Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе
Ветеринарияның басты міндеті - ауыл шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғарғы сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.
Қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.
Үржар ауданында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады.
Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары. Үржар ауданында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.
Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды түрлі аурулардан сақтандыру болып табылады уақытында дұрыс төл алу мен өнімін арттыру. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айланып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім.
Мал ауыра қалса, ауру шыға қалса, аурудың алдын алу, дер кезінде ем қолдану - ауыл шаруашылықта аса маңызды жұмыстар. Осыған орай мал ауруларының пайда болуының жиі себептері - күтіп-ұстап, бағу әдістерін дұрыс игеру мен олар орналасқан қора-жайдың микроклиматын қалыпта ұстаудың маңызы зор.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылының және Қоңыршәулі ауылдық округінің табиғаты, халқы және ауыл шаруашылығы экономикасы
Үржар ауданы -- Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлігі, 1928 жылы ұйымдастырылған. Семей қаласынан 512 шақырым қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Алғаш рет 1923 жылы Семей облысының (губерниясының) құрамында құрылды. 1997 жылы оның құрамына Мақаншы және Таскескен аудандарының жерлері енді. Жерінің жалпы ауданы 23,4 мың км2. Тұрғыны 85,1 мың (2006). Аудандағы 58 елді мекен 27 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы -- Үржар ауылы.
Үржар ауданы батысы мен солтүстік-батысында облыстың Аягөз ауданымен, солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстік-батысында Алматы облысының Алакөл ауданымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Үржар-Вет МКК малдәрігерлік пункті Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Семушкина көшесі 2А мекенжайы бойынща орналасқан. Мекеме басшысы Жакипов С.Б. Үржар ауданы бойынша 215 малдәрігері маманы қызмет атқарады. Мекеме 2 бөлімнен тұрады. Кадрлар бөлімі және Ветеринариялық дәріхана. Бұл өңірдегі мал шаруашылығына да әрдайым ерекше көңіл бөлінеді, ендігі аралықта Үржар-Вет МКК малдәрігерлік пунктісінің қызмет сапасының артуына жағдай жасалынған, сонымен қатар сала мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Табиғаты
Үржар ауданының жер бедері едәуір күрделі. Егер оның солтүстік жағын Тарбағатай жотасының батыс сілемдері Қарауылтөбе, Ақтас (1316 м) және Ақшәулі (1618 м) таулары алып жатса, оңтүстік жағын Тарбағатай жотасының оңт. ұсақ шоқылы беткейі мен Алакөл ойысының солтүстік бөлігі, ал оңтүстік-шығыс бөлігін Бармақ құмы мен Қосай шағылы, Көрпебай (568 м), Бақты (1273 м), Арқарлы және Арасан таулары алып жатыр. Осыған байланысты ауданның жер бедері солтүстік-шығыстан оңт.-батысқа қарай едәуір еңіс келеді. Аудан жерінде Тарбағатай жотасының ең биік жерлері Атбас тауы (2263 м) мен Тастау (2992 м) таулары және Тікжолдана, Қызасу, Ақшоқы, Кіші Сырғанақ асулары орналасқан. Кен байлықтарынан құрылыстық тастар мен кірпіштік саздар бар.
Климат
Бұл аймақтың ауа-райы қатал және әдемі. Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа темп-расы - 14 -- 17 С, шілдеде 21 -- 23С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. Солтүстік таулы бөлігінде 400 -- 600 мм-ден оңтүстігінде 165 -- 200 мм-ге дейін ауытқиды.
Гидрология
Жер беті сулары Балқаш -- Алакөл алабына жатады. Оған бастауын Тарбағатай жотасы мен оның сілемдерінен алатын Ай, Қаракөл, Үлкен Текебұлақ, Үржар (Өржар), Қатынсу, Еміл, т.б. өзендері кіреді. Сасықкөл мен Алакөл көлдерінен басқа ауданның батыс жағында Шыңқожа, Кенжебай, Қолдар, т.б. шағын көлдер бар.
Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
Таулы бөлігінің өсімдіктері мен топырақтары биіктік белдеуге сәйкес тараған. Сондықтан мұнда таулық күлгін, таулық шалғынды топырақ белдемдерінде шалғынды шөптер, өзен бойларында қайың, терек, жабайы алма, әр түрлі жемістер мен жидектер, тау етектерінде селеулі-бетегелі шөптер, шөлейтті бөлігінде жусан, бұйырғын, көкпек, баялыш, жүзгін, ши, т.б. өседі. Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады.
Халқы
Аудандағы халықтың басым бөлігін (92,2%) қазақтар құрайды. Сондай-ақ орыстар, украиндар, немістер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың көпшілігі Тарбағатай жотасының биікт. 1000 м-ге дейінгі беткейлеріндегі өзендер мен жыра-сайлардың бойындағы жазық жерлерде және жазықтағы өзендердің орта бойында қоныстанған. Сондықтан халықтың тығыздығы таулардан жазыққа қарай азая түседі. Аудан бойынша оның әр 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 3,7 адам.
Көктем болса ең бірінші бауырындағы алқапқа келеді, ал шыңдар жаздың ыстығына дейін қармен демалады. Бұл жақтың адамдарыда еңбекқор және олжалы. Үржар станицасы 1854 жылы құрылған. Бұл арада бірінші болып Сібірден қоныс аударғандар, онан кейін Жетісу қазақтарының әскерлері тұрған еді. Кейінен Батыс Сібірдің шаруаларына бұл жаққа көшіп келуіне рұқсат берілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша аудан - ең үлкен ауданның біріне жатады. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда қазір 95350 адам тұрып жатыр.
Ірі елді мекендері:
Үржар (16,7 мың адам);
Мақаншы (12,2 мың адам);
Қабанбай (4,5 мың адам);
Науалы (4,2 мың адам);
Таскескен (3,5 мың адам), т.б.
Әлеуметтік салада аудан аумағында
61 мектеп;
2 балабақша;
3 мәдениет үйі;
13 клуб;
кітапханалар;
4 аурухана;
32 фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Экономика
Ауыл шаруашылығы
Үржар ауданы негізінен қой, ет-сүт бағытындағы ірі қара мал және дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 2265,3 мың га, оның ішінде 376,3 мың га-сы егістік, 102,9 мың га-сы шабындық, 1786,1 мың га-сы жайылым. 90-жылдың ортасына дейін аудан экономикасын негізінен ұжымшарлар мен кеңшарлар, қосалқы шаруашылықтар, аудандық aуыл шаруашылығы бірлестіктер құрады. Нарық экономикасына өтуге байланысты басым бөлігі жекешелендірілді. Олардың негізінде көптеген шаруа қожалықтары (1,2 мың), АҚ (10), ЖШС (53) және ӨК-тер құрылды.
Қазіргі таңда ауданымызда ИСЖ-дан (ауыл шаруашылығы малдарын идентификациялау) алынған мәліметтер бойынша:
Ірі қара саны - 120 863
Ұсақ мал - 263 017
Жылқы - 24 724
Түйе - 81
Шошқа - 1480
Ал мен өндірістік тәжірибеден өткен Қоңыршәулі ауылдық округінде:
Ірі қара - 2879
Ұсақ мал - 7078
Жылқы - 759
Бұлардан басқа аудан бойынша ірі елді мекендерде (Үржар, Мақаншы, Таскескен) машина-трактор жөндеу шеберханасы, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, май, нан зауыттары мен диірмендер, т.б. жұмыс істейді. Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. Ауданның одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары; ЖШС Юбилейный - Т. Қарашев, Келдімұрат К. Қасенов, АҚ Үржар-Астық - Н. Коваленко, Атамекен фирмасының президенті - Ә. Садықов, Бәкей шаруа қожалығының жетекшісі - Т. Жирентаев, үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары наградаларының иегері атанды.
2.2. Мал - дәрігерлік істі ұйымдастыру
Ветеринариялық іс- қағаздар:
1. Ветеринариялық куәліктер.
2. Алғашқы тіркеу журналдары.
3. Жүргізілген жұмыстардың актілері.
4. Анықтамалар.
Мал дәрігерлік істі ұйымдастыру мен экономикасына мал дәрігерлік заңдылықтың, статистиканың, ветеринариядағы бухгалтерлік есептің, мал дәрігерлік санитарлық жұмыстың, ветеринариялық жабдықтаудың мал дәрігерлік құрылыстың, мал дәрігерлік іс жүргізу жұмысының ережелері кіреді. Мал дәрігерлік қызметкерлердің негізгі міндеті: ауыл шаруашылық өндіріс шығынын неғұрлым азайтып, ауыл шаруашылық өнімдерін сапалы өндіріп дұрыс сақтап, жоғары бағамен сатылуына ықпал ету. Сондықтан мал дәрігерлік істі дұрыс жоспарлау өте маңызды. Жоспар бойынша дұрыс ұйымдастырылған іс материалдық және қаржылық құралдың тиімді пайдаланып жұмсалуына, жұмыс күшінің оңтайлы жұмсалуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңында еліміздегі ветеринарлық қызметтің бір тармағы жекеменшік кәсіпкерлік негізіндегі ветеринарлық қызмет деп көрсетілген. Ветеринарлық қызметтің бұл түрі дамыған капиталистік елдерде кең тараған. Ол елдердегі ветеринария мамандарының басым көпшілігі (65-80 %) жекеменшік іскерлік ветқызметпен шұғылданады.
Жекеменшік кәсіпкерлік іс-әрекетпен шұғылданудың құқықтық-нормативтік негіздері ҚР Ветеринария туралы және Лицензиялар беру туралы заңдарында айқындалып бекітілген. Ол заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ветеринарлық жекеменшік кәсіпкерлікпен шұғылдануға ерік берілген. Сол үшін бұл тұлғалар арнайы лицензия алуға тиісті. Лицензия үлгісін және оны беру тәртібін ҚР Министрлер Кабинеті бекітеді.
Малдәрігерлік іс-қағаздар - алғашқы тіркеу, актілер, журналдар, есептер орнатылған тәртіппен қатаң жүргізіледі.
Ветеринарлық инспекторы маусымдық кезеңдерге бөлінген емдеу, алдын алу және эпизоотияға қарсы жұмыстардың жоспарын құрып отырады. Атқарылған шаралардың барлығы малдәрігерлік есептердің актілерінде жазылады:
Форма № 1 вет. Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп.
Форма № 2 вет. Малдардың жұқпалы емес аурулары туралы есеп.
Форма № 3 вет. Малдардың эпизоотиялық аурулары туралы есеп.
Осы іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуі - малдәрігер-лицензиаттың жауапкершілігінде. Есептер екі данада толтырылып, әр айдың аяғында шаруашылық бухгалтериясына өткізіліп отырылады.
Сондай-ақ , тәжірибе өту кезінде малдәрігерлік - есептілік іс-қағаздарының жүргізілу формасымен таныстым:
Ауру малдарды тіркеу журналы
Эпизоотияға қарсы шаралар журналы.
Сонымен қатар өндірістік практикадан өту барысында мен осы шаруашылықтың ветеринариялық - санитариялық жағдайын тексердім. Көптеген жағдайлар санитарлық талапқа сай келмейтіндігі ескерілді. Осыған орай шаруашылық меңгерушісіне ескертулер, ұсыныстар жасалынды.
Ветеринариялық паспорт жазуды, лабораторияға жіберілетін қан немес қан сарысуын жіберуді, ол жерге барғанда келген қанды арнайы журналдарға тіркеуді үйрендім.
Осы тәжірибеден өту кезінде шаруашылықта жоспар бойынша жас бузауларды сырғалау жұмыстарына қатыстым. Қан алу, вакцина егу барысында толтырылатын құжаттармен танысып толтыруды үйрендім.
Малды сату және сатып алу актілерін, келісім шарттарымен, мал иелерінің қолхаттармен жұмыс жасадым.
Осы тәжірибеден өту кезінде шаруашылықта жоспар бойынша қойларды сырғалау, жылқыларды таңбалау жұмыстарына қатыстым.
Үржар ауданы Таскескен ауылындағы шаруашылықтағы ірі қара малдарын және қойларды сырғалау жұмыстарын атқардық. Сырға номерлерін ветеринариялық құжатқа тіркедік.
Сырғалау техникасы:
Қойларды, сиырларды тар раскол қашаға кіргізу.
Сырғалайтын қой құлағын спиртті тампонмен сүрту.
Арнайы құрал биркачканы алып, қойдың құлағына сырға салу.
Сырға номерін журналға тіркеп жазу.
Қан алу, вакцина егу барысында толтырылатын құжаттармен танысып толтыруды үйрендім.
Малдәрігерлік іс-қағаздар - алғашқы тіркеу, актілер, журналдар, есептер орнатылған тәртіппен қатаң жүргізіледі.
Қоңыршәулі ауылдық округінің ветеринариялық пунктінде әрбір істелген жұмысқа жоспар құрып (кесте-1), акт толтырылып, малдың төл құжаттарын, компьютерге ИСЖ порталына енгіздік. Құжаттармен жұмыс істеп үйрендім.
Кесте-1
Мал дәрігерлік іс-шараларды жоспарлау
Малдәрігерлік іс-шаралар
Орындалу уақыты
Малдарды клиникалық тексеруден өткізу
Жылына 4 рет
Малдардан серологиялық тексеруге қан алу
Жылына 2 рет өндіруші аталық малдардан 4 рет
Жаңадан келіп түскен малдарға карантин жариялау
Жағдайға байланысты әкелген күннен бастап 30 күн
Малдәрігерлік насихаттау жұмыстарын жүргізу
Тоқсан сайын
Ветеринариялық анықтама жануардың ветеринариялық куәлігінің және жеке нөмірінің, ветеринариялық қарап тексеру нәтижелерінің бар болуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық ахуал, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы ветеринариялық құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) бақылау объектілерінің республика аумағы бойынша орнын ауыстыру негізінде жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі және өтініш беруші жүгінген күні ресімделеді.

2.3. Індеттану және жұқпалы аурулар
Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым. Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде Эпизоотология деп аталады. Ол да екі ұғымнын жиынтығы: эпизоотия \грекше ері-арасында, zoon-жануар\ және Logos-ғылым. Бұл терминнің шығуы төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия - жұқпалы аураларды адамдар арасында кең таралуы.
Қоңыршәулі ауылдық округінде өндірістік тәжірибе өткенімде біз ірі қараға, қойларға сібір жарасына қарсы 55-ВНИИВВиМ штамды вакцинасын ектік. Ол үшін ірі қараның мойынының 13 бөлігінің орта тұсында егу аймағын дайындап , спиртті тампонмен сүртіп сол жақ қолмен терісін алып екінші қолмен 1 мл көлемінде вакцинаны тері астына жібердім.
Біз өндірістік іс-тәжірибеден өткенде маллеин реакциясын қойдық. Жылқының көзіне 3-4 тамшы маллеин тамшысын тамызып, 12 сағат күттік. Нәтижесінде көзі қабынусыз, ісінусіз болды. Яғни тексеруге жіберілген жылқыларда ауру болмай шықты.
Қоңыршәулі ауылдық округіндегі ит пен мысықтарға құтырыққа қарсы Биокан R препаратын ектік. 12 аптадан асқан иттер мен мысықтарға салынады. Тері астына немесе бұлшық етке 1,0 см куб дозасында егіледі. Ревакцинацияны 1 жылдан кейін жасап отырады.
Қоңыршәулі ауылдық округі лептоспироз, туберкулез, қарасан ауруларынан таза деп есептеледі. Шаруашылықта жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары - барлық малдарды - сібір жарасы, қарасан, ауруларына қарсы вакцинациялайды. Туберкулезге, жылқының маңқасына аллергиялық тексеру жүргізеді, ал ірі қара мен ұсақ малдан бруцеллезге серологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алынады. Соңғы жылы жүргізілген диагностикалық зерттеулердің көрсетуі бойынша туберкулезге оң нәтиже берген малдар - жоқ.
Осы жылдан бастап Үржар ауданында бруцеллез кең етек алуда. Бруцеллезді анықтауға малдың қанын, қан сарысуын, сүтін серологиялық тексеруге жібереді. Серологиялық реакциялардың ішінде ең танымал реакциялар: АР, КБР, КҰБР, ККБР, ШР. Егер мал ауру болып шықса, оны емдемейді, ет комбинаттарына консерв жасау мақсатында апарады.
Тәжірибе кезінде көктем аяғында шаруалықтардағы малдардан қан алынды. Қанды тамырдан және құйрықтан алып үйрендім. Қан алу ауруды анықтауда ең маңызды орынды алатын диагностика. Қан алуды шаруашылықта таңғы 6 дан бастаймыз, малшылар малдарын мықтап ұстайды, қанды вакумтаймермен аламыз. Қан алынған малдарды журналға сырғадағы номеры бойынша тіркейміз. Және алынған қанға арнайы акт толтырылып зертханаға жолданады.
Кесте-2
Вакцинациялау шараларында егілген вакциналар тізімі
Ауру түрі
Вақцина атауы
Мал түрі
Дозасы
Енгізу жолдары
Сібір жарасы
55-ВНИИВВиМ штамынан әзірленген сұйық вакцина
ІҚМ
1мм
Тері астына
Туберкулез
туберкулин(ППД)

2мл
Тері астына
Сальмонеллез
бивалентті вакцина
жылқы
0,2 мгкг тірі салмағына
Тері астына
Қына теміреткісі
ЛТФ-130
ІҚМ
1 айдан 4 айға дейінгі бұзауларға 5мл, 4 айдан 8 айға дейінгі бұзауларға 8мл.
Бұлшық етке
Аусыл вируының
А типіне;
Азия-1 типіне
моно- және поливалентті
ІҚМ
2 мл
Тері астына
Пастереллезге
Поливаленттік
ІҚМ
1мл-20күннен 3 айға дейінгі жас төлдерге, 2 мл 3 айдан жоғары жастағыларға, 3мл 1жылдан жоғары жастағыларға егіледі
Тері астына

2.4. Патологиялық анатомия және сойып зерттеу
Мал өлекселерін патолого-анатомиялық сойып қарау клиникалық диагноздың дәлдігін тексеру мақсатымен, сол сияқты малдың қай аурудан өлгенін анықтау үшін жүргізіледі.Топалаңнан, қараталақтан, жамандаттан өлген малдардың өлексесін союға рұқсат етілмейді. Егер мал жұқпалы аурудан өлді деген күдік туса, инструкцияға байланысты өлексені терісімен бірге жояды.
Тәжірибе өту барысында малдарды сою орны және оның жағдайымен таныстым. Мал көметін орын Қоңыршәулі ауылдық округінен екі шақырым жерде орналасқан.
Қоңыршәулі ауылдық округінде өлексе соятын арнайы прозекториялар жоқ, өлексені баздан аулақ жерге апарып сойды. Сондай-ақ, барлық өлекселер сойылмайды және ол шаруашылық меңгерушісінің рұқсатымен іске асады. Рұқсат етілген өлексені союға малдәрігер-лицензиатты шақыртты. Сойылған мал өлексесіне екі данада акт толтырылды.
Біз 2 айлық бұзау өлексесін сойдық. Өлексені сою кезінде пышақ, қысқыш, қайшы қолдандық.
Өлексені сою хаттамасы
Мал иесі: Буланбаев Бекен
Мекен-жайы: Қоңыршәулі АО, Таскескен ауылы
Малдың түрі: бұзау
Малдың түсі: қызыл ала
Жынысы: ұрғашы
Жасы: 2 айлық
Өлген күні: 03.06.2018
Өлексе сойылған күн: 04.06.2018
Қатысқандар:
Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А. Жунусов
Бас маман Е. Дакин
Үржар- Вет МКК мал дәрігері А. Телгозин
Мал дәрігерінің көмекшілері Кәкім Темірлан
Шідербаев Айдар
Мал иесі Б. Буланбаев
Өлексені сойған Үржар - Вет МКК мал дәрігері: А. Телгозин
Анамнез: мал иесі Буланбаев Бекеннің айтуынша бұзаудың күйзелісте болғандығын және дене температурасы 410 С болғандығын мәлімдеді. Иесінің айтуы бойынша бұзау бір орында жылжымай жата берген, жатқанда көбінесе мойынын созып немесе кеудесіне бүгіп жатқан. Танауынан кілегейлі сұйықтар ағып, көзі қызарып, домбыққан. Нәжісі сұйылып, түсі қоңыр-сарғыш, басында қоймалжың, ал содан соң қан аралас сұйық болған. Бұзаудың ауырғанынан 3-4 күннен бастап іші өтіп, денесінде дірілдер пайда болғанын айты.
Өлексенің жалпы сипаттамасы:
1. Ерекше белгілері: өлексе қатты арық. Жүні ұйпаланып, терісінің жылтырлығын жоғалтқан. Бұзаудың артқы жағы нәжіспен ластанған. Танауынан кілегейлі сұйық аққан. Көзінің конъюктивасы қызарып, домбығып, жас аққандығы білінеді.
2. Өлексенің сыртқы көрінісі: өлексе сол жағымен жатыр.
3. Қоңдылығы - арық.
4. Көз алмасы солғын, шүңірейіп кеткен.
5. Тері асты қабаты нашар дамыған, май жоқ.
Өлексе белгілері.
Өлексенің сууы. Өлексе суыған және өлексенің температурасы сыртқы ауа температурасынан төмен. Сыртқы ауа температурасы +200С, ал бұзау өлексесінің температурасы +50С.
Өлексенің сіресуі. Ауыз бен көзі ашық қалпында сірескен. Мойыны және аяқтары сірескен.
Өлекседегі қанның қайта шоғырлануы. Өлексенің сол жағында теріде және тері астындағы шелге қара қызыл қан құйылған.
Өлім дақтары. Өлім дақтары жоқ.
Өлексенің шіруі. Шіру процесі әлсіз байқалады.
Көзге көрінетін кілегей қабықтар.
* Көзі: көздің конъюктивасы қызарып, домбыққан.
* Ауыз қуысы - кілегей қабығы қалыңдаған, қанталаған. Әр жерінде қызыл дақтар байқалады.
* Мұрын қуысы - танау тесіктерінде кепкен жалқаяқ көрінеді. Танаудан, оның тесіктерінен бұлыңғыр кілегейлі сұйық шығады.
Бұлшық еттері мен сіңірлері: ақшыл, бозарған, құрғақ, болбыр.
Сүйектері мен буындары: бұлшық еттері болбыр, сіңірлері бүтін. Сүйектері бүтін, тізе және тілерсек буындары әдетте серрозды-фибринді қабынған
Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу
Құрсақ және көкірек қуысы: аздаған транссудат бар.
Талақ: көлемі 2-3 есе ұлғайған, консистенциясы біршама жұмсарған. Ұлпасы қызыл-қошқыл түсті.
Жүрек: жүрек еттері болбырап, тіліп қарағанда сарғыш түсті болды. Жүрек еті дистрофияға ұшыраған. Эпикардта азды-көпті нүкте және дақ қанталаулар байқалады.
Бронх: бронх қуыстары іріңге толы. Өкпеаралық бронхалық сөл түйіндері үлкейіп, кейде іріміктелген сарғыш түсті өліеттенген ошақтар көрінеді.
Өкпе: өкпесі қабынған. Өкпедегі дерт процесі алдыңғы бөліктерден басталып, ортаңғы және артқы бөліктеріне ауысады. Өкпенің қабынған тұстары көкірек қабырғасымен фибринді талшықтар арқылы жабысып қалады.
Бауыр: дегенерациялық өзгерістер байқалады. Бауыр аздап ұлғайып, түсіаламыштанып, кей жерлері қанталаған. Бауырдың табиғи реңі өзгерген, жұмсарған, көптеген көмескілеу сары түйіндер кездеседі.
Бүйрек: дегенерациялық өзгерістер байқалып, қаны молайған, паренхималық дистрофияға ұшыраған. Сирегірек бүйректің сыртқы қабатында сұрғылт-ақшыл түсті, ірірек продуктивті қабыну ошақтары болды.
Ішектерде: түгелімен катаральді қабынған. Оның кілегейлі қабығы домбыққан, қызарған және қанталаған.
* Ащы ішек: кілегейлі қабығы катаральді қабынып, әр жерін қан кернеп, ойдым-ойдым қанталаған.
* Тік ішекте: жолақты қызарған, кілегейлі қабығы қанталаған.
* Соқыр ішектерде: соқыр ішектің мықын ішекке көршілес жері фибринді қабынған.
Зерттеу материялы ретінде: Сальмонеллезге күдіктенген бұзау өлексесі қолданылды. 4 күн өткен соң лабораториядан жауап келді.
Лабораториялық зерттеулер нәтижесі:
Лабораторияға: бауыр өтіменен, көкбауыр, бүйрек және өлексенің өкпесінің зақымдалған бөліктерін 30%-дық глицеринге салынып, жіберілді.
Бактериологиялық зерттеу нәтижесі: жіберілген пат. материялды бірнеше ЕПС, ЕПА, Эндо қоректік ортасында өсіріп, алынған өсінділерді микроскопен қарап, биохимиялыққасиеттерін және сальмонеллезді қан сарысуымен зерттеді. Сонымен қатар зерттелінген обьектілерден жұғынды жасалып Грам әдісімен бояды. Нәтижесінде: Salmonella ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Шаруашылық көлемінде жүргізілген ветеринарлық жұмыстардың жалпы экономикалық тиімділігі
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Ауру малдарды тіркеу журналы
Кәсіби жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Емдік шаралар
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Пәндер