Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы


Реферат
Тақырыбы:
Орамжапырақтар технологиясы
Дайындаған: Аміржан Ақмарал
Тексерген: Айым Ерболовна
Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл
Мазмұны
- Кіріспе
- Орамжапырақтар тұқымдастарына жалпы анықтама
- Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
- Орташа және кеш пісетін орамжапырақтардың агротехникасы
- Қырыққабат өсіру технологиясы
а) Қырыққабат өсімдігінің шығу тарихы
ә) Қырыққабаттың қоректік құндылығы
б) Қырыққабатты өсірген кезде қойылатын талаптар
в) Қырыққабат аурулары мен зиянкестер және олармен күресу
- Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы.
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Орамжапырақ - шөптесін және көпжылдық өсімдіктер қатарына жатады. Оның түсі ақ, жасыл және қызыл болып келеді. Оның адамға белгілі үш мыңдай түрі бар. Қазақстан жеріндегі он бес түрі қызыл кітапқа енгізілген. Орамжапырақ адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында А, В, С және РР сияқты витаминдер кездеседі. Ерте кездерде ақ түсті орамжапырақтың жапырақтарын жараларға қойып, емдік қасиеті үшін медицинада да қолданған екен. Орамжапырақтар тенологиясын 2 топқа бөлуге болады. Олар Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы және Орташа және кеш пісетін орамжапырақтардың агротехникасы. Ерте пісетін орамжаырақтар агротехникасын брокколи, савой оражапырағы жәнеде кольраби орамжапырағын жатқызуға болады. Ерте пісетін орамжапырақты, жақсы өсуі үшін, жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ерте пісетін орамжапырақты тек көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай: аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге, мамырдың бірінші онкүндігінде отырғызады, солтүстігінде - мамырдың орта кезінде. Орамжапырақты отырғызу тәсілі өнімділікке және оның жинау мерзіміне әжептәуір әсерін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей өсімдіктерді оңтайлы жиілігіне дейін жеткізу өнімділікті едәуір көтереді. Ерте пісетін орамжапырақты орта есеппен 10 күн сайын суарады, ал ауа райы ыстық болғанда - 6-7 күн сайын. Жалпы бұл өсімдікті өсу даму кезінде 8-10 рет суарады. Ерте пісетін орамжапырақ бір мезгілде піспейді. Сондықтан оларды пісуіне қарай 3-4 рет таңдап, қаудандарын пышақпен кесіп алады. Салмағы 0, 4 кг жеткен қаудандар өткізуге жарамды деп саналады, оларда ластанудан және тасымалдағанда зақымданудан сақтайтын 2-3 жасыл жапырақтары болуы керек. Ерте пісетін орамжапырақтың өнімін жарым жартылай механикаландыру үшін ТН-12 ілінгіш транспорттарды қолданады. Ал Орташа және кеш пісетін орамжапырақтың сұрыптарын, ерте пісетін орамжапырақ сұрыптарына қарағанда, жер асты сулары жақын орналасқан топырақтарда, көшетпен және көшетсіз өсіреді. Көшетпен өсіру Орташа мерзімде және кеш пісетін орамжапырақтарды ойпаң телімдерде орналастырады, ең дұрысы - өзен және су жайылмасы. Отырғызуға 35-40 күндік көшеттерді пайдаланады. Кеш пісетін орамжапырақтың көшеттерін отырғызудың ең дұрыс мерзімі маусымның 10-нан 15 дейін . Олардың отырғызу мерзімін дұрыс таңдау өте маңызды. Орташа және кеш пісетін орамжапырақ жүйелі түрде суаруды қажет етеді. Қаудан байланғанша орамжапырақты 8-10 тәуліктен кейін суарады, ал пісіп жетілген кезінде әрбір 10-12 тәулік сайын. Суландыру аралықтарында ұзақ үзілістер болмағаны дұрыс. Ол қаудандардың толуын тежейді, өнімді кемітеді және ең бастысы қаудандардың көптеп жарылуына әкеп соғады да, бұл тауарлық өнімнің деңгейін күрт төмендетеді. Өнімді жинауға 2 апта қалғанда суландыруды тоқтатады. Жалпы өсу даму кезеңіне 10-12 рет суарылады. Орамжапырақты көшетсіз өсіру көшет тәсілімен салыстырғанда тиімдірек болып келеді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ деректерінде көшетпен өсірген орамжапырақтың гектарлық өнімділігі 386 ц болған, ал көшетсізінікі - 397 ц. Аз шығынға байланысты 1 ц өнімнің өзіндік құны 20 % төмендеген. Көшетсіз өсірілген орамжапырақ суыққа шыдамды, 4-5 °С уақытша ызғарларға күйзеліссіз шыдайды. Өсу үдерісі кезінде топыраққа терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесін дамытады, бұл өсімдіктің қорекпен және сумен қамтамасыздануын жақсартады. Бұл суару арасындағы ұзақ үзілістерге және жаздың жоғары температурасына шыдауға мүмкіндік береді. Көшетсіз өсіргенде өсу даму кезеңі 13-15 тәулікке қысқарады. Осы орамжапырақтар технологиясые тереңірек қарастыру үшін біз орамжапырақ тұқымдастарының өкілі - Қырыққабатты алдық. Қырыққабаттың отырғызу тәсілін, өсіп келе жатқан тұқымға өойылатын талаптар, зиянкестерден қорғану тәсілін, топырақты қанадй тыңайтқыштармен құнарландыру керек соның бәрін қарастырдық.
Орамжапырақтар тұқымдастарына жалпы анықтама
Орамжапырақ тұқымдасы (лат. Brassicaceae), немесе крестгүлділер тұқымдасы (лат. Cruciferae) - қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы - біреу. Наурыз - тамыз айларында гүлдейді. Жемісі - бұршаққын, кейде жаңғаққа ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (қырыққабат, шалқан, шалғам, тарна, т. б. ), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т. б. ), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т. б. ), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т. б. ), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар. Мысалы, Попов ақшешегі (Arabіs popovіі), шымыр ергеш (Stroganovіa robusta), жіңішке пайыз (Stubendorfіa gracіlіs), тағы да басқа Орамжапырақты өсімдіктер әртүрлі өнім мүшелерін қалыптастырады: қаудан - ақ, қызыл және савойлық орамжапырақтарда, қолтықтық бүршік (қауданшалар) - брюссель орамжапырағында; жұмыргүл - түсті орамжапырақта; жуандаған сабақ - кольрабиде. Орамжапырақтарды өсірген кезде агротехникалық шаралар гүлсидамды сабақтың болдырмауына жағдай жасауы керек, себебі гүлсидамы пайда болса, жапырақтары қатайып, тағамдық және дәмдік сапалары нашарлайды.
Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Ерте пісетін орамжапырақты жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек Сүдігерді жыртқан кезде әр гектарға 40-50 т орташа шіріген қарашірінді және 4-5 ц суперфосфат еңгізеді. Топырақта калий жетіспегенде суперфосфатпен бірге 1, 2-1, 5 ц хлорлы калий еңгізеді. Көктемде культивацияның алдынан гектарына 3, 0-3, 5 ц аммиак селитрасын еңгізеді. Ерте көктемде танапқа тырма жібереді, содан кейін культивациямен бірге тырмалап, топырақты шығыршықты таптағыштармен тығыздайды. Ерте пісетін орамжапырақты тек көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай: аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге, мамырдың бірінші онкүндігінде отырғызады, солтүстігінде - мамырдың орта кезінде. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және өнім жинау мерзімін кейінге шегереді, бұл ерте пісетін орамжапырақ технологиясының экономикалық тиімділігін төмендетеді. Қыш құмырада және құмырасыз өсірген көшеттерді СКНБ-4А немесе СКН-6А көшет отырғызатын машиналарымен отырғызады. Қолмен отырғызғанда танапта алдын ала қашау табанды культиватормен, танаптың ұзын бойына 13-14 см тереңдікке қарықтар жыртады. Көшет отырғызар алдында дайындалған телімнің әр гектарына 200-250 м3 су жіберіп суландырады. Көшетті шотпен жасалған топырақ ұясына отырғызады. әрбір ұяға алдын ала мұқият араластырылған 200-300 г қарашіріндіні және 10-15 г суперфосфатты салады. Ұядағы органикалық және минералды тыңайтқыштар орамжапырақтың өнімін едәуір көтереді. Қыш құмырада және топырақ текшесінде өсірген көшеттерді отырғызғанда ұяларға тыңайтқыштарды салмайды, себебі олар құмыраларда бар. Құмыраларды ұяларға отырғызғанда олардың кемері топырақ бетінен 2-3 см төмен болуы керек. Орамжапырақты отырғызу тәсілі өнімділікке және оның жинау мерзіміне әжептәуір әсерін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей өсімдіктерді оңтайлы жиілігіне дейін жеткізу өнімділікті едәуір көтереді. Көшетті қажетті тереңдікке, алғашқы кәдімгі жапырағына дейін, өсу нүктесін (өзегін) жаппай отырғызу - өте маңызды. Саяз отырғызылған өсімдік нашар бекиді, топырақта нашар орналасады және оңай сынады
Орамжапырақ көшетін отырғызу: а-дұрыс емес; тым терең; б-дұрыс емес, саяз.
Қазіргі кезде ерте пісетін орамжапырақтар төмендегі сұлбамен отырғызылады: қатараралығы - 70 см, қатар бойында - 30 см. Бір гектарға 47, 6 мың өсімдік отырғызады. Отырғызғаннан соң ізінше көшетті судың аз мөлшерімен - 250-300 м3 суарады. 4-5 тәуліктен кейін жойылған өсімдіктердің орнына жаңа көшеттер отырғызады. Отырғызуға шымыр, жақсы жетілген көшетті, тамырға жабысқан топырағымен бірге алады, ең дұрысы топырақ текшесінде өсірген көшетті пайдалану. Топырақ тығыздалғанда қатараралықтарын КРН-2, 8МО, КРСШ-2, 8А, КОР-4, 2 немесе ФПУ-4, 2, ФПН-2, 8 фрезерлі культиваторларымен өңдейді. Қатараралықтарды әрбір суарудан немесе күшті жаңбырдан кейін қопсытады. Жиі суғарғанда культивацияны бір суарудан кейін өткізеді. Бірінші рет саяз, 5-6 см қопсытады, кейінгі өңдеулерде тереңдігін 10-14 см дейін жеткізеді. Өсімдіктердің тамырларына және жапырақтарына зиян келтірмеу үшін әрбір өңдеу кезінде, қатардың өң бойынан қорғау алаңын кеңейте түседі. Арамшөптерден таза танаптарда культиваторларға қопсытқыш қашау тәрізді табандарды, ал арамшөбі бар жерде жалпақ кескіш табандарды орнатады. Өсімдіктердің қатараралықтары жапырақтармен жабылғанда топырақ өңдеуді тоқтатады. Орамжапырақтың дамуының бас кезінде арамшөптермен қатты ластанатынына байланысты, өсімдіктердің қатарларында отау жұмысын 2-3 рет қолмен жүргізеді немесе гербицидтерді қолданады. Арамшөптермен күресу үшін орамжапырақтың көшетін отырғызғанша трефлан (4-6 кг/га), стомп (3-6 кг/га), басф (1, 5-2 кг/га), трифлурекс (4-6 кг/га), көшет отырғызғаннан кейін лонтрел 300 (0, 2-0, 5 кг/га), набу (1-3 кг/га), пантера (0, 75-1, 5 кг/га) тарга супер (1-2 кг/га), фуроре супер (0, 8-1, 2 кг/га), фюзилад супер (0, 75-1, 5 кг/га) гербицидтерін қолданады. Әр гектарға 300-400 л жұмыс ерітіндісін ОВТ -1А, ОН-400-3 бүріккіштерімен бүркеді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың тәжірибелерінде орамжапырақты отырғызар алдында трефлан еңгізгенде (гектарына 4-6 кг егіс алдындағы культивация астына) өсу дамудың басында 1 м2 82 дана арамшөп болған, ал бақылау нұсқасында - 265; өнімділігі тиісінше 393 және 342 ц/га. Ерте пісетін орамжапырақты орта есеппен 10 күн сайын суарады, ал ауа райы ыстық болғанда - 6-7 күн сайын. Жалпы бұл өсімдікті өсу даму кезінде 8-10 рет суарады. Алдыңғы үш суарудың гектарлық су мөлшері 250-300 м3 болса, соңғыларын 400-450 м3 жеткізеді. Жеңіл құмдық топырақтарда суаруды жиі жүргізеді, бірақ аз мөлшермен - 300-350 м3 га. Орамжапырақтың өсу даму кезеңінде суару аралықтарының ұзақ үзілістері қолайсыз әсерін тигізеді, әсіресе ауа райы ыстық болғанда. Ерте пісетін орамжапырақ үстеп қоректендіруді жақсы қабылдайды. Оны екі рет қоректендіру керек: біріншісін көшет отырғызғаннан 10-15 тәулік өткен соң, бұл кезде олар орнығады және өсімдіктер өсе бастайды, екіншісін - қаудандары қалыптаса бастағанда. Бірінші қоректендіргенде әр гектарға 0, 5-0, 8 ц аммиак селитрасы, 1ц суперфосфат және 0, 3-0, 4 ц хлорлы калий еңгізеді. Екінші ретте - 1-1, 5 ц аммиак селитрасы, 1ц суперфосфат, 0, 5 ц хлорлы калий ерітінді түрінде немесе суарудың алдынан құрғақ күйінде. Бірінші рет қоректендіргенде құрғақ тыңайтқыштарды, өсімдіктердің қатарының екі жағынан, тамырларын зақымдамау үшін өсімдіктен 10 см алшақ 6-8 см тереңдікке, ал екінші ретте қатараралықтың ортасына 10-15 см тереңдікке енгізеді. Орамжапырақты зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық және биологиялық тәсілдерді қолданады, агротехникалық шаралар (ауыспалы егісті сақтау, жоғары сапалы көшеттер өсіру, төзімді сұрыптарды қолдану) жүргізіледі. Орамжапырақтың ақ көбелегіне, көбелегіне, күйе көбелегіне қарсы актеллик (0, 5 кг/га), арриво (0, 16 кг/га), диазинон (1 кг/га) димилин (0, 06-0, 1 кг/га), кинмикс (0, 2-0, 3 кг/га), каратэ (0, 1 кг/га), суми альфа (0, 2 кг/га), циткор (0, 16 кг/га), устад (0, 4кг/га), циракс (0, 16 кг/га), шерпа (0, 16 кг/га), кресті бүргеге қарсы - актеллик (1 кг/га), каратэ (0, 1 кг/га) . Орамжапырақтың көбелегіне (жұлдызқұрттың 1-2 ұрпағы) қарсы битоксибациллин (2 кг/га), дипел (2 кг/га), лепидоцид (1, 5-2 кг/га) биодәрмектерін қолданады; орамжапырақтың ақ көбелегіне, көбелегіне, қан көбелегіне - битоксибациллин (1-1, 5 кг/га), дипел (1-1, 5 кг/га), лепидоцид (0, 5-1 кг/га) . Ерте пісетін орамжапырақ бір мезгілде піспейді. Сондықтан оларды пісуіне қарай 3-4 рет таңдап, қаудандарын пышақпен кесіп алады. Салмағы 0, 4 кг жеткен қаудандар өткізуге жарамды деп саналады, оларда ластанудан және тасымалдағанда зақымданудан сақтайтын 2-3 жасыл жапырақтары болуы керек. Ерте пісетін орамжапырақтың өнімін жарым жартылай механикаландыру үшін ТН-12 ілінгіш транспорттарды қолданады. Шілде айында жиналған ерте пісетін орамжапырақ өсу даму кезеңінің соңында тыныштық қалпындағы қолтық бүршіктерінен қаудан қалыптастырып, екінші өнім беру қабілетіне ие. Сол үшін негізгі өнім жинау кезінде қаудандарды абайлап кесіп, жапырақтарын сақтап қалады. Алғашқы өнім жиналған соң орамжапырақ танабын мол сумен суарады және қоректендіреді. 15-20 тәуліктен кейін бүршіктері өсе бастағанда өсімдіктерде ең жақсы жетілген бүршіктерін қалдырып, басқаларын жұлып, қалыптастырады. Брокколи. Brassica cauliflora (Mill) . Брокколи немесе қояншөп орамжапырағы, түсті орамжапырақтың түршесі болып табылады және олар біріне-бірі көп жағынан ұқсас. Брокколидің борпаң жұмыргүліне шоғырланған жекелеген жасыл өркендерін тағамға пайдаланады. Брокколи - пайдалы дақыл. Алғашқы негізгі жұмыргүлдерін кесіп алған соң бүйір жапырақтарының қолтық бүршіктерінен қосымша жұмыргүл қалыптастыратын, жаңадан гүлді өркендері пайда болады. Жаңа жұмыргүлдің түзілуі күзгі суыққа дейін жалғасады. Өсіруге Грин Спраутинг сұрыпы ұсынылады. Көшетті ашық жерге отырғызғаннан 40-50 тәулік өткен соң пісіп жетіледі. Өнімділігі жоғары, өнімділігі бойынша Грибовская 1355 сұрпынан1, 5-2 есе асып түседі. Алғашқы жұмыргүлдерінің салмағы 600 г жетеді. Өнім беретін сабақтарының түсі жасыл және күлгін жасыл. Брокколидің өсіру жағдайлары түсті орамжапырақтікіне ұқсас. Бірақ жұмыргүлін көлеңкелеудің қажеті болмайды. Бірінші рет жинағанда ең ірі жұмыргүлдерін шырынды сабақтарымен, ірі жапырақ сағақтарына зақым келтірмей кесіп алады. Жұмыргүлдерін бітеугүлдері ашылғанша кесіп алу керек. Жұмыргүлдері солып қалмау үшін оларды таңертең ерте немесе кешке таман жинайды. екінші рет жинауды бірінші жинаудағы 1-2 апта өткен соң жүргізеді, сосын үшіншісін, осылайша бозқырауға дейін жалғастыра береді. Өнім жиналуы 2-2, 5 ай созылады. Жұмыргүлдерін кесіп алған сайын өсімдіктерді қоректендіреді және суарады. Суарулардың саны және жиілігі ауа райына байланысты. Савой орамжапырағы. Brassica saвouda Lizg. Бұл қауданды орамжапырақтың ерекше түрі: жапырақтары көпіршікті (кеңірдекті), қауданы борпылдақ, сырты ақшыл жасыл, іші ақшыл сары түсті. Сақталғыштығы ұзақ емес. Ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда аязға төзімді. Қоректілігі және дәмдік қасиеттері бойынша ақ қауданды орамжапырақтан асып түседі, одан жұмсақтау, ақуыздарға, минералды заттарға және дәрумендерге бай. Бәліштің, голубцының ішіне салады, бұқтырып пісіреді, тұздық ретінде пайдаланады. Тұздауға және ұзақ сақтауға жарамсыз. Өсірудің агротехникалық тәсілдері ерте пісетін ақ қауданды орамжапырақтікіне ұқсас. Өнімділігі 200-250 ц/га. Кольраби. Brassica olearacea var. gonguloides L . Ол қаудан емес, өте күшті жан-жақты өскен, кейіннен тамаққа пайдаланылатын сабақ жеміс қалыптастырады. Дәмі зігіріктің дәміне ұқсас, бірақ нәзіктеу, тәттірек және шырынды келеді. Шикі, бұқтырылған, пісірілген күйінде, фарш ретінде қолданады, сорпа пісіреді. С дәруменінің көптігінен оны «солтүстік апельсині» деп атайды. Өсіруге ерте пісетін Венская белая 1350 сұрпы ұсынылады. Өскін пайда болғаннан тұтынуға дейін - 65-75 тәулік. Сабақ жемісі ұсақ, диаметрі 6-9 см, домалақ немесе домалақ жайпақ, солғын жасыл түсті, мәйегі нәзік, дәмді, бірақ жинауды кешеуілдеткенде қатаяды және дәмдік сапалылығын тез жоғалтадыЕртерек пайдалану үшін кольрабиді ерте ақ қауданды орамжапырақ тәрізді көшетпен өсіреді және онымен бір мезгілде топыраққа, 45х15-20 см сұлбасымен отырғызады. Өсімдікті күтіп-баптау ақ қауданды орамжапырақтікіне ұқсас. Таңдап жинайды. Күзде-қыста пайдалануға көшетсіз өсіреді. Онда тұқымды танапқа маусымның 15-нен шілденің 1-не дейін себеді. Өсіру технологиясы ақ қауданды орамжапырақты көшетсіз өсіргенге ұқсас. Күзде бір мезгілде жинап алады. Орташа өнімі - 120-180 ц/га. Кольрабиді кеш пісетін ақ қауданды орамжапырақ егістігін жиілеткіш ретінде, сондай-ақ қызанақты және қиярды отырғызғанға дейін олардың телімдерінде өсіруге болады.
Орташа және кеш пісетін орамжапырақтардың агротехникасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz