Жеткіншек жастағы мазасызданудың психологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

диплом жұмысы

Жеткіншек жастағы мазасызданудың психологиялық ерекшеліктері

Ғылыми жетекшісі:
Байбекова М.М.

Орындаған:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

(-тарау. Мазасыздану және оның жеткіншектік кезеңдегі
дамуының теориялық аспектілері
1. Мазасыздану эмоционалды аумақтың
байқалуы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Жеткіншектік кезеңнің дамуына психологиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Мазасыздануды зерттеудің әдістемелік тарихы ... ..

((-тарау. Жеткіншектік мазасыздануды эксперименталды
зерттеу
1. Зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамы
2. Жеткіншектік шақтағы балалардың мазасыздануына
жүргізілген зерттеулер. Зерттеу нәтижелері...
3. Мазасыздану психокоррекциясының
ғылыми-теориялық бағыттары ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Kipicпe
Жұмыстың өзектілігі: XXI ғасырда мазасыздану мәселесі психологтардың
зерттеулерінде басты орындардьң бірінде. Ceбeбi, XXI ғасыр мазасыздық
ғасыры деп негізсіз айтылмаған. Адамзат өміріне ғылыми техникалық прогресс
пен тек қуанышты жаңалықтар, жаңа ашылымдар, жетістіктер ғана емес, адам
өмірінің барлық саласына қиындықтар, күрделі мәселелер, стресстік жағдайлар
да қатар енді. Осының нәтижесінде соңғы 10 жылдықта адамзат өмірінің
барлық аумағында тұрақсыздық байқалып жүр. Қазіргі заманда әлеуметтік
экономикалық талаптарға бейімделудің қиындығы және адамзаттың өмірдің
күрделі мәселелерін шешуге дайын eмecтiгi түрлі күйде туатын психикалық күш
жұмсауды күшейтеді. Бұл жеке адамның кей жағдайда мазасыздануына әкеліп
соғады. Осындай тұрақсыздықтар нәтижесінде адам өзіне деген, қоршаған
ортасына, жағдайға деген сенімінен айрылады.
Эмоционалдық және дене күшін аз жұмсай отырып, қaзipri заман
талаптарына бейімделуге, жағымсыз эмоциялармен куресе білуге, мазасыздықты
калыпты деңгейде ұстай білуге адамды үйрету - әрбір практик психологтың
міндеті болып табылады.
Зерттеу мақсаты — жеткіншек жастағы балалардың мазасыздануының
психологиялық ерекшеліктерін анықтап, дер кезінде тиісті сауықтыру
жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мазасыздану мәселесіне арналған ғылыми
әдебиеттерді жинақтау және талдау. Мазасыздану кубылысына
толық сипаттама беру.
2. Жеткіншектердің мазасыздану деңгейін анықтауға арналған
ғылыми зерттеу әдістемелерін іріктеп таңдау және оларды ұлттық сипатта
бейімдеу.
3. Жеткіншектердің мазасыздануының психокоррекциялық сауықтырудың
кешенін даярлау.
Зерттеу болжамû: Жеткіншектердің мазасыздануы тиімді
психокоррекциялық әдістемелер кешенін қолданған жағдайда тұрақты қалпын
сақтайды. Бұл болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:
- жеткіншектердің мазасыздануы олардың жеке басының психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты;
- бұл жастағылардың мазасыздануы олардың топтағы өзара қарым-
қатынасына, социометриялық статусына, отбасындағы әлеуметтік
жағдайға тығыз қатысты болады.
Зерттеудің объектісі: Жалпы білім беретін орта мектептің жеткіншек
жастағы оқушылары (12-15 жас аралығы)
Дипломдық зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: Л.С.Выготскийдың жеке
адамның мәдени-тарихи дамуы туралы тұжырымдамасы, А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет
теориясы, С.Л.Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің тығыз бірлігі теориясы,
З.Фрейдтің Мен-тұжырымдамасы, Ê.Ðîäæåðñ, Â.Ôðàíêë, А.Маслоудың
эмоционалды күйлерге арналған еңбектері алынды.
Зерттеудің пәні Мазасыздық.
Ғылыми жаңалығы: Жеткіншектердің мазасыздануының психологиялық
ерекшеліктерін анықтайтын қазақ тіліндегі ғылыми-әдістемелік материал
кешені толықтырылды.
Практикалық құндылығы: Бұл зерттеу жұмысының көмегімен жалпы
психологиядағы маңызды бір сала - жас ерекшеліктер психологиясының
әдістемелік-тәжірибелік қоры молайып, ғылыми база нығаяды.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, оның
әрқайсысы 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

(-тарау. Мазасыздану және оның жеткіншектік кезеңдегі
дамуының теориялық аспектілері

1. Мазасыздану эмоционалды аумақтың байқалуы ретінде
Мазасыздану — төнген қауіпті алдын-ала сезумен байланысты
дискомфортты сезіну ретінде сипатталатын тұлғаның психологиялық қасиеті.
Мазасыздану адамның маңызды қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауының
көpiнici болып табылады. Ғалымдар мазасыздануды 2 аспектіде қарастырады:
1. Эмоциялық күй
2. Тұлға темпераментінің ерекшелігі, тұрақты қасиеті.
Ресейдің психологиялық әдебиеттерiíде құбылысты былайша ажырату үрей
және мазасыздану ұғымдарымен с¸йкес белгіленген. Соңғы термин құбылысты
айқын, толық көрсету үшін қолданылады. [Прихожан А.Н., 1997].
Мазасыздану мәселесін бағалау жағдайында психология ғылымында екі
тенденция бөлінеді. Бip жағынан мазасыздану феноменінің анық eмecтiгi мен
жете зерттелмеуіне сүйену біздің елімізбен қатар шетелдегі мазасыздану
мәселесіне арналған жұмыстар үшін тән тәрізді. Оларда бұл термин негізінде
әртүрлі құбылыстар түсіндіретіндігін және мазасыздану зерттеудегі бірқатар
қарама-қайшылықтар тек бағыттар арасында ғана емес сонымен қатар 6ip бағыт
ішіндегі авторлар арасында, ұғымға өз пікipi тұрғысынан ғана қарау бар
екендігі керсетілген. Екінші жағынан зерттеушілер арасында негізгі
жағдайлар бойынша пікіp бірлігі бар. Мұндай бірлік мазасызданудың кейбір
жалпы пішiнiн керсетуге (оны күй-қасиет байланысында қарастыру) және
мазасыз тұлға типін бөлуге мүмкіндік туғызады.
Мәні бip мезгілде жоғары және тар деңгейде бағаланатын психологиялûқ
құбылыстар көптеп табыла бермейді. Мазасыздану сол құбылыстардың бipi. Бip
жағынан бұл қaзipri заман ¼ðêåíäåóiíi басты мәселесі (Эриксон Э., 1996),
"XXI ғасыр - Үрей ғасыры" біздің уакытымыздың маңызды сипаты ретінде. Оған
қaзipri заманды өмірлік сезіну негізгі мәні беріледі. (Готвальд Ф.Т.,
Ховланд В., 1992) Екінші жағынан эксперимент немесе уақиғаның арнайы
шартынан туған психикалық күй.
Мазасыздану — санасыз дау-жанжал деңгейінде басталатын реакция.
Мазасызданудың қорқыныштан айырмашылығы оның белгілі бip объектісі
болмайды. Мазасыздануға негізсіз қорқыныш, үрей тән. Мазасыздану әркдшан
интрîпсихикалық яғни оның себептері iшкі болып табылады. Мазасыздану
тіптен негативті сипатта болмайды. Әр адамда оптимальды немесе калыпты
деңгейде мазасыздану бар. Бұл тұлға белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы
мазасыздану. Мазасыздану бұл ең алдымен кауіптен сактандыру áåëãiñi, бұл
бағыт бағдарлаушы процесс. Осы жағынан бұл процесс кұнды болып табылады.
Мазасыздану сигнал ретінде біздң әрекеттерімізді, өзімізді белгілі бip
жағдайға бейімдейді. Мазасыздану бұл тек қауіптен алдын-ала сактандыратын
сигнал ғана емес, сонымен қатар белгілі бip денгейде дау-жанжалдан
қорғайды. Ceбeбi психикалық қорғаныс механизмдерін жумысқа қосады.
Бұл мәселеге тек психология және психиатрия ғылымдарында ғана емес
сонымен бipre биохимия, физиолîгия, философия, социология ғылымдарында да
көп зерттеулер арналған жариялаулардың саны жыл санап көбейіп келеді.
Бірақ олардың көпшілігі батыстық ғылымдарға тән екенін
ескерген жөн.
Ресейлік әдебиеттерде мазасыздану мәселесіне арналған зерттеулер аз.
Олар фрагменттік сипатта. Бұл көбіне әлеуметтік себептерге байланысты.
Сонымен қатар ресей психологиясында бұл мәселенің жете зерттелмеуінің
ceбeбi батыстың психиология және психиатрия ғылымдарында психоанализ,
экзистенциалды бағыттардың өpic алып дамуы әсер етуде. Соңғы он
жылдықта ресей психологтарының мазасыздану мәселесін зерттеуге деген
қызығушылықтары қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты күрт арта түсті.
Сонымен қатар, қaзipri заманда Ресей елінде мазасыздану нақты колданбалы
мәселелер шегінде зерттелетінін ескерген жөн. (емтихан, жарыс алдындағы
мазасыздану, психиатриядағы мазасыздану, спортшылардың, ұшқыштардың
мазасыздануы). Мазасыздану мәселелерін зерттеудегі мұндай жағдайдың ceбeбi
Ресейдің психологиялық ғылымдарының даму логикасымен байланысты. Онда
эмоция және эмоциялық күйлерді зерттеу психофизиологиялық деңгейде
жүргізіледі.
Мазасыздану жалпы мағынасында қayiптi сезінумен байланысты жағымсыз
эмоция. Мазасыздану құбылысына тән қayiптi алдын-ала сезіну ерекшелігі,
оньң басқа эмоциялық құбылыстар арасындағы маңыздылығын көpceтeдi. Мұны
гештальтерапияның негізін калаушы Ф. Перлз бейнелеп көpceттi.
"...Мазасызданудьң формуласы ете қарапайым. Мазасыздық қaзipгi мен бұрынғы
арасындағы шығын" [Перлз Ф.С., 1994 стр.145].
Мазасыздануды эмоциялық күй (жағдайлық мазасыздану) ретінде және
үнемі мазасыздық күйге бейімділіктен көрінетін жеке психикалык ерекшелік,
тұрақты қасиет ретінде беліп қарастырады. Психикалық деңгейде
мазасыздану күштену, уайым басу, тынымсыздану невроздык, жалғыздык, шeшiм
қабылдай алмаушылық байқалады. Физиологиялық деңгейде мазасыздану ерекше
реакциялық жағдай. Мазасыздану кезінде жүрек қағысы, тыныс алу жиілеп, қан
қысымы көтеріледі, жалпы қозу күшейеді. Кез-келген сферадағы (тестік
тұлға аралык, экологиялық) тұрақты мазасыздануды — генеранизацияланған
мазасыздану деп атау қалыптасқан. Ол адам өміріндегі маңыздылығының
өзгеруіне байланысты еркін түрде объект iciн өзгертеді. Мазасыздану
қayiптi жағдайда сигнал ретінде, мүмкін болатын қиындықтар мен мақсатқа
жетудегі кедергіліктерді жеңу үшін бар күшті жұмылдырып, жақсы нәтижеге
жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан мазасызданудың қалыпты (оптимальды)
деңгейі ақиқат жағдайына нәтижелі бейімделу үшін қажет болып табылады, ал
мазасызданудың жоғарғы деңгейі кepiciншe дезадаптивтік реакция ретінде
қарастырылады.
Мазасыздану мәселесін зерттеуде, қалыпты бейімделуге кедергі
келтіретін кұбылыс ретінде мазасызданудың тіптен жоқ болуы және ic-
әрекеттің өнімділігімен қалыпты дамуына кедергі келтіретін тұрақты
мазасыздану қарастырылады.
Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi әлі де нақты анықталмаған,
дегенмен мұны ең алғаш айтқан С. Кьеркегор болды. Оның пікірінше
мазасыздану адамзат өмірінің тарихын анықтаушы негізгі фактор. Кейінен бұл
көзқарас экзистенциалистердің философиялық жұмыстарында, психоаналитикалық
зерттеулерде дами бастады.
Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi жөнінде қaзipri замандық пікірлер
негізінен клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді. Сонымен қатар,
осылайша эмпирикалық зерттеулерде орныққан мазасыздану және тұлғаның
ерекшеліктері, мысалы: мазасыздану және талаптану деңгейі [Рейковский Я.,
1979], мазасыздану және акцентуация типтері [Захаров Л.Н., 1994]
арасындағы байланыстар талданады.
Мазасыздық және стресс.
Бұл мәселені зерттеуде тұрақты мазасызданудың себептері туралы
сұрақтар басым болып табылады. Бұл сұраққа жауап мазасыздану қай аспектіде
қарастырылуына байланысты болып табылады.
Мазасыздануды темперамент қасиеті ретінде (В.С. Мерлин терминологиясы
бойынша психодинамикалық мазасыздану) ұғынған жағдайда — жүйке жүйесі
процестерінің касиеттерінің алғы шарттары негізін фактор ретінде көрініс
табады. (Данилова Н.Н., 1992; Мерлин B.C., 1986; Рейковский Я., 1979;
Стреляу., 1982; және тағы басқалар). В.С.Мерлин мектебінде
психодинамикалық мазасыздану мен әлеуметтік қарым-қатынастағы мазасыздануды
салыстыратын зерттеулер қатарында бұл сұрақ мазасыздық күйді тудыратын
себепті және себепсіз факторлардың екі типін қарастыру арқылы шешіледі. (
Мусина И.А., 1993; Рейковский Я., 1979;)
Белгіленген фактор типтері көpiнic тапқан жағдайдың немесе уақиғаның
бірнеше рет қайталануы мазасызданудың тұрақты қасиеті ретінде орнығуына
әкеледі. (Ч.Д. Спилбергер жіктемесі бойынша мазасыздану қасиеті ретінде).
Басқаша бағыттың негізін қалаған Р.Б.Кеттел және оның серіктестері
болды, олар бұл мәселені математикалық модельді қолдану арқылы шешуге
тырысты. Бұл зерттеулердің басты нәтижесі мазасызданудың жеке феноменінің
ажыратылуы болды. Сонымен қатар мазасыздану күйіне тән физиологиялық және
биохимиялық көрсеткіштері бөлініп керсетіледі.
Мазасызданудың себептерін түсінудегі басты мәселелерінің бipi — оның
қайнар көзi болып табылатын себебін локализациялау яғни таратпаушылық.
Қазipгi уақытта тұрақты мазасызданудың себебінің 2 типі айтылып жүр:
бipiншici, үрейлік күйді жиі бастан кешіру нәтижесінде пайда болған ұзақ
мерзімді сыртқы стрестік жағдай (Ю.Л.Ханин, Ч.Д. Спилберг тағы басқа) ал
екіншісі iшкi психологиялық жағдай. Осындай әртурлі себептердің әсерінен
мазасызданудың да әр түрлі типтері бола ма? деген сұрактың қазiргi уақытқа
дейін нақты шешімі жоқ.
Кейбір авторлар мысалы А. Фрейд себептерге байланысты мазасызданудың
әртүрлі типтерін айта отырса да феноменалды деңгейде бұл типтерді бөлудің
мүмкін еместігін ескертті.
И.А. Мусина (1993), С.Я. Рубинштейнің "сыртқының ішкі арқылы әрекеті
туралы танымал ой желісіне сүйене отырып, мазасызданудың пайда болу
себептері әртүрлі болатындығына байланысты мазасыздну типтері де әртүрлі
деген пікірді қолдай отырып "ішкі" және "сыртқы" тұлғалық мазасыздану
деген терминдерді енгізуді ұсынды.
Дегенмен мұндай сұракқа мазмұнды жауап үшін жалпы сілтеме
жеткіліксіз.
А.Ш. Прихожанның көзқарасы бойынша стресстің сыртқы пайда болу ceбeбi
мен оньң объективті бағасын біріктіретін бағыт басқаларына қарағанда
өнімдірек болып табылады. Көптеген зерттеулерде мазасыздану кез-келген дау-
жанжалдың психологиялык эквиваленті ретінде қарастырылады. (., мысалы:
Александровский Ю.А., 1993). Сонымен дау-жанжал негізінен индивидтің
белгілі бip жағдайы қауіпті деп бағалауы - және онымен күресу үшін қажет
әдістердің болмауы арасындағы қарама-қайшылық ретінде ұғынылады. Бұл
түсінік психологиялык стресс теориялары және қауіпті когнитивті бағалау
мен олардың пайда болуын байланыстыратын компонент ретіндегі үрейдің
психологиялық стресс теориялары қатарында жүреді. Мұндай бағалау процесі
бірнеше кезеңдерден тұрады деп болжанған.
1. Жағдайды қауіпті деп бағалау
2. Қауіппен күресу тәсілдерін іздестіру
3. Жағдайды когнитивті кайта бағалау және оған деген қатынасты
өзгерту.
Жағдайды сыртқы қayіп ретінде бағалау мен онымен күресу тәсілдерін
табу мүмкін емес деген пікір бipiккeн жағдайда мазасыздану пайда болады, ал
оның профилактикасы мен коррекциясы "жағдайды қайта бағалауға" үйрену
ретінде ұғынылады. (Лазарус Р Дж. Аверилл, 1972; және тағы басқа).
Стрестік жағдайдың ұзақ мерзімді әсер етуі невротикалық күйдің, сан-
қатар мазасызданудың ceбeбi болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде
мазасызданудың тағы бip сыртқы ceбeбi ретінде посттравмалық стресс
керсетілген. Жалпы мазасыздану "ересектерде" посттравмалық синдромның басты
компоненті болып табылады.
"Өмірдегі стрестік уақиғалар" мен "балалар жарақатының" әсерін жүйелі
зерттеу eкінші д.ж.с кезінен басталды. Көптеген зерттеулер апат, табиғи
апат, хирургиялық операция, ата-аналардың ажырасуы сияқты травмалық
факторлар нәтижесінде болған мазасыздануды зерттеуге арналған қазipгi
уақытта белсенді даму үстіндегі ерекше топты құрайтын - қатал қарым-
қатынастың құрбаны болған балаларды зерттеу болып табылады. Күш көрсету
соның ішінде жыныстық күш көрсету [Детство идеальное и настоящее, 1994;
Fridrich W.N., etal., 1986].
Мазасызданумен күресуде ең маңыздысы баланың анадан немесе ананы
алмастырушы адамнан айрылу стресін ескерген жөн. (Д.В. Винннико 1т 1965;
1995)
Қатынас факторлары ең алдымен бала және ата-ана арасындағы қарым-
қатынастың дамуының детерминаты ретінде дамуды жан-жақты зерттеуде басты
мәселе ретінде ерекшеленеді.
Тұлға аралық қарым-қатынастағы мазасыздану.
Мазасыздануды ең алғаш тұлға аралық феномен ретінде енгізген танымалы
психолог, психиатр "психиатрианың интерперсоналды" теориясыньң негізін
қалаушы Г.С. Салливан. Г.С.Салливан мазасызданудың пайда болуын былайша
түсіндірді.
"Қажеттіліктің қанағаттандырылмауынан тұлға аралық сенім мен
биологиялық тепе-теңдік бұзылып күштенуі пайда болады, нәтижесінде
мазасыздану көрініс табады".

Г.С. Салливан мазасыздану ұғымын өзінің теориясы үшін
фундаментальды, яғни негіз қалаушы деп есептеді. Мазасызданудың пайда
болуы мен бұл процесті сенімсіздіктің пайда болуымен
салыстыра отырып, қажеттіліктің қанағаттандырылмауынан пайда
болған баланың күштенуі анада индукияланып, ана оны сенімсіздік
түрінде бастан кешіреді деп ескерді. Керісінше тұлға аралық сенімсіздікті
сезіну ананың күштенуі, мазасызданудың баланың мазасыздануына
индукияланатынына байланысты.
Соңғы жағдайды Г.С. Салливан мазасызданудың 1 теориясы ретінде, ал
күштердің өзара берілуі процесін - эмпатия ретінде белгіледі. (Sullivan
N.S. The Collected Work V. 1т. 1) Қорқыныш пен мазасыздану арасындағы
айырмашылықтарды келтіре отырып Г.С. Салливан мынаны ескерді],
Мазасыздық пен қорқыныш бірдей сезілгенмен олар адам өмірінде балама
процестер: "Мазасыздану маңызды ересек адаммен эмпатиялық байланыстан пайда
болады, ал қорқыныш жалпы кажеттіліктің қанағаттандырылуы ерекше күші
иемденгенше кейінге қалдырылуы кезінде көрініс табады".
Анадан енген алғашқы мазасыздану қажеттіліктердің шиеленісуінің
басқа түрлерінен ерекшеленеді. Қажеттілікктердің шиеленісуінің себебі ішкі
және алғашынан баланың белгілі бip әрекетімен сипатталады. Мазасызданудың
ceбeбi сыртқы болғандықтан бала онымен күресе алмайды. Мазасыздану ешқандай
мүшемен байланысты емес, онда спецификалық нақтылық жоқ. Баладағы
қауіпсіздік қажеттілігінің eсeсi ананың мазасыздануында. Бала өздігінен
мазасыздықты жоя алмайды. Ол тек ананьң әрекеті арқылы жойылады. Тұлға
аралық қауіпсіздік кажеттілігін қанағаттандыру толығымен басқа адамға
байланысты. Бұдан Г.С. Салливанның мазасыздану концепциясы үшін 2 маңызды
салдар шығады. Біріншіден мазасыздану тұлға аралық қарым-қатынастан пайда
болады. Екіншіден мазасызданумен күресу немесе жою кажеттілігі мәні
бойынша тұлға аралық сенім мен қауіпсіздік қажеттілігіне тең. Бұдан шығатын
қорытынды: адам басқалардың ортасында өмip сүргендіктен олармен қатынаста
болғандықтан әрқашан мазасызданады. Ол психикалық энергияның негізгі
қайнар көзі "Мазасыздану ерте тәжірибеде басталып, адамның бүкіл өмip бойы
маңызды эмоциялық күш ретінде жүреді. Мазасыздану басқа адамдарға
байланысты. Егер біз адамдармен қарым-қатынасымызды бұзған жағдайда ол
сенімсіздікті тудырады. [Шығармалар жинағы, к2, б. 228].
Сонымен қатар Г.С. Салливан егер балада алғашқы кезден бастап тұлға
аралық сенімділік орнаса онда мазасыздану дамымайды және балалар бip-
бipiмeн мазасыздану деңгейі бойынша ерекшеленеді. Оның пікipiншe
әлеуметтік жағдайдан тыс тұлғаны зерттеудің мәні жоқ адамдар мазасызданудан
құтылуы үшін қорғаныс және мінез-құлықты басқару механизмдерін қолданады.
Қорғанудың осы шаралары "Мен-жүйе", "Мен жақсымын", "Мен жаманмын" дегенді
қалыптастырады. "Мен-жүйе" мазасызданудың пайда болуына әсерін тигізеді
мысалы жасөспірімдік шакта "Мен-жүйе" тез дамып келе жатқан кезде жеке
өзіндік құндылық сезім пайда болады, көпшілік жасөспірімдердің мазасыздануы
арта түседі. Бұл жаңа мотивизация және өзіндік жыныстық белсенділігін
сезінуімен байланысты.
Қажеттіліктің қанағаттандырылмауының тұлға аралық сенімсіздіктегі
басты рөлі К. Хорнидің жұмыстарында көрсетілген. Баланының негізгі
кажеттіліктерінің қанағаттандырылу мүмкіндігі қоршаған адамдарға
тәуелді. Баланың белгілі бip тұлға аралық қажеттіліктері бар:
қамқорлыққа, махаббат, басқалардың мақұлдауына деген кажеттілік. Егер бұл
кажеттіліктер ерте балалық тәжірибеде қарастырылса, егер бала
қоршағандардан махаббат, қолдауды сезінсе онда балада өзiнe деген
сенім, қауіпсіздікті сезінеді. Бipaқ көбіне баланың ең жақын адамының
өзі бала үшін ондай атмосфера жасай алмайды. Нәтижесінде балада "бізді"
сезіну емес сенімсіздік, күйзеліс ceзiмi дамиды. Мұны түсіндіру үщін Хорни
К "базистік мазасыздану" ұгымын қолданады. Бала қоршаған ортада әлсіздік,
қорғансыздық, бөлектенгендігін сезінеді, қоршаған ортаны өштес ретінде
қабылдайды. Мазасыз бала қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді, ал бұл
оның қалыпты даму мүмкіндігін шектейді. Мазасыз тұлға оқшаулану және
қорғансыздық сезімімен күресудің стратегияларын дамыта бастайды. Тұлға
сезіміндегі кемшіліктерді компенсациялау үшін шынайы емес, идеалды
өзінің бейнесін қалыптастырады.
"Идеалды-менді" жүзеге асыруға тырысу эгоцентриялық құрылымды құра
отырып, ішкі дау-жанжалды, невротикалық кажеттіліктерді күшейтіп соның
нәтижесінде мазасыздану деңгейін күшейтеді.
Г.С. Салливанның алғашқы мазасыздануы мен К. Хорнидің "базистік
мазасыздану" түсініктері ерте балалық шақтан көрініс табатын, тұлғаның
келешек дамуына әсер ете отырып, сақталатын сезім прототипі ол қоршаған
ортадағы адамдардың қарым-қатынасынан қайта көpiнic табады.
Ìàçàñûçäàíóäû ýêñïåðèìåíòòiê ò½ð¹ûäà çåðòòåóäi àë¹àø Ñ.Ä.Ñïèëáåðãåð
(C.D.Spielberder) æ¸íå îíû içáàñàðëàðû áàñòà¹àí. Áiðຠ¸ëi ê¾íãå äåéií
ìàçàñûçäàíó äåòåðìèíàöèÿñû ìåí ôóíêöèÿñûíû ìåõàíèçìäåði àéºûí åìåñ.
Æåêåëåãåí ìàçàñûçäàíóäû áiçäåð, æà¹äàé¹à ºàòûñòû ñóáúåêò ¸ðåêåòi
º½ðûëûìûíû òåðiñ ñèãíàëû äåï ò¾ñiíåìiç. Ìàçàñûçäàíó íåãiçiíåí æåêå
ò½ë¹àíû æà¹ûìñûç ñèïàòû åìåñ. °ðáið àäàìäà ¼çiíå ò¸í ìàçàñûçäàíó äåãåéi
áîëàäû. Á½ë ïàéäàëû, ÿ¹íè æåêå ò½ë¹àíû áåëñåíäiëiãiíi øàðòû ðåòiíäåãi
ìàçàñûçäàíó áîëàäû.
Ôèçèîëîãòàð åáåêòåðiíäå, ñîíû iøiíäå Ê.Ïðèáðàì çåðòòåóiíäå ýìîöèÿ
íåéðîôèçèîëîãèÿñû áîéûíøà áûëàé äåéäi: “êåç-êåëãåí ýìîöèÿëûº ê¾é, ñîíû
iøiíäå ìàçàñûçäàíó äà ñûðòºû æà¹äàéëàðäà¹û æàà í¸ðñåãå à¹çàíû ðåàêöèÿñû
ðåòiíäå ôèçèîëîãèÿëûº äåãåéäå ïàéäà áîëàäû.
Áiçäi ïðîáëåìà¹à ºàòûñòû Ñ.Ë.Ðóáèíøòåéííi ò¾ðëiøå ýìîöèîíàëäû
ê¾éëåðäi æiêòåói æàéëû àéòûï êåòóãå áîëàäû. Îë àôôåêòiëåð, åëiãóëåð æ¸íå
ê¼ië-ê¾éëåð äåï á¼ëåäi äå, ê¼ië-ê¾éëåðäi ñàíàíû áàºûëàóûíàí òûñ-ñàíàäàí
òûñºàðû ïàéäà áîëàäû äåéäi.
Îë Â.Ê.Âèëþíàñ ìàçàñûçäàíó òàáè¹àòû òóðàëû ½¹ûìûí òàëäàé êåëå áûëàé
äåéäi: “Ìàçàñûçäàíó – íàºòû æà¹äàéäà ìiíåç-º½ëûºòû áàñºàðàòûí æ¸íå ò¾çåéòií
ìåõàíèçì”.
Авторлар мазасыздануды жеңудің бip жолы - психотерапияға көңіл
бөлген. Бұл жағдайда басты рөл психотерапевт пен пациенттің қарым-қатынас
процесіне беріледі. Бірақ бұл авторларда психотерапия үшін кұнды болып
табылатын қарым-қатынас элементтері әртүрлі. Г.С. Салливан қарым-қатынас
мазмұны мен онда жасырылған санасыз материалды талдауға емес, қарым-
қатынастың өзіне: сөйлеудің дыбыстық құрылымына ерекше мән береді
пациенттің сейлеген сездерінің осы сияқты ерекшеліктері психиатр үшін
негізгі диагностикалық материал ғана емес, пациент пен психиатерапевт
арасындғы эмоциялық байланыстьың негізі. Психотерапияның сәтті жүзеге
асуының кепілі осындай қарым-қатынас пен терапевттің басты рөлі.
К. Хорни, керісінше қарым-қатынас мазмұнын қолдайды. Яғни
психотерапевтің басшылығымен пациенттің мазасыздануы және невротикалық
конфликттердің себебін ұғыну. Психотерапиялық жұмыстың мұндай бағыты оның
пікірінше пациенттің шынайû-менін" сол күйінше қабылдауға мүмкіндік береді.
А. Адлердің iзіншe К. Хорни да психотерапияның негізгі жолы мен басты
мақсаты өзін-өзі тану арқылы "реориентация" деп білді.
К. Хорни мен Г.С. Салливанның тұлға психологиясы мен мазасыздануды
психикалық зерттеуге қосқан үлестері орасан зор. Ал олардың мазасыздануға
байланысты ұсынған концепцияларына келетін болсақ, бұл концепцияларда
мазасызданудың пайда болу және мазасыз тұлға типінің қалыптасу
процестері дәл баяндалған.
Мұндағы ең маңыздысы алдымен балалар үшін тұлға аралық қауіпсіздік,
сенім қажеттiëiãiíi қанағаттандырылмауы - мазасызданудың нeгiзгi ceбeбi
ретінде көpiнyi.
Мұндай көзқарасты жалпы формасында Э. Флоремда ұстанды. Оның
айтуынша мазасызданудың нeгiзгi ceбeбi адамның жеке тұлға ретіндегі
жатырқаушылық сезімін және осыған байланысты табиғат пен қоғам күштері
алдында өзін әлсіз сезінуі Э. Фромм мұны жеңудің негізгі жолы адамдар
арасындағы махаббаттың түрлі формалары деп білді. Өзінің "Искусство
любить" атты еңбегінің бipіншi бөлімін "Махаббат-адам өмipiндегі
мәселелердің шeшiмi" деп текке атамаған.
Қазіргі кезде áiçäi және шетелдің көптеген зерттеушілері
мазасызданудың пайда болуы мен орнығуындағы қарым-қатынас тәжірибесінің
маңыздылығын қолдайды. Мазасыздану балаға мазасыз анадан беріледі немесе
мазасыздану бала ата-анасының оған деген махаббатына, қолдауына сенімсіздік
танытқан жағдайда пайда болады деген пікірді ұстанады. (Захаров А.И.,
1982, 1995; Семья в психологической консультации, 1989; Раттер М., 1987).
Ресейдің танымаë психиатры және психиатерапевті А.И. Захаров "Әйелдің
жүктілік кезінде мазасыздануы нәрестенің мазасыздануының алғашқы тәжірибесі
болып табылады. Жүктіліктің екінші кезеңінде нәрестенің кан тамырлар
жүйесі қарқынды дамиды және нәресте плацента арқылы ананың мазасыздануының
белгілі бip бөлігін сезінеді. Ананың мазасыздануы нәрестенің сәйкес
реакциясын туғызады". (1995: бет 21)
Сонымен қатар мазасыздықтың анадан балаға берілу жөніндегі түciнiктiң
қaзipгi уақытта кең таралуына қарамастан бұл түсініктің
теориялық концепциялар мен клиникалық бақылауларға сүйенетіндіктен
жеткілікті түрде дәлелді бола алмайтындығын ескерген жөн.
Көпшілік зерттеулердің көрсетуінше баланың жақын адамдарымен
қалыптасқан эмоциялық қарым-қатынасының сипаты баланың мектеп өміріне
енуінде және болашақ өмірінде үлкен әсерін тигізеді жағдайлық мазасыздануды
зерттеудің нәтижесінде алынған қарым-қатынас ерекшелігінің әсер ету
мәселесіне арналған мәліметтер көп. Жұмыстарды талдау негізінде балалық
шақтың әртүрлі кезендерінде мазасыздануды тудыратын жағдайлар типі
бөлінген. Оларға мына жағдайлар жатады: ата-анадан айрылу, қалыпты жағдайы
күрт өзгеруі, алғаш рет бала бақашаға немесе мектеп табалдырығын аттау,
басқа сыныпқа немесе топқа ауысу тағы басқа Ф. Перлздің айтуынша кез-
келген мазасыздық - көпшілік алдындағы қорқыныш. Осы бөлімді
қорытындылай отырып, қaзipгi уақытта ең алдымен жанұядағы жағымсыз
қарым-қатынастың мазасызданудың пайда болуындағы рөлін бұл мәселемен
айналысушы психологтар мен психотерапевттер қолдайтындығын айтуға болады.
Мазасыздануды алғашында жағымсыз жағдайларға реакция ретінде туып, кейіннен
тұрақты мазасыздануға айналатын құбылыс ретінде зерттеу iшкi тұлғалық
факторларды қарастыруды талап етеді.

2. Жеткіншектік кезеңнің дамуына психологиялық сипаттама
Жеткіншектік және ерте бозбалалық кезең бүгінгі таңда әлеуметтік және
психологиялық қарым-қатынастағы өте қиын да, күрделі шақ деп есептелді.
Жан күйінің тепе-теңдігі, психологиялық комфорт, тағы әлеуметтік
бейімделген және психикалық функциялары (ойлау, ес, зейін, қабылдау,
эмоция) бұзылмаған адамдар психикалық дені сау адамдар деп есептеледі.
Әртүрлі факторлар әсерінен мұндай теңдік бұзылуы мүмкін. Әрі осы пайда
болған дискомфорттың ұзақтығы, дәрежесі психогенді факторлардың күшіне
және адамның өзінің жеке ерекшеліктеріне тәуелді болады. Психикалық күйді
өзгелерден ерекше ететін күшті факторлардың негізгісі - әлеуметтік
факторлар.
Түрлі әлеуметтік және жас ерекшелік жағынан клиника –
эпидимиологиялық зерттеу жүргізгенде, қоғамдық қатынастардың адам
психикасы әсерін болжауға болатындығын анықталды.
Соңғы он жылда түрлі өзгеріс-жаңалықтарға орай, ресейлік психолог
және психиатрдың мазасыздану сияқты құбылысты зерттеуге үлкен мән беруде.
Болашақтың белгісіздігі және кейбір тұрақсыздық жағдайлар көптеген
жұртшылық бойында эмоционалды күйзеліс жағдайын тудырады. 15-25 жастағы
тұлғалар қоғамдық еңбек және өндірістік күш-қуаты болғандықтан, өздеріне
орасан назар аудартады.
Болашақ қауіп-қатерді сезінуге байланысты адамның эмоционалды
дискомфортты бастан кешу жағдайларының жиі байқалуларының бірі мазасыздану
деп аталады.
Невроздар генезіндегі мазасызданудың рөлі баршаға мәлім, бірақ
симптомдары түрлі себептер мен жағдайларға байланысты.
Ерте жасөспрімдік шақ (16 жас) мектептегі кезеңге сәйкес келеді,
сондықтан да жоғарғы сыныптағылардың проблемалары көп жағдайда
құрбыларының ортасында өзін-өзі бекітуге және қоршаған ортадағы орнына,
әрі болашақтағы ересек өмір бағытын таңдауға байланысты пайда болып жатады.
Мазасыздану жеке адамның қасиеті, сондықтан да оның құрамдас
бөліктері бар, олар: мазалану, күйзеліс, қорқыныш сезімі, қабылданатын
ақпарат маңыздылығын асыра арттыру, қауіп-қатерді күту.
Мазасыздану күйі кезінде күшті психоэмоционалды күйзеліс байқалады,
сондықтан да жоғары дәрежедегі мазасызданудың оқушыларда болуы қатер
факторы болып есептеледі.
Аса жоғары күйзеліс, эмоционалды дискомфорт зейіннің бұзылуына,
жұмысқа қабліеттіліктің төмендеуіне, шаршаудың артуына, оқушылардың
ұйқысының бұзылуына себепші болады. Мұный барлығы олардың оқу іс-
әрекетінде көрініс табады.
Жоғарғы сынып оқушысының іс-әрекет нәтижелілігінің төмендеуі өз
кезегінде оның эмоционалды күйзелісі мен мазсыздануын күшейтеді, осылайша
тұйық шеңбер пайда болады.
Мазасызданудың жоғарғы деңгейі невротикалық сипаттағы түрліше
функционалды бұзылуларға әкеп соғуы мүмкін.
Нақ осы кезеңде жоғарғы сыныптағылардың невротикалық бұзылуларын
ескертуге бағытталған алғашқы сауықтыру шараларын қолдану өте маңызды.
Жасөспірімдік шақтың өзін кіші жасөсіпірмдік шақ (10-13 жас),
немесе бесінші-алтыншы сыныптар, және жоғары жасөспірімдік шақ (13-15
жас), немесе жетінші-сегізінші сыныптар деп бөлу қабылданған. Әрі осымен
қатар ерте бозбалалық шақты да бөледі, яғни 9-10 сыныптағылар (15-17 жас).
Жасөспірімдердің жиі бастан кешіретін психологиялық күйлері мыналар:
1. Мінез-құлқының бірден, кенеттен нашарлап өзгеруі. Бұл
негативизмде (яғни біреудің еркіне қарсы тұру), бірбеткейлікте,
бұзықтықта, ересектер мен мұғалімдерге өзін қарсы қоюдан көрінеді.
1. Ұмтылыстарының қарама-қайшылығының айқын білінуі және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі
Жасөспірімдік шақ психологиясы
Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
4-7 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖОЛДАРЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жоғарғы сынып оқушыларының мазасыздану мәселесі
Мектеп-интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктерін анықтау
Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Пәндер