Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ
Реферат:Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы,білімі,қызметі

Орындаған: Ермахамбетов Нұрлан
Тексерген: Диана Қуантайқызы

ЖОСПАР
I Кіріспе
II Негізгі бөлім1. Өмірбаяны2. Атқарған қызметі3. Ұстаздық өмірі
III Қорытынды

Кіріспе
Қазақ жері мен Орталық Азия өңіріне есімі мəлім болған, жарқырап жанған шоқ жұлдыздарының бірі Санжар Жағыпарұлы (Жафарұлы) Асфендияров (Аспандияров) 1889 жылы 20 қазанда бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкентте, қазақ хандарының тікелей ұрпағы Сейітжапар (Жафар, Жағыпар) Асфендиярұлы мен Гуляндам Қасымованың отбасында дүниеге келген. Сейітжапар Түркістан губернаторы кеңсесінде əскери аудармашы қызметін атқарып, XIX ғасырдың 90 жылдары Ташкентке ic-сапармен алыс-жакын елдерден келген елшіліктерін қабылдау, орналастыру сияқты дипломатиялык істермен айналысқан. Өзінің жарты ғасырдан астам мерзімге созылған қызмет жолын қатардағы поручиктен бастаған Сейітжапар Асфендиярұлы туа біткен дарыны мен еңбекқорлығының арқасында Түркістан өлкесінің түpкi-мұсылман халықтары үшін жоғары əскери атақ болып саналған -- полковник шеніне қол жеткізеді. Сауатты, көзі ашық Сейітжапар Асфендиярұлы өз балаларына үздік білім беруге ұмтылды. Оның екі қызы (Гүлсім мен Аннель) Ташкент қыздар гимназиясында, төрт ұлы Ташкент реалды училищесінде тəлім алды.
Сейітжапардың үлкен қызы Гүлсім (Үммигүлсім) Жафарқызы (1880 - 1941) -- қазақ əйелдері арасынан шыққан алғашқы дəрігерлердің бірі. Ол 1901 - 1908 жылдары Санкт-Петербург əйелдер медициналық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Сырдария облысы Шымкент уезінің 3-учаскесінде, кейін Ферғана облысының Пап бөлімшесінде дəрігер болып істеген.
Гүлсім Асфендиярова (Аспандиярова) 1913 жылдан Ташкент қаласындағы əйелдер босанатын үйдің бас дəрігері болды. 1920 жылы Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен жергілікті халықтардан шыққан əйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырды, əрі сол мектептің меңгерушісі жəне оқытушысы болды. 1924 жылы бұл мектеп Ю.Ахунбабаев атындағы медициналық техникумға қосылды. Гүлсім Сейітжапарқызы өмірінің соңына дейін осы техникумда дəріс берді. Ол оқытқан шəкірттерінің арасынан кейін Орта Азия мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары өсіп шықты [1; 482].
Өкінішке орай, Гүлсім Сейітжапарқызының дарынды інісі, тағдыры халқымен тағдырлас қазақтың біртуар ұлдарының бірі -- Санжар Асфендияровтың (Аспандияровтың) өмір-өнегесі, қызметі мен шығармашылығы əлі толық зерттелген жоқ. Əсіресе оның ғылыми мұрасын зерделеудің қазақ тарихнамасы үшін маңызы аса зор.
Санжардың өмір-өнегесіне қатысты қысқаша деректер
Санжар Асфендияров -- XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі. Ол 1912 жылы Ресейдің ең ірі ғылыми жəне мəдени орталығы Санкт-Петербургтегі Императорлық əскери-медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірді. 1910 жылы Сералы Лапиннің қызы Рабиғаға үйленді [1; 481].
Жас маман еңбек жолын Амудария бойындағы Термез қаласында полк дəрігерлік қызметтен бастайды. Полк дəрігері емдеу жұмыстарымен қоса, негізінен, халық мүддесі үшін күрес жолына түседі. Бұқараның көзін ашсам, көңілін оятсам деген арман оған күндіз-түні маза бермейді. Бұл армандарын жүзеге асыруға Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс кедергі болады.
Санжар Жағыпарұлы 1913 жылы майданға жіберіледі. 1917 жылы тұтқынға түсіп, Германияда бір жыл азапты өмір кешеді.
Қазан төңкерісі жеңісінен кейін, ол Түркістанда Қызыл Армияны жасақтауға қатысты. Əскери дəрігер Аспандияров жалынды үгітші жəне саяси жетекші де болды. Бұхара, Ташкент жұмысшы жəне солдат депутаттары облыстық, кейін өлкелік кеңесінің мүшесі болып сайланды. Черняев полкінің қатарында ол 1918 жылы Бұхара, 1919 жылы Закаспий майдандарында шайқасқа, контрреволюциялық бас көтерулерді талқандауға қатысты. 1919 жылдың мамырында ол большевиктер партиясы мүшелігіне қабылданды [2].
Санжар Асфендияров 1919 жылдан бастап 1928 жылға дейін жоғары басшылық қызметтерде болды. Ол Түркістан Республикасының денсаулық сақтау комиссары, жер-су халық комиссары, Түркістан Республикасының Мəскеудегі тұрақты өкілі, РСФСР ұлт өкілдері жөніндегі халық комиссариатының алқа мүшесі, ВКП(б) Орта Азиялық бюросының мүшесі, Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Мəскеу университетінің профессоры жəне Мəскеу шығыстану институтының ректоры.
1928 жылдан бастап Санжар Жағыпарұлы Қазақстанда еңбек етті. Ол республиканың халық шаруашылығы мен мəдениетін көтеретін білікті кадрларды Қазақстанның өз ішінде дайындауды жолға қоюға, сонымен қатар республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға орасан зор үлес қосты. Асфендияровтың ұшан-теңіз еңбегінің нəтижесінде 1928 - 1937 жылдары республика халқына медициналық қызмет көрсету жақсарды. Осы кезеңдерде əйгілі ғалымның Қазақстан тарихының өзекті мəселелерін жан-жақты зерттеген бірнеше оқулықтары мен еңбектері дүниеге келді.
Репрессия кезінде жазықсыз қазақ зиялыларынң ішінде Қазақстан жоғары мектебі мен ғылымы, мəдениеті саласындағы көптеген көрнекті ғылым, мəдениет қайраткерлері сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Сталиндік жендеттердің қанды шеңгеліне ілінгендердің ішінде Санжар Жағыпарұлы Асфендияров та болды.
Асфендияровтың қазақтың тұңғыш жоғары оқу орындарын ұйымдастырып, аяғынан тұрғызуда сіңірген еңбектері
Еліміздің дамуында жоғары білім беру мен білікті ғылыми мамандар даярлау ісінің алатын орны ерекше. Осы орайда бұл жоғары білім өз бастауын қайдан алды жəне оның ошағы қайда қаланған еді деген сауалға жауап іздеу орынды сияқты.
Қазақта қара шаңырақ деген ұғым біреу, əрі ол аса құрметті, киелі. Ал ағарту саласындағы қара шаңырақ -- бүгінгі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Осыдан келіп, Неге басқа емес, осы оқу орны, дəл сол болса, ол қайда, қашан жəне қалай құрылған? деген сұрақ туындайды.
1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мəселемен айналысатын төтенше комиссия құрылды. Сауатсыздықты жоюдың жылжымалы бөлімшелері жұмыс істей бастады. Əйелдерді оқыту үшін қызыл отаулар құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, орта білім беретін мектептері қалыптаса бастады. Ересек балаларға арналған мектептер мен мектеп-интернаттар ашылды. Өндіріс орындары жанынан жұмысшы факультеттері (рабфак) құрылды. Ауылдарда кішігірім мектептер ашылып, онда қарапайым əріп таныту, санау, жазу, оқуға үйрету сабақтары жүргізілді.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында зиялы қауымды, əсіресе педагог мамандарды, дайындау мəселесінің ерекше маңызы болды. Мысалы, 1924 жылы мұғалімдердің 5,8 % ғана жоғары білімді болды. Мұғалімдерді дайындау үшін тұрақты жəне қысқа мерзімді курстар, педагогикалық техникумдар ашылды. Жоғары оқу орындарының мамандары негізінен Мəскеу, Ленинград, Ташкент қалаларында дайындалды [3].
Сондықтан да Қазақ XКК қаулысымен 1928 жылы 1 қазанда Алматы қаласында үш факультеттен (педагогикалық, ауыл шаруашылық жəне медициналық) тұратын Қазақ мемлекеттік университетін құру ұйғарылды. Ұйымдастыру жұмыстарына Халық ағарту комиссариатының жанынан жеті адамнан тұратын арнайы үкіметтік комиссия жауап берді. ҚазМУ-нің ашылуына байланысты Ташкент қаласындағы Қазақ жоғарғы педагогикалық институтты жойып, институттың барлық мүлкін құрылып жатқан ҚазМУ-нің қарауына тапсыру жəне институттың орнына оған дейін қызмет еткен орта педагогикалық білім беру мекемесі ретінде Қазақ ағарту институтын қалпына келтіру жоспарланды. РКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің өтінішімен құрылған ҚазМУ-нің тұңғыш ректоры болып үш жылдай Мəскеуде түрлі жауапты қызметтерде жемісті еңбек еткен Санжар Жағыпарұлы Асфендияров тағайындалды, С.Асфендияровтың алдында қалада оқуға жарамды болатын ғимараттарды тауып, оларды аудиториялар мен лабораторияларға сəйкестендіру, білікті, тəжірибелі оқытушылық кадрларды жұмысқа тарту, қосымша қаражаттарды іздестіру жəне осыған ұқсас көптеген мəселелерді шешу міндеті тұрды. Ректордың өтініш білдіруімен барлық облыстық жəне қалалық партия ұйымдарында ең алдымен қазақ ұлтынан шыққан дарынды балалардың арасынан болашақта университеттің даярлық курстарының тыңдаушыларын жəне студенттерін іріктеп алу жұмысы басталды.
Тез арада жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде 19281929 оқу жылының қыркүйек-қазан айларында ҚазМУ-да бiлім алуға ниет білдірген 124 студент (96 ұл, 28 қыз) оқуға құжат тапсырып, ұстаздар саны 9 адамды құрады. Олардың арасында 3 профессор (Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынұлы, Николай Фатов), 4 доцент (Eдігей Мансұров, Халел Досмұхамедов, Əлімхан Ермеков, Василий Потапов), 2 ассистент (Борис Ровинский, Владислав Дубощин) 1-курс студенттеріне сабақ берді. Ал, студенттер құрамы болса түрлi ұлт өкілдерінен тұрып, көпшілігi жұмысшы, кедей шаруалардың балалары еді. Оның ішінде 76 қазақ, 42 орыс, 3 татар, 2 еврей, 1 немic ұлтының өкілдері оқыды [4].
1928 жылдан ҚазМУ-дың тұңғыш ректоры болған Санжар Асфендияров 1930 жылы 25 желтоқсанда Қазақ мемлекеттік педагогика институты (КазМПИ) болып қайта құрылған оқу орнында (бүгінгі таңдағы жоғары оқу орны -- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) 1931 жылдың 16 ақпанына дейін директор (ректор) жəне тарих кафедрасының мeңгepушіci болып қызмет атқарды. Оқу орнының педагогикалық институт болып қайта құрылуының бipiншi ceбeбi, кеңестік саясат бойынша республикада сауатсыздықты жою мақсатында жүргізілген шаралар тұңғыш жоғары оқу орнынан тек педагогикалық бағытта ғaнa мұғалім кадрлар даярлауды талап еткендіктен болса, екінші ceбeбi студенттер санының аздығы мен материалдық-техникалық базаның əлсіздігінде еді. 1928 жылдан бepгi институттың (бұрынғы ҚазМУ) өткен 3 жылы негізінен алғанда жаппай ұйымдастыру кезеңі болған. Осы тұрғыда Санжар Асфендияров 1928 - 1931 жылдары университет жұмысына Ленинград, Мəскеу, Киев, Харьков, Владивосток, Қазан, Ташкент қалаларынан ең таңдаулы оқытушыларды тарта білді. Олардың арасында О.Қ.Жандосов, В.А Захваткин, Н.Л.Караваев, И.Г.Автухов, Б.Л.Кругляк, Е.В.Тарле, М.М.Маркович, В.Н.Кун, А.Х.Линчевский, Е.В.Васильева, В.Ф.Литвинов, В.М.Зимин, І.Ж.Қабылов, Т.Ш.Шонанов, М.А.Солонино, А.И.Смирнов, т.б. белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар eдi [5].
1931 жылы 27 желтоқсанда институттан тұңғыш рет 59 студент түлеп ұшып, оның ішіндe 10 қыз, 49 ер бала алғаш бiлім əлеміне жолдама алды. Олар институтта 5 бөлімшеде оқып мамандық алып шықса, оның ішінде тарих-экономика бөлімшесін 21 адам (18 ұл, 3 қыз), əдебиет-лингвистика бөлімшесін 11 адам (9 ұл, 2 қыз), физика-математика бөлімшесін 10 адам (10 ұл), биология бөлімшeciн 8 адам (5 ұл, 3 қыз), химия бөлімшесін 9 адам (7 ұл, 2 қыз) бітірген екен [6].
Бұлар халық ағарту саласы үшін даярланып, ҚазМПИ-ден тұңғыш түлеп ұшқан жоғары білімді педагог мамандар еді.
Үш жыл бойы Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орнын құру бағытында қажырлы еңбек етіп, құнды тəжірибе жинақтаған С.Асфендияровқа дарынды ұйымдастырушы ретінде 1931 жылы Қазақ медициналық институтын кұру тапсырмасы жүктелді.
1931 - 1933 жылдары Алматыдағы Медициналық институтының тұңғыш ректоры болған ол осы институтта жалпы химия, биология, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи маңыздылығы
Қазақстан тарих пәні
Жазықсыз жапа шеккен Санжар Асфендияров
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне
Санжар Асфендияров
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы
ҚазҰМУ – дың тарихы
Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, эволюциясы және сабақтастығы (ежелгі дәуірден Қазақ хандығының құрылуына дейін)
ХХ ғасыр басындағы газет-журналдарды шығарушылар мен автор-тілшілер
Пәндер