Банктердің пассивті операцияларының мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бүгінгі экономикалық көрсеткіш және банктің міндетті төлемдерін болашаққа өмір сүруіне алып келуі мүмкін, егер макроэкономикалық ортада стратегиялық қызметіне не болмаса, тактика түрінде өзгерістері болуы мүмкін. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша коммерциялық банктердің проблемалары мен шешуші жолдарының тұрақтылығын өзгеруіне макроэкономикалық жағдайда актуалдылығы болып табылады

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз-бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер қаржылық делдалдар сияқты шаруашылық ұйымдырдың капиталын, халықтың жинақ ақшасын және басқа да бос ақша қаражаттарын өз қызметі барысында тарта отырып қарыз алушыларға уақытша пайдалануға береді, ақшалай есеп айырысулар және экономикаға әр түрлі қызмет көрсете отырып өндірістің тиімділігіне және қоғамдық өнімінің айналымына қатысады.

Елдегі экономикалық реформалардың жүргізілуіне сәйкес банктік істің дамуындағы жаңа кезеңдерін ашты. Нарыққа өту талаптарында ерекше өзектілікті құрайтын банктердің және несиелік институттардың дамуының перспективасы және олардың тәжірибелік іске асуы жайлы сұрақтар туындайды Алға қойған міндетті шешу үшін қазақстандық және шетел банктердің тәжірибелік іс қызметін талдау негізінде және тәжірибедегі прогрессивті, рационалды жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді жүзеге асыру. Бұл тақырыптың өзектілігін дәлелдейді. Соңғы жылдарда қаржылық нарықтағы ақша нарығын және капитал нарығын құру күрделі процесі жүріп жатыр. Соңғысын бір бірімен байланысты процестің жинақ және инвестициялық қаражатты дамыту мүмкін емес. Жинақ қаражаты бұл табыс пен пайдалану арасындағы айырмашылық.

Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

Осы коммерциялық банктердің проблемалары мен шешуші жолдарының маңыздылығы және олардың пайдасын жоғары шегіне жеткзуін ашып көрсету, осы тақырыптың өзектілігі мен мәні осы бағытта анықталады.

Курстық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің пассивтік операцияларын мәні мен маңызын зерттеу.

Курстық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылады:

  • банктің пассивтік операциялары, олардың қалыптасу көздерін қарастыру;
  • коммерциялық банктердің негізгі операциялары және олардың сипаттамасы;
  • АҚ «Банк Центр Кредит» экономикалық әрекетін және шығындарын талдау;
  • банктің пассивті операцияларын жетілдіру жолдары айқындау.
  • коммерциялық банктің пайдасын жоғарғы шегіне жеткізу проблемаларын зерттеу.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлім. Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының мәні мен олардың қалыптасу көздері, банктің кірісі мен шығысының жіктелуі, коммерциялық банктің пайдасы және пайыздық маржаны анықтауын көрсетеді.

Екінші бөлім. Коммерциялық банктердің қаржы-экономикалық нәтижесін талдау (АҚ «Банк Центр Кредит»), коммерциялық банктің негізгі кірістерін талдау көрсеткіштерін және кіріс пен шығыстың жылдық есебін талдау.

Үшінші бөлім. Коммерциялық банктердің тиімділігін жетілдіру жолдары, коммерциялық банктің пайдасын жоғары шегіне жеткізу проблемалары, коммерциялық банктің актив пен пассив операцияларын жетілдіру жолдарын қарастырады және қорытынды бөлімнен тұрады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып шетелдік және Қазақстандық экономист-ғалымдардың еңбектері, заңдар, нормативті-актілер мен әдістемелік материалдар табылады.

Қаржы шаруашылық мәліметтерді, нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлегенде абстракция-логикалық, экономика-статистикалық, талдаулық және синтез әдістері қолданылады.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - АҚ «Банк Центр Кредиттің» пассивтік операциялары.

І. БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Банктердің пассивті операцияларының мәні

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар негізінде құралатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары - делінеді.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялар мынандай формалары болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.

Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербесін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінген пайда жиынтығы. Коммерциялық банктер капитал процесінде, банктік секторды шешуші экономикалық рөлі орын алады. Коммерциялық банктер пайда нормасын жүргізіп, бұл процесс бөлігін жалпы экономикалық деңгейіне әкеп соғады.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құралатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары», - делінеді.

Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті - пассивті шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипатайды.

Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады [1] .

Отандық банктік тәжірибеде талап етуінде дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлы мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары [2] .

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалынылады.

Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез-келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

Коммерциялық банктер, бір жағынан, шаруашылық субьектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттерді ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандайда есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұроақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы даәгейі рталық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етеледі.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін жне оның шотындағы ақшалайқаражаттың барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі екі түрлі болып келеді:

  1. Атаулы сертификаттар;
  2. Мәлімдеуші сертификаттар;

Атаулы депозиттік жне жинақ сертификаттары бұл салфым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктердің депозитттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозитттік операцияларды ұлғайтуды талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруге тиіс:

  • депозиттік шығыстардың қаржыландырылатын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасын сәйкес кетуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауы тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызме көрсетіп, жеңілдіктер ждасауға тиіс [2] .

Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелеріне бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

  • ссудалық (несиелік) операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік опеарациялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алынады. Банктіе ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активті топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктік активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80 пайызға жуық) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процеінде жұмыс жасауымен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.

Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі - банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  1. мемлекеттік бағалы қағаздар;
  2. корпоративтік бағалы қағаздар.

Мемлекеттің бағалы қағаздардың табыстылығынақарай үш түрге бөлінеді:

  • Дисконттық мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
  • Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнелеген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін өленеді.
  • Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвесор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға ағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деуге де болады [3, 46] .

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • депозиттік және жинақ сертификаттары;
  • ипотекалық куәліктер;
  • депозитік қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестициялау операцияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Облигация - оның иесінің ақшалай қааражат салғандығын куәландыратын және эмитентті осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді.

  • купондық облигациялар - инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
  • дисконттық облигация - инвестор банктік облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспондеттік қатынас банктердің бір-біріне ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізіде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады [5] .

«Лизинг» сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда, «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтары, машиналарыды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануа беруі қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалылығын және мүліктің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

Қаржылық лизинг - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затын мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады.

Банктердің лизингік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиелерден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінен қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

  1. банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;
  2. лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушы төлейді;
  3. жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
  4. лизинг компаниясы мен лизиг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;
  5. жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
  6. лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
  7. лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді [4] .

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг - клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасып, сауда - коммисиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 пайызға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингмақсаты - кез-келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.

«Факторинг» сөзі ағылшын тілінен «faktor» алғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда - бұл делдалдық операция.

Факоринг операциясы - жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-факурасын) банкке сатумен байланысты коммиссиондық-делдалдық опрация.

Факторинг операциясына 3 тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент ( тауарды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг компаниясымен келісімшарт жасаушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
  3. Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауар сатып алушы фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жасау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алған соң, факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зертейді. Егер де кәсіпорынның факторинг компниясы немесе банктік фактор бөлімінің клиенті болған жағдаййда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактурасы тапсырылады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясына барлық шот-фактурасымен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторин компаниясы төлемінің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

Форфейтингсөзі француз тілінеде «a forfait», аударғанда, құқықтан бас тарту дегенді білдіреді. Форфейтинг - таурларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиіс міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин. Форфейтинг операциясы - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алу.

Форфейтинг мәмілесін үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. Импертер, яғни тауарды несиеге алу;
  3. Форфейттор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

1- мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2- тауарын несиеге береді; 3- аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді; 4- аудармалы вексельді қайта сатады; 5- аудармалы вексельді есепке алып, оның 70 пайыздай мөлшерінде банк ссуда береді; 6- мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады; 7- вексель ойынша міндеттемесін өтейді.

  1. Банктің пассивті операциялар нысанының жүзеге асырылуы

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.

Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердіңпайдасы есебінен аударулар;
  • басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер (зайымдар;
  • салымдық (депозиттік) операциялар.

Салымдық операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

Салымдық операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк ездері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

- салымдық операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қаржы және банктер
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz