ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Бітіру жұмысы
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қорғауға жіберілді
«___» 2007ж.
педагогикалық
психология кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. д. профессор
Алматы 2008
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы тақырыбы: Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
Бітіру жұмысы педагогикалық психология саласынан жазылған. Жұмыс кіріспе, теориялық бөлім, эксперименттік зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау.
Жұмыстың болжамы: Оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қатынасының ерекшеліктері оқытушының кәсіби бағыттылығы мен бірлескен танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жағдайларына тәуелді.
Зерттеу объектісі: ҚазҰПУ-нің педагогика және психология факультетінің оқытушылары мен студенттері.
Зерттеу пәні: оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қатынас жағдайлары.
Зерттеу әдістемелері:
- О. И. Комиссаров - Топтағы нормативті таңдауды зерттеу методикасы.
- “Менің идеалды оқытушым” - Кун М. және МакПарленд Т. шығарған “Мен кіммін?” методикасының өзіндік модификациясы.
- Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс әдістемесі (О. В. Соловьев)
Зерттеу мерзімі: 5 ақпан - 30 сәуір 2007 жыл.
Әдебиеттер саны: 100
Жұмыс көлемі: 78 бет
Кесте: 6
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 6
1. 1. Психология ғылымындағы тұлғааралық қатынас мәселелеріне теориялық шолу . . . 6
1. 2. Тұлғааралық қатынастың психологиялық сипаттамасы . . . 15
1. 3. Бірлескен танымдық диалогтық іс-әрекет тұлғааралық қатынас формасы ретінде . . . 21
2 БӨЛІМ. ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 25
2. 1. Жоғарғы білім беру жүйесіндегі тұлғааралық қатынас субьектілерінің сипаттамасы . . . 25
2. 2. Тұлғааралық қатынас - оқытушылар мен студенттердің өзара әрекеттесу формасы ретінде . . . 36
2. 3. Жоғары білім беру жүйесіндегі тұлғааралық қатынас стильдері мен оның өнімділігі . . . 48
3 БӨЛІМ. ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . . . 54
3. 1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері . . . 54
3. 2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы . . . 54
3. 3. Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
ҚОСЫМША . . . 75
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздегі бүкіл білім беру жүйесі, соның ішінде жоғарғы білім беру жаңа реформалар негізінде жүзеге асырылуда. Жоғары оқу орны әлеуметтік маңызды институттардың бірі ретінде өз қабырғасындағы студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына, ішкі дүниетанымының кеңеюіне өз септігін тигізеді. Сонымен бірге, әрбір студенттің бойында өз мамандығына сәйкес оқытушылардың бейнесі қалыптасады. Студенттердің оқытушылар мен тұлғалық қатынастарындағы өзара қабылдауына сыртқы ортамен қатар олардың меңгеріп жатқан кәсібінің қалыптастыратын кәсіби біліктілік ұғымдар жиынтығы әсер етеді. Себебі студент кәсіп әлеміне енген сайын оның кәсіби сана сезімі, қоршаған ортаға, болашаққа және оқытушыларға деген көзқарасы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселенің қазіргі жоғарғы білім беру жүйесіндегі жаңа кредиттік технология әдісінің талаптарына сай студенттердің тек оқу пәнін ғана емес, сондай-ақ оқытушыларды таңдау мүмкіндіктері аясында өзектілігі арта түсіп отыр.
Қазақстан демократиялық қоғам ретінде, әлемдік білім кеңестігіне шығу және алдыңғы қатарлы дамыған 50-мемлекеттің қатарына еру бағытын айқын ұстанғандықтан білім беру жүйесін дамытудың жаңаша стратегиялық жоспарларын өңдеуді талап етеді. Осыған сай қазіргі уақыттағы білім жүйесінде бірқатар елеулі өзгерістер орын алуда. Білім жүйесіндегі өзгерістер тек оқытушыға ғана емес, сонымен бірге студенттерге де әсер етуде. Қазіргі кезде студенттер жан-жақты сапалы білім алуға тырысады. Ал, оларға бұл мақсатқа жету үшін сапалы әрі қазіргі заман талабына сай білім беретін оқытушы қажет екені бәрімізге белгілі.
Қазақстан республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: “21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз” деп бұл мәселенің мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығының атап көрсетті.
Бұл арада жоғарғы білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынас мәселелерінің бірінші кезекті сипаты анықталады. Жалпы психология ғылымында адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мәселесі әртүрлі зерттеу аймағында өзекті болып табылады. Мысалы, еңбек ұжымдарын басқарудағы тұлға аралық қатынас, (Е. С. Кузьмин; И. П. Волков; В. Н. Панферов) ; педагогикалық жүйені қалыптастырудағы тұлғалық қатынастың ролі (З. Ф. Есарева; С. В. Кондратьева; Д. Б. Эльконин) ; медициналық тәжірибелердегі тұлға аралық қатынастың өнімділігі (А. И. Захаров; В. К. Мягер; Б. Д. Карвасарский) ; құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі қатынастар (В. Л. Васильев; Л. Р. Ратинов) және т. б.
Мақсаты: студенттердің қандай әлеуметтік-психологиялық параметрлерге сүйене отырып оқытушыларды таңдайтынын анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - жоғарғы білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негізделуі мен оқытушылардың кәсіби бағыттылығы мен бірлескен танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру стилдерінің эмпирикалық зерттеуінің алғашқы тәжірибесінің жасалуымен сипатталады.
Жұмыстың практикалық мәнділігі- осы бағыттағы зерттеу мәліметтерін жоғары білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен студенттердің бірлескен танымдық іс-әрекеті барысындағы жағымды тұлғалық қатынасын қалыптастыруда және ұқсас эмпирикалық зерттеулерге салыстырмалы мәлімет ретінде пайдалануға болады.
І БӨЛІМ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1. Психология ғылымындағы тұлғааралық қатынас мәселелеріне теориялық шолу
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әркеттесуі ретінде түсіндіріледі. Психология ғылымында қарым -қатынас біріккен іс -әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде сипатталады.
Бұл анықтама қарым -қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетті, бірін-бірі тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын қарым -қатынастың аспектілерін қарастыру қабылданған. Ақпаратты беру қарым-қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір-бірін түсінуі және тануы қарым -қатынастың перспективті аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым - қатынас барлық үш аспектілер бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда әрбір аспектіні жеке қарастырған дұрыс. Кейде коммуникация, проекция және интеракция қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде зерттелінеді [1] . Қарым -қатынас мәнін түсінуде байланыс, өзара әрекеттесу, біріктіру т. б. түсініктер негізгі болып табылады:
Әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде қарым -қатынасты нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл жән сөйлесу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу қарым -қатынастың негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы объективтену ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйлеу пайда болушы санының көріну формаларының бірі ретінде пайда болды және адамның жоғарғы психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы - адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпаратты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл - ақпаратты қандай да бір кодпен хабарлайтын белгілік жүйе.
Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интерациясы тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақпаратты біреудің паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшандығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы. Қарым - қатынаспен қоса жүретін паралингвистикалық тәсілдер жинағы оның контексін анықтайды. Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе керісінше оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған мән паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама - қайшылықтарды толық емес қарым-қатынас факторы ретінде қарастыруы керек [2] .
Адамның әлеуметтік талдауда іс-әрекет категориясына маңызды роль берілді. Іс -әрекет жайлы ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, эксперименталды және қолданбалы зерттеулердегі іс-әрекет талдамалы адам психологиясының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады. Қарым-қатынастың іс -әрекетпен осындай органикалық байланысы жайлы тезисті қабылдау қарым -қатынасты кейбір белгілі нормативті зерттеуді білдіреді, оның ішінде экспериментальды зерттеу деңгейінде. Осындай нормативтердің бірі қарым - қатынасты оның формасы көзқарасынан емес, оның мазмұны көзқарасынан зерттеу талабынан тұрады. Бұл талап батыстық әлеуметтік психологияға тән, коммуникативті процесті зерттеу дәстүрімен ұштасады. Коммуникация бұнда лабораториялық эксперимент арқылы зеттеулерді - не коммуникативті амалдар, не байланыс типті, не оның жиілігі, не коммуникативті актінің де коммуникативті серттердің де құрылымы талдауға түсетіндігі дәл форма көзқарасынан түсіндіреді [3] . Егер қарым -қатынас іс -әрекет жағы ретінде, оны ұйымдастыру тәсілі ретінде түсінілсе, онда бұл процестің бір ғана формасын талдау жеткіліксіз болып табылады.
Қарым-қатынас "іс -әрекет" категориясы арқылы анықтауда А. А. Бодалев және т. б. психологтар қарым-қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материялды сипатын көрсетеді. "Қарым -қатынас үшін қарым-қатынас" жағдайын қоспағанда қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны мұндай талдауда өзара әрекеттің заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, партнер де, оның қарым-қатынас та бірлікке іс -әрекеттің заттық-практикалық мақсатына жету амалы болып табылады[4] .
"Бейне" және "қатынас" категориялары арқылы қарым -қатынас анықтамасында адамның адаммен өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетілді. Адамдардың біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді. Бірінші салада партнерлардың тұлғалық мәнін тану өтеді. Екінші кезең қарым-қатынас процесінің спецификалылығын сипаттайды. Бұл таным адамды қабылдау объектісі ретінде бейнелеу негізінде өтеді (оның сыртқы келбетін, әрекетін, қылықтарын, мінез-құлықтарын оның тұлғалық мәні жайлы ақпарат беретін іс -әрекет өнімдерін) . Осы және вервальды, сонымен қатар техникалық өзара байланыс тәсілдері арқылы партнерлер бір-біріне өздерінің іс-әрекеті, идеялары сезімдері, т. б. жайлы ақпарат мақсаттарымен сәйкес реттеуге ұмтылады [5] .
Қарым-қатынас анықтамасына "бейне" категориясы көзқарасынан қарау, қарым-қатынас - партнерларының өзара әрекеттінің мазмұнды жақтары туралы идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып табылады деген тұжырымға әкеледі.
Ақпараттық іс-әрекет құбылыстармен абстрактілі түрде әрекет жасауды білдіреді. Егер партнерлер өзара әрекет процесінде алмасатын реалды құбылыстардың абстрактілі формаларын олардың өзара түсініктеріне ұқсас болса, онда қарым-қатынас процесі өзін адамдар санасынан адам болмысының салыстырмалы өз бетінше мәні түрінде көрсетпейді, өйткені идеалды формалар өздерінің практикамен ақиқат немесе жалған қарама-қайшылықтарын көрсетпейді [2] . Сондықтан, Б. Д. Паригиннің жазуынша : "Қарым -қатынасты бір уақытта индивиттердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір-біріне қатынасы ретінде де, олардың бір-бірін өзара түсіну процесі ретінде де бола алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық негіздері бар.
Қарым-қатынас - адамдардың біріккен өмір әрекетін бір-бірімен ақпараттық коммуникативті жән психологиялық өзара әрекет тәсілімен әлеуметтік реттеу процесі. Қарым-қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді, олар кері байланыс ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым-қатынас жанама және тікелей, тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым-қатынас - бұл тікелей "бетпе-бет" кәдімгі қарым -қатынас, өзара әрекет субъектілері жақын орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы қарым-қатынасқа түседі. Тікелей қарым-қатынас ең толық өзара әрекет түрі болып табылады, өйткені индивидтер максималды ақпарат алады. Тікелей қарым-қатынас формалары және тұлғааралық болады. Тікелей қарым-қатынас екі субъектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше субъектілер арасында өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым-қатынас кіші топтар үшін ғана реалды болуы мүмкін, яғни өзара әрекет субъектілерінің барлығы бір-бірін білетін топта.
Жанама қарым-қатынас индивидтер бір-бірінен уақыт бойынша немесе қашықтық бойынша алшақтаған жағдайда өтеді, мысалы, субъектілер телефон арқылы сөйлеседі немесе бір-біріне хат жазады. Жанама қарым-қатынас толық емес психологиялық байланыс болып табылады. Бұнда кері байланыс күрделенген. Жанама қарым-қатынас та субъектілер арасында және топта жүзеге асады.
Бұқаралық қарым-қатынас әлеуметтік - коммуникативті процестерді анықтайтын қарым-қатынастың ерекше түріне жатады. Бұқаралық қарым-қатынас бейтаныс адамдардың көптеген байланыстарын, сонымен қатар бұқаралық ақпараттың әртүрлерімен жанамаланған коммуникацияны білдіреді. Бұқаралық қарым-қатынас тікелей және жанама болуы мүмкін [6] .
Әртүрлі контекстерде қарым-қатынасты кең мағынада қоғамдағы әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жиынтығы ретінде, және тар мағынада адамдардың тұлғааралық қатынастарындағы тікелей немес жанама байланысы ретінде анықтайды.
Қажетті және перспективті болып Б. Ф. Ломов еңбектерінде рельевті түрде көрсетілген қарым-қатынас мәселесіне деңгейлі тұрғыдан келу табылады. Б. Ф. Ломов пікірінше, қарым-қатынас құрылымын зерттеуде талдаудың 3 деңгейін ескерту керек. Бірінші деңгейді макро деңгей деп атайды. Бұл деңгейде адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы тұлғаның бүкіл өмір жолы бойындағы оның өмірінің бір жағы ретінде қарастырылады.
Б. Ф. Ломов бойынша, қазіргі кезде "қарым-қатынас" мәселесі "психологиялық мәселенің жалпы жүйесінің кейбір логикалық орталығына айналып барады". Бұл қорытындымен келісуге болмайды.
Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша: “Индивид-Қоғам” қатынасын талдаған кезде ғана адамның қасиеттерін тұлға ретінде тани аламыз.
Қоғамдық қатынастарды практикалық психологияда түсіну аспектісі мына жағдаймен жеңілдейді, әрбір нақты адамда белгілі-бір өзіне тән белгілері болады: жасы, жынысы, ұлты, мамандығы. Осы арқылы біз мүмкін болатын қоғамдық қатынасты болжай аламыз; жеке бір адам қатысса. Осылай қағамдық қатынас жекеленеді, ал бұл арқылы сен қоғамға деген қатынасыңды жақсы түсіне аласың.
Б. Ф. Ломов қарым-қатынасты іс-әрекеттің жалпы жобасымен және оның жеке түрлерімен бірімізді түрде салыстырады. Ол бұл жобаның қарым-қатынасты талдау үшін жеткіліксіз екенін көрсетеді. Қарым-қатынас міндетті құрама бөлігі ретінде, онтогенезде бір-бірін кезекпен алмастыратын жетекші іс-әрекет кез-келгеніне кіреді, яғни ойынға, оқуға және еңбекке.
Б. Ф. Ломовтың қорытындысы бойынша, қарым-қатынасты ерекше категория ретінде қалыптастыру керек. Б. Ф. Ломов қарым-қатынастың үш функциясын сипаттады: ақпараттық-коммуникативті, реттеуші-коммуникативті және аффективті-коммуникативті, оларда міндетті түрде коммуникативтік компонент, мінез-құлықты реттеу және эффективті компонент болады [7, 8] .
В. Н. Мясищевтің тұлғаның қатынас концепциясы бойынша былай түсіндіріледі: шынайылықпен немесе оның басқа жақтарымен адамның уақытша байланыс жүйесі. Тұлғалық қатынас тұлға қатынасының бір түрі болып табылады. Ол әрекеттерден, уайымдардан және нақты тұлғалық ұмтылыстардан, іс-әрекетті бағалауынан және түсінуінен көрінеді [9] .
Ресейлік авторлардың (Г. М. Андреева; А. А. Бодолев; И. С. Кон; Е. С. Кузьмина; В. Н. Мясищев; Н. Н. Обозов; Б. Д. Парыгин; С. Л. Рубинштейн; В. А. Ядов) жұмыстарын талдау арқылы мынадай тұжырым жасауға болады[10-16] .
Адамның адамға деген жеке қатынасы субъектінің басқа адаммен таңдаулы, саналы түрде қалыптасуымен анықталады; уайым, сезім, ойлар, ниеттер арқылы бейнеленеді. Жеке қатынас бір адамның басқа адамға деген реалды және идеалды жүріс-тұрысының ұйымдасу жүйесін объективті көрсетеді.
Өзарақатынас бір-біріне деген объективті және субъективті қатынасты қалыптастыратын адамдар арасындағы өзара байланыс арқылы анықталады. Өзара қатынас - адамға деген жеке қатынастың қорытынды және соңғы кезеңі.
Жеке қатынас адамдар арасындағы қарым-қатынас және өзара әрекет кезінде қалыптасады, басқа адамға бағытталған спецификалық іс-әрекеттің мазмұнын құрайды. Қатынас қарым-қатынас және өзара әрекет процессі барысында сыртқы және ішкі жүріс-тұрыстың ұйымдасқан әртүрлі формаларында, тәсілдерінде байқалады [17] .
Жоғарыда айтылып кеткендерден шығатын қорытынды қатынас дегеніміз - субъект пен субъекттің арасындағы таңдаулы, саналы байланыс, оның соңғы және қорытынды кезеңі өзараәрекет болып табылады, өзара әрекет пен қарым-қатынастың ішкі мазмұны ретінде дамиды, басқа адамға деген қатынаста қалыптасатын реалды және идеалды жүріс-тұрыс формасы мен тәсілдерін қалыптастыруда көрінеді.
1. құрылымы бойынша қарасақ - аффективті, когнитивті және жүріс-тұрыстық компоненттері зерттеледі; қалыптасу, өзгеру, ұйымдасу, таралу жағынан қарастырсақ-қатынастың түзілу және даму заңдылықтары суреттелген. Сондықтан да қатынасты қарастырғанда осы екі аспектіні де ұмытпау керек: құрылым аспектісі және генезис аспектісі.
“Қатынас” категориясын өзіндік жеке психологиялық тар рамкада қарастыруға болады, В. Н. Мясищев бойынша: а) адамдарға деген қатынас; б) өзіне деген қатынас; в) сыртқы ортаның заттарына деген қатынас және кең мағынада әртүрлі қоғамдық қатынас контекстінде. Психологиялық қатынастың негізгі үш векторы (өзіңе, басқа адамға, сыртқы ортаға) басқа қоғамдық қатынастармен тығыз өзара байланысты.
Мәселенің бәрі мынада, бұл қатынастың деңгейі, мазмұны әр адамда әртүрлі: әрбір индивид қатынасқа түседі, бірақ та тұтас топтар да қатынасқа түседі, осылай адам көпқырлы және әртүрлі қатынастарға түседі. Осы көптүрлі қатынастың ішінен қатынастың негізгі екі түрін бөліп шығаруға болады: қоғамдық қатынастарды В. Н. Мясищев тұлғаның “психологиялық” қатынасы деп атады [9] .
Көрсетілген барлық тенденциялар өзара тығыз байланысты қарым-қатынасты түрлі аспектілерде қарастыру жүйесінде әрқашан болатын барлық психикалық процестермен және тұлғамен тұтастай байланысты табылатынын белгілеуге болады. Қоғамдық қатынастардың құрылымын әлеуметтану ғылымы зерттейді. Қатынастың әртүрлі түрінің анықталған субординациясын экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да түрлерін осы жерден көре аламыз. Осының бәрінің жиынтығы қоғамдық қатынастарды құрайды.
Әлеуметтік роль индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі алатын орнын тіркейді. Нақтырақ айтқанда, функция, белгілі бір позициядағы адамның нормативті мақұлданған жүріс-тұрысының үлгісі. Әлеуметтік рольдің жалпы контурын анықтайтын субъектісі индивид емес, сондықтан да әлеуметтік роль әлеуметтік іс-әрекеттің қажетті түрі және тұлғаның жүріс-тұрысының тәсілі. Сонымен бірге, қоғам кез-келген әлеуметтік рольді қолдай бермейді. Бұл жерде мән беретін нәрсе қоғам адамның өзін емес, іс-әрекетінің түрін мақұлдамайды. Рольді көрсете отырып біз барлығымыз да белгілі бір әлеуметтік топтың мүшесіміз. Шынайы қарасақ индивид бір ғана іс-әрекетті орындамайды, ол бірнеше іс-әрекет орындай алады (әке, мұғалім, профкеңес мүшесі және т. б. ) . Адамға туа берілетін рольдер қатары да кездеседі (мысалы; ер кісі болып туылды), қалған рольдер өмір барысында қалыптасып отырады.
Қазіргі уақытта қарым-қатынасты коммуникативті, интерактивті және перцептивті жақтардан тұрады деп қарастырушы бағыт кең тараған. Оның үш жағы бірдей көрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда жүзеге асады, интерактивті - партнерлердің өзара әрекетін реттеуде, ал перцептивті - әңгімелесіп салыстыру, идентификация, апперцепция, рефлексия сияқты психологиялық механизмдер көмегімен “тану” арқылы жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz