Тауарлы өнімі бағасының өзгерісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
беті

Кіріспе

ІІ. Өнім өндірудін өзіндік құнын талдау

2.1. Өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығын деңгейіне талдау
2.2. Мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімдердін өзіндік
құны калькуляциясы
2.3. Тікелей материалдық еңбек шығындарынның деңгейіне талдау
III. Мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын
төмендету жолдары
3.1 Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

Қорытындылар мен ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі
жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік
бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда.
Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні
белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі.
Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге
әсер етуі мүмкін.
Сондықтан Үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму
бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында мұнай саласына
назар аударуды қажет етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін өткізу басты
назардағы мәселе болып отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу оған
жүмсалған шығындармен тығыз байланыста.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мұнай өндірудің өзіндік құны және
калькуляциялық шығындарды есепке алу, өзіндік құнды төмендету жолдарын
қарастыру болып табылады. Мұнай өнімдерінің өзіндік құнын төмендету оған
жұмсалған материалды және басқа шығындар есебінен резервтерді анықтауға
мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерін өндіру тікелей бұрғылау жұмыстарымен
тығыз байланыста болғандықтан бұрғылау жұмысының өзіндік құнын төмендету
жолдары есепке алынған.
Дипломдық жұмыста қолданылған әдістері: Кәсіпорынның негізгі техника
экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, топтау,
абсолюттік мәнін анықтау, тізбектеп қою тәсілімен салыстыру, және 1 тонна
өнімнің өзіндік құнының денгейіне диаграммалық үлгілері көрсетілген.
Дипломдық жұмыс: Қазгермұнай біріккен кәсіпорының соңғы үш жылғы
баланстық мәлеметтері негізінде жазылып отыр. Сонымен қатар осы
кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған шығындар есебі, жалпы шаруашылықтық
шығындары өның ішінде негізгі қызмет бойынша және негізгі емес қызмет
бойынша жұмсалған шығын есебінің мәліметтері қолданылды. Сол сияқты
кәсіпорынның бұрғылау жұмыстарындағы негізгі технологиясы және пайдалану
тиімділік көрсеткіштері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Өнімнің өзіндік құнын төмендету
резервтерін есепке алу жолдары қарастырылған. Өнімнің өзіндік құнын
төмендету жолдарын есепке алуда өнім өндіруді арттыру мәселесі бірінші
орындыалады. Сонымен қатар 1 тонна мұнайдың өзіндік құны оған әсер етуші
факторлердің есебі жүргізілген. Өнім өндіруге жұмсалған шығын турлері
бойынша тікелей материалды шығындар есебіне және еңбек шығындарының есебіне
талдау жасалған. Өнім өндірудегі тікелей материалды шығындардың әсері мен
олардың көлемі, бағасы есепке алынған. Сол сияқты еңбек ақы шығыны, еңбек
сиымдылығы, 1 сағаттағы еңбек ақы қорынның деңгейі, тауарлы өнімнің 1
теңгесіне шаққандағы шығын көлемі есепке алынып талдау жасалған.
Қазгермұнай біріккен кәсіпорының өнім өндірудегі мүмкіндіктерін
қарастыра отырып, еңбек өнімділігінің резервтерін, материалды шығындарды
үнемді пайдалану арқылы материалды шығындарды төмендету, жұмысшылар санын
азайту арқылы еңбек сиымдылығын төмендету яғни еңбек шығынын азайтуға,
электрогияны үнемді пайдалануға болатындығын және сол арқылы табыс көздерін
арттыруға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткіздік.

ІІ. Өнім өндірісінің өзіндік құнын талдау
2.1. Өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығындар деңгейіне талдау

Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған
ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс процесінде жұмсалған еңбек
құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір
өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар
бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
- әлеуметтік сақтандыруға
- банк кредитінің пайызы
- негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын
- айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар
- тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға
арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлек пайданың минималды мөлшері
кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады,
немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер
кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі
керек.
Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың
болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтых,
фабрика, зауаттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта
учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік
өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.
Өдірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік
шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік
құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге
бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны,
салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып
және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзндік құнын жоспарлы,
болжамды, нақтылы деп бөлінеді.
Жоспарлы өзіндік қүн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника
жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.
Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі,
қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік қүн – бүл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және
өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын
жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік
классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:
- шикізаттар мен материалдар элементі
Кесте 2.1.1
Өткізілген өнімнің шығындары деңгейіне талдау

№ Шығын 2002 ж 2003ж 2004 ж Абсолюттік ауытқуы Құрылымы ба
элементтері
Млн. теңге
өнім өнім ауыспалы тұрақты
көлемі құрылымы шығ-р шығ-р
1. Жоспарлы өнім көлемі
жоспарлы шығын деңгейі 21180,1 2003 2003 2003 2003

∑ (VВПі пл х Ві пл) + А
пл
2. Өнім өндірудің нақты
құрылымы жоспарлы
деңгеймен есептелген 25454,1 2004 2003 2003 2003

∑(VВПі пл х Ві пл)хКm
n+Aпл
3. Нақты өнім көлемі
бойынша
25847,66 2004 2004 2003 2003
∑ (VВПі ф х Ві пл) + А пл
4.Ауыспалы шығындардың
нақты деңгейімен
есептелген
25140,88 2004 2004 2004 2003
∑ (VВПі ф х Ві ф) + А пл
5. Накты шығын деңгейі
28138,12 2004 2004 2004 2004
∑ (VВПі ф х Ві ф) + А ф

Өнім өндірудің нақты құрылымы жоспарлы деңгеймен есептелген
шығын соммасы
∑ (VВПі пл х Ві пл) х Кm n + Апл = (1005,4 х 6160,9)х 1,69 + 14986,0
=25454,1

млн теңге,
мұндағы Кm n – өнім өндіру көлемін сипаттаушы коэффициент.
1. Нақты өнім көлемі бойынша есептелген шығын соммасы
∑ (VВПі ф х Ві пл) + Апл = (1763,0 х 6160,9) + 14986,0 = 25847,66
млн теңге

2. Ауыспалы шығындардың нақты деңгейімен есептелген шығын соммасы
∑ (VВПі ф х Ві ф) + Аф = (1763,0 х 5760) + 14986,0 = 25140,88 млн
теңге

Сонымен жалпы шығын деңгейінің өзгерісіне әсер етуші факторлар
1. Өнім көлемінің әсерінен
∆ З = Зус1 – Зпл = 25454,1 – 21180,1 = 4274,0 млн теңге

2. Өнім құрылымының әсерінен
∆ З = Зус2 – Зус = 25847,66 – 25454,1 = 393,56 млн теңге

3. Ауыспалы шығындар әсерінен
∆ З = Зус2 – Зу = 25140,88 – 25847,66 = - 706,78 млн теңге

4. Тұрақты шығындар әсерінен
∆ З = Зф – Зус3 = 28138,12 - 25140,88 = 2997,24 млн теңге

Сонымен жалпы өндірістік шығын соммасының өзгерісі
∆ Зобщ = 4274,0 + 393,56 + (-706,78) + 2997,24 = 6958,02 млн
теңге
Жоғарыдағы 2.1.1. кестеде көрсетілгендей Қазгермұнай БК-ның
өткізілген өнімнің шығындар деңгейі 2004 жылы 28138,12 млн теңгеге болса
2003 жылы 21180,1 млн теңгеге тең болып, 6958,02 млн теңгеге көбейген. Осы
көрсеткіштерге сүйене отырып, өндірістік шығын деңгейіне факторлердің
әсерін талдау жасаймыз.
Біріншіден өнім көлемінің нақты деңгейі мен өнім құрылымының
жоспарлы деңгейімен салыстырғанда, яғни өнім көлемінің әсерінен өндірістік
шығын көлемі 4274,0 млн теңгеге көбейсе, өнім құрылымының әсерінен 393,56
млн теңгеге өскенін, ал ауыспалы шығындардың әсерінен - 706,78 теңгеге
кемігенің көруімізге болады. Өнім көлемінің көбеюімен қатар кәсіпорындағы 1
тонна өнімнің өзіндік құнының көлемі төмендегенін көреміз. Ал тұрақты
шығындардың деңгейі көбеюіне байланысты тұрақты шығындардың әсерінен
2997,24 млн теңгеге көбейген. Сонымен өндірістік шығын деңгейіне әсер етуші
жоғарыдағы аталған 4 фактордаң әсерінен өндірістік шығын деңгейінің
өзгерісі 6958,02 млн теңгеге тең болып отыр.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар - өнімнің өзіндік
құнындағы басты көрсеткіш, яғни біріншіден ол кез келген өндіріс сапалары
бойынша есептеледі, екіншіден:өнімнің өзіндік құнымен табыс арасындағы
өзара байланысты сипаттайды.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар - өндірілген өнімнің
құнының өзгерісімен және өнімді сатукөлемінің өзгерісі, өндірістік
шығындардың жалпы соммасының өзгерісімен тікелей байланысты.
Осы аталған факторлер бойынша өзара байланысты келесі суреттен
көреміз.

Сурет 2 . Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейін
анықтаушы факторлердің өзара байланысты

Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мөлшері келесі формула
бойынша анықталады:
,
мұндағы Зо – жалпы шығындар көлемі, мың теңге
ТӨ - тауарлы өнім көлемі, мың теңге
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар көлеміне тікелей 4
фактор әсер етеді:

1. Өндірілген өнімнің құрылымының өзгерісі.
2. Жекелеген өнімдерді өндіруге кеткен шығындардың деңгейінің өзгерісі.
3. Тұтынылған материалдардың бағасы мен тарифінің өзгерісі.
4. Тауарлы өнімі бағасының өзгерісі.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды есептеу үшін тауарлы
өнім көлемінің өзгерісін келесі мәліметтерді пайдалана отырып есептеймыз.
1. Жоспарлы тауарлы өнімнің құны
∑ (VВПі пл х Ці пл) = 1269,3 х 23709 = 30093,8 млн теңге

2. Нақты өнім көлемімен жоспарлы құрылымы бойынша жоспарлы бағамен
есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі ф х Ці пл) + ∆ ТПстр = (1763,0 х 23709) + 18466,59 = 60265,557

млн теңге
3. Нақты өнім көлемімен жоспарлы бағамен есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі ф х Ці пл) = 1763,0 х 23709 = 41798,967 млн теңге

4. Нақты өнім көлемі нақты бағамен есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі ф х Ці ф) = 1763,0 х 27544,18 = 48560,39 млн теңге

Жоғарыда аталған факторлардың өзгерісін келесі кесте арқылы
көрсетеміз.

Кесте 2.1.3
1 теңге тауарлы өнім көлеміне шаққандағы шығын соммасының
өзгеруіне факторлердің әсерін талдау

Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне Факторлар
шығын көлемі (теңге)
өнім өнім ауспалы тұрақты сатылу
көлемі құралы-мышығ-р шығ-р бағасы
үлес
Жоспар=6194,1: 30093,8 = 2003 2003 2003 2003 2003
0,205 2004 2003 2003 2003 2003
Усл1 = 25454,1:60265,557 = 2004 2004 2003 2003 2003
0,422 2004 2004 2004 2003 2003
Усл2 = 25847,66: 41798,967 = 2004 2004 2004 2004 2003
0,62 2004 2004 2004 2004 2004
Усл3 = 25140,88: 41798,967 =
0,60
Усл4 = 3526,861:41798,967 =
0,08
Нақты =28138,12:48560,4= 0,58
∆ Зобщ = 0,58 – 0,205 = 0,217 0,198 -0,02 -0,52 0,50
0,375

Әрбір фактордың әсерін есептеп көрсететін болсақ
1. Өнім көлемінің әсерінен
∆ З = 0,422 – 0,205 = 0,217 теңге

2. Өнім құрылымы әсерінен
∆ З = 0,62 – 0,422 = 0,198 теңге

3. Ауыспалы шығындар үлесі әсерінен
∆ З = 0,6 – 0,62 = - 0,02 теңге

4. Тұрақты шығындар соммасының әсерінен
∆ З = 0,08 - 0,60 = -0,52 теңге

5. Сатылу бағасының әсерінен
∆ З = 0,58 – 0,08 = 0,50 теңге

Жалпы шығын соммасының өзгерісі:
∆ Зобщ = 0,217 + 0,198 – 0,02 - 0,52 +0,50 = 0,375
теңге

Сонымен тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын соммасы 2004
жылға қарағанда 2003 жылы 0,375 теңгеге өскен.
Себебі өндірілген өнім көлемі көбейгенімен байланысты жұмсалған шығын
деңгейі де өсіп отыр.
Мысалы. Тауарлы өнім көлемі 2003 жылы 30093,8 млн теңгеге тең болса,
2004 жылы 48560,39 млн теңгеге тең болып, 18466,59 млн теңгеге көбейген.
Керісінше 1 тонна өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 2003 жылға карағанда 400,9
теңгеге кеміген. Осыған байланысты өткізілген өнімнің өзіндік құны кеміп
отыр. Сондықтан тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын көлемінің
төмендеуіне әкеліп соғады.

2.2. Мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құны калькуляциясы

Жоспарлы жұмыс істеуде өнімнің өзіндік құнын есептеудің үш әдісінің
бірі қолданылады: нормативтік, параметрлік және факторлық.
( Нормативтік әдіс қолданылғанда өндірілген өнімнің барлық
номенклатурасы, барлық өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер бойынша
бағалық және натуралды нормалар мен нормативтердің толық кешені болуы тиіс.
Бұл мөлшерлер және бағаланымдар кәсіпорын экономикасының барлық
жақтарын қамтып қана қоймай, ілгеріге бағытталған болуы керек. Ал оны тек
техника, технология және өндіріс құрылысының дамуы есепке алынғандағы
ғылыми тұрғыдан негізделген нормативтік базалар мен нормаларды кеңейту
бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу негізінде қамтамасыз етуге болады.
( Параметрлік әдіс өндірістік (техникалық және тағы басқа)
параметрлермен өндіріс шығындары арасында тікелей байланыс орнату мүмкін
болған жағдайда ғана қолданылады.
Сондықтан параметрлік әдіс нормативтік әдіс сияқты кеңілеп
қолданылмайды.
( Факторлар бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеу әдісі едәуір
аз мәліметтерді қажет етсе де қанағаттанарлық нақты нәтиже береді. Сондай-
ақ шығын деңгейіне әсер ететін әр түрлі бағыттар мен факторлардың ролі
туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Мұнай өндірудің өзіндік құнын түпкілікті жоспарлап есетеу үшін
шығындарды азайтудың факторлық қорытындыларынан басқа мұнай өндірудің
болашақтағы көлемі, еңбек шығындылығы мен материалдық техникалық
құралдардың ғылымға негізделген нормалары, еңбек және кадрлар бойынша
жоспар көрсеткіштері, өндірістің тиімділігін арттыру жоспары, материалдық
техникалық тұрғыдан жабдықталу жоспары, алдыңғы жылдардағы шығындардың
талдау қорытындылары пайдаланылады.
Мұнай өндірудің өзіндік құнын жоспарлауда кәсіпорын бойынша өндіріске
жұмсалған шығындардың жиынтығы және сметасы есептеледі. Ол үшін алдын-ала
барлық цехтар бойынша шығындар анықталады, яғни цехтардың шығын сметалары
сондай-ақ цех және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары жасалады.
Шығын жиынтығында цех бойынша шығындар және жалпы шаруашылық
шығындарының сметалары қосылып, одан ішкі шаруашылық айналымы тасталады.
Экономикалық тұрғыдан біркелкі элементтер бойынша есептелінген
шығындар қатары төмендегі негізде жүргізіледі:
- негізгі және косалқы материалдар,
- басқа жақтан әкелінген жағар май және энергиялар,
- амортизация,
- еңбек ақы,
- әлеуметтік сақтандыруға аударылатын төлемдер,
- басқа да қаржылық шығындар.
Басқа да қаржылық шығындарға көлік қызметіне төленетін, геофизикалық
және жабдыктау мекемелерінің қызметіне төленетін ақшалар, бұрғылау мен
айналысатын кәсіпорындардан алынған мұнай төлемдері, геологиялық іздеу және
зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын толтыруға (шикізат және
негізгі материалдар) кеткен төлемдер жатқызылады. Элементтер бойынша
жасалған шығындар шығын статьяларымен байланыстырылады.
Жеке-жеке статьяларға калькуляция жасаудың мазмұны мен есептеу
әдісі төмендегідей:
- Энергиятикалық шығындарға басқа жақтан алынған энергия түрлеріне
элект қуаты, ыстық су, бу, сығыстырылған ауа және газға жұмсалған
шығындар жатады. Шығындарды сондық тұрғыдан нормаларға қарап
анықтайды, ал шығындарды есептеу үшін энергия бірлігінің бағасы
ескеріледі. Басқа жақтан алынған элект қуатының шығындары
тұтынылған энергия құнынан артып кетпеуі тиіс.
Кесте 2.2.1
1 тонна мұнай өндірудің өзіндік құнының калькуляциясы, тенге

Калькуляция шығындар 2002ж 2003ж 2004ж Ауытқу
20042003 20042002
+, - % +, - %
1. Материалды шығындар 4337,7 3776,5 2954,8-821,778,2 -1382,968,1
2. Амортизациялық 639,7 603,8 1054,0450,2 174,5 414,3 165
шығындар
3. Жанама шығындар 139,86 141,7 109,5 -32,2 77,3 -30,36 78,4
4.Еңбек ақы шығындары 632,211517,5 472,3 -45,2 91,3 -159,9174,6
5. Тағы басқа шығындар 602,7 1121,4 1169,448,0 104,3 -433,3 73,0
6. 1 тонна сатылған 7352,176160,9 5760 -400,993,5 -1592,178,3
өнімнің өзіндік құны 7

Кестеде кәсіпорындағы 1 тонна мұнай өндіруге жұмсалған шығындардың
көлемі көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, 2003 жылы 1 тонна мұнайдың
өзіндік құны 6160,9 теңгеге тең болса 2004 жылы 5760 теңгеге тең болып
400,9 теңгеге 6,5 %-ке көбейген. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне
біріншіден материалды шығындардың көлемі, 821,7 теңге төмендеуі әсер етсе,
екіншіден жанама шығындар 32,2 теңгеге 22,7%-ке төмендеуі әсерінен болып
отыр. Алған шығын түрі мысалы амортизациялық шығын көлемінің және т.б.
шығындардың артып отыр. Ал осы көрсеткіштерді 2002 жылғы деңгеймен
салыстыратын болсақ 2004 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құн деңгейі
төмендеген, яғни 2002 жылға қарағанда 2004 жылы 1592,17 теңгеге 21,7%-ке
кеміп отыр. Өзіндік құнның төмендеу кәсіпорындағы өндірілген өнімнің толық
өзіндік құнының төмендеуіне әсер етеді. Осы жылғы өзіндік құн деңгейінің
төмендеуі кәсіпорындағы үнемді, тиімді жұмыстың арқасында болып отырғанын
көрсетеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 1 тонна мұнайдың өзіндік құнының
төмендеуі оған жұмсалған шығын түрлерінің де: атап айтатын болсақ,
материалды шығындар, амортизациялық шығындар, жанама шығындар, еңбек ақы
шығындарының кемігенін көрсетеді.
Кесте 2.2.2
1 тонна мұнай өнімнің өзіндік құн динамикасы
Көрсеткіш 2002ж 2003ж 2004ж Ауытқу
+, - % +,- %
1 тонна мұнайдың 7352,176160,9 5760 -400,9 93,5 -1592,1778,3
өзіндік құны, теңге

Мұнай өнімдерінің өзіндік құн деңгейіне талдау жасағанда ең
бастысы жыл өткен сайын материалдар мен шикізаттардың шығындарының
арзандауы әсерінен, өзіндік құн деңгейінің төмендегенін көруімізге болады.
Айта кететін болсақ 2002 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құны 7352,17 теңгеге
тең болса, 2003 жылы 6160,9 теңгеге тең болып, 2004 жылы 5760 теңгеге 6,5%-
ке азайған. Ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1592,17 мың теңгеге 21,7
%-ке кеміген. Сонымен 1 тонна мұнайдың өзіндік құн деңгейін 2004 жылды 2002
жылмен салыстырғанда 21,7 %-ке төмендеуні материалдық шығындардың
төмендеуінің әсерінен десек, ал 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 6,5%-
ке кемуі тек үнемді, тиімді жұмысты арқасында болғандығын көрсетеді.
Жеке өнімнің өзіндік құн деңгейіне талдау
Жеке өнімнің өзіндік құнына талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім өндірісінің өзіндік құнын талдау. Өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығындар деңгейіне талдау
С.Балғымбаев кен орнын игерудің техника - экономикалық көрсеткіштері
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Д.Риккардоның экономикалық ойлары
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар жайлы
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Ардагер-Неруд ЖШС қызметінің табыстылығы мен шығынсыздығының талдауы
Пәндер