Лизингтік келісім шарттық мерзімі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. .

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЛИЗИНГТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ

1. 1 Лизингтің экономикалық мәні және оның негізгі түрлері . . .

1. 2 ҚР лизинг ерекшелігі . . .

1. 3 Дамыған елдерде лизингтік операциялар жүргізу

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2016-2018 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2. 1 Лизингтік операцияларды реттейтін нормативтік-заңнамалық актілер……….

2. 2 «КазАгрофинанс» АҚ-ның лизингтік операцияларын ұйымдастыруын талдау. . . . . . .

2. 3 Қазақстандағы лизингтің қазіргі жағдайын талдау . . .

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДА ЛИЗИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ІС-ШАРАЛАР

3. 1 Лизингтік операциялардың дамуын төмендетуге әсер ететін факторлар……. .

3. 2 Қазақстан Республикасында қаржы лизингін дамыту бағыттары. .

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . .

КІРІСПЕ

Елдің қаржы жүйесінің басты буыны халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындар қаржысы болып табылады. Экономикалық қатынастардың негізі ретінде өндіріс бола алады, оның негізінде ақша қатынастары жатыр: қаржылық, несиелік, т. б. . Халық шаруашылығының құрылымдық қайта құру Қазақстан Республикасының экономикасының қиын жағдайлардан шығуға түрткі болған. Ол инвестиция құйылымынсыз және оларды тиімді рационалды пайдаланбай болуы мүмкін емес болды. Өндіріс саласының және айналымның қайта құрылуы, шаруашылықтың экономикалық талаптардың күрт өзгеруі біздің экономикамызға дәстүрлі емес әдістерді қолдану арқылы материалды базаны жаңартуды талап етті. Нарықтық қатынастар қаржы-несие жүйесін сауыттыруды және мемлекеттік инвестицияларды азайтуды білдіреді, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілерінің алдына қойған мақсаттардың жетуіне көптеген жаңа нұсқалар туындайды.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, қазіргі экономикалық дамудың объективті қажеттігі ретінде, жаңа жоғары өнімділігі бар құрылғыларды жасауға және пайдалануға түрткі болды. Осы техниканың құны үнемі және жоғары көтеріледі, ал ол оны пайдалануды қиындатады. моральды тозу қарқынының тездетуі негізгі құралдардың мезгілінде айырбастауын білдіретін қажеттілікті туындатады. Туындаған бәсекелестік өндірісі дамыған елдердің көптеген фирмаларын бар құралдарды пайдалануды талап етеді, одан әрі жетілдірілген құралдарды сатып алуға және пайдалану мен қызмет етуге ынталандырады.

Құрылғыларды пайдаланудың екі әдісі бар - оны сатып алу немесе лизинг. Ішкі және сыртқы нарық үшін қатаң бәсекелестік жағдайында құрылғылардың техникалық сипаттамаларының және қаржы мүмкіндіктерінің жақсарылуы өте маңызды болып келеді. Лизинг бірінші және екінші жағдайды қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

20 ғасырдың 60 жылдарында лизингке жерді және жылжымалы мүлікті алған. Соңғы үш онжылдық ішінде лизингтік қызметтерді пайдалануға сұраныс артты. Бүгінгі күні жалға көптеген заттарды алуға болады. теміржол және әуежай компаниялары лизингке көптеген құрылғыларды, мүліктерді, ал дүкендер ғимараттар мен қоймаларды ала алады.

Берілген курстық жұмыста лизинг бойынша инвестицияларды тартудың тәжірибесін, лизингтің пайда болуы мен мәнін түсінуге, лизингтік компаниялардың ұйымдастырушылық модельдерін, әртүрлі факторларға байланысты біздің елімізде қалыптасқан оң және теріс сәттерін және дамып келе жатқан лизингтік қызметтер нарығын дамытуға мүмкіндік беретін бағыттарын талдауға әрекет жасалады.

Осы тақырыпты таңдаудың бірнеше себептері болды:

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтер нарығы әрі онша дамымаған және жас болып келеді;

Екіншіден, менің ойымша, лизинг арқылы Қазақстан экономикасының көптеген салаларына, әсіресе, қажеттілігі жоғары салаларға, қажетті инвестициялар тартылуы мүмкін.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: берілген тақырыпқа байланысты мәліметтермен танысу және Қазақстандағы лизингтік іскерліктің басты дамушы бағыттарын анықтау. Яғни, лизингтің мәнін, даму және қалыптасу тарихымен танысу, оның басты нысандарын және түрлерін білу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнес пен оның дамуына, және оған әсер ететін мәселелерге талдау жасау болып табылады.

Зерттеу мақсаты бойынша келесі міндеттері бар:

  • лизингті пайдаланудың теориялық аспектілерін;

- Лизингтік қызметтер нарығының сегменттерін;

- Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін;

  • Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларға байланысты туындаған проблемалар мен оларды шешудің жолдарын анықтау

Қазақстанда лизинг әлі дамып келе жатыр, осы уақытқа дейін лизинг көбінесе аз шамада және тек халықаралық саудада қолданылды. Бұл біздің еліміздегі өте жас және перспективті қаржы іскерлігінің бір бағыты. Қазіргі уақытта, әсіресе, қаржы қаражат жетіспеген уақытта, қатты тозған құрылғылар мен өндірістің тоқталуы кезінде, сонымен қатар, үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік жағдайда, лизингтің даму актуальділігі өте зор. Осыдан курстық жұмыстың өзектілігін көруге болады.

Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Лизингтің экономикадағы мәні және оның негізгі түрлері» деп аталады. Осы бөлімде лизингтің даму тарихы, түсінігі мен операциялардың негізгі элементтерімен танысуғы болады. Екінші бөлімде, мен әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктеріне және Қазақстан Республикасындағы лизинтің дамуына әсер ететін факторларға тоқталдым. Үшінші бөлімде , Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнес және оның дамуы мен қалыптасуын, мәселелерін қарастырдым.

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЛИЗИНГТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ

  1. Лизингтің экономикалық мәні және оның негізгі түрлері

Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.

Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:

  • Қысқа мерзімді аренда (рентинг) - бір күннен бір жылға дейін;
  • Орта мерзімді аренда (хайринг) - бір жылдан үш жылға дейін;
  • Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) - үш жылдан жиырма жылға дейін.

Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease - уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді [1] .

  1. Лизинг - бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
  2. Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді [2] .

Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.

Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.

Лизингтің нысандары:

  1. қатысушылар құрамына байланысты:тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында; жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
  2. мүлік нысанына байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер, ұшақтар, т. б. ), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады) .
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

3. мүліктің өтелімділігі бойынша:

  • толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

4. амортизация деңгейіне байланысты:

  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.

5. қызмет көрсету мөлшері бойынша:

  • таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

6. Нарық секторына байланысты:

  • ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
  • импорттық - егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
  • экспорттық - егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.
  • транзиттік - егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса. 7. лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда) ;
  • өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу) ;
  • аралас төлемді лизинг.

8. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:

  • нақты - жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады. жалған - мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
  1. қаржыландыру әдісіне байланысты:
  • мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  • жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.
  1. жалға алынатын мүлікке қатысты:таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады; толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады [3] .

Лизингтің түрлері:

Қаржылық лизинг. Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:

  • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
  • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
  • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
  • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады [4] .

Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.

Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 - 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т. б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт) .

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады [2] .

Лизингтік мәміле нысандары бойынша:

  1. Қайтарымды лизинг. Бұл лизингтің түрі екі келісімнің жүйесін білдіреді. Ол кезде мүлік иесі өз мүлігін басқа тұлғаның меншігіне сатады да, сонымен қатар, дәл сол уақытта сол тұлғамен жалға алу туралы келісім-шартты қабылдайды. Сатып алушы ретінде - кез келген қаржы институты бола алады. (банк, сақтандыру компаниясы, инвестициялық қор, арнайы лизингтік операциялармен жүзеге асыруға мамандандырылған фирма, т. б. ) . Осындай операцияны жүргізуден жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оның пайдаланушы тұлға өзгермейді, өзінің иелігіне қосымша қаражат тарту мүмкіндігі туады. Инвестор, негізінен, сол ескі иесін оның мүлігіне меншік құқығын ала отырып, несиелендіреді. Осындай операциялар кәсіпорындардың қаржы жағдайын іскерлік құлдырау кезінде ынталандыру үшін жүргізіледі.
  2. Бөлінбелі (раздельный) лизинг - бұл бірнеше тұлғалар қатысатын лизинг. Лизингтің бұл түрі ірі масштабты, күрделі объектілерді: (авиатехника, кемелер, темір жол және жылжымалы құрама, т. б. ) қаржыландыру ретінде таралған нысан болып табылады. Осындай лизинг, бірнеше жеткізуші компаниялар, лизинг алушы, лизинг беруші қатысатын және банктерден несие құралдарын тарту мақсатындағы, сонымен қатар, лизингтік мүлікті сақтандыру және сақтандыру пулдары арқылы лизингтік төлемдерді қайтаратын, топтық немесе акционерлік деп те аталады [5] .

Лизингтің осы түрі ең күрделі деп есептелінеді, себебі көп каналды қаржыландыру тиісті белгі ретінде болады. лизингтің осы түрінің сипатты белгісі: лизинг берушілер лизинг объектісін сатып алу үшін қажетті қаражаттардың тиісті сомасының болуын қамтамасыз етеді. Бұл қаражаттар акцияларды шығару және шоғырландыру арқылы және мәмілені қаржыландыруға қатысатын лизинг берушілер арасында тарату арқылы жүргізіледі. Ал қалған келісім-шарттың лизинг объектісінің құнын несиелендірушілермен қаржыландырылады.

  1. Сублизинг. Лизингті пайдалану тақырыбын үшінші тұлғаға құқықтарды беру арқылы сублизинг келісім-шарты тіркеу арқылы қалыптасатын қатынастар. Негізгі жалға беруші арендалық төлемдерді алуға қосымша құқыққа ие болады. Сублизинг кезінде сублизингті жүзеге асырушы тұлға лизинг берушіден лизинг келісім-шарты арқылы лизинг тақырыбын алады да, оны сублизинг келісім-шарты негізінде уақытша пайдалануға лизинг алушыға береді
  2. Револьверлы лизинг. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жабдықты біртіндеп ауыстыратын лизинг. Ол лизинг алушыларға технологияларға байланысты біртіндеп әртүрлі жабдық қажет болған жағдайда қолданылады. Осы жағдайларда лизинг келісім-шартының талаптарына сәйкес, лизинг алушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін жалға алынған мүлікті лизингтің басқа объектісінен айырбастауға құқыққа ие болады.
  3. Лизинг «стандарт». Бұл кезде жабдықтаушы мәміле объектісін қаржыландыратын қоғамға сатады, ал ол өзінің лизингтік компаниялары арқылы оны тұтынушыларға жалға береді.
  4. Лизинг «жабдықтаушыға». Осы жағдайда жабдықтың сатушысы сонымен қатар, лизинг алушы болады, бірақ та жалға алынған мүлік оларға емес, сатушы міндетті түрде табуы тиісті басқа жалға алушыларға беріледі. Субаренда осындай келісім-шарттарда міндетті талап болып табылады.
  5. Өтемді лизинг. Лизингтің осы нысанында арендалық төлемдер лизингтік мәміленің тақырыбы болып табылатын, жабдықта өндірілген өнімді жеткізумен жүзеге асырылады.
  6. Қаражаттарды тартумен байланысты лизинг. Бұл лизингтің нысаны лизинг берушінің жалға берілетін активтердің 80 %−ға дейін бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді қарызды алатынын білдіреді. Несие берушілер ретінде ұзақ мерзімге тартылған үлкен ресурстарды иеленетін ірі коммерциялық және инвестициялық банктер болады.

Банктердің лизингтік мәмілелерді қаржыландырудың екі тәсілі бар:

  1. Қарыз. Банк лизинг берушіні бір лизингтік операцияға немесе көп жағдайда болатындай, лизингтік келісімдердің толық пакеті үшін несие беру арқылы несиелендіреді. Несие сомасы лизинг берушінің беделі мен несие қабілеттілігіне байланысты болады.
  2. Міндеттемелерді сатып алу. Банк лизинг берушіден жобаның тиімділігін және лизинг алушылардың беделін ескере отырып, оның клиенттерінің міндеттемелерін регреске құқығынсыз сатып алады. Бұл тәсіл негізінен ірі бір жолғы мәмілені сенімді қарыз алушылармен жүргізгенде қолданылады. Банктік мекеме лизингтік компаниялардың қатысуымен болатын жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде кепілгерлер ретінде де болуы мүмкін.
  3. Контрактілік жалдама. Лизинг алушыға арендаға кешенді машиналар паркі, ауыл шаруашылық және жол-құрылыстық техникалар, тракторлар, автотранспорт құралдары берілетін, лизингтің арнайы нысаны болып табылады.
  4. Бас лизинг. Бұл лизинг алушының жаңа келісім-шарттарды қабылдамай, жалға алынатын құрал-жабдықтардың тізімі толықтыруға құқық беретін лизинг [6] .

1. 2 ҚР лизинг ерекшелігі

Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған «Қаржы заңынан» кейін ғана қолға алынған болатын. Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық, Салықтық және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.

Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілер комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады [7] .

Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.

Лизингтік операциялардың негізгі элементтері. Лизингтік мәміленің негізін келесі элементтер құрайды:

  • Мәміле объектісі;
  • Мәміле субъектісі;
  • Лизингтік келісім шарттық мерзімі;
  • Лизингтік төлемдер немесе лизинг құны;
  • Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.

Лизингтік мәміленің объектісі болып, егер өндірістік циклда жойылмаса, кез келген материалды құндылықтар табылады. Соның ішінде:

  • кәсіпорындар және басқа да мүліктік кешендер;
  • ғимараттар;
  • байланыс жабдықтары (радиостанциялар, спутниктер, пошталық жабдықтар, т. б. ) ;
  • құрылғылар;
  • құрылыс жабдықтары (крандар, экскаваторлар, т. б. ) ;
  • ауыл шаруашылық жабдықтары (тракторлар, плугтар, т. б. ) ;
  • транспорттық құралдар (транспорттық ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары, т. б. ) ;
  • басқа да кәсіпкерлік іскерлікте пайдаланыла алатын жылжийтын және жылжымайтын мүлік [8] .

Лизингтік мәміленің субъектісі, мәміленің объектісіне қатысы бар тұлғалар болып табылады.

Мәмілеге қатысуына байланысты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Халықаралық лизингтiк қатынастар
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Лизингтік қатынастар
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Лизингтік шарттың объектілер шеңбері
Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім шарт
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz