Криминалистиканың жүйесі



Жүйе — яғни грек тілінен аударғанда «тұтас» деген мағынаны білдіреді, өзгеше айтқанда ережелі бүтіндік, біркелкі бөлшектер, элементтер бір-бірімен байланыста екенін білдіреді. Әрбір жүйе тек қана оның арасындағы элементтерімен байланыста бола тұра, айналадағы әлеммен де байланысып, оның бір бөлігі болып, жалпы бүтіндігіне жатады.
Осы жалпы ережені колдана отыра криминалистиканың жүйесі дегеніміз — онын, бөліктері, болмаса бөлшектерінін жиынтығы және бірліктігін кұрайтын ішкі және сыртқы байланыстар десек болады. Криминалистиканың жүйесі оның даму кезенінде калыптасып, казіргі уақыттын, көзқарасына сай төрт бағыттан құралған:
1. Криминалистиканың жалпы теориясы.
2. Криминалистикалық техника.
3. Криминалистикалық тактика.
4. Криминалистикалық әдістеме (немесе белгілі бір жеке қылмыстардың түрін тергеу әдістері).
Криминалистиканың жалпы теориясы, әдістемесі өзіне тән жүйе туралы көзқарастарын, теориялық тұжырымдамаларын, дәрежелерін, түсініктемелерін, әдістері мен байланыстырып, ережелермен терминдерін құрайды. Бұл криминалистиканың әдістемелік негізі бола тұра, осы пәннін ғылыми көрінісі, оның бүтін бірлік екендігін айқындайды. Криминалистиканың жалпы теориясын құруға және ғылым ретінде дамуына төмендегі ғалымдардың белсенді жұмыстары себеп болған, олар: И.Н Яки-мов, С.М.Потапов, А.И.Винберг, П.И.Горелова-Радионова, С.П.Митричев және т.б. криминалистер. Аталған ғалым-криминалистердің еңбектерінің нәтижесінде, криминалистика пәнінің теориясы дамып, тәжірибе жүзінде кеңінен қолданып келе жатыр. Бұл пәннің жалпы теориясының дамуында атаклы профессор криминалист-ғалым Рафуил Самуилович Белкиннің еңбектері сөзсіз орасан зор орын алады.
Криминалистиканың жалпы теориясынын, басты элементтеріне:

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Криминалистиканың жүйесі
Жүйе — яғни грек тілінен аударғанда тұтас деген мағынаны білдіреді,
өзгеше айтқанда ережелі бүтіндік, біркелкі бөлшектер, элементтер бір-
бірімен байланыста екенін білдіреді. Әрбір жүйе тек қана оның арасындағы
элементтерімен байланыста бола тұра, айналадағы әлеммен де байланысып, оның
бір бөлігі болып, жалпы бүтіндігіне жатады.
Осы жалпы ережені колдана отыра криминалистиканың жүйесі дегеніміз —
онын, бөліктері, болмаса бөлшектерінін жиынтығы және бірліктігін кұрайтын
ішкі және сыртқы байланыстар десек болады. Криминалистиканың жүйесі оның
даму кезенінде калыптасып, казіргі уақыттын, көзқарасына сай төрт бағыттан
құралған:
1. Криминалистиканың жалпы теориясы.
2. Криминалистикалық техника.
3. Криминалистикалық тактика.
4. Криминалистикалық әдістеме (немесе белгілі бір жеке қылмыстардың түрін
тергеу әдістері).
Криминалистиканың жалпы теориясы, әдістемесі өзіне тән жүйе туралы
көзқарастарын, теориялық тұжырымдамаларын, дәрежелерін, түсініктемелерін,
әдістері мен байланыстырып, ережелермен терминдерін құрайды. Бұл
криминалистиканың әдістемелік негізі бола тұра, осы пәннін ғылыми көрінісі,
оның бүтін бірлік екендігін айқындайды. Криминалистиканың жалпы теориясын
құруға және ғылым ретінде дамуына төмендегі ғалымдардың белсенді жұмыстары
себеп болған, олар: И.Н Яки-мов, С.М.Потапов, А.И.Винберг, П.И.Горелова-
Радионова, С.П.Митричев және т.б. криминалистер. Аталған ғалым-
криминалистердің еңбектерінің нәтижесінде, криминалистика пәнінің теориясы
дамып, тәжірибе жүзінде кеңінен қолданып келе жатыр. Бұл пәннің жалпы
теориясының дамуында атаклы профессор криминалист-ғалым Рафуил Самуилович
Белкиннің еңбектері сөзсіз орасан зор орын алады.
Криминалистиканың жалпы теориясынын, басты элементтеріне:
1. Криминалистика пәнінің көзқарастарын қалыптастыратын, оның мақсаттары,
бағыттары, даму зандары, кағидаларының ғылыми білім жүйесіндегі орны және
жалпы теорияның мазмүны мен түсініктері.
2. Криминалистика пәнінің негізі болып табылатын, объективтік шындықтың
заң сиымдылық көрінісі және тәжірибе жүзіндегі қылмыстылықпен күресудегі
қолданатын криминалистикалық құралдар, ұсыныстар мен әдістемелер.
Жоғарыда көрсетілген ахуалдарды төрт бағытқа бөліп былай көрсетуге болады:
а) дәлелдемелердің жаратылуы (туындауы) туралы заңға сыйымдылықтары туралы
криминалистикалық ілім;
ә) дәлелдемелерді жинақтау заңға сыйымдылықтары туралы криминалистикалық
ілім;
б) дәлелдемелерді бағалау заң сиымдылықтары туралы криминалистикалық ілім;
в) дәлелдемелерді қолдану заңсиымдылықтары туралы криминалистикалық ілім.
Осы көрсетілген бағыттардын, яғни бөлімдердің мазмұны
криминалистиканың жалпы ережелерін құрайды. Бұл жалпы ережелердің
жекеленген криминалистикалық теориялары да бар. Мысалы, жеке
криминалистикалық теорияның бірі болып: қылмысты жасау және оны жасыру,
тергеуді алдын ала жоспарлау, іздердің пайда болу тетігі (механизмі) туралы
ілімдерді жатқызуға болады.
Жалпы криминалистикалық теорияның құрамына төмендегідей элементтер
кіреді:
— криминалистика ғылымының тілі;
— криминалистиканың жүйесі;
— криминалистикалық ғылыми зерттеулердін әдістері туралы ілім.
Криминалистика ғылымының тілі дегеніміз — криминалистикалық терминологиянын
құралы, аппараты. Осы себептін негізінде жаңа терминдер, яғни жаңа сездер
құрылып туындайды, ал ғылыми зерттеулерді жүргізіп ережелерді қалыптастыру
үшін нышандар керек. Криминалистиканың ғылымитілін игермей, оны түсіну
қиындық тудырады, мысалы, басқа елдің тілін білмей, олармен сөйлесіп
түсінісе алмаймыз. Осы себептен де болар, әр ғылымның өз тілін игеріп оны
түсінген орынды болады.
Криминалистикалық жүйенің ішінде бір қатар белшектері
де бар, оларға:
— ғылымның білімдерін жүйелендіру;
— өз арасындағы әрқайсысы тек кана бір топ кұбылысты, процесті,
объективтік шындықты жан-жақты құрайтын жүйелік міпшілікті жекелеу (мысалы,
тергеу әрекетінін тактикалық тәсілдері);
—криминалистердің жұмысында қолданылатын әр түрлі криминалистикалық
объектілерді жіктеу, олардың қасиеттерін, белгілерін, байланыстары мен
қатынастарын, дәрежелері мен түсініктерін анықтау жатады.
Криминалистиканың ғылыми зерттеу әдістері туралы ілімі -
криминалистикалық әдістеме осы ғылымның кұрал сайманы болып табылады және
осы құрал сайманды қолдана отыра криминалистика ғылымы өз пәнін зерттеп
таниды. Жоғарыда көрсетілгендей криминалистиканың құрылымын түсіну үшін оны
төмендегіше бөлген:
— криминалистиканың жалпы теориясы;
— криминалистикалық техника;
— криминалистикалықтактика;
— криминалистикалық әдістемелер.
Осы жоғарыда көрсетілген тараулардың әркайсысын кысқаша түсініктері келесі
ережелермен ашылады.
Криминалистиканың жалпы теориясы деп — оның әлемтанулық қағидаларының,
теориялык тұжырымдамаларының, дәрежелерінің, түсініктемелерінің, әдістері
мен ережелерінің жүйесін, криминалистика пәнінің сыртқы және ішкі
байланыстарын айтамыз.

Криминалистиканың әдістері
Әдіс дегеніміз – алдын ала жүйеленіп жинақталған жалпы білімге
сүйенетін білім жолы десек те болады. Бұл жүйенің негізінде
білімдердің жалпы әдістері қолданылады. Криминалистика өркендеп даму
үшін қылмыстың жаратыласын, оны жасау мен жасыру туралы білімді
теориялық әдістерімен зерттейді. Диалектиканың дәрежелері мен зандары,
ғылыми фактілердің арасындағы байланыстарды анықтап, олардың жа-ратылысын
түсіндіріп, басты түсініктемелерінің қалыптасуына жол беріп, ғылыми
дәрежесін анықтайды.
Криминалистиканың әдістері екі түрге бөлінеді:
— жалпы (жалпы ғылыми);
— арнайы (арнайы ғылыми).
Жалпы ғылыми әдістеріне: талдау, аналогия, (анализ және синтез),
тұжырымдау, индукция мен дедукция; бақылау, өлшеу, салыстыру, суреттеп
жазу, эксперименттеу және модельдеу әдістері жатады. Аталған әдістер ойлану
нәтижесінің логикалық тәсілдері бола тұра, мұнымен ғана шектелмейді.
Аналогия, талдау, тұжырымдау, индукция мен дедукция әдістері, тек қана
ойлану қабілетінің нәтижесі ғана емес, жалпы тану процесінің түгелдей
жүргізілуі. Мысалы, алдын ала тергеу әрекеті өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Криминалистиканың әдістері
Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Криминалистика пәні жүйесі және міндеттері
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
Пәндер