Коммерциялық банктің басқару құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен,
оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет
өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға
мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы саясат жатады.
Экономиканы ақша-несиелiк реттеудi қаржы саласының басты секторы банк
жүйесi iске асырады.
Банк жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі масштабты және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен
бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды
іс жүзіндегі капиталға айналдырады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы”
заңның 1-ші бабына сәйкес, “банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктердің рөлi ерекше. Банктер –
нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер
халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей
байланысты болады.
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен
қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты
болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және
тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама
экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып
отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының
бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін
төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің
өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі коммерциялық банктермен
бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары,
халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында
қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша
қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған
салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға,
елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне,
халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда
нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті
және пассивті операцияларының орны ерекше. Осы операциялар негізінде
экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың
ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке
тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық
қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру
операциялары болып табылады.
Банктердің негізгі операцияларының ішінен ең негізгілері – пассивті
және активті операциялар. Пассивті операциялардың көмегімен банктер
көптеген капиталдарды тартып өз кассаларында щоғырлатады, яғни айналым
қаражаттарымен қорланады, ал активті оперциялардың көмегімен капиталды
орналастырады. Бұл қатынаста банктердің қызметі саудагерден ең айырмашылығы
жоқ дейді З.П.Евзлин және В.А.Дмитриев - Мамонов-Олар біріншіден
тауарларды жинайды, одан оларды сата бастайды.
Курстық жұмыста коммерциялық банктердің операциялары зерттеледі,
себебі олар банктің қызметінде бірінші дәрежелі мәнді болып табылады,
өйткені кредиттік ресурстардың құрылу процессі және оларды пайдалану өте
тығыз байланыста.
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды
орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе
активтік-пассивтік шоттағы қаражаттардын өсуіне, яғни пассив пен активтін
арту формасын білдіретін оперцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялар
негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Курстық жұмыстың өзектілігін – бұл коммерциялық банктердің активті
және пассивті операциялары анықтап отыр, осыдан курстық жұмыстың мақсаты
активті және пассивті операциялардың теориялық негізінде мағынасын және
мәнін зерттеу болып табылады, сонымен қатар, бұл операциялардың іс жүзінде
орындалуын талдау.
- Жоғарыда қойылған мақсаттан, төмендегідей міндеттер қойылып отыр:
коммерциялық банктердің мәніне, жіктелуіне, құрылымына сипат беру;
- коммерциялық банктердің активті және пассивті оперцияларының мағынасын
анықтау;
- банктің активті және пассивті операцияларының құрылымын анықтап,
олардың негізгілеріне сипат беру;
- Қазақстанның коммерциялық банктерінің активті және пассивті
операцияларының негізгі аспектілерін зерттеу.
Курстық жұмыс негізінен кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 Коммерциялық банктердің мәні және жіктелуі

“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы”
республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында
“Қазақстанда екінші деңгейлі банк жүйесі бар”.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк
ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Басқа банктердің барлығы- екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып заңды және жеке тұлғалар мен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады [1].
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер- кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Олардың міндеті
ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету,
өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына
қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды
салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің
объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және
экономикалық құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады [2].
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие
мекемесі.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады және мынадай белгілері
бойынша жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қалыптасуымен);
2. Жүргізетін операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа;
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды;

1.2 Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан
Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру
мынадай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2. Әділет Министірлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу;
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы
[3].
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі
қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдын ала әр түрлі мақсаттар қояды,
осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі болады.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен
анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері
мен қызметтерінің құрылымы.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу,
бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс [2].
Басқару органын тағайындаудың мақсаты-банктің негізгі қызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктың ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды,
олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және
өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы
тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару
құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде
шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам
формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлер қатысады.
Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1-суретте берілген.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғары органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық
есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Акционерлердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді.
Кезекті жиналысы жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін
бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың,
Қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату [4].

Сурет 1 - Коммерциялық банктің басқару құрылымы.
Ескерту: Автормен құрастырылған

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәселелерді бекітеді;
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және
бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер
жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және
олардың мүддесін қорғайды [5].
Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда
деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін
қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың міндеттеріне мынылар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жетекші орынға кадырлар таңдау, осы заманғы банк – күрделі және
біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті
мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс;
- комитеттерді құру, ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай
комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп – қарыздық, ревизиялық;
- қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау, басқарма
заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк
саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды;
- банк қызметін мерзімді тексеру;
Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер
туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен басқарма коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының
нұсқауына сәйкес тәжірибесін қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы
болып табылады.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай
міндеттер жүктеледі:
- банктің қызметіне қатысты барлық меселелер бойынша бұйрықтар шығару
және нұсқаулар беру;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер
бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
- банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган боып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган [3].
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие
беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қатамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына тіркеу кітабын
жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымының екінші әдісі функционалдық
бөлімшелер мен қызметтерінің құрылымы.
Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен
талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың
атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. Мысалы, банктің қаражат тарту және
жинақтау операцияларын, депозиттік операциялар, есептеу-операциялық, несие
және т.с.с. басқармалары орындайды. Әрбір коммерциялық банк банкте
шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельділігіне және
өтімділігіне көп көңіл бөлінуі тиіс. Ол үшін банктің ағымдағы қызметімен
шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық
бөлімшелер қалыптастырылады [2].
Банктің актив операцияларын жүзеге асыратын негізгі буыны – несие
басқармасы. Банк кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа банктерге несие
береді. Қарыз қорын қалыптастыру көздерінің ерекшеліктеріне, берілетін
несиенің қамтамасыз етілуіне және несиелеу механизміне, несиені қолданатын
жеріне және басқа факторларға байланысты несие басқармасының шеңберінде,
әдетте, алты бөлім құрылады [6].
1. Несие операцияларын ұйымдастыратын жылпы бөлімі – ол:
- нақты экономикалық жағдайларға байланысты банктің жалпы саясатын және
оны орындау тәртібін анықтайды;
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу мен қаржыландырудың жалпы
әдістемелерін, сондай-ақ клиенттің несие қабілеттілігін анықтау және
перспективалық қаржылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістемелерін
дайындайды;
- несиелік тәуекелді зерттеп, банктік несие операцияларын сақтандыру
механизмін анықтайды;
2. Қысқа мерзімді несиелеу бөлімі – ол:
- қарыздар мен қарыздың түріне байланысты банктің несиелік потенциалына
қарай несие ресурстарын анықтайды;
- несие алудың қажеттілігін айқындап біледі;
- несиені беруді ұйымдастырып, несие істерін жүргізеді;
- несие шарттарын жасайды;
- клиенттердің несие қабілеттілігін тексереді;
- несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді;
- факторинг операцияларын ұйымдастырады;
3. Ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру бөлімі – ол:
- банктің инвестициялық потенциалына қарай несиелеу мен қаржыландырудың
негізгі бағыттарын айқындайды;
- қаржыландыру мен несие операцияларын ұйымдастырады;
- несие бер және қызмет көрсету шарттарын жасайды;
- клиенттердің несие қабілеттілігін тексеріп, несие қабілеттілігік
картотекасын жүргізеді;
- клиенттің инновациялық ісіне байланысты несиелейді және клиенттің
инновациялық қызметін қаржыландырады;
- клиенттің тапсыруы бойынша қаржыландыруды ұйымдастырумен шұғылданады;
- ұзақ мерзімді жобаларды ендіру үшін серіктер іздестіруде және оларды
іске асыру үшін мердігерлер табуда делдалдық көмек көрсетеді.
4. Халықты несиелеу бөлімі – ол:
- тұтыну тауарларын сатып алуды және тұрғын үй салуды тікелей және
жанама несиелеуді ұйымдастырады;
- несие карточкасын береді;
- халыққа басқа да көптеген қызмет көрсетеді.
5. Банкаралық операциялар бөлімі Ұлттық банкпен, басқа да коммерциялық
банктермен, сондай-ақ өзінің бөлімшелерімен есеп жүргізуді және барлық
банкаралық операцияларды талдауды ұйымдастырады;
6. Дәстүрлі емес банктік операциялар бөлімі несиелеумен, мысалы, лизинг
операцияларын жүргізумен шұғылданады [7].
Коммерциялық банкте валюта басқармасы маңызды қызмет атқарады. Ол:
- валюталық позицияны жүргізеді;
- валюта шоттарын жүргізеді;
- валюталарды сатып алып және сатады;
- қаржыны салымдарға қабылдап, қарыз береді;
- тәуекелді сақтандырады.
Бұл басқарманың ерекшеліктеріне байланысты төрт бөлім құрылуы мүмкін:
талдау бөлімі; валюта шоттары мен валюталық позицияны жүргізу бөлімі;
кассалық мәліметтер бөлімі; мерзімді мәмілелер; халықаралық есеп айырысу,
“ностра” және ”лоро” шоттары, саудалық емес операциялар бөлімі.
Депозиттік операциялар басқармасы – банктің өз капиталы мен тартылған
қаражатын талдаумен және есептецмен шұғылданып, негізінен мына, қызметтерді
атқарады:
- банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір
депонент бойынша есептеу;
- қаражатты дезитке салу үшін шарт жасау;
- тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның
балансының өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын
талдау;
- банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру.
Қор бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді.
Олар:
- банктің қаржылық қаражатын есептеу, оларды талдау және даму
динамикасын есептеу;
- банкке қарайтын бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын,
сонымен бірге клиенттердің де тапсыруымен дәл осындай операцияларды
жүргізеді.
Клиенттерге есептеу-кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу-
кассалық басқармасы құрылады [5].
Оның нешізгі қызметтері:
- шоттарды ашу және есептесуді жүргізу;
- кассалық операцияларды өткізу.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін
жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-
ақ еншілес банктерін аша алады. Банктің ең басты қызметтерінің бірі -
өзінің филиалдары мен өкілдіктерін басқару.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің
келісімін алуға тиіс.
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға
заңмен тыйым салынады [8].
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын зыңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк - жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиеселі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі – ҚР аумағында банктік операциялардың
жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды
тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық
бөлімшесі.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің
толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер
тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен
пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және
монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Аталған банк мекемелерінің статусына байланысты олардың қызметі және
оларды басқару формасы да әр түрлі болады. Филиалдар кейбір банктік
операцияларды орындамайды: мысалы, корреспондент-банк операциялар,
халықаралық операциялар, инвестициялық және басқа операциялар.
Банктің филиалдарды басқару қызметіне төмендегілер кіреді:
- қызметін басқару;
- несие саясатын және несие операцияларын жүргізуінің дұрыстығын
бақылау;
- банк жұмыстарының тиімділігін арттыратын жұмыстың жаңа әдістерін
ензізуге көмектесу.
Талдау және статистика басқармасы төмендегідей жұмыстарды орындайды:
- статистикалық хабарларды жинақтау және талдау;
- клиенттерге хабарлама – анықтама қызметтерін көрсету;
- банктің қызметі туралы есепті, жоспардың жобасын дайындау;
- банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;
- эксперттік зерттеуді, банкті бағалауды дайындау және орындау [6].
Кадрлар бөлімі:
- қызметкерлердің санын және оларды қолдануды жоспарлайды;
- кадрлардың мамандығын көтеруді және оқытуды ұйымдастырады;
- еңбекақы қорын басқарады;
- қызметкерлерді таңдаумен және орналастырумен шұғылданады.
Заң бөлімі:
- нормативтік құжаттарды дайындап, банктің жарғысына өзгерістер
енгізеді;
- жарғылық шарттардың орындалуын және банктің мәмілелердің дұрыс
дайындалуын бақылайды;
- шарттардың, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады;
- банктің сот және әкімшілік мекемелеріндегі барлық ісін жүргізеді;
- талап арыздарды, пікірлерді, шағымдарды және басқа әр түрлі актілерді
толтырады;
- банкте туындаған барлық құқықтық мәселелер бойынша қорытынды жасайды.
Нарықтық экономика жағдайында банк қызметінің басты бағытының бірі –
банктік қызметтің маркетингі [9].
Маркетинг басқармасы:
- жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз етеді;
- іскерлік байланыстың дамуына әсер етеді;
- жаңа операциялар мен банктік қызметті енгізуге және дайындауға әсер
етеді;
- нарықтық конъюнктураны зерттейді;
- клиенттерге кеңес берумен көмектеседі.
Тексеру бөлімі банктің және оның филиалдарының жұмысының банктің
Кеңесі бекіткен ережелерге, нормаларға сәйкес болуын тексереді.
Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы 2-суретте берілген.

Сурет 2 - Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы.
Ескерту: Автормен құрастырылған

II. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІН
ТАЛДАУ

2.1 Банктің пассивтік операциялары

Пасссивтік операциялар негізінде банкің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с.
басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны
ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив
операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен
жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор
мөлшері қажет.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
таратуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресуртарды
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады [10].
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары;
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% өтеледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде
шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте
қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген
пайда жиынтығы.
Бантің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлар;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы;
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасына тұрады.
Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын
банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларды
құрала алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
- акционерлік банк;
- шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резертік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік
қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде,
айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен
теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың
құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған
жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша
дивиднедтер төленеді [11].
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық валюта
мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында дарғылық капиталды
қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық щаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі
олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатнастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін дәстүрлі емес, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады [8].
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
I топ – депозиттер;
II топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банктүшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және
өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни, банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операцилар сипатына жатқызуға
болады [10].
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар [9].
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қарадаттар;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қарадат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалынады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз толенбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды [11].
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылады, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
Банктің басқармасы
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің қызметі туралы
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Пәндер