Нарықтық экономикада несие мен банктердің мәні және қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Нарықтық экономикада несие мен банктердің мәні және қажеттілігі 
1.1 Несие мен банктердің мәні мен қажеттілігі және принциптері 5
1.2 Несиенің формалары, банктің түрлері және атқаратын қызметтері 5
1.3 Несиенің шетелдік тәжірибесі 10
21
2 Сбербанк АҚ мысалында несиелік операцияларын талдау 
2.1 Сбербанк АҚ қаржылық жағдайын талдау  24
2.2 Сбербанк АҚ несиелік операцияларын талдау 24
29
3 Несиелік операцияларды және банк қызметін ұйымдастыруды
жетілдіру 

34

Қорытынды 41

Қолданылған әдебиеттер тізімі 44

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай
болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Капиталдың, яғни
қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының
ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды
көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос
ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі
уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық, қаржылық, банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі- ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. (Несие( деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді
білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейту.
Курстық жұмыстың мақсаты: несиені ұйымдастыру және есепке алу
тәртібімен танысу, банктердің қажеттілігі мен принциптерін тереңдете оқу,
сонымен қатар, Сбербанк АҚ жүргізілетін несиелік операцияларына талдау
жүргізіп, несие операцияларындағы мәселелерді айқындау.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
– Несие мен банк түсінігін, түрлерін, саясатын, функцияларын
теориялық тұрғыдан қарастыру;
– Сбербанк АҚ нақты кезеңге несиелік операцияларын талдау,
оларды ұйымдастыру және есепке алу тәртібімен танысу.
– Сбербанк АҚ несие операцияларын ұйымдастырудағы жалпы
мәселелерлі айқындап, шешу жолдарын қарастыру, даму стратегиясын
қарастырдым.
Зерттеу объектісі – Сбербанк АҚ болып табылады.
Курстық жұмыстың методологиялық негізі ретінде Қазақстан
Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Сбербанк АҚ жылдық
есептері, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан
Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі мәліметтерін, Сейтқасымова Г.С., Мақыш С.Б., Міржақыпова С.Т.,
Лаврушина О.И. әдебиеттерінен алынды.

1 Нарықтық экономикада несие мен банктердің мәні және қажеттілігі 

1.1 Несие мен банктердің мәні мен қажеттілігі және принциптері

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Ежелгі
ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана
емес, сондай- ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық
мәліметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. пайда болған.

XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер- клиенттер арасында қолма – қол ақшассыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің
клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша
бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компаниялрға ссудаға
берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде- феодализм тұсында
пайда болған деп атайды.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы”
дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда- саттық барысында әр түрлі формадағы
монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша- сауда капиталының
өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты
– өндіріс, үйлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа
пайдаланушы қарыз алушы ғана қатыса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік
процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің
субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. [1].
Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі
жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес
қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл
өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидиумдардың қолдарына тиместен
бұрын айырбасты бастауға болмайды.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және
бір-бірімен өзара әрекетте болады, өндіріс осы бөліктермен анықтала алады.
Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі
және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс
те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр
түрлі үлестірумен т.б. үлеструімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын
білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: 1-үлестіру пропорцияны
белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2-ол қоғамнан
келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидиумға
үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге
қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп
қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидиумнан шығатын кез ретінде
анықталады.
Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы
өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын
қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді [2].
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және
ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа
субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттігі арасында қарама-қайшылық пайда
болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен
үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін
жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі
түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәлімесі. Несие қарыз
мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі
тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып
салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін.
Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде
тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде
эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылуы [3].
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. К. Маркс
келесіде “Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік
етуіне” назар аударады . Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық
экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың
кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді
қамтамсыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару
органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде
және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады
[4].
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді
пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер
басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр
түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі
несиелермен немесе қолма- қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз
қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғаслысын қаматамсыз етеді [5].
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің
экономикалық жауапкршілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысында өздеріне
әрбір банкті тандайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі [6].
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ен алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбек ақы беру, жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті
емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің
күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі
жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің
мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей- ақ кәсіпорын қызметтерінің
көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге
мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды
бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік
береді.

1.2 Несиенің формалары, банктің түрлері және атқаратын қызметтері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1988- 1991 жж. (КСРО-ның тұсында)- мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру ; алғашқы
коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып,
ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және
дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни
айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-
несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен
қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін
реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді [7].
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің
басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
– мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен
Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
– коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің
жеткіліксіздігі;
– екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу
жүйесінің баяу құрылуы;
– валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта
қалушылық;
– макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау
және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
– осы уақытқа дейін пайдаланып келген Ұлттық банк пен екінші
деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық
стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
– Ұлттық банк жүйесіндегі еңбекақының төмендігінен кадрлардың кету
деңгейінің жоғарылығы.
ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
– Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі
пруденциялдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын
тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
– қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің
әлсіздігі;
– шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау
деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді
бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын
бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
– орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде
қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің
капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
– прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып,
игерудің баяулығы;
– банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен
деңгейде болуы.
Банктің атқаратын қызметін төмендегідей топтастыруға болады:
– Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз
капиталына айналдыру;
– Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операция жүргізу;
– Ақша айналымын реттеу;
– Айналымға несие құралдарын шығару;
– Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер эмиссиялық және
эмиссиялық емес болап екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға
құқығы бар, әдетте, орталық банк.
Мемлекеттегі басқа бактердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға
құқы жоқ эмиссялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық және т.с.с. банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигациялыр, акция
және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарыз береді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мұліктерді кепілддіке
алып, ұзақ мерзім немиеге қарыз береді.
Қазақстан Республикасының қазірге банк жүйесінің құрылу. ҚазКСР -
ның Жоғары Кеңесі қабылданған Банктер және банк қызметі қызмет туралы
заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары немесе
бірінші деңгейдегі банктер және төменгі немес екінші деңгейдегі банк –
коммерциялық банктер жұйесі.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
– Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
– Несие беру;
– Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
– Төлем құралдарын шығару;
– Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
– Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару;
– Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив ( қаражат тарту ); актив ( қаражатты орналастыру );
комиссиялық – делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялыар ақылы )
және сенімді операциялар.
1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі
ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі
деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының
Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
жоғары деңгейін білдіреді.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие [8].
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы
қарастырылады: коммерциялық және банктік.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы
формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік
капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несиенің құрылымы вексель – жазбаша қарыздық міндеттеме
болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін,
борышқордың вексельде көрсетілген ақашалай соманы талап етуге құқық береді.
Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп
тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни
олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін
қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық
несие өзінің бағыты бойыншы шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын
салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше
емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станоктарын несиеге
тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс
кәсіпорнынына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина
құрылысында өндіріс құрал-жабдығы бола алмайды [9].
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық
кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен
міндеттемелерінің үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларынікі –
20-25%. Олардың кейінгі орнында ағылшындық, американдық және германиялық
компаниялар кіреді.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі –
тауарлардың ұдайы жеткізуін талап ететен кәсіпорындардың экономикалық
байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады [10].
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар
мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі
жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке
анықталады [11].
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтауышлар сатып
алушылардың қаржыылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді
кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап
айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте векселді қаншалықты есептеуге
алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін
төмендетеді [12].
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Бос ақшалай
капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы
кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос
ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина
құрылыс кәсіпорынына қарызға береді.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал
банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді
[13].
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәмліенің екі
қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп
қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі
мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады.
Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде (банктік
емес( деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді (мысалы,
Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен
байланысты). Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді [14].
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы
ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар
және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұранысч та
әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының
конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес,
несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен
қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады.
Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі – әр түрлі экономикалық кеңес беруді
қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну
дамытылады.
Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол
едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген
кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктер, бірінші кезекте,
банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік
компониялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым
ыңғайлы формасы болып келеді [15].
Сондықтан бұл несиені ұйымдастыру барысындағы бір проблема, ал келесі
кездесетін проблема бұл несиені алғаннан кейінгі оны қайтару проблемасы:
1. несиені алған мерзіміне байланысты;
2. жоспарланған пайда табу көздерінің шықпай қалу нәтижесінің, яғни
климаттық жағдайларға байланысты;
3. салық салымының, бюджеттік мекемелер алдында өсіп кетуі;
4. тұрақты шығындардың түсетін пайдадан асып кетуі, диспропоцияның
күшейуі;
5. нарық инфрақұрылымының тұрақсыздығы, демек ауыл шаруашылығы өнімінің
нарықтық бәсекелестікке түсе алмауы;
6. жанар - жағар майдың және басқа қажет құрал жабдықтардың ауыл астық
салу, жинау кезеңінде тапшы немесе бағасының жоғары болуы;
7. ауа- райы климатының күрт өзгеруінің салдарынан егістік жағдайына
сай келмеуі;
8. жер құнарлығының, жер сапасының төмен болуынан [16].
Осы жоғарыдағы жағдайды қарастыра отырып ауыл шаруаларының несие
алуында және оны қайтаруда кездесетін проблемаларды алдын- ала алуда, осы
курстық жұмыста тоқталмай кету дұрыс емес болар еді деп ойлаймын.
Ойымды тұжырымдай келе, мынаны айтпақпыз: ауыл шаруашылығын жақсы
деңгейде жүргізуде және тиімді дамытуда тек қана нарықтық моделге сүйену
жеткіліксіз болғандықтан ауыл шаруашылығының саласын ұйымдастыру –
заңдастыру, экономикалық ынталандыру, баға саясатын ұстану, ресурстармен
қолдау жағынан келгенде мемлекеттік саладан арнадан үлкен ыждахаттылықты,
мемлекеттік қолдау арқылы жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелердің шешімі,
нәтижесі болатындығына үміттенеміз. Несиенің түрлері бұл белгілі бір
түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір
қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды,
ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді
анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
Мерзімдері бойынша:
1. қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
2. орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
3. ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары).
Несиелеу объектілері бойынша:
1. негізгі қорларға берілетін несие;
2. айналым қорларына берілетін несие.
Несиелеу әдістері бойынша:
1. қалдық бойынша несиелеу;
2. айналым бойынша несиелеу.
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал
қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері
бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал
халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
2. экономикалық мазмұны бойынша:
сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық –
кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қарыздарға
инвестициялау);
3. несие субъектілері бойынша:
қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Шетелдік әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі.
Несиелердің категориялары:
а) Қарыз алушының типі бойынша: тұтыну, бөлшек көтерме, ауыл
шаруашылығы, коммерциялық өнеркәсіптік, қозғалмайтын мүлік, энергия,
үкімет (жергілікті үкімет, штаттар, ұлттық) федералдық.
ә) Мақсаты бойынша: тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, көліктер),
айналым капиталы, құрылғылар, ғимараттар, жобалар, лизингтік қаржыландыру.
б) Әрекет ету мерзімі бойынша: қысқы мерзімді (бір жылдан кем емес),
орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жыл және одан
жоғары).
в) Өтелу кестесі бойынша:
1. бірдей төлемдермен (мысалы, тұтыну несиесі үшін ай сайын).
2. кезеңді төлемдермен (тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті
кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификацияланған несие –
(шар(, яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда
анағұрлым көп төлемді талап ететін несие).
3. бір рет төлемді (қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – (шар( ).
г)Қамтамасыз етілуі бойынша: қамтамасыз етілмеген, кепілмен қамтамасыз
етілген (қолма-қол бағалы қағаздармен, дебиторлық қарыздармен, қорлармен,
құрылғылармен, жермен, ғимараттармен), кепілдендірілген, басқа да
қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат).
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
1. Ұлттық банктің несиелері:
– аукциондық – Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып
табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика
бактерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
– ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
– бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998
жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты
тоқтатылады.
2.Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
– өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға;
– күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
– импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
– ипотекалық;
– несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша
және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие
беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
– консорциялдық – несиелік, кепілдік немесе басқа да қандай да бір ірі
банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп
банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да
бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі
мүмкін;
– тұтыну мақсаттарын;
– банкаралық.
Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық
нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі
банктер (Халықтық банк, Казкоммерцбанк) болады.
3. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік
қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резервтер (провизорлар) құру
тәртібі туралы Ережеге сәйкес Ұттық банк Қарыздардың сапалары бойынша
олардың келесі бөлінулерін белгіледі:
- стандартты – қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күм ән
туғызбайтын несие;
- стандартты емес – несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілу мен
байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған
несие;
- қанағаттанарлықсыз – ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына
жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір
реттен артық емес ұзартылған несие;
- күдікті – қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған күннен
бастап ұзартылу мерзімі 60-күннен 90 күнге дейінгі несие;
- шығынды, күмәнсіз, сенімсіз – ұзартылу мерзімі 90 күннен артық
несие.
Пайыздар есептеу қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жазылған күннен
бастап 90 күн өткеннен соң тоқтатылады. Пайыздардың есептелуінің тоқтатылуы
банктің балансында есептелген пайыздардың өсуінің тоқталғанын білдіреді.
Есептелген пайыздардың есебі баластан тыс жүргізіледі.
Банктердің қарыз портфелінің жіктелуі, оның сапасының жоғарлауы және
несиелік қызметтен болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резервтер
(провизорлар) құру мақсатын көздейді және жалпы алғанда банктік жүйенің
тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

1.3 Несие мен мен банктердің шетелдік тәжірибесі

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары
арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну
мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі
міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі
деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғандардың жалпы қарыз сомасының
қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және
Францияда – 30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та – 60%-дан астам. Тұтыну несиесі
негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомбилдерді,
электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар
қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады [17].
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер
ашу тәжірибесі кең таралды. Тұтыну несиенің бұл түрінің мақсаты –
клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қөатар
сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен
және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға (дербес несиелер(
деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну
несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды
қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылқтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада
беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық
мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді
кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден,
делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым
етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді
алу үшін кезінде пайдаланылады. Бұл неселерді көбінесе жас жанұялар және
білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен
студенттер алады. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық
еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтеу мерзімі 36 ай.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты
елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бұл үшін тұтыну
несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде
төленетін бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының
төмендетілуі. Экономиканың (қызып кеткен(, ақшаның инфляциялық құнсыздануы
күшеюуі жағдайында қарама-қарсы саясат жүргізіледі. Қолма-қол төлемнің
үлесі жоғарлайды, несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме
жоғарлайды. дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол
тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен
өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс
деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады [18].
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында
тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін
мамандандырылған Мемлкеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірісті ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлкеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретінде мемлкеттік және жергілікті билік органдары
болатын несиелік қатынастар жинағы. Мемлкеттік несиенің негізгі формасы –
мемлкеттік займдар сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер,
тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қазақстанда 1994
жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп
тұрады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылық
және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар,
кәсіпорындар, мемлкеттік мекемелер сонымен қатар халықаралық және аймақтық
ұйымдар қатынасады.
Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн СДР (арнайы қарыз құқығы) сомасын
(стенд-бай( несиесі шеңберінде келісімге қол қойылды. (Стенд-бай(–
резервтік несие – кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар
орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың
бағыттары бойынша ХВҚ-мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр)
ақшалай қарашаттардың белгілі бір сомасы келісілген уақыт аралығында
несиеге берілетін туралы келісім [19].
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылы
құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы несие нарығы мен несие ресурстарының жағдайы
Қазақста Республикасының банк жүйесi
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Банк туралы түсінік
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Банктердің қызметтері мен операциялары
Банктік жүйе
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Ақшаның айналысының заңы ақша массасы
Банк жүйесі туралы ақпарат
Пәндер