ЖАС ҰРПАҚҚА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ С. ҚОНДЫБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БЕРЕР РУХАНИ АЗЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЖАС ҰРПАҚҚА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ С.ҚОНДЫБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БЕРЕР РУХАНИ АЗЫҒЫ

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиелік білім танымдық ролі зор. Қазақ халқы -- рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз Сондықтан ұлттық мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Рухани жаңғырусыз - жаһан көшіне ілесу әсте мүмкін емес. Бәсекелестік қабілет қазіргі таңда жеке адамға ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бұл Елбасының бас басылымдағы жарияланған мақаласының түп мақсұты. Қоғамды серпілтіп, ел болашағын айқындайтын аса құнды құжатта барша қазақстандықтардың арман-мұраты тоғысқандай. Халқымыздың бабалардан қалған мәдени, түбіне дейін қазып зерттеген, салт-дәстүрімізде, ырым-жырымымызда, наным-сенімдерімізде сиқырлы құпияларын, бабалар шешіп қазақ елінің бақытына жаралған. Қазақ ұлттық мәдениеті, мифологиясы, ауыз әдебиеті, халқымыздың жыр-дастандары, аңыз-әпсаналары, ертегілері, көшпенділердің жұлдыздар туралы түсініктері табиғатпен, жаратылыспен, ғарышпен, Жаһанмен тығыз байланысты.
Дамудың діңгегі рухани байлықтардан басталары хақ. Ол мәдени-тарихи құндылықтармен сабақтасады. Қоғамдық сананы жаңғырту заман талабы. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды. Қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру ұлтын сүйіп, ұлт тағдырын өз тағдырымен байланыстыратын жүрегі ізгілікке толы азамат - Маңғыстау топырағынан шыққан зерттеуші Серікбол Қондыбай жұмыстанған еді.
Рухани жаңғыру іске асырылып жатқанда Серікбол Қондыбайдың құнды зерттеулері қажетті болатыны айдай анық. Серікбол Қондыбай Мәңгілік Елдің аталар мен ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастығын, адам мен болмыстың тұтастығын, көшпендінің микрокосмосы менен Жаһанның үндестігін, мәдениетіміздің, философиямыздың түпсіздігін, бітпестігін, үзілмес асыл мирас екендігін дәлелдеген. Мұның дәлелі - өзіміздің мәдениетіміз бен ауыз әдебиетімізде жатыр.
Серікбол Қондыбайдың еңбектері - тек ғана ғылымға арналған ескерткіш емес, рухани, мәдени ошағы, арғықазақ мифологиясына арналған ерекше еңбектер. Ал Маңғыстау - қаймағы бұзылмаған, көне салт-дәстүрлеріміз сақталған, ұлттық рухы берік ұсталған, сан әулие, пірлер, батырлар, ерлер, жыраулар өткен жер, жыр-дастандарға, аңыз-әпсаналарға толы қасиеті бар мекен. Көктемнің шығатын кезі, қыс пен жаз, күн мен түн күресетін жыл мезгілі.
Ақ пен қара ажыратылатын шақ. Бұл кезде ақ пен қараны ажыратып, халқымыздың бабалардан қалған мәдени, рухани мұрасының түбіне дейін қазып зерттеген, салт-дәстүрімізде, ырым-жырымымызда, наным-сенімдерімізде сиқырлы құпияларын, бабалар шешіп ұрпаққа аманат қылған белгілерін, символдарын іздеген жан Серікбол Қондыбай қазақ елінің бақытына жаралған.
Әдет-ғұрпымыз, ырым мен тиымдарымыз табиғи, табиғатпен үндес, жаратылыс заңдарына сәйкес келеді. Көшпенділер табиғатпен, дүниемен тұтас болып, қоршаған ортамен гармонияда тұратын еді. Бұл ұстаным қазақ халқының және көшпенді түркі халықтарының мәдениетінде және ауыз әдебиетінде көрінеді. Әсіресе, көшпенділердің философиясының негіздері, рухани құндылықтарының принциптері халық мифологиясында көрсетілген. Көшпенділер, көне түрік, қазақ мифологиясы өте бай, қызық, әлемге әйгілі көне Мысыр, Шумер, Скандинавия, грек, рим ифологиясынан кем емес. Ата-бабаларымыздың генетикалық кодына сінген мифологиясын және жалпы қазақ руханиятының түп-тамырын жалықпай зерттеген Серікбол Қондыбай еді.
Табиғат көріністерінің өзі Жерге емес, Айға, Марсқа, ғарыштағы ғаламшарларының өркениеттерінің біріне немесе ертегілердегі, мифтағы, анимациядағы сиқырлы ғажап дүниелерінің біріне ұқсайды. Қырымның қырық батырларының аттарының дүбірі естілген, Ноғайлы заманының абыз жыраулардың мұңды сарының, ой түбінде жатқан сөзін ұққан, Адай ата, Ер Қосай, Бекет атаның мекені Маңғыстаудың қадіріне кім жетсін!
Серікбол Қондыбай осындай жерде туған, өмір сүрген, топырағынан нәр алған. Қоршаған орта, қасиетті елдің күш-қуаты, энергетикасы зерттеуші ғалымға әсер етіп дем берген.
Ғалымның өмірі қамшының сабындай қысқа, шолақ және сынауларға толы еді. Ауыр дерттің кесірінен зерттеуші көп жыл жүре алмай, төсек тартып жатты. Бірақ, ауруына қарамастан, Серікбол Қондыбай халық мәдениетін, мифологиясын зерттеп, түбін қазып, том-том кітап жазды. Әдебиетте өткен ғасырда осындай тұлға Николай Островский еді. Ал қазақ әдебиетінде ақын Айжарық Әбілқасымовтың атын атауға болады.
Тарих көлеңкесінде қалған мәселелердің бірі - көне қазақ мифтері, аңыз-әңгімелері. Ежелгі замандарда адамзаттың өзінің шығу тегі және қоршаған ортасы: дүниенің жаратылуы жөнінде дүниетанымдық түсініктері қалыптасты. Жазу-сызу болмаған замандарда бұл түсініктер ауызша дәстүрмен эпос, аңыз әңгімелер, мифтер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тіпті сөздік қор арқылы бізге жетті. Алайда кеңестік формациялық методология мен тек жазба дерекке сүйенетін батысевропалық позитивтік әдіс ауызша тарихты дерек ретінде қолдануға тиым салып, көптеген ұлттарды, соның ішінде, қазақ халқын да тарихы жоқ халықтар қатарына қосты.
С.Қондыбайдың артында бірнеше еңбектері қалды. Бұл еңбектер қазақ ғылымында үлкен серпіліс тудырды. Әлем халықтарының мифтерін ғылыми талдаудан өткізген ол қазақ мифлогия ғылымын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты. Ол ежелгі шығыстық: египеттік, қос өзендік (шумерлік, вавилондық, ассириялық, библиялық, т.б.), үнділік, қытайлық, парсылық, гректік, римдік, скандинавтық-европалық, славяндық мифтік жүйелерді салыстыра келіп, қазақ мифтерінің жүйе түрінде емес, аңыз- ертегілер, мақал- мәтелдер, тұрмыстық салт - жоралғылар, әдет-ғұрыптар мен эпос мазмұндарында, сөз тіркестерінде сақталғанына және олардың әлем мифтерімен ұқсастығына назар аударды. [2]. Оның қиыр шеттегі, шалғай жерде өмір сүріп, тым қысқа ғұмырында тағдыр тауқыметін тартып, ертеңінің не боларын білмей, дәрменсіз ауру болса да,жазылудың жолын іздеп, бар мүмкіндігін тән саулығын түзетуге жұмсаудың орнына бар арман-аңсарын елінің ғажайып ертеңіне қызмет ететін, бүгінде ұмыт қалған өткен тарихын ашуға жұмсағанына таңданыс пен ризашылық білдіреді. Шындығында, С.Қондыбай шығармаларын зерделей келе, оның қазіргі әлемдік тарихнама қолданатын жаңа әдістерді терең меңгергенін көруге болады.
Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай, т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Ғ.Мүсірепов туралы
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Рухани – адамгершілік тәрбие
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Пәндер