Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері


РЕФЕРАТ
Бұл зерттеу жұмысы отбасындағы ажырасу мәселесіне, соның ішінде, біз қарастыратын ажырасу жағдайына жасөспірімнің бейімделу ерекшеліктерін, ажырасу жағдайының жасөспірімге әкелетін зардабының әсерінен болатын тұлғалық-эмоционалды өзгерістерін зерттеуге арналған.
Жұмыс беттерінің саны: 46
Кестелердің саны: 10.
Гистограммалардың саны: 1.
Зерттеу мақсаты : Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу міндеттері :
1. Әдебиеттерді талдау негізінде ажырасу мәселесін зерттеу.
2. Тұлғалық қасиеттердің эксперименталды зерттеуін жүргізу.
3. Ажырасу жағдайымен байланысты болған тұлғалық өзгерістер арасындағы байланысты табу.
4. Ата-анасы ажырасқан және қалыпты отбасындағы жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін зерттеу.
5. Әдістемелерді өткізу.
6. Алынған мәліметтер бойынша салыстырмалы талдау жасау.
Әдістемелер: 1. К. Роджерс пен Р. Даймондтың тұлғаның әлуметтік-психологиялық бейімделу деңгейін анықтауға арналған әдістемені жүргіздік. Бұл әдістеме 101 сұрақтан тұрады, әрбір пікірге тиісті жеті жауаптың біреуі беріледі.
2. Р. Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық әдістемесі (жасөспірімдік вариант) . Бұл әдістеме 142-сұрақтан тұрады. Әдістеме қолдануда өте ыңғайлы және бізге керекті барлық тұлғалық факторларды қамтиды.
3. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі. Бұл әдістеме Сакс-Леви модификациясы бойынша алынған. Әдістеме 60-аяқталмаған сөйлемнен тұрады. Алынғаған нәтижелер әртүрлі қатынасты анықтайтын тоғыз шкала бойынша өңделеді.
Алынған нәтижелердің расталынуы: Біздің жұмысымыздың болжамы көрсетілген әдістемелердің көмегі арқылы өз дәлелін тапты. Айта кететін болсақ, ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде олардың тұлғалық және эмоционалдық жағынан өзгрістерге ұшырайтыны (Р. Кэттелдің 16-факторлық сұрақтамасының нәтижесі бойынша) және жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктртері осы тұлғалық өзгерістермен тығыз байланыстылығы (К. Роджерс пен Р. Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижелерімен салыстыру барысында) туралы зерттеу болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1БӨЛІМ. АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ . . .
1. 1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде . . .
1. 2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы . . .
1. 3 Ажырасу жағдайының жасөспрімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері . . .
1. 4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері . . .
2 БӨЛІМ. АТА-АНАСЫ АЖЫРАСҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЖЫРАСУ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . .
2. 1 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы . . .
2. 2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары . . .
2. 3 Зерттеу нәтижелерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША
Кіріспе
Қазіргі кездегі психологияда адамның қиын, жағымсыз, сыни жағдайлардағы психологиялық ерекшліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр.
Сол өзекті мәселелердің бірі- отбасындағы ажырасу жағдайы. Біздің зерттеу жұмысымыз отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімге тигізетін әсерінен болатын психологиялық ерекшеліктрді зерттеуге арналған.
Қазіргі кездгі ажырасу санының көбеюіне байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған ең үлкен міндт болып табылады.
Отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның өзінің адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі бар. Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің барлық жағына өз әсрін тигізе отырып, олардың физиологиялық және психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсері етеді. Отбасындағы ажырасу мәселесін кең ауқымда қарастырған авторлардың бірі С. С. Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан адамдардан некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа өмір стилінің пайда болуы туралы мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі.
Мамандардың айтуы бойынша, ажырасу кезінде үлкен эмоционалды күйзелісті әйелдер мен жасөспірімдер көп сезінеді. Әйлдер үшін қайғырулардың ауыртпалығы жөнінен ажырасу бала мен күйеуінің өлімінен кейінгі үшінші орында тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды белгілі дәрежде стреске шалдығуларына әкеледі.
Жұмыстың мақсаты: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімнің ажырасу жағдайына бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің ата-анасының ажырасу жағдайына бейімделудегі тұлғалық-эмоционалдық өзгерістерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу обьектісі : Жасөспірімдер тобы (13-15 жас аралығы) .
Өзектілігі: Отбасындағы ажырасу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды күйзеліске ұшырауын қамтып қоймай, сонымен қатар, олардың балаларына, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларына өзінше кері әсерін тигізеді. Ажырасу мәселелерімен айналысатын ғалымдардың көбі бұл жағдайдың әйелдерге әсері қандай және бейімделулері қалай өтетіндігін қарастырған. Ал отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімдерге әсері мен бейімделулері қандай деңгейде өтетіндігі туралы зерттелген жұмыстар аз.
Сол себепті, біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер ажырасу мәселесімен айналысушы барлық мамандардың табысты жұмыстары үшін(әлеуметтанушылар, психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер т. б. ), жалпы ажырасудың алдын-алу мен шешу жолдары кезінде маңызды болады.
Тәжірибелік маңыздылығы : Біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер мен жасалынған қорытындылар арқылы отбасындағы ажырасу кезінде отбасы мүшелеріне, әсіресе, жасөспірім шақтағы балаларға жүйелі көмек көрсету, шиеленістерді болдырмау негізінде әртүрлі тренингтік жаттығулар өңдеп шығаруда пайдасы бар.
Болжамдары: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде өзіндік ерекшеліктер болады.
Жеке болжамдар: 1. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің тұлғалық дамуында өзіндік ерекшеліктер кездеседі.
2. Отбасындағы ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде өзіндік ерекшеліктер болады.
Зерттеу міндеттері:
1 Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау.
2 Әдістемелр мен таңдауларды жасау.
3 Әдістемелерді эксперименталды топтарға және
бақылау тобына өткізу.
4 Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау
жасау.
5 Салыстырмалы талдау негізінде талдау жасау.
1 БӨЛІМ. АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
1. 1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде
Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар әлі жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.
Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.
Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп жұбайлардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтиды. Мұндай некеде жұбайлар бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен отбасылардың барлығын жатқызуға болады.
Проблемді ерлі-зайыптылар жұбы деп өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелер. Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын жұбайлардың тұлғалық және эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы арқылы қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты болады. Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді [ 1, 111 - 118 бб. ] .
Қазіргі жағдайда бұл мәселе өте өзекті болып отыр, себебі көптеген мемлекеттерде ажырасу саны күн өткен сайын өсіп келеді.
Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге болады: 1999 жылдары Қазақстанда бір мың адамға 6, 3 некелесу және 3, 7 ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы некелесулер соңы ажырасумен аяқталып, осыған қоса бұл отбасылардың көпшілігінде жасөспірім шақтағы балалары болатыны анықталған. Авторлардың көпшілігі отбасының бұзылуын және ажырасуын жасөспірімдерге кері әсер тигізетіндігі жайлы айтады. Осы ажырасуға негіз болатын және де ажырасқаннан кейін әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет: ажырасудың себептері балаың отбасынан ата-анасының біреуінің кетуіне қаншалықты дайын болғандығы, нақты жағдайдағы ата-ананың мінез-құлқы, ажырасу жағдайынан кейінгі жасөспірімдердің бейімделуі және т. б. факторлар.
Ең алдымен мына жағдайларды ескеру қажет:
- жасөспірімдердің ата-анасының ажырасуына көрсеткен эмоционалды реакциялары;
- отбасындағы ажырасу жағдайына бейімделу кезінде пайда болған проблемалар;
- ажырасудың жасөспірімнің болашағына, тұлғалық дамуына тигізетін әсері.
С. С. Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсетеді. Отбасының құлдырауы моральдық-психологиялық және әлеуметтік ұстанымдарының тек қана ішкі жағдайда субъектінің жекедара өмірінде ғана емес сонымен бірге өзі өмір сүретін микроортада да қалыптасуына алып келеді [2, 145-154бб. ] .
Көптеген жұмыстардың ішінде ең жақсы қорытылған еңбек - ажырасқан әйелдер мен балаларының проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың еңбегі. Г. Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан кейінгі дағдарыстың ұлғайып кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын баладағы әртүрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі - баламен қалған әкесінің немесе анасының дағдарысы.
Ажырасқан әйелдер мен ер адамдардың көпшілігі біраз уақыт өткеннен кейін қайтадан отбасын құруды шешеді (кейбір мәліметтер бойынша 83% ер адамдар және 76% әйелдер) . Екінші рет отбасын құрғанда олар өз қарым-қатынасын қадірлей біледі, өз міндеттерін жақсы орындайды, барлық нәрсеге салмақпен қарайды [3, 49-56 бб. ] .
1. 2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы
Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу - бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі.
Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1980- ші жылдармен салыстырғанда 1996 - шы жылдары 4, 6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы [4, 255-258 бб. ] .
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 - 3 есе төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер, сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір элементтерінің болуы және т. б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 - 3 есе төмен болуы. Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек: тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне байланысты болады [5, 55-67 бб. ] .
70-ші жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л. В. Чуйко - Киев, В. Д. Чечот - Ленинград, В. Т. Колокольников - Минск) және т. б Олар ажырасудың мотивтері мен себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең маңыздыларына тоқталып өткенді жөн санаймыз.
Ең алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің классификациясын ұсынған Н. Я. Соловьева болды. Ол мынандай себептер: 1. ерлі-зайыптылардың біреуінің ауруы; 2. баланың болмауы; 3. мәжбүрлі айырылысу; 4. өгей балалардың болуы; 5. физикалық күш көрсету; 6. көзге шөп салу, басқа отбасының болуы; 7. маскүнемдік; 8. мінездердің сай келмеуі; 9. екі жақ ата-аналарының араласуы; 10. басқа біреуді жақсы көріп қалу; 11. дін, әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т. б.
Көріп тұрғандай, классификация отбасылық өмірдің сыни жағдайларының көптеген жақтарын қамтиды. Бұлардың барлығы шын мәнінде өмірде бар және некені бұзуға себебін тигізеді.
Н. Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша классификациясын ұсынды: 1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкессіздігі; 2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы; 3. ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар болуы; 4. маскүнемдік; 5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік күйде болу арқылы некеге түсу; 6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл немесе одан көп ұзақ уақытқа айырылуы. Сонымен, Н. Г. Юркевич Н. Я. Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз.
Ажырасу мотивтерінің жаңа аспектілері Н. В. Колокольниковтың классификациясында байқалады: 1. маскүнемдік; 2. мінездерінің сәйкессіздігі; 3. басқа адамға көз салу; 4. некеге жеңілтектікпен отыру; 5. ұзақуақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты) ; 6. қатыгездік; 7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы; 8. физикалық және жан ауруларына шалдығу; 9. ата-аналардың және басқа туысқандардың араласуы; 11. әйелдің бала көтере алмауы; 12. басқа да себептер [6, 75-88 б] .
Көрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады. Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша мотивтерді объктивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі. Ажырасушы жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады. Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін. Сол үшін шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады.
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға. Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу мінез-құлқы.
Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да себептер мен мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, «мінездеріміз сәйкес келмейді» деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы бірге тұрып, арман-тілектерін сәйкестендірген болса, «мінезіміз сәйкес келмеді» деген себеп туындамауы қажет [7, 138-148 бб. ] .
Осы мәселемен айналысатындардың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, ажырасу жағдайы кезінде ең көп эмоционалды күйзеліске түсетін- бұл әйелдердер мен балалары дейді. Бірақ, ата-аналардың көбі болған жағдайдың баласына, оның ішінде, бойында тұлғалық, физиологиялық өзгерістер болып жатқан жасөспірім шақтағы баласына қалай әсер ететіндігін, оған ата-аналарының арасында таңдау жасау қандай қиын тиетіндігін мүлдем ескермейтіндер кездеседі. Жасөспірімдік шақтағы балаларда көптеген өзгерістер болып, қажеттіліктер аясы кеңейе түседі. Соларға шолу жасап өтуді жөн көріп отырмыз. Сондай қажеттіліктердің бірі- өзара қарым-қатынас қажеттілігі .
Жасөспірімдік кезеңде балалардың ата-анасымен әңгімелесуі азайып, керісінше, құрбы-құрдастарымен сөйлесуі көбейеді. Осыған байланысты көптеген зерттеулер жүргізіліп, мынандай нәтижелер алынған болатын: анасымен араласқанды қалайтындар тек 31 %, ал әкесімен сырласып-мұңдасатындар- 9, 11% (Кон И. С., 1989) . Кон И. С. ата-ана мен баланың арасында пайда болатын бөгетке: ата-ананың баланың ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерісті сезбеу және байқап білуге құлықсыздық, жасөспірімді автономиялық нақтылық деп танымау т. б. себеп болады дейді.
«Олар мені тыңдағысы келмейді!»- бұл жасөспірімдік шақта ең көп кездесетін үлкендерге наразылық, арыз-шағымдардың бірі. Зерттеулер нәтижелерінен анықталғандай, жоғарғы сынып оқушыларының ата-анасымен түсінісу, олармен ашық сөйлесу және жақсы араласу жетінші, тоғызыншы сыныптар аралығында күрт төмендейтіндігін көрсетті. Осыдан келіп, ата-аналарға арналған уақыттың басым бөлігі құрдастарға кететіндігі сұрау жүргізу барысында анықталған (Кон И. С. ) . Сол себепті, ата-аналар осындай өзгерістерді есепке алып, олардың әртүрлі жағдайларда мінез-құлқын реттей алуына көмек беріп отырулары қажет.
Отбасына деген қарым-қатынас өсе келе өзгереді. Олардың ата-анасының орнын енді құрдастары басатын болады (Х. Ремшмидтің айтуынша бұл ата-ананың «құнсыздануы») . Жасөспірімдрдің басым бөлігі үшін ата-ана, әсіресе, аналары оларға ең эмоционалды жақын адамы болып саналады.
Неміс психологтары жүргізген зерттеулер мынандай қорытындыға келген: жасөспірімнің басындағы қиын сәттерінде оның ең жақын және сенімді адамы анасы, ал одан соң жағдайдың қиындығына қарай, келесі кезекте әкесі немесе достары тұратын болып шыққан.
Алайда, «сен өміріңдегі қиын сәттерде кіммен ақылдасар едің?» деген сұрақ қойғанда ер балалар да, қыздар да бірдей бірінші орынға аналарын қойған. Ер балалар үшін әкелері екінші орында болса, қыз балаларда достары екінші орынды алып отырған. И. С. Кон осы мәліметтерге сүйене отырып, кез-келген жасөспірім қиын кезеңде анасына жүгінетіндігін анықтады.
Жасөспірімдер үшін ата-аналардың маңызды функциясы- балаға өмірлік қиын мәселелерді шешуде көмектесу, түсіндіру, ақпараттандыру, өмірлік қырларды бағалауда өз әсерін тигізу. Жасөспірім ересектрдің әлеуметтік рөлін игеруге интенсивті түрде беріледі, оның қарым-қатынас жасайтын ортасы тез ұлғаяды және өзбетінше болуға барынша ұмтыла отырып, өздеріне өмірлік тәжірибені, үлкендердің көмегін өте қажет етеді. Ата-аналарының бұл рөлдерін жасөспірімдер өздері де сезеді. Міне, жасөспірімдерде осы сияқты тұлғалық өзгерістерді есепке ала отырып, қиын жағдайларда, әсіресе, отбасындағы ажырасу жағдайында олардың тұлғалық қасиеттері мен бейімделулері қалай өзгеретіндігін анықтап көрейік.
1. 3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері
Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз жасөспірімнің ата-анасы ажырасуын қалай қабылдайтынын, қандай реакциялар болатындығын немесе бұл жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін. Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.
Сонымен, біз мынадай ой түйініне келеміз, ата-аналардың ажырасуын міндетті түрде ажырасудың психологиялық моменті деп белгілеу қажет. Себебі, көптеген ажырасуларға ата-ананың ұзақ уақыттық конфликтілері түрткі болуы мүмкін деген дәлел жиі кездеседі. Ата-ананың ұзақ уақыттық конфликтілері кезінде олар бірнеше рет ажырасып, қайта қосылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz