Мақта аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

1. Мақтаарал ауданына жалпы сипаттама

1. 1. Мақта дақылына сипаттама

1. 2. Мақта дақылы, өсіру технлогиясы

1. 3. Мақта аурулары

II. Негізгі бөлім

2. 1. Мақтаны аурулар кешенінен қорғау шараларының жүйесі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту, жаңа сұрыптарды алу және т. б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б. э. б. 460-380 ж. ) өсімдікті аурулардан плинус (б. э. б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8, 5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т. б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды.

Ауылшаруашылық фитопатологиясы - нақтылы өсімдіктердің ауруларын, әрқайсысына тиісті қоздырғыштар түр құрамын, аурудың сыртқы белгілерін, инфекция қорын, таралуын және даму ерекшеліктерін зерттейді.

1. Мақтаарал ауданы

Мақтаарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Тұрғыны 268, 7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы.

Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С. И. Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар.

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70, 8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді.

Картинки по запросу город жетысай фото

1 - сурет.

1. 1. Мақта дақылына сипаттама

Мақта (лат. Gossypium ) - қоза-құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б. з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1-1, 5 м. 1-2 негізгі бұтақтан 10-15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90-130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20-40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10-12C-та өне бастайды, 25-30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады

Картинки по запросу хлопок

2-сурет. Мақта

2. 1. Мақта дақылының өсіру технологиясы

Ауыспалы егістіктегі орны. Мақта үшін ауыспалы егістегі ең қолайлы дақыл - жоңышқа. Мақта топырақтағы қоректік заттар құрамына, суға және басқа қажетті факторларға жоғары талап қояды. Мақтаны жылма-жыл бір жерге қайталап сепсе, топырақтан қоректік заттардың көп алынуына байланысты оның құнарлылығы төмендеп, жырту қабаты шаңданып, зиянды тұздар қосындылары көбейіп және жер асты суларының көтерілуіне әкеліп соқтырады.

Жоңышқа топырақтың тұздануын бірнеше есе төмендетеді. Топырақ бетін біркелкі жабатын жоңышқа, топырақтан судың булануын азайтып, төменгі тұз қосындыларының жоғары көтерілуін тоқтатады. Үш жыл қатарынан өсірілген жоңышқа әр гектарға 18 т органикалық заттар қалдырады, топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартып, ондағы микроорганизмдерді жандандырып, суаруға кететін су мөлшерін кемітеді. Жоңышқаның тағы бір ерекшелігі - ол мақта танабында жиі кездесетін солдырма ауруын 3-4 есе азайтады. Мақта мен жоңышқа жоспарлы түрде ауыстырылып себілсе солдырма ауруы мүлде жойылады.

Мақта үшін жоңышқадан басқа қонақ жүгері, жүгері және бұршақ дақылдары - маш, ас бұршақ, майбұршақ, түйе жоңышқа алғы дақыл бола алады. Мақта - жоңышқа ауыспалы егістіктерінде, көктемде көк балауса ретінде жиналатын немесе жасыл тыңайтқышқа жыртылатын (рапс, қыша, арпамен қосыла себілген ас бұршақ және басқалары) күздік дақылдарды пайдаланған жағдайда, суармалы мақта егісі өте тиімді. Мақта өсіретін шаруашылықтардағы ауыспалы егісте мақтаның үлесі 65-80% шамасында болады.

Орта Азияның көптеген шаруашылықтарындағы ауыспалы егістегі жоңышқа мен мақтаның ара қатынасы 3:6 және 3:7 болады, жоңышқаны бірінші жылы жүгерімен немесе судан шөбімен, сол сияқты астыққа арналған арпамен қоса себеді, ал екінші және үшінші жылдары бүркеме дақыл себілмейді. Осындай ауыспалы егістіктерде төртінші жылы мақта өсірсе жасыл тыңайтқыштар (сидераттар) немесе көптеген аймақтарда органикалық тыңайтқыштар енгізіледі. Жаңа игеріліп жыртылған және суару жүйесі қолайсыз жерлерде ауыспалы егіс кескіні 1:3:6 ара қатынасында болғаны жөн. Бұл жағдайда бір танапта мелиорациялық жұмыстар жүргізіледі, 3 танапқа жоңышқа, 6 танапқа мақта себіледі.

Топырақты өңдеу. Мақтаға арналған танап топырағын өңдеу жүйесі оның ауыспалы егістегі орнына, алғы дақылына, топырақ және басқа жағдайларына байланысты. Мақта себуге арналған танапты сапалы дайындау - одан жоғары өнім алудың және жерді дұрыс пайдаланудың басты шарты.

Топырақ өңдеудің басты бөлігі - ерте әрі терең жыртылған сүдігер. Оның алдында танаптан мүмкіндігінше бұрынғы мақта қалдығы жұлып жойылады, қажетті мөлшерде тыңайтқыш сіңіріп жырту алдында суарылады, топырақтағы көп жылдық арамшөп, жоңышқа тамырлары қалдықтарын сыдыра жыртып жою және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі.

Мақта себілетін жер көбінесе П-5-35 м, ПН-4-35 соқаларымен аудара жыртылатын болса, қазір танапты екі ярусты жырту кеңінен таралып отыр. Екі ярусты жырту кезінде аударылған қабаттарға тыңайтқыштарды бөлектеп сіңіру қамтамасыз етіледі. Тыңайтқыштарды 0-15 және 15-30 см тереңдікке ПЯ-3-35 соқасымен, 0-20 және 20-40 см тереңдікке ПД-4-35 соқасымен сіңіреді. Жыртудың бұл әдісі - Орта Азияда кеңінен тараған, негізгі топырақ өңдеу әдісіне айналды. Топырақтың төменгі қабатын (40-50 см) қопсыту тереңдеткіштер қолданылып жүргізіледі және керегінше қайталанып отырылады.

Мақта егісінен кейін қайта мақта себуге арналған танаптың өңделіп жыртылуы қараша айының екінші жартысында, желтоқсан айының басында аяқталады.

Ауыспалы егісте мақта дәнді дақылдан кейін себілетін болса, онда оларды маусым-шілде айларында жинап алып, 5-8 см-ге сыдыра жыртады да, топырақ ылғалдылығын молайтып арамшөптерді өсіру мақсатында жақсылап суарады. Сыдыра жыртылған, суарылған егістікте арамшөптердің өсіп шығуына орай танап топырағының жоғарғы қабатын тамыз-қыркүйек айларында аудара жыртады. Жыртылған жер тегістелмейді. Бірақ жауын-шашыны аз, қыста қатты жел көп тұратын жерде ғана сүдігерді тырмалау керек.

Жоңышқа өскен танапты мақтаға арнап екі ярусты соқамен 40 см терең жыртады. Келесі жылы жыртуды 8-10 см таяздатып, топырақтың құнарлы қабатына дейін келтіреді. Топырақ құрғап кеткен жағдайда танапты жырту алдында суарады.

Мақта кеш себілетін дақыл болғандықтан тұқым себер алдында топырақтың сапасына баса назар аудару керек. Танап топырағы тұқым себілгенше борпылдақ, ылғалды, арамшөппен ластанбаған, біркелкі тегістелген болуы тиіс.

Тұзды топырақты танапты шайып жуғаннан кейін терең қопсытады немесе аудармай жыртып, тырмалап, тегістейді. Көктемде жыртылған жерге екі ізді тырмалау жүргізіледі, ал суаруға мүмкіндік бар жерде топырақты 10-12 см аудармай қуыстап қопсытса да жеткілікті. Қыста суарылмаған жерді қопсытады немесе 10-12 см тереңдікке сыдыра жыртады. Танапты өңдеу - топырақты ұнтақтап тегістеумен аяқталады.

1. 3. Мақта аурулары

Саңырауқұлақ аурулары

Вилт - вертициллезды солу. Мақта егілетін барлық аймақтарда таралған. Өсімдіктің төменгі жапырақтарында шашыраңқы орналасқан дөңгелек немесе бұрышты сарғыш дақтар түзіліп, жасыл ұлпалар жүйке бойында сақталып, дақтар кейін қоңырланып, кебеді. Гүл түйіні байланған кезде мақта дақылы жаппай ауруға шалдығады. Кесел алғаш астыңғы жапырақтарда таралып, өсімдікті бойлай жоғарғы бөліктерге жылжып, бірте-бірте қурап түседі, кейде өсімдік жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары жетілмей қурайды. Жас өсімдіктердің залалданған жапырақтары түсіп, өсүі тоқтап, қурайды. Кейбір өсімдіктің жоғарғы бұтақтары қайта жапырақтануы мүмкін, бірақ бұл ж1апырақтар хлорозды сарғыш болып, өсімдік өнім бірмейді. Мақта өсімдігі кейде кенеттен солып, жапырақтары салбырап, қурап, бірақ түспей 2-3 күнде өсімдік жойылып қауашақтағы талшық пен тұқымдар жетілмейді. Кеселдің негізгі белгісі - түтіктер қоңырланып, оған жақын ұлпалар күңгірттенеді.

https://agromage.com/artpict/art158_01.jpg

3- сурет. Вертициллезды солу ( Verticillium dahliae Kleb. )

1 - залалданған жапырақ жоғарғы жағынан. 2 - залалданған жапырақ төменгі жағынан.

Ауру қоздырғышы - Vetricillum dahliae Kleb. саңырауқұлағы. Үнемі топырақта кездесетін 700-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы түссіз, перделі, конидия тасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамға бөлінеді. Тарамдар ұшында конидиялар топтанып жинақталады. Конидиялар эллипс тәрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1, 5-2 мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, қара-қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіпшелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда пайда болады. Склероцийлар коктемде 70С температурада өсе бастайды (қолайлы даму температурасы 24-260С, ылғалдылығы 60-70%) . Бірақ бұл саңырауқұлақ тіршілік қабілетін аса жоғары (+800С) және төмен температурада (-300С) сақтайды. Өсімдік көбінесе тамыр жарақаты арқылы залалданады. Залалдану жіпшұмақ немесе үзінділері, конидиялары, хламидоспораларымен жүреді. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөлігіне тарайды да, жапыраққа, жеміс сағағына, өсу нүктесіне жетеді. Инфекция қоры - топырақ, әсіресе дара дақылды мақта егісі. Аурудың әсерінен өсімдік өнімі 25-50%, сапасы (талшықтардың ұзындығы, мықтылығы, созылғыштығы), тұқымның өнуі және майлылығы төмендейді.

Fig:- Disease Cycle of Verticillium Wilt

4 - сурет. Вертициллезды солудың даму циклі

Мақта вилтімен күресу әдістері. Ауыспалы егіс жүйесін сақтау. Өсімдік қалдықтарын, қозапаяны жинап жою, ескі жерлерді жырту. Мақтаның төзімділігі жоғары сорттарын өсіру. Тұқымдық материалдарды тек cay өсімдіктен жинау. Ауруға шалдыққан тұқымдарды себудің шығын мөлшерін арттыру. Өсімдіктің ауруға төзімділігін арттыру үшін алқапты минералды тыңайтқьштармен ерте бастан қоректендіру. Азотты мөлшермен қолдану. Көп суару аурулардың таралуына жағдай жасайды.

- Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты солма ауруының көрсеткіштері

Нұсқалар
Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана

Солма аурумен ауырған

өсімдік саны, дана

залал

дануы %

1
2
3
4
жалпы
1
2
3
4
жалпы
№: 1
Нұсқалар:

«Бақылау»

М-4005

Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана: 47
Солма аурумен ауырғанөсімдік саны, дана: 50
залалдануы %: 40
45
182
3
4
3
2
12
6, 6
№: 2
Нұсқалар: М-4005 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-жылғы мақта
Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана: 40
Солма аурумен ауырғанөсімдік саны, дана: 30
залалдануы %: Fig:- Disease Cycle of Verticillium Wilt 40
55
185
1
-
-
1
2
1, 0
№: 3
Нұсқалар:

Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 2-жылғы мақта

Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана: 60
Солма аурумен ауырғанөсімдік саны, дана: 55
залалдануы %: 40
65
220
1
2
-
1
4
1, 8
№: 4
Нұсқалар:

Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 5-жылғы мақта

Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана: 60
Солма аурумен ауырғанөсімдік саны, дана: 55
залалдануы %: 40
65
220
2
3
1
2
8
3, 6

1 - кесте.

Фузариозды солу. Республиканың барлық мақта өсіретін аймақтарында кездеседі. Өсімдік бұл кеселге барлық өсу кезеңінде шалдығады. Өскін кезеңінен нағыз жапырақтары түзілгенге дейін ауру қарқынды дамып, кейін саябырлап, өсімдіктің гүл түйіні байланғанда қайта өршіп, вегетацияның соңына дейін тарай береді. Жапырақ бетінде алғаш майда сарғыш дақтар түзіліп, ұлғайып, жапырақты түгел алады. Жапырақ солып, кеуіп түседі, ал жас өсімдіктер қурайды. Залалданған жас өсімдіктердің тамыр мойны ұлпалары қалыңдап, буынаралықтары қысқарып, жоғарғы бөлігінде жаңа шыққан жапырақтары қыртыстанады. Гүл түйнегі байланған кезеңде залалданған өсімдіктің жапырақтары, түйіндері, гүлдері түсіп, сабақтары қурайды. Қауашақтану кезеңінде залалданса, онда ол ашылмай, сабағы күңгірттенеді. Кейде жаз ортасында немесе вегетация кезеңінің соңында өсімдік кенеттен солып, жапырақтары салбырап, түсін өзгертпей қурап, бірақ түспейді. Бұл кеселдің барлық түрлерінде сабақ сүрегі қоңырланады (кесіндісінде жақсы көрінеді) .

Похожее изображение

5 - сурет. Фузариозды солу

Ауру қоздырғышы - Fusarium oxysporum Schl. f. vasinfectum Snyder et Hansen саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы майда, эллипс тәрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тәрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4, 2-4, 5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың қабатты температураның күрт өзгеруіне төзімді. Саңырауқұлақ 10-35°С температурада дамиды, бірақ оның қарқынды дамуы 18-27°С температура мен 40-70% ылғалдылықта өтеді. Қоздырғыш ылғалдылық 20% төмен 80% жоғары жағдайда өсуін тоқтатады. Бұл саңырауқұлақ алғаш өсімдік қалдығында жіпшумақ түзіп, кейін топырақта сапрофиттерше өмір сүруі мүмкін. Топырақтан өсімдікке саңырауқұлақ тамыр жарақаттары немесе кутикула арқылы еніп, оның барлық мүшелеріне (сабақ, жапырақ, жеміс сағағы, тұқым) түтіктерімен тарайды.

Аурудың негізгі қоры - тұқым және залалданған өсімдік қалдықтары. Қоздырғыш қолданылатын құралдар, су және т. б. арқылы да таралуы мүмкін. Кеселдің әсерінен егістік сиреп, қауашақ саны азайып, өнім 20-50% кемиді.

Бактериялы ауру

Гоммоз. Ауру қоздырғышы - Xanthomonas malvacearum бактериясы . Қоздырғыш мақтаға бейімделген. Бактерияның дамуна қолайлы температура 26 - 28°С. Оның төменгі даму температурасы10° С. Паразит төмен және жоғары температураларға өте төзімді. Ауру қоры - тұқым мен сүректелген өсімдңк қалдықтарында сақталады. Гоммоз өсімдіктің барлық мүшелерін, тұқым жарнақтарын, жапырақтарын, сабақтарын және түйіндерін залалдайды. Жарнақты жапырақтарда әртүрлі көлемдегі дөңгелек, майлы, жарық дақтар пайда болады. Жарнақтар көбінесе кеуіп қалады. Нағыз жапырақтарда гоммоз жүйкелердің арасына дақ түзеді, ол бұрыш түрінде болады. Гоммоз жапырақтар арқылы сабақтарына таралып, сонда сопақтау келген майлы дақтар түрінде жайылады. Қатты дамыған кезінде гоммоз дақтары сабақты сақинадай орап алады.

Бұл - мақтаның кең таралған ауруы. Аурудың қаншалықты зиян әкелетіні жылдың, белгілі бір аймақтың ауа райына, арготехника жағдайына байланысты.

Гоммоздың белең алуына, әсіресе көктемнің суық әрі жаңбырлы болуы, жаздағы мезгілсіз жаңбырлар қолайлы жағдай жасайды.

Гоммоз өсімдіктің барлық органдарын - шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерін зақымдайды. Шит жарғақтарында әртүрлі көлемдегі дөңгелек, майда жарық дақтар пайда болады. Жарғақтар көбінесе кеуіп қалады. Нағыз жапырақтарда гоммоз талшықтардың арасына дақ түсіреді, ол бұрыш түрінде болады.

Гоммоз жапырақтың талшық жіпшелері арқылы сабақтарына таралып, сонда сопақтау келген майлы дақтар түрінде жайылады. Қатты меңдеген кезінде гоммоз дағы сабақты сақинадай орап алады. Мүндай жағдайда сабақтың зақымданған жері жіңішкеріп, көбінесе бұралып кетеді, өсімдік дұрыс жетілмейді немесе қурап қалады.

Гоммоз бактериялары топырақтың өзінде 12-30 сағаттың ішінде қырылып қалады. Бактериялары мақтаның ірі, шірімеген қалдықтарында - сабақтарында, көсектерінің жармаларында т. б. жерлерінде қыстап шыға алады. Бактериялар мақта шитінде (тұқымында) жылдан-жылға сақталып қала береді.

Түқымдық шиттің сыртқы қабықшасы алқапта ғана емес, оның түгін тықырлау кезінде, мақта тазартатын зауыттарда да гоммозбен залалдана береді.

6 - сурет. Гоммоз

Тамыр шірігі. Бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырлауқүлақ түтікшелері қадалған өнімдер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да, қурап қалады. Ауру осімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп кететін кезі де аз болмайды, алайда олар жетілуі жағынан сау өсімдіктерден қалып қояды. Кей жылдары тамыр шірігі мақта өскіндерін тым қатты зақымданғандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген танаптарға тұқымды қайта себуге тура келеді.

Тамыршірігінің өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыршірігі мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мүндай жылдарда мақта да әлжуаз болып, саңырауқүлақтар мен бактериялар жегісіне оңай үрынады. Топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, оң ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бүл аурудың белең алуына себеп болады.

Тамыр шіруіне қарсы тұқымдық шитті дәрілеу. Жалпы мақта шаруашылығындағы ең күрделі мәселелердің бірі мақта зиянкестері мен оның аурулары. Олар мақта өніміне айтарлықтай шығын келтіреді.

Мақта өсімдігін (қозаны) әр түрлі - ақ ұсақ микроорганизмдер - уақ саңырауқүлақтар мен бактериялар қорек етеді.

Мақта шаруашылығында неғүрлым көп тараған, әрі қауіпті ауру - тамырдың шіруі.

Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін саңырауқұлақ - Rhizoctonia solani Kuhn, тұқымдас түрлері Fusarium және басқада бактериялар туғызады.

Кей жылдары тамыр шіруі қоза өскіндерін тым қатты зақымдағандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген алқаптарда мүлде қайта себуге тура келеді. Бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тіндер ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей ақ солып құлайды да, құрғап қалады. Ауру өсімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойын көтеріп, түзеліп келетін кезі де аз болмайды, алайда олар дамуы барасында сау өсімдіктерден қалып қояды.

Тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа-райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруі де мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қоза да әлжуаз болып, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе, өніп - шығу қуаты аз, әлсіз шиттің өскіндері тамыр шіру ауруына көп ұшырайды. Сондай-ақ топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, ондағы ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бұл аурудың белең алуына себеп болады.

Соңғы жылдары осы ауруға қарсы көптеген препараттардың тұқымды дәрілеу арқылы тиімділігі зерттеліп келеді.

Осыған байланысты отандық М-4005 және М-4007 сорттарына тұқым дәрілейтін препараттардың тиімділігі, өндеу арқылы төмендегідей мөлшерде зерттелді.

1. Витавакс - 3, 5 л/тн; 2. Сұңкар-3 - 2, 0 л/тн; 3. Максим XL - 1 л/тн; 4. ТМТД - 9 кг/тн.

Осы жүргізілген тәжірибелерді негізге ала отырып «Сұңқар-3» және «Максим ХL» дәрілерін (2, 0 л/тн, 1, 0 л/тн) мөлшері, мақтаның тұқымдық шитінің тіршілік әрекетіне үлкен белсенділік көрсетіп мақтаның вегетация кезеңінде өсуіне, ықпал жасайтынын шаруа-дихандарға ұсынамыз. Похожее изображение

7 - сурет. Тамыр шірігі

Аурулар туралы негізгі деректер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қозаның негізгі аурулары
Мақта қоңыр көбелегі
Өсімдіктердің аурулары. Түрлері
Мақта дақылының аурулары
Жүректің ишемиялық ауруы ауруының теориялық негіздері
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Зиянкестердің экологиясы
Ұжымдық қорғаныс және жеке қорғаныс құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz