Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ветеринариялық медицина факультеті
----------------------------------- --------------------------- кафедрасы

Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитарлық
және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды
жақсарту шаралары тақырыбында жазылған

Курстық жұмыс

Орындаған 5В120100 – Ветеринариялық медицина
мамандығының 3 курс 301 топ студенті
Тексерген

Алматы 2018

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
2.1.2. Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері ( ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі
2.2. Ветеринариялық- санитарлық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар
(қый сақтағыщ, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың
беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
2.3.Мегежіндерді күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитарлық-
гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдету, жылу балансын,
жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру
шараларын белгілеу.
2.4. Мегежіндерді азықтандыру және мал азығына қойылатын талаптар
санитарлық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын
санитарлық тұрғыдан бағалау) және азықтың санитарлық сапасын сақтайтын
шараларды белгілеу
2.5. Суға және су көзіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (ішетін
суды санитарлық тұрғыдан бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды
залалсыздандыру) және оның санитарлық сапалығын сақтау шараларын белгілеу
2.6. Мал шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан
сақтаудағы профилактикалық, санитарлық-гигиеналық шараларын белгілеу
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Шошқа шаруашылығы дегеніміз - бұл елімізде ет қорын жедел толықтыра
алатын мал шаруашылығының тез жетілетін саласы. Шошқа шаруашылығының
шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшірілуі шошқа етін өндірудің іс
жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар
мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап
етті.
Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндірудің осы заманғы
технологиясы өндірістің тасқындылығы және ырғақтылығымен, барлық цехтар
және звенолардың өзара байланыстылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін
процесстерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен,
табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады. Басқа үй
малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық кезеңінің қысқалығымен,
көптөлділігімен, шап-шаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірілей
салмағын арттыруға азық аз жұмсалады, сондай-ақ шошқа етін өндіруге көп
еңбек жұмсалмайды. Қазіргі уақытта шошқа шаруашылығындағы етті бағыттағы
анықтауға үлкен ғылыми өндірістік жұмыс жүргізілуде.
Мегежіндердің өнімділігі мына көрсеткіштер бойынша анықталады: көптөлділік,
төлдің ірілігі, сүттілігі, үйшіктегі теңгермелік, енесінен айыру
қарсаңындағы торайлардың тірілей салмағы. Көптөлділік туған кездегі тірі
торайлар санымен анықталады. Шошқалардың көп төл бере алу шамасын анықтаған
кезде үйшіктегі өлі торайлардың саны да ескеріледі. Мегежіннің орташа
көптөлділігін анықтау үшін барлық торайлаулар санына бөледі.
Төлдің ірілігі туған кездегі торайлардың тірілей салмағы бойынша анықталады
(олардың жалпы салмағын туған торайлардың санына
бөледі) Үйшіктегітеңгермелік дегені міз-үйшіктегі торайлардың орташа
салмағынан жеке торайлар салмағының ауытқуы. Бұл ауытқу неғұрлым аз болса,
үйшіктегі теңгермелік те соншалықты арта түседі де торайлардың одан әрі
өсіп дамуына зор маңызын тигізеді.
Мегежіндердің сүттілігі жанама тәсілмен 21 күндік торайлардың тірілей
салмағы бойынша анықталады. Аналықтың сүттілігін бұлай анықтау-салыстырмалы
шама, өйткені 5 күндік торайға қосымша жем беріле бастайды, бұл торайлардың
салмағына белгілі әсерін тигізеді. Сүттілікті торайлардың жемдеуге дейінгі
және жемдеу соңындағы салмағының айырымы бойынша сондай-ақ есептеу әдісімен
анықтауға болады (мұнда айлық торайдың тірілей салмағының 1 кг қосымша
салмағына 3 кг. сүт жұмсалатыны ескерілуі шарт). Аналықтың сүттілігін
бағалаған кезде оның аналық сапасына назар аударылады, ол емшектегі төлдің
дамуы мен сақталуына едәуір дәрежеде әсер етеді.
Енесінен айыру қарсаңындағы торайлардың тірілей салмағы 60 күндік торайлар
енесінен айырылады. Осы кезеңде әрбір торайды өлшеп, тірілей салмағы
бойынша торайлардың класы және дамуы анықталады. Шошқа өсіретін
шаруашылықтар практикасында мегежіндерді өнімділігін пайдалануды арттыру
үшін торайларды енесінен ертерек 26-35-45 күндік кезінде айырады.
Аталық қабанның өнімділігі мына көрсеткіштер бойынша анықталады:
Өндіргіштік қасиеті бұл торайлаған және айқын буаз мегежіндер санының
шағылысқан аналықтар санына қатынасын 100-ге көбейту арқылы анықталады;
Көп төлділік және төлдің ірілігі бұл бағалы қабандармен, сондай-ақ дәл
сондай көрсеткіштері бар келесі ұрпақтармен шағылысқан аналықтар бойынша
есепке алынады. 2 немесе 4 айлық ұрпақтарының тірілей салмағы кем дегенде 5
мегежіннің ұрпақтарын өлшеп, салмақтық көрсеткішін торайлар санына бөлу
арқылы анықталады;
Шошқа етін қалыпты жағдайда өндірген кезде барлық ақшалай шығынның 55%
торайларды бордақылауға дейін өсіруге 45% оларды одан әрі бордақылауға
жұмсалады деп есептеледі. 2-ден 4 айлыққа дейінгі торайлардың сүйек және
бұлшықет ұлпалары қарқынды өседі, асқорыту мүшелері күшті дамиды, зат және
энергия алмасуы қарқынды жүреді. Рациондарды кенеулігі бойынша теңестірген
кезде қазіргі кезде азықтандыру нормасын басшылыққа алады. Ірі шошқа
шаруашылық кешендерінде енесінен айырған торайларды полирациондық құрама
жеммен жемдейді.
Өзіндік мал азықтан шошқа етін өндіретін шаруашылықтар енесінен
айырғандарға қолда бар жемнен азық дайындайды. Енесінен айырғандарды
еркімен немесе күніне 3 рет жемдеген жөн. Егер мегежіндердің лактациясы
аптадан азырақ уақытқа созылса, енесінен айыру ерте деп есептеледі. Бұл
торайлау аралығын кемітіп, торайлау санын арттырады, мегежіндерден алынатын
торайлау санын молайтады. Аналықтар басын көбейтпей-ақ шошқа етін
арттырардың бірден-бір әдісі-ерте енесінен айыру. Ерте енесінен айырған
торайларды жемдеу үшін азықтық қоспа рецепті-престартер жасалады, оның
кенеулі заттар құрамы мегежіннің сүтіне жуық болады.
Шошқаларды бордақылау дегеніміз - бұл шошқа шаруашылығындағы соңғы
операция. Бордақылаудың табысты болуына мына факторлар әсер етеді:
бордақылау технологиясы, жемдеу деңгейі мен теңгермелік, жасы, қол тұқымы
т.б. Шошқаларды бордақылау іс жүзінде барлық категориялардағы
шаруашылықтарда өткізіледі.(1)

Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
Жобалау мен мал шаруашылық нысандарын ветеринариялық-санитариялық
бақылауды жүргізу малдарға қолайлы жағдайды тудыруға көмектеседі.
Ветеринариялық- санитариялық бақылау жобалаудың және құрылысты салудың
келесi кезеңдерiне iске асады: техникалық және экономикалық құрылыс
негізінде; құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру; жобалауды
ветеринариялық-санитариялық бақылау; құрылыстын сапасын бақылау;
обьектілерді пайдалануға қабылдау. Ветеринариялық-санитариялық бақылау
келесі құжаттарға негізделе жүргізіледі:
• 3.02-11-2010 Мал шаруашылық, Құс шаруашылығы және аң өсiретiн
ғимараттар және бөлменiң ҚР ҚнжЕсi;

• ВСН 52-89 ведомствалық нормалар административтік, тұрмыстық ғимараттар
мен мал шаруашық, құс шаруашылығы кәсіпорындарды жобалау бойынша;

• ТЖН АПК 1.10.01-001-10 ірі қара кәсіпорындарын технологиялық
жобалаудың нормалары;

• ГОСТ-мемлекеттік стандарт

• Мемлекеттік бақылау органдары

• ТСН-териториялық санитариялық нормалар

Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға
арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Онда негізгі технологиялық
міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Олардың
барлығы болашақ кәсіпорынның техникалық міндеттер мен санитариялық-
гигиеналық талаптар атап көрсетіледі.
Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады. Құрылыс салу
және қалпына келтіру үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған
келісім негізінде жобалау мен зерттеу ұйымдары жүргізеді. Келісім шартта
жобалау мен зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны, оған қоса
келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы, заказ берушінің осы жұмыстары
қаржыландыруды туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы
деректерді беретін график көрсетілуі керек.
Жобалық тамсырма-жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың
алғашқы сатысы. Жобалауда мынадай негізгі деректерді көрсетеді:
кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан
және алаң, обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың
келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп-бағу технологиясы, табынның саны,
құрамы мен өнімділігі, санитариялық-гигиеналық режимі, жобалаған
азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері,
ветеринариялық–санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер.(2)

2.1.2. Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері ( ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі

Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық
талаптар

Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық
ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге
арналған аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген)
аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы
анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн
қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
- Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа
шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі
бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың
жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде
ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос)
серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты
станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып
серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда
азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен
бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан
шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі
буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға
арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету
тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға
дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып
серуендетеді.
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап,
шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал
басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп
секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға – 15
м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік және
бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал
едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен
тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік
қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне
байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда
азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш
айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға
қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына
пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана
қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді
серуендетеді. (1)
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда
топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда
бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе
станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда,
аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу
функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар,
жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-
сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді
болады.

Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға
арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың
екі жанындағы қабырғаларының 13 бөлігі тұтас, ал қалған жағы төркөзді
болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың тұтас
қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап
ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокта
10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа
1,8-2 м² еден ауданы есептеледі.
Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған азық науалары
орнатылады. Әр станокта төркөзді деннің турасына су құбыры қойылады.
Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден
керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен
(5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға
орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті
екенін естен шығармау керекте, осы кездерде олар толық құнарлы затты,
витаминді және макро-микро элементті рационмен қамтамасыз етілуі қажет.
Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микроклиматы
қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр шошқалардың жоғарғы температурада,
әсіресе жаз айларында жас аналықтардың, болуы жыныстық күйтінің келуін
тежейді. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап,
серуендетіп, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйті тез
келеді. (1)
4.Аналық шошқа қоралары

Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға
арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр
станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған
аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін
ұстайды.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына
қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден
сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал
торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын
зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне
қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының
қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып,
астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың
жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін
және эритемді шамдарды іліп орнатады.
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы
каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің
көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде Лузинский, ал
екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы
технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2
типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және
торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға
жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық
шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын
мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок
ауданы – 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса – 5-5,5 м² алынады. Бұл
станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1,
СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа)
бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем
алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға
арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша
немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің
үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру
үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.

Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір,
торайлардың дем алып, азықтануына – 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы
болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап
семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені –
200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180 см, ені –
60 см.(1)

1-сурет Мегежіндерге арналған қора-жай
үлгісі
2.2. Ветеринариялық- санитарлық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар
(қый сақтағыщ, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың
беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу
Өндірістік негіздегі шошқалар кешенінде төшенішсіз ұстап –бағу әдісі
қолданылады. Мұндай жағдайда өндірістік кешеннің ылғалдылығы 87-90% жететін
сұйық қи шығарылады.
Каналсыз сумен шаятын система қазіргі үлкен шошқа ұстайтын кешендерде
қолданылады. Шошқалар қи тастаған жерін үлкен қысымдағы сумен шайып, үлкен
канализациялық сеткаға түседі, онан соң өз бетімен ағатын 3Бұл жүйе көп
шығынды керек етпейді.Ал, қи өте сумен араласып, оны өңдеу қиынға соғады.
Өз бетімен қи ағатын жүйелердің ішінде біркелкі доғалдылықта өз бетімен
тасымалдайтын жүйенің болашағы зор. Бұл жүйе суды аз керек етеді,
пайдалануда қиын емес, бірақ қидың ылғалдылығының тұрақсыз болуына
байланысты тәжірибе жүзінде пайдалану қиынға соғып отыр. Қазіргі шошқаларды
ұстайтын ірі кешендерде Алтын – Диірмен корпорациясында (15-20 мың)
сұйық қиды фракцияға бөлу әдісі қолданылады, олар қатты және сұйық
фракцияға бөлінеді. Қатты фракция биотерминалдық әдіспен залалсыздандырылып
үлкен төбе етіп үйіп қояды. Ал сұйық фракцияларды қи жинайтын жинағыштарда
өз бетімен залалсыздандырғанша ұстап, сонан соң егіс алқабына тыңайтқыш
ретінде шығарады. Үлкен кешендерде қидың ылғалдылығы 90-97% жетеді. Олар
үшін тар фильтрлер қойылады. Сағатына 6-8 м3 сұйық қиды шығара алады. Қиды
фракцияға бөлу үшін ГИЛ-32 немесе ГИЛ-52 агрегаттары пайдаланылады.
Мал өлекселерін уақытша жинау және утильдеу - малдың жұқлалы
Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі мен ішкі ағзаларында патогенді
арнайы бөлімдерінде жүргізіледі. Өлексені бірнеше тәсілмен жояды:
жергілікті жердің, егер мал топалаңнан және де басқа қоздырушысы спора
түзетін;
Өлекселерді арнайы өлексе өртейтін пештерде, отынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенаcы
Шошқа күтіп бағу гигиенасы
Шошқа малдарының гигиенасы
Шошқа гигиенасы және шаруашылығы маңызы
Шошқаның гигиенасы туралы
Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған қора жобалап салу
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқаларды ірілендірілген комплекстерде ұстау жүйесі
Шошқаларды ұстау жүйелері
Пәндер