Банктің қаржы ресурстарының құрлымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1. Банк ресурстарының жалпы сипаттмасы және оның
құрлымы ... ... ... ... ... ...6
2. Банктің өзіндік ресурстарының қалыптасуы және оның
құрлымы ... ... ... ... 16
3. Банктердің сырттан тартылған ресурстары: мәні және
мазмұны ... ... ... ... ..23

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ РЕСУРСТАРЫН
БАСҚРУЫН ТАЛДАУ

1. Қазақстанның банк жүйесінің ресурстық құрылымын стратегиялық басқарудың
қаржылық нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...31
2. Екінші деңгейлі банктердің ресурстарды қалыптастару және басқару
бойынша операцияларын экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...42

2.3 Банктерге салық салу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
60

3 КОМЕМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ

3.1 Банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ресурстардың
жеткілікті болуын одан әрі
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 6
3.2Комерциялық банктердің қаржылық ресурстарын арттырудың бизнес
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.3 Банктің қаржылық тұрақтылығын және ресурс жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесін одан әрі
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .70
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .83

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне банк
жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Қарыз алушылар мен
әріптес банктердегі қаржы қиыншылықтары, төлемеу дағдарыстары көптеген
банктердің сенімділігіне қатер келтіреді, ал оған төтеп бере алмаған
банктер банкроттыққа ұшырайды. Бірлескен шет елдік банктердің және олардың
филиалдарының пайда болуы банктер арасындағы бәсекелестікті одан әрі
күшейтіп жібереді. Нәтежиесінде, банктердің несиелік ресурстарының
айналымдалығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Қаржы
нарығындағы жағдай коммерциялық банктердің төлемді жүзеге асыруға, орта
және ұзақ мерзімді несиелер беруге деген қабілеті төмендеп, кәсіпорындардың
төлем қабілеттілігіне әсерін тигізумен және өндірістің одан әрі құлдырауына
алып келуімен сипатталады. Жалпы дағдарыс кезінде коммерциялық банктер
жоғарғы тәуекел жағдайында жұмыс жасайды.
Экономикалық банк секторының қалыптасуы және даму кезеңінде қаржы-
несие құралдарының кешенін орынды қолдануынан олардың өздерінің
өміршеңдігі, ақша рыногындағы операцияды жүргізу нәтежиесінде табыс ала
білу мүмкіндігі, немесе керісінше капиталын жоғалту және банкроттыққа
ұшырау тәуекел деңгейіне тікелей байланысты. Егер банк менеджерлері банк
тұрақтылығын бақылайтын болса: оларға банктің төлем жасауға қабілетсіздігін
уайымдауға болады. Сондықтан олар үшін бірінші орында сенімділік,
табыстылық және тәуекелді ең төменгі шегінде жеткізудің проблемасы тұр.
Банк тиімділігі мен оның сенімділігіне, табыстылығына, үлкен
әсерін тигізетін болғандықтан біз әлемдік тәжірибедегі қазіргі кезде
оларды бағалау әдістерін оқып білуіміз және осы алған, тәжірибені
еліміздің банк тәжірибесіне енгізуіміз абзал. Тақырыптың тағы бір
маңыздылығы қарастырылып отырған банк тұрақтылығының мәселелері, басқару
әдістері Қазақстанның банк жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты
сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыттары болып табылатындығында.
Факторлық талдау негізінде банк тұрақтылығының банк қызметіне әсерін
зерттеу үшін біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның
көмегі арқылы Қазақстанда қолдануға тиімді де пайдалы банк қызметіне
жағдайларды анықтап, тәуекелден қорғану әдістерін саралап отырмыз. Осы
кешегі күнге дейін отандық банктер үшін банк тұрақтылығына әсер ететін
басты проблема болып алынған несиелерді қайтармау проблемасы қаралып келді.
Бұл мәселені реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
пруденциялдық нормативтері бағытталған.
Бүгінде өзінің маңыздылығын жоғалтпай, бұл проблеманың орнын басқа
проблема алды- ол активтер көлемінің жеткіліктілігі.
Өзіміздің отандық банктер әлемдік Банк тәжірибесінде бар, барлық
проблемалармен кездесті деуге болмайды, бірақ олардың саны өсіп
барады, ал бұл проблема Қазақстандық банктер үшін жаңа болып
есептелінеді, сондықтан бұл тұрғыда қандай да бір терең зерттеулер
жүргізілген жоқ. Осы орайда банк тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы
зерттеулер Қазақстанның банк жүйесін реформалаудағы ең түйінді мәселе болып
отыр. Барлық аталған өзекті мәселелер және себептер осы диплом жұмысының
тақырыбын таңдауға,оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға өз әсерін
тигізді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар банктердің
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол
мүмкіншілік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті
тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі
көбінесе осыған байланысты болады. Банктер бұрынғыдай жоғарғы жөн
сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк
және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер
серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар
негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,оны ұстануына қарай
жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда,
шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару
деңгейіне,қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен
ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы,
материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің
экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып.тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресустары жағдайын көрсетеді.
Банктің қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және
үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның
қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана
оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға
бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар
беруге болады.
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты – банктердің қаржылық
жағдайын тереңірік зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы
мағлұмат алып,оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Банктің
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы
дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен
оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші
кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін
дайындауға ат салысу.
Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім және қортынды мен қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 БАНК РЕСУРСТАРЫ, ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Банктердің ресурс базасының жалпы сипаттмасы және
оның құрлымы

Банктердің ресурс базасы дегеніміз - ол негізгі және айналым
капиталдарының қалыптасу процесінде пайда болатын қаржы, қоры, оларды
пайдалану мен бөлу.
Қызмет процесінде банктер өздерінің контрагенттерімен шаруашылық
байланыстары пайда болады. Контрагенттер: жеткізіп берушілер және сатып
алушылар, бірлескен қызмет серіктестері ассоциациялар мен бірлестіктер
қаржы және несие жүйелері т.с.с. осының нәтижесінде қаржы қатынастары п.б.
Олар көрсету, қаржы ресурстарын қалыптастыру, инвестициялық қызметті
жүзеге асырумен байланысты. Ақша – қаржы қатынастардың материалдық негізі
болып табылады. Олардың пайда болуының маңызды шарты ақша қаражатының
қозғалысы, орталықтандырылмаған және орталықтандырылған ақша қаражатының
қорын құру және пайдалану. Банк ресурстары – қаржы және ақша қатынастары.
Олар негізгі және айналым капиталының қалыптасу және банктің ақша
қаражатының қорлары мен оларды бөлу және пайдалану барысында пайда болады.
Банктердің қаржы қатынасының экономикалық мазмұнына байланысты
төмендегідей бағыттарға топтастыруға болады:
• банкті құру кезінде жарғылық қорды қалыптастыру үшін құрылтайшылар
мен банк арасындағы қатнас. Өз кезегінде жарғылық қор материалдық
емес активті алуда, алғашқы өндіріс қорын қалыптастырудың көзі болып
табылады;
• банктермен мекемелердің қызметті ұсынуда жаңа бағаның құрылуына
байланысты. Оларға жабдықтаушымен сатып алушының қаржылық
қатынастары, құрылыс мекемелерімен инвестициялық қазмет кезеңдері
кезінде, транспорт мекемелерімен, байланыс банктерымен, кеден, шетел
фирмалары т.с.с. кіреді. Бұл қарым – қатынастар шаруашылық қызметтің
негізі болып табылады, себебі олардың тиімді ұйымдастырылуына
коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижесіне байланысты;
• банктермен және олардың бөлімшелерінің филиалдарының шығындарын
қаржыландыру, табысты бөлу және айналымдағы қаржыларды қайта бөлу.
Бұл қатынас қызметтің ұйымына және ырғақтылығына әсер етеді;
• банкпен оның қызметкерлері арасында табысты бөлу және пайдалануға,
мекеме акциясын облигациясын шығаруға және оны таратуға,
облигацияның процентін акцияның дивидентін төлеуге, келтірілген
материалдық зиянды штрафтармен және компенсациямен өндіріп алуға,
жеке тұлғалардан салықты ұстап қалуға, қаржы қатынасын ұйымдастыру
еңбек ресурсын тиімді пайдалануға әсер етеді;
• банк жоғарғы мекеменің, қаржы топтарының холдинг ішінде,
ассоцияциялармен одақтардың арасында банк осылардың мүшесі. Бұл
қатынас ақша қоры жиналып бір орталыққа шоғырландырылып бөліп
пайдалану кезеңінде және белгілі мақсатқа арналған қорды
қаржыландыруға, маркетингтік зерттеуді жүргізуде, ғылыми зерттеу
жұмыстарында, инвестициялық жобаларды іске асырудағы қаржыны
қайтарып беру кезінде көмек беруде және айналымдағы қаражатты
толықтыруда пайда болады. Бұл қатынас ішкі салаларға ақша қорын
бөлумен банктің әрі қарай дамуының қолдауға бағытталған;
• банк мемлекеттің қаржы жүйесінің арасында салық және де басқа
төлемдерді бюджетке төлеуіне, бюджеттен тыс қорларды жасауына,
салықтық жеңілдік беруіне, штраф шараларын қолдануына, бюджеттен
бөлінген қаржыны алуына байланысты;
• банк жүйесінің жұмыс барысында коммерциялық банктерде ақшаның
сақталуына, қарыз алуына, оны өтеуіне, иесінің процентін төлеуіне,
шет ел валютасын сатуына және алуына басқа да банктік қызметін
көрсетуіне;
• банк қауіпсіздік қоғамдарының және мекемелердің арасындағы қатынас
кейбір қызметкерлер категориясының коммерциялық кәсібі мүліктерін
қауіпсіздікке қойғанда пайда болады;
• банкпен инвестициялық институтарының инвестицияны орналастыру
кезінде, жекешелендіруде т.б.
Жоғарыда көрсетілген топтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен
әрекет әдістері бар және ақша қаражатын айналымға салу олардың материалдық
негізі. Ақша қаражатының қозғалысымен мекеменің жарғылық қорын құрастыру
бірге жүреді, қаржының айналымы басталып ақша қоры құрастырылып әртүрлі
міндетті салаға жұмсалып аяқталады (кесте 1).
Ресурстың толық мәні оның міндетті қызметімен көрінеді. Экономисттердің
көпшілігі банк ресурстары екі негізгі қызметті атқаратынын анықтайды: бөлу
және бақылау. Бұл екі қызмет өзара бір-біріне көмектесіп әрекет жасайды.
Бөлу қызметінің көмегімен алғашқы қор құрастыруынан бастайды. Ол
құрастырушылардың салымының есебімен құрайды, жалпы ішкі қызмет құны
көрсетіліп бөлінеді; қаржы қорымен табысты бөлу барысында баға негізінің
пропорциясын анықтайды, қызмет ұсынушілердің, банктердің мекемелердің және
мемлекеттің тілектерін мүдделерін толық қамтамасыз етіп қолайлы етіп
бағыттау.
Тексеру қызметінің әділетті нігзгі өнеркәсіп қызметдерін шығарудағы және
сол қызметдерде өткізуге бағасының есептелуі, жұмыстың орындалуы қызмет
етуі, банктің табысы мен ақша қорының құрастырылуы және олардың пайдалануы.
Қаржының негізінде бөлу қатынасы жатып, ол қызмт ұсыну процесін қаржы
көздерімен қамтамасыз етеді, сонымен ұдайы өндіріс процесінің барлық
кезеңдерін біріктіріп, байланыстырады. Олар: ұсыну және тұтыну. Дегенімен
банктің табыс мөлшері оның әрі қарай өркендеу мүмкіндігін анықтайды.
Қызметті тиімді түрде жүргізу оның әрі қарай өркендеу мүмкіндігін алдын ала
анықтайды. Ресурстың тұрақты айналымы бұзылса, керісінше қызмет ұсыну оны
өткізуге кететін шығын артады, қатынасты орындауы, қызмет көрсетуі. Банктің
табысын төмендетеді, осыған сәйкес оның әрі қарай даму мүмкіндігі,
бәсекелестік қабілеті және қаражат тұрақтылығы да кемиді. Мұндай кезде
ресурстың тексеру қызметі банк қызметіндегі жеткіліксіздікке, қаражат қорын
басқарудағы және қызметті ұйымдастырудағы кемшілікке бөліп тұратын
қатынастың әсері тиімсіз екеніне дабыл қағады. Осыған бадылды елемеу банкті
банкротқа әкелуі мүмкін.

Кесте 1
Банктің өзіндік реурстары

ғ Материалдық -заттай нысаны Ақшалай нысаны
Қабылданатын Нарықтық жағдайда
есеп-қисапта
1 Жұмыс күші Еңбекақы қоры Ауыспалы капитал
2 Еңбек құралы (машина, Негізгі қорлар Негізгі капатал
жабдықтар)
3 Еңбек заттары (материалдар) Айналым қорлары Айнымала капитал
4 Қызмет (тауардың босалқы Айналыс қорлары Айналыс қорындағы
қорлары) айналыс капиталы
5 Өндірістің табиғи жағдайы Айналымдағы ақша Ақша нысанындағы
(есептесу шоты, айналыс капиталы
есептесу, касса)

Тексеру қызметі банктің қаржы көрсеткішінің көмегімен оған баға бере
отырып бөлу қатынастарының тиімділігін көтеруге тиісті шара дайындап іске
асырады.
Банктің ақша қорларының қалыптасуы банк құрылған сәттен басталады. Банк
заңға сәйкес өз жарғылық қорын құрады.
Жарғылық қор – банктің алғашқы негізгі өзіндік қаражат көзі б.т. Ол
негізгі және айналым капиталдарынан қалыптастырады. Олар өз кезегінде
негізгі қорды, материалдық емес активтерді, айналым қорларын иеленуге
жұмсалады.
Банктің ақша қорларының қатарына үстеме капитал жатады. Ол негізгі қорды
қайта бағалау нәтижесінде мүлік құнының өсіміне эммисиялық түсімдердің
(акцияның сатылу бағасының номиналды бағасынан асуы) банктік қызмет
мақсатқа қайтарымсыз берілген ақшалай және материалдық құндылықтар есебімен
құралады. Бұл капиталды түпкілікті қайта бағалау кезінде мүлік бағасының
төмендеген соммасының орнын толтыруға басқа банктер мен тұлғаларға
қайтарымсыз беру салдарынан п.б. шығынды өтеуге есепті кезеңдегі банк
қызметінің нәтижесі бойынша болған шығындарды табуға пайдаланылады.
Банктік қызмет нәтижесінде банктер:
Бұл табыстар сатудан түскен түсім ретінде қабылданады және егер банк өз
қызметін экспорттайтын болса, онда ол оның есеп айрысу және валюта шотына
түседі. Түсім – ең алдымен банктің шығынның орнын толтыру көзі, нарыққа
өткізу б.т. Сонымен бірге мұнда шығынның тағы б葖р бөлігі кіргізіледі. Ол
экономикалық қызметтің іске асуы. Бұл тікелей қызмет ұсыну мен немесе
қызметті өткізумен байланысты емес, бірақ табыс табумен байланысты. Бұл
шығындар қызметнің өзіндік құнына кіргізіледі. Түсімнің әрі қарай бөлінуі
амортизациялық қордың қалыптасуымен байланысты. Амортизациялық қор өзінің
экономикалық пайда болуында қарапайым ұдайы өндірістің негізгі қорларын
қаржыландыруға бағытталған.
Банктің шаруашылық қызметінің нәтижесі мен соңғы мақсаты табыс болып
табылады. Салық төленгеннен кейін банк қарамағында қалған табыстан
резервтік капитал, жинақтау қоры мен тұтыну қорлары қалыптасады.
Резервтік капитал – бұл банктің ақша қоры. Оның қалыптасу көзі болып
банктің өз меншігіндегі қалған табыс б.т. Ол есеп жылындағы нақты
мақсаттарға табыстың жетіспеуімен яғни есепті жылдың шығындарын
жабуға,төлеуге жұмсалады.
Бұл резервтік капиталдың болуы банктің қаржы жағдайының тұрақсыздығын
қамтамасыз етеді. Резервтік қордың ақшалай қаражатының түріне сондай-ақ
құнды қағаздардың құнсыздануына салынған резервтер, қайта сатып алу қоры,
кейінге қалдырылған қор және т.б. Акционерлік қоғамда акцияны сатып алу
және облигацияны өтеу үшін құрылады.
Жинақтау қоры – банк қызметінің дамуына арналған ақша ресурстары. Бұл қор
банк мүлкін кеңейту мақсатында негізгі өндірісті дамытуға, сондай-ақ табыс
алу үшін қаржылық салымдарды салу және пайдаланумен байланысты.
Тұтыну қоры - әлеуметтік қажеттіліктерге негізгі қызмет емес салалрды
қаржыландыруға, мараттауларға, компенсация түріндегі төлемдерге және т.б.
мақсаттарға бағытталған ақша ресурстары.
Валюта қоры - өз қызметін экспортқа шығаратын және валюталық түсімді
алатын банктерде қалыптасады.
Банктің қаржы ресурсы – бұл өзіндік ақша табыстарының жиынтығы және
сырттан түскен түсімдер. Олар банктің қаржылық міндеттемесін орындауға,
қызметті кеңейтуге байланысты шыққан шығындар мен ағымдық шығындарды
қаржыландыруға арналған.
Капитал сияқты түсінікті бөліп көрсету керек. Капитал айналымның аяқталуы
бойынша табыс әкелетін және қызметке салынған қаржы ресурстарының бір
бөлігі. Басқа сөзбен айтқанда, капитал қаржы ресурсына айналған формасы
ретінде болады.
Банктің қаржы ресурсы өзігнің пайда болуында өзіндік және әр түрлі
жағдайда тартылған болып бөлінеді.
Өзіндік қаржы ресурсы құрамына табыс және амортизациялық аударымдар
кіреді. Бұл жерде ескеретін жағдай банк табысының бәрі толық банктің өз
меншігінде қалмайды. Оның бір бөлігі салық және басқа да төлемдер түрінде
бюджетке түседі. Ал одан қалған банк меншігіндегі табыс басқарушы
органдарының шешімімен жинақтау және тұтыну мақсаттарына бөлінеді.
Жинақтауға бағытталған табыс қызметтің дамуына және банк мілкін арттыруына
пайдаланады. Тұтынуға бағытталған табыс әлеуметтік мәселелерді шешу үшін
пайдаланылады.
Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі өндірістік құралдардың және
материалдық емес активтердің тозуының ақшалай құнын көрсетеді. Ол екі жақты
сипаттамаға не болады. Себебі ол қызметнің өзіндік құнына кіреді және
қызметті өткізілген түскен түсім банктің есеп айрсу шотында жай немесе
кеңейтілген ұдайы өндірістің қаржыландыру көзіне айналады.
Тартылған немесе сыртқы қаржы ресурстарының қалыптасу көзі өзіндік
заемдық және бюджеттен бөлінетін қаржы түрінде болады. Бұл бөлу капитал
салық формасымен қамтамасыз етіледі. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражатын
кәсіпкерлік капитал түрінде салған болса, онда бұл салым тартылған, өзіндік
қаржы ресурсы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал – бұл табыс алу немесе банкті басқаруға қатысу
мақсатында банктің жарғылық капиталына салынған капитал.
Ссудалық капитал – банктің банктік нисе түрінде жеке басқа банктердан
вексель, облигация, займ түрінде уақытша пайдалануға түрлі мерзімде
берілетін, төленетін қайтарылатын капитал.
Бюджеттен бөлінетін қаржы – қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде
болуы мүмкін. Бұл қаржы негізінен мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландыруға
инвестициялық бағдарламаларды немесе қызметті ұсынуде жапы мемлекеттік
маңызы бар банктерды мемлекет тарапынан қысқа мерзімде қолдау жасауды
қолданылады.
Банк қаржы ресурсын өндірістік және инвестициялық қызмет процесінде
пайдаланылады. Олар үнемі ұдайы қозғалыста болады және тек ақшалай қалдық
ретінде есеп шотқа немесе банк кассасына түседі. Банк өзінің қаржы
тұрақтылығын және нарық шаруашылығындағы орнықтылығын қамтамасыз ете отырып
өзінің қаржы ресурсын уақыт ішінде және қызмет түрлеріне байланысты бөледі.
Бұл процестердің шиеленісуі оның қаржылық жұмысының қиындауына тәжірибеде
арнайы қаржы құралдарының пайдалануына әкеледі (сурет 1).
Банк қаржысын ұйымдастыру бөлігі бір принциптер негізінде құрылады
шаруашылық дербестік, өзін - өзі қаржыландыру, материалдық жауапкершілік,
қызметтің нәтижесіне қызығу қаржылық резервтердің қалыптасуы.
Шаруашылық дербестік принципі – банк өзі дербес құқықтық ұйымдастыру
шаруашылық түріне тәуелсіз өзінің экономикалық қызметін, табыс алу
мақсатында ақша қаражатының салымын анықтай алады. Нарық – банктерға жаңа
салаларды іздеуге, капиталын салуға, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын
жаңа өндірісті ынталандырады.

Банктің қаржы ресурстарының құрлымы

Меншікті және Қаржы рыногіндегі Қатар бөлу ретінде
теңестірілген қаржы жұмылдыру түсетіндер
есебінен пайда болу
Негізгі қызметінен -Меншікті бағалы Сақтандыру өтемі
түсетін пайда қағаздарын сату
Қызметтерді ұсынудан Дивиденттер және бағалы Концерндерден
түсетін пайда қағаздар проценті ассоциациялардан,салалық
құрлымдардан түсетін
қаржы ресурстары
Өткізуден тыс Несие Үлестік жарналарды
опрациялар пайдасы қалыптастырудағы қаржы
ресурстары
Орнықты пассивтер Бюджеттік демеу қаржысы
(субсидия және т.б.)
Мақсатты түсімдер
Ұжым мүшелерінің үлестік
және басқа да жарналары

Сурет 1

Бірақ банк толық шаруашылық дербестік алды деуге болмайды. Себебі
мемлекет банк қызметінің кейбір жақтарын анықтайды. Мысалы: ақша- несие
саясатын.
Осылай банкпен бюджет және бюджеттен тыс қорлар арасында заңдармен
реттеледі.
Өзін - өзі қаржыландыру принципін - қызметті ұсыну мен өткізу
шығындарының орнын толтырады. Өзіндік ақша қаражаты арқылы өндірістің
дамуын инвестициялау және қажетті жағдайда ғана банктік немесе коммерциялық
несиені пайдаланады. Нарық экономикасы дамыған елдерде жоғары деңгейде өзін-
өзі қаржыландыратын банктердің өзіндік ресурстың салыстырмалы салмағы 70%-
дан асады. Бірақ банктің ақша қаражатының жалпы көлемі нақты инвестициялық
мақсаттарды жүзеге асыруда жеткіліксіз болып табылады.
Қазіргі кезде бұл принципті барлық банктер мен ұйымдар жүзеге асыра
алмайды. Халық шаруашылығының кейбір салалсындағы банктік ұйымның қызмет
көрсетуі объективтілік себепке байланысты: оларға жеткілікті тұрақтылықты
қамтамасыз ете алмайды. Оларға жеке банктер: қалалық жолаушы тасымалдау
транспорты, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қорғаныс
өнеркәсібі жатады. Мұндай банктер бюджеттен бөлінетін қаржыны әртүрлі
жағдайда алады.
Материалдық жауапкершілік принципі – ол шаруашылық қызметтің нәтижесін
және жауапкершілік жүйесін жүргізуі. Бұл принциптің қаржылық әдістері және
банктерға оның басшылармен, жұмысшыларына әр түрлі құрылады.
Қызмет нәтижесіне қызығушылық – принципінің объективтілік қажеттілігі.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі қызметі табыс алумен сипатталады. Шаруашылық
қызметтің нәтижесіне қызығушылық бұл тең дәрежеде банктің жұмысшыларына,
банктің өзіне және мемлекетке де тән. Бұл принциптің құрылуы жеке
жұмысшылар деңгейінде еңбек ақы төлеу қорынан немесе табыстан жұмысшыларға
лайықты еңбекақы қамтамасыз етілуі тиіс, ол принцип түрінде, жыл нәтижесі
бойынша істелген жұмысқа сый ету, көп жылдық сіңірген еңбек үлесін,
материалдық көмек ретінде төлемдер төлеу керек. Бұл принцип мемлекеттің
салық саясатын және экономикалық пропорцияны сақтап таза табысты тұтыну
қоры, жинақтау қорына бөліп жүргізу нәтижесінде банкда іске асуы мүмкін.
Мемлекет мүддесі банктің тиімді қызметімен қамтамасыз етіледі.
Қаржылық резервтердің қалыптасу принципі – кәсіпкерлік қызмет иелерінің
қаржы қорын құрып қамтамасыз етумен байланысты, ол нарықтық тербеліс
себебімен болатын тәуекелге кездесуі мүмкін. Нарықтық экономикада тәуекел
жауапкершілігі тікелей кәсіпкерлік қызмет иелеріне жүктеледі. Олар
өзбетінше шешім қабылдайды, және зерттеліп дайындалған бағдарлама бойынша
салынған ақшалай қаржыны тәуекелмен қайтармауды іске асырады. Банктің қаржы
салымы тәуекелі тағы да инфляция қарқынымен салыстырғанда жеткіліксіз
процент табысын немесе салынған капиталдан көбірек табыс түсетін салалардан
да алуы байланысты. Осыдан өндіріс бағдарламасын дайындауда тікелей
қателіктер орын алуы мүмкін.
Банктердің барлық құқықты ұйымдастыру түрлерінің меншікті қаржы қорлары
салықтарды және басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін таза
табысы құралады.
Сонымен қаржы қорына жіберілген ақша қаражаты өтімді тәртіпте сақтау
орында, олар табыс әкеледі және керек жағдайда тез ақшалай капиталға
айналуы тиіс.
Коммерциялық банктер бiр жағынан, шаруашылық субъектiлердiң уақытша бос
ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екiншi жағынан, бұл қаражаттар
есебiнен кәсiпорындар мен ұйымдардың әр түрлi қажеттiлiктерiн
қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктiң пассивтiк
операцияларының негiзiнде оның қызметiнiң жүзеге асырылуы үшiн қажеттi банк
ресурстары жинақталады.
Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк
қызметiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп
сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да
болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.
Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазiргi кезде бұрыннан келе жатқан
салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен
сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.
Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып, олар
атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:
• уақытша бос қаржыларды, жинақтарды шоғырландыру (депозиттiк
операциялар);
• экономика мен тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);
• несие ақшаларын шығару;
• нақты ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;
• инвестициялық қызмет;
• клиенттерге басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.
2 суретте екiншi деңгейлi банктердiң пассивтi операцияларының жiктемесi
келтiрiлген.
Бүгінгi таңда әмбебап сипаттағы коммерциялық банктер банк қызметiнiң
жан-жақты қамтитын қызмет түрлерiн жүргiзедi. Республиканың коммерциялық
банктерi қаржы, несие, есеп айырысу операцияларының барлық түрлерiмен
айналысады.
Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес, коммерциялық банктер
келесi операцияларды жүргiзедi:
а) заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау:
б) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау:
в) клиенттердiң шотын ашу және жүргiзу, корреспонденттiк шот ашу және
жүргiзу, кассалық қызмет көрсету;
г) қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және ақы негiзiнде заңды және жеке
тұлғаларға ұзақ және қысқа мерзiмдi несие беру;
д) инвестицияланатын қаражатты иеленушiлердiң немесе оларға билiк
жасаушылардың тапсыруымен кұрделi қаражаттарды қаржыландыру;
е) заңмен белгiленген тәртiпте өз меншiгiндегi бағалы қағаздар шығару
(вексель, аккредитив, депозиттiк сертификат, акция және басқа да қарыз
мiндеттемелерi);
ж ) төлем құжаттары мен бағалы қағаздарды сатып алу, сату және
сақтау, олармен өзге де операциялар жүргiзу;
з) кепiлдiк операциялары: үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай түрде атқаруды
көздейтiн тапсырмалар, кепiлдiктер мен өзге де мiндеттемелер беру;
и) факторингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлемдi талап ету
құқығына ие болу;
к) форфейтингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
сатып алушының берешек мiндеттемесiн сатып алушыға айналым тұспейтiн жолмен
вексель сатып алу арқылы төлеу;
л) сейфтiк операцяилар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй жайларды жалға
берудi қоса клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын
сақтау жөнiндегi қызметтер;
м) сенiм (трасттық) операциялары: сенiм бiлдiрген адамның мүддесi үшiн
және соның тапсыруымен ақшаларын басқару;
н) жалға берушiнiң жалға берiлетiн мұлiкке меншiк құқығын сақтай
отырып мұлiктi шарт (лизинг) қолданылатын бұкiл мерзiмге жалға өткiзу;
о) банк қызметiмен байланысты кеңес беру;
п) банк операциялары бойынша брокерлiк қызмет көрсету.

Екiншi деңгейлi банктердiң пассивтi операциялары

Сурет 2

Ұлттық банктiң арнайы лицензиясы болған жағдайда коммерциялық
банктер басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы, соның iшiнде:
• шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
• ақшаларды инкассациялау және басқа жаққа жiберу;
• тұрғын халықтың ақшалай салымдарын тарту.
Жоғарыда аталған операцияларды жүргiзу үшiн банктерге және басқа
тұлғаларға лицензияны ұлттық банк қана беруге құқылы.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында екiншi деңгейлi банктердiң
барлық операцияларын шартты түрде үш негiзгi топқа бөлiп қарастыруға
болады:
• пассивтi операциялар (сырттан тартылған қаржылар);
• активтi операциялар (қаржыларды жайғастыру);
• активтi-пассивтi операциялар (делдалдық, трасттық, факторингтiк және
т.б.)
''Банк ресурстары'' терминi ''несие ресурсына'' қарағанда кең ұғымды
бiлдiредi. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да
активтi немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшiн пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкiмшiл және әмiршiл басқару жұйесi жағдайында банк
iсiн ұйымдастыруда мемлекеттiк монополия көрiнiсi байқалды. Барлық
кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттiк банк
мекемелерiнде өздерiнiң ресурстарын мiндеттi түрде сақтауға тиiс болды.
Банкке кәсiпорындар мен мекемелердiң ресурстары iс жүзiнде ақысыз тартылды.
Тек кооперативтiк кәсiпорындарға ғана жартылай мөлшерде төлендi. Осындай
жағдайларда жалпы мемлекеттiк карыз қоры деген экономикалық түсінiк
қалыптасты. Жалпы мемлекеттiк қарыз қоры халық шаруашылығын несиелеу үшiн
банк жүйесi арқылы мемлекеттiң ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын
бiлдiредi. Демек олар банк ресуртары болып саналады. Несиелiк қорды
орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тiкелей әсер еттi.
Сол кезеңдерде банк ресурстары меншiктi және тартылған қаражаттарға
бөлiнген. Мұндағы меншiктi қаражаттарға: жарғылық, рөзервтiқ негiзгi
құралдар, амортизациялық және банк iсiн дамыту қорлары; ал тартылған
қаражаттарға: мемлекеттiк бюджет қаражаты, кәсiпорындардың, ұйымдардың есеп
айрысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары
жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстарының нарығы қалыптасып,
мемлекеттiң қарыз қоры осы нарықтың бiр бөлiгiн құрады.
Бүгінгi таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген
ерекшелiктерi бар деуге болады. Екiншi деңгейлi банктер қызметiнiң
тұрақтылығы ұшiн, ең бастысы, олардың баланстары өтiмдi болу кереқ ал оның
қамтамасыз етiлуi, банктiк ресурстар мен несиелiк жұмсалымдар арасындағы
көлемi және мерзiмi бойынша тепе-теңдiктiң сақталуын талап етедi.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы
қалыптасады. Сөйтiп банктер жаңақызмет түрлерi ретiнде бағалы қағаздармен,
факторинг, лизинг және басқа операциялармен тiкелей жұмыс жасай бастады.
Бұл, яғни банк ресурстарының құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол
сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кiредi дегендi
бiлдiредi. ұлттың (орталық) банкiмiз ''банктердiң банкi'' болып
табылатындықтан, екiншi деңгейлi банктердiң ресурстарының бiр бөлiгi сол
банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек екiншi деңгейлi банктер ерекше бiр кәсiпорын ретiнде делдалдық
қызметке байланысты, банктiк ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып
ала отырып, оны қажет ететiн кәсiпорынға, ұйымға және халыққа сатып
отырады.
Банк ресурстары — бұл банктiң пассивтi операциялары негiзiнде калыптасқан
және барлық активтi операциялар бойынша банк өтiмдiлiгiн камтамасыз ету
және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктiң меншiктi және
тартылған каражаттарының жиынтығы болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында бiршама
өзгерiстер болуда. Меншiктi қаражаттар қатарына, бiрiншiден, екiншi
деңгейлi банктiң акционерлiк капиталы, резервтiкқоры, сол сияқты қосымша
қорлары кiредi. Тартылған қаражаттардың жаңа тұрiне: ұлттық банктен және
басқа да несиелiк мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердiң,
корреспонденттiк шоттағы, депозиттiк шоттарындағы қаражаттары,
облигацияларды сатудан тұскен қаражаттар, лизингтiк операцияларды жүзеге
асырғаны ұшiн алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Екiншi деңгейлi банктердiң ресурстарының құрылымы олардың мамандануына,
әмбебаптығы мен қызметiнiң ерекшелiктерiне қарай ерекшеленедi.

2. Банктің өзіндік ресурстарының қалыптасуы
және оның құрлымы

Екiншi деңгейлi банктердiң меншiктi капиталының рөлi мен шамасы, басқа
қызметпен айналысатын кәсiпорындар және ұйымдарға қарағанда өзiндiк
ерекшелiктерге ие.
Банктiң меншiктi капиталы банктiң тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды.
Банктiң бастапқы құрылуы барысында меншiктi капитал көмегiмен банк
қызметiне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебi, меншiктi капиталсыз банктiң
қызметiн бастау мұмкiн емес. Осы меншiктi капитал есебiнен банкте қажеттi
рөзервтер құрылды. Сонымен қатар, банктiң меншiктi капиталы ұзақ мерзiмдi
активтерге жұмсалымдардың басты көзi болып табылады.
Меншiктi және тартылған екiншi деңгейлi банктiң ресурстары ұлттық банкте
ашылатын корреспонденттiк шотта көрсетiледi. Бұл активтi шот, сондықтан да
дебетi бойынша ресурстар, ал кредитi бойынша несиелiк жұмсалымдар берiледi.
Демек дебеттiк қалдықтың шамасы банктiң бос резервiнiң мөлшерiн көрсетедi.
Банктiң бос рөзервiнiң мөлшерi активтi операцияларға жұмсалмаған оның
ресурстарының шамасын бiлдiредi. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары
болса, банктiң тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бiрақ пайдасы төмен болады.
Керiсiнше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы
төмен, пайдасы жоғары келедi. Сондықтан да, әрбiр екiншi деңгейлi банк
өзiнiң корреспонденттiк шоттағы қалдығын ұнемi ықшамдауға ұмтылады.
Банктiң меншiктi капиталы - банктiң қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметiн қамтамасыз ету ұшiн құрылған банктiң әр түрлi
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметiнiң нәтижесiне байланысты және өткен
жылдардағы бөлiнбеген пайдасы болып табылады.
Банктiң меншiктi капиталының құрылымы бiрдей емес, себебi, оларға әсер
ететiн әр түрлi факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншiктi
пайданың пайдаланылуына, капиталдың базасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгерiп отырады.
Сонымен, қазiргi екiншi деңгейлi банктердiң меншiктi капиталын мынадай
баптар құрайды:
• жарғылық капитал;
• резервтiккапитал;
• қосымша капиталдар;
• банк операциялары бойынша тәуекелдердi төмендету мақсатында құрылған
• қорлар (резервтер);
• бөлiнбеген банк пайдасы.
Банктiң жарғылық капиталы банктiң заңды тұлға ретiнде мiндеттi түрде
құрылуын және өмiр сұруiнiң экономикалық негiзiн құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгi мөлшерi қазақстан ұлттық банкiнiң пруденциялдық
нормативтерiмен реттелiп отырады. Банктiң жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екiншi деңгейлi банктер мынадай екi ұйымдық нысандарда құрыла
алады:
• акционерлiк банк формасында;
• пай қосу арқылы, яғни жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк нысанында.
Пай қосу арқылы құрылған банктiң жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта
мөлшерi анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары
көлемiнде жауапты болып саналады. Мұндай банктердiң жарғылық капиталын
ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай
қосушылардың санының өсуi есебiнен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлiк
банктер өздерiнiң жарғылық капиталын ұлғайту ұшiн қосымша акцияларын
эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсiредi.
Меншiктi капиталдың құрамдас бөлiгi - акционерлiк капитал. Бағалы қағаз
(акция) шығару есебiнен құрылған банктiң жарғылық капиталын банктiң
акционерлiк капиталы деп атайды. Акционерлiк капитал көлемi акцияны
ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлiк банктiң
акциясы - банктiң жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын,
дивиденд алуға және банктi басқару iсiне араласуға құқық беретiн бағалы
қағаз.
Акционерлiк капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлi болып келедi.
Акционерлiк капитал мынадай түрлерге бөлiнедi:
а) меншiктi акционерлiк капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлiнбеген
пайдадан тұрады;
ә) банктiк резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлi шығындарды жабуға,
дивидендттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
б) банктiң ұзақ мерзiмдi мiндеттемесi (ұзақ мерзiмдi
вексельдерi, облигациялары).
Ашық типтегi банктiң акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердiң
келiсiмiнсiз өтедi. Жабық типтегi банктiң акциясы қатаң түрде белгiленген
тiзiм бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлiнедi.
Банктiң жай акциясын иеленушiлер, банктiң таза табысынан дивиденд алып
отыруға, оның жойылуы барысында тиiстi мұлкiне ие болуға және
акционерлердiң жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктiң артықшылығы бар акцияларын иеленушiлер тұрақты сыйақы тұрiнде
табыс алып отыруға, бiрiншi кезекте банктiң жаңа акцияларын сатып алуға
және оның жойылуы барысында бiрiншi болып өзiне тиiстi мұлкiн алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктiң акционерлiк капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:
1)бағалы қағаздардың эмиссия проспектiсiн дайындау және оны сараптамадан

өткізу;
2)бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу;
3)эмитент-банктiң бағалы қағаздарын тiркеу;
4)шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерiн
тiркеу.
Акционерлiк банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:
• банктi акционерлiк нысанда құру;
• банктiң жарғылық қорын ұлғайту үшiн қосымша акциялар шығару.
Банктiң меншiктi қаражатының түріне резервтiк қор жатады. Резервтiк қор-
банк қызметiнде пайда болуы мұмкiн зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтiк қор банктiң тұрақты қызмет етуiн қамтамасыз етедi.
Резервтiк қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгiлi бiр сыйақы
мөлшерiнде, айталық, 25 % мөлшерiнде құрылатын болса, оның мөлшерi жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтiк
қордың құралуының негiзгi көзiне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда
болмаған жағдайда резервтiк қор есебiнен банктiң артықшылығы бар акциялары
бойынша пайыздар төленедi.
Қосымша капиталдар - негiзгi құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебiнен және белгiлi мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесiнде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негiзгi қорларды қайта бағалау негiзiнде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесiнде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шете валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды болып келедi.
Келесi қорға жекелеген банк операциялары бойынша тәуекелдi төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резевтер жатады. Мұндай резевтерге: несие
тәуекелiн жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резевтер жатады.
Бөлiнбеген пайда - акциялар бойынша дивидендттi төлегеннен кейiн және
резевтiк қорға аударғаннан қалған пайданың бөлiгiн бiлдiредi.
Банктiң меншiктi капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
• банк пайдасы;
• акциялар шығару;
• құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
• облигацияларды шығару жатады.
Банктiң капиталы банктiң дербестiгiн қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық
тұрақтылығына кепiл болады және банктiң басынан кешiретiн әр алуан
тәуекелдерiнiң зардаптарын ретке келтiрiп отыратын басты көз болып
табылады. Осы мақсатта банктiң меншiктi капиталы мынадай қызметтер
атқарады:
• қорғаныс қызметi;
• шұғыл қызметi;
• реттегiш қызметi;
• айналым қызметi.
Банк капиталының қорғаныс қызметi - банктiң салым иелерiне жәрдем ақы
төлеу мұмкiндiгiн ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда
зияндарды жабуға қызмет етуiн сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктiң
банкротқа ұшырауына жол бередi. Қорғаныс қызметi - меншiктi капиталдың ең
басты қызметi болып келедi.
Банк капиталының шұгыл қызметi қорғаныс қызметiне қарағанда екiншi
дәрежелiк маңызға ие болып табылады. Оперативтi қызметi жер, ғимарат, құрал-
жабдықтар алуға қажеттi меншiктi қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге
көрiнбейтiн зияндар жағдайына байланысты рөзервтер құруды сипаттайды. Бұл
қаржы ресурстарының көздерi әсiресе, банк қызметiнiң басталуы ұшiн маңызды.
Кейiннен бұл қаражаттардың бiр бөлiгi ұзақ мерзiмдi активтерге және әр
түрлi резервтердi құрауға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерiнiң мүдделерiн қамтамасыз етуден басқа банктердiң
меншiктi капиталы реттегiш қызметтi атқарады. Бұл қызмет қоғамның
мүдделерiмен, сол сияқты банк операцияларына бақылау жасауға мұмкiндiк
жасайтын заңдар және ережелерге тiкелей байланысты. Банк капиталының
көрсеткiштерiнiң көмегiмен мемлекеттiк ұйымдар банктердiң қызметтерiне баға
берiп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктiң меншiктi капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгi мөлшерiне
қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуiн және басқа банктен
активтер сатып алу шартын қамтиды. Казақстан Республикасының ұлттық банкi
бекiткен пруденциялдық нормативтерде банктiң меншiктi капиталының көлемi
берiледi. Сонымен қатар, реттегiштiк қызметке несиелiк және инвестициялық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметi. Кез- келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не
коммерциялық қызмет керсету болып табылады. Мұндай қызметтерболмаса
зияндардың орнын жабу ұшiн құрылмайды. Олардың басты мақсаты тәуекелмен
байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметi тәуекел
дәрежесiн есепке алатын активтi айналымды аванстаумен сипатталады.
Сондықтан да, бұл қызметтi меншiктi капиталдың айналым қызметi деп атайды.
Бұл қызметтi атқара отырып, өзiнiң айналым капиталын кассалық ақшалар,
несиелiк, факторингтiк және лизингтiк операцияларға, бағалы қағаздар сатып
алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негiзгi қорларға жұмсай
отырып, банктер өз несие берушiлерiн зияндардан қорғайды.
Резервтiк қызметi. Тәуекелдер тек активтi операцияларға ғана емес, сондай-
ақ пассивтi операцияларға да тиiстi болып келедi. Пассивтi операциялардан
туындайтын тәуекелдердi болдырмау ұшiн банктер тартылатын қаражаттар
есебiнен мiндеттi рөзервтер ретiнде Орталық банкте өз резервтерiн құрайды.
Банктердiң ресурстарының тапшылығына байланысты мiндеттi түрде құрайтын
рөзервтер сияқты, активтi операциялардан болатын тәуекелдердiң орнын
толтыру ұшiн арнайы рөзерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметiне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметi -
резервтiк қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктiң капиталының резервтiк қызметi тәуекел активтердiң болуына
байланысты емес, банк капиталының тұрақты қызмет етуiн қамтамасыз етедi.
Банктiң меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу
обектiсiне және банктер мен оны реттеушi ұйымдар арасындағы пiкiр таласқа
айналып келедi.
Банктер өздерiнiң активтерiн арттыру үшiн капиталдың төменгi мөлшерде
болғанын қалайды. Ал банктi бақылаушылар, банктердiң банкроттықтан аулақ
болуы ұшiн капиталдың жеткiлiктi мөлшерде болуын талап етедi. Банктердiң
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мұмкiн, себебi банктi
жақсы басқарса, ол төменгi капитал нормасында жұмыс жасай алады деген
пiкiрлер бар.
''Капиталдың жеткiлiктiлiгi'' терминi банктiң жалпы тұрақтылығын және оның
тәуекелге бару дәрежесiн керсетедi. Капиталдың жеткiлiктiлiгi - бұл банк
капиталының мөлшерiнiң тәуекел дәрежелерi ескерiлген банк активтерiне
сәйкес болуға тиiстi. Сондай-ақ, екiншi деңгейлi банктер өз жұмыстарында
банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды терiс санайды. Өйткенi, ол банктiң
қызметiне керi әсер етуi мүмкiн. Банктердiң көбi акция шығара отырып,
қаражат тартуға ынтасыз болып келедi. Сондықтан банк жетекшiлерi бiр
жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екiншi жағынан, банк капиталы мен
екiншi деңгейлi банктердiң басқа да қызметiндегi параметрлер арасындағы
қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктiң ресурсындағы меншiктi капиталдың өте төменгi үлесiнде болуы да
дұрыс емес. Себебi, ол банктiң салым иелерi алдындағы жауап беру мөлшерiне
сәйкес келмейтiндiгiн сипаттайды.
Банк меншiктi капиталын ұлғайтуға негiз болатын мынадай факторларды ескеру
қажет:
• банктердiң дивидендтерi өнеркәсiптiк кәсiпорын активтерiне
қарағанда, сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне, қарыз алушының несиелiк
қабiлетiнiң нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгерiп
отырады;
• банк көбiне тұрақсыз қысқа мерзiмдi қарыз көздерiне көңiл бөледi,
бiрақ олардың көбi талап етiлуiне байланысты қайтарылып алынуы мүмкiн.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмiрдегi жағдайлар
банктердегi ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуы тиiс. Бастапқыда банк
капиталының активтерге қатысты шектi қатынасы 20 % шамасында болса, қазiргi
оның шамасы 12 %-ды құрайды. Бұл дегенiмiз банк жүйесiндегi төлем жасау
қабiлетсiздiгi тәуекелдiң уақыт өте келе арта тұсетiндiгiн көрсетедi.
Себебi, банк жүйесiндегi банк активтерiнiң сапасы әлi де болса өз
деңгейiнен төмен екендiгiн ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын
меншiктi капитал ұлесiнiң жеткiлiксiздiгi орын алатындығы айқын.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейiнiң жеткiлiктiгi банк жүйесiн
қолдайтын басқа шарттардың бiрiне жатады.
Банктердегi немесе жалпы банк жүйесiндегi капитал көлемiн тура анықтау
қиын, бiрақ жоғарыда қарастырылған қызметтердiң орындалуы үшiн салым иелерi
мен бақылаушы органдардың сенiмi үшiн банк капиталы жеткiлiктi мөлшерде
болуы қажет. қажеттi капиталдың сомасы банктiң тәуекел деңгейiне сәйкес
болуы тиiс. Мысалы, егер банктiң берген несиелерiнiң тәуекел дәрежесi өте
жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келедi.
Банктiң меншiктi капиталын бағалау әдiстемесi туралы мәселе 80-шi
жылдардың екiншi жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында ұлкен пiкiрталас
туғызған болатын. Сөйтiп, 1988 жылы Базель Комитетi келiсiмiнiң шешiмiмен
''Халықырылық бiртұтас капитал есебi және капитал стандарты туралы''
келiсiм шарт негiзiнде ''Кук коэффициентi'' деп аталатын капиталдың
жеткiлiктiлiгiнiң нормативi iз жүзiне енгiзiлдi. 1993 жылдан бастап кұшiне
енген бұл коэффициент көптеген елдердiң Орталық банктерiнде, бiздiң
Қазақстанның ұлттық банкiнде пруденциалдық норматив қатарында пайдалануда.
Кук коэффициентi банк капиталы мен баланстан тыс активтерi арасындағы ең
төменгi шектi қатынасын бейнелейдi. Мұндағы меншiктi капитал екi элементтi
қамтиды: негiзгi және қосымша капитал. Олардың жеткiлiктiгiне баға беру
ұшiн, активтер мен баланстан тыс мiндеттемелердiң өлшемi таңдап алынған.
Мұндай тәсiл баланстан тыс операциялардың iске қосылуын қамтамасыз етумен
қатар, төменгi тәуекелдi активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра тұседi.
Базель келiсiмiне сәйкес, банктiң капиталы екi деңгейге бөлiнедi: I
деңгейлi капитал және II деңгейлi капитал.
I деңгейлi капиталға: қарапайым акциялар, бөлiнбеген пайда, сол сияқты
еншiлес компаниялардың бақылаусыз пакетi шегерiлген материалдық емес
негiзгi капитал шамасы жатады.
II деңгейлi (қосымша) капиталға: несиелер бойынша зияндарды жабуға
арналған резевтер, мерзiмсiз артықшылығы бар акциялар қосылған екiншi
дәрежелi қарыздар жатады.
Базель келiсiмiнiң бекiткен нормативтiк коэффициентiне сәйкес, екiншi
деңгейдегi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде бөлшек банкингтің теориялық негіздері
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметі
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Банктердің активі мен пассивінің несиелік тәуекеліннің мәліметтер базасын құру ( ұйымдастыру )
Банк ресурстары - қаржы және ақша қатынастары
Екінші деңгейлі банктерінің экономикадағы рөлі
Қаржыларды ауыстыру теориясы
Коммерциялық банктерді құру, олардың қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Қаржы және ақша нарығы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Пәндер