Абылай хан саясаты


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Абылай-мемлекет қайраткері және саясатшы
Орындаған: ИО-31к тобының студенті Алмабаева А. М.
Тексерген: т. ғ. м., аға оқытушы Бөдеев Қ. Т.
Қарағанды 2017 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Абылай хан . . . 5
1. 1 Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері . . . 5
1. 2 Әбілмансұрдың Абылай атануы . . . 6
2. Абылай хан саясаты . . . 8
2. 1 Ішкі саясаты . . . 8
2. 2 Сыртқы саясаты . . . 10
2. 3 Ресеймен қарым-қатынасы . . . 11
2. 4 Өзге халықтармен байланысы . . . 13
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Абылай хан-XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ бағасын ала алмай келі деген сауалдың қойылуы заңды. Оған жауап беру үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаған жөн ғой деймін.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Олар - орыс патшаларының грамоталары мен указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып қайтқан орыс елшілерінің жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын “Қазақ-орыс қарым-қатынастары” деген жинақта 500-ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттар кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен өкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар отарлау әкімшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз. Абылай ханды зерттеуге қазақтың ұлы ағартушы-ғалым Шоқан Уалихановтың жинастырған материалдарының алатын орны ерекше. Онда Абылайдың руы, тегі жөнінде шежіре, оның әйелдерінің аты-жөні, ата тегі және ұрпақтарының тағдыр-талайы жазылған. XIX ғасырдың 60-шы жылдары жазған “Абылай” деген мақаласы бар. Ол негізінде Абылайға арналған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда автор өзінің ұлы атасына байлнысты көптеген мәліметтер келтірген және олар өз мағынасын осы күнге дейін жойған жоқ.
Қазақ хандықтарының архивтері ертеде-ақ қолды болып әр елдің қоймаларында қалғаны белгілі. Мысалы, Абылай туралы көптеген тарихи деректер көршілес елдердің, атап айтқанда Қытайдың, Иранның, Түркияның, Ауғанстанның архивтерінде, қоймаларында, тіпті АҚШ-тың, Батыс Еуропа елдерінің кітапханасында зерттеушілерін күтіп жатыр. Қазақстан еліміз егемендікке қол жеткізіп, өз тарихымызды тарихи шындық тұрғысынан зерттеуге мүмкіндігіміз туды. Абылай хан бейнесі тарихи шындық негізінде сомдалды. Абылай хан тұлғасының жүз теңгелік ұлттық валютамызда бедерленуі- үлкен құрмет белгісі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ұлы ханымыз Абылай керемет қолбасшы, ақылы терең дипломат деп мақтанышпен жоғары бағалады. Абылай хан өміріне, қайраткерлік, қолбасшылық, саяси қызметіне шетелдік тарихшылар, зерттеушілер, саясаттанушылар назарын аударды. Мысалы, ағылшын зерттеушісі М. Б. Олкот “Абылай-қазақтың соңғы тәуелсіз ханы. Ол хан болу үшін Ресей өкіметіне жүгінген жоқ. Билікті тура өз халқының қолынан алды” деп тұжырымдады.
Тарихнамасы: Абылай хан және оның саясаты жайында бірқатар мәліметтер революцияға дейін басылған энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ “Россия біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы” 2 деген іргелі басылымда кездеседі. Сол басылымның 18-ші томы түгелдей қазақ өлкесіне арналған, мұнда төмендегідей сөздерді оқуға болады.
Қырғыздардың (қазақтардың-К. Ә. ) арасында кең танымал Абылай қырғыздарды бөгделердің билігінде қалдырмауға тырысты. 1911 жылы профессорлар Э. Л. Гримм, А. В. Классовский және Г. В. Хлоппиннің редакциялауымен Петербургте жарық көрген энциклопедиялық сөздікте Абылай хақында бұдан да кеңірек айтылған. Алайда төңкеріске дейінгі орыс энциклопедияларының ішінде Абылай бабамыз хақында ең көлемді мағлұмат беретіні Брокгауз және Ефрон энциклопедиясы. Онда “Абылай немесе Абулай-Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің XVIII ғасырдағы ханы, ол 1839 жылы дәлірек айтқанда 1840 жылы Ресейге мәңгілік боданды болуға ант еткен. Оның қалай қыырғыздардың (қазақтардың) ішінен топ жарып шығып хан дәрежесіне көтерілгені, неге оны халық қаһарманы ретінде қырғыздар осы күнге дейін жырлайтындығы жөнінде әр қилы аңыздар бар, алайда отызыншы жылдары ол Орта жүздегі ең басты күш ретінде өзін танытты және онымен қарым-қатынас жасауға болушы еді. Дегенмен, Орта Азиядағы қозғалыстың және Жоңғария мен Кіші Бухарияны қытайлықтардың жаулап алуына байланысты, Абылай өзін Қытай Боғды ханына тәуелді екенін мойындаған, Боғды хан болса оған князь атағын берген, Түркістанда 1781жылы, қайтыс болған” деп жазылған.
Тақырыптың құрылымы: Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Негзгі бөлім екі тарауға бөлінген.
I-тараудың мәселесі: 1. Абылай хан. 1. 1 Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. 1. 2 Әбілмансұрдың Абылай атануы.
II-тараудың мәселесі: 2. Абылай хан саясаты. 2. 1 Ішкі саясаты. 2. 2 Сыртқы саясаты. 2. 3 Ресеймен қарым-қатынасы.
1. Абылай хан.
1. 1 Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
Абылай (Әбілмансұр) хан - (1711-1781) билік құрған. Абылай хан Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды[1, 103 б. ] . Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп . . . » деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т. б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А. И. Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген», - деп жазды. Ш. Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
1. 2 Әбілмансұрдың Абылай атануы
1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салды. Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш - жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап - бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен бірге арқалаған ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ жасақтарының жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық асқынады, берекесіздік етек алады. Бұны білген жоңғарлар қазақтарды келемеждеп, намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе - жектерге қазақ батырларын шақырады. Сондай жекпе - жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе - жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны, атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де! - деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады. Ол майданға шыға сала «Абылай-лап, шауып барып Шарыштың басын шауып түсіріп: «Жау қашты, жау қашты!» деп, жоңғар тобына тұра ұмтылады, жиылған жұрт оның артынан лап қояды. Есі шыққан жоңғарлар алды - артына қарамай тым - тырақай қаша жөнеледі. Абыр - сабыр басылып, ел қайта жиналғанда Әбілмәмбет хан Сабалақтан: «неге Абылайлап ұран салдың?» деп сұрайды. Сонда ол «өз атым Әбілмансұр, мен қанышер атанып кеткен Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болатын атамның атын шақырғаным - жолым болар ма дегенім ғой» - дейді. Сол орында - ақ Әбілмәмбет оған атың «Абылай» болсын деп, үш жүзден тоқсан жақсыны ертіп барып, Жәнібек деген кісіден бата алыпты.
2. Абылай хан саясаты.
2. 1 Ішкі саясаты
XVIII ғасырдың 60-жылдарыныың аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары-төлеңгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан Еділ қалмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді. Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол Цин императорының өзін “барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы” деп тануына қол жеткізген еді. Соымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. “Егер . . . бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менің балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді; алыстағы жаулар үшін-бір сан, жақындағылары үшін-мың, ал егер онша көп болмаса-менің ішкі жаларыма қарсы-бес жүз”. Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз таңдауы бойынша екі-үш жылдан соң алмастырылып отыратын. Әрине, бұл талаптар ол кезеңде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралы әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бастартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді. 1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін ханықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол “оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қазақ-қырғыз ордаларының ғана емес, Түркістандықтар мен Ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды”. Сөйтіп, Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
Бүкіл халықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе, Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мысалы, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын хандықтың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі екенін жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге де болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпіті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдыі орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалуы үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтыды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбәр ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және олардың өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30- жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінен бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылыды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған қарап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік- шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында-Барақтың ұрпақтары, ал, Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары-сұлтандар билік етті. Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені-бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Мысалы, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Алайда, дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен тығыз ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.
2. 2 Сыртқы саясаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz