Әйтеке би Байбекұлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Қазақ халқы тарих сахнасына қаншама ұлы тұлғаларды шығарды десеңізші. Елі үшін жан пидаға көз жұма бара білген бұл ерлер бүкіл ел тағдыры таразы басына түскен замандарда мемлекет тұғырының шайқалмауы үшін оның мызғымастығы жолында жан аянбай күрескен болатын. Елдің жарқын болашағын баянды етудің ауыр жүгі оларды өздерінің ақыл-парасатын ел кәдесіне жаратуға, барлық күш-жігерін осы істе сарп етуге жетеледі. Осындай елінің бақыты үшін саналы ғұмырын қазақтың біртұтас ел болуына, айбынының асқақтауына жұмсаған тұлғаның бірі және бірегейі - Әйтеке би Байбекұлы болатын.

Әйтеке Байбекұлының ғұмырлық қызметінің өзегін, алтын діңгегін елінің бірлігі мен баяндылығы үшін жүргізген билік жолы құрайды. Әйтеке би қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесіне әмбебаптық ажар беріп, оны уақыт талабына сай түрлендіре білген, дәстүрлі құқықтық мазмұнын адами құндылықтармен реңдей түсуде тың серпін қосқан жан.

Әйтеке бидің өткен жолы қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойдың бастауларымен әуендес. XVІІ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі кезең мен XVІІІ ғасырдың басындағы саяси ой-пікірдің дамуымен тұтастыққа жатыр. Сонымен қатар Әйтеке әлемдік саяси-құқықтық ойдың дамуына да өзіндік үлес қосқан алып ой иесі. Әйтекенің өткен жолын тану арқылы ғана біз бұл үрдістердің тұңғиығына терең бойлай аламыз. Заман озған сайын бұл ұлы дала перзентінің халқы үшін еткен еңбегі даралана, сомдала түсетіндігі айқын. Сондықтан да Әйтеке бидің тағылымын тану және оны ел кәдесінің қызметіне жараттыру - бүгінгі таңда кезек күттірмей, жүзеге асырылатын шаралардың бірі.

Жоғарыда аталған жайттар ғылыми жұмыстың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік туғызады. Себебі, қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесі және бұл жүйедегі негізгі тұлға билердің Кеңестік дәуірде құқықтанудың методологиялық негізі болған таптық қағиданың сұрықсыз түсімен түстелгені бізге белгілі. Соның нәтижесінде, би тұлғасын бай-шонжарлардың бейнесімен астастырып, оны елдегі үстем таптың қолшоқпары, оның күйін күйттеуші ретінде көрсету үстемдік алды. Бұл халық санасында биді озбырлықтың, білімсіздіктің, тек күн көрістің қамын ойлаған дөкей кейпіндегі тұлға ретінде елестетуге мүмкіндік туғызды. Кеңестік дәуірде би тұлғасына, жалпы би институтына қатысты мұндай көзқарастың орнығуына, Ресей патшалығы дәуірінде би болудың ежелден келе жатқан дәстүрлі жолының бұзылып, көрпелес, пышағы май үстінде қылпыған билердің санының артуы да өзіндік септігін тигізген болатын. Міне, Кеңестік дәуірдегі би тұлғасына қатысты, оның қызметін бағалауға байланысты қоғамда үстемдік құрған жалпы көзқарас осындай еді.

Ендігі біздің алдымыздағы міндет - бұл жолда біржақтылыққа, бұрмалауға жол бермеу, зерттеу барысында бұл құбылыстардың ғылыми объективті бет-бейнесін айқындау болып табылады.

Бұл мақсатқа жетудің бір бағыты - Әйтеке бидің тағылымын бүгінгі таңдағы дәстүрлі құқықтық болмыстың қайта жаңғырту үрдістерімен телімдестіре зерттеуде деп ойлаймыз. Өйткені, осы уақытқа дейінгі тарих кейіпкері болған дәстүрлі құқықтық жүйенің тамырына қан жүгіруге бейім, алғашқы нышандардың дүмпуі бой көрсетуде. Ұлы бидің ұлағаты арқылы біз бұл жаңғырық үнінің себебін түсінуге тырысамыз және оны бүгінгі өміріміздің жанды кейіпкеріне айналдырудың бағыт-бағдарын тануға ұмтыламыз. Сондықтан да бұл жұмыс барысында мәселенің осы қырын көзден таса қылмауға тырыстық. Сол арқылы өткен күннің үнін бүгінгі әуенмен телімдестіре тербелтудің мүмкіндіктерін бағалауға ұмтылдық. Елімізде қылмыстың кең масштабта белең алуы, қылмыспен күрестегі “алдын алу шараларының” (профилактиканың) жұмыстарының төмендеуі, бүгінгі таңдағы қылмыстық әрекеттерді тұсаулауда салмақты тарихи орны бар. Сондықтан өткен ата-баба жолын тарихи тұрғыда бағалап, күштеп үзілген сабақтастықты қайта жалғаудың қандай қажеттілігі барлығын айтпаса да түсінуге болатындай.

Бұл бүгінгі еліміздің алдына қойып отырған мақсат- міндеттерімен орайласады. Себебі бүгін еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздіктің тұғыры биік болуы үшін тарихтың өткен жолдарындағы белестердің әр қырын, ұлылықтың тауына айналдыруға ұмтылған тұлғалардың өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін қазақтың мемлекеттілігін дамытудағы реформаторлық ой-әрекеттерінің астарына бойлап, оны қысаңдықтан ада, жаңа леппен бойымызға сіңіргенде ғана қаншама ғасырлар бойы елдікті, тұтастықты ту еткен бабалар арманы орындалар еді.

Егеменді еліміз болашақта айбыны асқан “барыстардың”1 қатарынан көрінуге ұмтылуда. Бұл тұғыры биік арманды біз әрбір азаматтың бойында ұлтжандық пен патриоттық сезімді ұялата алғанда ғана бағындырамыз. Сондықтан да қазақ елінің тарихында із қалдырған тұлғалардың өмір жолынан сабақ алу, бүгінгі күні тарихи санамызды серпілтіп, оны жаңа деңгейге көтеруге кепілдік береді. Бұл дегеніміз әрбір азаматтың бойында “патриоттық” сезімді оятуға мүмкіндік жасайтын жол.

Республикамызда жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның бірінші кезеңі өз деңгейінде жемісін бермеді, оның бір себебі біздің ойымызша өткен күн оқиғаларынан сабақ алмаудан, елімізде құқықтық мемлекет құру ісінде ұлттық құқықтық болмысымыздың қосар үлесіне немқұрайлықпен қараудан деп ойлаймыз. Сондықтан да еліміздегі құқықтық реформаның екінші кезеңі ел сезінетін жетістіктерге жетуі үшін өткенімізден жиренбей, бұл жолдағы тұлғалардың қазақтың билік жүргізу үрдісіне қосқан үлестерін мұқият зерделеп, салмақтап болашақтың несібесіне жаратуымыз қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Әйтеке би танудың ауқымы кең, жаңадан қалыптасып, арналанып келе жатқан тақырыптардың бірі. Сонда да болса бұл тақырыпты кезінде сөз қылып, оның шешендік өнеріне, сөз саптау ерекшелеліктеріне көңіл бөлгендер болған. Әйтеке мұрасын зерттеуге ең алдымен біздің ауыз әдебиетін зерттеушілеріміз көп еңбек сіңірді деп айтатын болсақ, артық айтқандық емес. Әйтеке танудың қалыптасып дамуына бұл саланың мамандары зор үлес қосты. Енді осы Әйтеке танудың бүгінгі күнге дейінгі зерттелу деңгейін бағымдап көрелікші.

Кеңес дәуірінде Әйтеке мұрасына ғылыми тұрғыдан көңіл аударған алғашқы ғалымдардың бірі - А. Маметова2 еді. Ол өзінің қазақ билерінің шешендік өнеріне қатысты және оның қазақ әдебиетіндегі орнын көрсетуге арналған ғылыми жұмысында Әйтеке бидің шешендік қырына алғаш көңіл тоқтатып, Әйтекенің шешендік өнердегі беделі Абылай хан заманында да жоғары болғандығын тілге тиек етеді. Жұмысының соңында Әйтеке бидің ел нәтижесінде сақталған өнегелі сөздері мен биліктерін келтіреді. Бұл еңбек, әрине Әйтеке бидің өнегелі ісіне ғылыми талдау жасауға бағытталған тұңғыш қадам еді.

Әйтеке би танымын елге дәріптеуде үлкен еңбек еткен белгілі ғалымның бірі - Б. Адамбаев. 3 Оның қажырлы еңбегінің нәтижесінде Әйтеке би мұрасын жер-жерлерден жинауға, сұрыптауға кең жол ашылды. Ғалым өзінің көптеген ел ішінде жүргізген экспедицияларында Әйтеке биге қатысты деректерді көне көз қариялардан, бидің үрім-бұтақтарынан, көзі қырағы ел мұрасының жанашырларының аузынан тікелей жазып алып отырды. Сол арқылы Әйтеке би танудың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Әйтеке бидің өнегелі сөздерін жинап, қана қоймай, оны жүйелеп, саралауға тырысты. Кейін жазған ғылыми жұмыстарында би тағылымының саяси-әлеуметтік астарын ашуға талпынды. 4 Қазақ билеріне қатысты шешендік сөздердің үлгілерін жинап оны жинақ қып шығарып отырды. Осы жинақтардың ішінде5 Әйтекенің көптеген мұралары көрініс тапқан болатын. Бірақ та бұл еңбектердің барлығы Әйтеке бидің мұрасын негізінен қазақ ауыз әдебиетінің жетісітігі ретінде бағалайды.

Міне, осындай ғалымдардың ғылыми зерттеу шығармашылығы негізінде Әйтеке бидің елі үшін еткен еңбегін сипаттайтын кіші-гірім үздік пікірлер Қазақстанда жарық көрген энциклопедияларда көрініс тапты.

Жоғарыда сөз болғандардан басқа әр түрлі кезеңдерде құрастырылған жинақтарда6 Әйтеке биден қалған сөздер көрініс табады. Дегенмен бұл жинақтарда бұрын бізге мәлім болған Әйтекенің өсиет сөздері, билік-шешімдері қайталанып жараланумен шектелген болатын.

Қазақтың үш биіне арналған ғұмырнамалық сипаттағы жинақта белгілі қазақтың жазушысы Ә. Кекілбаевтың “Әйтеке би” атты көлемді еңбегі жарық көреді. 7 Бұл шын мәнінде Әйтеке би тануға қосылған үлкен үлес еді. Мұнда автор Әйтеке бидің өміріне қатысты сол уақытқа дейінгі қорланған ойлардың, пікірлердің салмағын саралап бидің туған жылын анықтауға ұмтылады. Әйтекенің өмірге келген жылы туралы жаңа жорамал айтылып, оны бір өзіндік айшықты дәлелдермен көрсетуге қадамдар жасалады. Бұл еңбектің негізгі құндылығы Әйтеке бидің ел билеу үрдісіне қосқан үлесін саралауда үлкен маңызға ие болуымен айқындалады. Әйтеке арқылы көшпелі жұрттағы ел билеудің “үш тағандық” жүйесінің табиғатына терең философиялық талдау жасалады. Бұл еңбекті Әйтеке би тануды үлкен деңгейге жетелейтін жұмыс деп бағалауға болады. Сонда да болса, оның ұрымтал тұстары жоқ емес. Біздің ойымызша, Әйтеке бидің туған жылын анықтауда ағаттықтар бар секілді. Мұнда Әйтекенің билік-шешімдері терең талданбай, жай бере салынған.

Әйтеке би тану Ордабасында өткен үш биді еске алуға байланысты жиында жаңа серпіліске ие болады. Осыдан бастап Әйтеке мұрасын зерттеудің жаңа беті ашылғандай. Республикалық және жергілікті баспасөз беттерінде Әйтеке биге қатысты тың деректер, салмақты пікірлер жарық көреді. Және келелі кітаптар да шығады. Бұл, әрине Әйтеке бидің бай мұрасын зерттеуге бағытталған жол ашардың көрінісі еді. Бұлар би өмірінің әр қырын сипаттауда бұған дейін бізге белгісіз қалтарысты тұстардың орнын толықтыруға септігін тигізетін, оның үрім-бұтақ шежіресін саралауда баға жетпес құнды дүниелер екендігін сөзсіз мойындауымыз керек. 8

Өйткені бұл тұста Әйтеке бидің ата-баба шежіресін, оның ұрпақтарынан хабардар ететін, оның жатқан жерін анықтауға арналған материалдар да жарық көрген болатын. 9

Әйтеке би тануға үлкен үлес қосқан бір топ бар. Олар жер-жерлерде би мұрасын көзінің қарашығындай сақтап жүрген, сол арқылы Әйтекенің өмірі мен елі үшін еткен еңбегін дәріптеуге үлкен үлес қосып жүрген жергілікті ұлт мұрасының жанашырлары. 10 Әрине қаншалықты ниеттері ақ болғанымен бұлар да Әйтеке би өмірінің әр бедерін тануда субъективизмге жол бергендіктері байқалады.

Бұлардың ішінде Әйтеке бидің өмірі мен атқарған қызметін еліне уағыздаудан, оған қатысты тың деректерді үздіксіз қаншама жылдар бойы ерінбей іздеумен келе жатқан, Әйтеке би тануды соңғы кездері тың деректермен байыта түскен ұлт жанашырлары - Ж. Мұратбаев пен Ө. Қойшиевтердің еңбегін ерекше атап кету керек. 11 Ж. Мұратбаевтың Әйтеке би тағылымын танудағы еңбегі айрықша. Сырт елде жүріп би мұрасын жинауда үлкен тер төгуде және соның қорытындысы ретінде Әйтеке би өмірінен тың сыр шертетін деректерге толы қарақалпақ тілінде еңбек тудырды. Бұл Әйтеке би тануды деңгейлендіре түсетін өте бағалы еңбек екендігі дау тудырмайды.

Кейінгі кездерде Әйтеке би мұрасына арналған және оның еліне жасаған қызметін түйіндеп көрсететін еңбектер де жарық көруде. 12

Әйтеке биге қатысты материалдар желісін талдаудан, бұл саладағы дерек көздерінің ауқымының қаншалықты үлкендігін аңғардық. Аталған деректер Әйтеке биді үлкен деңгейге көтерген құнды дүниелер. Бірақ мұның барлығында негізінен бидің ата-баба шежіресіне, оның жылын айқындауға өте көп көңіл бөлінген. Әйтеке бидің саяси қайраткерлік қыры ат үсті сөз болып, терең талданбаған. Оның қазақ елінің билік жүргізу үрдісіне қосқан үлесі, билік-шешімдерінің мән-маңызы ара кідік болмаса нақты, жүйелі ашып көрсетілмеген.

Бүгінгі таңда би тағылымын елге паш ету бағытындағы жұмыстар одан әрі қарай жалғасын табуда.

Зерттеу объектісі

Зерттеудің объектісін негізінен көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүргізу үрдісі құрайды. Оның институттарының даму эволюциясы, кезеңдері. Дәстүрлі жол-жоралғы түзудің бастаулар, қазақ даласындағы дау-шарлардың табиғаты оның ғұн, үйсін, түрік дәуірлерінен бергі дамуы, сабақтастығын ашып көрсету.

Зерттеу пәні

Зерттеудің нақты пәнін қазақтың ұлы билерінің бірі Әйтекенің қазақтың дәстүрлі билік жолынан өтуі, оның билік-шешімдері, “Жеті Жарғы” заңын түзудегі қызметі құрайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ халқының ұлы билерінің бірі Әйтекенің би ретіндегі қызметінің мәнін ашу, оның билік-шешімдерінің табиғатын тану, жер дауы, жесір, құн, мал-мүлік дауларына байланысты айтқан кесімдерінің, қазақ қоғамындағы билік жүргізу үрдісімен үйлесімділігін көрсету, оның саяси-құқықтық ілімдер тарихына қосқан үлесін айқындау болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік жағдайға шолу жасау және оның Әйтеке бидің билік жолына қаншалықты ықпал еткендігін;
  • Әйтеке бидің өмірі мен өскен ортасына қатысты пікірлерді саралап, бағалаумен және оның өмір сүрген уақытын айқындауға ұмтылу;
  • Әйтеке бидің саяси қайраткер ретіндегі өмірінің басты-басты кезеңдеріне тоқталып сипаттама беру;
  • қазақ қоғамында ежелден келе жатқан би болудың жолына, би этимологиясын зерделей отырып, Әйтеке бидің қазақ еліндегі би болудың дәстүрлі мектебінен өту жолын ашып көрсету;
  • көшпелі елдегі демократиялық тетіктердің бірі - “билер кеңесіне” және “хан кеңесінің” тарихи сара жолына көңіл тоқтата отырып, Әйтеке бидің бұл кеңесші органдардағы қажырлы еңбегіне талдау жасау;
  • қазақ жұртындағы ел билеудің жол-жоралғыларының бастауын айқындау, жол-жоралғылардың ғұн, үйсін, түрік дәуірлерінен тамырын тартып, қазақ хандығы кезеңінде қаймағы бұзылмай тұтастықта одан әрі өрбіген құбылыс екендігін көрсету, Әйтекенің “Жеті Жарғы” заңын қабылдау барысындағы атқарған қызметіне талдау жасау;
  • Әйтеке бидің жесір, жер, мал-мүлік, құн дауларына байланысты айтқан билік-шешімдері мен өсиет сөздерінің табиғатын тану, оның ежелден келе жатқан қазақ еліндегі билік айтудың дәстүрлі жолымен сабақтастығын ашып көрсету;
  • қазақ қоғамында билердің үлгілі (прецеденттік) билік шешімдеріне сипаттама бере отырып, Әйтеке бидің бұл саладағы билік-шешімдеріне талдау жасау және оның қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін жетлдіруге тигізген әсерін пайымдау;
  • Әйтеке бидің саяси-құқықтық ой-пікірлерін зерделей отырып, оның қазақтың және әлемдік саяси-құқықтық ілімдерді дамытуға қосқан қомақты үлесін айқындау;
  • Әйтеке би тағылымын бүгінгі таңда жандандыру мәселелерін зерделеу, би болудың дәстүрлі жолының бұзылу себептерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Әйтеке бидің билік-шешімдері Әйтеке тануда бұл диссертациялық жұмыста тұңғыш қойылып, зерттеліп отыр. Әйтеке бидің өмірі және өскен ортасы, оның би ретінде қалыптасуына әсер еткен тәрбиенің маңызы ашып көрсетілді. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі би болудың механизмі айқындалды, дәстүрлі би болудың жолы және Әйтекенің бұл жолдан өтуі ашып көрсетілді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығын төмендегі байламдардан көруге болады:

  • Әйтеке бидің өмірі мен өскен ортасы сараланды. Әйтеке бидің өмірге келуі туралы осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тұжырымдар салмақталып, ашылып көрсетілді. Оның туған жылы туралы жаңа деректер негізінде жаңа байлам-түйін жасалды;
  • Әйтекенің саяси-қоғамдық қайраткер ретіндегі өмірінің басты-басты кезеңдері жаңа тұжырымға сай ашылып көрсетілді;
  • Әйтекенің қазақтың дәстүрлі би болу мектебінен өтуі және қазақ қоғамындағы дәстүрлі би институтының тарихи эволюциясының басты-басты кезеңдеріне талдау жасалады; би болудың дәстүрлі жолы, оның механизмдері айқындалды;
  • “Билер кеңесінің” тарих сахнасына шығуы, оның өткен тарихи сара жолы, құзіреті зерделенді; “Хан кеңесінің” қызмет аясы мен құзіретін айқындауға қадамдар жасалды; Әйтеке бидің бұл органдардағы қызметін айқындауға ұмтылыстар жасалды;
  • “Жеті Жарғы” заңының ғұн, үйсін, түрік дәуіріндегі заңдармен өзектестігі анықталды; көшпелі жұрттың заңға қатысты дүниетанымының мәнін ашып көрсетуге ұмтылыстар жасалынды; “Жеті Жарғы” заңына Әйтеке бидің қосқан үлесі және оны қабылдаудағы атқарған қызметі зерделенді;
  • Әйтеке бидің мал-мүлік, жер, жесір, құн, т. б. дауларға қатысты билік-шешімдері талданып, оның қазақ даласында ежелден билік айтудың қалпымен сабақтас екендігі анықталды;
  • Әйтеке бидің үлгілі биліктері сараланып, қазақ даласындағы үлгілі биліктің қалыптасуы мен даму бағыттары, түрлері ажыратылып көрсетілді;
  • Әйтеке бидің қазақтың және бүкіл әлемдік саяси-құқықтық ой-пікірдің дамуына қосқан үлесі ашып көрсетіліп, оның билік жүргізу, оны жетілдіру жолындағы сарабдал ойлары терең талданды;
  • Әйтеке бидің тағылымын бүгінгі таңда жандандыру мәселелері зерделеніп, қазақ еліндегі би болудың дәстүрлі жолының Ресей дәуірінде зорлықпен, құйтырқы саясатпен құртылғаны ой елегінен өткізілді.

Қорғауға шығарылатын түйіндер

Диссертациялық жұмыстың негізгі қорғауға шығарылатын байламдарын төмендегі тұжырымдар құрайды:

  1. Әйтеке би өткен қазақ даласындағы би болудың мектебі өзінің бастауларын тереңнен алатын жүйелі қалыптасқан би болудың бұрыннан келе жатқан ата жолын қуу және табиғат берген қасиетімен елге танылып билік құру бағыттарына негізделген дәстүрлі сара жол.
  2. Қазақ даласындағы “Билер Кеңесі” және “Хан Кеңестері” әр түрлі билік құрудың күре тамыры болған демократиялық тетіктердің бірі. Бұл органдардың қалыптасуы өзінің бастауларын сонау сақ, үйсін, ғұн дәуірлерінен алады және Әйтекелер билік құрған тұста көшпелі жұрттың демократиялық үрдістерінің бірден-бір жанды механизмі ретінде көрінді. Оған Әйтеке, Қазыбек т. б. қазақ билерінің қосқан үлесі ұшан-теңіз.
  3. Қазақ жеріндегі жол-жоралғы түзудің бастаулары да ғұн, үйсін, қаңлы, түрік дәуірлеріне барып тіреледі. Қазақ дүниетанымына сәйкес жол-жоралғы түзу ел ішіндегі ауызбірліктің, ынтымақтың көрінісі болып табылған. Әйтеке билер түзуге көп еңбек сіңірген “Жеті Жарғы” заңы көшпелі жұрттағы жол-жоралғы түзудің заңды жалғасы және сабақтастықтың көрінісі. “Жеті Жарғы” заңындағы құн тартудың жол-жоралғыларына Әйтеке, Төле, Қазыбектер келелі жаңалықтар енгізді.
  4. Жесір, жер, құн, мал-мүлік даулары қазақ халқының ежелден келе жатқан даулардың түріне жатады. Бұл дауларды шешудің жолдары мен тетіктері де сонау замандарда қалыптасқан. Әйтеке билер осындай дауларды шешкенде, сонау замандарда қалыптасқан жол-жоралғыларға сүйенген Әйтеке билер дала жұртында дау шешкенде істі “жұмбақтап” шешуді көбінесе қолданып, дамытып отырған. Дау шешудегі негізгі қағидалардың бірі “дауды бір ауыз сөзбен бітіру” қағидасының негізін салушылардың бірі;
  5. Әйтеке би әлемдік саяси-құқықтық ой-пікірдің дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалардың бірі. Елді билеу мемлекеттегі аталмыш топтың сыбағасы емес, ол жалпы халықтық іс. Ел билеу өнерлі, дарынды, ақыл- парасаты биік тұлғаның несібесіне жазылған дүние екендігін Әйтеке би әруақытта дәріптеп, айтып сол үшін өмірінің соңына дейін күресіп өткен. Ол ел билеу жүйесінде қалыптасқан дағдарысты көріп оны жоюдың өзіндік жолын ұсынған ұлы тұлғаның бірі.

Жұмыстың негізгі материалдары мен деректері

Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Мұрағатындағы сақталған деректер және осы мұрағаттағы белгілі ауыз әдебиетінің білгірі Б. Адамбаевтың жеке қорларынан материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек қорларындағы кітаптар мен қолжазбалар, Орталық Ғылыми кітапхананың сирек қорларындағы би-шешендерге қатысты қолжазбалар кеңінен сараланып пайдаланылды. Және де Әйтеке бидің ұрпақтарынан тың деректер сұралып, еңбекті жазуда қолданылды. Сонымен қатар республикалық және жергілікті мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар кеңінен қамтылды.

Жұмыстың методологиялық негізі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың алқа билері
Әйтеке ( Айтық) би
БАЙБЕКҰЛЫ ӘЙТЕКЕ БИ
Қазақ халқының үш биі
Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының ролі
Төле би Әлібекұлы (1663-1756)-қазақ халқының қоғам қайраткеpi, атақты шешен
Қазақ билері
Әйтеке Би туралы
Қзақтың атақты билері
Әйтеке би
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz