Педагогикалық психологияда бақылау түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Студенттің оқу іс-әрекетін түзету коррекция және бақылау.

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Педагогикалық психологияда “бақылау” түсінігі

2. бақылауды ерекше оқу әрекеті ретінде қарастыра отырып, онымен басқа оқу әрекетінің оқу міндеттерінің шарттары мен талаптарына сәйкес анықтауды жобалау

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе - Оқу процесіне сәйкес “бақылау” терминін қолдану педагогика мен психологияда бір мағыналы емес. Педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибеде бақылау деп-кең мағынада бір нәрсені тексеру, ал тар мағынада кибернетика бағытында өзі реттелетін жүйені басқаруға тән кері байланыс принципі ретінде түсіндір-іледі. Педагогика оқу құралында түсінік осылай айтылады. Бұдан шығатыны, авторлар жалғастырады: “Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау сыртқы кері байланыстарды (мұғалім орындаған бақылау) және ішкі кері байланысты оқушылардың өзіе-өзі бақылауы қамтамасыз етеді”. ”Сыртқы кері байланыс” туралы түсінікті: ”бұл мұғалім ұйымдастырған оқушының оқу материалын меңгеруін (бақылау сұрақтарын, жазбаша жұмыстарын, эмтихандарын және т. б. ) әртүрлі тексерулер. Ал “ішкі кері байланысқа” не жатады басқаша айтқанда оқушылардың өзін-өзі бақылауы, яғни бұл туралы бар болғаны бірнеше сөзбен айтылған онда оқушылардың өзін-өзі бақылауы кезінде кері байланыстың “ішкі” сипаты неден тұратының түсіну қиын, оны бәрібір оқытушы машиналы және машинасыз бағдарламалау құралдарын қолдана отырып сырттан бақылайды. Өзін-өзі бақылау атауын қолдана отырып авторлар оқушылардың сөздерін белгілі мәселелер мен сұрақтар бойынша қандай шамада деңгейде материалды меңгергеніне көздері жететінін ескереді. Басқаша айтқанда олар өздерін-өздері тексереді және өздерін-өздері бағалайды, ол бұл тәжірибеден белгілі болғаны, мұғалім немесе оқулықтың авторы құрған өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар бойынша жасалады. Бұл да мәні бойынша “сырттан бақылау”.

Педагогикалық психологияда “бақылау” түсінігі бірнеше басқаша мағынада оқушылардың оқу қызметінің өзінің процесінің тканіне оның құрама элементі ретінде кіретін оқу әрекеті ретінде қолданылады. Бақылау оқу әрекеті ретінде оқу қызметінің соңғы нәтижесі бойынша меңгеру сапасын тексеру ретінде емес, керсінше оның барысымен жүретін және оқушылардың өздері орындайтын өздерінің ойлау операцияларының қатесіздігінің белсенді түрде қадағалайтын әрекеті бойынша, олардың оқу міндеттерін дұрыс шешуге арналған бағдарлау негізіне қызмет ететін зерттейтін теорияның мәнімен мазмұны бойынша сәйкестігімен жүзеге асырылады.

Білімді меңгеру процесін басқару механизмі туралы талқылай отырып, Н. Ф. Талызина бақылауды оны реттеудің міндетті құрама элементі ретінде қарастырады. Егер басқарылатын процесс оймен(сәйкес немесе бағдарламамен - оқуды бағдарламалауға арналған) жүрсе, онда оны түзету бойынша ешқандай қосымша әрекеттер, әрине талап етілмейді. Бірақ бағдарлама процесінен қандайда бір ауытқу байқалса, педагог кері байланыс жүйесі бойынша түсетін бұл ауытқудың сипаты туралы мәліметті қолдана отырып оқу әректі процесін түзетуге әсер ететін шараларды тез арада қолданылуы қажет. Бұл реттеуші әрекетте кері байланыс педагог процесс барысы туралы үнемі мәлімет алып отыратын және процестін аяқталуын күтпей оған бірден әсер ететін бақылау каналы ретінде болады. Оқу әрекетін бақылау мен түзету оның барысы бойынша бақылауды түсінудегі басты нәрсе міне, осы, егер оқу әрекеті аяқталса кірісу енді мүмкін емес болуы мүмкін. Егер оқу әрекетінің нәтижесі осындай болса, яғни адам бағдарламаны меңгермесе немесе нашар меңгерсе тек бұл туралы процесс соңында ғана белгілі болса, онда енді оны түзетуге кеш.

Кері байланысты оқу процесіне сәйкес жүзеге асыру мынандай екі мәселені шешуді болжайды. Біріншіден, . . . бақыланатын сипаттардың жиынтығын, бір жағынан оқу мақсаты және екінші жағынан-оқу бағдарламаларын құру кезінде негізге алынатын оқытудың психологиялық теориясы негізінде анықтау. Жалпы ереженің мәні мынада, яғни біріккен өзгерісі бақылауға бір сапалы күйден екіншісіне өтуге алып келетін процестің тәуелсіз сипаттары тартылатындығында.

Екіншіден, кері байланыстың жиілігін анықтау. Кемшіліксізі (идеалдысы) үздіксз деп аталатын кері байланыс. Бұл жағдайды өздігінен оқу процесіне өткізу ойдағыдай аяқталмады. Бұл мынамен түсіндіріледі, яғни іс жүзінде оқу процесін бақылау тек кері байланыс қызметін орындап қана қоймайды, сонымен бірге нығайту қызметінде атқарады, ол сол сияқты оқушының мотивациялық саласымен де байланысты.

В. В. Давыдов, бақылауды ерекше оқу әрекеті ретінде қарастыра отырып, онымен басқа оқу әрекетінің оқу міндеттерінің шарттары мен талаптарына сәйкес анықтауды жобалап түсіндірді. Бақылау іс-әрекеттің операциялық құралын өзгерте отырып, олардың байланысын шешілетін міндеттермен алынатын нәтиже жағдайының сол немесе басқа ерекшеліктерімен айқындауға мүмкіндік береді. Осының арқасында бақылау іс-әрекеттің операциялық құралының қажетті толықтығын және оны орындаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бақылау іс-әрекеттің операциялық құралының оны орындаудың маңызды шартына сәйкес белгілеуге мүмкіндік бере отырып, мазмұнды рефлексияға негізделеді. Мазмұнды рефлексия адамның өзінің жеке іс-әрекеттерін маңызды негізде іздеуімен, қарастырумен байланысты. Демек, психологиялық тұрғыдан алып қарағанада бақылау-бұл мақсаты барлық басқа оқу әрекеттің оқу қызметінің берілген бағдарламасының қатаң шеңберінде ұстау болып табылатын ерекше оқу әрекеті, практикада ол оқушының оқу міндетінің жағдайын талдауды білдіреді және олардың әрқайсысы талап етілген міндеттермен салыстырылатын, оның ойлау операцияларын шешу үшін қажетті жүйесі түрде жүзеге асыруды білдіреді.

Психологиялық зерттеулерде жеке бақылаудың оқу әрекеті, егер оқу интерактивті әдістерімен жүзеге асырылса, тезірек және жақсы қалыптасатындығы айқындалған. Топтық оқу әрекеттері сабақтарда (дискуссия, диалог) индевидтің басқалардың іс-әрекетінің бақылауды ұйғарады, әйтпесе ұжымдық оқу әрекеті құрылмайды. Енді міне Д . Б. Элькониннің айтқан жалпы ережесін растайтын мәліметтер бар:”. . бақылаудың қалыптасуы басқалардың іс-әрекетін бақылаудан өзінің жеке іс-әрекеттерін бақылауға кетеді”. Бұл ереже Л. С. Выготский тұжырымдаған дамудың жоғарғы психикалық қызметінің негізгі заңымен толығымен келіседі:”Барлық жоғары психикалық қызмет . . . сахнада екі рет көрінеді-алғашында ұжымдық әлеуметтік ретінде, яғни интерпсихикалық қызмет ретінде, екінші рет жеке қызмет ретінде, ойлаудың ішкі тәсілі ретінде, интрапсихикалық қызметі ретінде”.

Өзіндік оқу әрекеті ретінде бақылауға студент үйренуі қажет. Ал оқытатын әрине, оқытушы арнайы үйреттпеуі де мүмкін, бірақ оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, (студенттерге ойлауын белсендіруге және олар үшін жаңа, оларды шешудің жалпы тәсілдерін меңгеруге есептелген арнайы құрылған оқу міндеттерін шешу түріндегі) үйретуі мүмкін. Оларды шешу бойынша оқу әрекеттері дәлдегендей бақылау әрекетін қосуды талап етеді. Сөйтіп, психологиялық тұрғыдан алғанда, студенттің оқу қызметін бақылау-бұл өзінің оқу әрекеттерінің барысының дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша өзіндік оқу әрекеті түріндегі өзін-өзі дұрыс бақылау. Ал өзін-өзі бақылауды педагогикаық тұрғыда түсінуге не жатады?, бұл оқушының кезеңмен бойынша барысын емес, меңгеру нәтижесін тексеретін, оқытушының сырттай ұйымдастырылған әрекеті.

Ал қазір бізге өзін-өзі бақылауға үйрету әдістемесі туралы мәселені студенттің өзінің оқу әрекеті ретінде қарастыру қажет. Бірінші курс студенті өзінің жеке оқу жұмысын былай оқу материалы оны үйрену барысында тез меңгерілетіндей етіп, дұрыс ұйымдастыруы қажет және мүмкіндігінше тезірек үйренуі қажет. Демек оған өз жағдайын өзі жасауы тиіс, яғни ешнәрсені кейінге қалдырмауы керек, лекцияларды уақытысын жазып кейінге жиналып қалмас үшін ғылыми және оқу әдебиеттерін уақытылы оқып отыруы тиіс, яғни сынақ емтихан сессиясын күтпей-ақ бірнеше күнде барлық өтілген материалды оқып үлгере алмай қиналып жатпас үшін осылай жасауы керек. Көптеген бірінші курс студенттері осылай жасайды да. Мұндай жұмыс стилінің нәтижесі бұрыннан белгілі білім терең емес, үздік-создық өмірмен тәжірибемен аз байланысты, қисынсыз және дәлелденбеген, себебі көбісі ұмытылған бір-бірімен логикадан тыс есте сақталған. Ең алғашқы күннен бастап, студенттің күнделікті мүкіндік беретін ырғаққа икемдеу үшін жаңа ғылыми ақпаратты игеру керек, оны педагогикалық әдістемеде өзін-өзі бақылау деп аталуы мүмкін, оны бақылаудың оқу әркетіне үйрету қажет.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бақылауды үйренуді сол мәселе бойынша арнайы оқу сабақтары міндетті түрде болжамайды, ол оқу қызметінің өзінің жағдайларына еріксіз көндірілуі тиіс. Оқу әрекеті студент оқу міндеттерін, олар үйретілген теориямен дәл сәйкес келетіндей, ( өйткені тек осындай жағдайда ғана ол қалаған нәтижесін алады) оларды шешетін өзінің барлық ойлау операцияларын бақылай отырып, солай немесе басқаша оқу міндеттерін орындауға мәжбүр болатындай етіп ұйымдастырылады.

Оқу әрекеттің үйрететін жеке ұйымдастырылған арнайы сабақтар ереже бойынша қаншалықты

өткізілмегенімен соншалықты оқу процесінің өзі бұл әрекетке жол-жөнекей сияқты жүзеге асырылады, сонымен бір уақытта және сонымен бірге міндеттер шартын ойлап басқа оқу әрекеттерін орындаумен және олардың талаптарын бағалауда, жоспарлау мен шешім қабылдауда жүзеге асырылады. Бұл басқа оқу әрекеттерін оқытушы былай, олардың жүзеге асырылуы толығымен оқушылардың норма ережелерді, заңдарды және оқылған теорияның басқа талаптарын қалай басқарылатынына байланысты ұйымдастырылуы тиіс. Одан басқа міндеттер оларды ойдағыдай шешу бұл талаптарды мұқият сақтауға үздіксіз байланысты болып құрылуы тиіс.

Психологиялық теорияны зеттеу кезінде, дегенмен барлық теорияны зерттеу кезде мұндай талаптар студенттер оларды психологиялық фактілерді білу мен зерттеудегі міндетттерді шешу кезінде басқару үшін сондай маңызды неғұрлым жалпы және сипатты, ерекше психологияның қандай да бір ғылыми түсінігінің белгілері болуы мүмкін. Мысалы: студентке психологиялық қызмет түсінігін меңгеру үшін ұсынылатын оқу міндеттеріне тоқталайық. Төменде келтірілген есептерді дұрыс шешу үшін студент өзінің ойлау операцияларын қызмет түсінігінің белгілерімен үнемі салыстырып отыруы қажет. Ал бұл белгілер студентке мынандай жазулармен беріледі:алдымен анықтау түсінігі, сосын қызмет құрылымы (қандайда бір қажеттілікпен байланысты мотив-мақсат- құрал-нәтиже) . Міне, студент есептерді шешу кезінде оларда психологиялық қызмет түсініктің белгіленген белгілері бар ма, соны талдай отырып оның шартына қарап отыр. Қарайды, талдайды, шешім қабылдайды-міне, ол оқу міндетін шеше отырып, жасайтын оқу ойлау операцияларын ол оның теориямен салыстыра отырып түзетуі-бақылау әрекеті қызмет түсінігі белгілерімен салыстыра отырып, бұл түсінікке мысалдар көп. Сонымен мына деректер қызмет іс-әрекет болып табыла ма?

1. Шаршаған жолаушы аяғын демалдыру үшін кескен ағаштың түбіне отырды.

2 “Менделеевтің периодтық заңы” ашылуының негізінде әйгілі болған. ”Д. И. Менделеевтің периодтық элементтер жүйесі”, яғни химиялық элементінің таблицасы түсіне кірді. Таблицаның түсіне кіруі іс-әрекет болып табыла ма?

3. Студент лекцияның мәніне үңілмей және оның мазмұнын түсінбей тез жазып жатыр. Ол іс-әрекетпен айналысуда ма?(Ия) .

4. Мектеп оқушысы дауыстап өлең жаттап жатыр, ал екіншісі оны әлде қашан жаттап алған және үндемей досын тыңдап отыр. Олардың қайсысы іс-әрекет етуде?Әлде екеуі де ме?

5. Кескішті іске қосты, диірменнің үстіңгі тасы жұмыс істеді және қаптар ұнға тез тола бастады. Бұл жерде 3 егістік бар. Олардың қайсысы іс-әрекетті білдіреді?

6. Маяковскийге аяғы кесілген солдат түсіне енді және ақын түнде ұйқылы көзбен шала күйде сіріңке ұшымен кесілген аяғын жарақаттап алды, ол таңертен бұнын немен байланысты екендігін әзер есіне түсірді:ол махаббаты қымбат адам туралы өзін азаптаумен байланысты. Бұл образды ақын өзінін поэмасына бір аяғы кесілген солдаттың өзінің жалғыз аяғын қалай қастерлейтіні сияқты, махаббатты да солай қастерлейтіні туралы қатарлар өлең түрінде қосты. Образдың түсіне кіру фактісі және оны ақынның поэмаға қосуы іс-әрекет болып табыла ма?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің рөлі
Оқу іс-әрекеттің психологиялық теориясы
Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Психологиядағы зерттеу әдістері
Дифференциалды психология
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Психикалық даму негіздері
Ұжым психологиясы мәселесі
Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz