Діни мейрамдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕВРЕЙ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДІНІ - ИУДАИЗМ

ОРЫНДАҒАН: Жолдыбаева Д. Т.
ТЕКСЕРГЕН: Ғанибал Н.

Астана қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a)Тарихы мен таралуы
ә)Қасиетті кітаптары
б)Сенім қағидаттары мен әдет-ғұрыптары
в)Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар
г)Діни мейрамдары
III. Қорытынды

Кіріспе
Иудаизм - еврей халқының ұлттық діні. Ол - көне монотеистік дін. Иудаизмнің жолымен жүретіндер, я болмаса осы дінді ұстанатындар өздерін яһудилерміз деп атайды. Иудаизм қай жерде пайда болған? деген сауалға тарихшылар мен дін ілімін танушылар бірауыздан: Палестинада деп жауап береді. Яғни, Иудаизмнің басы біздің заманымыздың ІІ мыңжылдығына дейін Палестина аумағында өмір сүрген еврейлер арасында пайда болған. Политеистік нысанда туындап, біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта иудаизм біртіндеп монотеистік дінге ауысқан. Еврей халқының ұлттық діні Иудей аңызы бой - ынша, Жаратушы Тораны (Таурат) сол уақыттағы барлық жетпіс халыққа қабылдауға ұсынған. Алайда еврей ұлты ғана қабылдауға келіскен. Сондықтан, діни мағынада "Израиль" бір Құдайды мойын - дағандар мен заң кітабы - Тора арқылы Құдайға бой ұсынуға ұмтылушыларды білдіреді.
Иудаизм термині (Ивритте "Яаадут") Иуда еврей тайпасы бірлестігінің атынан шыққан. Иуда Из - раиль - дің ең ірі тайпасы болатын. Иврит тілінде "Иудаизм" термині XІX ғасырдың соңынан бастап кең тарала бастады.
Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б. XІ ғасырдың соңында болды.
Иудаизм дін ретінде және құқықтық, моральдық-этикалық, философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уақытта еврейлердің өмір салтын айқындап келді және айқындап отыр.

Тарихы мен таралуы
Тарихшылардың пікірінше, б.д.д. VII ғасырға дейін еврейлердің басқа діні болған. Ежелгі еврей діні деп аталған ол б.д.д. XI ғасырда пайда болған. Тарихшылар кейбір дереккөздерде еврейлердің ежелгі еврей дінінен иудаизмге өткен ғасыры ғана емес, жылы да анық жазылғанын айтады. Бұл - шамамен б.д.д. 621 жыл болған деген дерек бар. Ал дін ілімін танушылар әлем мен адамзаттың жаратылуы және иудаизмнің пайда болу мерзімі бір-бірімен сәйкес келеді деген пікірді алға тартады.
Ғаламтордан иудаизмге, еврей халқы мен философиясына қатысты сан түрлі ақпараттар мен деректерді кездестіресіз. Олардың бірінде: еврей халқының ұлттық діні - Яһуди аңызы бойынша, Жаратушы Тораны (Таурат) сол уақыттағы барлық жетпіс халыққа қабылдауға ұсынғаны, алайда, оны еврей ұлты ғана қабылдауға келіскені, сондықтан, діни мағынада Израиль бір Құдайды мойындағандар мен заң кітабы - Тора арқылы Құдайға бой ұсынуға ұмтылушыларды білдіретіні айтылған. Енді бір мәліметтерде: иудаизм термині (Ивритте Яаадут) яһуди (иуда) еврей тайпасы бірлестігінің атынан шыққан, ал яһуди - Израильдің ең ірі тайпасы саналған деген дерек келтірілген.
Иврит тілінде Иудаизм" термині XІX ғасырдың соңынан бастап кең тарала бастаған. Давид (Дәуіт) патша яһуди тайпасынан болған. Дәуіт тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түседі. Бұл кезең б.д.д. XІ ғасырдың соңына сәйкес келеді. Иудаизм әлемдегі екі ірі дін - христиан мен исламның маңызды идеялық қайнаркөзі болған.
Иудаизм дін ретінде және құқықтық, моральдық-этикалық, философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уақытта еврейлердің өмір салтын айқындап келді және айқындап отыр. Иудаизм - жазылған және жазылмаған ережелерге, салт-жораларға бай. Олардың барлығы адамның ұсақ-түйек іс-әрекеттеріне дейін (қандай тағамды жеу не жемеу керектігін, қай кезде жұмыс істеу қажеттігін, кімге үйленіп, кіммен дос болу керектігін, кімді жек көру тиістігін) жазылған. Бұл салт-жоралғыларды орындау арқылы иудаизмнің жолымен жүретіндер өздерін Құдайдың айрықша назары түскен халық деп есептейтін болған. Бір деректерде Иудаизм дініндегілер еврей еместердің ішінде миссионерлік жұмыстармен айналыспайтыны және еврей-аналардан тумаған азаматтарды өздерінің дініне немқұрайлылықпен қабылдайтыны, олар өздерінің алдында кінәлілерге қанға - қан, жанға - жан қағидасын қолданатын болғаны да жазылған. Яһуди - еврей болып туғандар мен Иудаизмге бет бұрғандардың басын біріктіретін этнодіни топ. Әлем діндері халықаралық анықтамалығында 1993 жылы дүние жүзінде 20 млн. яһуди бар екендігі жазылған. Алайда, өзге де мәліметтерде 1995-1996 жылдары әлемді 14 млн.-ға тарта еврей мекендейді деген дерек келтірілген. Ал 2010 жылы дүниенің әр қиырындағы яһудилердің саны 13,4 миллионды құрайды, бұл бүкіл Жер шарындағы тұрғындардың шамамен 0,2 пайызын көрсетеді деген болжам айтылған. Осындай мәліметтер - барлық яһудилердің 42 пайызы - Израильде, тағы 42 пайызы АҚШ пен Канадада қоныстанғанын, ал қалғаны Еуропада тіршілік ететінін де айтады. Алайда, бұлардың барлығы нақты мәлімет емес. Себебі, еврейлердің барлығы тегіс яһудилер болмайтыны тағы анық.
Израильде Иудаизмнің діни институттары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жоғарғы раввинат діни ұйымдар мен бірлестіктерді қадағалайды. Парламент және үкіметте раввинаттың мүддесін қорғайтын басты діни-саяси партия Мафдал болып саналады. Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Балкан түбегі елдерінен келгендер Сефард қауымын құрады. Еуропа, Америка, Австралия, ОАР-дан келушілер ашкеназиялық қауымды құрады. 1921 жылы Сефард және Ашкеназий бас раввиндер басқаратын Жоғарғы раввинат кеңесі сайланды.
Израиль мемлекетінің қалалары мен елді мекендерінде 200 діни кеңестер (моацот, датиот) жұмыс жасайды, Израильде 24 раввинаттық сот бар. Діни мектептер (ешибот) үлесі орта білім беру орындарының 17 пайызын құрайды. Израильдің барлық мектептерінде діни пәндер оқытылады. Білікті дін мамандары діни институттарда дайындалады.

Қасиетті кітаптары
Олар үш топқа бөлінеді. Киелі кітаптардың бірі - Тора (иврит тілінде - Заң) деп аталады. Екінші топқа жататын кітап-том - Танах. Үшінші топқа бірнеше кітап-том кірсе, олардың әрқайсысында бірнеше туынды бар. Бірнеше томнан тұратын бұл киелі кітап Талмуд (Зерттеу, Зерделеу) деп аталады.
Тора - Иудаизмдегі ең негізгі, ең көп оқылатын кітап. Тора тарауында былай делінген: Өз жүрегіңнен кез келген жамандықтың тамырын жұлып таста, бәлки сол тамыр дүниедегі жауыздық болар. Бейбітшілікке құлшыныңдар. Бейбітшілікке құлшынбаған адамды Жаратқан Ие кешірмейді. Тораның барлық нұсқа-данасы ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін теріге қолмен жазылып келген. Тора синагогалардағы (яһудилердің құлшылық үйлері) ерекше орындарда сақталған. Әлемнің барлық елдеріндегі раввиндер Құдайға құлшылық етер алдында Тораны сүйіп, оның ережелерін ізгі тұтатын болған. Дін ілімін танушылар оның жарыққа шыққаны үшін Құдай және Мұса пайғамбарға мадақ айтады. Олар Құдай Тораны Мұса пайғамбар арқылы жеткізді деп санайды. Кейбір кітаптарда Тораның авторы Мұса пайғамбар деп жазылады. Ал тарихшылар Тораның пайда болған уақыты б.д.д. XIII ғасырға сәйкес келеді деген пікірлерін алға тартады. Бұл қасиетті кітап иврит бойынша жазылғандықтан, ондағы туындылар да мына атаулармен аталады: біріншісі - Берешит екіншісі - Веэлле Шемот, үшіншісі - Вайикра, төртіншісі - Бемидбар, бесіншісі - Элле-гадебарим.
Танах - бір кітап-том болғанымен, онда 24 еңбек-туындыдан бар. Танах үш бөлімнен тұрады: Тора Мұса (ғ.с.) (бес кітап), Нэбиим (Пайғамбарлар) (жеті кітап), Кэтувиим (Жазба) (он екі кітап). Танах б.д.д. Х ғасырдан б.д.д. ІІ ғасыр аралығында қалыптасқанға ұқсайды.
Талмуд - бірнеше кітап-томнан тұрады. Талмудта екі бөлім бар. Бірінші бөлім - Мишна (қайталау). Бұл - Тораға түсіндірме. Екінші бөлімі - Гемара (толық түсіндіру). Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Талмудта қылмыстық және азаматтық сипаттағы заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тыйым және 248 бұйрық әмірлер жинақталған яһудилік әдет-ғұрыптар жүйесі түзілген.

Сенім қағидаттары мен әдет-ғұрыптары
Яһуди діни ілімінің негізі - дүниені жаратушы бір құдіретті Яхве Құдайына деген сенім. Иудаизмде құтқарушының келуіне деген сенім бар, ол мессия (мәсіх) деп аталады. Иудаизм бойынша мессия жер бетінде әділетті тәртіп орнатады деп есептеледі.
Ақырзаман және өлілердің қайта тірілуіне сенім - еврейлердің Жаратушының таңдаулы халқы екендігіне сенім. Бұл түсінік бойынша Моисей (Мұса) арқылы Израиль халқына заң (Тора) беріп, одақ құрған.
Иудаизмнің негізгі қағидаттары XІІ ғасырда өмір сүрген атақты философ-талмудшы, рабби Моисей мен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген төмендегідей 13 ережеден тұрады:
1. Құдай бар.
2. Құдай бір.
3. Құдай денелік пішінде болмайды.
4. Құдай мәңгі.
5. Яһудилер тек бір Құдайға табынуы тиіс.
6. Құдаймен қарым-қатынас тек пайғамбар арқылы болады.
7. Моисей (Мұса) - ең ұлы пайғамбар.
8. Тораның шығуы қасиетті.
9. Тора өзінің мән-мағынасын еш жоғалтпайды.
10. Құдай адамдардың барлық іс-әрекетін біледі.
11.Құдай зұлымдықты жазалап, қайырымдылықты мадақтайды.
12. Құдай өзінің Мессиясын (құтқарушысын) жібереді.
13. Құдай өлілерді қайта тірілтеді.
Сенім қағидаттары Йигдаль (ивритше - ұлылық) әнұранында баяндалған. Өмір беруші Құдай ұлылығы мен даңқы шексіз дейтін бұл әнұранды синагогада Иудаизмді ұстанушылар орындайды.
Яһудилерде Құдай аты - Яхве (Яху, Яго, Иеһова немесе Адонай). Яхве бастапқыдан Яһуди-израильдік пантеонда айрықша орын алады. Құдай атын атауға болмайды. Ежелгі түсінік бойынша Құдай атын атау - бұл ажалға алып келеді. Яхвенің орнына Адонай (менің әміршім), Менің Құдайым - Яхве сөзі қолданылады. Алғашқыда ежелгі еврей құдайлар пантеонында Яхве жерді түзеуші, жай атқыш, жаңбыр беруші ретінде көрінеді. Аман-есендік, игілік Яхвемен байланыстырылады. Тек кейінірек Яхве басты Құдай атанады. Яхве культін орталықтандыру үдерісі және Яхвені барлық еврейлердің жалғыз құдайы ретінде мойындату үшін күрес ұзаққа созылған.
Кез келген яһуди үшін Құдай, Тора және еврей халқы ең маңызды мағынаға ие. Бұл - әлемнің барлық еврейлерін біріктіруші діни және ұлттық идея. Еврейлердің құдайдың таңдаулы халқы екендігі идеясы догматикалық сипат алған. Яхве еврейлермен айрықша одақ құрып, тек еврейлерді өз халқы деп есептейді. Бұл идея сионизмнің діни негізін құрайды.
Зайырлы және діни Иудаизмнің де ерекшеліктері бар. Зайырлы Иудаизм ұғымы белгілі бір Яһуди құндылықтарын, тіпті кейде діни мағына берілмейтін діни негіздегі еврейлердің философиясын сипаттайды. Тора мен Талмудтың негізгі ережелері - Заң деп аталатындықтан, ол яһудилердің өмірін егжей-тегжейлі регламенттейді. Яғни, Тора мен Талмудтағы түсініктер мен діни ілімге сәйкес, сенушілердің бүкіл өмірін реттеуші әдет-ғұрыптардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні туралы
Ислам діні жайлы түсінік
Құран туралы бірер сөз
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Бұқаралық мерекелердің тарихы
Ең жас дін - Ислам діні
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Иудаизм тарихы
Діннің мәні, түрлері
Пәндер