Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені.

Мазмүны.

Кіріспе . . . ………. 3

І - бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық -

географиялық жағдайы . . . . . . …. 4 - 26

1. 1. Географиялық орны . . . ……. … 4 - 10

1. 2. Жер бедері . . . … . . . 11 - 12

1. 3. Геологиялық құрылысы . . . …… . . . 13 - 17

1. 4. Климаты және ішкі сулары . . . ……. …18 - 23

1. 5. Топырағы мен өсімдік жамылғысы . . . ………. 25 - 26

ІІ - бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына

сипаттама . . . . . . …. 27 - 51

2. 1. Ауыл шаруашылығына сипаттама беру . . . . . . … 27 - 29

2. 2. Мал шаруашылығы . . . ……… . . . ……30 - 35

2. 3. Егін шаруашылығы . . . ……… . . . 36 - 42

2. 3. Агроклиматтық ерекшеліктері . . . . . . 43 - 51

ІІІ - бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын

жандандыру жолдары . . . . . . …. 52 - 81

3. 1. Ауыл шаруашылығын жандандыруда қолданылатын

іс - шаралар . . . . . . 52 - 65

3. 2. Егістік жерлерді құнарландырудың басты мәселесі… . . . … 66 - 70

3. 3. Ауыл шаруашылығындағы экологиялық проблемалардың

экономикаға әсері . . . . . . 71 - 76

3. 4. Еңбек ресурстарының ауыл шаруашылығындағы

ролі . . . . . …77 - 81

Қорытынды . . . ……… . . . …. 82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . 83 - 87

Қосымшалар . . . … . . . … 88 - 98

К і р і с п е.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өте жақсы дамыған. Бірақтанда бұл сала әлі күнге дейін тереңірек зерттелмегендіктен мен бұл тақырыпты алдым.

Тақырыптың негізгі мақсаты:

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы негізгі салалардың бірі болғандығы себебінен оған географиялық тұрғыдан баға беріп, ауыл шаруашылығының басты даму бағыттарын айқындау.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

1. Жалпы физикалық - географиялық сипаттама бере отырып

агроклиматтық ресурстарын анықтау.

2. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама беру және ауыл

шаруашылығының негізгі маман саласының дамуын айқындау.

3. Жоғарыдағы мәліметтерді зерттеп ауыл шаруашылығын ары

қарай дамыту және интенсивтендіру жолдарын белгілеу.

Осы зерттеулердің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ауыл шаруашылық салаларының даму перспективалары айқындалды.

Дипломдық жүмыс 3 бөлімнен, 98 беттен, 6 картадан, 5 суреттен, 15 кестеден, 56 пайдаланған әдебиеттен тұрады.

I - тарау. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық - географиялық жағдайы

1. 1. Географиялық орны.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 шаршы шақырымға және шығыстан батысқа қарай 550 шаршы шақырымға созылып жатыр. [1] .

Облыс аумағы 117, 3 мың шаршы шақырым немесе Қазақстан терри -ториясының 4, 3 % - тін қүрайды.

Облыс солтүстігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, ал оңтүстік - шығысында Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Табиғи жағдайлары мен табиғат қорларына және халық шаруашы -лығының дамуына байланысты облысты төрт негізгі ауданға бөледі:

1. Орталық - Арыс алабы және Келес өзенінің жоғарғы бөлігі кіреді.

2. Батыс - Қаратаудың оңтүстік - батыс беткейі және оған ұштасқан

тау алды жазығы.

3. Оңтүстік - Мырзашөлдің және Қызылқұмның облыстық бөлігі және

Шардара даласы кіреді.

4. Солтүстік - Қаратаудың солтүстік - Батыс беткейі, Бетпақ дала мен Мойынқұмның батыс бөліктері.

Облыста 11 аудан және 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 жұмысшы поселкесі және 933 елді мекендер бар. Әрбір ауданның өзіндік климаттық жағдайлары жөне топырақтық ерекшеліктері бар. Сондықтан егіншілік және мал шаруашылығы жергілікті жағдайларға байланысты болады. [2] .

Шымкент қалалық әкімшілігі.

0, 3 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 0, 3 пайызын қамтиды. Қала әкімшілігі халқының саны 01. 01. 2003 жылға 506, 5 мың адамды құрады, халықтың тығыздығы 1 шаршы км - ге - 1688, 3 адам. Қалалық халық саны 92, 2 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 46, 1 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 2, 3 мың гектар, суармалы жер - 1, 9 мың гектар, жайылымдық жер - 38, 6 мың гектар.

Ауыл шаруашылық өнімдерінен көкөніс (барлық егістің 52, 0 пайызы), картоп (13, 8 %) және бидай (18 %) өсіріледі. Үй шаруашылығында қалада 4 мыңнан аса мүйізді қара ұсталынады, оның ішінде 1, 3 мың сиыр, 42 мың бас қой және ешкі.

Түркістан қалалық әкімшілігі.

7, 4 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 6, 3 пайызын қамтиды. Қала әкімшілік халқының саны 178, 2 мың адамды құрайды, ал халықтың тығыздыгы 1 шаршы км - ге - 24, 1 адамнан келеді. Қала халқы - 48, 1 пайыз.

Агроклиматтық жағдайында өте құрғақ зона болып келеді. Жазы ыстық, ұзақ, жауын - шашын аз түседі, қысы қысқа. Топырақ жамылғысы негізінен оңтүстіктің ашық сұр топырағы.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 612 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 38, 2 мың гектар, жайылымдық жер көлемі - 535, 4 мың гектар.

Түркістан зонасы - суармалы егіншілігі дамыған аудан. Суармалы егіншілік және климаттық жағдай мақтаның дамуына жақсы жағдай жасаған, дән шаруашылығы, көкөніс өсіріледі.

Мал шаруашылығында қаракөл қойы және сүтті ірі қара дамыған. Өсімдік шаруашылығының өнімін өндіруде 61 пайыз, мал шаруашылығы 39 пайызды құрайды.

Бәйдібек ауданы.

Аудан 7, 2 мың шаршы км - ге тың аумақты немесе облыс территориясының 6, 1 пайызын қамтиды. Аудан халқының саны - 51, 7 мың адамды құрайды, ал халықтың тығыздығы 1 шаршы км - ге - 7, 2 адамнан келеді. Аудан орталығы - Шаян.

Атмосфералық жауын - шашынның түсу мөлшері бойынша, температуралық режимге және топырақ жағдайларына қарай бұл аудан дала зонасына жатады, жауын - шашын 350 - 450 мм - ге дейін түседі.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 136, 8 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер - 121, 8 мың гектар.

Негізгі шаруашылығы мақта. 2001 жылы жер көлемінің 82 пайызына мақта егілді. Мақта өсіру жағынан ауданда бірінші орынды алады. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық өнімінің 58, 6 пайызы тиесілі. Облыстың кейбір бөлігіне жүзім плантациялары егілген, әсіресе Асықатын зоналарында. Аудан шаруашылығында облыстағы мүйізді ірі қара малдың - 12, 8 қой мен ешкінің - 4, 4 пайызы, қаракөл қойының - 7, 4; шошқаның - 6, 5; жылқының - 7, 0; түйенің - 9, 2 пайызы өсіріледі. Сонымен қоса көкөніс, жеміс - жидектер өсіріледі.

Ордабасы ауданы.

Аудан 2, 7 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 2, 3 пайызын қамтиды. Халқының саны 81, 8 мың адамды құрайды, ал тығыздығы 1 шаршы км - ге - 30, 3 адамнан келеді.

Бұл құрғақ, ыстық, қуаң және жартылай қуаң аймақ. Аудан таулы - далалы зонада орналасқан, белдеу жартылай және суармалы егіншілікке жатады.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 246, 5 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 67, 1 мың гекгар, суармалы жер - 27, 1 мың гектар, жайылымдық жерлер - 151, 9 мың гектар.

Негізгі шаруашылық - мақта және қылшық жүнді қой шаруашылығына негізделген. Өсімдік өсіру қосымша сала ретінде - көкөніске - 21, 6; шитті мақтаға - 16, 7; ет - 13, 1; 9, 0 пайызы - сүт өндіруге тиесілі болып отыр. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қара малдың - 7, 6 пайыз, оның ішінде сиырдың - 6, 6; қой мен ешкі - 5, 9; жылқы - 7, 0; құс - 9, 5 пайыз өсіріледі.

дән көкөніс картоп мақта ет сүт бақша қалғаны

Отырар ауданы.

Аудан 18, 1 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 15, 1 пайызын қамтиды. Аудан халқы - 54, 7 мың, ал халықтың тығыздығы 1 шаршы км - ге - 3 адам. Орталығы - Шәуілдір.

Аудан шөлді зонада орналасқан. Агроклиматтық жағынан аудан территориясы құрғақ, ыстық, қуаң, ал табиғи шаруашылық жағынан алғанда мал шаруашылығына ыңғайлы аймақта орналасқан. Климаты өзгеріп тұрады, жауын - шашын тұрақты жаумайды.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 1691, 8 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 10, 3 мың гектар, суармалы жер - 1645, 7 мың гектар.

2002 - 2003 жылдары мал шаруашылығын өндірудің ұлғаюы байқалды. Сонымен бірге, аудан егін шаруашылығының қарқынды дамуымен сипатталады, әсіресе дәндік жүгері және мақта өсіру. Олардың егіс көлемі тиісінше ауданның барлық егіс көлемінің 24, 8 және 48, 0 пайызын құрайды. Шаруашылықта етті ірі қара мен қаракөл қойларын өсірумен айналысады.

дән көкөніс бақша мақта ет сүт қалғаны

Сайрам ауданы.

Аудан 1, 7 шаршы км - ге тың аумақты немесе облыс территория -сының 1, 4 пайызын қамтиды. Халықтың саны - 224, 2 мың адамды құрайды, ал халықтың тығыздығы 1 шаршы км - ге - 131, 9 адамнан келеді. Орталығы - Ақсу.

Бұл аудан суармалы егіншілікпен айналысатын таулы - далалы зонаға жатады. Климатында жазы ыстық әрі ұзақ, қысы қысқа болып келеді. Сайрам ауданы ет - сүт өндіру шаруашылығына шошқа және құс шаруашылықтарын өркендетуге мамандандырылған.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 152 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 93, 1 мың гектар, суармалы жер - 28, 9 мың гектар, жайылымдық жер - 45, 9 мың гектар.

Ауыл шаруашылығын өндіруде аудан әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда сүтті ірі қара, қылшық жүнді қойлар, дән өнімі және көкөніс өсіру дамыған.

Ауыл шаруашылықтың қосымша салалары дәрілік өсімдіктер, жоңышқа ұрығы, жеміс -жидек және жүзімдіктер өсіріледі.

дән көкөніс картоп жаміс - ет с үт жұмыртқа қалғаны

жидек

[2] .

Сарыағаш ауданы.

Аудан 7, 7 шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 6, 6 пайызын қамтиды. Халқының саны 220, 9 мың адамды құрайды, ал тығыздығы 1 шаршы км - ге - 28, 7 адамнан келеді.

Аудан суармалы егіншілік зонасына жатады, мұнда жүзім өсіруге өте қолайлы жағдай. Жазы өте ыстық және ұзақ, жауын - шашын аз түседі, қысы салыстырмалы түрде қысқа, Суықсыз күндер 175 - тен 215 күнге дейін.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 732 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 93, 1 мың гектар, суармалы жер - 37, 3 мың гекгар, жайылымдық жер - 616, 4 мың гектар.

Аудан барлық ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналысады, 1995 жылдан темекі шығарудан ең негізгі аудан болып табылады. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар, көкөніс - 11, 9; мақта - 13, 3 егілген. Облыстағы жүзімдіктердің төрттен бір бөлігінен артығы аудан территориясына орналасқан. Сонымен бірге арпа, дәндік жүгері, дәнді күнбағыс, темекі, бақша дақылдары, жүзім өсіріледі.

Мүйізді ірі қара малдың 10, 9 пайызы, оның ішінде сиыр - 12, 2; қой мен ешкі - 13, 7; шошқа - 2. 4; жылқы - 8, 5 пайызы өсіріледі. Ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығы - 57 пайыз, мал шаруашылығы - 43 пайызға келеді.

:
дән: дән
көкөніс:

көк

өніс

бақша:

бақ

ша

картоп: картоп
Мақта: Мақта
ет: ет
сүт: сүт
жүзім: жүзім
жұм ыртқа: жұм ыртқа
Қалғаны: Қалғаны

Созақ ауданы.

Аудан 41, 0 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 35, 0 пайызын қамтиды. Халқының саны - 48, 6 мың адамды қүрайды, ал тығыздығы 1 шаршы км - ге - 1, 2 адамнан келеді. Орталығы - Шолаққорған.

Созақ ауданының территориясының көп бөлігін Бетпақдала және Мойынқұм шөлдері, Қаратау жотасы және Шу өзені алып жатыр. Климаты тым континентті, жазы ыстық, көктемі ұзақтау. Ауданда егіншілік аз дамыған, дәнді - дақылдар және жоңышқа өсірумен негізінен Қаратау жотасы маңында ғана айналысады.

Ауыл шарушылығының жер көлемі 3539 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 8, 8 мың гектар, суармалы егіншілік - 4, 4 мың гектар, жайылымдық жер - 3504 мың гектар. Ауыл шаруашылығының негізі - қаракөл қойын өсірумен айналысады, бұл шаруашылық 80 пайызды құрайды. Қосымша салаларға етті ірі қара, жылқы және түйе шаруашылығы.

:

14. 6%

дән көкөніс бақша картоп ет сүт қалғаны

Төлеби ауданы.

Аудан 3, 1 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 2, 6 пайызын қамтиды. Аудан халқының саны - 106, 2 мың адамды құрайды, ал тығыздығы 1 шаршы км - ге - 34, 3 адамнан келеді. Орталығы - Ленгер қаласы.

Аудан таулы - далалы зонада орналасқан. Территориясы шығыс Тянь - Шань тауымен ұласқан. Климатында жазы ыстық, ұзақ, қысы қысқа.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі 222 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер - 70, 7 мың гекгар, оның ішінде суармалы жер - 11, 9 мың гектар, жайылымдық жер - 139, 7 мың гектар.

Ауыл шаруашылық өнімін өндіру климат жағдайларына байланысты. Мұнда дән, көкөніс, картоп өндіреді. Ауыл шаруашылық өнімінде мал өнімі 52 пайызды құрайды.

дән көкөніс картоп жеміс- ет сүт қалғаны

жидек

Түлкібас ауданы.

Аудан 2, 3 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территория - сының 2 пайызын қамтиды. Халқының саны - 88, 2 мың адамды құрайды, ал тығыздыгы 1 шаршы км - ге - 38, 3 адамнан келеді.

Ауданның жер бедері ерекше орналасқан. Агроклиматтық жағынан аудан территориясы өте құрғақ, жылы және суармалы егіншілікпен айналысушы таулы аймаққа жатады. Ауда территориясында Талас Алатауындагы Жабағылы беткейінде, әлемдегі маңызды табиғи ресурстарын қоса Ақсу - Жабағылы қорығы орналасқан.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 173, 7 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 64, 5 мың гектар, суармалы жер - 12, 9 мың гектар, жайылымдық жер - 97, 9 мың гектар.

Негізгі өсімдіктің товарлы саласы - дән, көкөніс, жеміс - жидек, жүзім және картоп, мал шаруашылығында қылшық жүнді қой шаруашылығы дамыған.

дән, көкөніс, картоп, жеміс- жүзім, ет, сүт, қалғаны.

жидек,

Шардара ауданы.

Аудан 13 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 11, 1 пайызын қамтиды. Халқының саны - 68, 3 адамды қүрайды, ал тығыздыгы 1 шаршы км - ге - 5, 3 адамнан келеді. Орталығы - Шардара.

Бұл аудан жазықты болып келеді - Қызылқұм шөлі, Сырдария өзені орналасқан. Климаттық ерекшеліктері - тым ыстық, жауын - шашын аз, ауа құрғақ, күннің түсу сәулесі жоғары.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 1162 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 51, 5 мың гектар, суармалы жер - 51, 2 мың гектар, жайылымдық жер - 1095, 2 мың гектар.

Ең үлкен Оңтүстік Қазақстандағы Шардара суқоймасының салынуы Қызылқұм массивін игеруге мүмкіндік береді. Агроклиматтық жағдай ауданда мақта және бақша дақылдарын өсіруде алдыңғы орынға шығарады.

көкөніс, бақша, мақта - шикізаты, ет, сүт, қалғаны.

[2] .

Ауданда қолдан суарылмайтын егіншілік, сондай - ақ шалғындық жерлер дамыған.

Ауыл шарушылығының жер көлемі - 620, 4 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер - 76, 6 мың гектар, суармалы егіншілік - 8, 4 мың гектар. Ауданның негізгі шаруашылығы бидай өндіру болып табылады, майлы дақыл, ірі қара және сүтті-етті бағытта ірі қара өсіреді.

дән мақсары ет сүт қалғаны

Қазығұрт ауданы.

Аудан 4, 1 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 3, 5 пайызын қамтиды. Аудан халқының саны - 92, 2 мың адамды құрайды, ал халықтың тығыздығы 1 шаршы км - ге 22, 5 адамнан келеді.

Аудан екі белдеуге бөлінеді - орталық тұрақты ылғалдылық және тұрақты ылғалдылық, онда жауын - шашын мөлшері 450 - 600 мм - ге дейін түседі. Жартылай қамтамасыз етілген жоғары дамыған суармалы егін шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 349, 5 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер - 95 мың гектар, суармалы жер - 10, 4 мың гектар, жайылымдық жер - 2, 1 - 6, 9 мың гектар.

Аудан сүтті ірі қара өсіруге және дән өнімін өсіруге маманданған. Дәстүрлі түрде қылшық жүнді қой өсіру дамуда. Мүйізді ірі қара малдың - 9, 5 пайызы, оның ішінде сиырдың -10, 1; қой мен ешкінің - 12, 7; жылқының - 13, 6 пайызы өсіріледі.

дән көкөніс картоп ет сүт қалғаны

Мақтарал ауданы.

Аудан 1, 8 мың шаршы км-ге тең аумақты немесе облыс территориясының 1, 5 пайызын қамтиды. Халқының саны бойынша аудан облыста Шымкент қалалық әкімшілігінен кейінгі екінші орынды иеленеді. Халқының саны 248, 5 мың, тығыздығы 1 шаршы км - ге - 138, 1 адамнан келеді.

Дала зонасы барлық Мақтарал шаруашылығын алады, 1997 жылы мамырда 3 аудан құрылған болатын - Жетісай, Киров, Мақтарал. [2] .

Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 20, 2 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 12, 9 мың гектар, суармалы жер - 5, 1 мың гектар, жайылымдық жер - 5, 5 мың гектар.

Дән, картоп, көкөніс, мақсары және т. б. өсіріледі. Қалада 10 мыңнан астам ірі қара өсіріледі.

дән көкөніс картоп жеміс - ет сүт қалғаны

жидек

Арыс қалалық әкімшілігі.

6, 3 мың шаршы км-ге тең аумақты немесе облыс территориясының 5, 4 пайызын қамтиды. Халықтың саны 61, 4 мың адамды құрады, ал халықтың тығыздығы 1 шаршы км - ге - 9, 7 адамнан келеді.

Ауыл шарушылығының жер көлемі 564, 4 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі - 21, 2 мың гектар, суармылы егіс көлемі - 10, 9; жайылымдық жерлер - 498, 6 мың гектар.

Қалада суарылмайтын егіншілік жақсы дамыған. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі негізгі бағыт ет өндіру (жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің - 31, 0 пайызы), сүт өндіру (8, 6), мақта (14, 9), көкөніс (15, 0), бақша дақылдарын (8, 0) өндіру болып табылады.

Қалалық әкімшілік шаруашылығьшда облыстағы мүйізді ірі қара малдың 2, 9 пайызын, оның ішінде сиырдың - 2, 6, ешкі мен қойдың 10, 5, қаракөл қойының - 23, 7; жылқының - 3, 8; түйенің - 2, 8 пайызы өсіріледі.

дән бақша көкөніс мақта ет сүт қалғаны

Кентау қалалық әкімшілігі.

0, 6 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 0, 5 пайызын қамтиды. Қалалық әкімшілігі халық саны - 79, 4 мың адамды құрайды, ал халықтың тығыздығы 1шаршы км - ге - 132, 3 адамнан келеді. Қала халқы - 85, 1 пайызды құрайды.

Жауын - шашын түсу мөлшері төмен. Топырақ жамылғысы оңтүстіктің ашық қара түсті шаруашылығы. Агроклиматтық жағдайына байланысты бұл таулы зонаға жатады. [2] .

1. 2. Жер бедері немесе рельефі.

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері алуан түрлі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның орталық бөліктерінде, Шығыс Тұран ойпаты және Тянь - Шанның батыс бөліктерінде орналасқан. Жер бедерінің шамамен 80 пайызы жазықты, ал қалған бөлігін Тянь - Шань және Жоңғар Алатауының тау тізбектері алып жатыр.

Солтүстік бөлігін Бетпақ дала алып жатыр, Қиыр Оңтүстігінде Мырзашөл орналасқан. Солтүстік - шығысы мен орталық бөлігінде Қаратау тау жоталары созылып жатыр, ең биік нүктесі Бессаз - 2176 метр, Оңтүстік - шығысында Талас Алатауы, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Қызылқұм шөлдері, Қаржантау сілемдері, биіктігі - 2824 метр және Өгем жоталары орналасқан. Ең биік нүктесі - Сайрам шыңы - 4238 метр. Қаратаудан шығысқа қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр - 3617 метр. Мұның солтүстік бөлігі Қазақстан территориясына кіреді. Осы жоталар арасында шатқал арқылы Талас өзені ағып өтеді. Өгем өзенінен бөлініп жатқан Келестің саласында Қаржан тау жотасы бар. Жотаның оңтүстік - шығыс бөлігін Қаржан немесе Жігірен өзендері алып жатыр. Жотаның орташа биіктігі - 2000 метр. Биік нүктесі Мыңбұлақ тауы - 2384 метр. Қаржан таудан солтүстік - батысқа қарай Қазығұрт және Қаралдай тауы алып жатыр. Бұл таулар өте қатты ескіріп, бұзылған. [3] .

Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі көптеген факторларға атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен құрамына, олардың жату пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы өлкелерінде тау түзілу процестері әлі аяқталып біткен жоқ. Таулы аймақтарда болып жатқан жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын дәлелдейді. Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтканда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың, су мүшелерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Сырдария өзенінің орта бөлігі ағысының шығысынан оңтүстікке қарай Тянь - Шань тауының атыраптарына - Талас Алатауы, Өгем қыраттары және Қаратау таулары кіреді. Бұлар биік емес аласа тауларға жатады. Бірақ олардың шығыс бөлігінде жартастардың өте биік жерлері де бар.

Облыс территориясы жер бедерінің ерекшелігі бойынша төрт анық байланысатын бөліктерге бөлінеді:

1. Қүмды шөл.

2. Шөлейт.

3. Дала.

4. Шоқылы және таулы жоталы.

Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып оның көптеген аумағын жазық аймақтар алып жатыр. Территорияның басым бөлігі сусыз шөл және құрғақ дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді.

1. 3. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары.

Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуында әртүрлі полеозой қатпарындағы Урал - Сібір элементтері байқалады. Ерте полеозой геосинклиналдық этапының дамуында бөлек зона және блогы жоғары көтерілуімен ерекшеленеді. Ордовиктің соңында силурде Қазақстан Тянь - Шань массиві көтерілді.

Геологиялық қүрылымы бойынша күрделі болып келеді. Себебі мұнда таулы аудандарда ежелгі және жас тау жыныстары бірдей кездеседі. Қатпарлы таулы ғимараттар протерозойлық және полеозойлық жастағы жыныстардан құрылған. Шөлдердің геологиялық құрылымы өздері жалғасқан ойпаттар мен далалардың құрылымымен анықталады, яғни мезокайнозойлық тау жыныстары сазды - құмды және құмдық жыныстар түрінде кездеседі. [3] .

Оңтүстік Қазақстан облысьның көпшілігі бөлігі Тұран плитасының қүрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрийлік, девондық, карбондық жыныстардан (құм, тас, тақта тас) таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан (құм, тас, граниткогаомерат) жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Ауыл шаруашылығы саласы
Агроөнеркәсіптік кешен
МАРКЕТИНГТІ КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қара және түсті металлургияның, өңдеуші өнеркәсіп және құрылыс индустриясы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық секторының дамуы
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz