Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесін жобалау
Фармацевтикалық өнімдердің көтерме қоймасындағы тауарларды есепке алудың ақпараттық жүйесін жасау тақырыбына жазылған
Түйіндеме
Дипломдық жұмыс .. беттен, кіріспеден, негізгі 4 бөлімнен, қорытындыдан, .. суреттен, .. кестеден, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Farmacol фармацевтикалық компаниясы үшін фармацевтикалық өнімдердің көтерме қоймасындағы тауарларды есепке алудың ақпараттық жүйесін жасау.
Жұмыстың өзектілігі: Ақпараттық жүйені құру өзектілігі негізінен фармацевтика нарығындағы жағдайға байланысты болып отыр, яғни дәріхана санының белсенді өсуі байқалады, ол бәсекелестіктің жоғары болуына алып келеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық сапа талаптарына жауап беретін дәріханаларды, медициналық мекемелерді және басқа да ұйымдарды қажетті тауармен қамтамасыз ету.
Қолданылған әдістер: талдау, модельдеу, өлшеу, жіктеу және эксперимент және т.б. әдістері қолданылды.
Кілттік сөздер: фармацевтикалық көтерме қойма, ақпараттық жүйе, фармацевтикалық тауарларды есепке алу, PHP, LARAVEL, HTML, JavaScript, AJAX, CSS, деректер моделі.
Жұмыстың дұрыстығы: жұмыс уақытпен тексерілген кең қолданыстағы кітаптарға және зерттеу жұмыстарына, ғаламтордағы материалдарға сүйеніп жасалды.
Разработка информационной системы учета товаров на оптовом складе фармацевтической продукций
Реферат
Дипломная работа состоит из .. страницы, введения, 4 основных разделов, заключения, иллюстрации, .. таблицы, списка использованной литературы и приложения.
Цель работы: Разработка информационной системы учета товаров на оптовом складе фармацевтической продукций для фармацевтической компании Farmacol.
Актуальность работы: Актуальность информационной системы во многом обусловлена ситуацией на фармацевтическом рынке, то есть наблюдается активный рост аптек, что приводит к высокой конкуренции. Предоставление необходимых товаров в аптеки, медицинские учреждения и другие организации, отвечающие всем требованиям качества в соответствии с действующим законодательством.
Прикладные методы: анализ, моделирование, измерение, классификация и эксперимент и другие методы были использованы.
Ключевые слова: фармацевтический оптовый склад, информационная система, учет фармацевтических продукций, PHP, LARAVEL, HTML, JavaScript, AJAX, CSS, модель данных.
Точность работы заключается в том, что она основана на широком спектре книг и исследовательских материалов, а также онлайн-материалов.
"Development of an information system for the registration of goods in wholesale warehouse of pharmaceutical products"
Аbstract
The thesis consists of a page, introduction, 4 main sections, conclusion, illustration, table, list of references and applications.
Objective: Development of an information system for the accounting of goods in the wholesale warehouse of pharmaceutical products for the pharmaceutical company Farmacol.
Relevance of work: The relevance of the information system is largely due to the situation on the pharmaceutical market, that is, there is an active growth of pharmacies, which leads to high competition. Provision of necessary goods to pharmacies, medical institutions and other organizations that meet all quality requirements in accordance with current legislation.
Applied methods: analysis, modeling, measurement, classification and experiment, and other methods were used.
Key words: pharmaceutical wholesale warehouse, information system, pharmaceutical products accounting, PHP, LARAVEL, HTML, JavaScript, AJAX, CSS, data model.
The accuracy of the work lies in the fact that it is based on a wide range of books and research materials, as well as online materials.
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Фармацевтикалық өнімдердің көтерме қоймасындағы тауарларды есепке алудың өзектілігі
1.1 Фармацевтикалық өнімдердің көтерме қоймасына сипаттама 5
1.2 Фармацевтикалық қойма АЖ-сін әзірлеу қажеттілігі 6
1.3 Фармацевтикалық қойма АЖ-сі үшін тұтынушылардың негізгі
талаптары 8
2. Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесін жобалау 9
2.1 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің жалпы функционалды моделі 12
2.2 Фармацевтикалық қойма АЖ-сі жұмысының функционалды
талаптары 15
2.3 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің архитектурасы 18
2.4 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің интерфейсін жасау. PHP
бағдарламалау тілі және фреймворкын таңдау 22
2.5 PHP тілінің Laravel фреймворкы 25
2.6 HTML,СSS, Javascript, AJAX, JSON қысқаша шолу 26
2.7 PhpStorm интеграцияланған жобалау ортасы 27
3. Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесінің деректер қорын құру 30
3.1 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің деректер қорының концептуалды
моделін әзірлеу 35
3.2 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің деректер қорының логикалық
моделін әзірлеу 37
3.3 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің деректер қорының физикалық
моделін әзірлеу 39
3.4 MySQL ДҚБЖ-сінде мәліметтер енгізу 43
4. Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесін ендіру 45
Қорытынды 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52
Қосымша 55
Қысқартылған белгілеулер
АЖ - Ақпараттық жүйе
PHP - (Personal Home Page Tools) жеке веб-бетті жасау құралдары
SQL - (structured query language) құрылымдық сұраныс тілі
CSS - (Cascading Style Sheets) каскадты стиль беттері
HTML - (HyperText Markup Language) гипермәтінді белгілеу тілі
AJAX - (Asynchronous JavaScript and Еxtensible Markup Language) асин - хронды JavaScript және Extensible Markup Language
JSON - (JavaScript Object Notation) мәтінді алмасу форматы
Анықтамалар
Ақпараттық жүйе - бұл есептеу техникасы мен байланыс құралдарын жә - не - - бағ - дарламалық қамтамасыз ету мен пайдаланушылардың ақпараттық қа - жет - тілік - терін қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстар кешені.
Фармацевтикалық қойма - облыстық немесе қалалық басқармаға бағына - тын, өз айналым капиталы бар мекемедегі медициналық мақсаттағы тауар - ларының сақталатын орны.
Фреймворк - ақпараттық жүйені құруды жеңілдететін және үлкен бағдар - ламалық жобаның әр түрлі компоненттерін біріктіретін бағдарламалық жасақтама.
PHP - бұл ашық енгізілген кодтармен берілген кең таралған бағдарламалау тілі.
Laravel - MVC архитектуралық моделін (Model View Controller - үлгі-көрі - ніс-контроллер) пайдалану арқылы қолданылатын ашық бастапқы коды бар веб-фреймворк.
MySQL - SQL деректер қорымен жұмыс жасауға арналған бағдарламалық
қамтама жиынының бірі болып табылады.
PhpStrom - бұл PHP бағдарламашыларының жетілдірілген жобалау орта - сы.
Javascript - HTML құжатқа қолданылатын веб-сайтқа интерактивтілік (мысалы: ойындар, динамикалық стильдер, анимация) беретін бағдарламалау тілі.
CSS - қолданушыға құжаттарды визуалды көрсетуге жауап беретін каскадты кестелер стилінің тілі.
HTML - интернет желісінде құжаттағы тексттер, бейнелер, кестелердің орналасуына жасауап беретін тіл.
AJAX - Asynchronous Javascript және XML аббревиатурасы, белгілі техно - ло - гиялардың синтезі болып табылады.
JSON - JavaScript негізіндегі мәтіндік деректерді айырбастау пішімі.
Кіріспе
Ақпараттық жүйе - бұл есептеу техникасы мен байланыс құралдарын және бағдарламалық қамтамасыз ету мен пайдаланушылардың ақпараттық қажет - тіліктерін қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстар кешені.
Ақпараттық жүйе қандай да бір нақты кәсіпорын үшін жүзеге асырылады. Кәсіпорынның объективті қызметінің ерекшеліктері ақпараттық жүйенің құры - лымына әсер етеді, сонымен бірге әр түрлі кәсіпорындардың құрылымдары бір-біріне ұқсас болады. Әрбір ұйым өзінің қызмет түріне қарамастан компания қызметінің белгілі бір түрін тікелей жүзеге асыратын бірқатар бөлімшелерден тұрады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды ендіру барысында нақты маркетингтік және өндірістік жобаларды дайындау үшін қажетті уақытты қыс - қартуға, оларды іске асыру кезінде үстеме шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, коммерциялық компанияға тікелей экономикалық тиімділік беретін бух - галтерлік, технологиялық және басқа да құжаттамаларды дайындау кезінде қате - лерді болдырмайды.
Әрине, компьютерлерді қолдануға болатын барлық әлеуетті мүмкіндік - терді ашу үшін олардың жұмысында алдына қойылған міндеттерге барынша сәй - кес келетін бағдарламалық және аппараттық кешенді пайдалану қажет. Сондықтан қазіргі уақытта компания басшылығының жұмысын қолдайтын ком - пьютерлік бағдарламаларға деген қажеттілік, сондай-ақ компанияға қол жетімді ком - пьютерлік техниканы қалай оңтайлы пайдалану жайлы мәселелер өзекті бо - лып отыр.
Дипломдық жұмыста фармацевтикалық қоймадағы тауарларды есепке алу - дың ақпараттық жүйесін құру, тұтынушылармен өзара әрекеттесу үрдісін авто - мат - тандыру сипатталады. Қойма үш өзара байланысты функцияларды орын - дайды: тауарға тапсырыс беру және қабылдау, оны сақтау және жөнелту.
Жұмыстың мақсаты: Farmacol фармацевтикалық компаниясы үшін фар - мацевтикалық өнімдердің көтерме қоймасындағы тауарларды есепке алудың ақ - параттық жүйесін жасау.

Дәріханалар бәсекелестікке қабілетті және максималды пайдаға қол жет - кізу үшін тұтынушыларды тартуға үлкен күш жұмсауы керек. Осы мақсаттарға жетудің бір жолы - клиенттермен өзара әрекеттесу үшін ақпараттық техно - логияларды енгізу және фармацевтикалық қоймадағы тауарларды есепке алуды автоматтандыру.
Бүгінгі күні электрондық коммерция ең жылдам дамып келе жатқан нарық сег - менттерінің бірі болып табылады.
АЖ-ні құрудың мақсаты:
фармацевтикалық қойма және оның ауқымына, тауарларына қатысты ақпарат беру;
тауарларды тапсырыс берудегі қол жетімділік және тапсырыс беру мүмкін - дігін қамтамасыз ету;
онлайн материалдарды басқаруды қамтамасыз ету;
сақталу мерзiмдерiн, құнының тұрақты болуын бақылау;
қоймадағы дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы тауарларды тиеп жөнелтудi, оларды уақытында iске асыруды бақылауды қамтамасыз ету.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
пәндік саланы зерттеу;
бар шешімдерді талдау және даму қажеттілігін негіздеу;
тапсырыс берушінің талаптарын жинау;
АЖ-ні әзірлеу;
деректер қорын құру;
АЖ-нің пайдаланушылық интерфейсінің прототипін жасау;
интернет-технологияларға негізделген АЖ-нің дерекқорын және пайдалану - шылық интерфейсін жасау.
Фармацевтикалық қойманың міндеттері мен функциялары. Денсаулық сақтаудың маңызды бөлігі - халықты сапалы және уақытылы қолдауды қамта - масыз етуге арналған фармацевтикалық қызмет жасау. Фармацевтикалық қыз - мет - тің міндеті - денсаулық сақтау мекемелері мен халықтың дәрі-дәрмектерге қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, дәріхана желісін дамыту және фарма - цевтикалық кадрларды даярлау мен жетілдіру деңгейін арттыру болып табы - лады. Сапаны бақылау дәрі-дәрмектерді өндірудегі ең маңызды бөлігі болып табылады, өйткені өндірістің кез-келген сатысында жасалған қате көптеген адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін және күтпеген салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан фармацевтикалық өндірістің әрбір элементі бақыланады, бұл түпкілікті өнімнің сипаты мен сапасына әсер етуі мүмкін. Өндірістік процестің барлық бөлшектері бастапқы компоненттерді, аралық өнімдерді және дайын препаратты талдау нәтижелері бойынша жазылады.
Фармацевтикалық қоймадағы дәрі-дәрмектер, медициналық тауарлар дәрі - ханаларға, ауруханаларға, яғни лицензиясы бар мекемелерге көтерме түрде жеткізіледі. Өндірушілер арасында осындай препараттарды таратуға жалпы қабылданған әдістер жоқ. Кейбір өндірушілер барлық өндірілген препараттарын көтерме саудаға шығарады, басқалары дәрігерлермен, ауруханалармен немесе дәріханалармен ғана жұмыс істейді.
Фармацевтикалық қойма - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы та - уар - ларды медициналық мекемелерге, кәсіпорындардың фармацевтикалық ұйым - дарына, дәріханаларға және т.б. қамтамасыз ету мақсатында ұйым - дастырылады. Фармацевтикалық қойманың негізгі міндеті - қолданыстағы заң - намаға сәйкес барлық сапа талаптарына жауап беретін дәріханаларды, медициналық мекемелерді және басқа да ұйымдарды тауармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы құрыл - ғыларды өндіріс кәсіпорындарынан қабылдау, сақтау және тарату.
Негізгі міндеттерге сәйкес дәріхана қоймасы келесі функцияларды орын - дайды:
жеткізушілермен шарттар жасалады;
дəрілер мен медициналық мақсаттағы тауарларды сатып алады;
жеткізушілер шарттық міндеттемелерді бұзған жағдайда талап-арызды орындауға және талап қоюға, айыппұл салуға құқылы;
сапасы, саны және құны бойынша жеткізушілерден дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді қабылдайды;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы тауарларды олардың физика-химиялық қасиеттерін және талаптарды ескере отырып сақтауды ұйымдастырады;
дәрі-дәрмектерді емдеу-профилактикалық және басқа мекемелерден, сондай-ақ фармацевтикалық компаниялардан орау, жинау және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды уақытылы жеткізу үшін тапсырыстар қабылдайды;
фармацевтикалық, парафармацевтикалық және басқа да тауарларды есепке алу және беру тәртiбiн қатаң сақтайды;
өндірістік қызметтің барлық кезеңдерінде бақылауды жүзеге асырады;
уақытында жеткізуді іске асыруды бақылауды қамтамасыз етедi;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтайды.
Фармацевтикалық қойманың басқарушысы қойманың негізгі функция - ларын білуге, менеджерлерін және қызметкерлерін өз қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды сақтауға, фармацевтикалық нарықта сұраныс пен ұсынысты зерделеуге, сертификаттау және сапаны бақылау рәсімін сақтауға және тиісті құжаттаманы дайындауға міндетті.

1.1 Фармацевтикалық өнімдердің көтерме қоймасына сипаттама
Фармацевтикалық қойма - облыстық немесе қалалық басқармаға бағы - натын, өз айналым капиталы бар мекемедегі медициналық мақсаттағы тауар - лардың сақталатын орны.
Фармацевтикалық қоймалардың атқаратын қызметі:
жеткізушілерден медициналық тауарларды қабылдау;
алынған тауарларды есепке алу және сапалы түрде тексерістен өткізу;
физикалық және химиялық қасиеттерiне байланысты тауарлардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық фармацевтика басқармасының тапсырмасы бойынша облыстық әкімшіліктің, емдеу-профилактикалық және басқа да мекемелердің дәріханалық мекемелеріне, өнеркәсіптік кәсіпорындарына медициналық мақсаттағы тауарларды жеткізу;
тауарларды арнайы транспортпен дәріхана желісіне және т.б. мекемелерге жеткізу.
Қоймалардың топтары мен санаттары. Жылдық жиынтық айналымға байланысты қоймалар жұмысшылардың еңбекақысы мен құрылымына сәйкес және қызметкерлерге берілетін айлық төлемақысы бойынша бірнеше санатқа бөлінеді. Бірінші санаттағы фармацевтикалық қоймаларда қабылдау бөлімі мен экспедиция бөлімінен басқа қосымша мынадай бөлімдер ұсынылады: құрғақ медикаменттер; сұйық медикаменттер; улы дәрі-дәрмектер; дайын дәрі-дәрмектер; ампуладағы дәрі-дәрмектер; бактериялық препараттар және қан алмастырғыштар; антибиотиктер, дәрумендер және олардың препараттары; жанғыш заттар мен сығылған газдар, дезинфекциялау құралдары; таңғыштар; гигиена және мейірбике тауарлары; дәріхана жабдықтары, спектрлік оптика және медициналық құралдар; дәріхана орамасы және көмекші материалдар; рецепт бойынша шыны ыдыс.
I санаттағы қоймаларда барлығы 16 бөлімшесі болады, ІІ санаттағы қоймаларда - 15, III санаттар бойынша - 13, IV санаттағы - 10, ал Б санатындағы қоймаларда - 9 бөлімше. Сонымен қатар, барлық санаттағы қоймаларда құрғақ және сұйық дәрі-дәрмектерді тазалайтын және орайтын бөлімше болу керек.
Тауарларды сақтауды біріздендіру және тапсырыстарды жылдам орындау үшін фармацевтикалық қоймалардың оперативті бөлімшелері арқылы меди - циналық мақсаттағы бұйымдар топтарының бірыңғай классификациясы әзір - ленді. Атап айтқанда, құрғақ медицина бөлімінде Б тізімінің күшті препа - раттарын, жарықсезгіш, қатты иістенетін, ұшпа, гигроскопиялық, кристалды, бояуы бар, салмақты және таблетка түріндегі препараттарды сақтау ұсынылады. Дайын препараттар бөлімінде гормоналды препараттар мен дайын дәрі-дәрмектер болуы керек. Тиісті өнім тауарлары басқа бөлімдерде сақталады.
Қоймалардың дамыған құрылымына сәйкес фармацевтикалық қоймадағы лауазымдар тізімі ұсынылады, оны жоғары немесе фармацевтикалық білімі бар адамдар атқаруы тиіс.
Ұйымдастыру құрылымына сәйкес көптеген облыстық дәріхана қой - малары күрделі болып табылады. Оперативті бөлімшелерден басқа құрылымына әр түрлі қызметтер кіреді: көлік, қауіпсіздік, бухгалтерлік есеп және т.б.
Бөлім басшыларының және басқа да қызметкерлердің жұмысы тиісті бұйрықтар мен нормативтік актілермен, сондай-ақ қойма басшылығымен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтармен реттеледі.
Фармацевтикалық қызметті автоматтандыру және тұтынушылар мен жеткізушілердің жұмысын өзара әрекеттестіру үшін ішкі процестерде ақпа - раттық технологияларды пайдалану фармацевтикалық индустрияны дамыту факторларының бірі болып табылады. Дәріханалық желілер санының өсуіне байланысты бәсекелестік жоғары, осыған орай дәріхана қоймасының жұмыс істеуінде ақпараттық технологияларды пайдаланбай жұмыс істеу тиімсіз болып табылады. Оларды енгізу жұмыс жылдамдығын арттыруға ықпал етеді, бұл әсіресе, табыстың артуына, дәріханаларға тұрақты бәсекелестік жағдайында өмір сүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ақпараттың көп бөлігі электрондық түрде сақталуда, бұл оның неғұрлым жоғары қолжетімділік пен массивтілікті қамтамасыз етуіне алып келеді.
Дипломдық жұмыста Farmacol фармацевтикалық компаниясы зерттеу обьектісі ретінде қарастырылды. Бірыңғай орталықтандырылған басқару жүйесі бар дәріхана қоймасындағы бизнес-үдерістерді автоматтандыру жүргізілді. Тұтынушылар үшін ақпараттық сервисті құру сипатталды.
Farmacol фармацевтикалық компаниясының қоймасының жұмысын автоматтандыру. Farmacol фармацевтикалық компаниясы, оның негізгі мүм - кіндіктері:
тауар кірісі (қолмен немесе электрондық жүктеумен);
бастапқы құжаттаманы қалыптастыру;
жергілікті және аймақтық заңнамаға сәйкес баға белгілеу;
қажет жабдықпен қамтамасыз ету;
жинақталған деректер қоры бойынша талдау жасау.
Қызметкердің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО), оның негізгі мүм - кіндіктері:
қолданушыны АЖО-ға штрих-код арқылы тіркеу;
тауар таңдау;
тауар санын түзету, чекке позицияларды қосу және оны ашқанға дейін жою;
жеңілдіктер мен дисконттау бағдарламаларын пайдалану;
қолма-қол ақшаны енгізу және өткізу есебі;
өткізілген түбіртекті қайта қарауға мүмкіндік алу;
тауар түбіртегінің көшірмесін басып шығару.
Компанияның интернет сайты farmacol.kz - бұл фармацевтикалық өнім - дердің көтерме қоймасындағы тауарлардың бар болуы бойынша интегра - ция - ланған бағаны бақылауға және қажетті ақпаратты алуға болатын, сондай-ақ дәріханаларында қажетті дәрі-дәрмектердің бар болуы туралы интернет-анық - тамалық қызметті атқаратын портал. Бұл әмбебап іздеу жүйесі, пайдаланушыға фирмалардың ассортименті мен бағасы туралы жедел ақпарат алуға, дәрілердің бағаларын салыстыруға, фармацевтикалық нарықтың дәрі-дәрмектері мен басқа да тауарлары туралы маңызды және жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық өнімдердің құнын енгізу барысында еPrica (http:eprica.ru) бағдарламасын қолдандым. еPrica дәрі-дәрмектердің бағасын әр түрлі жеткізушілерде талдауға, оңтайлы бағаны табуға және тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарлама.
еPrica бағдарламалық өнімі дәріхана мекемесінің бизнес-процестерін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен деректерді алмасуды жүзеге асыра алады.
Жүйе қолданушылары:
- әкімші (администратор);
- редактор (әкімші панелінде порталға өзгеріс енгізіп отырады);
- фармацевтикалық өнімге тапсырыс берушілерге жауапты қызметкер.
Осылайша, автоматтандыруды жүргізу нәтижесінде дәріханада тауар - лардың ассортиментінің бар-жоғы және бағасы туралы өзекті ақпараты бар электрондық деректер қоймасы пайда болды. Бұл деректер интернет-сервисті жобалау үшін пайдаланылатын болады.
1.2 Фармацевтикалық қойма АЖ-сін әзірлеу қажеттілігі
Бүгінгі күні электрондық коммерция ең жылдам дамып келе жатқан нарық сегменттерінің бірі болып табылады. Фармацевтикалық сектор да соның қатарында: сапасы, саны және көтерме құны бойынша жеткізушілерден дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді, дәрі-дәрмектерді тапсырыс беруші дәріхана, аурухана және т.б. мекемелер кез келген уақытта онлайн түрде тапсырыс бере алады. Көтерме қоймадағы дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы тауарларды тиеп жөнелту, оларды уақытында жеткізу толықтай қадағаланады. Сонымен қатар оған тиісті түрде түбіртектері, қажет болған жағдайда дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар беріледі.
Ақпараттық технологиялар фармацевтикалық бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады: ірі тауар айналымы бар ұйымдар компьютерлік басқару кешен - дерінсіз жұмыс істей алмайды. Бұл автоматтандыру жүйелеріне жоғары сұра - ныс - тың болуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда көптеген дәріханаларда да авто - маттандыру бағдарламалары бар. Олардың әртүрлілігімен мұндай бағдар - ламаларды екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топ мамандандырылған бағдарламалар болып табылады, олардың функ - циялары жеткілікті. Оларды таңдау менеджердің құны, ұйымның қызмет - терінің ауқымымен анықталады. Мұндай бағдарламалардың негізгі ерек - шеліктері:
- электрондық шот-фактураларды алу;
- бағаны басқару;
- тауарлардың автоматты түрде бағалануы;
- аса маңызды және қажетті дәрілік заттарға бағаны бақылау;
- қабылданбаған тауарлар топтамасын іздеу;
- ақауларды есептеу (дәріханадағы қажетті тауарлардың болмауы);
- маркетингтік науқандарды ұйымдастыру және басқа да акциялар.
Ең танымал бағдарламалар: M-PHARMACY Plus, eFarma2, Uniko, Arm manager.
Шоғырландырылған прайс-лист түрінің бағдарламалары негізінен жет - кі - - зушілерге тапсырыс беруге және жіберуге арналған. Олар бағаны салыстыру арқылы өнімді таңдауға мүмкіндік береді. Оларға ePrica бағдарламасы кіреді. Танымал бағдарламалар Medline және FarmHub болып табылады.
Осылайша, нарықта ұсынылған шешімдер фармацевтиканың ішкі бизнес-процестерін ұйымдастыру және жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау үшін тікелей функционалдылықты ұсынады. Әрбір дәріхана (немесе дәріхана тізбегі) өз аймақтарындағы маркетингтік үрдістерден кейін клиенттермен жеке-жеке қарым-қатынасты ұйымдастырады және жергілікті жағдайларға сәйкес бағдар - ламалық жасақтаманы нақтылау туралы сұрауларды ұсынады. Әдеттегідей, бұл үшін интернет желісінде ақпараттық қызметтер жасалады. Осындай қызметтің дамуы осы дипломдық жұмыста сипатталған.
Жүйенің жасалынатын функцияларының бірі - тауарларға тапсырыс беру. Бұл функция Farmacol.kz порталында қол жетімді. Farmacol.kz сайтына кірушілер қажетті тауарларға тапсырыс жасайды және жеткізілетін тапсырысты алу - ға ыңғайлы күнді таңдайды. Дайындалған ақпараттық жүйе фармацевти - калық қойма ассортиментін көруге мүмкіндік береді.
1.3 Фармацевтикалық қойма АЖ-сі үшін тұтынушылардың негізгі талаптары
АЖ фармацевтикалық қойма қызметкерлері мен тұтынушыларына арнал - ған, оның құрылымы мыналардан тұрады:
сатып алушыларға компания туралы ақпарат беру;
клиенттерден кері байланыс;
сатып алушыларды ассортиментте бар өнімдер туралы ақпаратпен қамта - ма - сыз ету;
тауарларға тапсырыс беру мүмкіндігі;
сатып алушы ассортиментте болмаған тауарларға тапсырыс беру үшін (жеткі - зушілерден) сұраныс (өтініш) жіберу мүмкіндігі;
қойма қызметкерлерінің тапсырыстары мен сұраныстарын өңдеу.
2. Фармацевтикалық қойма ақпараттық жүйесін жобалау
2.1 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің жалпы функционалды моделі
АЖ тапсырыс берушінің талаптарына сүйене отырып, 2.1-суретте көр - се - тіл - гендей жалпы функционалдық моделі ұсынылды (осы бөлімнің диаг - раммалары Edraw Max 2019 графикалық редакторында салынған).
2.1-сурет. АЖ-нің жалпы функционалдық моделі
АЖ-нің пайдаланушылары үш топқа бөлінеді:
тіркелмеген келушілер;
тапсырыс берушілер;
әкімші (админ).
2.2 Фармацевтикалық қойма АЖ-сі жұмысының функционалды талаптары
Жүйеде тіркелу үшін сатып алушы келесі деректерді енгізуі керек:
аты-жөні;
электрондық пошта мекенжайы;
телефон нөмірі;
құпия сөз (пароль);
туған күні.
Жүйе қызметкерлерді тіркеуге мүмкіндік бермейді, себебі қойма қызмет - керлері жүйе администраторынан өзінің жеке кіруіне (логин мен құпия сөз) мүм - кіндік алады.
Кіру жағдайында қолданылатын функционалдық талаптар. Тапсырыс беруші ретінде кіру үшін келесі ақпаратты енгізуіңіз керек:
электрондық пошта;
құпия сөз.
Қызметкер ретінде кіру үшін келесі ақпаратты енгізуіңіз керек:
логин;
құпия сөз.
Жаңалықтарды оқу және Жаңалықтарды өңдеу параметрлерін қолда - нуға арналған функционалдық талаптар. АЖ-нің барлық пайдаланушылары жаңа - лықтар арнасын көре білуі керек, онда әрбір жаңалық мына форматта сипатталуы керек:
тақырып;
жарияланған күні мен уақыты;
сипаттама - жаңалықтың негізгі мазмұнын беретін қысқаша мәтін;
автор - қызметкердің аты.
Пайдаланушы арнада жаңалықтардың бірін таңдап, оның мәтінін оқып, оған қо - са тіркелген суретті (оның болуы міндетті емес) көре алады.
Қызметкер жаңалықтар арнасын редакциялаумен айналысады, яғни:
жаңалықтар жасау;
жаңалықтарды редакциялау (тақырып, сипаттама, мәтін, сурет);
жаңалықтарды жою.
Пікір қалдыру және Пікірлермен жұмыс параметрлеріне арналған функ - ционалдық талаптар. Жүйенің барлық пайдаланушылары қалдырған пікірді оқи алады. Сатып алушы кері байланыс қалдыруға мүмкіндік алуы керек.
Фармацевтикалық қойма қызметкерлері:
клиенттердің кері байланысына жауап береді;
клиенттің кері байланысын жоя алады.
Өнім каталогын қарау параметрі үшін функционалды талаптары. Өнім ката - - логы ақпараттық жүйенің негізгі бөлімі болып табылады, ол фарма - цевтикалық қоймадан (ассортименттен) сатылатын тауарлар туралы егжей-тег - жейлі ақпаратты қамтуы тиіс, атап айтқанда:
өнім коды;
өнімнің атауы;
өндірушінің атауы;
сипаттамасы;
бағасы (теңгемен);
санаттары(категориялары).
Өнім каталогында өнімдерді атауы және санаты бойынша іздеуге болады.
Жеткізілімді тіркеу параметрі үшін қойылатын талаптар (2.2-суретте келтірілді). Жүйеде жеткізілімдер туралы ақпарат және тауарлар тізімі (жеткізі - летін тауарлар тізімі) болуы тиіс, атап айтқанда:
жеткізу күні;
өнім коды;
өнімнің атауы;
өндірушінің атауы.
Өлшем бірліктері:
бағасы (теңгемен);
тауарлардың саны (дана).
Тауарды жеткізу күнмен сипатталады (күн сайын - бірнеше жеткізушілерге бір тауарды жеткізу). Жеткізілімдер тізімі ақпараттық жүйелерге жүктелетін прайс-парақ негізінде құрылуы керек. Осылайша, жеткізілімдер тізімінде тапсы - рыстарды өңдеу кезінде пайдаланылатын тауарлардың бағалары мен қол жетім - ділігі туралы соңғы ақпарат болуы тиіс.
Тауар каталогымен жұмыс істеу параметрі үшін функционалдық талап - тары (2.2-суретте келтірілді). Жеткізу тізімі өнім каталогының негізі болып табы - лады, яғни оған негізделген автоматты каталог жаңартуы қажет: жаңа өнімдер қо - сы - лады, индикативтік бағалар жаңартылады.
Қызметкер (әкімші) мыналарға қол жетімді болуы қажет:
соңғы жаңартулар кезінде каталогқа қосылған өнімдер тізімін көру;
өнім санатын қосу немесе жою (бір өнімнің бірнеше санаты болуы мүм - кін);
санаттар тізімін құру (жаңа санаттарды қосу, санат атауларын өңдеу);
санаты жоқ өнімдер тізімін қарай алу мүмкіндігі;
өнімнің каталогтан қосылатын тапсырыстарды қадағалау мүмкіндігі;
тауарларды каталогтан алып тастау (егер ол ешқандай бір тапсырыста болмаса).
2.2 -сурет. Тауарлар каталогымен жұмыс үшін функционалдық талаптар
Тапсырысты беру кезінде қолданылатын функционалдық талаптар. Сатып алушы тауарға тапсырыс бере алады, ол үшін:
каталогтағы элементті таңдап, оны тапсырысқа қосады;
тауарлар санын көрсетеді;
Сатып алушы тапсырыстың болжамды бағасын (теңгемен) көре алады. Өтінішті рәсімдеу кезінде оның күні белгіленеді.
Тапсырысты сұрау кезінде қолданылатын функционалдық талаптар. Каталогта қажетті тауарлар болмаған жағдайда сатып алушы тауардың сипа - ттамасына қарай өзіне қажет тауарға сұраныс қалдыра алады:
өнімнің атауы;
өндірушінің атауы (міндетті емес);
саны (дана);
түсініктеме (міндетті емес).
Сұранысты тіркеген кезде оның күні енгізіледі.
Сұраныспен жұмыс істеу кезіндегі функционалды талаптары (2.3-сурет - те келтірілді). Қызметкер барлық сұраныстардың тізімін қарап, тізімнен әрбір жеке сұраныс бойынша толық ақпаратты көре алады, атап айтқанда:
тапсырыс берушінің толық аты-жөні;
тапсырыс берушімен байланысу (телефон және электрондық пошта);
сұраныс беру күні;
сұраныстың статусы:
сұраныстағы өнім жеткізушілерден тапсырысқа ие;
сұраныс негізінде тапсырыс жіберіледі;
сұраныс өңделмеген;
сұраныс жойылды;
сұраныс негізінде жасалған тапсырысқа сілтеме (егер бар болса).
Сұранысты болдырмау опциясының қолданысы. Мына жүйе себеп - тері - нің бірінде, сұранысты жоюға мүмкіндік болуы керек:
тапсырыс беруші сұранысты болдырмады;
қоймада және жеткізушілерде тауарлар жоқ;
енгізу қателігі;
қандай да бір себептермен тапсырыс берушіге қызмет көрсетуден бас тартты.
Сұраныс негізінде тапсырыс беру опциясының қолданысы. Өнім қоймаға жеткізілгеннен кейін, қызметкер сұраныс негізінде тапсырыс жасайды. Тапсырыс жасаған кезде қызметкер каталогтан өнімді таңдайды (сұраныста сипаттама негізінде) және оның санын көрсетсе, қызметкер тапсырысты өңдеу сатысына көшеді;
Тауарларды жеткізу керек сұраныстардың тізімін қарау парамертрінің қолданылуы. Қызметкер тапсырылған тауарларды (сұранысты өңдеу кезеңінде көр - сетілген мерзімдер негізінде қалыптасқан), сұраныстың тізімін қарауға мүмкіндігі болуы керек.
2.3 -сурет. Сұраныстармен жұмыс опциясының қолданылуы
Тапсырыстармен жұмыс жасау кезінде қолданылатын функционалдық талаптар. Қызметкер барлық тапсырыстардың тізімін көре алады, тізімнен әрбір жеке тапсырыс бойынша толық ақпаратты көре алады, атап айтқанда:

тапсырыс берудің күні мен уақыты;
мазмұны (тауардың тізімі).
Тапсырыс статусы, мүмкін нұсқалары:
бұйрық шығарылды;
тапсырыс жеткізуді күтеді;
жетізуді күтіп отырған тауардың бір бөлігі;
жеткізушілерден тапсырыс берілетін тауарлар;
бұйрық өңделмеген;
тапсырыс жойылады.
егер тапсырыс сұранысқа негізделген болса, сұранысқа сілтеме көсету.
Тапсырысты өңдеу жағдайында қойылатын функционалдық талаптар (2.4-суретте келтірілді). Өңдеу процедурасы фармацевтикалық қоймада бар тауар - ға тапсырыс берудің тауарларына іріктеу болуы тиіс.
Қоймада таусылған тауарды көрсету опциясының қолданылуы. Қоймада тауардың таусылғандығын (жеткізілім тізімінде нөлдік емес теңгерім болған жағдайда да, жүйедегі тізімде болуы мүмкін, бірақ шын мәнісінде тауар жоқ) бел - гілеу мүмкіндігі болуы қажет, содан кейін өнім жеткізушілердің тапсы - ры - сына жіберіледі.
Тапсырыстың берілгендігін белгілеу опциясының қолданылуы. Қызмет - кер тауарларды жеткізу тәртіптемесінде әр тапсырыс бойынша бөлек жеткізілуі тиіс тауарды белгілеу мүмкіндігі болуы қажет. Жүйе тапсырыс берушінің тауар - ды түгел алмайтындығын алдын-ала болжауы керек (яғни, тапсырыс тауарының бір бөлігін ғана).
Тапсырысты болдырмау опциясының қолданылуы. Жүйе себептерінің бірін көрсете отырып, тапсырманы тоқтата алады:
тапсырыс беруші тапсырысын тоқтатты;
қоймада және жеткізушілерден тауарлар жоқ;
енгізу қателігі;
тапсырыс берушіге қызмет көрсетуден бас тартты.
2.4 -сурет. Тапсырысты өңдеу жағдайында қойылатын функционалдық талаптар
Тапсырыс берушілердің өнім тапсырыстарымен жұмыс істеу пайдалану нұсқасына қойылатын функционалдық талаптар. Қызметкер әрбір тауар үшін көрсетуі тиіс:
өнім берушіні (тізімнен таңдау);
мекемеге тауарды жеткізу күні.
Жүйеде келесі мүмкіндіктер болуы тиіс:
тауар жеткізушілерде жоқ екендігін белгілеу;
тауар қандай тапсырыста қосылғанын қадағалау.
Тапсырыстар мен сұраныстардың жұмысын қадағалау қойылатын функ - ционалдық талаптары. Сатып алушы мына мүмкіндікке қол жеткізе алуы қажет:
тапсырысты немесе сұранысты болдырмау;
мына ақпаратты алу:
тапсырыстың немесе сұраныстың статусы жайлы (тапсырыспен жұмыс істеу және сұраныстармен жұмыс істеу пайдалану нұсқа - ла - рына қойылатын функционалдық талаптарды қараңыз);
тауардың нақты бағасы (теңгемен).
2.3 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің архитектурасы
АЖ үш деңгейлі архитектураға ие.
Үш деңгейлі архитектура - клиент, қосымша сервері мен деректер базасы - ның серверінен тұратын үш құрамдас бөлігі бар бағдарламалық жасақтаманың архитектуралық моделі.
- Көрініс деңгейі - ең жоғарғы деңгейі, мұнда қолданушыға көрсетілетін ақпа - рат болады.
- Қолдану деңгейі - орта деңгей, бизнес-логиканың маңызды бөлігі.
- Деректер деңгейі - деректер базасын басқару жүйелерінің көмегімен деректер қорын сақтауды қамтамасыз етеді.
Үш деңгейлі архитектура жоғары икемділік ие, жүйенің сенімділігі мен қауіпсіздігін, оның тасымалдануын, масштабталуы және ақауларға төзімділігін жоғарылатады. Үш деңгейлі архитектураның кемшіліктеріне қосымшаларды құрудың күрделілігі және басқарудың күрделілігі жатады. Бағдарламалық қам - тамасыз ету тұрғысынан үш деңгейлі архитектураның компоненттері дерек - тер базасының басқару жүйелерін, веб-серверлерді және браузерлерді қамта - масыз етеді. Ең қарапайым конфигурацияда барлық компоненттер немесе бөлік - тер бір есептеу торабына біріктірілуі мүмкін.
Дипломдық жұмыста деректер деңгейі ретінде - MySQL деректер қорын бас - қа - ру жүйесі, қолдану деңгейі ретінде - PHP фрейворкы Laravel, көрініс дең - гейі - қазіргі заманғы браузер немесе мобильді ақпараттық жүйені қолдану арқы - лы жүзеге асқан.
-сурет. Үш деңгейлі архитектура
2.4 Фармацевтикалық қойма АЖ-нің интерфейсін жасау. PHP бағдарламалау тілі және фреймворкын таңдау
Функционалдық қажеттіліктерді визуализациялау үшін ақпараттық жүйе - нің прототип интерфейсі жасалды. Прототиптің жасалуы жүйемен байланысын және оның қолданысын нақтырақ көрсетті. Сонымен қатар, прототипті жасау арқы - лы тапсырыс берушіге жүйе моделін көрсетуге және алдыңғы кезеңдердегі қателіктерді жөндеуге мүмкіндік туды.
АЖ-ні құру үшін ең қарапайым, кең қолданысқа ие серверлік бағдар - ламалау тілі - Php таңдалды. PHP - кез келген веб-қосымшаны әзірлеу бары - сында туындайтын проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін кіріктірілген функ - циялардың үлкен жиынтығы бар өте икемді тіл. Бұл тілдің мүмкіндіктері веб-қосымшаларды әзірлеу үшін ең қолайлы бағдарламалау тілдерінің бірі болып табылады.
PHP тілін АЖ-ні құру барысында таңдау себептері:
C C ++, Java немесе Perl тілдерін білген жағдайда PHP үйреніп алу қиын емес;
PHP тілімен жұмыс істеу барысында кез-келген туындаған қателіктерді ше - шуге көмектесе алатын бағдарламашылар қауымдастығы көп;
Көптеген кіріктірілген функциялардың болуы;
Тегін қолдану мүмкіндігі;
Кросс-платформалы;
php үшін қолданылатын фреймворктардың көп болуы.
PHP (ағыл. Hypertext Preprocessor - гипермәтіндік препроцессор, бастап - қы - да Personal Home Page Tools Жеке веб-беттерді жасау құралдары) кеңінен қолданылатын ашық бастапқы кодты жалпы мақсаттағы сценарий тілі болып табылады.
PHP веб-серверде жұмыс істейтін веб-қосымшаларды (скрипттер, сце - на - рийлер) жазу үшін арнайы жасалған бағдарламалау тілі болып табылады. Тілдің синтаксисі көбінесе C, Java және Perl синтаксисіне негізделген. C және Perl-ге өте ұқсас тіл, сондықтан кәсіби бағдарламашыға үйрену қиын емес. Екінші жағынан, PHP тілі C-ге қарағанда қарапайым және оны басқа бағдарламалау тілдерімен таныс емес болсаңыз да меңгеруге жеңіл болып келеді.
PHP артықшылығы, мысалы, JavaScript сияқты, PHP сценарийлері сервер жағында орындалады. PHP пайдаланушы компьютерінің немесе оның брау - зерінің жылдамдығына байланысты емес, ол серверде толығымен жұмыс істейді. Пайдаланушы қалыпты HTML файлын немесе сценарийдің нәтижесін алғанын біле бермейді.
PHP сценарийлері серверде жекелеген файлдар ретінде орындалуы мүмкін немесе олар html беттеріне біріктірілуі мүмкін. PHP тек HTML құжаттарын ғана емес, түрлі форматтағы суреттерді - JPEG, GIF, PNG, PDF және FLASH файл - дарын жасап және түрлендіре алады. PHP XHTML және XML сияқты кез келген мәтіндік форматта деректерді шығара алады.
PHP - кросс-платформалы технология болып табылады. PHP таралуы жа - ғы - нан көптеген операциялық жүйелерде, соның ішінде Linux, Unix, Microsoft Windows, Mac OS және көптеген басқа да өзгерістер үшін қол жетімді. PHP сонымен қатар, Apache, Microsoft Internet Information Server (IIS), Microsoft сияқты веб-серверлерде көрсетіледі. Көптеген серверлер үшін PHP модуль ретінде және CGI препроцессоры ретінде келеді. PHP ODBC және көптеген дерекқорлармен жұмыс істейді: MySQL, MSQL, Oracle, PostgreSQL, SQLite және т.б.
PHP программалау тілі, әсіресе танымал MySQL дерекқорымен бірге әр - түр - лі деңгейдегі интернет-сайттарын жасаудың ең жақсы мүмкіндігі. PHP тілі үнемі жетілдірілуде және веб-бағдарламалау тілдері саласында ұзақ уақыт бойы басымдыққа ие болып келеді.
PHP - енгізу тілі, яғни HTML тіліндегі кез келген жерде осы тілде жазыл - ған сценарийлерді ендіре аласыз. PHP кодын енгізудің бірнеше негізгі жолы бар:
?php...?
?... ?
Жоғарыда келтірілген әдістердің кез-келгенін пайдалана отырып PHP сценарий - лерін кірістіруге болады, бірақ бірінші әдіс ең қолайлы болып табылады. Бұл сценарийлерді тек HTML-де ғана дұрыс басқаруға мүмкіндік бе - реді.
!DOCTYPE HTML PUBLIC " - W3CDTD HTML TransitionalEN" "http:www.w3.orgTRhtml4loose.d td" html head titleСтраница Web title head body p ?php echo " PHP бұл базалық құжат "; ? p p ? print " PHP -енгізу тілі!"; ? pbodyhtml
PHP бұл базалық құжат PHP -енгізу тілі
-сурет. PHP кодын ендіру
Бұл мысалда біз ендіру кодының жоғарыда келтірілген әдістерін пайда - ланамыз және көріп отырғанымыздай, олар HTML-де жақсы жұмыс істейді, бұл сервер тілі және сондықтан осы тілдегі барлық сценарийлер өңдеу сервері жағында орындалады. Пайдаланушы браузерін сұрауды жүктеген кезде, сервер (PHP қолдауы бар болса) PHP сценарийлерін өңдеуге арналған пәрменді таң - дайды (ол парақтың кеңейтіліміне негіздеді (.php).) Өңдеуден кейін сервер жаңа - дан жасалған HTML бетін қайтарады.
Басқаша айтқанда, пайдаланушы ешқандай PHP кодын бетке қолданыл - майтынын немесе ол мүлде пайдаланылғанын білмейді.
АЖ-ні жеделдету мақсатында, сондай-ақ құрған жүйені үшінші тарап, яғни пайдаланушылардың пайдалануына жеңіл болуы үшін, PHP-дің фреймворкын қолдану жайлы шешім қабылданды.
Фреймворк - ақпараттық жүйені құруды жеңілдететін және үлкен бағдар - ламалық жобаның әр түрлі компоненттерін біріктіретін бағдарламалық жасақ - тама. Функция кітапханасына қарағанда фреймворк бағдарламалық өнімнің ло - гика - - сына және құрылымына шектеу қоя алады.
Веб-фреймворк динамикалық веб-сайттарды, желілік қосымшаларды, қызметтер мен ресурстарды құруға арналған. Веб-фреймворкта HTTP сұрау - ларын өңдейтін логика болады және деректер қорына кіруді жеңілдетеді. Фреймворк басқа модульдерден қосымшаларды құруға, оны оңай кеңейтіп, өз - гер - туге мүмкіндік беретін жасақтама болып табылады.
Бір жағынан, фреймворк файл құрылымына шектеулер енгізеді, кодты жобалау стилі, логиканы бөлу ережелері және функциялары дайын шешімде қолданылмауы мүмкін. Екінші жағынан, фреймворк бағдарлама дизайны мен жүйені құру уақытын қысқартады, кодтың қайталануын жоюға, сондай-ақ жобаны жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Фреймворкты таңдағанда фрейм - дерге, құжаттамасына және кеңейтілімінің өзгеруіне, сондай-ақ функ - ционалдылықты кеңейту мүмкіндігіне қараған жөн.
Салыстыру үшін, PHP-дің екі фреймворкы таңдалды:
Ресейдің ең танымал фреймворкы - Yii 2;
Әлемдегі ең танымал фреймворк - Laravel.
2.1-кесте. PHP-дің Yii 2 және Laravel фреймворктарын салыстыру
Критериилері
Фреймворктар
Yii 2
Laravel
Талаптары
PHP 5.4.0 және одан жоғары.
PHP 5.5.9 және одан жоғары.
PHP кеңейтімдері:
- OpenSSL;
- PDO;
- Mbstring;
- Tokenizer.
Паттерні
MVC
MVC
Кеңейтілімі
Қолданылады (composer)
Қолданылады (composer)
Миграциясы
Қолданылады
- Қолданылады;
-Мәліметтермен толтыру құралы.
Объектті-реляционды көрінісі(ORM)
Active Record
Eloquent ORM (Active Record)
Валидациясы
Қолданылады
Қолданылады
Локализациясы
Қолданылады
Қолданылады
Ағылшын тіліндегі ақпараттары
Құжаттар, форумдар,
Блогтар
Құжаттар, бейнематериалдар
(Laracast), форумдар, блогтар
Орыс тіліндегі ақпараттары
Құжаттар, форумдар,
Блогтар
Құжаттар, форумдар,
Блогтар
АЖ-ні құруда жоғары танымалдылыққа ие болғандығына және қолдану ыңғайлылығына байланысты PHP фреймворкы Laravel жобаны дайындауға таңдалды.
2.5 PHP тілінің Laravel фреймворкы
АЖ-нің веб-қосымшасы ашық бастапқы кодты PHP фрейворкы Laravel 5.2 нұсқасы арқылы жасалды.
Laravel - MVC архитектуралық моделін (Model View Controller - үлгі-көрі - ніс-контроллер) пайдалану арқылы қолданылатын ашық бастапқы коды бар веб-фреймворк. Laravel MIT лицензиясы бойынша шығарылған.
Жобаның бастапқы коды GitHub-да орналастырылған. 2013 жылдың жел - тоқсанында sitepoint.com сауалнамасының нәтижесінде ең танымал PHP жүйесі Laravel, 2014 жылға арналған ең перспективті жоба ретінде саналды. 2015 жылы sitepoint.com бағдарламашыларының арасында PHP фреймворкын қолдану туралы сауалнама нәтижесі бойынша мына номинациялар бойынша бірінші орынды иеленді:
Корпоративті деңгейдегі фреймворк ретінде;
Жеке жобаларға арналған фреймворк ретінде;
Антипаттерлер ретінде.
MVC деректерді, көрсетілімді және өңдеуді ортақ пайдалануға мүмкіндік беретін пайдаланушы әрекеттерін үш компонентке бөліп көрсетеді:
1. Үлгі (модель) - ақпаратпен қамтамасыз етеді: олармен жұмыс істеудің дерек - тері мен әдістері деректерді өзгертіп, сұраныстарға жауап береді. Үлгі дерек - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz