) тәрбиелеу Отансүйгiштiкке,ұлтжандылыққа бүкiл адам баласын сүюге тәрбиелеу "Жiгiтке жетпiс өнер аз", "Өнер өрге сүйрейдi" деп қарап, өнер мен бiлiмдi насихатттау
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеу Дененi шынықтыруға тәрбиелеу
7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға "Өнерлi өлмейдi", "Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады", "Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра" дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған.
8. Адам өмiрi мәңгi табиғат құшағында өтетiн болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесiктен жер бесiкке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегi, аңыздар шығарған.
Мұның бәрi сайып келгенде "Сегiз қырлы, бiр сырлы" еңбексүйгiш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негiзделген.
"Сегiз қырлы, бiр сырлы" азамат тәрбиелеудiң ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды "Кiшкене болса да өнегелi, ақылды", "Ақылды да сүйкiмдi", "Қайырымды жiгiт" деп санаса, таулықтар "Нағыз жiгiт" деп атайды. Ал чукчалар "Адал өмiр сүретiн азамат" дейдi. Ол теңiзде жүзгiш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билiкте-әдiл, еңбекте-шебер, өмiрде бiрлiкшiл, сөзде - шешен, атыста - мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, iзгi жүректi адамды "иманжүздi, құдайы бар азамат" дейдi.
Ал қазақта сегiз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгiш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақ педагогикасының тарихы
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
Халықтық педагогика түрлері
Пәндер