Қосымша төленбеген капиталдың есебі


КІРІСПЕ1
I. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ҚҰРУДЫҢ КӨЗДЕРІ3
1. 1. Ұйымның меншікті капиталының құрылымы3
1. 2. Жарғылық капитал - ұйымның меншікті қаражатының негізгі бастапқы көзі4
1. 3. Ұйымның резервтегі капиталы8
1. 4. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі10
II. МЕНШІКТІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ САЯСАТЫ14
2. 1. Айналым және негізгі меншік капиталы14
2. 2. Меншікті қаржы ресурстарын құру саясатының қалыптасуы жəне оны бағалау15
III ТАРАУ. «БАЙСЕРКЕ АГРО» ЖШС-НІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ20
3. 1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама20
3. 2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын ұйымдастыру23
ҚОРЫТЫНДЫ25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ27
КІРІСПЕЛатын тілінен аударғанда "меншікті капитал" сөзі "басты" деген мағынаны Білдіреді және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған. Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
1. Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп - өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
2. "Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау.
3. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу. Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К. Маркс бірнеше анықтама келтіреді:
1) Капитал - жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал - еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
4. Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
5. Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал - тәсілдері мен аясына қарамастан табыс(жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлы-ғының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады.
6. Капитал - баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға айналдыратын жағдай - оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып табылады. "Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", - деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
7. Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
I. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ҚҰРУДЫҢ КӨЗДЕРІ 1. 1. Ұйымның меншікті капиталының құрылымыҚазакстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.
Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын меншікті капиталы оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген пайда.
Жарғылық капитал - бұл меншік иелерінің ұйымның жарғылық қызметін қамтамсыз етуге бастапқыда инвестициялаған қаражатының сомасы. Жарғылық капиталдың бастапқы сомасы (субъектіні алғаш рет мемлекеттік тіркеу кезінде) Құрылтай шартында келісіледі және шаруашылық жүргізетін субъектінің Жарғысында қайталап көрсетіледі.
Жарғылық капитал - шаруашылық жүргізетін субъектінің қызметін бастауға себеп болып табылатын негізгі және басты көз болып табылатын ақшалай қаражаттардың немесе материалдық құндылықтардың белгілі бір саны. Егер жарғылық капиталды заңдылық жағынан бағаласақ, бұл берешектер пайда болған жағдайда несиегерлермен (кредитор) есеп айырысатын кәсіпорын мүлкінің ақшалай бағасы. Экономикалық жағынан - жарғылық капитал - бұл мөлшері ұйым жарғысына сәйкес белгіленетін, кәсіпкерлік қызметті бастау үшін міндетті болып табылатын ақша қаражаттарының ең аз көлемі.
Жарғылық капитал негізінен акция сату (акционерлік қоғамда) немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың салымының (шаруашылық серіктестіктің басқа түрінде) есебінен қалыптастырылады. Жарғылық капиталға бағытталатын қаражаттың сомасы жаңадан құрылған кәсіпорынның қызметін бастауды қамтамасыз етуі тиіс.
Жарғылық капиталға салынатын салымды төлеуге ақшалай қаражат, материалдық емес актив, сондай-ақ интеллектуалдық меншік нәтижесіне берілген құқық, «ноу-хау», негізгі құралдар және басқа да активтер қабылдануы мүмкін.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы құнына тең.
Акцияның номиналдық құны - акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бжарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни 25 еселенген АЕК-тен кем болмауы тиіс.
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестікте жарғылық капталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген 50 еселенген АЕК-тен кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жарғылық капиталдың мөлшері 100 АЕК-тен кем болмауы қажет.
ЖШС-тің жарғылық капиталы мына жағдайда тексеріледі:
1. Кез-келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
2. Сот шешімі бойынша.
3. Әр қаржылық жылдың соңында - қаржылық есеп беру бойынша.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:
- дивиденттер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатынын;
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың бары мен қозғалысының есебі типтік шоттар жоспарының 5000-«Жарғылық капитал» бөлімшесінің төмендегі пассивті шоттарында жүргізіледі:
5010 - «Артықшылықты акциялар»
5020 - «Қарапайым акциялар»
5030 - «Салымдар мен пайлар».
Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:
1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1010; 1030 шоттары кредиттеледі.
2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағдайда:
- сатып алу құнына:
«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1030; 1010; 1060 шоттары кредиттеледі;
- сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:
«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі (яғни ақша-қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады) .
3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:
- сатып алу құнына:
«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де, 1010, 1030, 1060 шоттары кредиттеледі;
- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:
5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, «Қайтарып алынған капитал» шоты кредиттеледі.
Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5020, 5010 шоттары дебеттеліп, «Қайтарып алынған капитал» шоты кредиттеледі.
Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны «Қайтарып алынған капитал» шотының кредитінен 7410 «Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша» шотының дебетіне жатқызылады.
Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлшеріне 6210 «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша» шоты кредиттеледі де, 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналды құнынан жоғары болса алынған айырма сомасына 1280 шоты дебеттеледі де, 5030 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.
Акционерлерден сатып алынған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.
Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:
- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
- қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарлық капиталының минималды деңгейінен кем болса;
- қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлам қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;
- акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.
Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нан немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нан аспауы керек.
Қосымша төленген капитал дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы) . Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5030-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі.
Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5030 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1010, 1030.
Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 1280-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 5400-шы «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді:
5420-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 5430-шот «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 5460-шот «Басқа да қосымша төленбеген капитал» . 5400-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.
1. 3. Ұйымның резервтегі капиталыРезервтегі капитал - акционерлік қоғамның және басқа да шаруашылық серіктестіктің бөлінбеген кірістен ақша аудару есебінен құралатын меншікті қаражатының бөлігі. Резервтегі капитал операциялық қызметтен шегілетін ысыраптың орнын толтыру, сондай-ақ ағымдагы пайда дивиденд төлеуге жетпеген жағдайда осы мақсатта пайдаланылады. Акционерлік қоғамда резервтегі капитал оның жарғысында қарастырылған мөлшерде құрылады. Резервтегі капитал таза кірістен жарғыда қарастырылған мөлшерге жеткенге дейін ай сайын аударылатын аударым есебінен қалыптастырылады. Жыл сайынғы аударымның мөлшері жарғыда тіркеледі. Резервтегі капитал залалдың орнын толтыруға, сондай-ақ қоғамның облигациясын өтеуге және өзге ақшалай қаражат болмаған жағдайда оның акциясын сатып алуға арналған.
Резервтегі капитал мақсатты пайдалану нәтижесінде азайған жағдайда, келесі есепті кезеңде оны қосымша есептеу қажет. Қоғам акционерлеріне акционерлеу қоры қаражатының есебінен сатып алынған акция сатылған жағдайдан, осыдан алынған түсім резервтегі капиталды қалыптастыруға жұмсалады.
Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:
«Заңмен белгіленгеп резервтік капитал»,
«Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шоттарда есептеледі Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:
Д-т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты;
К-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» деп аталатьш шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:
Д-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі;
К-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) »;
«Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) »;
«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.
Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы зандармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5013-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5340-шы «Басқа да резервтік капитал».
Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың кұжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі. (кесте-1)
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3031, 3032 - артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде: 5410 шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) », 5430 шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5340-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында 5340 жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5340 шоттың дебеті мен кредиті. бойынша шоттар корреспонденциясы 5310 шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
Кесте-1. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) » болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) » есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»
5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы»
Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарас- тырып көрейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz