Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуі


МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І. Банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
1. 1 Банк қызметінің мәні . . .
1. 2 Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуі . . .
1. 3 Цифрландыру жағдайында банк қызметінің дамуы . . .
ІІ. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ-НЫҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТAЛДAУ ЖӘНЕ БAҒAЛAУ
2. 1 «Halyk bank» жaйындa жaлпы сипaттaмa . . .
2. 2 «Halyk bank»-тің қаржылық көрсеткіштерін тaлдaу және бaғaлaу . . .
2. 3 «Halyk bank»-тің қызметін цифрландыру жағдайында бағалау . . .
ІІІ. ҚР-ҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДAРЫ
3. 1 «Halyk bank»-тің банктік қызметтеріндегі мәселелер . . .
3. 2 «Halyk bank»-тің банк қызметіндегі мәселелерді шешу жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: банктік қызметтер нарығы және олардың мәні, сонымен қатар банк қызметтерінің жіктелуі, еліміздің банктік қызметтер нарығы жайында.
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттім, ал енді «банктің қызметтері» деген түсінікке анықтама беріп кетейін. Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау жасалынады. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы» заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.
Ғ. С. Сейітқасымовтың «Ақша, Несие, Банктер» кітабында «Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өніміні негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. » делінген.
Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы) . Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды.
Қазіргі заманғы банктер халыққа әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР-ның Заңында Екінші деңгейдегі банктер орындайтын банк қызметтерінің тізбесі айқындалған. Банк қызметтері әртүрлі және банк операцияларын жүргізу кезінде іске асырылады. Банк қызметтері Банктің ресурстық базасын қалыптастыруға және олардың пайда алу мақсатында меншікті және тартылған қаражатты орналастыру бойынша операцияларды жүргізуге ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілерін жан-жақты зерттеу; «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның банктік қызметтерін тaлдaу және бaғaлaу; ҚР банк қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Банк қызметінің мәнін анықтау;
- Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуін зерттеу;
- Цифрландыру жағдайында банк қызметінің дамуын зерттеу;
- «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның банктік қызметтерін тaлдaу және бaғaлaу
- Банктік қызметтер нарығындағы мәселелерді анықтау;
Курстық жұмыстың объектілері: банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекщеліктері; ҚР банк қызметін реттеу және қадағалау жолдары;
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: қазіргі таңдағы ҚР-ның банктік қызметтер нарығының жағдайы; «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның банктік қызметінің көрсеткіштері; банктік қызметтер нарығындағы негізгі мәселелер.
І. Банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
1. 1 Банк қызметінің мәні
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады [1] .
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттім, ал енді «банктің қызметтері» деген түсінікке анықтама беріп кетейін. Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау жасалынады. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы» заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады [2] .
Ғ. С. Сейітқасымовтың «Ақша, Несие, Банктер» кітабында «Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өніміні негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. » делінген.
«Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі». Банк өнімі - банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы) . Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды.
Аталған қызметтерді тек езіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық мекеме атқарады. Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт. Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін «банк» түсінігінің мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын. Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім болса, банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады.
Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері түсіндіріледі. Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни, бүндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды. Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес.
Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады [3] .
Іс-жүзінде келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады: клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар клиент банк - клиент схемасына жауап береді және «банктік қызмет» түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады.
Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк, әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.
1. 2 Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуі
Банк қызметтері әртүрлі және олар банк операцияларын жүргізу кезінде іске асырылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында Екінші деңгейдегі банктер орындайтын банк операцияларының тізбесі айқындалған [2] .
Халыққа көрсетілетін банктік қызметтерге жатады:
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
- осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетілетін жеке тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, орау және сақтау;
- аударым операциялары: жеке тұлғалардың ақша аударымы бойынша тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда несиелер беру;
- жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмасы бойынша, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
- сенімгерлік (трасттық) операциялар: сенім білдірушінің мүддесінде және тапсырмасы бойынша тазартылған қымбат металдар мен бағалы қағаздарды басқару;
- сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, Құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер;
- ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл сатылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлік кепілімен қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассаға қабылдау;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу (ұсыну) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
- ақшалай нысанда орындауды көздейтін банктік кепілдіктер беру;
- ақшалай нысанда орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін банктік кепілдемелер мен өзге де міндеттемелерді беру [4] .
Екінші деңгейдегі банктер халыққа қызмет көрсетумен байланысты несиелік, есептік және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен іс жүзінде айналысады.
Екінші деңгейдегі банктер орындайтын қызметтерді топтастыра отырып, олар орындайтын негізгі функцияларды тұжырымдауға болады:
- уақытша бос ақша қаражатын, жинақтарды және жинақтарды шоғырландыру (депозиттік операциялар) ;
- халыққа несие беру (активті операциялар) ;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу;
- халыққа өзге де қаржылық қызметтер.
Банктің экономикалық құрылымы бойынша қызметтері:
- несие (есепке алу-несие) ;
- есептік;
- кассалық;
- инвестициялық және қорлық;
- кепілдік
Банктің ең маңызды қызметтерінің бірі халыққа депозиттерге қаражат тарту бойынша қызмет көрсету болып табылады. Осы банктік қызметтің маңыздылығы банк ресурстарын қалыптастыру болып табылады. Банктің ресурстары меншікті, тартылған және эмиссияланған қаражат есебінен қалыптастырылады. Меншікті қаражат Банк ресурстарының шамалы бөлігін құрайды, ресурстардың негізгі бөлігі салымдар (депозиттер), сондай-ақ корреспонденттік шоттар түрінде тартылады.
Тартылған қаражаттың басты түрлері клиенттермен жұмыс істеу барысында банктер тартқан қаражат (депозиттер) және басқа кредиттік мекемелер мен кәсіпорындардан алынған қаражат коммерциялық банктің тартылған қаражатының негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни клиенттер банкке енгізетін немесе банк операцияларын жүзеге асыру барысында белгілі бір уақыт банк шоттарында болатын ақша қаражаты болып табылады [5] .
Депозит - бұл бір тұлға (депозитор) екінші тұлғаға-банкке олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен немесе онсыз тікелей депозиторға қайтарылуы не оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиістілігіне қарамастан, номиналды түрде қайтару шартымен беретін ақша. Депозиттің артықшылығы - қолма-қол ақшаға қарағанда, ол табыс әкеледі. Сонымен бірге, бұл табыс капитал әкелетін табыспен салыстырғанда төмен. Бұл төмен пайыз банк қызметінің маңызды сәтін көрсетеді. Банктің жұмыс істеуінің мәні - депозиттер бойынша төленетін пайыз, банктер әртүрлі кәсіпорындарда орналастырылған капитал үшін алатын пайыздан төмен.
Депозиттік шоттарды жіктеу негізінде салымдардың көзі, олардың нысаналы мақсаты, табыстылық дәрежесі, салымшылардың санаты, салымдарды алу нысандары сияқты өлшемдер жатыр.
Коммерциялық банк халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін ақша қаражатын қарызға ала отырып, осы қаражаттың уақытылы қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды. Коммерциялық банктің жұмыс істеуінің қажетті шарттары сенімділік пен өтімділік принциптері болып табылады. Сондықтан кез келген коммерциялық банк өзі үшін тартылған қаражаттың әрбір бірлігінен өтімділік пен сенімділік резервін құруға тиіс [3] .
Несиелік қызметтер - қарыз алушыға жеделдік, қайтарымдылық және ақылы негізінде қаражат беру жөніндегі қызметтер. Вексельдерді сатып алуға (есепке алуға) не вексельдерді кепілге қабылдауға байланысты несие операциялары есептік (есепке алу-несие) операцияларды білдіреді. Есеп айырысу операциялары - клиенттердің шоттарынан қаражатты есептеу және есептен шығару бойынша, оның ішінде контрагенттер алдындағы олардың міндеттемелерін төлеу үшін банктік қызметтер.
Несие қызметтерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Несие берілетін мерзім бойынша ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қамтамасыз етілуіне байланысты несие бланктік (қамтамасыз етілмеген) және қамтамасыз етілген болып бөлінеді.
Кассалық қызметтер - қолма-қол ақша қаражатын қабылдау және беру бойынша банктік қызметтер. Бұл қызметтерді қолма-қол ақша қаражатының қозғалысымен, сондай-ақ банктің әртүрлі белсенді шоттарында және коммерциялық банк клиенттерінің шоттарында ақша қаражатын қалыптастырумен, орналастырумен және пайдаланумен байланысты операциялар ретінде кеңінен анықтауға болады.
Кассалық қызмет көрсетуге банкноттар мен монеталарды қабылдау, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, орау және сақтау, сондай-ақ банкноттар мен монеталарды, құндылықтарды инкассациялау және жөнелту жатады. Кассалық операциялар қолма-қол нысанда жүзеге асырылады. Қолма - қол ақша айналымы-бұл қолма-қол ақша қозғалысы. Оған банкноттар, айырбастау монеталары және қағаз ақшалары (қазынашылық билеттері) қызмет көрсетіледі.
Кассалық операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық банктер заңды және жеке тұлғаларға да қызмет көрсетеді.
Инвестициялық қызметтер - бірлескен шаруашылық-қаржылық және коммерциялық қызмет мақсатында банктің өз қаражатын бағалы қағаздарға және банктік емес құрылымдардың пайларына инвестициялау жөніндегі, сондай-ақ басқа несиелік ұйымдарда мерзімді салымдар түрінде араластырылған банктік қызметтер.
Қор қызметтері - бағалы қағаздармен операциялар бойынша банктік қызметтер (инвестициялық қызметтен басқа) . Кепілдік операциялары - белгілі бір шарттар туындаған кезде банктің клиенттің борышын үшінші тұлғаға төлеу кепілдігін (кепілдемесін) беруі бойынша банктік қызметтер; банктерге комиссиялық түрде де кіріс әкеледі.
Соңғы жылдары лизинг және факторинг сияқты банктік қызметтер кең етек алуда. Лизинг - бұл ұзақ пайдаланылатын заттарды жалға беру: жалға алу шарты қысқа мерзімге (3-5 жыл) жасалатын және кез келген уақытта жалға алушы бұзуы мүмкін жедел лизинг; лизингті қаржыландыратын жылжымайтын мүлік лизингі [6] .
Лизинг жалға алушыға бірқатар артықшылықтар береді, өйткені оның меншікті қаражатын үнемдеуге ықпал етеді, жалға алынатын объектіні пайдаланудан түскен кірістерден лизингтік төлемдерді жүзеге асыру, лизингтік төлемдерді салық салудан босату мүмкіндігін береді.
Лизинг уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражатын инвестициялау болып табылады, бұл ретте лизинг беруші шартта келісілген мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алуға және осы мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ақы төлеу үшін лизинг алушыға беруге міндеттенеді.
Банктер берілген несиелер бойынша халықтан бағалы қағаздарды кепіл ретінде қабылдай алады. Кепілдің қолданылуы кезеңінде бағалы қағаздар бойынша кіріс алу тәртібі несие алушы мен банк арасында жасалатын несиелік шартта айқындалады.
Траст қызметтері - меншікті, клиентке тиесілі басқа да активтерді басқару бойынша операциялар.
Банктер клиенттерге ақпараттық және кеңес беру қызметтерін де көрсете алады. Көптеген банктер қазірдің өзінде қуатты және жақсы жабдықталған аналитикалық бөлімдерді құрды. Бұл бөлімдер негізінен банктің өз мұқтаждарына қызмет көрсетеді, өйткені ақша қаражатын басқару кезінде тәуекелдерді, қаржы құралдарының кірістілігін, несие алушылардың қаржылық тұрақтылығын талдау қажет [7] .
Осылайша, қазіргі заманғы банктер халыққа әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР-ның Заңында Екінші деңгейдегі банктер орындайтын банк қызметтерінің тізбесі айқындалған. Банк қызметтері әртүрлі және банк операцияларын жүргізу кезінде іске асырылады. Банк қызметтері Банктің ресурстық базасын қалыптастыруға және олардың пайда алу мақсатында меншікті және тартылған қаражатты орналастыру бойынша операцияларды жүргізуге ықпал етеді [2] .
1. 3 Цифрландыру жағдайында банк қызметінің дамуы
Әлемдік қаржы жүйесінің жаһандануында белсенді трансформациялық процестер, ұлттық қаржы жүйесін жаңғыртудың жаңа мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасында тиімді қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
Қаржы секторы экономиканың маңызды элементі болып табылады және оның жай-күйіне болатын өзгерістердің жылдамдығы мен сапасы тәуелді. Қазіргі уақытта электрондық төлемдер мен электрондық сауда - қаржы секторының ажырамас бөлігі болып отыр. Қаржы саласы клиенттермен өзара іс-қимыл жасау үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистерді енгізу мен қолдануда дәстүрлі көшбасшы болып табылады. Қазақстанның экономикасын және қаржы секторын цифрландырудың, дамытудың қазіргі заманғы проблемаларын шешу шетелдік тәжірибені пайдаланумен міндетті түрде байланысты.
Бүгінгі таңда барлық дерлік банктер қашықтық арналар арқылы қызмет көрсетеді. Банктердің 70% - ы интернет және мобильді банкинг арқылы жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді, банктердің 55% - ы мобильді қосымшалар базасында өз қызметтерін ұсынып жатыр [8] .
Кесте 1 - ҚР банктерінің озық онлайн қызметтері
Интернет пен мобильді банкинг арқылы жеке тұлғалардың төлем көлемі 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 2, 6 есеге артқан. Инвесторлар үшін брокерлердің электрондық қызмет көрсету тәртібі жеңілдетілді, оның ішінде клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде сауда операцияларын жүргізу және жеке кабинет арқылы электрондық қызмет көрсету жеңілдетілді. Бұл өңірлік инвесторлардың нарыққа кіруін оңайлатып отыр және инвесторларға әлемнің кез келген нүктесінен қазақстандық қор нарығында қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді [9] .
Кесте 2 - Қаржы саласын цифрландырудағы кедергілер
Қаржылық, атап айтқанда, төлем қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін банктік емес экожүйелер - электрондық ақша жүйесі дамуда, ұялы байланыс операторлары абоненттік шоттан тауарлар мен қызметтерді төлеу бойынша шешімдерді енгізуде.
Кесте 3 - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz