Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру

КlРlСПЕ . . . . . . 4

I. Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлiк есеп пен аудиттi ұйымдастырудың теориялық негiздерi

I. I. Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлiк есеп пен аудиттi ұйымдастырудың мәнi мен атқаратын қызметтерi . . . 6

I. II. Бухгалтерлiк есеп пен аудиттің пайда болу тарихы мен қалыптасуы. . 12

I. III. Аудиттi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен әдiстерi. 18

II. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп қызметiнiң жалпы сипаттамасы жёне шаруашылық жѕргiзушi субьектiлердiң бухгалтерлiк есеп саясаты

II. I. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп қызметiнiң жалпы мәселесiн

ұйымдастыру . . . 22

II. II. Бухгалтерлiк есеп саясатын құрудың негiзгi қағидалары мен

талаптары . . . 24

II. III. Шаруашылық субьектiлеріндегі бухгалтерлiк есепті ұйымдастыру саясаты . . . 29

II. IV. Бухгалтерлiк шоттар жүйесi мен екi жақты жазу және баланспен қорытындылау . . . 33

III. Қазақстан Республикасындағы ХҚЕБС сёйкес бухгалтерлiк есеп пен

аудиттi ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары

III. I. Шаруашылық субьектілердегі есеп саясатын ХҚЕБС сәйкес

ұйымдастырылуын және тиiмдiлiгiн талдау . . . 40

III. II. Бухгалтерлiк есептi ХҚЕБС сәйкес компьютеризациялаудың көмегiмен құжат айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары . . . 49

Қорытынды . . . 57

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi . . . 59

КlРlСПЕ

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады. Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешiмдi қабылдау үшiн негiз бола отырып, тұтынуды, тартуды, айналысты және басқа да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарында және шаруашылық субьектiлерiнде қаржылық-шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалары мен ережелерiнiң негiзiнде құралды және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтiң құрылымын, ұйымының нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi. Бухгалтерлiк есеп басқарудың аса маңызды функцияларының бiрi, нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестiң, кәсiпкерлiктiң тiлi деп санайды, ал аудиттi ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субьектiлерiне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсiпкер өз субьектiсi туралы аудиторлық қорытынды алу үшiн келiсiм-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды бередi, аудитор өз кезегiнде әр түрлi қызмет көрсетедi. Аудитке анықтама беретiн болсақ, ол шаруашылық табыстылық операцияларының заңдылығын тексерiп, әр түрлi меншiктегi кәсiпорындардың бухгалтерлiк есебi мен отчетының дұрыстығын анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау тексеру, түсiнiктеме беру, сараптау қызметiн көрсету және сонымен қатар, аудит ол кәсiпорындағы мекемелердегi бухгалтерлiк есептiң дұрыстығын анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн тексеру. Аудиттiң тағы бiр мәнi-дербес сараптау және қаржы отчетымен (ақпарат) қоса шаруашылық субьектiлерiнiң барлық жағын қамтитын информацияларға экономикалық талдау жасайды, iшкi бақылау жұмысын тексерiп бухгалтерлiк есептiң заңдылығын және нормативтiк құжаттар талабына сәйкестiгiн анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретiнде түсiнiктеме қызметiн атқару. Экономиканы басқарудың жетiле түсуi, нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншiктiң әр түрлi нысандарын пайдалану, шетелдiк әрiптестердiң қатысуымен бiрлескен кәсiпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлiк есептiң атқаратын рөлi мен мәнiн алдағы уақытта да арта түсетiнiн бiлдiредi. Шаруашылық есептiң жүйесi есептiң өзара байланысты үш түрiнен: жедел, бухгалтерлiк және статистикалық есептерден тұрады.

Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзушi субьектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындардың иелерi мен еңбек ұжымдары шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнiмдерiн өндiруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделi. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсiпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиiмсiз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша бағалауға болмайды.

I. Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлiк есеп пен аудиттi ұйымдастырудың теориялық негiздерi

I. I. Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлiк есеп пен аудиттi ұйымдастырудың мәнi мен атқаратын қызметтерi

Басқару жүйесiнде бухгалтерлiк есеп бiрнеше қызмет атқарады: бақылау қызметi, ақпараттық қызметi, меншiктiң сақталуын қамтамасыз ететiн қызметi, керi байланыс қызметi, талдау қызметi.

Бақылау қызметi бухгалтерлiк есептiң бақылау қызметi қазiргi кезде күшейiп отыр. Себебi әкiмшiлiктен тек өзiнiң кәсiпорынның жағдайын ғана емес. Бәсекелес кәсiпорынның қаржы жағдайын бiлу тиiс. Ақпараттық қызмет бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң жетiлдiрiлуi мен және оның бақылау қызметiмен тығыз байланысты. Ақпаратты қызметтiң жүзеге асырудың негiзгi құралын кәсiпорынның негiзгi қызметiн түгендеу. Меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету қызметi есеп түрлi басқару объектiлерден негiзгi ақпарат берушi болып табылады. Керi байланыс қызметi байланыста қолдана отырып бухгалтерлiк ақпараттың көмегiмен жоспарлы көрсеткiштердiң стандартты нормаларымен нормативтердiң сметалардың орындалуының ресурстардың тиiмдi пайдалануын бақылап отыруға болады. Талдау қызметi жүзеге асыру бухгалтерлiк есептiң барлық рольдерi бойынша талдау жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Бухгалтерлiк есептiң ìәнi о л кәсiпорынның мүлiгi оның жылжуы және кәсiпорынның нәтижелерi мүлiк (ол шикiзат, материалдар, негiзгi құралдар, мiндеттемелер, шаруашылық операциялар ақшалай түрде есепке алады) . Кәсiпорынның мүлiктерi оны құрастыру көздерi мiндеттемелер шаруашылық операциялар бухгалтерлiк есептiң объектiлерiн құрайды.

Шаруашылық операция мүлiктiк құрамына, оны құрастыру көздерiнiң көлемiне өзгерiс әкелетiн жеке шаруашылық iс-әрекеттер.

Бухгалтерлiк есеп нақты бухгалтерлiк құжат арқылы белгiлi өлшемдермен тiркелген шаруашылық көрсеткiштерiн үздiксiз өзара байланыста тiркеуге алады. Кәсiпорын шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактiлер арнайы құжаттарға түсiрiлгеннен кейiн шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлiк есепке алынады. Бухгалтерлiк есептiң соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсiпорынның қаржылық ақпараттары. Онда кәсiпорын мүлiктерiнiң қорытынды есебi, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесi, табыстылығы көрсетiледi. Сол ақпарат көрсеткiштерiн аудитор тексерiп дұрыстығын анықтайды. Қазiргi кезде аудиторлық тексерудi аудит фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргiзедi. Аудиттi тексеру барысында аудитор бухгалтерлiк есептiң заң талабына сәйкес, нормативтiк ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргiзiлгенiн анықтайды. Бухгалтерлiк есеп мәлiметiнiң дұрыстығын анықтау үшiн “алғашқы есеп” есеп құжаттарын тексередi. Одан кейiн аналитикалық және синетикалық есеп кестелерiнiң дұрыстығын тексередi. Аудит туралы шыққан көптеген басылымдарда “аудит” деген түсiнiкке әр түрлi анықтамалар берiлген. Бiз соның төрт түрлiсiн келтiрейiк те мазмұнын қарастырып талдайық.

Кесте 1- Ғалым авторлардың “аудитке” берген анықтамалары :

N: N
Аудиттiң мазмұнына анықтама: Аудиттiң мазмұнына анықтама
Авторлар: Авторлар
N: 1
Аудиттiң мазмұнына анықтама: Аудит дегенiмiз-ол кәсiпорынның табыстылық отчетын тексерiп, онда көрсетiлген шаруашылық табыстылық көрсеткiштерiнiң дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлiк есебiн, қаржысын, салық заңдарын, банк және әлеуметтiк есеп процесiн келiсiм-шарт бойынша кәсiпкер ретiнде тексерiп арнайы төлем арқылы қызмет көрсету
Авторлар: Закон РФ “Об аудиторской деятельности РФ” Бухучет, 1994г N2, Сейткасымов Г. С. “становление аудиторской деятельности” (62) КазГУ 1993
N: 2
Аудиттiң мазмұнына анықтама: Аудит дегенiмiз-ол, табыстылық отчетын немесе соған қатысты обьектiлер туралы информацияларды арнайы қорытынды жасау үшiн дербес тексеру жүргiзу
Авторлар: Андреев В. Д. “Парктический аудит” 1994г Терехов А. А “Аудиты внешние и внутренние” Бух учет 1993. N4
N: 3
Аудиттiң мазмұнына анықтама: Аудит дегенiмiз ол шаруашылық табыстылық операцияларының заңдылығын тексерiп, әр түрлi меншiктегi кәсiп-ың бух-к есебi мен отчетының дұрыстығын анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау тексеру, түсiнiктеме беру, сараптау қызметiн көрсету
Авторлар: Ержанов М. С “Теория и практика аудита”, алматы. ±ылым, 1994
N: 4
Аудиттiң мазмұнына анықтама: Аудит дегенiмiз ол кәсiп-ғы, мекем-гi бухгал-iк есептiң дұрыстығын анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн тексеру
Авторлар: Угольников К. А “История аудита” Контролинг, 1991 N6

Осы көрсетiлген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлi мазмұнда құралғаның көремiз. Бiр автор қысқаша анықтама берсе, кейбiреуi өте күрделi түрде анықтама бередi. соған қарамастан осы анықтамаларға бiр ғана мақсат қойылады, ол аудиттiң мағынасын, негiзiн анықтау. Солай бола тұрса да еш бiр анықтамада аудиттiң негiзгi мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол аудиторлық қорытынды туралы. Себебi қандай бiр аудиторлық тексеру болмасын оның негiзгi мақсаты аудиторлық қорытынды жасау. Екiншiден, аудиторлық тексерудiң обьектiсi туралы ешқандай автор еске де алмайды. Бiздiңше ол үлкен кемшiлiк. Олай дейтiнiмiз, аудиторлық тексеру тапсырушының келiсiм-шартта көрсеткен обьектiсiне ғана жүргiзiледi, ол бiрден-бiр аудит жұмысының негiзгi принципi. Олай дейтiнiмiз, тапсырушы өз субьектiсiнiң шаруашылық көрсеткiшiн толық немесе бiр бөлiмiн аудиттiк тексеруге құқылы.

Кәсiпорын шаруашылығының жеке бiр бөлiгiн немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да “алғашқы құжаттарды” тексеру немесе “алғашқы есептi” тексеру мiндеттi түрде жүргiзiледi. Аудит процесi одан әрi қарай бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiмен оның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатын обьективтi жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттiк тексерудi тиянақты, дұрыс жүргiзiлдi деуге болмайды. Кейбiр авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады. Белгiлi, АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сiңiрген профессор Джек Робертсон екi анықтама бередi. Оның бiреуiнде жоғарыда айтылған “информациялық риск”-деген түсiнiк. Бұл түсiнiктi профессор Джек Робертсон былай түсiндiредi: “информациялық риск”-деген түсiнiктiң мазмұнын бухгалтерлiк есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлiк есепте немесе отчет жасауда жiберiлген қателердiң салдарынан информация пайдаланушылардың кәсiпкерлiгiне зиян келтiруге әсерiн айтады. Яғни, аудитордың мiндетi сол “информациялық рискiнi” бар мүмкiншiлiгiнше азайтып, кәсiпкерлердiң сенiмдiлiгiн арттыру. Барлық саладағы кәсiпкерлер өздерiнiң экономикалық проблемаларын шешу барысында басылымға шыққан информацияларды күдiксiз пайдалануына аудит кепiлдiк беруi қажет. осы өзiнiң ойын қорытындылай келе, профессор Джек Робертсон аудиттiң ең негiзгi мiндетiнiң бiрi осы деп атап көрсеткен. АҚШ-тың аудит мамандары Э. А Аренс және Дж К Лоббск өздерiнiң жазған оқулықтарында мынадай анықтама бередi: “Аудит-ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсiздiк жолымен кәсiпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргiзiп, сол информациялардың белгiленген нормативтiк үлгiге сай екенiн анықтап өзiнiң аудиторлық қорытындысын беру”. Шет ел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы соңғы анықтама басқаларына қарағанда бiздiң ойымызша аудиттi толық қарастырған сияқты.

Аудит-дербес сараптау және қаржы есебiмен қоса шаруашылық субьектiлерiнiң барлық жағын қамтитын информацияларға экономикалық талдау жасайды, iшкi бақылау жұмысын тексерiп бухгалтерлiк есептiң заңдылығын және нормативтiк құжаттар талабына сәйкестiгiн анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретiнде түсiнiктеме қызметiн атқару. Ал, бiздiң ойымызша, “аудит дегенiмiз-дербес, тәуелсiз аудит мамандарының кәсiпкер ретiнде келiсiм-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық ақпаратын бухгалтерлiк есеп көрсеткiштерiн тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргiзiп, аудиторлық қорытынды жасау және әр түрлi түсiнiктеме қызметiн көрсету”-деп ойлаймыз. Себебi, аудит жұмысының көлемi-обьектiсi, шаруашылық субьектiлердiң қалауында толық немесе бiр бөлiмiн аудиттiк тексерудi тапсыру тапсырушының еркiнде. Екiншiден, қандай ақпарат болмасын оның мәлiметтерiнiң дұрыстығы, қатесiздiгi тек қана бухгалтерлiк есеп көрсеткiштерi арқылы анықталады. Үшiншiден, аудиттiң негiзгi мақсаты-аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы бiрден-бiр мақсаты-аудит қорытындысын алу. Себебi, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субьектiлерiнiң ақпараты басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргiзуiне кепiлдiк алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергiсiз қарым-қатынаста болады.

I. II. Бухгалтерлiк есеп пен аудиттің пайда болу тарихы мен қалыптасуы

Елiмiздiң экономикасында нарықтық қатынасқа көшуi барысында ғылыми, бiлiм мен практикалық қызметтiң даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келдi. Бұл-аудит. Аудиттiң мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздiң шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда ‘’тыңдаушы” деген мағынада қолданылған. Осы орайда ‘аудитор” сөзi ненi бiлдiредi, оның мiндетi неде, қай уақытта пайда болған және қандай обьективтi жағдайлар оған қажеттiлiк туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның ‘’audio” деген сөзiнен шыққан, яғни ол “тыңдап тұр” деген мағынаны бiлдiредi. Шаруашылық-жұмыс барысына тиiстi информацияны тексерушi немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда “аудитор”-“тыңдаушы” дегендi бiлдiретiн, яғни қандай да бiр нәрсенi тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейiн барлық елде әрiп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп лауазымды қызметкерлердiң қорытынды есебiн тыңдауға тиiстi қызметкерлердi “аудитор” деп атаған. Бiр қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметiнде есеп берудiң жазбаша түрiнен, ауызша түрiнде информация есеп беруiн артық санаған. Өйткенi кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлi етiп жазуға, өзгертуге болады деп түсiнген. Ал, ауызша есеп, мәлiмет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп берушi, өтiрiк айта алмайды деген. Қазақтың: “бет көрсе-жүз ұялады”-деген ұлы сөзiнiң мағынасы осы негiзде келетiн шығар, екiншiден “тыңдаушы” мен саған “сенемiн”-деген, ал өз кезегiнде есеп берушi “сенiмiңiздi” ақтаймын-деген адамгершiлiк қасиет негiзге алынған деп тұжырымдауға болады.

Аудит бiзге осы уақытқа дейiн белгiсiз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлiк есеп жүргiзуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргiзуде үлкен орын алған. Себебi, кәсiпорында басшылық жүргiзуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бiрден-бiр негiз болатын, бухгалтерлiк есеп және аудит қызметi екенiне үлкен көңiл бөлiнген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс-деп табылған.

АҚШ ғалымдары аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерттеу қорытындысында: “бұл аудит-қызметiнiң идеясы, мазмұны мен мағынасы ерекше көңiл бөлiп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, бiздiң жағдайымызда оны қолдану, есептi жетiлдiру мен өндiрiстi басқару iсiнде зор әлеуметтiк ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер едi-деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлi атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтерi, Англиада-ревизор, Францияда-бухгалтер эксперт немесе счеттар комиссары, Германияда-шаруашылық бақарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешелiктерiне қарамастан олардың барлығы бiр ғана мақсатпен жұмыс iстейдi. Шаруашылық қызмет жасаушы субьектiлердiң бухгалтерлiк қорытынды есебiн тексеру, оның iшiнде қаржылық деңгейiн тексерiп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негiзгi мақсаты сол тексеру нәтижесiн тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау. Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субьектiлерiне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсiпкер өз субьектiсi туралы аудиторлық қорытынды алу үшiн келiсiм-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды бередi. аудитор өз кезегiнде әр түрлi қызмет көрсетедi. Мысалы: бухгалтерлiк есеп айырысу тәсiлдерi туралы, банк операцияларын жүргiзу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлi қызмет көрсете алады. Аудит жұмысының тағы бiр ерекшелiгi ол-шаруашылық субьектiлерiне, өндiрiс процесiне байланысты, өнiмдi сату процесiне, маркетинг проблемаларына қатысты түсiнiктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтiнiмiз, iрi аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргiзедi.

Үшiншiден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысымен кәсiпкерлiк жасайтындардың яғни, қаржы компаныияларының, банкiлердiң, биржалардың, акция иелерiнiң қорытынды бухгалтерлiк есеп көрсеткiштерiн, отчет (ақпарат) мәлiметтерiн тексерiп өзiнiң аудиторлық қорытындысын ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргiзетiн брокерлерге, делдал кәсiпкерлерге өз ара немесе өндiрiстiк кәсiпкерлер тобымен жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, бизнеспен айналысатын кәсiпорындар, кәсiпкерлер күдiксiз өз ара қарым-қатынасқа түседi. Мысалы, банк несиеге беру үшiн шаруашылық субьектiлерiнiң өндiрiсiнiң тиянақты жұмыс жүргiзетiнiн қаржылық жағдайының тұрақты екенiн аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсiпорында өз ара қарым-қатынасқа сенiмдi болу үшiн аудитордың қорытындысы болуы қажет. Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшелiктерiн iс жүзiнде қолдану үшiн экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсiпорындардың мерзiмдiк қорытындылары, бухгалтерлiк отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайда ғана басылымға шығады. Кәсiпкерлер сол басылымға шыққан отчет информацияларын зерттеп, талдау жасағаннан кейiн ғана өзiне қажет, сенiмдi кәсiпорындармен қарым-қатынасқа түседi. Яғни, анық информация алу үшiн мұқтаждығы бухгалтерлiк отчеттердың (ақпараттардың) дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттiлiгiн тудырады.

Бухгалтерлiк есептiң тарихы . Есептiң пайда болу уақытын мыңдаған жылдар бҮрын адамзат цивилизациясының пайда болу кезеңiне жатқызуға болады. Бухгалтерлiк есептiң ең алғаш кезеңi заттарды сапалық жағынан анықтап есептеу болды. Деректерге сүйенсек, бiздiң эрамызға дейiн 20-ғасырда Месопатанияда материалдық құндылықтарды кiрiске алып жазу үшiн төмендегi деректер мiндеттi түрде тiркелiп отырған: түскен заттың саны мен түрi; заттың кiмнен түскенi, оның аты-жөнi; затты қабылдап алушының аты-жөнi; заттың келiп түскен уақыты. Іазiргi кiрiс құжаттарының негiзi осы мәлiметтерден тұрады. Шамамен б. э. д. 6-ғасырларда банктер пайда болды. Алғашында метал ақшалар сақтандыру ссуда берiп отырған. Б. э. д. 2-ғасырларда дебет, кредит терминдерi пайда болды. Бiрақ әлi көптеген шешiлмеген проблемалар болды. Өнiм өндiруге кеткен шығындарды, өндiрiс қызметiнде қолданылатын заттарды есепке алу әдiстерi болмады. 13-ғасырдан бастап шаруашылық опрацияларды арнайы журналдарға шаруашылық операциялар журналына тiркеу қолға алына бастады. 15-ғасырда бухгалтерлiк есеп екi жақты жазу пайда болып улкен жетiстiктерге жеттi. Екi жақты жазудың пайда болуы есеп айырысуда жеңiлдiктер әкелiп, iс-жүзiнде бухгалтерлiк есеп әдiстерiнiң iшiнде ең бiр маңызды оры алып, оны ғылым дәрежесiне жақындатты. Екi жақты жазуды ойлап тапқан Италяндық математик Л. Пачали болды. Екi жақты жазу арасында бухгалтерлiк есеп жетiле түстi. 17-ғасырда бухгалтерлiк есепте баланс ұғымымен толықтырылды. Шаруашылықты жүргiзушi адамның иелiгiндегi материалдық құндылықтар мен мүлiктердi сипаттан және олардың ïàéäà áîëó ê¼çäåðií ê¼ðñåòiï, îíûң ºàíøàëûºòû òèiìäi æ½ìûñ æàñàғàíûí àéºûíäàéòûí Åñåï áåðó ôîðìàñûí áàëàíñ äåï àòàéäû. Êåéiíãi 18-19ғàñûðäà áóõãàëòåðëiê åñåï ìàòåìàòèêà, àñòðîíîìèÿ, õèìèÿ, ýêîíîìèêà ñèÿºòû ғûëûìäàðäàí êåì ò¾ñïåéòií ғûëûìíûң ò¾ðiíå àéíàëäû.

ҚР-да аудиттiң қалыптасуы . Қ Р-да аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкiметiнiң Министрлер Кеңесiнiң қаулысы бойынша құрылды. (15. 11. 1990ж. N60) . Осы қаулы негiзiнде Республиканың Қаржы Министрлiгi жанынан шаруашылық есеп принципiнде аудит орталығы “Қазахстанаудит” фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлiмшелерi құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлiк компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегi меншiктегi кәсiпорындарға, мекемелерге аудитаорлық қызмет көрсетiп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы
Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)
Аудиттің заңды жауапкершілігі мен оны құқықтық реттеу
Дайын өнім термині кең мағынада компанияның шаруашылық қызметін байқауға мүмкіндік беретін есептік жазбалардың жиынтығы
ҚР дағы аудиттің даму тенденциясы
Кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орны
Еңбекақы есебі мен экономикалық көрсеткіштері және Бұлақ-Астық шаруашылығына кеткен шығын есебін талдау
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz