Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылған:
- ҚР несие жүйесінің құрылымын анықтау;
- «Сбербанк» АҚ мысалында банк активтердың сапасын басқаруды талдау;
- Банктік активті операцияларды ұйымдастыру және басқаруды талдау;
- Банктік активті операцияларды басқару және оларды жетілдіру мен дамыту жолдары.
Жұмыстың негізгі зерттеу объектісі болып ҚР және ҚР Ұлттық банктін заңды және нормативті құқықтық актілері, банктік қызметті бақылаушы органдардың, ҚР статистикалық агенттіктердің құжаттары, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құжаттары. Жұмыс барысында ғылыми, статистикалық және экономика-математикалық әдіс тәсілдер қолданылды.
Жұмыстың практикалық негізі «Сбербанк» АҚ-ның нормативті және қаржылық құжаттары.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: ҚР-ның несие жүйесі; «Сбербанк» АҚ активтерінің құрамы, құрылымы, кірістілігі мен өтімділігі.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда ҚР-ның несие жүйесі және несиелік ұйымдар үшін активті операциялардың маңыздылығы қамтылған.
Екінші тарауда «Сбербанк» АҚ мысалында банк активтерінің сапасын басқаруды талдауы көрсетілген.
Үшінші тарауда активтерді басқарудың тиімділігін арттыру бағыттары келтірілген.
І. ҚР НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
1. 1 ҚР несие жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. «Несие» деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда «сенім» деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді [1] .
Несиеге толық анықтама берейік. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым - қатынасты көрсетеді
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек.
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді.
Несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн [2] .
Сурет 1 - Несиенің құрылымы
Ескерту: автормен құрастырылған
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несиеде бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін [3] .
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн - несиеленген құн болып табылады.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.
Несиенің әлеуметтік - экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады [4] .
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.
Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды [5] .
Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай - ақ халықта да болуы мүмкін.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
1. 2 Несиелік ұйымдар үшін активті операциялардың мәні мен маңызы
Несиелік ұйымдардың активтері - пайда табу мақсатында банктiк ресурстарды әр түрлi активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операцциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. Берілген несиелер;
3. Бағалық қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады [6] .
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай төрт топқа бөледі:
1-топ. Алғашқы резервтер - бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
- Касса;
- Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
- Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
- Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, олардың ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық) несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты - алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктің активтердің маңызды бөлігі - банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасына басты көзін құрайды.
4-топ. Инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді. Банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай - ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу. Коммерциялық банктер активтi және пассивтi операцияларды жүзеге асырады. Бұл операциялар диалектикалық бiрлiктiң екi қарама-қарсы жақтар сияқты. Пассивтiк операцияларсыз активтi операциялар, ал активтi операцияларсыз пассивтiк операциялар iске асырылмайды. Бiрақ, барлық банктiк операциялар бiр мақсатты көздейдi - табыстарды өсiрiп, шығындарды қысқарту [7] . .
Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды. Аталған қызметтерді тек езіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек. Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт. Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім болса, банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады. Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері түсіндіріледі. Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық - заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни, бүндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды. Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес. Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады [8] .
Букато В. И., Львов Ю. И. пiкiрi бойынша негiзгi активтi операциялар келесiдей болады:- несиелiк операциялар, соның нәтижесiнде банктердiң несиелiк портфелi қалыптасады;
- инвестициялық операциялар, инвестициялық портфельді құру үшін негіз болады;
- кассалық және есеп-айырысу операциялары, банктердiң өз клиенттерiне негiзгi қызмет ету түрлерiнiң бiрi;
- басқа активтiк операциялар, тиiстi инфрақұрылыммен байланысты, барлық банктерге табысты орындалуды қамтамасыз етедi.
Лаврушиннiң көзқарасы бойынша, банктiң активтiк операцияларының ең көп тараған түрлерi:
- несиелiк операциялар, банктерге табыстың негiзгi бөлiгiн әкеледi. Бұл операциялардың макроэкономикалық масштабтың мағынасы, банктер уақытша әрекетсiз ақша қорларын әрекеттi ақша қорларына айналдырады, өндiрiс процесстерiн, айналдыруды, тұтынуды ынталандырады;
- инвестициялық операциялар, iске асыру процессiнде банк инвестор ретiнде, ресурстарды құнды қағаздарға немесе құқықтық бiрiккен шаруашылық қызметтi иемдену арқылы орындалады;
- басқа активтiк операциялар, әр түрлi формалы, шетелдiк банктерге едәуiр табыс әкеледi. Басқа активтiк операцияларға жататындар: шетелдiк валюталы және бағалы металлды, трасталы, агенттi, тауарлы және басқа да операциялар [9] .
Поляков В. П., Московкина Л. А. секiлдi авторлар активтi операцияларды банктiк инвестицияларға бөлшектейдi, несие алудың мүмкiндiктерiн беруге, есептi коммерциялық вексельдердi және қорлық операцияларды алуға жағдай жасап жүр.
Антонов П. Г., Пессель М., Букато В. И. және Львов Ю. И. сияқты операцияларды бөлiп шығарады, яғни кассалық, несиелiк инвестициялық және т. б.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Негізгі ссудалық операциялар:
- кредиттер (қарыздар) беру, депозиттерді орналастыру, оның ішінде банкаралық кредиттер (депозиттер, қарыздар), қарыз шарты бойынша берілген борыштық бағалы қағаздарды, акциялар мен вексельдерді алуға (қайтаруға) талаптарды орналастыруды қоса алғанда, қаражатты басқа да орналастыру;
- вексельдерді есепке алу;
- кредит ұйымының бенефициарға принципалдан өндіріп алынбаған банктік кепілдіктер бойынша соманы төлеуі;
- ақшалай талаптар кредиттік ұйымның мәмілелер бойынша ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) ;
- талаптар кредиттік ұйымның сатып алынған мәміле бойынша құқықтарға (талаптарға) (талап етуді беру) ;
- қайталама нарықта сатып алынған кепілзат бойынша несие ұйымының талаптары;
- төлемді кейінге қалдыра отырып (қаржы активтерін жеткізу) қаржы активтерін сату (сатып алу) мәмілелері бойынша кредиттік ұйымның талаптары) ;
- төленген аккредитивтер бойынша (жабылмаған экспорттық және импорттық аккредитивтер бөлігінде) төлеушілерге кредиттік ұйымның талаптары) ;
- РЕПО мәмілелері (тікелей және кері) ;
- қаржылық жалдау (лизинг) операциялары бойынша лизинг алушыға несие ұйымының (лизинг берушінің) талаптары.
Жалпы, активті операциялардың құрылымы үшін мыналар тән:
1. Несиелік ұйымдардың активті операцияларында негізгі орынды несиелік операциялар алады;
2. Банк активтерінің арасында бағалы қағаздарға инвестициялар екінші орында;
3. Үшінші орында кассалық активтер;
4. Өзге активтердің үлесі есепке алу ерекшеліктерімен негізделген және негізгі қорларға (ғимараттар) салымдардан кредит ұйымдарының есеп айырысу операцияларына дейінгі операциялардың кең спектрін қамтиды.
Осылайша, коммерциялық банк кірістерінің барлық түрлерін нысан бойынша үш топқа бөлуге болады. :
1) пайыздық кіріс;
2) комиссиялық сыйақы нысанындағы кіріс;
3) өзге де түрлер (алыпсатарлық сипаттағы нарықтағы операциялардан алынатын кірістер, сатылған мүліктің баланстық және нарықтық бағасы арасындағы айырма, бағалы қағаздар мен басқа да активтерді қайта бағалау, алынған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, дисконттық табыс) .
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие - банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi [10] .
ІІ. «СБЕРБАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА БАНК АКТИВТЕРДЫҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2. 1 2015-2017 жылғы «Сбербанк» АҚ активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын бағалау
Банктік активтер - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылмаған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операцциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. Берілген несиелер;
3. Бағалық қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банктiң активтiк операциялары - пайда табу және өтімділігін қамтамасыз ету үшін бар қаржы ресурстарын айналымға жiберiп, орналастыру операциялары, яғни несиелiк операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсыну [11] .
«Сбербанкнің» АҚ балансының актив құрылымы 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1- «Сбербанк» АҚ балансының актив құрылымы (мың тг)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz