Радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Жолдыбаева Дамира

Астана қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
I. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
II. Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi құзыреті
III. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар
IV. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету
3. Қорытынды

Кіріспе
Радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі.
Радиациялық авария -- атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi.
Радиациялық қорғаныш -- радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы.
Радиациялық мониторинг -- иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру.
Табиғи радиациялық -- ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi. Техногендiк өзгертiлген радиациялық орта -- адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта. Техногендiк радиациялық фон -- сол жердiң табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткiштердiң деңгейлерiн шегерiп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер деңгейi.Араласу деңгейi -- жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады. Әсерлi мөлшер -- адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы.
Бақыланатын аймақ -- радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ.
Иондаушы сәулелендiру -- ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру.
Қызметшiлер -- тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар;

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:Нормалау принципi- иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;
Негiздеу принципi- иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
Оңтайлыландыру принципi- иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;Авариялық оңтайлыландыру принципi- төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк органдар

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды, олардың арасындағы:
иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау;
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру;
қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi.
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн айқындайды;
2) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
3) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
1-2. Алынып тасталды -- ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ: атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады;
Радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келiсiп отырады;
Радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi;

Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi құзыреті
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне мыналар жатады:
1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу, олардың сақталуын бақылау;
3) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
4) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;
5) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
6) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;
7) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру;
8) радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне мыналар жатады:
1) иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу;
3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау
1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау
1. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жасайды.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
3. Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиiстi ұйымдарда радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, нормаларды, ережелер мен гигиеналық нормативтердi, радиациялық қауiпсiздiк ережелерiн, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды бұзу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттiк органдардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жайлы
Радиосезімділікті өзгерту тәсілдері. Радиациялық қауіпсіздік. Радиациядан қорғану. Клеткалардың сәулеленгеннен кейін тірі қалуын анықтау әдістері. Белоктардың рентгеноқұрылымдық анализі
Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі
Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы
Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру
Қорғаныс ғимараттары
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары
Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер