Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Дәнді бұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
2.2 Дәнді бұршақ дақылдарын зиянкестерімен биологиялық күресу шаралары
2.3 Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Кіріспе
Еліміздің ауыл шаруашылық өндірісі негізінен екі саланы-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоимай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібіне тұрған мәселелерінің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы-жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Қазіргі кезде өсімдік шарушылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманға ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану,қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ,неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды-дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдары ж.б қарастырылады.
Қазақстанда соңғы жылдары өсімді шаруашылығы маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі мен өнімі келтірілген.
Өсімдік шаруашылығы барынша ауқымды егістік аумағы дәнді дақылдары (бидай, жүгері, арпа, күріш, сұлы, тары) үлесінде. Еліміздің жыл сайын 15млн. га астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі.
Астық емес дақылдарын елімізде майлы дақылдар кеңінен өсіріледі (күнбағыс, рапс, қыша, майбұршақ, мақсары ж.б). Өсімдік майы тамақ өнеркәсібінде медицинада, техникалық және т.б мақсаттарында кеңінен пайдаланады. Соңғы жылдары, өсімдік шаруашлығы диверсификацияға байланысты, майлы дақылдардың егістік аумағы күрт өсті.
Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлейді. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Көптеген елдер өсімдік қорғауда экологиялық таза технологияларға белсенді түрде өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдікті зиянкес - терден қорғау - бұл тек пестицидтермен өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан.
Қазақстанда 1991 жылға дейін бірнеше ондаған биозертханалар жұмыс істеген, биоәдісті қолдану көлемі 400 мың гектардан астамды құраған, соның ішінде мақтада - 250 мың га, жеміс дақылдарында - 20 мың га, көкөніс дақылдарында - 35 мың га. Мысалы, 1987 жылға дейін бір ғана Алматы облысында трихограмманы 25 мың гектардан астам жерге, ал биопрепарат-тарды 7,5 мың гектарға қолданып, улы химикаттарды қолдану көлемін айтарлықтай төмендеткен.
Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы 20 жылда биоәдіс бойынша ғылыми зерттеулер және оны өндірісте қолдану 1990 жыл - дар - дағы экономикалық дағдарыстың, аграрлық қайта құрулардың, ғылымға бөлінетін қар - жының қысқаруының және импорттық пестицидтердің рынокты жаулауы әсерінен тоқтады.
Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың артуы, бұл қоршаған ортаның ластануына, пестицидтерге төзімді зиянкестердің пайда болуына және улы химикаттар табиғи экобиожүйенің жойылуына әсерін тигізеді.
Адам денсаулығына улы химикаттардың кері әсер етуінің ең аса қауіпті фак - торлар - дың бірі - ол бүрку кезінде адамдардың улануы, өсімдік және жануарлар, азық-түлік өнімдерінде токсикологиялық қалдықтар - дың жинақталуының әсерінен әртүрлі онко - логиялық және аллергиялық аурулардың жаңа туылған балаларда пато - логиялық белгілерінің пайда болуы.
Егістіктерде тонналап пайдаланған улы химикаттардың миллиардтаған шығы - ны жергілікті халықтың денсаулығы мен экологиясына орны толмас зақым келті - руде. Сөйтіп адам денсаулығына әсерін тигі - зетін тиімсіз улы химикаттар ауыз суға, мал жейтін өсімдіктерге, одан әрі адам организміне түсуі әлі де жалғасуда, бұдан басқа мақта егістіктерін өңдеу барысында ауылға жақын тұратын тұрғындар тұнып тұратын химиялық тұманмен дем алады. Адамдардың пестицидтермен улануынан, қоршаған ортаның ластануынан сақ - тау үшін биологиялық тәсіл химиялық тәсілден басымырақ болуы тиіс.
Биологиялық әдісті Қазақстанның оң - түстік және оңтүстік-шығыс - мақта, көкөніс, картоп, жеміс-жүзім, жылыжай шаруашылықтары дамыған өңірлерінде өркендету қажет. Болашақта жылыжай көлемі жүздеген гектарға жететін болады. Экологиялық таза, нақты әдісті және зиянды организмдермен күресу технологиясын жетілдіру, соның ішінде пайдалы бунақденелілер биоагенттерді және биопрепараттарды зиянкестерге қарсы қолда - ну ғылымның ең негізгі бағыты болып отыр.
Бұл ғылыми зерттеулердің нәтиже - сін - де зиянкестерден болатын шығынның тө - мен - деуіне және ауылшаруашылық өнді - рісінде қолданылатын пестицидтердің көлемінің қысқаратынына, қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау және Қа - зақстан Республикасының азық-түлік және экологиялық қауіп - сіз - ді - гін қамтама - сыз етуге қосылған ғылыми үлес болмақ.
Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау олардан алынатын жалпы өнімді арттырудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының алуан түрлі зиянкестеріне қарсы қолданылатын шаралардың маңызы барған сайын артып келеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерімен күресудің биологиялық әдісі оларға қарсы пайдалы бунақденелер - кенелер, өрмекшілер және микроорганизмдер, құстар т.с.с тірі организмдерді қолдануға негізделген.
Бұл тәсілдердің аса құнды ерекшелігі айналадағы қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамдарға пайдалы жануарлар мен бунақденелерге кері әсер етпейді және зиянкестерге қарсы күресудегі басқа тәсілдермен салыстырғанда арзанға түседі. Биологиялық әдіспен күресу үшін пайдаланылатын бунақденелер зиянды организмдердің жаппай көбейіп және таралып кетуіне жол бермейді, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдікті сақтау заңына да пайдалы әсер тигізеді.
Өсімдікті кешенді қорғауға көшу кәсіптік мамандар дайындауға талапты күшейтеді. Қазіргі кезде өсімдік қорғау мамандары зиянкестерді жақсы ажырата білумен қатар, оның табиғи жауларын да анықтаумен олардың агробиоценоздағы экологиялық өзгермелі жағдайға тиімділігін бағалап, қай тәсілді пайдалану керек екендігін шеше білу керек.

Негізгі бөлім
2.1. Дәнді бұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Бір ботаникалық бұршақ тұқымдастарына (Leguminosae - Fabaceae) жата отырып дәнді бүршақ дақылдары өсімдіктерінің биологиясында, алынатын өнімнің сапасында және өсіру технологияларында көптеген ұқсастықтар бар.
Дәнді бұршақ дақылдарына ақуызға бай кең ауқымды қосжарнақты өсімдіктер тобы біріктіріледі. Дәнді бұршақ түқымдасы барынша филогенетикалык жас және формалары бойынша аса көптүрлілігімен ерекшеленеді. Оған малазықтық және дәнді дақылдардың көпшілігі (асбұршақ, ноқат, сиыржоңышқа, атбас бұршақ, ноғатық, бадана, жасымық ж.б.) жатады.
Олардың негізгі ерекшелігі -- түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесінің энергиясымен атмосферальқ азотты байланысқан азотқа айналдырады да, көп мөлшерде тұқымдары мен бүкіл өсімдігінде ақуыз жинақтайды.
Ылғалға талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына дәнді астық дақылдарына карағанда көп мөлшерде ылғал қажет. Мәселен, тұқымның өне бастауы үшін олар өздерінің массасының 110-140% ылғал сіңіруі керек, ал транспирациялық коэффициенті 400-ден 800-ге дейін өзгереді. Олар сыз сулары төмен топырақтарды нашар көтереді. Атбас бұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ, сонымен бірге асбұршақ та ылғалға жоғары талап қояды, сондықтан оларды ылғалды аудандарда өсіреді. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына ноқат пен ноғатық жатады, ал жасымық пен бадана аралық жағдайды иеленеді.
Жарыққа талаптары. Күннің үзактығына қатынас деңгейі бойынша дәнді бұршақ дяқылдарын үш топқа ажыратады: ұзақ күннің өсімдіктері (асбұршақ, жасымық, ноғатық, бөрібұршақ, атбас бұршақ), олардың өсіп-даму кезеңдері жарық күннің ұзаруына байланысты қысқара береді; қысқа күннің өсімдіктері (майбұршақ және бадананың кейбір түрлері - маш), бұлардың өсіп-жетілу кезеңі күннің қысқаруына карай жеделдетіледі; бейтарап өсімдіктер тобы (бадана мен ноқаттың көптеген сорттары). Алайда дерлік әрбір дәнді бұршақ дақылының күннің ұзақтығына бейтарап қарайтын сорттары болады. Қысқа күннің өсімдіктерінің өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңі солтүстік жағдайында ұзара түседі, ал ұзақ күннің өсімдіктерінде бұл құбылыс оңтүстік жағдайында байқалады.
Топыраққа және қоректенуге талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына барынша қолайлысы орташа байланысқан, әлсіз қышқыл немесе бейтарап, фосфор, калий және кальцийдің жеткілікті мөлшері бар саздақ және орташа құмдақ топырақтар болып табылады. Олар қышқыл топырақтарда нашар өседі және кальций қоректік затын көп шығындайтындықтан ондай топырақты известеуді қажет етеді. Бөрібұршақта басқаша, ол қышқыл және құмдақ топырақтарда жақсы өседі, алайда топырақтағы известің артық мөлшерін көтере алмайды. Құмдақ (жеңіл) топырақтарда далалық асбұршақты мал азықтық мақсаттарға өсіруге болады.
Түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсімдіктер симбиозын анықтайтын факторлар.
Топырақ ылғалдылығы. Түйнек бактерияларының оңтайлы даму ылғалдылығы ТЫС-тың (төменгі ылғалсыйымдылыктьң) 70% шамасында. Түйнек бактерияларының топырақта әлі даму мүмкіндігі бар ең төменгі ылғалдылық мөлшері - шамамен толық ылғалдылықтың 16% деңгейінде. Мұндай шектен төмен ылғалдылықта түйнек бактериялары әдетте көбеймейді, алайда өліп те калмайды, тек қана пәрменсіз күйде ұзақ сақталады.
Температура. Бұршақты өсімдіктердің, түйнек бактерияларының түзілуінің және азот фиксациясы қызметінің оңтайлы температуралары бір-біріне сәйкес келмейді. Түйнектердің түзілуі 0°С-дан біршама жоғары температурада жүре алады, ал азот фиксациясы тек 10°С-дан жоғары болғанда басталады. Барынша жоғары (максималды) азот фиксациясы бірқатар бұршақ өсімдіктерінде 20-25°С-дан жоғары жылылықта байқалады.
Топырақ реакциясы түйнек бактерияларының тіршілігі мен түйнектерінің түзілуіне көп әсер етеді. Түйнектердің түзілуі үшін әлсіз қышқыл немесе бейтарап орта қажет, рН = 3,5 болганда бактериялардың Rhizobium штаммаларының барлығы опат болады.
Нитрагин қолдану. Азот фиксациясын жасайтын бактериялардың түзілуі мен қызметін күшейту мақсатында дәнді бұршақ дақылдарының түқымдарын таза түйнек бактерияларымен (нитрагинмен) өңдеудің маңызы зор.
Түйнек бактерияларының қызметін пәрмендендіре отырып өсімдіктердің азотты қоректенуін жақсартатын микроэлемент - молибден. Ол азотфиксациясын күшейтетін нитратредуктаза ферментінің құрамына кіреді. Егер топырақта молибден жеткіліксіз болса (1 кг топырақта 0,15 мг-нан кем болғанда), онда оны қолданудың тиімділігі өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау шаралары
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Зиянды бақашық энтомофагтары
Жеміс ағаштарының зиянкестері
Энтомофагтардың биологиясы
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Бунақденелердің қан айналу жүйесі ашық
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Пәндер