Банктік қызметтің мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Оңталап Ақтолқын қаржы-21

Тақырыбы: Банктік қызметтің мәні. Қазіргі банктік жүйе мемлекет мысалында.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ҚР БАНК ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 ҚР банк жүйесінің түсінігі және рөлі . . .

1. 2 Банк жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар . . .

ІІ. ҚР БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 ҚР банк жүйесіндегі басқару құрылымының сипаттамасы . . .

2. 2 Қазақстандағы коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары портфелінің сапасын талдау . . .

ІІІ. БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: банктік қызметтер нарығы және олардың мәні, сонымен қатар банк қызметтерінің жіктелуі, еліміздің банк жүйесі жайында.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады [1] .

Əр елдің өзіндік ерекшелігене қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-ғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер) .

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Қазiргi коммерциялық банктер - бұл тiкелей кәсiпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететiн банктердi бiлдiредi. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.

Курстық жұмыстың мақсаты: ҚР Банк жүйесінің негізгі теориялық аспектілерімен танысу; ҚР Банк секторының қаржылық жағдайын талдау; Банк секторының қаржылық жағдайын арттыруға бағытталған іс-шараларды анықтау;

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. ҚР банк жүйесінің қалыптасу кезеңін анықтау;
  2. Банк жүйесінің дамуына әсер етететін факторларды анықтау;
  3. ҚР банк жүйесіндегі басқару құрылымын зерттеу;
  4. Қазақстандағы коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары портфелінің сапасын талдау;
  5. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар;

Курстық жұмыстың объектілері: ҚР-ның банк жүйесі және оның қалыптасу кезеңдері; ҚР банк секторының қаржылық жағдайы;

Курстық жұмыс ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінің қаржылық жағдайын анықтау нәтижесінде зерттелді.

І. ҚР БАНК ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. ҚР банк жүйесінің түсінігі және рөлі

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады [1] .

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер жəне банктік қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылды.

Нарық экономикасына өту жағдайында жəне экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық жəне оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады [2] .

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

  • кезең. 1988 - 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі. кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы жəне дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі. кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет жəне банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:

  • мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
  • коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;
  • екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау жəне реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
  • валюталық реттеу жəне бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
  • макроэкономикалық процесстерді жедел түрде талдау, оларды болжау жəне шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
  • осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа жəне нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
  • Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.

ə) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:

  • Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
  • қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің əлсіздігі;
  • шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің жəне банк үшін несие беруден туындайтын тəуекелді бағалау дəрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
  • орта жəне ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
  • прогрессивті қаржы құралдарын жəне технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
  • банк қызметкерлерін кəсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты [3] .

Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сəйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркəсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркəсіп банкінің балансынан Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.

Екінші кезекте, Қазақстан Əлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) жəне əмбебап акционерлік ƏлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ƏлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі - 35 % құрады. Бұл бір жағынан, ƏлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Əлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.

Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін əмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтыды:

Бірінші кезеңде (1995 жылдың 1-ші жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 % мемлекеттік меншікті қалпына келтіру жəне оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01. 01. 1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

Екінші кезеңде (1995 ж. екінші жартысында жəне 1996 ж. ), Халық банкіне пластикалық дебеттік жəне кредиттік карточкаларды енгізу жəне олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

Үшінші кезеңде (1997 ж. ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сəйкес 01. 01. 1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап жəне жекшелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

Төртінші кезеңде əмбебап банк - Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сəуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор-кəсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

Бесінші кезеңде əмбебап банк - Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі - 40, 3% мөлшерінде (1994 жылдың сəуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.

Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан, орта жəне ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз

міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай банктерді халықаралық тəжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады [2] .

Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі жəне Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.

Мемлекеттік даму банкі - бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.

Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк ) - бұл Қазақстан үшін дəстүрлі емес, даму жəне ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру жəне кепілдеме беру үшін Əлем банктен бөлініп шыққан банк.

Тұрғын үй құрылыс банкі - бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Медетші банк (траст ) - бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен “Проблемалық кəсіпорындар үшін госпиталь” ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сəйкес, ол небəрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.

Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нəтижесінде қолданған шаралары қаржылық жəне экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді . Ең бастысы, ақша-несие реттеу əдістері мен құралдары əрі қарай дами түсті.

Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тəн қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру жəне ақша-несие жəне валюталық реттеумен айналысуға көшті.

1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.

1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мəнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8, 9%-дан, қыркүйек айында - 2, 4%-ға дейін төмендету нəтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210 % -дан 45% -ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді [3] .

  1. Банк жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар

Банк жүйесінің даму процесіне банк жүйесіне қатысты сыртқы факторлардың жиынтығы, сондай-ақ ішкі факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторларға макрофакторларды немесе орта факторларын жатқызуға болады. Бұл факторлар тобы белгілі бір шартты деңгеймен бес негізгі топқа: экономикалық, саяси, құқықтық, әлеуметтік және форс-мажорлық топқа бөлуге болатын өзара байланысты және өзара шартты факторлардың ықтимал жиынтығы болып табылады.

Экономикалық факторлар жиынтығы банктердің қатысуымен экономикалық қатынастарды орнатудың қарқындылығы мен тәсілдерінде көрсетілген экономиканың жай-күйін көрсетеді.

Экономикалық факторларға бюджетті атқару қағидаттарын, іске асырылатын ақша-несие саясатының сипатын, қалыптасқан салық салу жүйесін, банк жүйесінің жұмыс істеуінің жалпы шарттарын қалыптастыратын экономикалық реформаларды жүргізу нәтижелерін жатқызуға болады. Осылайша, экономикалық өсу кезінде, әдетте, шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны ұлғайып, экономикалық байланыстар өсуде, бұл кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан да, халық тарапынан да банк қызметтеріне сұраныстың тиісті өсуіне әкеп соғады [4] .

Дағдарыстық даму жағдайында банк жүйесін тұтастай тежейтін, жекелеген банктердің қызметін күрделендіретін, олардың сенімділігі мен өтімділігін төмендететін қарама-қарсы процестер байқалады. Банк жүйесінің дамуы банктердің пайдасына шамадан тыс салық баспасөзі, банк операцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстардың болмауы, ірі және орта кәсіпорындардың едәуір санының шығындылығы, халықтың табысы деңгейінің жалпы төмендеуі сияқты факторлардың ықпалымен тежелуі мүмкін.

Саяси факторларға банк жүйесінің субъектілері: орталық банк, банктер, кредиттік ұйымдар, банктік қауымдастықтар қабылдайтын шешімдердің сипатына әсер ететін мемлекеттік және жергілікті деңгейлердегі билік және басқару органдарының шешімдері жатады. Бұл бірінші кезекте:

  1. ақша-кредит саясатының принциптері;
  2. бюджетті қалыптастырудың мәлімделген қағидаттары;
  3. салық салуды жетілдірудің негізгі бағыттары;
  4. іс жүзінде іске асырылатын ұлттық шаруашылықты және оның жекелеген салаларын дамыту принциптері, кәсіпкерлікке, банк қызметіне, мемлекет пен бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігіне қатынасы.

Елдер әлемдік тәжірибеде саяси тәуекел өлшемі бойынша сараланады. Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтылығының төмендігін білдіреді. Саяси тәуекел рейтингі жоғары елдерге халықаралық банк институттары тарапынан, сондай-ақ еркін ақша қаражаты бар жекелеген елдер тарапынан несиелік қолдау қысқартылады не толық тоқтатылады.

Төлем жүйелеріндегі іркілістерге әкелетін дүлей апаттар мен күтпеген оқиғалардың салдары болып табылатын форс-мажорлық жағдайлар:

  1. табиғи, банк жүйесінің жұмыс істеуін техникалық жағынан қиындатады;
  2. саяси, банктер мен олардың клиенттерінің өзара іс-қимыл шарттарын қайта қарау қажеттігіне әкеледі;
  3. экономикалық, шаруашылық қызметтің жалпы тұрақсыздығынан туындаған банктер мен клиенттердің қиындықтарына әкеледі;

Банк жүйесінің бірыңғай тұтас ретінде жұмыс істеу нәтижелеріне әсер ететін ішкі факторлар деп банк жүйесінің субъектілері: орталық банк, коммерциялық банктер, банк қауымдастықтары қалыптастыратын факторлар жиынтығын түсіну керек. Ішкі факторлар банк жүйесі субъектілері тарапынан әсер етеді және келесі негізгі сәттермен анықталады:

  • банк жүйесіндегі орталық банктің рөлі мен беделі;
  • банк басшыларының құзыреті және банк қызметкерлерінің біліктілігі;
  • банкаралық бәсекелестік деңгейі және оның сипаты;
  • банк қоғамдастығының экономикадағы өз рөлін және банк жүйесін дамыту мақсаттарын сезіну дәрежесімен;
  • банк ережелері мен әдет-ғұрыптары.

Банк жүйесінің даму процесіне банк жүйесіне қатысты сыртқы факторлардың жиынтығы да, сондай-ақ ішкі факторлар да әсер етеді [5] .

ҚР банктерінің дамуына әсер ететін және рейтинг агенттіктерінің көпшілігімен атап өтілетін негізгі оң факторлар:

1. Банк қызметтің өсіп келе жатқан диверсификациясы, әсіресе бөлшек сауда;

2. Басқарудың кәсібилігі мен сапасын, оның ішінде тәуекелдерді бақылауды арттыру;

3. Банктерді дамыту моделінің дәйекті өзгеруі, нарықта өзін айқын позициялау;

4. Банктік қызметтерді бағалау мен жоспарлаудың халықаралық стандарттарына біртіндеп көшу;

5. Банктік қызметті мемлекетін қолдау.

Теріс факторларға жатқызуға болады:

1. Банктік реттеу және қадағалау жүйесінің жетілмегендігі;

2. Банктердің жіктелуінің өсуі, жеке және мемлекеттік банктер арасындағы алшақтықтың ұлғаюы;

3. Меншік құрылымының ашық еместігіне байланысты тәуекелдер;

4. Экономиканың бірнеше салаларында кредиттік портфельдер мен ресурстық базаның едәуір шоғырлануы;

5. Жеке сегменттердегі бизнестің жоғары шоғырлануына және бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түскен табыстардың жоғары үлес салмағына негізделген пайдалылық көрсеткіштерінің тұрақсыздығы;

6. Банктерге деген сенімнің төмендеуі және кәсіпорындар мен халық тарапынан банктік қызметтерге сұраныстың төмендеуі;

7. Әлемдік қаржы нарықтарындағы қолайсыз экономикалық жағдай [6] ;

ІІ. ҚР БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 ҚР банк жүйесіндегі басқару құрылымының сипаттамасы

Банк - ақша қаражатын шоғырландыруға және оларды пайда табу мақсатында өз атынан орналастыруға маманданған ерекше кредиттік институт. Банктің негізгі мақсаты - несие берушілерден қарыз алушыларға төлемдерге ақша қаражатын ауыстырудағы делдалдық. Нәтижесінде еркін ақша қаражаты пайыз әкелетін несие капиталына айналады. Банк қызметінің мәнін негізге ала отырып, банктердің мынадай функцияларын бөлеміз:

* ақша қаражатын тарту (жинақтау) және оларды

несие капиталына айналдыру;

* халық шаруашылығында жинақтауды ынталандыру;

* несие делдалдығы;

* төлемдер делдалдығы;

* айналым несие қаражатын құру;

* қор нарығындағы делдалдық (бағалы қағаздармен операцияларда) ;

* консультациялық қызмет, ақпараттық және т. б.

Əр елдің өзіндік ерекшелігене қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-ғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер) . Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы төмендегідей сызбамен берілген [7] .

Кесте 1 - ҚР-ның несие жүйесі

ҚР-ның несие жүйесі
:
:
ҚР-ның несие жүйесі:
:
:
:
:
: Банк жүйесі
ҚР-ның несие жүйесі:
:
: Парабанк жүйесі
:
:
:
ҚР-ның несие жүйесі:
:
:
:
: Эмиссиялық банктер
:
ҚР-ның несие жүйесі: Эмиссиялық емес банктер
:
: Банктік емес мекемелер
:
Почта-жинақ жүйесі
:
:
ҚР-ның несие жүйесі:
:
:
:
: 1. ҚР ҰБ 2. ҚҰБ-ның Алматы қалалық филилалы 3. ҚҰБ-ның облыстық басқармалары
:
ҚР-ның несие жүйесі: Екінші деңгейлі банктер
:
: 1. Ломбардтар 2. Несиелік серіктестіктер 3. Инвестициялық компаниялар 4. Ипотекалық компаниялар 5. Микрокредиттік ұйымдар
:
Қазпочта

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы депозит нарығындағы ақ банк центр кредиттің рольі мен мәні
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктер
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Банк қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz