Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
«Қорғауға жіберілді»
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. к., доцент
Өскембаев Қ. С.
«___»2018ж.
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық: Қазақстан және АҚШ. Қазақстан және Еуроодақ елдері: Қазақстан-Германия, Қазақстан-Франция, Қазақстан-Ұлыбритания байланыстары.
Орындаған: ИО-31 тобының студенті Шотбай Е.
Тексерген: Өскембаев Қ. С.
Қарағанды - 2018
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттары . . . 8
1. 1 Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы . . . 8
2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты еуропалық векторының жалпы анықтамалық жүйесі . . . 13
2. 1 Қазақстанның сыртқы саясаты еуропалық векторының мәні мен мазмұны . . . 13
2. 2 Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы. Еуропалық Одақ және Қазақстан серіктестігі мен ынтымақтастығының құқықтық негіздері . . . 16
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Кіріспе
XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. «Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін АҚШ супердержава еліне айналғаны сөзсіз. Сондықтанда АҚШ өз ұстанымдарын күшейттіріп, Таяу Шығыста, Орталық Азияда және басқада шығыс елдерінде саяси үстемдігін орнату мақсатында түрлі тәсілдерін қолдануда. Бұл саяси ағымда АҚШ пен жан- жақты қатынастарды дамыту, сыртқы саясатты маңызды орын алады. Ал Қазақстан үшін жаһандану процессінде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерін ілгерлету аса маңызды болып келеді. Қазіргі таңда АҚШ әлемдік процесстерге өз ықпалын тигізуде қуатты әскери-саяси ресустары және экономикалық деңгейі аса зор дамыған ел. Ол бір жағынан ғаламдық процесстердің дамуына шешуші ықпал етсе, екінші жағынан әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін анықтап беретін мемлекет. Сондай-ақ түрлі халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, әлемнің көптеген аймақтарында өз мүдделерін арттыра отырып жанжалдарды реттеуге де қатысады.
Қазақстан мен АҚШ-тың экономикалық ынтымақтастығының серпінділігін прагматизм мен өзара мүдделік айқындайды. Әр түрлі пайдалы қазбаларды ауқымды қорының болуынан және ішкі саяси тұрақтылығынан Қазақстан шетел инвестициялары үшін Орталық Азия елдері арасында ең тартымды айналды.
АҚШ - Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторының бірі. Қазақстанға тартылған американдық инвестициялардың және екі мемлекет арасындағы тауар айналымының өскендігін байқаумызға болады. Осылай, 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасына тартылған американдық тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 25 млрд. долларға жетті. Өз кезегінде екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 508, 1 млн. долларды, ал 2013 жылы 2, 75 млрд. долларды құрады[1] .
Қазақстан ядролық қарудан бас тартып халықаралық аренаға бейбіт мемлекет ретінде шығу, жаңадан қалыптасып келе жатқан көпполярлы жүйенің мәнін ескере отырып, сыртқы саясаттың бағыттарын барынша диферсикациялау жолын таңдады. Көпвекторлы сипаттағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында экономика, саясат және мәдениеттің дүниежүзілік орталығы болып табылатын Еуропа ерекше орын алады. Яғни Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынастарды дамытудың қажеттілігі мен басымдығы Еуропаның дүниежүзілік саясатта, экономикада, білім беруде және мәдениетте алатын орнымен сипатталады.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының Еуропа векторының мақсаттарын екіжақты қатынастармен қатар көпжақты нысандағы қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырады. Өйткені қазіргі таңда интеграцияның ерекше үлгісін көрсетіп жатқан Еуропамен ынтымақтастықты дамытуда Еуропалық Одақтың рөлі ерекше. Яғни, болашақта Еуропаның атынан сөйлеп, ортақ сыртқы саяси бағытты анықтайтын ұйыммен ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту - Қазақстан үшін басым мақсатқа жатады. Оған қоса әртүрлі бағыттарда әрекет ететін еуропалық құрылымдармен байланыс орнату мен дамыту Қазақстан Республикасы үшін маңызды болып табылады.
Еуропа мемлекеттері мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастар бастапқы кезеңнен экономикалық бағыт алып, ерекше мәселе болып энергетикалық сұрақ табылатынын атап өткен жөн. Бұған дәлел болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен бірінші қосылған көпжақты құжат болып Еуропалық Энергетикалық Хартия екендігі табылады. Яғни, Еуропа да, Қазақстан да өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуда мүдделі. Ал бұл мүдделер мен қызығушылықтарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қандай және қандай кедергілер болуы мүмкін сұрағына жауапты табу үшін бұл қатынастардың халықаралық құқық қырларын зерттеу қажет.
Біріншіден, 1 қаңтар 2007 жылы Еуропалық Одақ мүшелер саны 27 мемлекет болды. Екіншіден, 2007 жылы маусымда Еуропалық Одақ Орталық Азияға қатысты жаңа стратегия қабылдауға дайындалып жатты[2] . Яғни, Біріккен Еуропа шекаралары кеңейюде және Еуропа мемлекеттерінің Орталық Азия аймағында, соның ішінде Қазақстанға қатысты қызығушылығы өсуде. Ал энергетикалық мәселелердің күннен күнге көбейе беруіне байланысты жақын уақыт арасында Еуропаның бұл қызығушылығы кемімейтіні анық. Қалыптасып отырған осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының қабылдаған сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға халықаралық құқық қандай жағдайлар жасайтынын зерттеу және ондай жағдайлар болмаса, қойылған мақсатқа жету үшін қандай нормативтік негіз қалыптастыру қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады.
Курстық жұмысының зерттеу нысаны. Саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық.
Курстық жұмысының пәні. Қазақстан және АҚШ, Қазақстан және Еуроодақ байланыстары.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Қазақстан Республикасы көпвекторлы саясатының мәнін ашу;
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Еуропа мемлекеттерінің орны мен рөлін нормативтік актілерді талдау арқылы анықтау;
3. Қазақстан Республикасының дүниежүзіндегі бірден бір саяси құрылым - Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының құқықтық реттелуін анықтау;
4. Қазақстанның Еуропадағы арнайы құрылымдарда қатысуының мәселелерін қарастыру;
5. Қорытынды шығарып, тұжырымдама жасау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі . Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне көп уақыт өтпесе де Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселелер төңірегінде жазылған ғылыми диссертациялар мен монографиялар, мақалалар да барлық. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы немесе жалпы халықаралық сипаттағы жетістіктері егеменді еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімімен байланыстырылды. Елбасы өзінің «Ғасырлар тоғысында»[3] еңбегінде республикамыздың сыртқы саясаты басымдықтарын тұжырымдаған еді. Сонымен қатар еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарына және Қазақстанның халықаралық поэзияларын нығайту жөніндегі отандық дипломатия күш жігеріне жан-жақты талдау Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы»[4] және т. б. да еңбектерінде жасалды.
АҚШ-тың Қазақстан Республикасымен байланыстарының қалыптасуымен оның даму стратегиясы бойынша Сыртқы Істер Министрі Қ. Тоқаевтың көлемді монографиясы зерттеушілер үшін көптеген пікірлерді ұсынуда. Монографияның VI тарауында Қазақстандық сыртқы саясаттың американдық бағыты мәселелеріне тоқталған. Ол АҚШ-тың әлемдік процесстерге елеулі ықпал ету себептерін ашық жазған[5] .
АҚШ-Қазақстан байланыстары жөнінде; «Евразийское сообщество» журналында көптеген мақалалар жарияланған. Мысалыға айтар болсақ Л. Иватованың зерттеулері Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық қауіпсіздік және ядролық қару-жарақтың таралуына шеек қою мәселесіне басым көңіл бөлінген[6] . Л. Иватова екі ел арасындағы оқу-ағарту саласындағы байланыстар жөнінде де зерттеулер жүргізген. Автор екі ел арасындағы оқу-ағарту саласы бойынша жасалған келісім құжаттарға негізделе отырып, АҚШ-тың әсіресе мұнай секторына қажет мамандарды даярлауда ат салысқаны жөнінде жазған. Оның пайымдауынша Қазақстандағы Болашақ бағдарламасын кеңейтіп, тек магистр және докторант емес сонымен қатар түрлі салалар бойынша мамандарды даярлау қажет.
Мұнай секторына байланысты екі ел арасында келісімдер жасалған болатын. Мұнайға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген саясаттанушы Д. Намазбаев құнды деректерге негізделе отырып, АҚШ-тың Кавказбен Орталық Азиядағы айындары жөнінде жазған. Қазіргі таңда Каспий аймағы тек АҚШ-ты ғана емес сонымен қатар Қытай мен Ресейдің . Сондықтанда бұл мәселе АҚШ-тың геосаяси мақсаттарымен тікелей байланысты. АҚШ Атырау мен Ақтау аймақтарында өз позицияларын мығымдастыру мақсатында мұнай секторына капитал енгізіп, ірі компаниялардың құрылуына серпінін тигізуде. Д. Намазбаев осы мәселелерге байланысты құнды материалдарды оқырмандарға ұсынуда[7] .
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты тақырыбына көп зерттеулер арналған. Атап өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының көрнекті саяси тұлғасы, сыртқы істер ведомствосының бұрынғы басшысы Тоқаев Қ. Қ. еңбектері: «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты»[8], «Тәуелсіздік туының астында»[9] . Бұл еңбектерде Қзазақстан Республикасының сыртқы саясатының негіздері, жүзеге асырылу қағидалары және бағыттарықарастырылды. Қазақстан мен Еуропа мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды сипаттауға кейбір тараулар ғана арналған. Нақты Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастар бойынша маман болып ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Ибрашев Ж. О. табылады. Бұл жұмысты орындау кезінде аталған маманның «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы Еуропалық Одақ»[10] атты еңбегі пайдаланылды. Атаған мәселе «Еуропалық интеграция және адам құқықтары»[11], «11 қыркүйектен кейінгі Орталық Азия»[12] сияқты мақалалар жинақтарында қарастырылады. Алайда Қазақстан мен Еуропа мемлекеттерінің қарым-қатынастарының нақты құқықтық қырларына арналған еңбектер жеткілікті емес. Бұл тақырыпқа арналған іргелі зерттеулер жоқтың қасы. Аталмыш қатынастардың құқықтық реттелуіне ағымдағы басылымдардың жеке мақалалары арналған. Бұл мақалаларда Қазақстан Республикасының Еуропамен қарым-қатынастардың нысандарының жеке түрлерінің құқықтық қырлары зерттеледі. Мысалы, жұмыстың авторы жиі түрде келесі мақалаларға жүгінді: «Азиядағы өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша кеңес процесі үшін аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының халықаралық-құқықтық тәжірибесін пайдалану» [13], «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Орталық Азия векторы»[14], «Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы ынтымақтастығының құқықық аспектілері»[15] .
Осылайша, Қазақстанның сыртқы саясатының Еуропа векторының құқықтық қырларының жеткіліксіз зерттелуі жұмысты дайындауда қиыншылық тудырды. Сондықтан автор негізінен бірінші реттік қайнар көздерге, яғни, нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық құқықтық актілерге жүгініп отырды.
Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, 3 тараудан, қорытындыдан және де пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттары
1. 1 Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы
Орталық Азия аймағы ХХ ғасырдың басында ақ Ресей және Британдық, империялардың бәсеке орталығына айналған болатын. Бұл бәсеке екі ел арасында 1907 жылы ағылшын-ресей келісімімен аяқталған. Империялар ықалдастық аймақтарды бөліске салып, шекараларын белгілерді. Ресей империясы Орталық Азияда орналасса, Ұлыбритания Үндістанда әкімшілік басқару жүйесін құрған еді.
Ауғанстан екі империяны бөліп отырған буферлік мемлекетке айналды. Орталық Азияның маңызды стратегиялық орталыққа орналасқаны жөнінде ХХ ғасырдың басында геосаясат мәселелері бойынша маман Хэффорд Маккиндер континентальды орталық теорияны жасай отырып, атап өткен. 1919 жылы ол былай деген: «Кімде кім Еуропаның шығыс аймағында ықпалын арттырса, ол континенттің орталығына әсер етеді, ал континентальды орталыққа иеленгендер әлемдік аралдарды бағындырады. Әлемдік аралдары иеленген мемлекет дүниежүзін бақылайды»[16] . Бұл теорияны қазіргі таңда АҚШ мықты ұстануда.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия жаңа «үлкен ойын» аймағына айналды. Оған көптеген мемлекеттер қызығушылық білдірді. Егерде ХХ ғасырдың басында Британия мен Ресей арасында бәсекеге тартылған болса, қазір бұл жерде Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Еуропалық мемлекеттер бәсекеге тартылды. Бұл мемлекеттердің басты мақсаты табиғи ресурстар мен мұнай секторына бақылау орнату болып табылады. Қазіргі аталмыш елдерден қайсысы өз ұстанымдарын арттыру жөнінде болжам жасау қиынға түседі, алайда ХХІ ғасыр Қазақстанның басты ұстанымы тұрақтылықтың саталуы, өркендеу мен демократияны дамыту болып табылады. Бұл жөнінде дәстүрлі дипломатиялық корпустың жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткен. Ол әр елдің тең құқықтық негізде өз орнын иеленуге және оны дамытуға құқылы деген[17] . Сондықтан АҚШ-тың жаһандану саясатын жүргізуші ел ретінде, Орталық Азияда, әсіресе Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарын мына себептермен анықтауға болады:
- Қазақстан егемендігін алды және сыртқы саясатын өз бетінше жүргізуде;
- Қазақстан АҚШ-тың басты геостратегиялық бәсеке мемлекеттердің қақ ортасында орналасқан. Ол бір жақтан Ресеймен шектесіп отырса, екінші жақтан ҚХР мен және Ислам әлемімен тікелей байланыста;
- Бұл аймақ табиғи және энергетикалық ресурстарға бай;
- Дүниежүзілік саяси мәні бар Қазақстанның уран рудасы мен ядролық технологиялары бар.
Сол үшін АҚШ-тың саяси қызығушылықпен қатар экономикалық қызығушылығы да басым. Ал Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бәсеке балансын да түрлендіреді. АҚШ-қа жаңа саяси одақ құратын мемлекет қажет. Себебі Ресей өзінің ішкі саяси-экономикалық проблемаларына байланысты біркелкі әлсіреген, ал Қытай болса өз ұстанымдарын күшейткенімен көшбасшылық дәрежеге дейін жете қойған жоқ.
АҚШ Қазақстанда глобальды саясат жүргізгісі келеді. Ол әскери және экономикалық қуатқа ие болғандықтан жаһанды тораб қалыптастыру саясатын жүргізуде. Бір жақтан АҚШ-та Қазақстан үшін маңызды серіктес мемлекеттердің бірі. Себебі аумақтағы қауіпсіздікті сақтауда, терроризмге қарсы күресте, халықаралық саяси және қаржы әлемде Қазақстан өз орнын иеленуде АҚШ-тың да қолдауы маңызды болып келеді. Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде былай атап өткен: «АҚШ-тың мақсатты геосаяси іс-қимылдардың арқасында аймаққа келуінің мүмкіндіктің ашылуы геосаяси құрылымының өзгеруі әрі қарай әсер етпей қалмайды. Бұл аймаққа АҚШ-тың антитеррористік коалиция шеңберінде қадам басуы, бұл ретте, менің көзқарасым бойынша, кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа көбірек ұқсайды»[17] .
Қазақстан-АҚШ байланыстарының негізгі 25 желтоқсан 1991 жылы, АҚШ-тың ресми түрде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындауымен қаланды. АҚШ бірінші ел болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыстар орнатты және Қазақстанға деген қызығушылығын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы бірінші шетелдік елшілік те Америка Құрама Штаттарыныкі болды.
Бірінші рет ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев АҚШ еліне 1990 жылдың шілде айында болып қайтты. Бұл жөнінде ол «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде сараптап өткен. Ол кезде Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР Президенті ретінде болып қайтқан еді. Президент басқарған делигация Нью-Йорк, Вашингтон, Сан-Франциско, Лос-Анжелес, Жаңа Орлеанда болып қайтқан. Сол кезде Н. Ә. Назарбаев президенттің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Скауфортпен, оның орынбасары Гейстпен, мемлекеттік хатшының орынбасары Иглбергермси, мемлекеттік хатшының кеңесшісі Зоэлликен, сенаторлар Доулмен, Брендлимен, Лугармен және т. б. кездесті. Шеврон компаниясымен қарым-қатынас та сол кезде қаланды. Кездесу барысында бағдарламада АҚШ басшылығымен кездесулер кірген жоқ.
Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының негізгі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1992 жылдың мамыр айында АҚШ-қа бірінші ресми сапар барысында қаланды[18] . Екі мемлекеттің басшылары да екі ел арасында жаңа қатынастарының орналатыны жөнінде мәлімдеді. Сондықтан да екі ел арасында қарым-қатынастар әр түрлі салаларда дамып келе жатыр. Оларды атап өтетін болсақ, біріншіден, қауіпсіздік және қарулануды бақылау, екіншіден, экономикалық және саяси байланыстарды орнықтыру, үшіншіден, экологиялық және медициналық салада, төртіншіден мәдени және білім беру саласында қарым-қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатыр.
1993 жылдың 30-маусым айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі У. К. Кортни АҚШ сенаторы Ричард Лугардың Қазақстан дамуына жоғарғы баға берген сөзінің арнайы нұсқасын әкеліп ел Президенті Н. Ә. Назарбаевқа тапсырды. «Ол Қазақстан дамуы жағынан ең үлкен үміт туғызатын елдердің бірі. Қазақстандықтар прагматизмге бейімділігін, тату-тәтті ұлттық қатынастарымен белгілі. Демократиял мен нарық экономикасы жолында да маңызды қадамдар жасады Қазақстан жетістігінің мәні қандай? Қазақстан өткен жылдың жазында төтенше маңызды стратегиялық қарулануды шектеу жөніндегі келісімге қол қойды. Ол бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы ең ірі бірлескен кәсіпорын болмақшы, оған Шеврон компаниясы шет елдердегі ең ірі капиталын салмақшы»-деген[9] .
1993 жылдың желтоқсан айында Қазақстанға АҚШ-тың жаңа вице-президенті Алббер Гольд келді. Ол Президент Клинтонның ресми шақыруын әкелген болатын. Алматыға жаңа мемлекеттік хатшы У. Кристофер келді. Жаңа әкімшілік ескі әкімшіліктің уәдесін орындап жатқысы келмеді. У. Кристофердің бұл сапардағы басты мақсаты ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойдыру болып табылады. Алайда бұған Н. Ә. Назарбаев келіспеді және ракеталардың жойылмайтыны жөніндегі нақты жауап қайтарған еді. Ол СНВ-1 шарты бойынша ракеталарды басқа елдердің қалай қысқартып жатқанына қарап, біртіндеп қысқаратыны жөніне мәлімдеме жасады[19] . Бұл сол кездегі жас президенттің нақты шешім қабылдайтын шеберлігімен айқындауға болады.
Кристофер қатты таң қалып, шамдана бастады. Дегенменде Қазақстандағы ядролық қарудың тағдыры мен оны бұзып әкету мәселесі ойынға айналмауы қажет деп ойлаймын. Содан соң ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 1994 жылдың аұпанның 14-18 арасында АҚШ-та ресми сапармен болып қайтты[19] . Сол сәтте Қазақстан үшін сәтті аяқталған болатын. Жоспарланған құжаттардың барлығына қол қойылды. Атап өтетін болсақ, ең бастысы демократиялық ықпалдастық хартиясы еді. Осы күнге дейін ТМД елдерінің ешбірі де АҚШ пен мұнай келісімін жасаспағанын атап өткен де жеткілікті.
Қару-жарақ және әскери салада да өте маңызды келіссөздерге қол қойылды. 1993 жылы желтоқсан айында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы У. Кристофер мен Вице-президент А. Горд Алматыға сапар аталмыш салада келіссөздер жүргізді[8] . Ол бойынша Қазақстан мен АҚШ континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын жою, апаттың ахуал салдарынан болдырмау және ядролық қарудың таралуын жол бермеу туралы бес келісімге қол қойды. Қазақстан ядролық қатер көзін жою ісінде бірлескен қызметтің құқықтық негізіне айналған бұл құжатқа жеті жыл мерзімге қол қойылды және 2000 жылы желтоқсанда бұл мәселе қайта қаралып тағы да жеті жылға ұзартылды[20] .
Сондай-ақ басқа елдердің рөлін артуы, Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанға мемлекеттен тыс ойыншылардың енуі заңдылыққа айналды. Олар қауіпсіздік жүйесіндегі ашық қалған саңылауды оңтайлы пайдаланып отырған сыңайлы. Жалпы тұрақсыздыққа мұнаймен қатар Орталық Азияға жақын жердегі бірқатар ашық ошақтары, атап өтетін болсақ Ауғанстандағы тұрақсыздық, Пәкістан-Үнді қақтығыстары және ықтимал, бірақ өте шиеленісіп кету қауіпі бар, яғни Касийдегі тұрақсыз жағдайлар ықпал етуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz