Орналасудан ауытқу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:

4 - ТАҚЫРЫП.

БЕТТЕРДІҢ КЕДІР-БҰДЫРЛЫҒЫ, ТОЛҚЫНДЫЛЫҒЫ, ПІШІНІ МЕН ОРНАЛАСУЫНЫҢ АУЫТҚУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ

Дәріс жоспары:

4. 1Беттің кедір-бұдырлығы және толқындылығы

4. 2Беттiң пiшiнiнен ауытқуы. Орналасудан ауытқу

4. 3Беттердiң пiшiнiнен ауытқуын, орналасуын, кедір-бұдырлығын

сызбаларда белгілеу

4. 4Тәуелдi және тәуелсiз орналасу шақтамалары

4. 5Беттердің пішінінің ауытқуын, орналасуын, толқындылығы мен кедір-бұдырлығын өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары

4. 1 Беттiң кедiр-бұдырлығы және толқындылығы

Беттiң кедiр-бұдырлығы деп базалық ұзындықтағы салыстырмалы кiшi адымды тегiссiздiктер жиынтығын айтамыз (сурет1)

Сурет 1 - Беттің кедір-бұдырлығы

Базалық ұзындық деп беттiң кедiр-бұдырлылығының көрсеткiшiнiң сандық мәнi анықталатын, базалық сызықтың ұзындығын айтамыз.

Кедiр-бұдырлылықтың көрсеткiшiн анықтайтын базалық сызық ретiнде ортаңғы сызық қолданылады.

Кедiр-бұдырлылықты енi базалық ұзындықтан аспайтын, барлық жерi бiрдей өңделген беттiң кез келген жерiнен бағалауға болады.

Бұйым бетiнiң кедiр-бұдырлылығын материалына және өңдеу әдiсiне байланыссыз мынадай көрсеткiштер арқылы анықтауға болады:

  1. Кескiннiң орташа арифметикалық ауытқуыRA. Ол кескiннiң барлық тегiссiздiгiнiң орташа биiктiгiн сипаттайды.
  2. Он нүктемен анықталатын, кескiннiң тегiссiздiк биiктiгiRZОл ең шығыңқы тегiссiздiктердiң орташа биiктiгiн сипаттайды.
  3. Кескiн тегiссiздiгiнiң ең үлкен биiктiгiRMAX
  4. Кескін тегiссiздiгінiң адымыSM
  5. Кескiннiң шығыңқы жерiнiң адымыSi
  6. Кескiннiң салыстырмалы тiрек ұзындығыtР
  1. - негiзгi белгi. Өңдеу әдiсi көрсетiлмейдi.
  2. - конструктордың талабы бойынша қойылатын белгі. Материалдың беткi қабатын жонбай өңдеу (құю, штамптау т. б. )
  3. конструктордың талабы бойынша қойылатын белгі.

Материалдың беткi қабатын жонып өңдеу, яғни механикалық өңдеу (жону, бұрғылау т. б)

Беттiң толқындылығы деп адымы базалық ұзындықтан асатын, кезеңмен қайталанатын тегiссiздiктер жиынтығын айтамыз.

Толқындылылық - кедiр-бұдырлылықпен беттiң пiшiнiнен ауытқудың ортасында болады. Толқындылық ең көп биiктiк W MAX , адым S W және өлшеу ұзындығынан L W 5 . S W тұрады. Есептеу базасы ретiнде ортаңғы сызықты аламыз.

Егер S W / W Z < 40 болса, онда кедiр-бұдырлылық

Егер 1000 (S W /W Z ) 40 болса, онда толқындылық

Егер S W /W Z > 1000 болса, онда пiшiннен ауытқуға жатады.

4. 2 Беттi пiшiнiнен ауытқуы. Орналасудан ауытқу Беттiң пiшiнiнен ауытқуы деп беттiң нақты пiшiнiнiң номинал пiшiнiнен ауытқуын айтамыз (сурет 2) . Пiшiннiң ауытқуына толқындық беттер жатады да, кедiр-бұдырлылық жатпайды.

Пiшiннiң және орналасудың ауытқуын ең үлкен ауытқуымен бағалайды. Бұл жағдайда пiшiн мен орналасудың дәлдiк шегi ең үлкен ауытқудан үлкен немесе тең болуы керек. 

Пiшiннiң дәлдiк өрiсi нақты кескiннiң немесе нақты беттiң барлық нүктелерi кеңiстiктегi немесе жазықтықтағы аймақтың iшiнде жататын көрсетедi.

Сурет 2 - Беттің пішінінен ауытқуы

Пiшiннен ауытқудың түрлерi:

  1. жазықтықтан ауытқу- ең үлкен ауытқуға тең болады. Белгiленуi:

Жазықтықтан ауытқудың негiзгi түрлерi: дөңестiк және ойыстық

  1. дөңгелектiктен ауытқу- нақты кескiн нҥктесiмен жанасатын шеңберге дейiнгi ауытқудың ең үлкен ара қашықтығы. Белгiленуi:

Дөңгелектiктен ауытқудың түрлерiне сопақтық және көп бедерлiлiк жатады.

  1. цилиндрлiктен ауытқу- шектелген бөлiктегi беттiң нақты нүктелерiмен жанасқан цилиндрге дейiнгi ауытқудың ең үлкен ара қашықтықтығы.

Белгiленуi:

Цилиндрлiктен ауытқу - дөңгелектiктен ауытқу мен бойлық қима кескiнiнен ауытқудан тұрады.

  1. бойлық қима кескiнiнiң ауытқуыдеп нақты нҥктелерден құралған, жазықтықта жатқан беттiң осi арқылы өтетiн, сәйкес қабырғаларымен жанасатын кескiннiң шектелген бөлiгiне дейiнгi ауытқудың ең үлкен ара қашықтықтығын айтады. Белгiленуi:

Бойлық қима кескiнiнен ауытқуға: бөшкетәрiздестiк, ер тәрiздестiк және

конус тәрiздестiк жатады.

Цилиндрлiк беттердiң пiшiнiнен ауытқуының негiзгi себептерi:

Сопақтық - токарлы немесе ажарлау станоктарының шпиндельдерiнiң соғуынан; көп бедерлiлiк - тетiкбөлшектi айналдыратын көптарамды центрдiң өзгеруiнен; конустәрiздестiк - шпиндель мен артқы тiректiң өстеспеуiнен, немесе кескiштiң мұқалуынан; бөшкетәрiздестiк - ұзын бiлiктердi люнетсiз центрде жонған кезiнде сығылуынан пайда болады.

Орналасудан ауытқу деп базалық және қарастырылатын беттердiң, (түзулердiң, кескiндердiң) пiшiндерiнiң ауытқулары есептелiнбеген кездегi нақты орналасқан беттiң, (өстiң немесе кескiннiң) номиналды орналасуынан ауытқуын айтады.

Нақты беттi жанасу бетiмен алмастыруға болады.

База деп тетiкбөлшек элементiнiң (өс, нүкте, бет) берiлген орналасудың дәлдiк шегiне қатынасын айтамыз.

Орналасу ауытқуларының негiзгi түрлерi:

  1. параллельдiктен ауытқу- шектелген бөлiктегi жанасқан жазықтықтардың ең үлкен және ең кiшi ара қашықтарының ауытқуларының айырмасы.
  2. перпендикулярлықтан ауытқу
  3. ортақ өспен салыстырғандағы өстестiктен ауытқу- шектелген бөлiктегi

қарасттырылатын айналу бетiнiң өсi мен екi немесе бiрнеше айналым беттерiнiң ортақ өстерiнiң ең үлкен ара қашықтығы

  1. базалық жазықтықпен салыстырғандағы симметриядан ауытқу- шектелген бөлiктегi базалық симметрия жазықтығы мен қарастырылатын

беттiң симметрия жазықтығының ең үлкен ара қашықтығы

  1. позициялық ауытқу- шектелген бөлiктегi элементтiң центрi, өсi немесе жазықтық симметрияы номинал орналасуға қарағандағы нақты орналасуының ең үлкен ауытқуы

өстердің қиылысуы

  1. көлбеуліктен ауытқу

Пiшiн мен орналасудан қоса ауытқу (шақтама) - берiлген базамен салыстырғандағы қарастырылған беттiң пiшiнi мен орналасуын бiрдей есептейтiн ауытқу. Қоса ауытқу шабақтық және қапталдық соғуды бағалау үшiн қолданылады (сурет 3) .

Базалық өспен салыстырғандағы айналу бетiнiң шабақтық соғуы - қарастырылатын қима кесiнiндегi дөңгелектiктен ауытқуы мен базалық өспен салыстырғандағы центрден ауытқуының бiрiккен нәтижесi болып табылады. Шабақтық соғу базалық өске перпендикуляр, тексерiлетiн кескiн қимасының ең үлкен және ең кiшi радиус ауытқуларының айырмасына тең.

Сурет 3 - Шабақтық (а) және қапталдық (б) соғу

Пішін мен орналасудың шақтамаларының белгілерін 1- кестеде көрсетеміз.

Кесте 1 - Пішін мен орналасудың шақтамаларының белгілері

Перпендикулярлықтың шақтамасы: Перпендикулярлықтың шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы: Көлбеулiктiң шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы: Өстестiктiң шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы: Симметрияның шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы: Өстiң ығысуының шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы: Өстiң қиылысуының шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы: 3. Пiшiн мен орналасудың шақтамасы
:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы:

Шабақтық соғудың шақтамасы

Қапталдық соғудың шақтамасы

Берiлген бағытта соғудың шақтамасы

:
:
Перпендикулярлықтың шақтамасы:

Толық шабақтық соғудың шақтамасы

Толық қапталдық соғудың шақтамасы

:
:

Пiшiн мен орналасудан қоса ауытқу (шақтама)

Цилиндрлiк беттiң толық шабақтық соғуы базалық өске қарағанда тексерiлетiн беттiң цилиндрлiктен ауытқуы мен өстестiктен ауытқуының нәтижесiнде пайда болады.

Қапталдық соғу (толық) - нақты беттiң (түгел қапталдық беттiң) нүктелерiнен базалық өске перпендикуляр жазықтыққа дейiнгi ара қашықтықтың ең үлкен және ең кiшi ауытқуларының айырмасы.

Қапталдық соғу қарастырылатын беттiң жазықтықтан ауытқуы мен базалық өспен салыстырғандағы перпендикулярлықтан ауытқудың бiрiккен нәтижесi болып табылады.

4. 3 Беттердiң пiшiнiнен ауытқуын, орналасуын, кедір-бұдырлығын

сызбаларда белгілеу

Пiшiн мен орналасудың дәлдiк шектерiнiң әрбiр түрiнiң өзiндiк белгiсi бар (сурет 4) .

Сурет 4 - Сызбада беттің пішіні мен орналасуының шақтамаларының белгіленуі

Шақтаманың шартты белгiсi өзiндiк таңбадан, сандық мәннен, керек жағдайда өлшеу базасының әрiп белгiсiнен құралады. Бұл берiлгендердi белгiлi тәртiппен екi немесе үш бөлiктен тұратын жиекке енгiзедi (сурет 4а) . Жиектi бағыты бар тұтас сызықпен жалғайды (сурет 4б) . Белгiленудiң түрлерi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геометриялық параметрлердің ауытқуларын жіктеу
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары. Жұмыссыздықтың пайда болуы
Ядролы магнит резонансын бақылау
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Резервтік копия жасаудың стратегиясы
Файлдық жүйе (Файловая система; file system)
Жұлдыз координаттарының рефракция мен аберрация салдарынан өзгерісінің жалпы формулалары
Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері
Жастардың жұмыссыз қалуы оңай
Әлеуметтік туризм нарығының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz