Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультетінің магистратурасы
Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы
Магистрлік диссертация
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Орындаушы:
1-курс магистранты Сабитов С. С.
“”2011 ж.
Ғылыми жетекшi: з. ғ. к., доцент Ермұхаметова С. Р.
“” 2011 ж.
Жұмыс қорғауға жіберілді
“”2011ж.
Азаматтық және кәсіпкерлік
құқық кафедрасының меңгерушісі,
з. ғ. д., профессор Жетпісбаев Б. А.
“”2011 ж.
Алматы, 2011
Резюме
Объектом научного исследования являются общественно-правовые отношения в наследствений (наследственные отношения) .
Предметом исследования является гражданско-правовое обеспечение наследственных отношений в Республике Казахстан.
Цель исследования - комплексное научно-теоретическое исследование проблем гражданско-правового обеспечения наследственных отношений в Республике Казахстан,
В соответствии с данной целью определены следующие задачи исследования:
- общая характеристика наследственных отношений;
- анализ и определение основных этапов развития законодательства, регламентирующего наследственные отношения;
- выявление особенностей становления, единой системы законодательства Республики Казахстан, обеспечивающей всестороннюю защиту прав наследственников, как самостоятельной отрасли законодательства;
- определение понятия «наследование по законоу и по завещанию», выявление и рассмотрение проблем;
- формулирование предложений по совершенствованию норм действующего законодательства.
Методологическая основа исследования.
Научно-теоретическую основу диссертации составили научные труды и публикации казахстанских и российских, зарубежных ученых-правоведов, ученых-экономистов.
В ходе исследования автор придерживался современной научной методики исследования: использованы диалектический, сравнительно-правовой, исторический, логико-теоретический, статистический методы исследования, что позволило диссертанту выявить круг взаимосвязанных проблем института наследований.
Нормативно-правовую основу диссертации составили Конституция Республики Казахстан и иные нормативные правовые акты и отдельные нормативные правовые акты зарубежных стран.
Научная новизна исследования . Настоящая диссертация представляет в правовой науке комплексное исследование проблем и новизна работы заключается в следующих результатах:
- рассмотрены гражданско-правовые основы наследственных отношений;
- изучено развитие и становление законодательства и определены основные этапы развития законодательства;
- определено понятие «наследство и наследники» и сформулировано законодательное определение «близкие родственники»;
- предложены рекомендации, направленные на совершенствование законодательства.
Теоретическая и практическая значимость работы заключается в том, что результаты исследования могут быть использованы для дальнейшего теоретического и практического развития института наследований.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
- Мұрагерлік қатынастарын реттейтін заңнамалардың даму тарихы . . . 10
- Мұрагерлік қатынастарының элементтері . . . 38
2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮРЛІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Заң бойынша мұрагерлік сұрақтары . . . 47
2. 2 Өсиет бойынша мұрагерліктің құқықтық реттелуі . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77
ҚЫСҚАРТУЛАР:
ҚР-Қазақстан Республикасы
АК- Азаматтық Кодекс
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ШС-шпруашылық серіктестіктер
АҚ-акционерлік қоғам
ШФҚ-шаруа (фермер) қожалықтары
КІРІСПЕ
Өзектілік негізі, тақырыпты зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік маңыздылығы. Жиырмасыншы ғасырдан жиырма бірінші ғасырға аяқ басар алдында Қазақстанда орын алған демократиялық тың өзгерістер экономика, саясат, сонымен бірге құқық саласын да қоса қамтығаны белгілі. Бұл реформалардың басты бағыттарына жеке меншікке құқықты тану, жеке меншікті қорғау және әлеуметтік құрылымға әлемнің озық үлгідегі институттарын енгізу, оларды нығайту, дамытуды жатқызамыз. Мұрагерлік -қоғамның экономикалық дамуының жемісі. Мұрагерлік тәртібі өндірістің негізгі тәсілдерінің жетілдірілуімен бірге өзгеріп отырады. Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алады. Сондықтан заңнамаларды зерттеп отыру және оның тәжірибеде қолданылуына түйін жасау қажет.
Азаматтардың мүлкіне мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге қолданылатындықтан мұрагерлік мәселесі үнемі теориялық және тәжірибелік мәселелерді ұштастыруды қажет ететіндіктен, аталған тақырып өзекті.
Зерттеу бағыты бойынша қойылатын сұрақтарды талдау жағдайы . Зерттеу негізінде мұрагерлікті құқықтық реттеудің тарихи даму жағдайы қандай және нормативтік актілердің түбегейлі өзгеруі орын алды ма деген сұрақтар бойынша тарихи дамуға адамзат пайда болған алғашқы қауым тұрғысынан қарастыру негізінде әдет-ғұрып бойынша, дамудың басқа да сатыларында және егеменді еліміздің құқығы бойынша тұжырымдалады. Зерттеу бағыты бойынша мұрагерліктің заң бойынша және өсиет негізінде жүзеге асырылуына қатысты негізгі ерекшеліктері зерттеледі.
Зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттері . Зерттеу барысында мұрагерлік түсінігі мен құқықтық табиғатын, оның ерекшеліктерін, мұрагерлікке қатысты құқықтық-теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу.
Зерттеу барысында алдымызға қойылған міндеттер:
- азаматтық құқықтың институты ретінде оның ерекшеліктерін қарастыру;
- қазіргі доктринаға сәйкес теориялық өлшемдерге сараптама жасау;
- мұрагерлікті реттейтін қолданыстағы заңдар мазмұныны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу жұмысының пәні мұрагерлік қатынастарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Объектсі
Зерттеу әдісі мен методологиясы. Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және осы кодекске сәйкес қабылданған азаматтық заңдар мен азаматтық заң актілері.
Зерттеудің теориялық негізін азаматтық құқық ғылымдарының дамуына үлес қосқан отандық және жақын, алыс шетелдік заңгерлердің ғылыми еңбектері құрайды.
Қортындылар мен алынған нәтижелердің қалыптасуы. Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егерде азамат өлген жағдайға ешқандай өзінің мүлкіне қатысы өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп, сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланысты ықпалын тигізеді және бекітеді, сондықтан диплом жұмысы азіргі қолданыстағы заңнама негізінде кешенді зерттеледі.
Зерттеу үрдісінің кезеңдері. Зерттеу үрдісі аталған тақырып бойынша ғылыми деректер мен әдебиеттерді жинақтаудан басталды. Екніші кезеңде аталған тақырыпты зерттеу үшін жоспар жасалынды және ғылыми жетекшімен талқылынды. Зерттеу кезеңі аталған тақырып бойынша ғылыми мақала жазу және жоспар негізінде тақырыпты ашу үшін ғылыми талдау жасау арқылы магистрлік диссертацияны жазумен аяқталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы, негізділігі . Азаматтардың мүлкіне мұрагерлік азаматтық құқықтың өзекті тақырыбы ретінде құқықтық-теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кешенді сараланып отыр. Зерттеу жұмысында азаматтардың мүлкіне мұрагерлікті реттейтін нормалар жете сараланып, автор тарапынан зерделеніп заңнамаға ұсыныстар жасаумен қорытындыланады.
Тақырыпты ашуға байланысты дербес көзқарас.
Тақырыпты ашу кезінде мынадай дербес көзқарастар пайда болды. Біріншіден, мұрагерлік европадан келген институт және қазақ халқының енші институтын заңды түрде жаңғырту қажет. Атап айқанда енші шартын жасау қажет кейіннен қалған мүлікке қатысты даулардың болмауы немесе соттардың мүлікті мұрагерлікке беруге байланысты істерді қарау кезінде құқықтық жеңілдіктер болуы үшін.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне қабылданғаннан бері көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл нені білдіреді, әрине қоғамдағы өзгерістермен қатар заңдардың да өзгеріп отыруының әсері. Бірақ, бұл өзгерістер қазіргі егеменді еліміздін жағдайына байланысты болып отыр.
20-ғасырдың басынан бастап мұрагерлік құқұық ең маңызды азаматтық құқықтар ретінде танылып, осы кезде қабылданған конституцияларда көрініс тапты. Мұрагерлік құқық адамдардың конституциялық құқығы ретінде қорғалып, оған кепілдік берілетін болды. Сондықтан сол кезден бастап мұрагерлік құқық өзінің өзектілігін сақтап келеді және өмірдің қарыштап дамып, адамдардың меншігіндегі мүліктің құны мен саны шектелмейтін болғандықтан оның маңызы арта түсуде. Себебі меншігінде белгілі бір мөлшердегі мүлкі болғанда оны мұраға кімге, қандай үлесте қалдыруға болады деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты мұрагерлік құқық институтынан табуға болады.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
Қазақстан Республикасы конституциясының 26 - бабының 2 - тармағында: «Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі» - деп жарияланған. Бұл конституциялық ереже[1] . Сондықтан аталған құқық адамдардың конституциялық құқығы ретінде қорғалып, оған кепілдік берілді. Сондықтан сол кезден бастап мұрагерлік құқық өзінің өзектілігін сақтап келеді және өмірдің қарыштап дамып, адамдардың меншігіндегі мүліктің құны мен саны шектелмейтін болғандықтан оның маңызы арта түсуде. Себебі меншігінде белгілі бір мөлшердегі мүлкі болғанда оны мұраға кімге, қандай үлесте қалдыруға болады деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты мұрагерлік құқық институтына табуға болады.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 6 - тарауында жоғарыда аталған құқық өз жалғасын тапқан. Бұл кодексімізде «Мұрагерлік құқық» деп аталатын тарауда мұрагерлік институты толық қарастырылған. Дегенмен, өмірде әртүрлі жағдайлар кездеседі және оларға байланысты көптеген мәселелер мен сұрақтар пайда болып отыруы қоғамның ілгері дамуымен байланысты болады және міндетіміз оларды тездетіп шешу. Мұрагерлік - құқықтық қатынастардан пайда болатын дауларға байланысты сот және нотариат тәжірибесінде істер көп болатыны да сол себептен.
Мұрагерлік меншіктің тоқтатылуының және ол мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығының пайда болуын туындататаын делдал институт. Қазақстан Республикасының Конституциясында да меншікке қатысты бабында мұрагерлік туралы ережелер қарастырылған. Менің таңдап алған тақырыбым өзектілігін жоймаған және зерттеуді қажет ететін тақырып. Зерттеу жұмысының мақсаты мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелуінің сұрақтарын терең қарастыру арықылы түйіндеу.
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егерде азамат өлген жағдайға ешқандай өзінің мүлкіне қатысы өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп, сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланысты ықпалын тигізеді және бекітеді.
Біздің заң бойынша азаматқа өлмей тұрып, өз мүлкіне билік етуге, яғни өсиет қалдыру жолымен өкім тастай алады. Азамат өсиетте өзі өлгеннен кейін берілетін мүліктің белгілі отбасы мүшелеріне ұйымдарға және басқа да тұлғаларды көрсетуге болады. Сонымен, ол өзінің өмірі кезінде өзінің мүлкін қалдыратын тұлғаларды анықтап қоюы тиіс.
Азаматқа өз мүлкімен билік етуде кең құқықтар бере отырып, өсиет қалдыруда мемлекет кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз отбас мүшелерін қорғап, оларға міндетті мұрагерлік үлестің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жекелеген азаматтардың қолында жеке меншік заттардың шоғырлануы қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарылауына және оның нәтижесінде мүдделлігін арттырады. Демек, мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық негізін нығайтуға ықпал етеді.
«Қазақстан Президентінің «Қазақстан - 2030 елдің халқына Үндеуінде, жеке меншік институттары жерге жеке меншік есебінен және де мұрагелік құқықты қорғайтын заңи жүйенің есебіненде бекітіледі [2] .
Мұрагерлік -қоғамның экономикалық дамуының жемісі. Мұрагерлік тәртібі өндірістің негізгі тәсілдерінің жетілдірілуімен бірге өзгеріп отырады. Зерттеудің өзектілігі азаматтық құқықтың объектілерінің шеңберінің кеңеюі және нарықтық қатынастырдың даму талаптарындағы мұрагерлік қатынастарының құқықтық реттелуінің маңыздылығымен анықталады.
Азаматтардың меншігіне мұрагерлік сұрақтарын жаңа нормативтік актілерге байланысты саралау. Аталған тақырыпта ғылыми зерттеу жазуға негіз болған аталған тақырыпқа байланысты кешенді ғылыми жұмысты азаматтық заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде теория және тәжірибе барысында кездесетін сұрақтарға жауаптар іздеу магистрл3к жұмысымның негізгі мақсаты.
1 МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТЫРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
- Мұрагерлік қатынастарын реттейтін заңнамалардың даму тарихы
Қазақстан Республикасындағы экономиканың тұрақтылығының басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы болды.
Мұраға ие болу құқығы - бұл берілген тұлғанның субъективті құқықтары. Ал мұрагерлік құқық - ол құқықтық нормаларды жүйесі, белгілі қарым қатынастар тобын реттейді. Бұдан басқа мұрагерлік құқықты субъективті және объективті мағынада айтуға болады. Субъективті мағынада мұралық құқық «мұрагерлік құқық» болып қалады. Мұрагерлік құқық азаматтың құқықтық бөлігі ретінде мемлекеттің белгіленген ережелер жинағын білдіріп, мұра қалдырушының мұралық құқығымен міндетін мұрагерге ауысарда мұралық құқық бойынша реттейді.
Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси жэне өзге де қоғам өмірінің басқада жағдайларынан тәуелділігін анық көру ушін, оның қалыптасу мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ол үшін мұра қалдыру тәртібін әр- түрлі әлеуметтік- экономикалық нысандарын қарастыру керек. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты қоғам дамуымен қатар бірге дамып отырған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процессте адамның қарым қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік қүштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыста өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көз қарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып қеледі, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.
Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына, соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр- түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.
Мұра қалдыру және өзгеде қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде экономикалық құрылыстың өзі өндірістік қүштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды [3, 15б] .
Қазақстан қазіргі өзінің экономикалық, рухани, қүқықтық жағынан қайта құруларды басынан өткізіп отырған кезеңде ізденуші қауым қазақ халқының құқық жүйесінің қайнар көзі болған әдет-ғүрып заңдарының қамтыған салаларын жан-жақты зерттеуде. Соның ішінде кезек күттірмейтін институттың бірі - мұрагерлік қүқық мәселесі болып отыр. Мұрагерлік институт мыңдаған жылдармен өлшенетін дәуірлерден өтіп, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Алғашқы қауымдық құрылыс- адамзат тарихындағы бірінші қоғамдық - экономикалық формация. Бұл құрылыс жүйелі түрде дамуда матриархат және патриархат қезеңінен асып түскен. Жеке меншік, таптар және мемлекеттің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына алып келген [3, 7] .
Алғашқы қауымдық және рулық дәуірде мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін оның мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Себебі рулық қауым тұсында еңбек құралдары, аң терілері, үй ішінде қажетті жабдықтар түгелдей ру мүшелеріне тиесілі болып, рудан руға өтті. Бірақ кейін жеке меншіктің пайда болуына байланысты тіршілікке қажетті еңбек құралдарымен құралған байлық әкеден балаға өтіп отырды. Осылайша әкеден балаға қалдыру - мирас түсінігі пайда болып, ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлермен реттеліп отырды. Бұл қатынастарды орындау қазіргідей мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылды.
Бертін келе шаруашылық салалары жіктеліп, қоғам әлеуметтік топтарға бөлініп, жеке меншік қалыптасты да олармен бірге мұрагерлік те пайда болды. Таптық қоғамда әдет-ғүрып алғашқы формасын сақтағанмен, оның мазмұны, мағынасы өзгерді. Енді әдет мемлекеттік биліктен қолдану тауып, заңды норма есебінде оның орындалуын күш қолдау арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Бұған дәлел ретінде ежелгі заңдар Үнді мемлекетінде «Ману заңы», Римде «XII Кесте заңы», Франк мемлекетінде «Салическая правда», Ресейде «Русская правда», Қазақтарда «Жеті жарғы» деген атпен біздің бәрімізге жетті.
Негізінен бұл заңдар жинағының барлығында біз сөз етіп отырған мұрагерлік мәселесі жан-жақты заманына сәйкес қарастырылған. Дүние жүзін қоныстанған басқа халықтар сияқты Азияны қоныстанған көшпенділер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі сияқты ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет заңдарын біртіндеп өмірге әкелгенді. Ол заңдар ұлыстың орнығуына, қуат алуына, дамуына түрткі болды. Бірте-бірте көшпенділер басқарудың құнды тәжірибесін меңгерді.
Мұның айқын көрінісі, саяси биліктің ең жоғары нысаны мемлекеттік тақ мұрагерлігі пайда болды. Тақ мұрагерлігі әр елде әр түрлі аталғанмен сипаты жағынан бәрі монархиялық билеу түрінде еді.
Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері мұрагерліктің әскери, әкімшілік, рулық, мүліктік және рухани мұрагерлігі қалыптасқан болатын.
Көшпелі қоғамда ел қорғаны болған ерлер елдің, жердің билеушісі болған, таққа отырған. Оның билігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тақ мұраға айналған. Мұрагерлік үрдіс, мұрагерлік заң-мұрагерлік институттың дәстүр жалғаудағы үйлестіруші тетігі, ал мұрагерлік институт- мұрагерлік заңның жалғасу нысаны және нәтижесі. Біздің заманымызға дейін Қазақстан территориясында өмір сүрген сақтар мемлекеті рудың әскери демократиялық формасын қалыптастырып, оны кейінгі пайда болған үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларына мұра есебінде қалдырды. Үйсіндердің саяси өмірінде Билер кеңесі болған. Билер мұрагерлік заңды бүзуға жол бермеген.
Біз жоғарыда атап өткеніміздей, мұрагерлік мұраға қалдырушының мүлкінің мұргерлерге ауысуы. Саяси мұрагерлік үрдіс заңдары түркілерде де болған. Түркілерде мұрагердің таққа отыруы:
- алдыңғы қағанның ауызша өсиеті, ;
- тәңірінің қалауы;
- сайлап қою сияқты үш түрлі жолмен іске асырылды. Түркілерде «әке» өлсе ұлы мұрагер, аға өлсе іні «мұрагер» деген өсиет сақталынды. Яғни, түркі халықтарындағы саяси мұрагерліктің ерекшелігі биліктің бір әулеттің дара билігінде болуын көздейтін қандастық негізде тұқым қуалай жалғасатын үрдіс болғанын дәлелдейді.
Мұрагерлік мәселеге хандық дәуірде де ерекше көңіл бөлінген. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдарында саяси, әкімшілік әскери мұрагерлікпен қатар отбасылық қарым-қатынастағы мұрагерлікте қамтылған. Қазақтарда әке өсиеті көзінің тірісінде куәгердің қатысуымен ауызша айтылып, орындауға міндетті болған.
Мұрагерліктен туындайтын қатынастар адам өміріне етене жақын болғандықтан, қай дәуірде де өз жалғастығын тауып келген. Мысалы, қазақтың көне халықтық тәжірибесінде мұраны бөлу жөнінде ертеден келе жатқан бір аңыз бар.
Бір адам үш баласына 17 жылқыны мұраға қалдырып, дүние салады. Тұнғышына жартысын, ортаншысына үштен бірін, кенжесіне тоғыздан бірін өсиет еткен. Бұлар үлестерін бөлісе алмай, дағдарып отырғанда бір арық атты жолаушы кездеседі. Жолаушы өз атын әлгі жылқыларына қосып, «Енді үлестерінді ала беріңдер», - дейді, 18 жылқыдан тұнғыш баласы 9, ортаншысы 6, кенжесі 2 жылқы алып, бітіседі, Сөйтіп жолаушының арық аты артық қалады.
Мұнан көретініміз, өте ертеде - ақ мұра жағдайы, оны бөлісу сияқты мәселелер қазақ халқында да кездесіп, қал - қадірінше шешіліп отырған.
Қазіргі заманда мұндай есептердің айтарлықтай маңызды орынға ие болған. Мысалы, әйгілі ғалым Мұхаммед Әл - Хорезмидің (780- 850 жылдары өмір сүрген) «Алгоритми айтады» атты (830 - жылдар шамасында жазылған) еңбегінде көзделген мақсатын кітаптың алғы сөзінде автордың өзі былай баяндайды: «Мен азаматтардың мұра бөлгенде, артына өсиет қалдырғанда . . . әр түрлі жұмыстарда зәру болып жүргенін ескеріп . . . жазуға тәуекел еттім».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz