Жылыжайдың зиянкестері


Алматы 2018
Жоспар:
1. Kіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Жылыжайдың зиянкестері
2. 2. Жылыжай зиянкестерімен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.
Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т. б. ) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) өсіреді.
Көкөніс - тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т. б. ) . Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыржемістілер - тарна, асханалық қызылша, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; жапырақтылар - қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; жемістілер - томаттар, баялдылар, тәтті бұрыш, ащы бұрыш, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсарлар, гүлді капуста, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі; баданалылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады) - шалқан пияз, сарымсақ, порей, батун пияздары, шнитт пиязы. Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, тмин, жалбыз, майоран, қияр шөбі, эстрагон.
Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп - крахмалға, ал асханалық қызылша - қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде - организмде Д витамині құрылатын - каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк - хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі. Көкөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар) . Көкөністердің жұғымдылығын сақтап қалу үшін оларды дұрыс өӊдеп, содан кейін барып әзірлеу керек.
Сурет-1. Жылыжай-Greenhouse
2. Негізгі бөлім
2. 1. Жылыжайдың зиянкестері
Көкөніс дақылдары теплицалар мен парниктерде және басқа жылы жайларда жасанды климатта өсіріледі. Егіс даласымен салыстырғанда мұнда ауа мен топырақтың температурасы және ылғалдылығы әдетте жоғары және топырақтың құрамы мен оған түсетін жарық та өзгеше болады. Мұндай арнайы жағдайлар және осы дақылдардың басқа дақылдармен алмастырмай өсірілуі зиянды организмдердің көптеген түрлерінің жаппай көбейіп, қорлана беруіне мүмкіншілік туғызады.
Жылы жайларда өсірілетін көкөніс дақылдары зиянкестерінің фаунасы 2 топтан тұрады: ашық алаңдарда үнемі кездесетін қолайлы жағдайда еніп кететін кәдәмгі түрлер(капуста шыбыны, крестгүлділер бүргесі, бұзаубас, қара шегірткелер, сымқұрттар, жалаңаш шырыштылар, бітелер, темекі трипсі, өрмекші кенелер және т. б. ) ; басқа жерлерден, көбінесе оңтүстік аудандардан әкелінген, жылы жайларды мекендеуге бейімделген жылу сүйгіш түрлер( теплица ақ қанаты, беріш нематодалары және т. б. ) .
Теплицаларда және басқа жылы жайларда өсірілетін көкөніс дақылдарын зақымдауға маманданған зиянкестердің барлығының дерлік ауыз аппараты шаншып-сорғыш, полифагтар және көбею потенциалы жоғары дәрежеге көтерілген поливольтинді түрлер. Мұндай ерекшеліктерде олардың теплица жағдайында (температура мен ылғалдылық жоғары болуы, дақылдардың ұзақ уақыт, кейде жыл бойы, үзіліссіз өсірілуі) олардың қарқынды түрде жаппай өсіп-өніп көбеюіне мүмкіншілік тудырады.
Бітелер- Aphididae. Қазақстан жағдайында теплицаларда өсірілетін қияр, томат, бұрыш, салат, балдыркөк, ақ желкек және басқа көкөніс өсімдіктерін бітелердің бірқатар түрлері зақымдайды. Олардың ішінде әсіресе жиі кездесетіндері:шабдалы бітесі(Myzodes persicae Sulz. ), бақша бітесі (Aphis gossypii Glov. ), кәдімгі картоп бітесі(Aulacorthum solani Kalt. ), үлкен картоп бітесі(Macrosiphum euphorbiae Thom. )
Бұлардың барлығы жыл бойы партеногенетикалық жолмен және диапаузасыз дамиды. Сондықтан олардың суыққа төзімділігі жоғары дәрежеде болмайды да қыс кезінде теплицаларды паналап, жыл бойы үзіліссіз өсіп-өніп көбейе береді.
Бітелер әсіресе ауаның температурасы 23-25 0 С, салыстырмалы ылғалдылығы 70-85% болған жағдайда өте жылдам дамиды. Бір ұрпағының дамуы 6 күннен 12 күнге дейін созылады, ал бір аналық бітенің табатын жұмыртқа саны 50-100 данаға дейін жетеді. Сондықтан өсімдіктерде бітенің ірі-ірі жаңа колонияларының пайда болып тұруын қысқа мерзім ішінде-ақ байқауға болады.
Зиянкестердің сорып қоректенуі әсерінен өсімдіктердің жапырақтары ширатылып қалады. Сонымен қатар бітелердің денесінен шығатын желім тәрізді тәтті заттарды саңырауқұлақтар мекендеп, жапырақ бетінде жұқа қабықша пайда болады. Осының салдарынан жапырақта ассимиляция және зат алмасу қиындайды. Зақымданған өсімдіктердің өсуі тежеледі, гүлдерінің біразы қурап қалады, жемістері пісіп-жетілмейді. Сонымен қатар бітелердің бірқатар түрлері вирус ауруларын тасымалдаушы болады.
Сурет-2. Біте-Aphidae
Теплица ақ қанаты- Trialeurodes vaporariorum Westw. Тең қанаттылар (Homoptera) отрядының ақ қанаттылар (Aleyrodidae) тұқымдасына жатады. Тропикалық насеком, Қазақстанда негізінен теплицалар мен оранжерияларда мекендейді.
Ересегінің ұзындығы - 1, 5 мм жетеді, жалпы түсі сары, қанаттары ұн тәрізді ақ. Жұмыртқалары ұзынша келген өте ұсақ 0, 24 мм және сабақшалы. Дернәсілдері ақшылдау жасыл, көздері қызыл, ұзынша сопақтау келген, денесін балауыз жауып тұрады, құрсақ ұшында екі жіпшесі бар, ұзындығы 0, 29 мм.
Аққанаттылардың аналықтары жұмыртқаларын 10-12 данадан топтап өсімдіктің жас жапырақтарының астыңғы бетіне салады. Дернәсілдер 2-3 күннен кейін шығады да 10-13 күннен кейін нимфаларға, одан соң 10-12 күннен кейін ересек жәндікке айналады. Зиянкестің аналықтары 25-30 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 130 шамасындай жұмыртқа салады. Теплицаларда зиянкес жыл бойы үздіксіз көбейіп, 10-15 ұрпаққа дейін бере алады. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына әсіресе жұмыртқалары мен аналықтары төзімді келеді- температураның 50 0 С, кейбір жағдайларда -12 0 С төмендеуіне төзе алады.
Ақ қанаттылардың өздері және олардың дернәсілдері жапырақтың шырынын сорып және оны денелерінен бөлініп шығатын желім тәрізді сұйық заттармен ластап, қатты зиян келтіреді. Зақымданған жапырақтарды күйе саңырауқұлақтары мекендеп, ауруға шалдығады. Нәтежиесінде жапырақтар мерзімінен бұрын түсіп қалады да өсімдік әлсіреп, түсімі кемиді.
Сурет-3. Теплица ақ қанаты- Trialeurodes vaporariorum Westw.
Кәдімгі өрмекші кене- Tetranychus urtica Koch. Микроскопиялық ұсақ зиянкес, ересек аналықтардың ұындығы - 0, 3-0, 6 мм, аталықтардың ұзындығы - 0, 2-0, 3 мм. Түстері жазда сарғыш-жасыл, күзге сары-кызыл, қысқа қарай - қызыл-қоңыр. Өрмекші кене мақта өсімдіктері жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Ауыз аппараттары шаншып - сорғыш. Жапырақта закымданған жерлері астынан қоңырланады, үстінен қызарып кетеді. Зақымдалған өсімдіктің өсуі тежеледі, жапырақтары, түйіншелері мен көсектері түсіп, ал қауашақтары жеңілдеп калады. Қатты закымданғанда бұталар өнім бермейді. Өрмекші кене тез өсіп-өніп көбейеді. Аналықтары 100-140 жұмыртқа салады. Бір маусымда кене 15-18 ұрпақ беріп дамиды.
Ұрыктанған аналық кенелер топырақтың үстіңгі қабатында, өсімдік қалдықтарының астында, ағаштардың қуыстары мен жарықтарында қыстайды. Ерте көктемде, күн 8-10°С жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, арамшөптерде үйір-үйір болып көбейеді. Содан соң әр түрлі жолмен мақта өсімдіктеріне ауысады. Күндізгі жоғары температураның 23-25 0 C әсеріне байланысты популяцияның көпшілік бөлімі күннің қысқалығын сезбей, дамуын жалғастыра береді. Ал теплицаның температурасы 23 0 С төмен болатын салқындау жағын мекендеген аналық кенелердің біраз бөлігі (16-38%) қысқа күннің әсерінен өсімдіктерді тастап, диапаузаға кетеді. Реактивизациядан кейін олар өсімдіктерге қайта келіп, көбейе бастайды. Сондықтан қыс кезінде теплицияларда кенелерге қарсы күрес тәсілін ұйымаастыруда олардың алғашқы ошақтарын дер кезінде тауып алып, бірінші ұрпақтың аналықтарын құрту шешуші рөл атқарады. Егер осы кезеңді өткізіп алып, кенелердің жарым-жартысы қысқы диапаузаға кетіп үлгерген болса, онда барлық вегетациялық кезең ішінде зиянкестен құтылу қиынға соғады. Себебі диапаузаға кеткен аналық кенелер басқаларына қарағанда акарицидтердің әсеріне төзімді келеді. Өрмекші кене көкөністерден әсіресе қияр, қауын, асқабақ, қабақша дақылдарына қатты зиян келтіреді де қызылша, шпинат, аскөк, балдыркөк, ақжелек, бұрыш, томат өсімдіктерін аз дәрежедe зақымдайды. Ал пияз бен сарымсаққа және капустаға ешқандай зиян келтірмейді.
Сурет-3. Кәдімгі өрмекші кене- Tetranychus urtica Koch.
Беріш нематодалары- Meloidogyne Goeld. Түрліше терілі нематодалар (Heteroderidae) тұқымдасына жатады. Бұл туыстың 4 түрі және бір түр тармағы кездеседі. Солардың ішінде Қазақстанда кездесетіндері:оңтүстік беріш нематодасы(Meloidogyni incognita Kof. Et White ) және солтүстік беріш нематодасы (M. hapla Chit)
Нематоданың бұл түрлері оңтүстік аудандарда егістік далаларда да және жылы жайлардың барлығында да кең таралған. Ал басқа аймақтарда көбінесе ірі қалалардың төңірегіндегі теплицаларда кездеcеді.
Аналықтарының пішіні алмұрт тәрізді, ұзындығы 1, 5 мм жетеді. Денесінің бас бөлімі сүйір келеді. Аталықтары жіп тәрізді, ұзындығы 1, 7 мм жетеді. Жұмыртқалары өте ұсақ, (0, 01 мм) , пішіні бүйрек тәрізді.
Зиянкестің жұмыртқалары мен дернәсілдері өсімдік тамырларының қалдықтарында өліп қалған аналық нематоданың тері қабығының ішінде және топырақ арасында қыстайды. Олардың дамуы көктемде топырақтың температурасы 10-12 0 C жеткенде басталады. Дернәсілдер қыстап шыққан жерлерінен шығады да өсімдік тамырына еніп, біраз уақыт қоректеніп алған соң жыныс мүшелері жетілген ересек нематодаға айналады. Зиянкес мекендеген тамырларда диаметрі 3-5 мм және одан да үлкен беріштер пайда болады. Нематода жұмыртқаларын беріштің ішіне салады. Оның өсімталдығы өте жоғары- әр аналық нематоданың салатын жұмыртқаларының саны 2000 жетеді.
Беріш нематодалары-өсімдіктердің 300 аса түрлерімен қоректене алатын көп қоректі жәндіктер. Теплицаларда олар әсіресе томат пен қиярды қатты зақымдайды. Сонымен қатар олар баклажан, салат, аскөк, сәбіз және басқа көкөніс дақылдарына да едәуір зиян келтіреді.
Сурет-4. Беріш нематодалары- Meloidogyne Goeld.
Темекі трипсі- Thrips tabaci Lind. Зиянкестің теплицаға енуінің негізі көздерінің бірі-көшет пияздар. Ересек трипстер ұсақ, ұзындығы 1 мл. Ұрғашылары өсімдіктің жапырақтарына 100 шамасындай жұмыртқа салады. 3-5 күнде олардан дернәсілдер пайда болады. Пияздың етті қабыршақтарының арасында қыстап шыққан трипс көктемде көшет пиязбен бірге теплицаға енеді. Трипсінің бірінші ұрпағының дамуы теплица жағдайында 22-30 күнге созылады. Қиярдың бір вегетациялық кезеңінде ол тез өсіп-өніп, 6-8 ұрпаққа дейін береді. Трипсілер қоректенген жапырақтардың астыңғы бетінде ұсақ қара нүктелер бар ақшыл-сары дақтар пайда болады. Қатты зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қурап қалады.
Темекі өсімдіктерін, қозаны, қытай бұршағын, қиярды, асқабақты, пиязды, картопты, гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды.
Ересек трипсілер және олардың дернәсілдері жапырақтардың астыңғы бетінде және гүлшоғырларында топтанып тіршілік етеді де өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Өсімдіктердің зақымданған мүшелерінде алғашында бозарған ақшыл болып, кейіннен тотық түске айналатын дақтар пайда болады. Нәтижесінде өсімдіктің жапырақтары морт сынғыш әлсіз болып, өсуі баяулайды, никотиннің проценті кеміп, темекінің сапасы нашарлайды. Сонымен қатар трипс темекі өсімдігіне вирус ауруларын таратады (мысалы, томаттың қола вирусын) .
Сурет-5. Темекі трипсі- Thrips tabaci Lind.
2. 2. Жылыжай зиянкестерімен күресу шаралары
Өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді және теплицаның ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин (2, 5 л/га) мен инсекто-акарицидтердің біреуінің қоспасын бүрку. Инсекто-акарицидтерден мына препараттардың біреуін пайдалануға болады: карбофос 50 % к. э. (3 л/га), акрекс 50% с. ұ. (6-8 кг/га), актелик 50% к. э. (3, 6-6 кг/га) . Бұдан соң теплицаны өсімдік қалдықтарыныа ұқыпты түрде тазалап, жоғарыда көрсетілген қоспаның ерітіндісімен екінші рет бүрку қажет. Бұл бүркуді күкіртті ( 1 текше метрге 50 г мөлшеріндей) жаққан кезде бөлінетін күкіртті газбен түтіндету тәсілімен алмастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz