БАҚ туралы заң
Жоспар
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Мәлімет жинау және ақпаратпен жұмыс жасау
2.2. БАҚ туралы заң;
2.3. Журналистикадағы конфликт
2.4. Журналистің міндеті мен құқықтары
2.5. Журналист қауіпсіздігі
III.Қортынды
Кіріспе
Freedom House мәліметіне сүйенсек, әлемдегі елдердің төрттен бір бөлігінде сөз еркіндігі жоқ. Өкінішке қарай, олардың қатарында Қазақстан да бар.
Журналист - әрбір азамат білуі тиіс ақпаратты жинап, жария ететін қоғам қызметкері. Оның кәсіби қызметі қоғамдағы кез келген мәселеге қатысты болуы мүмкін. Ал журналистің басты міндеті - қоғам алдындағы адалдығы.
Бүгінде журналистердің белгілі бір саяси күштің немесе тұлғаның "қолшоқпарына айналып кетті" дейтін пікір жиі айтылады. Расында да демократиялық принциптер ескерілмейтін автократиялық елдерде медиа нарығы үкіметтің монополиясына айналып жатады. Демек, олар сол ел билігін дәріптеуші күшке айналады.
Десе де, кез келген елде журналистің жазылмаған кодексін құрметтейтін, тек қоғамға қызмет ететін әріптестеріміз бар. Олар әділ шешімді іздеп, шындықты судың бетіне шығару жолында автократиялық билік немесе солшыл ұйымдар тарапынан қысымға алынады. Тіпті өміріне қауіп төнетін сәттер де аз емес.
Журналистерді қорғау комитетінің (Committee to Protect Journalists) мәліметіне орай, 2018 жылдың басынан бері әлемде 71 медиа қызметкері өлтірілген. Олардың 19-ын өлтіру мотиві анықталмаған.
Журналист өміріне қауіпті елдердің қатарында Ауғанстан көш бастап тұр. Жыл басынан Ауғанстанда 15 медиа қызметкердің өмірі қиылған болса, тізімді Мексика (9), Йемен (8), Сирия (7) және АҚШ (6) жалғастырады.
XXI ғасырдың басында журналистерге жасалған қастандық Азияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі елдерде жиі тіркелсе, соңғы онжылдықта Таяу Шығыс және Африканың солтүстігіндегі елдерде белең алды. Медиа қызметкерлері үшін ең қауіпті елдердің тізімі басында Латын Америкасының Бразилия, Колумбия және Никарагуа сынды елдері де жиі көрінеді.
Медиа саласында көпжылдық тәжірибесі бар ағылшын журналисі, әлемнің 30 елінде өкілдігі бар Ethical Journalism Network ұйымының президенті Айдан Уайт(Aidan White):
Журналистика саласының қалыптаса бастаған кезінен саяси тақырыпта жазатын медиа қызметкерлеріне қауіп көп болған. Бұл қазір де бар. Одан бөлек, бүгінгі қоғамда тыныш емес аймақтардан ақпарат тарататын соғыс журналистеріне де қауіп басым. Сондай-ақ, діни және расистік мәселелерді жазатын тілшілерге де экстремистік топтар тарапынан қауіп төнетінін жиі байқаймыз. Қоғамдық тұлға (public person) мен жеке тұлғаның (private person) айырмасын білмейтін елдердегі билік журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, олардың құқығын шектеуге бейім. Өкінішке қарай, әлемде ешбір ұйымды не саяси билікті қолдамайтын еркін медиа ресурстарының саны азайған. Журналистерді дайындауға, жалпы журналистика саласында жасалатын инвестиция көлемі де кеміген, - дейді ағылшын сарапшысы.[4]
I.Мәлімет жинау және ақпаратпен жұмыс жасау
Журналист шынайы оқиғаларды, фактілер мен құбылыстарды сипаттап, түсіндіреді. Сондықтан да, білікті журналист болу үшін жұрттың көбі біле бермейтін оқиғалар, фактілер мен құбылыстар туралы жазу керек. Оның үстіне, редакторлардың көбі әлдекім жасырғысы келетін дүниені ғана жаңалық деп мойындайтыны да бар. Журналист қарапайым адамға қарағанда көбірек біліп қана қоймай, дерек көздерін жылдам тауып, сол деректерді бір-бірімен байланыстыра білуі де керек. Осы тарау авторының ойынша, журналистің өзге функцияларының бәрі - тек ақпаратты белгілі бір формаға салып, көпшілікке таратуға мүмкіндік беретін техникалық машықтар ғана.
Сонымен, журналистің ең маңызды міндеті - эксклюзив ақпарат көзін табу. Ал ақпарат көзі деген не, қандай ақпарат көздері бар, оларды қайдан іздеп, олармен қалай жұмыс істеу керек?
Ақпарат көздері: анықтама
Халықаралық БАҚ тәжірибесіне сүйене отырып, автор ақпарат - қандай да бір мәліметті хабарлайтын ұйымдар, жеке тұлғалар немесе бір топ адам (ньюсмейкерлер) бола алады деп есептейді. Әлдеқандай құжат, кітап, картина, видео немесе аудиожазба ақпарат көзі бола алмайды - мұның бәрі тек ақпаратты жеткізудің түрлі құралдары ғана.
Мысалы: Дүниежүзілік банк жылына екі рет Global Economic Prospects (ғаламдық экономикалық перспективалар) атты баяндама жариялайды. Әлемдік және жекелеген елдердің экономикасы қалай өсетіні туралы болжамдарды қамтитын еңбекті дүниежүзі бойынша мыңдаған медиа таратады.
Беделді ақпарат құралдарының бірі - британиялық ВВС ақпарат көзі ретінде баяндаманың өзіне емес, оның авторы - Дүниежүзілік банкке сілтеме жасайды.[1]
Ақпарат көздерін мүдде топтарына қарай: мемлекеттік, жеке және эксперт ақпарат болып бөлінеді:
Заң актілері,
Қаулылар, жарлықтар және т.б.
Ресми статистикалық ақпарат Баяндама, есеп, лауазымды Тұлғалардың сөйлеген сөзі пікірлер, Архив құжаттары
Мемлекеттік органдар,
Мемлекеттік қызметкерлер
немесе мемлекеттік
органдармен мүдделес өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалар
Мемлекеттік
Корпоративтік (қаржы, басқару және
Т.б.) Есептеме
Ресми мәлімдеме, баспасөз
Хабарламасы
Пікірлер
Жарнама материалдары
Өзінің бизнес-мүддесін ойлайтын жеке компаниялар және олардың өкілдері
Жеке
Ұйымдық нысанына
Байланыссыз, қандай да
Бір мемлекеттік не жеке
Құрылымдардың мүддесін
Қорғамайды. Ғзи, ҮЕҰ,
Тәуелсіз эксперттер
Зерттеулері
Баяндамасы, сөйлеген сөзі
Пікірлері
Тəуелсіз эксперт
Ақпарат көздер
Ақпарат көздерімен жұмыс істеуде қолданылатын тәсілдер және ұстанымдар
Ақпарат ұсынудың недәуір көп қолданылатын үлгісі - пікір білдіру - ньюсмейкер мен журналист Арасындағы сөйлесу, журналист өзін қызықтыратын тақырып бойынша сұрақ қойып, ньюсмейкер оған жауап беруі. Әдетте журналиске мұндай мүмкіндік ньюсмейкерлер ресми мәлімдеме жасайтын ресми шаралар барысында немесе соңында туады.
Кез-келген ақпарат көзінен алынған ақпарат оны берген адам қаншалықты беделді екеніне де, осы ақпаратты жариялау қаншалықты резонанс тудыратынына да байланыссыз, жартылай не толық тексеруді қажет етеді. Бұл ретте мемлекеттік ақпарат көздерінің ресми ресурстарында жарияланған материалдар жеке тұлғалардың ауызша айтқан пікіріне қарағанда неғұрлым сенімді болып есептеледі. [1]
Ньюсмейкер - ағылшын тілінен аударған кезде, жаңалық жасаушы.
Ақпарат көздерінің барлығы ақпаратты өз атынан ресми түрде де, анонимдік шартымен де ұсына алады. Екінші тәсіл мемлекеттік қызметкер, жеке компанияның өкілі немесе эксперт қандай да бір себептермен: мансабына не өміріне қауіп төнеді деп қорыққаннан, не болмаса, өзі өкілдік етіп отырған құрылымды жария еткісі келмегеннен, корпоратив саясатқа қайшы келіп отырған жағдайда ресми мәлімдеме жасай алмағанда қолданылады. Әйтсе де, аты-жөнін жария еткісі келмеген Ақпарат көзінен алынған деректер мұқият тексерілуі керек. Өйткені, мұндай жағдайда журналист дерек берушінің қолшоқпарына айналып кету қаупі жоғары.
Аты-жөнін жария еткісі келмеген ақпарат көзі мен аноним ақпарат көздерін шатастырмаған дұрыс. Алғашқыларының аты-жөні де, лауазымы да әдетте журналистерге жақсы белгілі, тек олар оны оқырманға жария етпейді. Екінші жағдайда журналистердің өзінде ақпарат көзі туралы мардымды дерек жоқ. Мұндайда журналистің қолшоқпарға айналу қаупі арта түседі.
Ақпаратты анонимдік шартымен хабарлайтын ақпарат көздерімен істес болғанда, журналистің қолында өзі мен ақпарат көзі арасындағы әңгімеге дәлел бола алатын диктофон немесе видео жазбалары, ақпарат көзінің фотосуреті, оның журналистке жазған хаттары болғаны жөн. Анонимді берген ақпарат мұқият тексерілуі тиіс.
Көптеген елдердің заңына сәйкес, журналист ақпарат көзінің аты-жөнін тек сот ісі барысында ғана жария етуіне болады.
Ақпарат көздерін қолданғанда журналистер мына ережелерді ұстанғаны дұрыс:
+ Бедел - зерттеліп отырған мәселенің ауқымы қаншалықты үлкен болса,ақпарат көзінің салмағы мен беделі де соншалықты жоғары болуы керек; Мысалы: нақты мұнай кен орнының геологиясы мәселесін дәл осы кен орнын зерттеген геологпен, ал Қазақстанның жер қойнауы қаншалықты зерттелген деген мәселені геология ҒЗИ директорымен талқылаған жөн;
+ Сәйкестік - ақпарат көзі оқиғаға тікелей немесе жанама болса да қатысы бар, пікір білдіретін мәселелері бойынша жеткілікті құзыреті бар болуы керек; банк секторындағы мәселелер жөнінде макроэкономика саласының маманынан емес, банкте жұмыс істеген тәжірибелі қаржы маманынан мұхбат алған жөн;
+ Объективтік - журналист пайдаланатын ақпарат көздері оқиғалар мен құбылыстарды біржақты баяндамауы керек; қандай да бір қақтығыс немесе келіспеушілік туралы жазатын болсақ,тараптардың әрқайсысынан кем дегенде бір-бір дерек көзін пайдалануға тиіспіз.[1]
Ақпарат көздерімен жұмыс істеу жөніндегі
практикалық кеңестер
Ньюсмейкерлер базасы. Эксперттердің аты-жөні, лауазымы, телефон нөмірі мен поштасы көрсетілген деректер базасы. Excel немесе Access бағдарламасында жасалуы мүмкін. Қажет болған жағдайда спикерлерді мамандығы бойынша топтастырып, материал үшін қажет спикерлерді іріктеп алуыңызға болады.
Ньюсмейкерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларына, пошта таратылымдарына жазылу. Мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдар сайттарынан тікелей ақпарат алудың ыңғайлы тәсілі. Бұл ньюсмейкерлердің сізге қызық тақырыптар бойынша белсенділігін қадағалап отыруға, сондай-ақ, тақырыптар топтары бойынша жаңалықтар іріктеп отыруға мүмкіндік береді.
Бәсекелестерін алға тартып бопсалау. Нарыққа шолу жасау және бизнес-қақтығыстарға байланысты жағдайда нарық қатысушыларының бірі оқиға жөнінде пікір білдіргісі келмейтін кездер болады. Әлдене айту ниеті көбінесе осы компанияның бәсекелестері мәлімдеме жасап, пікір білдіріп қойған кезде ғана туындайды. Журналист ньюсмейкерге осыны хабарлауы керек.
Сенім. Кей кездері журналист ақпарат көздеріне сыйға - сый, қызметке - қызмет ұстанымымен қол жеткізе алады. Осының арқасында журналист пен оған ақпарат беруші адамның арасында сенімді қарым-қатынас құрылады. Ол қызмет сіздің БАҚ арқылы спикерге қызықты ақпаратты жариялау, сондай-ақ, журналистік қызметпен тікелей байланысы жоқ қолдау болуы да мүмкін. Алайда, журналист ньюсмейкердің қолшоқпарына айналып кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сондықтан, ақпарат көзімен қызметтен тыс қарым-қатынас орнатпай тұрып, журналист одан тәуелсіз болып қалу деңгейін бағалап, редакция саясатын да, өзінің жеке ұзақ мерзімді кәсіби мүдделерін де ескеруі керек.
Ақпарат берушінің журналистке сенім білдіруіне оның қандай да бір қызметі үшін алғыс айту емес, кәсіби біліктілігінің жоғары екендігі себеп болуы тиіс. [1]
2.2. БАҚ туралы заң
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің қызметін реттейтін заңнамасы айтарлықтай деңгейде халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Онда мемлекеттік шекарадан тәуелсіз ақпаратты еркін тарату қағидасы бекітілмеген. ҚР Қылмыстық кодексінде ел Президенті, Парламент депутаттары, билік өкілдерін қоса алғанда, лауазымды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғаудың күшейтілген шараларын қарастыратын бес бап бар. Жала жабу мен қорлау қылмыс санатына жатқызылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазаларының бір түрі ретінде қарастырылады.
БАҚ мен журналистерге жасалатын жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау жөніндегі шағымдар бойынша шағымдану ескілігінің мерзімі жоқ, моральдік зиянды өндіріп алу сомалары анықталмаған. Әкімшілік заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың қырықтан астам дербес құрамдары бар. Сонымен қатар, көпшілік жағдайда, санкциялар ретінде БАҚ шығарылымын (шығуын) тоқтата тұру және тоқтату қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң БАҚ мемлекеттік органдардың тарапынан жүргізілетін рұқсатнамалық тіркеуден өткізуді қарастырады.
БАҚ қызметі және сөз бостандығын қамтамасыз ету заңнамасын реформалау қарамақайшы әрекет болды. Либералды жаңартпалармен қатар, сөз бостандығын шектейтін нормалар да қабылданды.
Ақпарат көздерімен жұмыс істеудегі ерекшеліктер әр елде БАҚ жұмысын реттейтін жергілікті заң талаптарымен байланысты. Қазақстан заңындағы ақпарат көздерімен жұмыс істеу нормаларының бірнеше ерекшелігін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, БАҚ туралы Қр заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндетті. Журналистердің дербес деректерді жинауына рұқсат берілген. Алайда, дербес деректер және олардың қорғалуы туралы Қазақстан Республикасның заңының сәйкес нормалары бұзылмауы керек. [1]
Осы аталған заңның 18-бабына сәйкес, Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге немесе беру мерзiмiн не беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi. Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс делінген заң бабында. Ақпарат беруден бас тарту жағдайында сотқа шағымдануға болады. Қандай да бір деректердің шығу тегін, олар қай кезде және қай жерде жарияланғаны жөнінде түсінігі бар журналист үшін ақпарат іздеу оңайырақ болмақ. Мысалы, барлық дерлік ашық статистикалық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, сондай-ақ, Ұлттық банк сайтынан , кеден статистикасын - Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, құқықтық статистиканы - Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің сайтынан табуға болады.
Қазақстан Республикасының парламентінің 2011 жылға арналған заңнамалық жұмыстар жоспарында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңға өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылмаған. Абырой мен қадір-қасиетті қорғау істері бойынша шағымданудың ескілік мерзімін 1 жылға дейін шектеу ҚР 1991 жылғы Баспа туралы заңында қарастырылған. Оның орнына 1999 жылы қабылданған Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнан бұл норма алынып тасталынды. Шағымдану мерзімінің ескілігіндегі шексіздік іс жүзінде қиянатшыл мақсаттарда қолданылып, БАҚ үрейлендіру құралына айналды. Осылайша, 2011 жылы Алтын Орда газетіне (Атырау облысының жеке меншік газеті) 2002 жылғы басылымдар бойынша шағым жасалды. Мұндай фактілер жыл сайын орын алуда. 2002 жылдан бастап, елдің журналистік қауымдастығында абырой мен қадір-қасиетті қорғау істер бойынша шағымданудың ескілік мерзімін шектеу қажеттігі туралы мәселе көтеріліп келеді. Заңнамалық ұсыныстар бойынша депутаттар мен мемлекеттік құрылымдардың уәкілетті жетекшілерінің пікірлемелерінде осы ұсыныстың қабылдануы адамның жеке мүліктік емес құқықтарын негізсіз шектейді деп қарсылық білдіріп отыр.
Кәсіби журналистік қызметке байланысты айыптаулар бойынша 2 журналист бас бостандығынан айыру орындарында жатыр. Мемлекеттік құпияларды жариялаған деген айыппен (1-бап 3 тармақ Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизмді немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға тыйым салынады.) 2009 жылы 8 тамызда үш жылға бас бостандығынан айырылған Алма-Ата-Инфо газетінің бас редакторы Рамазан Есергепов ортақ тәртіп колониясында жазасын өтеуде. Қылмыстық қудалаудың себебі 2008 жылдың 21 қарашасында Алма-Ата Инфо газетіндегі жарияланған Елді кім басқарады - президенте пе, әлде ҰҚК ме? атты мақаласы болатын. Журналист 2009 жылы 6 қаңтарда қамауға алынды. Осы уақыт аралығында ол жазасын өтеу тәртібін жеңілдету туралы бірнеше мәрте өтініш жасады. Барлық жағдайларда, Есергепов түзелу жолына түспеген деген тұжырыммен бас тартылды.
Сот тарапынан пара алу деп анықталған, ақпаратты сатып алу талпынысы үшін 2008 жылы маусым айында 3 жылға бас бостандығынан айырылған Закон и правосудие газетінің бас редакторы Токберген Абиев бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде.[5]
2010 жылы, 2009 жылғы жағдай сияқты, БАҚ жиыны 17 млн. АҚШ долларын құрайтын сомаға моральдік зиянды өндіріп алу туралы шағымдар жасалған. Осындай шағымдарды қабылдаған сот шешімдерімен 2009 жылы Тасжарған және Республика. Деловое обозрение атты оппозициялық газеттер қаусап, жабылып қалды, 2010 жылы Уральская неделя газетіне қатысты дәл осындай үкім шығарылды.Тәуелсіз және оппозициялық Интернет басылымдарын қамалаудың кем дегенде 100 астам жағдайлары тіркелді.
2009 жылы шілде айында Қазақстан Президенті Интернет желісіне қосымша қадағалау орнатқан Ақпараттық-коммуникативті желілер туралы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Заңға сәйкес, барлық Интернет-ресурстар (сайттар, блогтар, чаттар, форумдар, Интернет-дүкендері мен т.б.) БАҚ теңестіріледі, ал олардың иелері журналистермен қатар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, Заң Интернет-провайдерлер мен сайт иелерін Интернет-ресурстарында тіркелу кезінде жазылатын Интернетті пайдаланушылар мен абоненттердің жеке мәліметтерінің бәрін екі жыл бойы сақтауға міндеттеді. Сондай-ақ, осы заң бойынша кез келген БАҚ тоқтату мен жабудың жаңа негіздері енгізілген.
2009 жылы желтоқсан айында Азаматтардың құқықтарын қорғау және жеке өмірлеріне қол сұқпаушылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды. Заң бойынша тұлғаның жеке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз жинау және БАҚ арқылы тарату үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза енгізілген.
2010 жылдың маусымында Ұлт көшбасшысы туралы заң ҚР Қылмыстық кодексіне Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Ұлт Көшбасшысына көпшілік алдында тіл тигізу және абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғушылық, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Ұлт Көшбасшысының суреттерін қорлау, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Ұлт Көшбасшысының заңды іс-әрекетіне кедергі жасау туралы жаңадан 317-1-бап енгізілді. БАҚ көмегімен жасалатын аталған әрекеттер үшін ірі көлемді айыппұлдан (4 мың доллардан бастап) үш жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалардың қолданылуы қарастырылған.
2009 жылы 6 ақпанда Азаматтық кодекске енгізілген өзгертуді жағымды қатарға жатқызуға болады, оған сәйкес Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадірқасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағұлматтарды сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы деген 143-баптан егер ондай мағұлматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса деген шарт алынып тасталынған.
Осындай барлық құқықтық жаңартпалар пікір білдіру еркіндігі мен ақпаратты шектеусіз алу және тарату қағидасына қайшы келеді. Сонымен қатар, жағымды өзгертулердің де орын алғанын айта кеткен жөн. Осылайша, 2010 жылдың желтоқсан айында Парламент Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдады. Оған сәйкес, заңды тұлғалар ар-намыс пен қадір-қасиеттерін қорғау жөніндегі сот дауларында моральдік зиянның өтелуін талап ету құқығынан айырылады.
Тұлғаны жемқорлық қылмыс жасаған деп айыптаумен байланыссыз жала жабу мен қорлауға қатысты әкімшілік преюдиция институты енгізілген. 129-бап (Жала жабу) және 130-бапқа (Қорлау) өзгертулер енгізілген. Осылайша, 129- баптың 2 бөлігінде (БАҚ арқылы жала жабу) сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салудың орнына материалдық шығындарды екі еселі өтеу туралы ұсыныс жасалған, алты айға дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жазалау алып тасталынған. Қоғамдық және түзету жұмыстары, бас бостандығын шектеу және айыру түріндегі жазалаудың барлық қалған түрлері бұрынғы күйінде қалдырылған. Журналистік қауымдастықтың жала жабу мен қорлауды қылмыс санатына толық жатқызу туралы ұсыныстарын заңға енгізілмеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 155-бабы Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі мыналарды орнатады:
:: Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергi келтiру - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысыныңмөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
:: Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет - екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 352-бабында Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау былай делінген:
:: Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
:: Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осылайша, журналистің кәсіби заңды қызметіне кедергі келтіру үшін жауапкершіліктің ауқымы өте кең. Ал іс жүзіндегі қиыншылық мынада: Әділ сөз қоры жүргізген мониторинг мәліметтері бойынша, журналистердің құқық қорғау органдары мен соттарға бірнеше мәрте сәйкес өтініштер берулеріне қарамастан, 2001 жылдан бастап осы баптар бойынша ешбір адам жауапкершілікке тартылған жоқ.
2.3.Журналистикадағы конфликт
Халықтың сөзін сөйлеп, үкіметті сынау - баспасөзге де, журналистке де ұпай әперетін ең оңай әрі ыңғайлы жол. Үкімет қайда қарап отыр?, Әкімдер халықтың қамын неге ойламайды?, Қазақтар өз елінде неге үйсіз жүреді? деген елдің құлағына жағымды болғанымен, кикілжіңнің табиғатын түсінуге, оны түбегейлі шешуге еш жәрдемдеспейтін жауапсыз мәлімдемелер. Әсіресе, ушығып тұрған кикілжің кезінде бұл әдіс тіпті отқа май құйып, жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберуі мүмкін.
Кез-келген конфликтінің түпкі себептерін, оның даму кезеңдерін, оны қоздырушы факторларды, негізгі табу керек. Әрине, журналист - ғалым емес, оқиға орнынан шұғыл репортаж беруге бара жатқан тілшінің мәселені зерттеп отыруға уақыты да жоқ. Сондықтан, кез-келген кикілжіңнен хабар жазуға бара жатқанда есте ұстайтын басты қағидаларды ұсыну керек.
Конфликт - мақсат-мүдделері қабыспаған (бір суреттен әркелкі бейнелерді көрген) адамдар мен топтардың арасындағы пікір қайшылығы, яғни ол - өміріміздің бір бөлшегі. Тек ашық әрі сау қоғамда ғана конфликт болады. Әрі ол бейбіт әрі өркениетті диалог түрінде өтеді. Мұндай конфликт қоғамға өте қажет, соның арқасында қоғам алға жылжиды, проблемаларды сыртқа шығарып, оны шешудің өркениетті жолдарын қарастырады.
Мәселені бейбіт жолмен шешуді үйренбеген, демократиялық саяси жүйе қалыптаспаған мемлекеттерде конфликт қақтығысқа, күш қолдануға ұласып кетеді. Мұнда кейде журналистер басты рөл ойнайды. Иә, отты тұтандыруға журналистердің білместігі себепкер болады.
Қоғамдағы кез келген конфликт (әлеуметтік, саяси, ұлтаралық, дінаралық, т.с.с.) - астары көп, күрделі әлеуметтік құбылыс. Сондықтан, бір дау-дамай туралы хабар бермес бұрын оның табиғатын аз да болса түсініп алу керек. Оның табиғатын түсіну дегеніміз - оның қай кезеңде тұрғанын және оған қатысушы тараптарды анықтау. Журналист үшін мұның екеуі де өте маңызды.
Конфликт кезеңдерін үш бөлікке бөлеміз:
конфликтіге дейінгі
конфликт кезіндегі
конфликтіден кейінгі
Бірінші кезеңде тараптар мүдделер алшақтығын сезініп, оны эмоциясыз, салмақты түрде талқылай бастайды. Бұл - мәселені байыппен талқылап, ушықтырмай шешуге ең ыңғайлы кезең. Мұнда журналист мәселені ортаға салып, оны шешу жолдарын құзырлы органдарға, үкіметке ұсынуы керек.
Конфликтінің белсенді кезеңі әдетте болмашы бір оқиғадан басталады. Бұл оқиға шешілмей келе жатқан үлкен мәселені қоздырып, тараптарды белсенді әрекетке, зорлық-зомбылыққа итермелейді. Басқаша айтқанда эскалация басталады. Бұл кезеңде адамдар рационалды ойлай алмай қалуы мүмкін. Журналист те сол қоғамның өкілі болғандықтан, ол да бір тарапты жақтап, отқа май құя түседі. Дәл осы жағдайда сезімтал журналистиканың рөлі орасан зор.
Кикілжің белгілі бір себептермен саябырсып,басылған тұста да журналистің жұмысы өте маңызды. Бұл кезеңде олар екі жақтың арасында өзара түсіністік пен сенім қалыптастыруға тырысуы керек. Конфликт үнемі тек екі тараптан тұрмайды, онда тасада тұрған ойыншылар, ықпал етуші,арандатушы жақтар болуы мүмкін. Сондықтан, бір кикілжің туралы жазардың алдында ойша болса да оның картасын жасап алыңыз. (төмендегі сурет бойынша 3сурет)
Сезімтал журналистика
Қақтығыстар көп болған елдерде conflict reporting дегеннің орнына peace journalism, conflict sensitive journalism деген ұғымдар қалыптасқан, қазақшаласақ, бейбіт журналистика, сезімтал журналистика деуге болады. Бұлардың басты мақсаты - конфликтіні текетірес, бітіспес дау-дамай
емес, қоғамдағы объективті құбылыс ретінде сипаттап, оның зорлық-зомбылыққа ұласып кетуіне жол бермеу.
Физикалық зорлықтан (күш немесе қару қолдану, мүлікті талқандау, т.с.с.) бұрын мәдени зорлық болады. Журналист көбіне байқамай немесе білместікпен осы процеске белсене араласып кетеді. Кейде тараптардың пікірін өзі айтып, бейтараптық принципін бұзып жатса, кейде шындықты беремін деп олардың жаулық сипаттағы сөздерін жариялап, жағдайды одан сайын ушықтырады.
мәдени зорлыққа мыналар жатады:
Жаулық сипаттағы сөздер (hate speech) - ұлттық, діни топтардың бір-бірі туралы жағымсыз пікір айтып, бір-бірін айыптауы, онда кекесін мен мысқылдың, өшпенділіктің болуы.
Ксенофобия - бір топтың екінші бір топқа қатысты жағымсыз стереотиптерін факт орнына пайдалану, менмендік, үстемдік, өшпенділік, тарихи фактілерді бұрмалау, орынсыз қорқыныш, үрейді насихаттау.
Соғыстың батырлары туралы аңыздар - жауды жеңген батырлар туралы әңгімелер екінші тараптың намысына тиеді, ол адам бір жақ үшін батыр болса, екінші жақ үшін қылмыскер саналуы мүмкін.
Күш қолдануды ақтау - қорғану, кек алу, жерді қайтару, намысты қолдан бермеу сияқты түрлі себептермен күш қолдануға болады деп жазу арқылы журналист бір жақтың ығына жығылып, жағдайды одан бетер ушықтырады.
Сонымен, сезімтал журналист қандай қағидаларға сүйенуі керек?
A. Конфликтіні бір-біріне қарама-қарсы екі топтың қақтығысы деп сипаттамау керек. Оның орнына елеусіз қалған көзқарастарды, өмірлік оқиғаларды суреттеңіз, конфликтіні жекелеген топтардың, адамдардың әркелкі тағдырлары ретінде көріңіз. Мәселен, украинадағы конфликт кезінде жаралы солдаттарды да, демонстранттарды да емдеген дәрігерлер, Грузиядағы конфликт кезінде солдаттарға гүл сыйлаған балалар, т.с.с.
B. Үнемі бір-біріне ашық саяси талап қоя беретін, жұртқа белгілі көшбасшылардың дәйек сөздерін бере бермеңіз. Қарапайым адамдардың арасына барып, солардың пікірін беріңіз.
C. Екі жақты бөліп тұрған жайттарды емес, керісінше, ортақтастыратын нәрселерді табуға тырысыңыз. Олардың мақсат-мүдделері тоғысатын тақырыптарға көбірек назар аударыңыз.
D. Жапа шегіп жатқандарды, қорқыныш пен үрейді айта бермеңіз. позитивті оқиғаларға, өмірлік көріністерге назар салыңыз.
E. Тараптардың қиындықтарын сипаттағанда екі жаққа теңдей қараңыз, бір жақты агрессор,екінші жақты жапа шегуші етіп көрсетпеңіз.
F. Бір тарапқа лайықсыз ат қоюға тырыспаңыз. Террорист, басқыншы деген сөздерді орынсыз қолданбаңыз, екінші тараптың пікірін ескеріңіз, олардың орнына бейтарап сөздер қойыңыз.
G. Қылмысты ұлтпен, нәсілмен байланыстырмаңыз, қылмыскер туралы материал бергенде оның ұлтын көрсетпеңіз.
2.4.Журналистің міндеті мен құқықтары
Журналистің ең негізгі міндеттерінің бірі - ақпарат тарату. Болған оқиға туралы жан-жақты мәлімет беру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң бойынша, журналистің ақпарат іздеуге, алуға және таратуға құқығы бар.
БАҚ заңының 20-бабында журналистің құқықтары толық көрсетілген. Журналист мемлекеттік және басқа да меншік нысанындағы ұйымдарға барып, ақпарат ала алады. заңмен тыйым салынбаған болса, аудио, видеожазбаларды жаза алады. Журналист ретінде апат болған жерлерге бара алады, митингілер мен демонстрацияларға қатыса алады. Сонымен бірге,заң бойынша, журналист ақпараттың дұрыстығын тексеруге де құқылы. Дұрыс-бұрыстығын тексеру
кезінде кәсіби мамандарға да жүгіне алады. Көріп отырғанымыздай, журналистің құқықтары көп. Сонымен бірге, журналистің міндеттері де бар. Журналист еліміздің заңдарына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді атқаруы тиіс. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауы керек.
Сенімді ақпарат көзі деген не?
Мемлекеттік органда, халықаралық ұйымда немесе басқа да кез келген мекемеде жұмыс істейтін(немесе істеген) жақын танысыңыз арқылы жеткен ақпарат. немесе белгілі бір оқиға, жағдай туралы жан-жақты хабардар жекелеген тұлғалар тарататын мәлімет. Кейбір құжаттардың (қаулы, бұйрық, тағы басқа ішкі құжаттар) көшірмесі, скриншоттар.
Сенсация! Шындыққа жанаспайды деп айта алмайсыз, қолыңызда дәлел бар. Бірақ, соған қарамастан, ол ақпаратты жария етуге болмайтын жайттар болады. заң бойынша...
Заң бойынша: Тіліне, дініне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік немесе топтық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық адамның құқығы тең және оған қол сұғуға болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz